Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету және пайданы көтеру жолдары



КІРІСПЕ 4

1 КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 6
1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 6
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары 13
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы 16
Жалпы табыс 16

2. «ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ . МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ 21
2.1 Өндірістік кәсіпорынның табысын талдау 21
2.2 Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісі 27
2.3 Өндірістік кәсіпорынның пайдасын және рентабельділігін талдау 40

3 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАНЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ 47
3.1 Пайданы көтеруге бағытталған іс.шаралар 47
3.2 Кәсіпорындағы өзіндік құнды төмендету резервтері 52

ҚОРЫТЫНДЫ 59

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ 4

1 КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 6
1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 6
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары 13
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы 16
Жалпы табыс 16

2. ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ - МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ 21
2.1 Өндірістік кәсіпорынның табысын талдау 21
2.2 Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісі 27
2.3 Өндірістік кәсіпорынның пайдасын және рентабельділігін талдау 40

3 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАНЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ 47
3.1 Пайданы көтеруге бағытталған іс-шаралар 47
3.2 Кәсіпорындағы өзіндік құнды төмендету резервтері 52

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

А -қосымшасы- КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАЛАНСТЫҚ ПАЙДАНЫ БӨЛУ СЫЗБАСЫ 63

Ә -қосымшасы - ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ - МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ ЖШС КӘСІПОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КАЛЬКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР СҰЛБАСЫ 64

Б -қосымшасы - 2010 жыл бойынша пайда мен зияндар туралы есеп 65

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады. Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші боып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады. Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
- кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
-кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісін қарастыру;
-кәсіпорындағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау;
-кәсіпорынның табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шараларын қарастыру.
Зерттеу объектісі ретінде МАТОКазахстан ЖШС-нің өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады. Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады. Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады. Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады. Дипломдық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

0.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні.

Басқару мәселелерін шешу үшін әрдайым өзгеріп отыратын нарық жағдайында кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін сақтау мақсатында әрқашан қызмет ету аясына талдау жасауы тиіс.
Басқару обьектілерінің жағдайы түрлі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Көлеміне, қызмет ету аясына, табыстылығы немесе шығындалуына байланысты нарықтық ортаға әсер ететін күрделі жүйесі болады. Кәсіпорынның қызмет ету аспектісін сипаттайтын тек бір ғана көрсеткіштің болуы екі талай. Сол сияқты табыс та жалғыз көрсеткіш бола алмайды. Яғни кәсіпорынның қызмет аясын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болады. Кез келген өнімді шығару үшін ресурстар қажет: ақша, жұмыс күші, құрал-жабдықтар, шикізат, материалдар. Кәсіпорын осы элементтерді, яғни өндіріс факторларын тиімді басқара ( жоспарлау, талдау, бақылау) отырып, бәсекеқабілетті өнім шығару керек.
Кәсіпорынның жалпы жағдайы және нарықтағы алатын орны көптеген көрсеткіштермен сипатталады.
1. Шығаратын өнім параметрлері мен көрсеткіштері:
oo Өнім көлемі және ассортименті;
oo Сұраныс және өткізу нарығы;
oo Сапа;
oo Өнімнің өзіндік құны және бағасы;
oo Бәсекеқабілеттілік.
2. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің параметрлері мен көрсеткіштері:
oo Техникалық және технология жағдайы;
oo Өндіріс икемділігі;
oo Еңбектің техникалық қамтамасыз етілуі және т.б.
3. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер:
oo Өнімнің өзіндік құны;
oo Орташа еңбекақы;
oo Еңбек ету жағдайлары;
oo Еңбек өнімділігі;
oo Тиімділік деңгейі және т.б.
4. Қаржылық көрсеткіштер:
oo Өтімділік және төлемқабілеттілік;
oo Капитал айналымдылығы;
oo Меншікті және қатыстырылған қаражаттар және т.б.

Бұл көрсеткіштер нарықтық экономика заңдары мен ережелеріне сәйкес құрылатынын айта кету керек. Кәсіпорынның қызмет ету аясының соңғы нәтижелі көрсеткіші оның негізгі және негізгі емес қызметінен тапқан табысы болып табылады.
Табыстар мен шығындардың нақты тізбегі кәсіпорынның қызмет ету аясына байланысты және ол қаржылық нәтижелер есептілігінде көрініс табады. Жалпы табыс түсінігі нені білдіреді?Табыс қандай көздер арқылы қалыптасады? Табыстың түрлі кіріс түрлерінен айырмашылығы қандай? Осы сұрақтар бойынша тереңірек тоқталайық.
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстары нақты субъектінің иелігіндегі ақшалай ресурстарды құрап, оның кірістерін құру, бөлу және пайдалану процесін сипаттайды.
Өндіріске инвестицияланған алғашқы капитал өткізілген өнім бағасында көрініс табатын құнды құрайды. Өнімді өткізгеннен кейін ол ақшалай формаға - түсім формасына ие болады.
Алайда түсім - бұл өндіріске жұмсалған қаражаттарды өтеу және кәсіпорынның қаржылық резервтерін қалыптастыру көзі болып табылса да, әлі де табыс болып саналмайды. Пайдалану процесінде түсім сапалы әртүрлі құраушы бөліктерге жіктеледі.
Кірістер мен шығыстарды нақты жіктеу белгілі кезеңдегі таза іс-әрекет нәтижесін анықтау базасы болып табылады.
Осыдан басқа, жіктеу келесілер үшін қажет:
- есепті кезең кірістері мен падасының негізгі бөлігінің қандай көздерден алынғанын анықтау;
- өнімнің өндірістік өзіндік құны мен өндірістік емес шығындарды бөлу, оның ішінде басқару мен өткізу шығындарын, қаржылық іс-әрекет шығындарын бөлу;
- басқарушылық және қаржылық талдау мақсатында тұрақты және ауыспалы шығындарды бөлу.
Табысты алу көздерін анықтау үшін кәсіпорынның барлық іс-әрекеті төмендегідей жіктеледі:
- негізгі және операциондық іс-әрекет (кәсіпорын өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін өндіру және өткізу);
- қаржылық іс-әрекет (несие алу және оларды өзге кәсіпорындарға беру; кәсіпорынның өзге компаниялардың іс-әрекетіне қатысуы; кәсіпорынның қаржылық нарықтардағы операциялары, курстық ауытқулар);
- төтенше баптар (кәсіпорын іс-әрекетіне тән болып табылмайтын операциялар).
Осылайша жіктеу аса маңызды, себебі ол кәсіпорынның негізгі іс-әрекетінен, сондай-ақ аталмыш кәсіпорынның іс-әрекетіне тән болып табылмайтын және табыс алудың тұрақты көзі ретінде қарастырыла алмайтын көздерден алынған табыстардың үлес салмағының қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі (ақша қаражаттары, өзге де мүлік) немесе ұйым капиталының артуына әкелетін міндеттемелерді өтеу (қатысушылардың салымдарын ескермегенде) нәтижесіндегі экономикалық пайданың артуы ұйымның табыстары болып танылады. Осыдан шығатыны, белгілі кезеңде келіп түскен ақша қаражаттары мен өзге де мүлік ұйымның кірісін (табысын) құрайды.
Өзге заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін төмендегі түсімдер табыстар болып есептелмейді:
:: қосылған құнға салынатын салық, акциздер, корпоративтік табыс салығы, экспорттық баждар, өзге де міндетті төлемдер сомалары;
:: комиссия шарттары, комитент пайдасына қатысты агенттік және өзге де шарттар бойынша түсімдер;
:: өнімдер, тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жүргізу тәртібінде;
:: өнімдер, тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу шотына аванстар;
:: алдын ала берілген қаражаттар;
:: қарызгерге берілген несие, қарызды өтеу.
Сипаты, алу шарты мен кәсіпорын іс-әрекетінің бағытына байланысты кәсіпорынның табыстары төмендегідей топтарға жіктеледі:
1) кәдімгі іс-әрекет түрлерінен түсетін табыстар;
2) өзге де түсімдер (операциондық табыстар, өткізуден тыс түсімдер, төтенше табыстар).
Кәдімгі іс-әрекет түрлерінен түсетін табыстар - тұрақты сипатқа ие болып, кәсіпорынның күнделікті өндірістік-коммерциялық, қаржылық немесе инвестициялық іс-әрекетімен байланысты табыстар.
Тауарлар мен өнімдерді өткізуден түскен түсім, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетумен байланысты түсетін түсімдер кәдімгі іс-әрекеттен түскен табыстар болып танылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытынды көрсеткіші осы өнім өткізуден түскен табыс болып табылады. Тәжірибеде өнім өткізуден түскен табыстың орташа табыс және шекті табыс сынды түрлерін ажыратады. Бұлардың әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызмет аясын басқаруда өз ролі бар.
Өнім өткізуден түскен кәсіпорын табысы орташа бағаны сатылған өнім данасына көбейту арқылы анықталады:

TR = pq (1.1)

Мұнда:
TR - өткізуден түскен ақша;
р - өнім данасына баға;
q - сатылған тауар саны.
(1.1) Формуласына сәйкес табыс көлемі сату бағасының деңгейіне сәйкес және сатылған тауар санына байланысты екені анықталады. Өз кезегінде сатылған өнім көлемі баға деңгейіне тікелей қатысты болады. Тәжірибеде бұл қатыстылық икемді, икемді емес және бірегей болуы мүмкін. Әр қатыстылық үшін нақты икемділік коэффициенті сәйкес келеді: бірінші жағдайда ол бірден көп, екіншісінде аз, үшіншісінде бірге тең.
Өзге де табыстарға операциондық табыстар жатқызылады, оның ішінде:
:: кәсіпорын активтерін белгілі ақыға уақытша пайдалануға (уақытша иелену және пайдалану) берумен байланысты түсімдер;
:: ойлап табуға патенттерден туындайтын, өнеркәсіптік үлгілер, интеллектуалды меншіктің өзге де түрлерімен байланысты құқықтарды белгілі ақыға ұсынуға байланысты түсімдер;
:: өзге кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысумен (құнды қағаздар бойынша табыстарды қоса алғанда) байланысты түсімдер;
:: кәсіпорынның бірлескен іс-әрекет нәтижесінде алынған пайдасы;
:: негізгі қорларды сатудан түскен түсімдер.
Өткізуден тыс түсімдерге жатқызылатындар:
:: айыппұлдар, өсімпұлдар, т.б.;
:: ұйымға келтірілген зияндарды өтеуге қатысты түсімдер;
:: есепті жылы айқындалған өткен жылдардың пайдасы;
:: кредиторлық және депонирленген берешек сомалары;
:: курстық ауытқулар;
:: активтерді қосымша бағалау сомасы;
:: өзге де өткізуден тыс түсімдер.
Түсім коммерциялық кәсіпорынның басты табысы болып табылады.
Осылайша, қаржылық басқару жүйесінде табыстар мен пайданың келесі көрсеткіштеріне ие болу қажет:
1) өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен таза түсім - бұл қосылған құнға салынатын салықты, акциздер, қайтарылған тауарлар мен бағалық жеңілдіктерді шегергендегі өткізуден түсетін жалпы түсім. Дәл осы көрсеткіш пайда көрсеткіштерін әрі қарай есептеу және кәсіпорынның рентабельділігін бағалау базасы болып табылады;
2) өткізуден түсетін жалпы пайда - өткізілген өнімнің өндірістік шығындарын шегергендегі өткізуден түсетін таза түсім. Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің тиімділігіне талдау жасауға мүмкіндік береді;
3) негізгі іс-әрекеттен түсетін пайда (шығын) (операциондық пайда немесе операциондық шығын) - басқару шығындары мен өткізу шығындарын шегергендегі өткізуден түскен жалпы пайда. Бұл көрсеткіш басқару мен өткізу шығындарының өткізуден түсетін қаржылық нәтижеге ықпалын сипаттайды;
4) қаржылық іс-әрекеттен түсетін пайда - қаржылық іс-әрекет бойынша кірістер мен шығыстар сальдосы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен түсетін пайданы кәсіпорынның пайыздар мен дивиденд алуы, шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алшақтату үшін қажет.
5) кәдімгі шаруашылық іс-әрекеттен түсетін пайда - негізгі шаруашылық іс-әрекеттен және қаржылық іс-әрекеттен түсетін пайда сомасы;
6) төтенше пайда;
7) салықты төлегенге дейінгі пайда (шығын). Бұл көрсеткіш бухгалтерлік пайдадан салық салынатын пайдаға көшу нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік (немесе есептік) пайда - бұл бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес есептелген пайда. Бухгалтерлік пайданы анықтаудың негізгі мақсаты - есепті кезеңдегі кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін көрсету. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның кірістері мен шығыстары, болашақ кезеңдерге басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның іс-әрекетінің таза нәтижесі туралы ақпарат жинап, өңдеу үшін қажет. Осы мақсатқа қол жеткізгеннен кейін алынған нәтиже (салықты төлегенге дейінгі пайда) елдің салық заңнамасына сәйкес түзетілуі керек. Осылайша, салық салынатын пайда - бұл салықтық талаптарға сәйкес қайта есептелген бухгалтерлік пайда;
8) таза пайда (таза шығын) - салықты төлегеннен кейін пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұл кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткіші. Ол кәсіпорын басшылары мен қаржылық нарықтардың назарына алынады. Оның қарқынынан кәсіпорынның әрекет етуі, оның жұмыскерлері үшін жұмыс орындарының болуы, акционерлік компанияда дивидендтерді төлеу тәуелді болады. Кәсіпорынның операциондық пайдасының барлық түрлерінің сомасына ықпал ететін маңызды фактор - операциондық іс-әрекет процесінде қалыптасатын табыс көлемі. Операциондық іс-әрекетбұл кәсіпорынның негізгі іс-әрекет түрі. Кәсіпорынның операциондық іс-әрекетінің сипаты кәсіпорын әрекет ететін сала ерекшелігімен анықталады.
Операциондық табыстар - кәсіпорынның операциондық іс-әрекетінің нәтижесінде алынған табыстары. Олар жалпы және таза операциондық табыстар формасыда әрекет етеді.
Кәсіпорынның операциондық табыстары екіге бөлінеді:

-2. Таза операциондық табыс. Ол жалпы операциондық табыс сомасы мен өнім бағасына енетін салықтар сомасы (қосылған құнға салынатын салық, акциздік жиын) арасындағы айырманы білдіреді.

1. Жалпы операциондық табыс. Ол белгілі кезең аралығында операциондық іс-әрекет нәтижесінде өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түскен, аталмыш ел территориясында, және одан тыс ақшалай, материалдық және материалдық емес формаларда алынған кәсіпорын табысының жалпы сомасын білдіреді.

Ескерту-автормен құрастырылған.

Кәсіпорынмен құрылатын операциондық табыстардың сомасы мен деңгейі бірқатар факторлардан тәуелді болады. Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарындағы жалпы және таза операциондық табыс сомасына ықпал ететін негізгі факторлар 1 кестеде келтірілген.
Келтірілген факторларды қарастыра отырып, олардың агрегатталған сипатқа ие болатынын айта кету керек, яғни сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасады: сәйкес тауарлы нарық сыйымдылығы, ондағы бәсекелестік деңгейі, өндірілетін өнім номенклатурасы.

Кесте 1.

I. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда
II. Сауда кәсіпорындарында
1. Өндірілген өнімді өткізу бағасының деңгейі
1. Жабдықтаушылардан тауарларды сатып алу деңгейі
2. Өндірілген өнімді өткізу көлемі
2. Сатып алушылардың сатып алған тауарлар бағаларының деңгейі
3. Жалпы операциондық табысқа салық салу деңгейі
3. Тауар айналым көлемі

4. Жалпы операциондық табысқа салық салу деңгейі

Ескерту - Корпоративтік қаржы электрондық кітабы

Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарындағы жалпы және таза операциондық табыс сомасына ықпал ететін негізгі факторлардың құрамы.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған факторлар кәсіпорынның жалпы және операциондық табысын басқару механизмін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басқарудың осы механизмінің деңгейін төмендегілер құрайды:
- тиімді бағалық саясатты қалыптастыру;
- операциондық табыстарды жоспарлау.
- операциондық шығындарды жоспарлау.
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табысжинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы - бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы гудвилл немесе фирманың құны деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі - капиталдың жұмыс істеуінің нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:
салықтарды есептеу үшін;
кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, табыс ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады. Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді:Табыстар - бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

2.1 Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Менің ойымша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Табыстың жалпы мағынасы ол өндірістің нәтижелілігін, өндірілген өнімнің көлемі мен сапасын, еңбек қнімділігінің жағдайын, шығындар деңгейін қамтитын кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсетуінде. Сонымен қатар табыс көлеміне кәсіпорын күшіне тәуелді және тәуелді емес факторлар өзінше әсер етеді. Кәсіпорынға тәуелді факторлар ретінде өндірілген және сатылатын өнімге баға деңгейін, еңбекақыны қарастыруға болады. Бұл келтірілген факторлар табысқа тікелей емес, сатылған өнім және өзіндік құн арқылы әсерін тигізеді. Осылайша табыс кәсіпорын қызметі нәтижесінде экономикалық әсер ретінде айқындалады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
2-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

Кесте - 2

мың теңге

Көрсеткіштер
Есептік бағасы
1
Өткізілмей қалған дайын өнімнің нақты қалдығы
8 360
2
Тауарлы өнім шығару
29 000
3
Өткізілген өнімнің жыл соңындағы қалдығы
15 940
4
Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 + 2 - 3)
21 420
5
Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс
20 850
6
Ауытқуы (4 - 5)
570
Ескерту -Дүйсенбаев К.Ш., Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алматы - 2001

Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының
негізделуін бағалау

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының мөлшерден тыс өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметі көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе, басқа себептерге байланысты сұарнысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай заттық нысандағы өнім өндіруші кәсіпорындарды орын алады. Қызмет көрсетуші және жұмыстар атқарушы кәсіпорындарда қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды.
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Кәсіпорын табысының артуы тек өнімнің өзіндің құнына ғана емес, сондай-ақ, өткізілген өнімнің көлеміне, өнім бірлігінің бағасына байланысты болады. Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін құруға болады.

Кесте - 3

мың теңге

Көрсеткіштер
Жоспар бойынша
Нақты сатылымға жоспар бойынша
Нақты
1
2
3
4
5
1
Өнімді өткізуден түскентабыс
20 850
19 745
23 179
2
Өнімнің өндірістік өзіндік құны
16 435
15 741
16 996
3
Жалпы табыс (1 - 2)
4 415
4 004
6183
Ескерту - Дүйсенбаев К.Ш., Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алматы - 2001

Кәсіпорынның жалпы табысы

3-кестеден байқайтынымыз, жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге артық. Осы ауытқуға жоғарыда аталған факторлардың әсерін келесі тәртіп бойынша анықтауға болады.
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

(1.2)

мұнда - өткізілген өнімнің нақты көлемі; - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны; - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғанда өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге (16966 - 15741) төмендетті.
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:

(1.3)

мұнда және - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағалары.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнімді өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179 - 19745) өскен.
3. Өткізу көлемінің өзгерістерінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын анықтау керек. Табыс көлемі осы факторларға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

ТН = ТЖ - ШК, (1.4)

мұнда ДН - негізгі қызметтен алынған табыс; ДЖ - жалпы табыс; РК - кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады. Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Осы мәліметтерге жүгінетін болсақ жалпы түрде табыс екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Кесте - 4


Нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде табыс келесідей негізгі функцияларды атқарады:

1. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелілігін ынталандыру әсерін табыс атқарады(ынталандырушы функциясы);

2.Өндірістің нәтижелілігін және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалайтын көрсеткіш болып табылады (бағалау функциясы);

3.Табыс бюджеттік ресурстар және бюджеттік емес қорларды құрудың негізгі көзі(фискалды функциясы).
1. Ескерту - автормен құрастырылған.

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс кәсіпорындардың басты мақсаты деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.
Табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай - табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.
Сонымен, кәсіпорынның табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
- акционерлік меншікті арттыру;
- табысты арттыру;
- басқарушылық сыйақыларды арттыру;
- әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі. Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді. Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін. Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады. Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылық жүргізуші субъектінін өзі де мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды. Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
:: табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
:: таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
:: табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
:: табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
:: табыстың өсу резервтерін анықтау;
:: кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
:: табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

1.1 Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы

Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.
Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 4 - кестеде кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.
Жалпы табыс
Тауарлық өнімді өткізуден алын-ған табыс
Тауарлық емес өзге де өнімдер-ді өткізуден алынған табыс
Негізгі құралдарды және өзге де мүлік-терді өткізуден алынған табыс
Өткізілімнен тыс алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Өндіріс шығыны теориясы
Пәндер