Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қазіргі даму жағдайын талдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ...6
1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3 Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... 31
2.1 Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы ... ... ... .31
2.2 АҚ БТА Банкі қызметтеріне экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... 51
3.1 Банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары ... ... ... ... ... .51
3.2 Банк жүйесінің даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...14
1.3 Банк жүйесінің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..31
2.1 Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық
банктер қызметтерінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2 АҚ БТА Банкі қызметтеріне экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 36
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .51
3.1 Банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... .51
3.2 Банк жүйесінің даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

КІРІСПЕ
Бүгінгі күнгі дағдарыс Америкадан басталып, өзінің ауыр зардабын әлем
елдерінің бәріне тигізіп отыр. Америкалық үлкен-үлкен компаниялар мен
банктердің акциялары күрт арзандап, кейбіреуі банкрот болып, кейбіреуін
үкімет өз қарамағына сатып алуға мәжбүр болуда.
Америка Құрама Штаттары еліндегі банктер мен компаниялардың күйреуіне
жол бермеу мақсатында мемлекеттік бюджеттен оларға жәрдем ретінде 700 млрд.
доллар бөлінді.Бірақ бұл да аз болғандықтан ел экономикасына 600-700 млрд.
доллар көлемінде қосымша қаржы берілді. Еуропада, Азияда, құрылықтың басқа
өңірлерінде де қазіргі дағдарыстың зардабы осындай ауыр.
2008 жылы қаржы дағдарысының салдарынан бүкіл әлем елдеріндегі қор
рыногының құны 30 триллион доллардан артық арзандаған. Үнді елінде осындай
қағаздар кұны 52 пайызға, ал Қытай Халық Республикасында 66 пайызға
төмендеген. Тек кана Америка үкіметі қаржы дағдарысымен күресу жолында 4
триллион 280 млрд. долларға шығынданған, кейбір есептер бойынша бүл әлем
елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстағы шығынынан 2 еседен аса артық[1].
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал
етті,бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ.Жинақталған экономикалық әлеует
соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты
қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап
қалдық[2].
2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар
нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс іс жүзінде
әлемнің барлық мемлекеттерін қамтыды.2009 жылдың басында әлемдік сауда
көлемінің өсу қарқыны 50-ден астам пайыздық тармаққа: жылына 20 пайыздық
жылдық өсімнен 30 пайыздық төмендеуге дейін азайды.
Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге
қабілетті,экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа
экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі дамуы ағымдағы жаһандық
дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды.Қандай да болмасын қарыз
алу коммерциялық қаржылық және валюталық тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік
беретін қатаң пруденциалды стандарттарға және ашықтық талаптарына
негізделуі тиіс.
Халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділік банк секторының және
мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты
басқаруды талап етеді.
Ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты,ашық және тиімді
реттелетін болуы тиіс,қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау
сақталады,алайда,бірте-бірте жеке бастамаға орын бере отырып, тікелей
мемлекеттің қатысуы азаятын болады[3, 1, 3 – 4 бб.].
Мұның әсіресе еліміздің алдағы он жылда әлемнің барынша бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кіруі және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі
үшін маңызы зор.
Нарықтық экономикада банк жүйесінің атқаратын қызметі өте зор.
Біріншіден, дамыған банк жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық
қатынастар жағдайында коммерциялық мәмілелердің көбісі электрондық төлемдер
немесе чектермен төлеу жолымен қаражаттарды бөлу арқылы жүргізіледі.
Екіншіден, өзге қаржы делдалдарымен бірге, банктер халық жинақтарын әр
түрлі жобаларға бағыттайды, несие саясатын жүзеге асырады. Қаражаттарды
инвестициялау процесінің тиімділігі белгілі бір дәрежеде банк жүйесінің
ақша қорларын оларды оптималды пайдалана алатын заем алушыларға бағыттай
алу қабілетіне байланысты болады. Үшіншіден, коммерциялық банктер орталық
банктердің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет етеді, айналыстағы ақша
көлемін реттеу процестеріне қатысады.
Осы жоғарыда айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы
Қазақстанның банк жүйесінің мәнін, мазмұнын, атқаратын активті
операцияларын, даму болашағын зерттеу, еліміздің жалпы банк секторының
қазіргі жағдайын сипаттау, зерттеу, ондағы кездесетін проблемаларды
айқындау және оны шешу жолдарын, перспективаларын, даму болашағын көрсету.
Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету нарығына
шолу жасау, оның қазіргі жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеті –дағдарысқа қарсы банктердегі тұрақтылықты
орнатудың қазақстандық жолын айқындау; банк жүйесінің шетелдік тәжірибесін,
активті операцияларын, бағыттарын, қызметтерін қарастыру, қазіргі
банктердің экономикалық жағдайына талдау жасау. Банктердің нарықтық
экономикадағы рөлін, олардың қажеттілігін, еліміздегі банк жүйесінің даму
тарихын, оның негізгі мәселелерін, жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері,
Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері, банк жүйесінің шетелдік
тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы
коммерциялық банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы ашылып, АҚ БТА Банкі
қызметтеріне экономикалық талдау жасалынған.
Үшінші бөлімінде банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу
жолдары, даму перспективалары көрсетілген.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны
экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық
ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен
ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау
секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін
терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына
қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді,
әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай
болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де,
эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады.
Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-
бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның мәні өзгеріссіз қалады және
олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің
әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа
экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды
қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген
қаржылық, кеңес беру және т.б. қызмет түрлерін басқа экономикалық
институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне көрсете алады.
Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да
орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің
өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма–қол ақшаны шығару – бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Несие қандай да бір соманы
білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде
анықталады.
Несие ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Ол
шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем айналымын
қолма-қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік
ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрылғыны
оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт
міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі
дамымайды:
-банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік
ерекшілігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие
капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
-өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен
айрықшаланатын банк қызметі;
-банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен
айналысатын адамдардың айрықша тобы;
-банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын,
құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі
бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-
қол ақша формасындағы және қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын
реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде
анықтауға болады.
Банк оның жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
-оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша
әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы керек;
-бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі
қажет;
-өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне өзара
әрекеттесуге икемді блуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы
мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік
тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл
басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән
қызмет[4, 360 – 362 бб.].
О.И. Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның
біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға
құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі
болып табылады. Мәселенің мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана
тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар
ерекшеліктері болады:
-шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне
емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
-шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі -
бастапқы несие беруші (банк клиенті);
-қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге
асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп
айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады.
Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем
құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін
тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.
Оған тереңірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен
капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне
құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың
қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына
шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта
бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша
да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық
өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын
шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай түрлендіру мүмкіндігіне ие. Сонымен,
делдалдық қызмет - бұл тәуекелділікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс
субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін
қызмет.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл қағидалардың де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі және т.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды[5, 37 б.].
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Басқа
жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері мыналар:
1. банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін
Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі.
2. банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі
белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән
тетік жұмыс істейді.
3. банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-
бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ
ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай
алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп
тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі
сақталып қалады.
4. банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы
мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың
тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі,
нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол
сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады,
экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға
бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Казақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
Банктер мен банк қызметі туралы заңында былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие;
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі
банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді;
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар
Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк
жүйесінің екінші деңгейін білдіреді;
4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк,
меншігінде және (немесе) басқаруында акцияның үштен бір
бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; ә) заңды тұлғалар – ҚР
резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе)
басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (оқушылардың салым
ақшасы); ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді
тұлғалардың) қаражатында.
5. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісімшарттың негізінде
құрылған әрі әрекет ететін банк [6, 133 - 134 бб.]
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
Кесте-1 01.01.2010 жылғы жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы
Саны
Ұлттық банк 1
Оның аумақтық органдары 16
Екінші деңгейлі банктер 39
Оның ішінде, коммерциялық банктер 39
Олардың ішіндегі шетелдік қатысушылыр банкісі 6
Мемлекеттік банк 1
Шетелдердің еншілес банктері 9
Шетелдік банктердің өкілдігі 17
Қазақстан даму банкісі 1
Екінші деңгейлі банктердің филиалдары 398
Есеп айрысу—кассалық бөлімдері 1148
Аудиторлық ұйымдар 26
Жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіретін қор 1
Ипотекалық несиені сақтандыру 1
Несие бюросы 1

Қайнар көзі: Сейітқасымов Б.К. Ақша, несие, банк. – Алматы: Экономика,
2009. – 356 б.
И.О.Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
-бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді
қамтиды;
-өзіндік ерекшелігі бар;
-элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
-динамикалық жүйе болып табылады;
-жабық тұрпат жүйесі ретінде алға шығады;
-өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
-басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:
-банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
-нарықтық банк жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социалистік
жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір
деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір
эммисиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары
орталықтандырылып, бөлінеді.
Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге мемлекеттік
монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта
орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс
істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметерді өзара бөлісіп алған.
Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол
сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік
мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін
жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол
алдындағы банк жүйесінің меңдік дағынан әлі арылып біткен жоқ, әлі де
өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған
тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркенделген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға
болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық базасы
әрдайым өзгеріп тұрады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы ұдайы
өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15
жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен
өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер,
банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды
немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады.
Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк
жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада
реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
-мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар
мен шектеулер енгізеді;
-барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да
өнеркәсібі дамыған елдерде несие институттарының арасындағы дәстүрлі
шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді әмбебаптандыруды
тенденциясына артықшылық береді. Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды
басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет
түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті несие мекемесіне айналдыруға
мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы заманғы банк технологияларын
қолдану, өз қызметін әртараптандыру арқылы сенімділілік пен инвестиция үшін
үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін
ірілендіруге әрі капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция
көптеген мемлекеттерге тән. Мәселен, ХХ ғасырдың 90 жылдары АҚШ-та
коммерциялық банктер 15,5 млрд. доллар пайда алып, 2,5 трлн. доллар
сомасындағы активтерді бақылады. 2000 жылы жуық шамамен 17 млрд. доллар
пайда алған, 5 трлн. доллар сомасындағы активтерге ие 9500 комерциялық
банктер ғана қалды [7, 131 – 133 бб.].
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады:
Заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік
операциялар ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы
заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін жоққа
шығаруға болмайды. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның
қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап
іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа
институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарында кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субьектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субьектіге банк - бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде
фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне
қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара
ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас
аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эммиссиялау
сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да
бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындарды да банк
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен қазіргі түсінікте коммерциялық банк - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1-бабына сәйкес,
банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға [8, 99 – 100 бб.].
Банктік қызмет - бұл банктік опрецияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-
ақ олар бойнша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-
ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру [9, 34 – 35 бб.].

1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені
республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары
мен бөлімшелері жұмыс істеді. КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде,
Қазақстанда 70-жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты
үстемдік етті, несие-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ
реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де осындай жағымсыз
жағдайлар басым болды.
Ақша-несие қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы
тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының
институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрі идеологиялық
тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банкі түрінде орасан үлкен дара
банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз уысынан
шығармады, шынайы бәсекелестікті, тәуекелділіктің бүкіл элементтерін жойды.
Кеңес одағы ыдыраған соң, 90-жылдардың басында бұрынғы кеңес
республикаларында ұлттық экономикаларды нарықтық қатынастарға көшіру
бойынша жаңа міндеттерді шешу үшін қаржы - несиелік жүйелерді реформалау
қажеттілігі туындады. Сондықтан жаңа банктік жүйені құрудың ұзаққа созылған
әрі күрделі процесі басталды. ТМД елдерінің көбісі бұл бағытта 90-жылдардың
басындағы деңгеймен салыстырғанда үлкен прогреске қол жеткізілді. Бұрынғы
кеңестік елдерде бірдей дерлік бастапқы жағдайлар болғанына қарамастан,
жүргізілген банктік реформалардың қарқындары мен тереңдігі әртүрлі болды.
Қайта құрулардың жылдамдығы мен сапасындағы айырмашылықтар
макроэкономикалық жағдайдың ерекшелігіне, елдердің әртүрлі экономикалық
потенциалына, сондай-ақ әр мемлекеттің жағымды құқықтық ортаны қаржы
нарығы қатысушылары үшін тұрақты ойын ережелерін қалыптастыруға бағытталған
саясат айырмашылықтарына байланысты болды.
Қазақстанда банк секторының қалыптасу процесін негізгі 4 кезеңге
бөлуге болады.
Алғашқы кезең - дайындық кезеңі (1990-1991жж.). Бұл кезеңнің негізгі
міндеті заңнамалық базаны дайындау, банк секторын нарықтық қатынастарға
көшіру үшін нарықтық инфрақұрылымды және қажетті қаржы институттарын құру
болды.
1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан егемендікке қол жеткізгеннен
кейін нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің
банк жүйесін құруға кірісті.
Бұған дейін бұрынғы кеңес елдерінің банк секторы бір деңгейлі еді және
толығымен КСРО Мемлекетік банк аумақтық бөлімшелерімен бақыланды. Сол
сияқты Қазақстанның да бір деңгейлі банк жүйесі Қазақ ССР-інің
Мемлекеттік банкінен және 5 маманданған салалық коммерциялық банктерден
құралған еді. Осыған орай, дайындық кезеңінің негізгі міндеті екі деңгейлі
банк жүйесін құру үшін заңнамалық базаны құру болды.
1991 жылдың қаңтар айында Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі
туралы заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының
бастамасы болды. Осы заң алғашқы рет коммерциялық банктің анықтамасын
беріп, банк жүзеге асыра алатын банктік операциялар тізімін анықтады,
банктер қызметін Мемлекеттік банк тарапынан реттеу нысандары мен әдістерін,
банктерді ашу және жою нысандарын тұжырымдады. Заң коммерциялық банктермен
қатар басқа да несиелік мекемелердің (несиелік кооперативтер, ломбардтар)
ашылуына рұқсат берді. Заң, сонымен қатар, құрылтайшылары мен акционерлері
шетелдің жеке және заңды тұлғалары бола алатын жеке банктерді құруға рұқсат
берді. Қазақ ССР-інің Мемлекеттік банкінің негізгі міндеттері мен
функциялары, соның ішінде ақша-несиелік реттеу саласындағы міндеттері,
оның жүзеге асыратын операциялар тізімі бекітілді.
Жаңа банктік заңнама республикада дамыған елдердің үлгісіндегі, екі
деңгейлі банк жүйесін құруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, мемлекеттік салалық
банктердің қайта құрылуы және 1991 жылы алғашқы коммерциялық банктердің
құрылуы нәтижесінде республикада екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты.
Жаңа банк жүйесінің бірінші деңгейін ҚР Ұлттық банкі және оның облыс
орталықтарындағы филиалдары құрайды (Республикалық Мемлекеттік банк ҚР
Ұлттық банкісі боп қайта құрылды). Екінші деңгей бұрынғы мемлекеттік
маманданған банктер негізіндегі, немесе жаңадан ашылған коммерциялық
банктерден тұрды [10, 6 – 8 бб.].
Екінші кезең – бейімделу кезеңі (1991-1993 жж). Бұл жаңа құқықтық
және ұйымдастырушылық жағдайларда қызмет ету, жаңадан ашылған қаржы
институттарының нарықтық ортаға бейімделу кезеңі. Сол уақыттағы жеткілікті
дәрежедегі ырықтандырылған заңнама базасы, бастапқы кезде құрылтайшылар
мен акционерлерге қойылатын қомақты шектеулердің жоқтығы, банктердің
күнделікті қызметінің әлсіз бақылануы 90-жылдардың басында коммерциялық
банктердің қаулап өсуіне әкелді. 1991-1993 жылдар аралығында Қазақстанда,
ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты, банктік серпіліс байқалды. Бұрынғы
салалық маманданған негізінде жаңа банктер пайда болды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын
Тұран – банкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі - акционерлік-коммерциялық банк
болып табылатын ҚР Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі –
акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Әлем банкке, Республика
Жинақ банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын ҚР Жинақ
банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта
құрылды, ал Жинақ банкісі ҚР Халық банкісі атауына ие болды. Бұлардан
басқа, жаңа коммерциялық банктер де әрекет ете бастады, олардың
құрылтайшылары заңды және жеке тұлғалар болды.
1993 жылы республикадағы коммерциялық банктер саны банк жүйесінің
тарихындағы ең үлкен шамаға - 204-ке жетті.
1993 жылдың өзінде ғана 63 банк тіркелді. Олардың көбісі қаржылық
тұрақсыз болып табылды (Кесте-2).
Кестеде республикадағы екінші деңгейлі банктердің жалпы санының
қысқару динамикасы көрінеді. 1993 жылы банктердің саны 204 бірлікті құраса,
2006 жылы олардың саны 33 бірлікке дейін азайды.
Құрылған банктердің негізгі актив капиталы мөлшері шамалы болды,
квалификациялы мамандар жоқ болды, қажетті материалдық-техникалық база
болмады, пассивтер негізінен мемлекеттік кәсіпорындар мен компаниялар
есебінен қалыптасты, актив операциялары негізінен акционерлердің
мүдделеріне қызмет көрсетуге және шетел валютасы нарығында спекулятивті
операцияларға бағытталды.
Екінші деңгейлі банктер саны азайған жағдайда банктік операциялардың
жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар саны, керісінше, көбейе бастады.
1993 жылы олардың жалпы саны небәрі 5 тең болса, 2002 жылы -117 бірлікке
дейін өсті.
Үшінші кезең (1993-1995) – саяси және экономикалық егемендік
жағдайындағы жаңа банк жүйесінің құрылу, ұлттық валютаның қызмет ету,
әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялану процестерінің бастапқы
кезеңі.
1993 жыл елдің өзіндік ұлттық банк жүйесін құрудағы бетбұрысты кезең
болды. КСРО-ның ыдырауынан кейін кеңес валютасы – рубль барлық
посткеңестік елдерде қолданыста қалған болатын. Қолма-қол рубльдердің
жалғыз элементі Ресей болып қала берді, бұл басқа елдердің ұлттық
банктердің тәуелділігіне және өз бетінше ақша–несиелік саясатты жүргізе
алмауына әкелді. Бұл мәселелер өз шешімін 1992-1994 жылдар бойына барлық
елдердің өз жеке ұлттық валюталарын енгізулерінен тапты [11, 16 – 17 бб.].
Кесте – 2 Кейбір ТМД елдерінің ұлттық валюталарын енгізу тарихы
Қазақстан Ресей Украина Қырғызстан Өзбекстан
Валюта атауытеңге рубль гривна сом сум
Айырбас тиын копейка копейка тиын тиын
монетасы
Эмитент ҚР Ұлттық РФ ОрталықУкраина Қырғызстан Өзбекстан
банкі банкі Ұлттық банкіҰлттық банкі Республикас-
ының
Орталық
банкі
Ұлттық 1993 ж 12 1 мамыр 1992 жылы Сом, ақша 1994 жылдың
валютаның қарашада 1992 жыл. карбованец бірлігі 1 шілдесінен
енгізілу ҚР 1996 жылдың айналысқа
күні Президенті 26 тамызынан1993 жылдың
нің - гривна 10 мамырында
жарлығына шықты.
сәйкес,
1993 ж. 15
қарашада
ұлттық
валюта –
тенге
енгізілді

Қайнар көзі: ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.- 2006. - №2. – 133 б.
1993 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы заңы қабылданды, ол Ұлттық банктің міндеттерін, қызмет қағидаларын,
құқықтық мәртебесін және өкілеттерін, оның банк жүйесіндегі рөлі мен
орнын, ҚР мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтап
берді.
Ұлттық валютаның енгізілуі және ҚР Ұлттық банкі туралы заңының
қабылдануы өз бетінше ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Осы
кезден бастап екінші деңгейлі банктерге қойылатын талаптар қайта айтыла
бастады, әртүрлі бұзушылықтар үшін экономикалық санкциялар енгізілді,
сондай-ақ қаржылық институттардың минималды жарғылық капиталына, активтер
мен пассивтерді басқару сапасына қойылатын талаптар жоғарылатылды. Орталық
банктердің басты міндеттерінің бірі ұлттық банк жүйелерін халықаралық
талаптарға сәйкестендіру болды. Жүргізілген шаралар инвесторлар
қаржысының сақтаулығын, ішкі және сыртқы есеп айырысулардың сенімділігін
және қауіпсіздігін қамтамасыз етулері тиіс еді.
Қазақстанда 1993 жылы банктердің жалпы көлемінің тек 10%
пруденциялық нормативтерді орындады. 1993 жылдың өзінде ҚР Ұлттық банкі
пруденциялық нормативтердің жүйелі түрде орындалмағаны үшін банктік
қызметті жүргізуге берілген 15 лицензияны кері қайтаруға мәжбүр болды (
Кесте-2).
1995 жылдың 15 ақпанында банк жүйесін реформалаудың алғашқы
бағдарламасы бекітілді, ол тұрақты банк жүйесін құруын қамтамасыз етуге
бағытталған болатын. Бадарламаның басты міндеті – ақша ресурстарының
орталықтандырылған бөлінуін барынша қысқарту және ҚР Ұлттық банк
функцияларын орталық банктердің классикалық функцияларына жақындату еді.
Банк жүйесін нығайтудың және консолидация процестерін
ынталандырудың тиімді құралы ретінде капитал жеткіліктігіне, соның ішінде
оның минималды мөлшеріне қойылатын талаптарды қатайту бойынша шаралар
қабылданды.
Банктің жарғылық капиталының минималды мөлшері ұлттық банктік
жүйеге кірудегі өзінше бір кедергі, қиындық болып табылады.
Бұл көрсеткіш белгілі бір дәрежеге сәйкес елдегі банктік бизнестің
даму деңгейін немесе банктік қадағалау сапасын көрсетеді.
ТМД-ның сәйкес елдеріндегі жағдайды қарастыратын болсақ, ресейлік
несие ұйымдарының капиталының минималды мөлшері 5 млн. еуроны құрайды,
Қазақстанда – 2 млрд. теңге. Украинаның комммерциялық банктер жарғылық
капиталының минималды мөлшері - кооперативті банктер үшін 1 млн.
еуроны, бір облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын банктер үшін – 3
млн. еуроны, бүкіл Украинаның аумағында қызметін жүзеге асыратын банктер
үшін 3 млн. еуроны құрайды.
Өзбекстанда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап капиталдың келесі
минималды мөлшері бекітілген: коммерциялық банктер үшін – эквивалент 3
млн. доллар; жеке банктер үшін – эквивалент 1,5 млн. доллар; шетел
капиталының қатысуымен ашылатын банктер үшін – эквивалент 5 млн. доллар.
2006 жылдың 1 қантарынан бастап осы елде коммерциялық банктер үшін
жарғылық капиталдың минималды мөлшері 4 млн. долларға дейін
ұлғайтылды.
Қырғызстанда әрекет етуші банктер үшін капитал минимумы 300 млн. сомды
құрайды [12, 260 – 262 бб.].
Банк жүйесін реформалау Бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі
банктерді қайта қаржыландыру механизміндегі маңызды өзгерістер болды.
Банктер экономиканы несиелендірудегі өз бетінше тартқан халық жинақтары,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақша қаражаттары және сыртқы
займдар есебінен қамтамасыз ете бастады, ал Қазақстан Ұлттық банкі елдің
орталық банкінің тікелей функцияларын орындауға кірісті: ақша-несие
саясатын жүргізуді және банктік жүйе қызметін реттеді.
Банк жүйесін одан әрі нығайтуға 1996 жылғы желтоқсанда қабылданған
екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына
өту Бағдарламасы бағытталды.
Осы Бағдарламаға сәйкес, Қазақстанның барлық әрекет етуші банктері 2000
жылдың соңына дейін капитал жеткіліктілігі, өтімділігі, активтер сапасы,
менеджмент деңгейі, бухгалтерлік есеп, ақпаратты енгізу және беруге, т.б.
қатысты халықаралық стандарттарға көшуі тиіс болды.
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдары (1996-2001жж.) банктер саны қаржылық
жағдайы тұрақсыздардың есебінен біршама қысқарды .
Кесте – 3 Банк секторының құрылымы және екінші деңгейлі банктердің 2001
жылғы халықаралық стандарттарға өтуі туралы мәліметтер
01.01.200101.01.2002
Банктердің саны (ЕДБ), соның ішінде: 48 44
Халықаралық стандарттар деңгейінің талаптарын 1 12
орындаған банктер
І топқа жатқызылған банктер 11 4
ІІ топқа жатқызылған банктер 24 17
Бағдарлама талаптарын орындамаған банктер 7 4
Бағдарламаға кіргізілмеген банктер 1 2

Қайнар көзі: ҚР Ұлттық банкінің 2002 жылғы есебінен алынды
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2001 жылы екінші деңгейлі банктердің
халықаралық стандарттарға көшу процесі белсенді жүрді, ол негізінен Ұлттық
банк жүргізген мақсатты бағытты жұмыспен және республикада жалғасқан
банктік бизнестің дамуымен байланысты болды.
2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын
ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Халық
жинақтарын банктерге белсенді түрде тарту соңғы нәтижеде банктермен
жүргізілетін актив операциялар көлемінің өсуіне, олардың бәсекеге
қабілеттілігінің жоғарылауына, банк өнімдерінің өзіндік құнының төмендеуіне
әкелді. 2000 жыл бойына осы жүйенің мүше-банктерінің саны 18 дейін өсті, ал
2003 жылы – 20 жетті.
Халық салымдарын қорғау жүйесі де жетілдірілді. 2000 жылдың сәуірінде
жеке тұлғалардың депозиттік шоттарына қатысты банктік құпия бойынша банктік
заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Азаматтардың банктердегі салымдарын қорғау бойынша шаралар кешені
тұрғындардың банк жүйесіне деген сенімінің өсуіне әкелді.
Қазақстан банк жүйесінің дамуының келесі кезеңі 2003 жылы қаржы
секторының 2003-2006 жылдарға арналған даму Концепциясының қабылдануымен
басталды.
Концепцияның басты мақсаты – қаржы жүйесінің алдында тұрған
стратегиялық міндеттерді, алдағы перспективаға қызметтің негізгі бағыттарын
анықтау [13, 3 – 4 бб.].
Ұлттық банкке бүкіл қаржы нарығын реттеу бойынша функциялардың
берілуіне орай қаржы нарығын дамытудың жолдарын кешенді анықтау міндеті
туындады.
Осыған орай Қазақстанның қаржы секторының Еуроодақ стандарттарына көшуі
ойын тәртіптері кез келген инвесторға немесе қатысушыға түсінікті болатын
нарықты құруға мүмкіндік береді.
Еуропалық одақтың қаржы институттары мен нарықтарының реттелуі мен
дамуы Қазақстанда қабылданған халықаралық стандарттар негізінде жүзеге
асырылады. Бұл - бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары, банк жүйесі
үшін Базель комитетінің қағидалары, Халықаралық сақтық қадағалау
ассоциациясының (IAIS) сақтық нарыққа қоятын талаптары, Халықаралық есеп
айырысу Банкінің төлемдер жүйесіне қоятын талаптары, бағалы қағаздар
бойынша комиссиялардың халықаралық ұйымдарының бағалы қағаздар нарығын
реттеу қағидалары (IOSCO) және өзгелер. Мұнымен қоса Еуропалық валюта
одағында ақша-несиелік реттеудің ең тиімді жүйелердің бірі қабылданған, ал
банктік және сақтық нарыққа қойылатын талаптар ең қатаң болып табылады.
Еуроодақ стандарттарын таңдау, сонымен қатар, мына жайтпен де
байланысты: Қазақстанның тауар айналымының 80%-ы ЕО мүше-елдерімен, немесе
оған болашақта кіруі мүмкін елдермен (Ресей, Турция, Украина) жүзеге
асырылады. Осы орайда Қазақстан мен ЕО қаржы жүйелерінің өзара қатынасуының
тереңдеуі - өзекті мәселелердің бірі.
Осы Концепцияға сәйкес, 2007 жылдан бастап теңге толығымен
конверттелетін валютаға айналды, ал қаржы нарықтары Еуроодақ стандарттарына
сәйкес әрекет етуде.
Қазіргі кезде қаржы жүйесіндегі негізгі реформалар жүргізіліп жатыр
,заңдылық-нормативтік база негізінен құрылып бітті, реформалау процесінің
басында қойылған міндеттер орындалуда[14, 4 – 6 бб.].

1.3 Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі
АҚШ-тың банк жүйесі.
Федералды резерв жүйесінің құрылымы мен операциялары.
АҚШ-тың несие жүйесінің орталық буыны болып Федералды резерв жүйесі
(ФРЖ) табылады, ол 12 федералды резервтік банктерден және көптеген
мүше–банктерден тұрады. 1913 жылғы федералды резервтік актіге сәйкес барлық
мүше–банктер:
- федералды резервтік банктердің негізгі капиталына үлестік жарна
ретінде 6% меншікті капиталдарын енгізілулері;
- өздерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан қадағалау механизмі
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Банктік қызметтің мәні
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі
Пәндер