Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу



МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс . әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс.әрекетті құқықтық. ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс.әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы
сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .10
1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы
түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 10

2. Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . .
. 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . .
. 33

2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . .
46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық
мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 76

Кіріспе

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі
экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің
дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал
тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі
кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса
қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Нарықтық экономикаға ауысу барысында жеке тұлғалар кәсіпкерлер
нысанында толық шаруашылық бостандыққа қол жеткізіп отыр. Олар өз
еріктерімен тауар нарығындағы сұраныс және ұсыныс мәселелерін зерттей
отырып, жаңа өнімнің қоғамға қажетті түрлері бойынша үлгілерін жобалап
ұйымдастырады, сатылатын өнім ассортименттерін жаңартып басқада түрлерін
қалыптастырады, өндірісті жаңа техникалық жабдықтармен қамтиды, өзгеде
қатынас субъектілерімен қарым қатынастарға түсу арқылы байланыстар құрады,
пайда табу мақсатында өзгеде нарық талаптарын қанағаттандыратын әрекеттерді
жүзеге асырады. Олардың табатын табыстары өндірістерін қаржыландыратын
негізгі қайнар көз болып табылады. Егерде кәсіпорындар қаржы тапшылығы
мәселелеріне жолығатын жағдайда қаржыландырудың өзгеде қайнар көздерімен
қатынастар қалыптастырады, мәселен банктар, қорлар өзара несиелендіру
қоғамдары және т.б. Бұлармен қатар кәсіпкерліктің ең ұтымды
ерекшеліктерінің бірі ретінде олардың еріктілігін айта кетуге болады,
мәселен ертедегі жоспарлық экономикамен салыстырар болсақ ғылыми –
техникалық, стратегиялық саясаттарымен бағдарламаларын өздері қалыптастыру
арқылы, нарықтың тікелей бәсекелестік заңнамасына бағына отырып қоғамның
шынайы қажеттілігін қанағаттыратын бірден – бір қолайлы да, қолды құрал
болып отыр.
Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы өз алдына қоғамдағы көптеген
экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып еліміздің ішкі және сыртқы
жағдайларын жақтартуда орасан зор орын алады. Бұл қатынастар елдің сыртқы
экономикалық іс - әрекеттерін дамыта отырып өздеріне және тұтынушы қоғамға,
қолайлы да тиімді шетелдік нарықтардың шығаратын тауарларын ұсына отырып,
отандық өндірісте шығатын тауарларды өткізу нарығының жаңа белестеріне жол
ашады. Ал бұл өз алдына отандық тауарларды өндіруші кәсіпкер тұлғалардың
кәсіпкерлік қатынастарын дамытуға, шетелдік тұлғалармен қарымқатынастарға
түсе отырып қоғамдағы кәсіпкерлік қатынастардың молайуы мен күрделенуіне
бірден – бір қолайлы жағдай туғызады.
Кәсіпкерлер - деп коммерциялық іс-әрекеттерді өздеріне тиесілі мүлік
негізінде қалыптастырушы сонымен қатар сол мүлік негізінде басқару жүргізіп
толық мүліктіктік жауапкершілік артушы тұлғаны қарастырамыз. Нарығы жоғары
дамыған мемлекеттердің арасында мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының ұшан
теңіз үлесі негізінен осы кісіпкерлердің мойнына жүктелген. Кәсіпкерлік
қатынастардың дамуы мен қалыптасу ерекшелігіне байланысты оның әртүрлі
нысандарын қарастыруға болады. Мәселен жеке кәсіпкерлік немесе күрделі
заңды тұлғалар сипаттындағы кәсіпкерлік қатынастар субъектілерін қарастыра
отырып, олардың эканомиканың дамуындағы алатын үлесі аса зор және қоғамдық
қатынастардағы икемділігі мен ұйымдастырушылығының қарапайымдылығы көптеген
қолайлы жағдайлар туғызуының салдарынан ел экономикасының ұдайы дамып
қалыпты нығайуына бірден – бір себеп болып отырғанына қазіргі өмір куә.
Қазақта мынадай бір нақыл сөз бар: “Бай байымай, кедей жарымайды”-
демекші, еліміздің экономикасының кілтін осы кәсіпкерлерге ұстату, халықтың
ішінен нақты осы кәсіпкерлікке лайықты тұлғаларға нарықтың тізгінін ұсыну
арқылы, қазіргі зымырап дамып бара жатқан қоғамның қажеттілігі мен шынайы
сұранысын нақты қанағаттандыратын жүйе ретінде осы кәсіпкерлікті
қарастырып, осы саладағы қатынастардың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін
осы жұмыс аясында зерделеуді жөн көрдік.
Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы мемлекет дамуына аса үлкен септігін
тигізетіні хақ. Себебі кәсіпкерлік қатынас ең алдымен жеке тұлға мүддесін
басшылыққа ала отырып оның дамуына және материалдық қалыптасуына атсалысу
арқылы, елдің де көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз. “Өзім дегенде
өгіздей күшім бар” – демекші егер кәсіпкер тұлға алдымен өзінің жағдайын
жақсатуға бар күші мен мүмкіндігін сарп ететін болса, осымен қатар ол елдің
де әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жағдайын жақсартуға кең мүмкіндік
туғызады. Яғни өзіне түсетін пайда жағдайын ұйымдастыра отырып ол өнім
шығару мақсатында, жаңа жұмыс орындарын өмірге келтіру арқылы қоғамды
жұмыспен қамти отырып біраз тиімді жағдайлар қалыптастырады. Айтар болсақ
қазіргі таңның өзінде еліміздің нарықтық қатынастарға белшемізден
батқанымызға он жылдан астам уақыт өтседе, бұл салада әліде шешілмей
отырған мәселелердің шегі әлі де аз емес.
Кәсіпкер тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш сол себепті оны
зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл
сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге
ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер
әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы
өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің
тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы
тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған
жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер
болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға
болады.
Жұмыстың басты мақсаты болып Қазақстан Республикасында қалыптасып
отырған кәсіпкерлік қатынастарды зерделеу арқылы, қазіргі таңда туып
отырған кейбір маңызды мәселелерін талқылап, оларға қазіргі таңдағы
мамандар мен ғалымдардың беріп отырған біраз пікірлерін саралау арқылы
өзіндік қорытындылар мен көзқарастарды ортаға салу болып табылады.
Дипломдық жұмысты зерттеу барысында қазіргі таңда әрекет етіп отырған
құқықтық нормативтік актілермен осы кәсіпкерлік саласын зерттеп отырған
авторлардың еңбектерін зерделедік. Мәселен олардың қатарына: М.К.
Сулейменов, Н.И. Клейн, И.В. Дойников, М.М. Рассолова, С. Братуся, Н.
Маяет, С.П. Мороз, С. Хизрич, Р. Хоскинг, А. Паловкин, П.Савченко, В. Шулус
және тағыда басқа авторлардың еңбектерін терең зерттеу арқылы кәсіпкерлік
қатынастардың табиғаты мен пәнін анықтауды және осы кәсіпкерлік қатынаста
кең етеп алып отырған мәселелерді анықтауды жүзеге асырдық.
Жұмыс құрылымы бойынша кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда жалпы кәсіпкерлік
қатынастардың түсінігі мен құқықсубектілігін зерделедік. Ал екінші тарауда
Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық - ұйымдастыру нысандарымен жалпы
кәсіпкерлікті тіркеу, лицензиялау мәселелерімен, тоқтату жағдайларын
анықтадық.
Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық,
ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі
әдістері басшылыққа алынып зерттелінді, сондай –ақ дидукциялық пен талдау
әдістері ұштастырды.

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтының жалпы сипаттамасы.

1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы
түсінік

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10 бабы кәсіпкерлікті –
меншік түріне байланыссыз, мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік
кәсіпкерлік) шаруашылық жүргізу құқығына немесе жеке меншікке (жеке
кәсіпкерлік) негізделген, тауар (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымды
қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған азаматтардың және заңды
тұлғалардың ынталық қызметі ретінде анықтайды [1]. Кәсіпкерлік қызмет
кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігіне, тәуекеліне және атынан жүзеге
асырылады.
Қазақстанда кәсіпкерліктің кұрылуы және дамуының негізі кәсіпкерлікті
қолдау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен айқындалады. Бұл сұрақтар
ең алғашқы ретте Қазақ ССРО-да кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық
қызметінің бостандығы туралы 1990 жылдың желтоқсан айында қабылданған
Қазақстан Республикасының заңында көрініс тапқан. 1992 жылдың шілде айында
жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заң қабылданған. Ол заңда,
жеке кәсіпкерлік – бұл азаматтардың қызметі, тауарларға (жұмыстарға,
қызметтерге) сұранымды қанағаттандыру жолымен жеке табыс немесе пайда алуға
бағытталған, заңды тұлғалардың мүліктік жауапкершілігіне (ұжымдық
кәсіпкерлік), тәуекеліне және өзінің атынан жүзеге асырылатын ұжымдық
меншікке немесе азаматтың өзінің меншігіне және оның атынан, тәуекеліне
және оның мүліктік жауапкершілігіне (жеке кәсіпкерлік) негізделген әрекет
сипаты ретінде бейнелеген. Жалпы кәсіркерлік қатынастарды қарастыру
барысында алдымен елімізде әрекет етіп отырған кәсіпкер тұлғалардың
құқықтық жағдайына зейін салған жөн. Мәселен олар заңды тұлға құру арқылы
немесе құрмау арқылы өздерінің кәсіпкерлік іс - әрекеттерін қалыптастыра
алады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33 бабына назар аударсақ
заңды тұлғаларды анықтаған, яғни оқшау мүлкі бар, шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығына негізделген азаматтық қатынастарға түсе отырып
белгілі бір құқықтар мен міндеттерге иеленетін, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын тұлғаны қарастырған. Ал жеке кәсіпкерлікке акциялардың
бақылау пакеттері немесе үлестік қатысуының көп бөлігі мемлекетке қарайтын
заңды тұлғалар қызметі жатпайды деп көрсеткен.
Жеке кәсіпкерлердің меншігіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады. Жеке
кәсіпкер болып табылатын шаруашылық субъектінің қызметіне тоқтату және
мәжбүрлеу шараларын қолдану тек сот шешімімен ғана жүргізіледі. Жалпы
қазіргі таңда нарықтық қатынастарға көшу өз алдына мемлекеттегі жаңа
қоғамдық базисті қалыптастыра отырып нарық заңдарының санқырлы
ерекшеліктерімен күн өткен сайын шынайы мың құбылмалы түр сипатын көрініске
салып отыр. Әрбір мемлекет өзінің дамуын қалайды, елдің қарқынды дамуы мен
тұрақтылығы ең алдымен еліміздің экономикалық жағдайына байланысты. Елдегі
өткізіліп жатқан мемлекет тарапынан орын алып отырған санқырлы реформалар
міне сол халықтың, қалың бұқараның әлеуметтік жағдайын дамытуға
негізделген. Қазақ елін экономикалық дағдарыстан алып шығу бастапқы кезде
көптеген келеңсіздіктерге соқтыру арқылы, алуан түрлі білместіктердің
арасында қалың адасуға ұшыраған мезеттерде жоқ емес. Бірақ соған қарамастан
қазіргі кезді саралап, зерделей отырып біршама істің басының оңалып
әжептеуір алға ұмтылғанымызға өмір куә. Міне соның ішінде басты көңіл
аударып осы еңбегімізбен зерделеуге алып отырған тақырып қашанда өз
маңыздылығын жоймайды. Себебі еліміздің экономикалық болашағы негізінен осы
кәсіпкерлік қатынастарға негізделеді.
Түптеп алғанда негізінен экономиканың дұрыс және жедел дамуы алдымен
мемлекеттің қойып отырған саясатымен тығыз байланысты. Мысалы ретінде
қазіргі таңдағы әлемнің алпауыт, нарығы едәуір дамыған мемлекеттердің
жағдайына көз жүгіртер болсақ, сантүрлі жағдайларға кезігуге болады.
Қазіргі таңда асқақтап тұрған АҚШ мемлекетін қарастырсақ өзінің қазіргі
экономикасын екі жүз жыл көлемінде қалыптастырда. Ал Азия мемлекеттерінің
ішінен Қытай мемлекетін, өзінің әлемге әйгілі “Қызыл айдахар” атты
экономикалық бағдарламасымен өз нарығын елу жылда көтеріп үлгерді, немесе
“Жолбарыс” атты Малазия, Тайланд, Сингапур, Оңтүстік Корея тәрізді
мемлекеттерді зерделейтін болсақ осы кәсіпкерлік қатынастардың алуан
түрлерін анықтаған болар едік. Кәсіпкерлік қатынасындағы бостандық кезеңі
экономиканың мемлекеттік реттеумен байланысты бір қатар мәселелерімен орын
алатындығымен көзге түсті:
– Үкімет жеке тұлғаларға қарағанда ақпаратпен аз қамтылған,
өйткені
нақты ақпарат қымбат тұрады;
– Кызметтерді бір жалғыз фирмамен көрсеткен анағұлым тиімді, сол
себепті неғұрлым тиімді көрсетілетін табиғи монополиялардың алатын орны өз
алдына қарама қайшылықтарды жояды (газбен қамту, сумен қамту, телефон
жүйелері және т.б.);
– Ішкі шығындар, нарықтың дұрыс қызмет етуінде немесе бағада
көрсетілмейтін, қайшылықтарда қайта немесе артық өндіру мемлекетпен
реттелуді қажет етеді;
– Ішкі шығындарға апаратын тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
– Мемлекетпен экономиканы қажетті ақшамен қамтамасыз ету.
– Қоғамдық тауарларды тұтыну, яғни тұтынуда барлық азаматтар
қатысатын (біріңғай энергожүйесі ұлттық қорғаныс, ұлттық ақпараттану т.б.).

1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясында 4 тармақтың 25 бабы әсіресе белгіленген, кәсіпкерлік
қызмет бостандығына әрбір азаматтың құқығын жариялаған .
1994 ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №
912 қаулысымен 1994- 1996 жылдарға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті
мемлекетік қолдау және дамыту жүзеге асыру бойынша шаралар мен
тапсырмалардың жоспарлары бекітілген. 1995 жылдың соңында Қ.Р.- сы
өкіметің, 1996-1998 жылдарға экономикалық реформаларды тереңдету бойынша,
әрекет ету Бағдарламасы қабылданған, қасысында ең алдымен шағын және орта
бизнесті, кәсіпкерлікті мемлекетік қолдауды нығайту ең негізгі мәселе болып
белгіленген. Содан кейін 1996 ж. 14 маусымында Кәсіпкерлік қызметтің
бостандығына мемлекетік кепілдікті жүзеге асыру бойынша қосымша шаралар
туралы, 1997 ж. 6 наурызынан Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік
қолдау және жандандыруды нығайта түсу бойынша шаралар туралы Президентінің
нұсқаулары қабылданған.
Қазақстан Республикасының өкіметімен бір қатар қаулы
жарияланған: 1997 ж. 14 наурызынан № 325 “Шағын кәсіпкерліктің
республикалық ақпаратты- көрмелік орталығын құру туралы ”, 1997 ж. 8
сәуірінен № 499, “Шағын кәсіпкерлік сұрақтары”, 1997 ж. 26 сәуірінен № 665
“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы”, 1997 ж. 4 маусымынан № 923
“Жұмыспен қамтуға әрекет ету мемлекеттік қорының қаражатынан жеке
кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруды қолдау тәртібі туралы
Ережені бекіту туралы ”.
1997 ж. 19 маусымында қол қойылған “Жеке кәсіпкерлік туралы”
Заңында және 1997 ж. 7 шілдесінде “Қазақстан Республикасында шағын
кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы мен приоритеттері
туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің нұсқауында –меншік
кәсіпкерліктің түрі ретінде қарастыралатын, кәсіпкерлік дегеніміз -
азаматтардың табыс алуға бағытталған өз меншігіне және азаматтардың өз
аттарынан олардың тәуекеліне және олардың мүліктік жауапкершілігіне
негізделген ынталы қызметі [2].
Жеке кәсіпкерлік субъектілері ретінде Заң осы қызметпен
айналысатын жеке тұлғаларды анықтайды “заңды тұлға құрмайтын және заңды
тұлға белгілері болмаған кезде”. Келесі жағымды жағдайларды белгілеуге
болады:
✓ несие алу үшін жеңілдік шаралары қарастырылған ;
✓ өндірістік объектілерді және алаңдарды, офистік бөлімдерді
бөліп
төлеу арқылы сатыпалу, сондай - ақ оларды жалға алу немесе сенімді
басқаруға заңдылық мүмкіндіктер жасалған;
✓ қызмет приоритеттері анықталған іс – шаралары бойынша негізгі

тәжірибеде қолданылатын жағдайларды қарастырып айтуға болады.;
Жеке кәсіп орындармен жеке кәсіпкерлерді құру және оны тіркеу жұмыстары
жеңілдетілді, сонымен қатар олар екінші денгейдегі банктерде өздерінің
шоттарын алуға байланысты жұмыс жолдары жеңілдетілді. Мемлекеттік саясатқа,
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсеткен негізгі қол басшы және
үлестіруші болып 1997 ж. мамыр айында құрылған Қ.Р. сауда және экономика
Министірлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Депортаменті болып табылады.
Соның ішінде екі эксперттік кеңес құрылған. Біріншісі – ол, нормативттік
үлгілерді және Заңдылық актілерді қарастыру үшін, шағын бизнесті қолдау
бойынша, кәсіпкерлік құрлымдардың өкімдерінен тұрады.
Екіншісі- ол, ведомствалараралық, яғни кәсіпкерлік қызметті қолдандыру
бойынша Президент нұсқауын жүзеге асыруымен айналысатын, қызығушылық
танытқан Министерствалар мен ведомствалар өкілдерінен тұрады. Тәжиребиеге
жағдайларына сүйенсек, ол нормативтік құқықтық актілерде, ескі заңдарды
қайталануына, сақталып қалуына байланысты осы күнде де қиыншылық туғызады.

Бұл тұрғыда Қазақстанда Бельгия тәжирибиесі бойынша, Қазақстандық
кәсіпкерлікті дамыту және Қазақстандық бизнес - жоспар орталығын дайындау
және қолдау депортаментінің кеңесшілеріне ұсынылған, бизнес- жоспарлары -
инновациондық орталықтар (бизнес- инкубаторлар) құру жағына көңіл
аударуымызға тура келеді.
Жалпы тұрғыда бизнес - инновациялық орталық- дегеніміз ол жергілікті
және аумақтық қызметтестік құрылым ол өзі жағынан орта және шағын
компанияларға оларға жағымды мерзімде толық көлемде қызмет көрсетілді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін факторларды
азайтуға және жоюға байланысты шараларды жүзеге асыру қажет. Ол факторлар
тәжірибеде келесі сипатта бейнеленеді:
- толық дамымаған саяси жүйе және нормативтік құқықтық базаның
тұрақсыздығы.
- Қазақстандық салық салу жүйесінің тұрақсыздығы.
- Банктермен белгіленген проценттік ставка мен және инфляция
денгейінің үлкен арағашықтығына байланысты несиелерге қол
жетпеушілігі.
- Көпшілік кәсіпкерлердің, кәсіп орындарды қолдандыру бойынша
тәжірибиелерінің аз болуы.
- Тұрғындардың сатып алу сұранысының төмендігі.
- Қазақстан ішінде және одан тыс, бәсекелестермен қызметтестер
арасындағы мәселелер.
- Шағын кәсіп орындардың жұмысшыларының кәсіби дайындығының
төменділігі.
Осы тұрғыда мемлекеттік емес органдар, сонымен қатар мемлекеттік емес
институттар, яғни Қазақстанда кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырған.
Орталық кәсіптік байланысты, және Орта азиялық – Американдық қорды қолдану
мақсатқа сәйкес деп айтуға болады. Сонымен қатар 1997 ж. 17 қаңтарда
достастық мемлекеттердің үкіметерімен келісіліп құрылған шағын бизнесті
қолдау дамыту бойынша ТМД мемлекеттерінің Ақылшы – кеңесі үлкен жағымды рөл
атқарады. Зертеулер, кәсіпкерліктің дамуы Республикадағы экономикалық
жағдайлардың өзгеруімен байланысты екенін көрсетеді бірінші кооперативтер
және жеке кәсіпорындар ұсынылған жеңілдіктерге байланысты қарқынды дамыуы.
Сол уақытта макроэкономикалық тұрақтылық, инфляцианың азаюы, меншіктенудің
жүзе асуы көріне бастады.
Үкіметтің негізгі әсерін тигізген шаралары, 1997 ж. 6 наурызда
қабылданған Қазақстан Президентінің “шағын кәсіпкерлікті дамыту, қолдау,
қолдандыру бойынша мемлекеттік шаралар” туралы нұсқауын жүзеге асырумен
байланысты. Осы нұсқауға сәйкес:
– Қазақстан Республикасы Сауда және экономика Министерствасының

шағын кәсіпкерлікті қолдау Департі құрылды;
– “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке
кәсіпкерлік
туралы”, “Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін тіркеу жолдарын жеңілдетуге
байланысты Қазақстан Республикасы Заңды актілеріне өзгеріс және толықтыру
туралы” заңдар қабылданды;
– Мемлекеттік қадағалау органдары сонымен қатар олармен жүзеге
асырылатын төлем қызыметтерінің саны азайтылды;
– Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылды;
– Екінші деңгейдегі барлық бөлшектерінен шағын кәсіпкерлік
субъектілерін
несиелендірудің аз мөлшері белгіленді. Банктік портфельдің негізгі несиелік
қарызының 10 пайызынан төмен емес.
Шет елдің дамыған нарықтық эканомикасы, кәсіпкерліктің ұлттық
экономикада үлкен қызмет көрсететінін, және нарықтық қатынастарда сұраныс
пен ұсынысты тұрақтандыруда ерекше механизімді қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар азаматтық ресурстарға және инновациондық потенциалға едәір әсерін
тигізеді.
Осы күнде негізгі бағыттардың жүзеге асуы 1992 ж. 7 шілдеде “Қазақстан
Республикасы шағын кәсіпкерлікті дамыту және аумақтық қолдау жоспарлары
туралы”.
Республика Президентінің нұсқауында сәйкес жүзеге асып жатыр, ол
кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсетудің негізгі құралы болып отыр.
Нұсқауда кәсіпкерліктің дамуының негізгі беделді бағыттары белгіленген.
Бұл - Әрекет ететін өндірістерді, халықтың тұтыну тауарларын дамыту, жаңа
өндіріс құру, ауыл шаруашылық комплекісінің өнімдерін қайта өңдеу
өндірістерін дамыту болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекттік реттеу
бойынша осы салаға, қаржылық, инвистициялық, өндірістік – техникалық қолдау
көрсетіледі.
Сонымен қатар инфрақұрлымын дамуы, өзіне Қорлар тармақшасын және
көрнелік орталықтарын, консалдингтік фирмаларды енгізетін біркелкі жүйені
құруды қарастырады.
Мемлекеттің экономикаға араласуы үлкен мөлшерде шығындарды талап етеді
олар тікелей және жанама, тікелей – ол заңдылық актілерді дайындау, оның
орындалуын қадағалау. Жанама – ол фирма жағымен мемлекеттік нұсқауларды
орындау есеп беру болы табылады.
Сонымен қатар мемлекетік регламенттер, жаңалық енгізу, салаға жаңа
бәсекелестердің кіру беделін төмендетеді, өйткені бұл үшін тиісті комиссия
рұқсаты қажет.
Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді.
Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу —
басқаның істегенін істемеу [3; 215]. Екінші жағынан кәсіпкерлер — алдымен
кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Олы туралы француз экономисі Жан
Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: Кәсіпкер — адамдарды өндірістік
шеңбер ауқымыкда ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон
(1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жардайында
табыс алу максатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам білсенділігін жатқызды.
Экономикалық және құқытық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын
балама түріңде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес — табыс әкелетін кез келген
қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік — новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер — ол өнертапқыш. Сондықтанда
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер
бола алмайды.
Заң ғылымда кәсіпкерлік қабілетгілік деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік
қабілетгілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу кабілеттілігі,
бірақ бизнеске қатысатыңдардың барлығығының қолынан бұл келе бермейді.
Басқа жұрт қалғып, қьдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша
жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылылықпен, коммуникабелділікпен, яғни
адамдармен тез арада байланыс жасау қабілетгілігі, олармен өзара жақсы
қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз
караспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай
кабілетгілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес — бұл
табыс әкелетін адампың экоиомикалық қызметі. Кәсіпкерлік — бұлда адамның
экономикалық кызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске барыттайды және осы
жаңалыкты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер
бизнестің новаторлық жағын қарастыратьш болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині колданылады.
Қазақстан республикасы Президентінің Шаруашылык серіктесі жайлы және
Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік кызмет шаруашылық
серіктесігінің түріне қарай жеке және ұйымдык болуы мүмкін:
1. Жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
2. толык, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
3. жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
4. коммандитті — аралас жауапкершілік (біреудің толык мүлікімен
және басканың салынған салымымен);
5. косымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымён және оған
жататын мүлікпен косымша жауапкершілік мойына алынады;
өндіріс және түтыну кооперативтері;
6. консорішумдар;
7. акционерлік коғамдар [4].
Мемлекеттік және казыналық кәсіпорындар [5]. Біріншісі, шаруашылыкты
жүргізу кұқығына негізделсе, екіншісі - жедел баскару құқығына негізделген.
Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептін екі тұрі қолданылады: таза
мемлекеттік — толық ІІІаруашылық есеп, казыналык — толык емес шаруашылық
есеп.
Көсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып
табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма ұғымын
баламалап қараймыз. Олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: фирма
термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі
мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті
жатқызамыз. Қазіргі жана жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын
өзінің өндірістік кызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық
халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтык
тұрғыдан дараланған. Кәсіпорының ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен
айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматгар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
КР–ң Конституциясында меншіктің көптеген нысандары, жеке меншікке қол
сұсқпаушылық және жеке кәсіпкерлік қызметтің бостандығы бекітілген.
Кәсіпкерлікқызметтің заңдық базасы өте кең. Негізгі кәсіпкерлік
қатынастарды реттейтін заңдар ретінде ҚазССР – ғы кәсіпкерлікті дамыту және
шаруашылық қызметтің бостандығы тур заң 1990 ж. 11 желтоқсан, 1994 –
шілдедегі жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау тур заң. Негізін салушы
заңдар ретінде меншік туралы 1990ж. 15 – желтоқсан заңы, 1991 ж. 13
ақпанда қабылданған кәсіпорында туралы ж. т. б. айта кетуге болады. 2006
жылы 31 қаңтарда қабылданған “Жеке кәсіпкерлік туралы” заң жоғарыдағыладың
біразының күшін жойды, себебі кәсіпкерлік экономиканың негізгі құралы, ал
ол өз алдына үнемі дамып өзгерісте болып отырады.
Кәсіпкерлік қызыметті реттеу нарықтық экономиканың қалыптасуымен
байланысты бүкіл заңдармен жүзеге асып отырады (шаруашылық серіктестік,
акционерлікқоғам, монополияғақарсы қызмет тур, банкроттықбанктер тур ж.т.б.
зандар).
Сондықтан экономикалық реформаны құқықтық қамтамасыз ету туралы әңгімені
қозғағанда кәсіпкерлік қызмет туралы оның дұрыс құқытық реттелуі туралы
жағдайды бірінші кезекке қоямыз. Себебі республикада кәсіпкерлікті дамыту
ол ең алдымен дұрыс заңдарға байланысты, ал дұрыс реттелген қатынас
тұрақтылыққа әкеледі. Экономиканың тұрақтылығы еліміздің болашағының жарқын
болашағы болып табылады. Тәжірибедегі басты мәселелердің бірі көбіне зандар
бір – біріне қарама – қарсы келеді кебіреулері әрекет етпейді ал
кейбіреулері орындалмайды.
Заңның даму концепциясы сауда немесе кәсіпкерлік кодексін қабылдау
туралы мәселенің мақсатқа сәйкестігіне байланысты. Бұл кәсіпкерлер үшін
барлық заңдарды кодификациялау арқылы бір заңға жинау мүкіндігін туғызады.
Ал екінші жағынан тәжірибеде бұдан бірдеме шығару қиыншылық туғызуы мүмкін.
Себебі кодекс әр түрлі қатынастарды реттеуші нормаларды жинай алмайды
(әкімшіл, қарж, азам, еңбек). Кодекс тек қана бір саланы реттейді және оның
жалпы бөлімі болуы керек.
Ал кәсіпкерлік немес сауда кодексі азаматтық кодекстің жалпы бөлімін
қайталайды. Кәсепкерлік кызметке байланысты қатынастар ақша – тауар,
нарықтық қатынастардан туындайды яғни азаматтық кодекспен реттелетін
нормалар.
Сондықтан кәсіпкерлік туралы жеке заңдық актілер қабылдау мүмкін бірақ
бұл актілер азаматтық кодекске қосымша болыу керек.
Көптеген Батыс европа және латын америка елдерінде жалпы азаматтық құқық
пен бірге арнайы сауда құқығы бар. Азаматтық және сауда кодекстері әрекет
етеді. Ал кейбір елдер Швейцария, Италия, Нидерландия екі автономды
Кодексті қабылдаудан бас тартып тұтас азаматтық кодексті қабылдады [6; 7].
Кәсіпкерліктің даму бағыты. Кәсіпкерлік қызмет, тауар өндіру, қызмет
көрсету, өндірісті инвестииялау яғни ауылшаруашылықта, құрылыстық және т.б.
қатынастармен байланысты сонымен қатар нарықта делдал тауарды сатып алу
сатуменде байланысты.
Кәсіпкерлік қоғамның барлық аясымен тығыз қарым қатынаста сондықтан оның
болуы:
➢ Экономикаға негізделген
➢ өндірістік қатынас жүйесіне кіруі керек
➢ өндірістік еңбектің өсуін көрсету керек
➢ тиімді материалдық және қаржылық ресурстарды қолдану, ғылыми
техникалық прогресске қол жеткізуді қамтамсыз ету керек.
Кәсіпкерлікпен қоғамның ара қатынасы әлеуметтік аясындағы нәтижелермен
сипатталуы керек, яғни елеулі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.
Кәсіпкерліктің қоғамдағы саяси өмірімен қарым-қатынасы оның дамуының
маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметке қолдауды қамтамсыз ету қажет.
Бұлсыз кәсіпкердің қоғамда беделі орнатылмайды және қолайлы даму жағдайы
қалыптаспайды.
Халықаралық интеграцияның ұдайы өсуі қазіргі кәсіпкерлік қатынастардың
дамуының жаңа белестерін дамытып қоғамдық қатынастарға енгізуде. Отандық
кәсіпкерлердің бәсекеге төтеп бере алуы көптеген себептерге байланысты.
Соның бастысы халықаралық шаруышылықтың дамуын терең зерттеу және оларды
құқытық реттеу миханизімі мен нормаларының ерекшеліктерін жетік түсіну
негізгі орынды алады. Заңгерлердің дүние жүзілік шаруашылық мәселелеріне
терең тоқтатылуы көптеген экономикалық, құқықтық, саяси негіздерді
түсіндіре отырып оларды реттеу миханизімінің табиғатын түсіндіреді.
Дүниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен
байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осы
шаруашылықка дамыған және дамушы елдер енеді. Бұл процесс ХҮІ-шы ғасырдың
аяғы мен XX-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уақытқа
созылды.
ХVІ-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттык мемлекеттер арасындағы тауар
айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дұниежүзілік сыйпатқа ие болды.
Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды
қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де
жатады.
Статистиканың куәландыруына қарағанда, үлкен жетілік елдердің көп
экономикалык, мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы
алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12%-нан астамын құрайды.
Осы жетілік үлесіне дүниежұзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп
өндірісінің 50%-дан артығы, ауыл шаруашьшығы енімнің 25%-дан астамы келеді.
Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа түрғынымен салыстырғанда,
жетілікхе енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік
келеді екен [7; 37].
Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары ете жақын
болып, жаңа индустриалды елдер тобын кұрайтындар жатады. Оларға:
Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур
жатады. Бүл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы — әсіресе, американ,
жапония, батыс-еуропаның капиталдары — көмектесті. Соның арқасында
өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құрылыс жобалары жүзеге асты.
Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші
елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.
Өнеркәсіптік қатынастары аса дамымаған топкд 40-қа жуык елдер енеді.
Дүниежүзілік шарушылық аясында өтпелі кезеңнін экономикалык дағдарысынан
шыға бастаған елдер де талпыныс жасауда. Нарыктық катынастарға талпыныс
байқатқан Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік
шаруашылықгағы 100-ден астам елдер дамымаған еддер қатарын құрайды. Жоғары
дамыған елдердің иңдустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты)
қоғамға етуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.
Бірнеше ұлттык шаруашылықтын бірігіп аймактык экономикалык жүйе кұруын
халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз.
Осы интеграциялык құрылымға -- Еуропалық экономикалык қауымдастык (ЕЭҚ)
жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы құрылып, оған алғашкыда алты мемлекет енді:
Белыия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия. Ал, 1973-ші жылы
төрт мемлекет қосылцы: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылы
қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып — Еуропа он екілігі дұниеге
келді. Ұлттык, Еуропа парламенті кұрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция)
қаласында өткізеді. Кызмет саласына қауымдастықтың бюджет-каржы істерін
бакылау жатады. ЕЭҚ-тың ұкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесі жатады.
Министрлер Кеңесі шешімі серіктес-мемлекеттің заңцарымен пара-пар саналады.
Кеңесі жұмысыньщ аясына қауымдастык қызметінің негізгі сұрақтарьі толық
енеді. Әр мемлекеттін басшысы Кеңесі мәжілісіне жарты жыл төрағалық
жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавитгік ретпен ауыстырылады.
Еуропалық экономикалық кауымдастық территориясында енген елдерден кеден
салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз
ара еркін қозғалып отырады.
Жан басына шаққанда азық-түлік ендіруді Еуропалык экономикалық
қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті
қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес
болды.
Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалык
тобы (АСЕАН) құрыдды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия,
Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин. Латын Америка территориясында 1980-
ші жылы сондағы елдерден ен ірі экономикалык сауда тобы құрыдцы. Мақсаты -
аймактағы сауда мен экономикалык ынтымактастықты дамыту, баска елдермен
сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикандық жалпы
нарықты құру болып табылады. Бұл кауымдастыққа 11 ел кіреді: Аргентина,
Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили,
Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналаскап.

2. Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі

Бір қатар заңдарда шаруашылық субъектісі деген ұғым қолданылады,
бірақ оны кәсіпкер ұғымымен салыстыруға болады. 1994 жылдың аяғында
қабылданған Азаматтық кодекстің 19 бабына сәйкес “Азаматтардың кәсіпкерлік
қызметі – азаматтар, осы кодексте және өзге заң актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқығы бар екенін” жариялайды [1].
Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсіпкерлік
қызметіне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгеше нәрсе
туындамайтын болса, Азаматтық кодекстің коммерциялық ұйымдар болып
табылатын заңды түлғалардың қызметін реттейтін ережелері қолданылады.
Негізінен кәсіпкерліктің ұқсас түсінігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
қатысушы мемлекеттерінің заңдарында берілген. Он жақсы білу тиісті, өйткені
іс қатынастары ТМД-ның барлық экономикалық кеңістігінде дамиды. Көп
жағдайда кәсіпкерлікке және кәсіпорынға жеке заңдар арналған. Тәджікістан
және Беларус Республикалардың тәжірибиесі осындай. Кәсіпкерлік туралы соңғы
заң мынадай кәсіпкерлік қызметінің нысанына жол береді жеке кәсіпкерлік,
ұжымдық кәсіпкерлік сияқты, мүлік меншік иесімен немесе оларға тиісілі
уәкіл етілген орган арасындағы келісім негізінде кәсіпорын басшысымен
жүзеге асырылатын кәсіпорын.
Егер кәсіпкерлік қызмет кәсіпорынды құруі немесе тауып алу негізінде
жүзеге асса, онда ол да заңмен реттелінеді. Шетел азаматтардың кәсіпкерлік
қызметі шетел инвестициялар туралы заңдармен реттелінеді.
Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ азаматтардың әртүрлі шарт
қатынастарында қатысуды болжайды, олармен шарт міндеттемелерін қолдануы
және оларға түскен арыздар мен талаптарға байланысты заңдық әрекеттер
жасауы және т.б. Барлық заңдық әрекеттер азамат-кәсіпкер өз атынан өзінің
тәуекеліне жүзеге асырады. Егер кәсіпкерлік қызметтің қатысушы тұлға әрекет
қабілеттілігі шектеулі болған жағдайда осындай тұлғалар заңдық әрекеттерді
заңды өкілдерінің ата-анасы, асырап алушылары келісімімен іске асырады.
Азаматтың кәсіпкерлік қызметіне қатысудың қажетті шарты ретінде, жеке
кәсіпкер немесе шаруа қожалығының басытығы сипатында мемлекеттік тіркеу
болып табылады. Тіркелудің тәртібі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
туралы заңымен анықталады. Егер мемлекеттік тіркеусіз азамат кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырса, онымен жасалынған мәмілелерге сот кәсіпкерлерге
арналған ережелерді қолдануы мүмкін.
Сонымен қоса, фирманы бір адамның ісі немесе жеке меншігі деп атайды.
Иесі өндірістік қызметті қамтамассыз ету үшін материалдық қорлар және
күрделі жабдықтарға ие болады немесе оларды табады, сонымен қатар
кәсіпорынның қызметін жеке бақылайды.
Артықшылықтар:
1. Жеке иелікті жеңіл құру, өйткені дәл осылай фирманы тіркеуі
мен заңгерлік рәсімдер сияқты дайындаудың өте жеңіл және
әдеттегідей үлкен шығындарды талап етпейді.
2. Иесі өз өзіне қожа және әрекеттердің маңызды бостандығымен
қамтылған. Не және қалай өндіру шешімдерін қабыдау үшін
маңызды. Ешқандай жиналыстардың, серіктердің немесе
директорлардың шешімдерін қамту керек еместігі үшін жеңілдік
болып табылады.
3. Иесі клиентіне арнайы қызмет ұсына алады.
4. Нәтижелі жұмыстардың стимулы-ең жігерлілер. Иесі табыс
жағдайында барлығын алады жане сәтсіздік жағдайында барлығын
жоғалтады. Бірақ осы ұйымдық нысаның жетіспеушіліктері бар
болады және олар өте маңызды болып табылады [8; 103].
Жетіспеушіліктер:
1. Сирек жағдайда, жеке кәсіпкердің қаражаттық қорлары фирманы үлкен
кәсіпорынға өсіре алмайтындығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондай жеке
иеліктердің банкроттық пайызы салыстырмалы биік, сауда банкілер өте
қуана емес өлкен несиелерді пайдалануына береді.
2. Кәсіпорын қызметтің үстінде толық бақылау жүзеге асады, иесі барлық
негізгі шешімдерді орындауы тиісті, мысалы,сатып алу-сату,
қызметкерлерді тарту жєне қамтамасыз ету сияқты ,техникалық
аспектілерді назардан айырылып қалмауы керек, яѓни олар µндірістерде,
жарнамада жєе µнім таратуында байқалуы мүмкін.
3. Ең негізігі жетіспеушіліктің бірі, жеке иесі шектелмеген жауаптылық
субъектісі болып табылады [8; 126]. Ал бұл, дербес кәсіпкерлер тек
фирма активтарымен ғана тәуекел етпейді, сонымен қатар өзінің жеке
активтарын менде тәуекел етеді. Егер кәсіпорын күйреуге ұшыраса, ол
фирманың қарыздарымен арнайы және жеке жауап береді. Осы жағдайда
қарыздарды өтеу үшін иесі өзінің жеке мүлігін сата алады. Өйткені
кәсіпкер құқықтық қатынаста кәсіпорын активтарімен ғана емес, сонымен
қатар, барлық өзінің мүлкімен және істердің сәтсіздік нәтижесінде одан
айырылған жағдайда да жауап береді. Тәуекел өте биік болғандықтан,
жеке кәсіпкердің жаңашыл мүмкіншіліктерін тоқтатады.
Заңды тұлға конструкциясының құрылымдық талдауы оның даму жолын анықтау
үшін маңызды. Дегенмен, заңды тұлға мәселесін оның кұқық субъектілігінің
мазмұнын ашпай терең түсіну мүмкін емес. Жаңа құқықтар беруіне
кейбіреулерін алу жолымен жиі өзгерістерге ұшырағыш құқық субъектілік
ұйымдардың әр қилы жақтарын сипаттайды.
Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің
әр қилы салаларының субъектісі болғандықтан, оның құқық субъектілігіне көп
салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік,
еңбек, азаматтық және өзле де құқық субъектілігінің ұстаушысы болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық
субъектілігін білуге болады [9; 56].
Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі деп оның құқық субъектісінің барлық
белгілерінің, яғни құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттіліктің болуымен
сипатталады.
Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз - белгілі бір құқықтарға ие
болып, белгілі бір міндеттерді атқару қабілеттілігі.
Азаматтық құқық ғылымы универсалды және арнайы құқыққабілеттілікті айыра
алады. Универсалды құқыққабілеттілік деп құқық субъектісінің әрекеттің кез
келген түрін жүзеге асыру үшін кез келген азаматтық құқықтар мен
міндеттерді иелену мүмкіндігі. Мұндай құқыққабілеттілікті тек азаматтар
ғана илене алады. Ал арнайы құқыққабілеттілік деп заңды тұлғаның тек
құрылтай шарттарында белгіленген әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес
иеленетін құқықтар мен міндеттердің болуымен сипатталады. Қазіргі уақытқа
дейін Қазақстанда және көптеген ТМД елдерінің заңды тұлғаларында арнайы
құқыққабілеттілікті иеленген. Бұл заңды тұлғалардың тауарлардың өзгеріп
тұрған бағаларына елеу мүмкіндігін төмендетті. Нарықтық экономикаға көшу
барысында заңды тұлғаның мұндай қатаң құқыққабілеттіліктің
(регламентациясы) тәртібі жаңа шаруашылық механизміне сәйкес келмейді.
Сондықтан да ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаның кез келген заңға және
құрылтай құжаттарына қайшы келмейтін әрекетпен айналысуға құқығын бекітеді.
Сонда да заңды тұлғаның жалпы тәртібі негізінде арнайы құқыққабілеттіліктің
сақталуы заңды тұлғаның құқықтық табиғаты мен мәнінен туындайды. Заңды
тұлғаның пайда болуы жеке тұлғаға қарағанда оның құрылтайшыларының қандай
да бір мақсаттарымен сипатталады. Сонымен, кез келген коммерциялық емес
ұйымды құра отырып, құрылтайшылар әлеуметтік, мәдени, басқа да жалпыға
пайдалы мақсаттарды көздейді. Мұндай ұйымды жарғының барлық шектелерден
босату, әрекет ету бостандығын беру құрылтайшылардың мүддесін елемеуге
әкелуші еді. Мемлекет унитарлы кәсіпорынның мүмкіндігін бекіте отырып, оны
заңды тұлғаның жарғысында белгіленген белгілі бір мақсатта қолдануын
көздейді. Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі туралы айтқан кезде, оның арнайы
не универсалды құқыққабілеттілігіне қарамастан, Азаматтық кодекс бірқатар
шектеулер қояды. Бұл ең алдымен оның белгілі бір қызметпен айлалысуына
байланысты уәкілетті органмен берілетін лицензиясының болуымен сипатталады.
Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы
ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында
тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату
мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10-6.4-т.).
Лицензиялауға жататын қызметтердің тізбесі "Лицензиялау туралы" ҚР Заңында
белгіленген.
Заңды тұлғалардың құқықтары олардың арнайы құқыққабілеттіліктің
болуына қарамастан, заңда көрсетілген тәртіпте шектелуі мүмкін. Бұл
шектеулерді құзыретті органдар бекітеді. Мәселен, лицензия беру тәртібін
бұзғандығы үшін лицензия беретін органдар. Сонымен қатар персоналды
шектеулермен қатар, құқыққабілеттілікті шектейтін жалпы сипаттағы шектеулер
де бар. Әрекеттің белгілі бір түрімен барлық заңды тұлғаларға беріле
қоймайды және азаматтық айналымдағы өзге тұлғалар үшін тыйым салынған болып
табылады. Ондай әрекеттерге мемлекеттік монополияға таралатын әрекеттер
жатады. Кейбір әрекет түрлері заңда белгіленген тәртіпте ерекше болып
саналады. Мұндай әрекетті жүзеге асыратын заңды тұлғалар қандай да бір
басқа әрекеттің түрімен айналысуына тайым салынады, оларға инвестициялық,
сақтандыру және банкілік әрекеттері жатады.
Құқыққабілеттіктің көлемі тек арнайы және универсалды түрлерімен ғана
емес, сонымен бірге заңдармен де анықталады. Объективті түрде заңды тұлға
өзінің сипаты бойынша тек азаматтарға ғана тән құқықтарды иелене алмайды.
Мәселен, заңды тұлға жеке тұлға сияқты өз мүлкін мұраға қалдыра алмайды,
абыройын қорғай алмайды. Арнайы құқыққабілеттігі бар заңды тұлғаға қатысты
олардың жарғылық әрекетінің пәнін және белгілі бір әрекеті бойынша нақты
өкілеттігін ажырата білген жөн. Мәселен, діни ұйымның жарғылық әрекетінің
пәніне сауда әрекеттері кірмейді. Алайда олардың сауда-саттық мәмілелері
(мәдени жабдықтар), егер бұл олардың негізгі қызметін жүзеге асыруға қажет
болса, тыйым салынбайды. Сонымен, азаматтық айналымдағы арнайы
құқыққабілеттігі бар ұйымның өкілеттіктері оның жарғылық әрекетінің пәнінің
көлемінен кең болуы мүмкін.
Азаматтық айналымға қатысу үшін заңды тұлғаның тек құқыққабілеттігі
ғана емес, әрекет қабілеттілігі де болуға тиіс. Заңды тұлғада әрекет
қабілеттіліктің болуы оның өз әрекеттері арқылы азаматтық құқықтар мен
міндеттерге ие болуын, оны құрып, жүзеге асырып және атқаруға
мүмкіндіктерінің болуын көздейді. Азаматтармен салыстырғанда, заңды
тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі бір уақытта пайда
болады және жойылады. Осыған байланысты Азаматтық кодекс заңды тұлғаға
қатысты “әрекетқабілеттілік” түсінігін қарастырмайды.
Сонда да, заңды тұлғаның өзінің әрекеттері арқылы азаматтық құқықтары
мен міндеттерін қалыптастыру, жүзеге асыру және қолдануы заңды тұлғаның
әрекетқабілеттігінің бар екенін көрсетеді.
Дегенмен, заңды тұлғаның әрекеттері заңды тұлғаны құрайтын жеке
тұлғаларды әрекеттері деп түсінген жөн, себебі адамдар ғана саналы
әрекеттерді жүзеге асыра алады. Сондықтан заңды тұлға әрекет етуші
заңдарға, құрылтай құжаттарына өзге де актілерге сәйкес өзінің органдары
арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды (АК-ң 37
бабы.). Сонымен заңды тұлға органы – бұл құқықтың басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Еңбек құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқығы
Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының құқық жүйесі
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Республика Президентін сайлау
Еңбек құқығы қағидаттары
Пәндер