Баскетбол ойыны. Ойын техникасы



Жоспар.

І. Кіріспе.
Баскетбол ойынының пайда болуы.

ІІ. Негізгі бөлім.
Ойын техникасы.
1.Бір қолмен кеудеден беру.
2.Шабуыл тактикасы.
3.Қорғаныс тактикасы.

ІІІ. Қортынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Кіріспе.
Баскетбол ойынының пайда болуы.

ІІ. Негізгі бөлім.
Ойын техникасы.
1.Бір қолмен кеудеден беру.
2.Шабуыл тактикасы.
3.Қорғаныс тактикасы.

ІІІ. Қортынды.

Спорттық ойындар дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасына енген басқа да
дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен бірге оқушылардың адамгершілік –
ерік және қимыл сапаларын жақсартуға көп көмегін тигізеді. Спорттық
ойындарды үзіліссіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік және қимыл -
әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастырады. Спорттық
ойындардың түрлеріне волейбол, қол добы, регби, теннис, футбол, хоккей,
және баскетбол жатады.
Спорт түрлерінің ішінде бірден – бір көп тараған атлетикалық спорттық ойын
– баскетбол.
Баскетбол ойыны барысында спортшы күшті, жылдам, епті болуға, қиын жағдайда
тез шешім қабылдай алатындай алғырлыққа тәрбиеленеді. Баскетболшыларда
көзбен мөлшерлей білу және кең көлемде көздің көргіштігі жақсы жетіледі.
Пайда болғаннан уақытынан бері (1891, АҚШ) баскетболға көп өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді. Төрелік ету мен жарыс ережелері толықтырылып, ойын
тактикасы мен техникасы жетілдірілді. Баскетболды әрқайсысында 5 ойыншысы
бар екі команда ойнайды. Әр команданың мақсаты – қарсылыастың шығыршығына
доп салудан және екінші команданың оны өз шығыршықтарына кедергі келтіруден
тұрады. Ойын уақыты аяқталған кезде көп ұпай жинаған команда жеңімпаз
болып есептеледі. Ойын алаңының көлемі сызықтарды шектейтін ішкі қырдан
бастап өлшегенде , ұзындығы 28м, ені 15м болады. Алаңның беті тегіс, қатты
болуы тиіс және онда кедергі келтіретіндей еш нәрсе болмауы қажет.
Шығармашылық көлемі 180х12см-лік қалқан бағанадан 120см қашықтыққа
бекітіледі. Ені 5см-лік барлық сызықтар бір түсті бояумен боялуы керек.
Орындықта отырған команда мүшелерін қосып есептегендегі кез келген кедергі
ойын алаңынан 2см қашықтықта болуы тиіс. Ортадағы сызық бүйірдегі сызықтың
ортасынан жақтау сызыққа паралель жүргізіледі. Ол екі бүйірдегі сызықтан
15см шығып тұруы керек. Радиусы 1,80м ортадағы шеңбер сызық ойын алаңының
ортасында болады. Айып добын лақтыру сызығыәрбір жақтау сызығына паралель
сызылады. Оның ең шеті жақтау сызықтың ішкі қырынан 5080м қашықтықта, ал
оның ұзындығы 3,60м болу керек. Әр команданың бес ойыншысы ойын уақытында
алаңда болуы тиіс және олардың алмастырылуы мүмкін. Ойын әрқайсысы
10минуттық 4 кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезеңнің, үшінші және
төртінші кезеңнің арасындағы және әрбір қосымша кезеңнің алдындағы
үзілістің ұзақтығы 2 минутты құрайды. Ойынның бірінші және екінші
жартысының арасындағы үзіліс – 15 минут. 4-кезеңдегі ойын уақытының
аяқталуында есеп тепе-тең болса, онда есептің тепе-теңдігін жоюға қажетті
ұзақтығы 5 минуттан қосымша кезеңдерге дейін ойын жалғаса береді.
Қазіргі баскетбол – жылдамдық пен ептілікті көп қажет ететін ойын. Оған
дәлел – баскетболдағы күтпеген жағдайдағы ұмтылыс, күшті жылдамдықпен
жүгіріп келе жатып кілт тоқтау және ойын кезінде жақын қашықтыққа өте
жылдам жүгіру, жалт бұрылу.
Баскетболшы ойынның 40 минут уақытында көп мөлшердегі секірулер мен түрлі
лақтыру қимылдарын жасайды. Жүгіру мен секірулердің ерекшеліктері
лақтырулар алаңның көлеміне қатысты емес. Баскетбол ойыны кезінде ойыншылар
қысқа мерзімде түрлі қимылдар жасайды және қажет болған жағдайда бір
қалыптан екінші қалыпқа тез өтеді, бұлардың бәрі қарсы ойыншылардың
қимылдарына байланысты болып келеді. Түрлі қимыл – қозғалыс әсерінен денеге
түсетін күшке байланысты баскетболмен айналысу ішкі ағзалардың жетілуіне
әсер етеді (дем алу, қан айналым т.б.). Қозғалыстар бірте – бірте дәл және
нақты болады. Бұлшық ет күштері өседі, дененің дұрыс қалыпта өсіп жетілуіне
жағдай жасалады. Ойын барысындағы түрлі қимылдар тек қана спортшы өз
еркімен шешім қабылдап, ойын ыңғайына байланысты жедел іс - әрекет жасай
білгенде ғана жүзеге асады. Ол үшін ойын жағдайына дұрыс назар аудара білу,
қалыптасқан жағдайды тез аңғару және оны есте сақтай білу қажет.
Баскетболмен айналысу батылдықты, тапқырлықты тез шешім қабылдау
қабілеттерін жетілдіреді. Баскетбол техникасын үйренуде және оған
жаттығуда мектеп оқушылары баскетбол ойынының техникасы мен тактикасын
үйреніп қана қоймайды, сонымен бірге даярлығының деңгейін біршама
жоғарлатады.
Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелері.
Баскетбол – бәсекелестік ойыны, өйткені спорттық сайыс кезінде қарсыластар
бір – бірімен бәсекеге түседі. Даярлықтың жетіспеушілігі тәртіпсіздікпен
теп-тең деуге болады. Өйткені соның салдарынан жарақат алынады: саусақты
қайырып алу, буынды созып алу, т.б. Жарақаттың алдын алу үшін төмендегідей
бірқатар жағдайды есте сақтаған жөн:
- мұғалімнің рұқсатынсыз немесе мұғалімсіз, доппен залға кіруге
болмайды;
- баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды;
- допты қағып аларда бас бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды;
- ойыншылардың ойын кезінде бірін – бірі ұстауына, дөрекі қылық
жасауына жол берілмейді;
- жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын бірыңғай
талаптарды дәл орындау керек: сапқа тұру, сапты өзгерту, қарсы
қимылдар мен жеке бәсекелестік мөлшері, т.б.;
- алдын – ала қыздырыну жаттығуларынсыз доппен жылдамдық
жаттығуларына кірісуге болмайды, әсіресе жаттығулар арасындағы
көп уақыттық үзілістен кейін тіпті де болмайды;
- сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина ,сағат,сырға және
т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз
балалар шаштарын түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене
тәрбиесі сабағына тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу керек.
Дағдыны қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүру, секіру,тоқтау
және әр түрлі бұрылыстар жасау жаттығуларын орындау қажет болады.
Жаттығулардың бұл түрлері дұрыс бере білу және шығыршыққа тастау мақсатында
қолданылады. Жүгіруді жетілдіру үшін тез жүгіру, артқа қарай жүгіру,
бағытты тез өзгертіп жүгіру және жылдам жүгірулерді үйрену қажет
болғандығын есте сақтаған жөн. Осы мақсатта әрдайым мынадай жаттығулар
қолданылады:
- тура жүгіру барысында аяқтың ұшымен итерілуді қадағалау;
- орнында тұрып жүгіруден әр түрлі қашықтыққа жүгіруге ауысу;
- бір аяқтан екінші аяққа секіруге ауысу арқылы жүгіру, сосын
белгіленген жерге дейін жай жүгіру;
- сөреден 10-15м-ге қайталап жүгіру;
- жай жүгіруден жылдам жүгіруге ауысу;
- жарыса жугіру;
- әдеттегі жүгіруден артқа қарай жүгіруге ауысу;
- белгілі жерге дейін жүгіріс түрін және жылдамдықты өзгертіп
жүгіру.
Бүйірге қарай жүру, жүгіру тепе – теңдікті сақтай отырып, қозғалыс бағытын
тез арада өзгеру үшін қолданылады. Бүйірге қарай жүру, жүгіру әрқашанда
қорғаныс ойынында қолданылады, себебі бұл тәсіл шабуылдаушының бағытына
қарай қозғалуға және қарсы қимылдар жасағанда, доптан айырылып қалмау үшін
өте қолайлы. Ең біріншіден, ол жанына және артқа орын ауыстыру үшін көп
қолданылады.
Секірулер баскетбол ойынындағы барлық әдіс, тәсілдерді орындау үшін
қолданылады. Секірулер бір немесе екі аяқпен серпілу арқылы бір орында
немесе қозғалыста орындалады. Баскетболда кең көлемде тарған секірудің бір
түрі ол – қозғалыста бір аяқпен серпілу арқылы орындалады, әсіресе
секірудің бұл түрі допты беруде, лақтыруда көп пайдаланылады.
Секірулерді жетілдіру үшін қолданылатын жаттығулар:
- орнында тұрып жоғары секіру, жоғары-алға, жоғары-артқа. Жоғары
бүйірге 90˚ және 180˚ бұрыла секіру.
- Белгіленген межеге жету үшін қолданылатын биікке секірулерді
көбірек орындау;
- Тереңдікке секіру;
- Секіргішпен және гимнастикалық орындықтан асып түсу үшін бір
немесе екі аяқпен секіру;
- Жүгіріп келіп, бір аяқпен серпіле секіру.
Жүгірісті тез арада тоқтату арқылы ойыншы қарсыласының алдынан ешқандай
кедергісіз өтуге өзіне қолайлы тәсілді қолдана алады. Дұрыс әрі тез тоқтау
соңғы адымның алдыңғы адымнан кең қойылуна байланысты. Жерге тірелген аяқ
сәл бүгіліп, алға көтерілген аяқ иық кеңдігіндей қашықтықта бүйірге
қойылады. Ойын барысында тоқтау күтпеген жағдайда немесе ойыншының алдын –
ал таңдаған жерінде орындалады.
Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттығулар:
- жүгіру барысында күтпеген жағдайдағы тоқтатулар;
- тоқтағаннан кейін кенет алға ұмтылу және қайтадан тоқтаулар.
- Секіруден кейінгі немесе допты алып жүргендегі тоқтатулар.
Межелі жерге жетуді қысқарту, қарсыластың қарсы әдіс-қимылдарынан допты
жабу үшін бұрылу әдістері қолданылады. Ойыншының бұрылыстағы қозғалысы
циркульдің қозғалысына ұқсайды. Тірелетін аяқтың ұшы орнына қозғамайды,
екінші аяқ әр түрлі бағыттан адымдар жасайды. Бұл әдіс қиын емес, бірақ ол
үнемі дамытуды қажет етеді. Мұны мынадай жаттығулармен жетілдіруге болады:
- Баскетболшы алғашқы қалпында тұрып, өз еркімен алға және артқа
бұрылыстар жасау;
- Шеңберде бірінші екіншіге жақын барып, оның алдында тоқтап,
артқа бұрылуды орындайды, екінші орнында тұрады, бірінші әрі
қарай жаттығуды жалғастырады;
- Екі қатармен арнайы белгіленген жерге дейін жүгіріп барып
тоқтау, артқа бұрылу, алға қарай бұрылу, жүгірісті әрі қарй
жалғастыру;
- Жұппен орындау (біреуі доппен, екіншісі қорғаныста): добы бар
ойыншы бұрылуды орындау арқылы допты қорғаушыға бермеу үшін –
жабады, қорғаушының міндеті – допты тартып алу;
- Шығыршықтан кері қайтқан допты артқа бұрылу барысында ұстау және
арнайы белгіленген жерге дейін допты алып жүру және беру.
Ойын техникасы.
Шабуылды жүзеге асыру үшін допқа ие болу қажет. Осындай мақсатта мына
әдістер қолданылады: допты ұстау, алып жүру және шығыршыққа доп тастау. Осы
қимыл - әрекеттер ұжымдық ойын жағдайында дәлдік және қимылдар үйлесімі,
ептілік, жылдамдық сияқты сапаларды жетілдіреді, сондай – ақ көру мүшесінің
қызметін жақсартады, сергектікке баулиды.
Ойында жақсы жетістіктерге жету үшін кейбір аса маңызды қимыл дағдыларын
меңгеру қажет.
1. алға бір қадам жасап немесе қарсы ұмтылып барып допты екі қолмен қағып
алу;
2. бір орында тұрып, алға бір қадам аттап, допты екі қолмен кеуде тұстан
беру және тез орын ауыстыру;
3. бір орында торға қарсы қарап тұрып немесе тордың сол не оң қапталынан
допты екі қолмен кеуде тұстан троға лақтыру;
4. секіртпемен секіру;
5. әр түрлі бастапқы қалыптан 8-10 метрге екпіндей жүгіру;
6. теріс қарап жүгіру, жылдамдықты кенеттен арттыру, жүгіріп келе жатып
тоқтай қалу;
7. 5-6 қадамнан жүгіріп келіп, жоғары қарай секіру.
Допты ұстау.
Допты бір және екі қолмен ұстауға болады. Допты нақты ұстау үшін қолды
алға созу керек. Ұшып келе жатқан доптың түйіскен кезінде, қол сәл
бүгіледі, доп денеге жетпей тоқтатылады. Бір қолмен допты ұстау
барысында, қолдың саусақтары ашылып, алға созылады.Ойын барысында әр
түрлі биіктікте ұшып келе жатқан допты ұстау ұстаушының дене қалпына
байланысты.Бұл жағдайда қозғалыстың алғашқы бөлігі ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Допты билеу техникасы
Баскетбол ойынының негізгі элементтері
Баскетбол ойыны
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол ойынының тарихы
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Баскетбол сабақтары туралы ғылыми-педагогикалық және техникалық көзқарас
Баскетбол, баскетбол тарихы
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Пәндер