Еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың есебі мен талдауы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1. ЕҢБЕК АҚЫ . БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ ... ... ... ...8
1.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Кәсіпорынның техникалық.экономикалық сипаттамасы ... ... ..11
1.3.Кәсіпорынның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ ... 18
2.1. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі ... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі...43
2.4 Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі ... ... ..58

3. ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ..70
3.1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің мақсаттары мен ақпараттық көздері ... ... ..70
3.2 Еңбек ақының дұрыс есептелуі және олардан ұсталатын ұсталымдар мен аударымдардың аудиті ... ... ..79
3.3 Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау ... ...86

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ТЫНЫШПАЕВ атындағы
ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ

СДО ФАКУЛЬТЕТІ

Есеп және аудит кафедрасы

070740 Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы

Қорғауға жіберілді
Есеп және аудит
кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.д, профессор
___________Т.Б. Баяхметов
______________2007ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың есебі мен талдауы
(ҚККА бойынша 2007ж._14.02_ айының № 589 бұйрығымен екітілген)

Диплом жұмысын орындаушы: Абельдинов К.Б.

Ғылыми жетекші:
Алиев М.К.

э.ғ.к.,доцент

Норма-бақылаушы:
Ашимова А.А.

АЛМАТЫ-2007

АННОТАЦИЯ

На тему Учет и анализ расчетов по оплате труда

Дипломная работа выполнена на материалах ТОО Фирма Сталь С..
Дипломная работа состоит из введение трех глав , заключения и спика
использованной литературы. В первой главе студент рассмотрел особенности
автоперевозок в РК , а также технико-экономическую характеристику
предприятия и состояние бухгалтерского учета на предприятии. Во второй
главе рассмотрены вопросы по организации учет расчетов по заработной плате
и их особенности на ТОО.
В третьей главе раскрыты методические приемы анализа труда и трудовых
ресурсов, а также предложены пути по совершенствованию бухгалтерского учета
труда и заработной платы.

Дипломник;
Абельдинов К.Б.

Научный руководитель:
Алиев М.К.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Еңбек ақы – бухгалтерлік есептің маңызды
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы ... ... ..11
1.3.Кәсіпорынның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының
есебі ... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 43
2.4 Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..70
3.1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің
мақсаттары мен ақпараттық
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70

3.2 Еңбек ақының дұрыс есептелуі және олардан ұсталатын ұсталымдар мен
аударымдардың аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...79
3.3 Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..86

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 93

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...96

КІРІСПЕ

Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің
қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше
көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе,
елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының
енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің
қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы
кезеңінде маңызды болып саналады.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық
саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем
жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын
демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға
көшіруде. Сондай-ақ 2005 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Заңы күшіне енді. Осы
негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты
талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде
түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік
қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей
байланысты. Сонымен қатар еңбек ақы және еңбек ақы қатынастарын реттеудің
бұрын қолданылып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды.
Сондықтан да бұл саланы түбегейлі реформалау яғни еңбек қатынастарын
реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылды.
Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы
еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп
көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз.
Республикамыздағы еңбек қатынастары 2000 жылға дейін 1972 жылы қабылданған
Кеңестік Еңбек туралы Заң кодексімен келді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан
бастап Қазақстан Республикасының Еңбек туралы жаңа заңы күшіне енді. Бұл
заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына
конституциялық куәлігін іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттейді.
Диплом жұмысының тақырыбы Еңбек ақы есебі мен талдауы және зерттеу
объектісі ретінде Фирма СТАЛЬ С. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
алынды.
Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге
әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыс тақырыбының
актуальдылығы артуда.
Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы
төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру
жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу
болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбек ақы болып саналады, яғни
барлық ұйымдарда міндетті түрде еңбек ақы есептелінеді.
Менің дипломдық жұмысқа Еңбек ақы есебі мен талдауы тақырыбын
таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбек ақы мәселесі әлеуметтік-
экономикалық, сонымен қатар жеке адамдардың да күрделі мәселелердің бірі.
Жалпы еңбек ақы мөлшері жұмыскерлердің тек физиологиялық
қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге оның кәсіптік
білім алуына жан-ұясын асырауына адамның басқа да көптеген әлеуметтік
мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет. Ал еңбек ақының ең төменгі
деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін қамтамасыз етуі, яғни
жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей болуы керек.
Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты Фирма СТАЛЬ С.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (келесіде-ЖШС) материалдары
негізінде ондағы жұмыскерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысу
есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын сондай-ақ аудиторлық
тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Еңбек қатынастары келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйеніп: Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқада
міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық
Кодексі), Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасы еңбек туралы”
Заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымдар Шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту туралы ҚР 1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 Заңына
және “Акционерлік қоғамдар мен еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін
тиімді басқару мен ұйымдастыру шаралары туралы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28
ақпандағы № 290 қаулысы (өзгерістер мен толықтырулармен) негізіне сәйкес
және ұйым өз жарғысын басшылыққа алады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады.
“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына
сәйкес Кәсіпорынның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу
жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Еңбекақы
төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің санына және
сапасына сәйкес дұрыс ұйымдастыру үшін қолданылатын еңбек сипаттарын дұрыс
анықтай білген жөн. Өндіріс процессінде атқаруға тиісті жұмыстардың өзі
күрделілігі жағынан әр қилы. Сондықтан оларды атқаруға тиісті еңбектерді
жай жұмыс және күрделі жұмыс деп бөлінеді. Сондықтан еңбекақы төлеудің
жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының ерекшеліктерін толық
ескеру негізінде қолданған жөн.
Берілген жұмыстың объектісі болып ұйымдарда қызмет жасайтын
қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақысы, ал субъектісі ретінде жұмыс
күшін жалдайтын шаруашылық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан да
қазіргі таңда бұл тақырыптың актуальдылығы артып отыр.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс еңбек ақы бойынша қызметкерлермен
есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер
негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.

1. Еңбек ақы – бухгалтерлік есептің маңызды бөлігі
1.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесі нақтылы
экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және оны ұтымды пайдалануда
экономикалық әдістің тиімді екендігін дәлелдеп отыр. Халық шаруашылығының
барлық салаларын алып қарастырсақ та еңбекақы негізгі өзекті мәселелерінің
бірі болып табылады. Кез келген еңбектің тиімділігі белгілі бір операцияны
орындау мерзіміне, жұмыс сапасына тағы басқа факторларға байланысты ауытқып
отырады. Қоғам мүшелері арасында материалдық игіліктерді бөлу, оның еңбекке
қарай бөлудің объективтік экономикалық заңы негізінде жүргізіледі.
Қызметкерлердің еңбекақысы алынған нақты өніммен тығыз байланысты
болуын қамтамасыз ететін еңбек ақы төлеу жүйесі бұл заңға неғұрлым сай
келеді. Еңбек адам мен табиғат арасында мақсаткерлікпен жасалатын тоқтаусыз
процесс. Сонымен қатар әрбір тіршілік иесінің табиғат берген күш жігері,
табиғатты өзгерту арқылы қоғамның және жеке тұлғалардың қажетін өтеуге
жұмсалатын процесс. Әрбір тарихи кезеңнің еңбек процесінің қоғамдық дамуы
мен өз әдіс-тәсілдері қалыптасуына материалдық негіз қаланған.
Жалпы еңбек ақының мәні мен ерекшеліктерін ашып көрсететін болсақ бұған
байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: біріншіден, еңбек ақы
еңбектің бағасы яғни еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді,
оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен
анықталады; екіншіден, еңбек ақы жұмыс күші яғни тауардың құнының ақшалай
көрінісі бірақ еңбектің бағасы емес өйткені еңбек тауар бола алмайды,
еңбек ақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар
сұраныс, ұсыныспенде анықталады. Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да
ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның
теорияларында негізделген. Осы терияға байланысты еңбек ақының
ерекшеліктерін былай көрсетеміз: еңбек табиғи бағасы бар немесе “табиғи
жалақы” деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни
жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. Яғни
еңбек ақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осыған байланысты А.
Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық ерекшелігі болатынын түсіндіреді. Қазіргі
батыстық экономика ғылымында еңбек ақыны еңбектің бағасы деген көзқарас кең
орын алуда. Өйткені экономикалық теорияда еңбек ақының анықтамасы мен
мәніне әртүрлі тұжырымдамалар беріледі. Еңбек ақы дегеніміз – бұл нарықтық
бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбектің бағасы.
Жалпы еңбек және оған еңбекақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе.
Өйткені еңбекақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры. Мысалға, Интерфакс, ТМД
мемлекетаралық статистикалық комитетінің деректеріне қарасақ ТМД
елдеріндегі орташа айлық жалақы мөлшері төмендегідей: (2005-2006ж.ж.). 1-
ші сүретте ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсетілген.
Сүрет 1. ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы. (АҚШ долларымен)
ТМД елдерінің салыстырмалы диаграммасы
Қазақстандағы орташа айлық жалақы графиктегі 9 елдің ең жоғарғысы.
Әрине, бұл цифрлар еліміздің күн көріс жағдайы біршама жоғары екендігін
көрсетеді. Мұнда ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсеткіштері АҚШ
долларына шағып алынған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметі қолданыстағы заңнамаға
сәйкес бюджеттен қаржыландыратын мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2006
жылы шілдеде 30% өсіруді қабылдады. Тұтыну бағасының өсу темпі еңбекақы
темпінің өсуіне байланысты өсіп отыр. Нәтижесінде нақты еңбекақының базалық
индексі, сатып алу қабілеттілігі нақты оның деңгейімен сипатталатын
деңгейден төмен. Мысалға егер 2006 жылы Республикада өнеркәсіптегі
жұмысшылардың нақты орташа жалақысы 120% өссе, онда осы мерзімдегі нақты
еңбекақы индексі 102,2%-ке ғана көтерілді. Өнеркәсіптің машина жасау,
электроэнергетика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл, орман немесе
тамақтандыру өнеркәсіп салаларында ол бірліктен төмен болып отыр. Осы
кезеңде тауарларға және қызмет көрсетілуде тұтыну бағасының индексі 117,4%-
ке дейін өскен. Мысалы тұтынушылар үшін ақылы қызмет көрсету өрісінде баға
және тарифтер 38,8%-ке ғана өсіп отыр, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі
жасқа күтіп қарау мекемелерінің төлемі 42%, байланыс қызметтері 46%,
көліктік тұтынушыларды, денсаулық сақтауда және мәдениетте 18%. Нәтижесінде
үй коммуналдық реформа жүргізуде электр энергиясын қолдану төлемі 60,5%,
суық су 48,9%, ыстық су 42,1%, көгілдір отын 28,4%-ті қамтиды және т.б.
Ендігі үш бөлігі пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны
26,5%-ке жетіп отыр. Бұның бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір
адамның айлық ақшалай табысы, еңбек табысының құрамында 70% яғни 2848
теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық күн көріс мөлшері,
тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен есептеп алынған – 3505 теңгені құрайды
(46,4$). Еңбекақының ең төменгі нақты мөлшері 2005 жылға 7000 теңге,
зейнетақы – 6200 тенгені құрап, өндірістегі жұмысшылардың орташа айлық
нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың бір адамға шаққандағы
күнкөрістің төменгі мөлшерінен 39,9% төмен. (Баспасөз материалдарынан
алынды). Кез-келген мемлекеттің ішінде әрқилы мамандықтағы қызметкерлердің
жалақысы әртүрлі болып, экономика жағдайына байланысты өзгеріске ұшырап
отырады. Өйткені еңбек ақының динамикасы күрделі, ол тұтыну тауарлары мен
қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен
өзгерісте болады. Еңбек ақы табыстың көзі әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші
болғандықтан, оның мөлшері мен динамикасы адамдардың ең бір мүдделі
мәселесі болып табылады.
Еңбек ақы өндіріс жағдайымен нарықтық конъюнктураға тәуелді. Еңбек ақы
дәрежесіндегі ерекшеліктер алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады.
Экономикасы дамыған елдердегі жоғары еңбек ақы өндіріс пен еңбек өнімділігі
саласындағы жетістіктерге байланысты. Еңбек ақының мөлшері мен динамикасына
ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс
күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыру жатады.

1.2. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы

Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер
қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты
анықтап беруге көмектеседі.
Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі
күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында
бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын
іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар
қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және
бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп
қажет.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын
жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып,
экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам
құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде
әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының
бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі
өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда
болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Жалпы Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі
көрсеткіштерді пайдаланамыз. Фирма СТАЛЬ С. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің (ЖШС) 2006-2004 жылдардағы негізгі көрсеткіштері төмендегі
№ 1 кестеде көрсетілген.
1-ші кесте
Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-ның
қаржы- шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
2004-2006ж.ж.
(мың.тг.)


А
1. Кесімді еңбек ақы 2. Мерзімді еңбек ақы
Еңбек ақының жүйелері
ҮдемеліЖай Кесімді Жай Сыйлықтық Жанама Аккордтық
кесімдікесімді сыйлықты мерзімдімерзімді кесімді жүйесі
жүйесі

Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы
қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша
жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың,
техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған
тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің,
өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі
өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі
өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы
нәтижелерінің жақсартылуы және т.б. Сыйлықтардың мөлшері істеген
жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері
мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада
ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың
әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек
тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың
мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша
беріледі.
Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып
табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің
өзіндік құнын төмендеуіне және халықтық өмір сүру деңгейінің жоғарылауына
септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы
нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс
және ең көп мөлшерімен шектелмейді.
Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де еңбек ақының мерзімді жүйесі қолданылады,
себебі оларға бұл жүйеде еңбек ақы есептеуде ыңғайлы болып табылады.
Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша
болып бөлінеді.
Негізгі төлем – қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген
жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген
өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы жатады.
Қосымша төлем – Еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында
жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар
төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т.б. орындалғаны үшін
берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімінен тыс уақыттарда істегені үшін
төленетін төлемдер, және т.б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы
және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдар еңбек төлемінің негізінен -
тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары
бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің
бірыңғай тарифтік кестені құруға, тарифтік төлем мөлшерін және қызмет
орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң
жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады. Ол
қазіргі кезде 7000 теңгені құрайды. Еңбек ақы төлемі ақшалай немесе заттай
есептеліп төленуге мүмкін.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сфераларындағы қызметкерлердің қызмет
иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды
деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы
еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін
өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді. 3 кестеде тариф сеткасы берілген.

3 кесте
Тариф сеткасы
Тариф Тарифтік Тариф сеткасыныңТарифтік коэффициент
сеткасының коэффициент (1 бірыңғай разряды(1 разрядқа қатынасы)
бірыңғай разрядқа қатынасы)
разряды
1 1,0 12 2,20
2 1,07 13 2,37
3 1,15 14 2,55
4 1,24 15 2,74
5 1,33 16 2,95
6 1,43 17 3,17
7 1,54 18 3,41
8 1,66 19 3,67
9 1,78 20 3,94
10 1,91 21 4,24
11 2,05

Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін
жіктеледі, ал маман-қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін
бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік –
мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандандырылған
анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Ақшалай еңбек ақы – еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес
есептелген сомалар.
Заттай еңбек ақы - төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін
немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе
қоғамдық жолаушылар тасымалы үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін
өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтің баға айырмашылығының орнын
толтыру және т.б.
Еңбек ақының құрамына қызметкерлердің дивиденттер мен проценттер
түріндегі табыстары енгізілмейді. ҚР-сының 2000 жылдың 1 қаңтарында
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы (өзгерістер мен
толықтырулармен) азаматтардың ҚР-дағы еңбек бостандығына Конституциялық
құқығын іске асыру процесіндегі туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.
Сондай-ақ ҚР-сының Еңбек туралы заңдары конституцияға негізделеді және
осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын
реттейтін нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де
нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда, заңда және
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе
осы Заңның күші ҚР-сының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Және де
әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.
Егер де шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің еңбек
қатынастарын ҚР-сының аумағында жүзеге асырса және заңда, конституцияда, ҚР
бекіткен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе еңбек қатынасына
қатысушыларға мемлекеттің араласуын шектеп көптеген бостандықтар беріледі.
Ондағы тағы бір басты орын алатын мәселе бұл жұмыс беруші мен
қызметкерлер арасында туындайтын еңбек қатынастарын еңбек шартпен
реттелетіндігі. Яғни, еңбек қатынастары жеке еңбек шартын жасау арқылы
жүзеге асырылады. Сондықтан да Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де қызметкерді жұмысқа
алар алдында ең алдымен еңбек шартымен таныстырған соң олар өз қолдарын қою
тиіс. Жеке еңбек шарты бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара
отырып белгілі бір біліктілік және лауазым бойынша жұмысты орындауға
міндеттенеді. Ал Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де жұмыс беруші қызметкерлерге
жалақысын және заңдар мен тараптармен келісімінде көзделген өзге де ақшалай
төлемдерін уақытында және толық көлемде төлеуге еңбек туралы заңдар мен
ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Сонымен қатар жеке шартты міндетті түрде жазбаша 2 данада болуы тиіс. Бұл
жеке шарттың 1-ші данасы бухгалтерияда, ал 2-ші данасын қызметкердің өзіне
беріледі. Ауызша жасалған шарттар жарамсыз деп табылады. Ал шарт мерзіміне
келетін болсақ ол 3 түрге бөлінеді:
а) Белгісіз мерзімге яғни мерзімі көрсетілмейді
ә) Белгілі бір мерзімге яғни мерзімі көрсетіледі.
б) Белгілі бір жұмысты орындау уақытында немес жұмыста уақытша болмаған
қызметкерді ауыстыру уақытында жасалады.
Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа
толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал жұмысқа қабылдаудың ең төменгі
шегі ата-анасының біреуінің келісімімен 14 жастан басталады. Сондай-ақ
табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылда емес
айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын
қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді
жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін
тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің
материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс
берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен
тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке
шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы
заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң
актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара
тәуелді элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен
және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті
сапасына қарай бағалауға, нормалау - жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға
және тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек
ақыны ұйымдастырудың негізгісі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар
жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді
түрде құрылады.
Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:
- Бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын
тарифтік ставка;
- Әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арасында еңбек ақының
қатынасын көрсететін тарифтік сетка;
- Тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға
болатын тарифтік біліктілік анықталады.
Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы
бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың ставкасы бұл көлемнен,
олардың еңбек біліктілігінің деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған
тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік
операцияға әрбір жұмысқа тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставканы орындау
уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.
ҚР-сының “Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет туралы” Заңына сәйкес
кәсіпорындар еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін тарифтік ставкалары мен
окладтары жүйесін құрудың негізі болып ҚР Үкіметі белгілеген Ең төменгі
еңбек ақымен есептеледі. Анығырақ айтқанда заң негізінде белгіленген
орташа айлық жұмыс уақытының ұзақтығы мен ең төменгі еңбек ақыдан барып 1
разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі мөлшері 7000 теңге және
орташа айдағы жалақы уақыты 169,4 сағаттың тарифтік ставканың ең төменгі
мөлшері (7000:169)* 21тг. тең келеді.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақының кесімді және мерзімді еңбек ақы
деп аталатын еңбек ақының түрлері бойынша есептелетін жұмысшы
қызметкерлерге қарастырған тарифтік еңбек ақы мөлшері 1 сағатқа
белгіленеді. Ол уақыт мөлшеріне немесе өндірілетін өнім көлеміне және
орындалатын жұмыс көлеміне қарай бағасын анықтауға пайдаланады.
Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа
белгіленген еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе
орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.

2.2 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі

Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның
сапасын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға еңбек ақының дұрыс
ұйымдастырылуы біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады,
олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады.
Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі
жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрымдылық бөлімшелеріндегі
қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері
категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс
стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы
деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың
жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты,
уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей
қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге
немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ
(ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес
қызмет орны сақталатын жұмыста жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа
қабылданғандар, уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде
қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай
кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын
қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй
коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын, кәсіпорынға қатысты мәдени
тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер, көлік саудадағы
тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.
Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес
қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі
қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері
бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты
маусымдық және уақытша қызметкерлерді енгізеді. Кәсіпорындағы атқарған
функциялары бойынша жұмыс істеп жүргендерді жұмысшылар және қызметкерлер
деп 2 топқа бөледі.
Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар
және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс
процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен, жұмыс істеумен және қызмет
көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі
цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін
қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.
Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де әрбір қызметке алынған адамға табельдік номер
беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі,
оклады, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен
қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі.
Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың
күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын
жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан
шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.
Есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлердің орташа саны
сол айдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі
санын қосып (1-31 күн аралығындағы) мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс
күндерін қоса алғандағы қосынды санды календарлық күн санына бөлу арқылы
алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің
тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күнінің мәліметіне сәйкес алынады.

Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы
әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы
құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану
керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.
Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі Жұмыс
уақытын есептеу табелі бойынша есептейді. Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де
қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік
номерінің санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу бухгалтериясының
бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері
мамандық қызметі көрсетіледі.
Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша
қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б
жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырады. Жұмысшы
қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы
табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша
жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар
табельде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер
үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз
жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты (4-ші кесте)
4-ші кесте
Жұмыс уақытының пайдаланған күндерін толтыру тәртібі
№ Шартты белгілер Белгілер
әріппен санмен
1 Жұмыс уақыты (күні) я 01
2 Түнгі жұмыс уақыты н 02
3 Кешкі жұмыс уақыты вч 03
4 Мерзімінен тыс жұмыс уақыты с 05
Кесімді ақы алушы
Мерзімді ақы алушы
5 Кесімді ақы алушының толық мерзімді Сп 06
жұмыс уақыты
6 Қызметтік іс-сапар К 07
7 Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы О 10
8 Уақытша еңбекке жарамсыздық б 14
9 Және сол сияқты Б 17

Жалпы табельді кәсіпорында еңбек өнімділігін анықтап жұмыс уақытын
пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында кеңінен қолданады. Фирма СТАЛЬ С.
ЖШС-ың қызметкерлеріне істеген уақытына тұрақты жалақы төленіледі. Мұндай
жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс күндері толық
есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс
күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы
жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны
сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген
уақытша мерзім бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс
күнінің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу
бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді
есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда (жалақыны) өндіру нормаларын
жұмыскерді әтүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да
басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алынуы қажет.
Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес
төленетін сый ақы немесе табыс.
Орташа жалақы дегеніміз – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған
нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-
ның Еңбек туралы Заңы бойынша орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі
ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді
орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді
орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан
амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін,
пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін,
жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді.
Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі
жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа
жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін
тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы
белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп
тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12
ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге
(календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа
қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай
үзіліссіз жұмыс істегеннен кейін демалыс алуға құқылы, демалыстың ұзақтығы
жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялары бойынша ұжымдық шартқа және
эаң күші бар ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық
айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша
ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлікті ескере отырып төлейді.
Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай
нысандағы төлем), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген
(зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды
есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:
- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ
еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация
есептеу үшін;
- үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;
- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын
есептеу үшін;
- қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;
- басқада әлеуметтік төлемдер жасау үшін.
Орташа жалақы – бұл белгілі –бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің
жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға).
Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі
төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы депте атайды.
Орташа жалақы белгілі-бір құбылыстармен байланысты жағдайларды
есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға
компенсация есептеу үшін, әртүрлі жәрдемақылар есептеу үшін және уақытша
жұмысқа жарамсыздығы үшін т.б. Барлық жағдайда есептік кезеңнен ҚР-ң
заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды.
(Заңмен белгіленген мереке күндері: 1-2 қаңтар, 8,22-наурыз, 1,9-мамыр, 30-
тамыз, 25-қазан және 16-17 желтоқсан).
Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс
күні болып саналады. Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа
күндік, немесе орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу
барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты,
үстемені, қосымшаны және басқада марапаттау төлем түрлерін ескереді. Орташа
жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін. Демек
орташа жалақына есептеудің екі жолы бар, ол біріншісінде өткен кезеңдегі он
екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты
істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.

Мысал. Еңбек ақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде жалақыны
есептеудің жолдарын қарастырайық:
1) Мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі. Ұйымда 200 адам жұмыс істейді делік,
оның 150 жұмысшы, 50 маман-қызметкер. Кәсіпорынның 40 еңбеккері кесімді
белгіленген айлықпен жұмыс істеген, өйткені олардың атқаратын міндеттемесі
мен біліктілігі соған сәйкес келген.
10 адам – 9 разрядпен;
15 адам – 11 разрядпен;
5 адам – 14 разрядпен;
5 адам – 16 разрядпен;
3 адам – 19 разрядпен;
2 адам – 21 разрядпен.
Айлық жалақысын есептеу үшін әртүрлі разрядтар бойынша мына формула
пайдаланылады:

Кәсіпорынның 1-разрядқа тарифтік
коэффициенттің
Айлық жалақысы = белгіленген мөлшерлемесі х 1разрядқа қатынасы (БТС
разрядтарына
сәйкес)

1-разрядтың мөлшерлемесін ұжымдық келісім-шартта 15000 тг. мөлшерінде
бекіткен. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның бес күнін жұмыс күні
етіп белгілеген (ағымдағы айда 21 жұмыс күні болған). Кәсіпорынның 14-
разряды бар үш маманы ағымдағы айда 18 күн жұмыс істеген.
Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын есептеп көрейік:
9-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х1,78х10=267000тг.
11-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х2,05х15=461250тг.
14-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х2,55х2=76500тг.
14-разряды бар 3 маман, ағымдағы айда толық жұмыс істемеген, сондықтан
оларға нақты істегені күні үшін еңбек ақы есептелген =
(15000х2,55)21х18х3=98357тг.
16-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х2,95х5=221250тг.
19-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х3,67х3=165150тг.
21-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х4,24х2=127200тг.
Мерзімді еңбек ақы нысаны кезінде, қызметкерлерге есептелген жалақының
жиыны: 1416707тг. болады.
2) Кесімді-прогрессивті төлем ақысының жүйесі. Сату бөлімінің 10
жұмыскеріне келесі еңбек ақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 тг. және
одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 тг. төленетін бес жұмыскері 230
тауар бірлігін, үш жұмыскері – 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері – 160
тауар бірлігін сатқан. Енді біз ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан
жұмыскерлердің еңбек ақысын есептейміз:
а) 230 тауар бірлігін сатқан жұмыскердің еңбек ақысы =(1000+(230-
100)х200)х5=135000тг.
б) 190 тауар бірлігін сатқан жұмыскердің еңбек ақысы =(100+(190-
100)х200)х3=57000тг.
в) 160 тауар бірлігін сатқан жұмыскердің еңбек ақысы =(1000+(160-
100)х200)х2=26000тг.
Тауар сатумен айналысқан жұмыскерлердің еңбек ақысының жиыны = 218000тг.
3) Тікелей кесімді төлем ақысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында жұмыс
істейтін жұмыскерлерге (100адам) тікелей кесімді төлем ақысы бойынша әрбір
әзірленген 100 өнім бірлігіне 850 тг. еңбек ақы есептелген. Дайындалған
өнім бірлігінің есебі әрбір жұмыскер бойынша жеке жүргізілген және солардың
әрқайсысына жеке ақы есептелген. Ағымдағы айда жұмыскер 300000дана өнім
бірлігін әзірлеп, олардың жалпы жалақысы: 300000100х850=2550000тг.
құраған. Сонымен, негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін жұмыскерлердің
еңбек ақысының жиынтығы: 2550000тг. құрайды.
4) Аккордты төлем жүйесі. Жөндеу цехында (көмекші өндіріс цехында) жұмыс
істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбек ақы төленген. Негізгі
өндіріс цехының жалпы жалақысы 300000тг. құраған, жөндеуді
орындауға жұмсалған уақыты 140адамсағат болған, оның ішінде: 40 адам
сағаты – екі ағаш ұстасына; 30адамсағаты – бес дәнекерлеушіге,
10адамсағаты – үш энергетикке; 50 адамсағаты – жиырма бес сылақшыға; 10
адамсағаты – бес слесарьға кеткен.
Топтағы жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын жұмсаған деп шартты
түрде аламыз.
Атқарған жұмысы үшін жұмыскерлердің еңбек ақысы:
Ағаш ұстасы = 300000140х40 = 85714тг.(1жұмысшының жалақысы –
42857тг.(857142));
Дәнекерлеуші = 300000140х30 = 64286тг;
Электрик = 300000140х10 = 21429тг;
Сылақшы = 300000140х50 = 107142тг;
Слесарь = 300000140х10 = 21429тг;
Жөндеу цехының жұмыскерлерінің еңбек ақысының жиыны = 300000тг.
Ұйымда жұмысшы-жөндеушіге негізгі өндіріске қызмет көрсеткені үшін негізгі
өндіріс жұмыскерлерінің еңбек ақысынан (2550000) 12% мөлшерінде еңбек ақы
есептелінетін болып белгіленген, яғни жанама-кесімді еңбек ақы төлеу
нысанын пайдаланған.
Демек, жұмысшы-жөндеушінің еңбек ақысы 306000(2550000х12%) құраған.
5) Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын төлемі.
Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда
оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуі тиіс.
Егер ұйым әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіндігі
болмаса, бұл күн үшін екі есе мөлшерінде яғни мерзімдік жұмысшыларға және
айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтік төлем мөлшерлемесінің (айлық
ақысының) екі есе еселенген төлемақысы беріледі.
Келесі мысалымыз Фирма СТАЛЬ С. ЖШС-де демалыс төлемін былай
есептейді (5-ші кесте).
5- ші кесте
Еңбек ақы мөлшерлемесі
Айлар

Қызметкерлердің құрамы мен санаттары
бойынша еңбек ақы төлеуді есептеудің
жиынтық ведомосы

Негізгі және Әлеуметтік Ақауларды Әкімшілік және
қосалқы саладағы түзетумен сауда
өндірістердің қызметкерлеріне шұғылданатын қызметкерлер
қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу қызметкерлерге еңбек ақы
еңбек ақы төлеу бөліміндегі №3 еңбек ақы төлеу төлеу
бөлігіндегі №1 ведомосы бөлігіндегі №4 бөлігіндегі
ведомосы ведомосы ведомосы
№10 журнал-ордер
(машинограммалар)

Бас кітап
Қаржылық есеп беру құжаттары
(Ф№1-Ф№5)

2 сүрет. Жалақы жөніндегі есеп айырысуды ұйымдастыру үлгісі

3 сүретте қызметкерлердің және басқа тұлғалардың берешектерін есепке
алуды ұйымдастыру үлгісі берілген.

Бұйрықтар Іс сапар куәлігі
Кассалық шығыс Кассалық кіріс Аванстық есеп
ету ордері ету ордері беру
333 шоттың кредиті және дебеті бойынша №
7 журнал ордері
(машинограммалар)
Бас кітап
Қаржылық есеп беру

3 сүрет. Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың берешектерін есепке
алуды ұйымдастыру үлгісі

2.4 Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар
есебі

Заңды тұлғалар (ҚР Ұлттық Банктен басқа) және жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығын төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды
және жеке тұлғалар болып табылады. Табыс салығын төлеушілер өздерінің
орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ табыс
салығын төлеушілерге резидент және резидент емес – заңды тұлғалар, олардың
филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер
жатады. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуы
және бала тууы жөніндегі, демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығындары есепті
кезең үшін есептелген еңбек ақы төлеу қорының мөлшерінің шегінде
игеріледі. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау “Салық және бюджетке
төленетін басқада міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының
Кодексіне (Салық Кодексі) 2004ж. 12-маусымдағы №209-11 (2005ж. 1-қаңтардағы
өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүргізіледі.(6 кесте)
6 кесте
Жеке тұлғалардың табыстарынан төлем көзінде ұсталатын жеке табыс
салығын есептеу бойынша 2005 жылға арналған кесте
Салық төлеушінің салық салынатын ставка
табысы
15 еселенген ЖЕК* дейін Салық салынатын табыс сомасынан 5%
(174780тг. дейін) (8739тг. дейін)
15 еселенген ЖЕК-тен 40 еселенген 15 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы +
ЖЕК* дейін (174780тг.-ден 466080 одан асатын сомадан 8%
тг. дейін) (8739тг.+174780тг.-ден асатын
сомадан 8%)
40 еселенген 200 еселенген ЖЕК* 40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы +
дейін (466080тг.-нен 2330400тг. одан асатын сомадан 13% (32043тг.+
дейін) 466080тг.-ден асатын сомадан 13%)
200 еселенгеннен 600 еселенген 200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы +
ЖЕК* дейін (2330400тг.-ден одан асатын сомадан 15% (274405тг. +
6991200тг. дейін) 2330400тг.-ден асатын сомадан 15%)
600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және 600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы +
одан жоғары (6991200тг. және одан одан асатын сомадан 20% (973525тг. +
жоғары) 6991200тг.-ден асатын сомадан 20%)

Ескерту: “2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан
Республикасының 02.12.2004ж.№3-111 Заңымен 2005 жылға арналған айлық
есептік көрсеткіш 971 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш
(ЖЕК*)– 11652 тг.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары:
қызметкердің табысы;
біржолғы төлемдерден алынған табыс;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
дивидендтер, сыйақылар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Оқу практикасының міндеттері
Педагогика бойынша практика
Қазақстан Республикасының құрылыс нарығы
Астықты қайта өңдеуге кеткен шығынның ішкі аудиты мен талдауы
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың аудиті
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Пәндер