XV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуындағы керей – Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты



ЖОСПАР

Кіріспе

І. XV . XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуындағы Керей . Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты.
1.1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Керей және Жәнібек хандардың хандықты құрудағы және нығайтудағы алатын орны.
1.2. Хақназар ханның XVI ғасырдың II жартысындағы Қазақ хандығының нығайтудағы тарихи рөлі, оның ішкі және сыртқы саясаты.
1.3. XVI ғасырдағы Тәуекел ханның Қазақ хандығын одан әрі нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ.
ҚАЛА МЕН ДАЛА
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит жәнс Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Онтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жалы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктік және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.
Б. з. II—V ғғ. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін орталығы жжол Чаоннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауына шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.
XI—ХІІ ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.
VII—XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскелері айрықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір учаскелері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттрі қаңырап бос қалған. Мәселен, VI—VIII ғғ. негізгі күре жол Сирия — Иран — Орта Азия — Оңтүстік Қазақстан — Талас алқабы — Шу алқабы — Ыссық көл шұңқыры — Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына — Маңғыстау — Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол Сасанилар Иранына қарсы, Батыс түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. IX-—XII ғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХПІ—XIV ғғ. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған.
Сақтар, үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, тірлік кешіп жатқан дәурде, б. з. дейінгі II ғ. және б. з. І-мыңжылдығында, Жібек жолы қарақұрым жолшыдан тыныс ала алмай жатқан кездері, Қазақстанға рим
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін 5 томдық, 2-том. Алматы: Атамұра, 1998, 329 б.
2. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма- Ата, - 1969, С. 262.
3. Материалы по истории Казахских ханств. Алмата, - 1969, С. 352.
4.Мухамед Хайдар Дулати. Тарих –и Рашиди. Алматы,-1996, 222 б.
5. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма-Ата, - 1969, С.128.
6. Мухамед Хайдар Дулати. Тарих –и Рашиди. Алматы, 1996,- 198 б.
7.Пищулина К.А. Юго-восточный Казахстан в середине XІV- начало XVI вв. Алма-Ата,- 1977, С.264.
8.Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. Алма-Ата,- 1992, С.233-234.
9.Вельяминов – Зернов В.В. Исследование о касимовских царях и царевичах. СПб 1864.Ч.2.
10. Пищулина К.А. Юго-восточный Казахстан в середине XІV- начало XVI вв. -Алма-Ата, 1977, С.246.
11. Қазақ ССР тарихы 5 томдық.1 т. Алматы, -1957, 142 б.
12.Чулочников А.Б. К истории феодальных отношений в Казахстане XVІ-XVIII вв.// Известия АН СССР, отд. Общ. Наук, 1936 г. №3, С.462.
13.Ахметов Б. Государство кочевых узбеков. М.-1965, С.149.
14.Семенов А.А. К вопросу о происхождении и составе узбеков Шейбани-хана.//Труды ИИАЭ АН ТаджССР, Сталинабад, 1954, Вып.І, С.36.
15.Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма-Ата, - 1969, С.374.
16.Пищулина К.А. Юго-восточный Казахстан в середине XІV- начало XVI вв. Алма-Ата, -1977, С.266.
17.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.Алматы,- 2005,139б.
18.Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма-Ата, - 1969, с.380.
19.Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма-Ата, - 1969, с.392.
20.Вяткин. Қазақ ССР тарихының очеркі. 1941, 77 б.
21.Вельяминов – Зернов В.В. Исследование о касимовских царях и царевичах. СПб 1864.Ч.2, 262б.
22.Английские путешественники в Московском государстве XVІ в. Л. 1937, С.135.
23.Рычков Л.И. История Оренбургская. Оренбург, -1896, с.69.
24.Веселовский Н. Памятники дипломатических и торговых сношений Московской Руси и Персией.СПб, 1892, т.1, с.106.
25.Румянцев П.П. Киргизский народ в прошлом и настоящем. СПб.,1910,13 б.
26.Толыбеков С.Е. Кочевые общество казахов в XVІІ-XX вв. Алма-Ата,-1971, с.241.
27.Казахско-Русское отношение XVІ-XVIII вв.Алма-Ата,1961, с.3.
28. Абусейітова М. Хақназар хан және XVI ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің нығаюы.// Егемен Қазақстан, 1998, 11 қараша, 3 б.
29.Прошлое Казахстана в источниках и материалах:Сб. ІVв. До н.э.-XVIII в н.э. Москва; Алматы, 1935, 93 б.
30. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін 5 томдық, 2-том. Алматы: Атамұра, -1998, 409 б.
31.Казахско-Русское отношения XVІ-XVIII вв.Алма-Ата,-1961. с.3.
32.Материалы по истории Узбекской, Таджикской и Туркменской ССР.Ч.І, Л.1932. 193 б.
33.Абусейітова М. Казахское ханство во второй половине XVІв.Алма-Ата,1985, с.47.
34.Юдин В.П. Известия «Зийа ал-кулуб» Мухаммад Аваза о казахах XVІ века. Вестник АН КазССР, Алма-Ата,-1966, № 5, 71-76 б.
35. Абусейітова М. XVІ-XVII ғасырдағы қарым-қатынастар және Тәуекел ханның тұсындағы кезеңдер.//Егемен Қазақстан, 1998, 25 қараша, 2 б.
36. Кәрібаев Б. Қазақ хандығы//Егемен Қазақстан, 1998, 12 қыркүйек, 3б.
37. Абусейтова М. Хақназар хан және XVI ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің нығаюы.//Егемен Қазақстан, 1998, 11 қараша, 3 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
І. XV – XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуындағы Керей – Жәнібектің,
Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі
және сыртқы саясаты.
1.1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Керей және Жәнібек хандардың
хандықты құрудағы және нығайтудағы алатын орны.
1.2. Хақназар ханның XVI ғасырдың II жартысындағы Қазақ хандығының
нығайтудағы тарихи рөлі, оның ішкі және сыртқы саясаты.
1.3. XVI ғасырдағы Тәуекел ханның Қазақ хандығын одан әрі нығайту жолындағы
ішкі және сыртқы саясаты.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның
(Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық
және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы,
көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі
бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде
XIV—XV ғғ. бірыңғай экономикалық аймақтың құрылуы сол аймақтың барлық жерін
саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі. Көшпелі және отырықшылықты
аймақтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ
рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, халықтың қосылуының ұзақ
мерзімді процесінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туғызды. Бұл жағдайлар
өзіндік қазақ мемлекеттігін құрудың объективті себептері мен алғы шарттары
болды. Қалыптасқан ірі этно-әлеуметтік мүдде ортақтығынан өз дара
мемлекеттігіне және өздерінің әлеуметтік-теориялық мемлекеттік ұйым құруға
талпынуы тек кейінгі уақытқа — ұлттарды қалыптастыру уақытына ғана емес,
сонымен бірге Орталық Азия аймағында негізінен алғанда осы заманғы
халықтардың қосылуы аяқталып біткен орта ғасырға да тән еді.
Қазақ халықының бір бөлігінің әр түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап
кетушілігін, саяси жағынан бастарының бірікпеушілігін жеңу Жәнібек және
Керей есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, сайын далада
билік жүргізу үшін Шыңғысханның өзге әулеттерімен күресі ру ақсүйектерімен
бірге қатардағы малшы еңбеккерлерден және егінші-диқандардан шыққан
халықтың әр түрлі әлеуметтік таптарының мүдделерімен дөп келді. Мұның өзі
бірігіп нығайған халықтың дербес өз мемлекетін құруға деген талпынысын
бейнелейді.
Бірқатар түпкі материалдардағы (мысалы, Таварих-и гузида-ий нусрат-наме)
шежірелер бойынша Жәнібек пен Керей жақын туыс адамдар болған. XV ғ. 50—70
жылдарында елді бірлесіп басқарған бұл алғашқы қазақ хандары жайында
баяндайтын жазба материалдарда бұлардың қайсысы бірінші басшы болғаны
жөнінде дәл түсініктеме жоқ, олардың есімдері ешбір реті сақталмай қатар
жазыла берген. Бірі Барақ ханның тікелей ұрпағы (Жәнібек) ретінде, де, бірі
— жасы жағынан үлкен ретінде (Керей) бұлардың екеуінің де елге билік
жүргізуге құқы болды. Бірақ орта ғасырдағы Қазақстан мемлекеттерінде бірте-
бірте орныққан хан билігіне тікелей мұрагерлік принципімен қатар (әкесінен
баласына) хан билігін алуға балалардын, үлкені басым құқықпен пайдаланатын
көне түрік-монғол принципі де сақталып қалғандықтан Жәнібек сияқты Керейдің
де хан атағын иеленуге талаптануына болар еді. Қазақ хандығының құрылуына
сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің-Әбілхайыр хандығы (көшпелі
өзбек мемлекеті) мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені
XV ғ. екінші жартысында бұл мемлекеттердің тарихи тағдыры елдігінен айрылып
күйреумен аяқталған-ды. Екі мемлекетте де көшпелі ақсүйектердің
экономикалық қуаты күшейе түсті, оның сыртқа тепкіш талпынысы артты. Шығыс
Дешті Қыпшақ пен Жетісудың рулары мен тайпаларының неғұрлым ықпалды
көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе ғасырдың орта шенінде
Әбілхайыр (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Есенбұға (Моғолстан) хандардың
билігіне таласуларын жалғастырып жатқан Шыңғысхан әулеттерінің әйтеуір
біреуінен қорғаушы іздестірді.
Қазақ қоғамы билеуші топтарының мүдделерін бейнелегендіктен алғашқы қазақ
хандарының бірыңғай мемлекет құрып, нығайтуға бағытталған әрекеттері қазақ
рулары мен тайпаларының ақсүйектері тарапынан қолдау тауып отырды.
Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы — Қаратау қойнауларындағы, Сырдария
сағаларындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі олардың едәуір бөлігі
40—50 жылдардың өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты.
Әбілқайыр хан даладағы өз билігін нығайту жолындағы күреспен айналысып
жүргенде Ақ Орда хандарының мұрагерлері Қазақстанның оңтүстігінде өздерінің
күшті билігін қамтамасыз ете алды. Рулар мен тайпалардың Әбілхайырға наразы
көптеген көсемдері өздерінің қол астындағылармен бірге бұларға ағылып келіп
жатты.
Тынымсыз дерлік өзара тартыстар мен соғыстар халық бұқарасының жағдайына
ауыр тиді. Соғыс қимылдары қатардағы көшпелілерді өнімді еңбектен қол
үздірді, оларға бақытсыздық пен қайыршылық, кесел мен өлім-жітім әкелді.
Халық бұқарасының наразылығы ортағасырлық көшпелі қоғамға тән қарсыласу
түрінде — өз әкімдерінің билігінен кетіп қалуға, басқа жаққа көшіп кетуге
әкеп соқтырды. XV ғ. 50-жылдардың аяққы шенінен бастап ондаған жылдар бойы
осындай бір үдере көшіп кетушілік — қазақ халқының бір бөлігінің Шығыс
Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың
батыс өңіріне, Моғолстан жеріне жаппай көшіп баруы еді. Әбілхайыр
хандығының сыртына кетуші рулар мен тайпаларды Жәнібек пен Керей басқарды.
Бұл жөніндегі хабар бірінші рет Мұхаммед Хайдар дұғлаттың Тарихи —
Рашидиінен көрінді, Махмуд пен Вали, Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға
бағынудан бас тартты. Және өздерінің бұл бас тартуларын Шыңғысхан әулетінің
далаға билік жүргізуге мұрагерлік дәстүрімен ол Ақ Орда хандары ретінде
өздеріне Шығыс Дешті Қыпшақта билік жасау құқығын қамтамасыз ететіндігі мен
дәлелдеді деп көрсетеді.
XVI ғ. 30-жылдарыңда қазақ хаңдарының саяси белсенділігі негізінен оңтүстік-
шығысқа бағытталды. Олар мұнда қырғыздармен одақтаса отырып, моғолдармен
және ойраттармен соғысты. Сондай-ақ батыс пен солтүстікке де қатты көңіл
бөлінді, мұнда олар ноғайлықтармен, башқұрттармен, татарлармен қиын қарым-
қатынастыққа килікті. Бұл бағыттарда көрнекті қазақ ханы Ақназардың
(1538—1580) әрекеттері әуел баста табысты болды. Ол ойраттарға және моғол
ханы Әбд ар-Рашидке қарсы күресті, сөйтіп, Шығыстағы және Жетісудың
оңтүстігіндегі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да сақтап
қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар
өзбек ханы Абдаллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты.
Ақназар өзінің әкесі Қасымның тұсындағы Қазақ хандығының көлемді аумағын
құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып
бақты. Бірақ сыртқы саяси ахуалдың ауыр жағдайында бұл міндет тұтас алғанда
орындалмайтын болып кетті. Оның тұсында қазақ даласы шекараларына Қазан,
Астрахань, сонан соң Сібір хандықтарын жаулап алғаннан кейін Орыс мемлекеті
жақындай түсті. Қазақ далаларына ноғайлықтар, башқұрттар, сібір татарлары
қаптап келе бастады, Сырдария бойында қарақалпақтар пайда болды. Осы
аралықта Жетісу жерлерін, ондағы Ұлы жүз қазақтарын ығыстырып, ойраттар
(жоңғарлар) жайлай бастады. Белгілі бір кезеңде қазақ басқарушылары
Ұлытаудың оңтүстігіне таман Сарысудағы, Арал маңының Солтүстігіндегі,
Қаратаудағы, Батыс Жетісудағы, шамамен, Үлкен Сызық Кітабында көрсетілген
шептегі жерлерді ғана бақылай алды. Сөйтіп, хандықтың шекаралары хандардың
тек әскери және дипломатиялық қабілетіне немесе соғыстағы жеңістері мен
жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда, сыртқы саяси
ахуалға да байланысты өзгеріп отырды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллыхқа вассалдық
тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ
Әндіжан мен Ферғанаға жорықтап қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның
теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды
делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер дерек-темелерде
түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
... Тәуекел Сыр өңірінің калалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті
алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын
біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуы-
лы Түркістан, Ташкейт, тіпті Самарқанд сияқты орталықтарға қатер
төндірді. Ол Ташкент жасағын талкандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс
шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті
сәтсіз аяқталды. Осы жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі.
Қазақ хандығының құрылу тарихы XIX ғасырдың 60 жылдарынан зерттеушілердің
назарында болып келе жатыр. Солардың ішінде В.В.Вельяминов – Зернов,
Ш.Құдайбердіұлы, А.П.Чулошников, М.Тынышпаев, С.К.Ибрагимов, В.Г.Юдин,
Т.И.Сұлтанов және тағы басқа тарихшылардың бұл мәселені зерттеуге қосқан
үлестері орасан зор. Қазақ хандығының тарихына қатысты сан түрлі
мәселелерді зерттей отырып, бұл ғалымдар қазақ хандығының құрылған уақыты
деп әртүрлі жылдарды атап келеді. Шамамен алғанда аталған зерттеушілердің
еңбектері XV ғасырдың 50–70 жылдарын қамтып, 10–20 жылдар алшақтықта тұр.
Соңғы 5–10 жыл ішінде бұл мәселе бойынша тарихшылар Ә.Хасенов,
С.Жолдасбаев, Б.Кәрібаев өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Сондай – ақ
қазақ хандығының құрылу тарихы осы жылдары өткен бірнеше ғылыми
конференцияларда да қарастырылды. Соған қарамастан қазақ хандығының
құрылған жылы – толық анықталмай, даулы мәселе болып қалып отыр.
Бұған хандықтың құрылу тарихына қатысты жазба дерек мәліметтердің бір –
бірімен қайшылықты болуы себебін тигізуде. Ең алғашқы рет Қазақ хандығының
құрылу тарихы туралы жазба дерек мәліметтерін XVI ғасырда өмір сүрген
тарихшы М.Х.Дулати жазды. Ол өзінің 1541 – 46 жылдары жазған Тарих – и -
Рашиди деп аталатын еңбегінде XIV – XVI ғасырларда Оңтүстік Қазақстан,
Қырғызстан, Шығыс Түркістан жерлерінде болған Моғолстан атты мемлекеттің
тарихын баяндай келе, Қазақ хандығына қатысты бірнеше мәлімет береді.
Тарих – и - Рашиди екі бөліктен немесе екі дәптерден тұрады және олар әр
жылдары жазылды. Бірінші дәптердің 39 тарауында аталмыш еңбектің авторы
Моғолстан ханы Есен – Бұға ханның тұсында болған оқиғалардың біріне – Керей
мен Жәнібек хандардың Әбілхайыр ханнан бөлініп, Есен – Бұғаға келуін және
оның оларға Моғолтанның батысындағы Шу бойынан жер бергендігін жатқызады.
Осы жерде М.Х.Дулати: Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хиджра
бойынша – 1465 – 66 жж.) басталады - деп айтып өтеді. Бірақ бұл датаның
кейіннен қарама – қайшылықты жері көрініп қалды. Жоғарыда аталған
зерттеушілер XVI ғасырдағы Хақназар және Тәуекел хандардың Қазақ хандығын
нығайтудағы рөлі, олардың ішікі және сыртқы саясаттағы қол жеткізген
нәтижелерімен жіберген кемшіліктері туралы өзіндік ой – пікірлері мен
тұжырымдамаларын да жасады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Диплом жұмысының мақсатына Қазақ хандарының тарихи рөлі, олардың ішкі және
сыртқы саясаты жөніндегі тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой – пікірлердің
қалыптасу деңгейін анықтау және осының нәтижесінде өзіндік тәуелсіз тарих
және тарихнама ғылымын қалыптастыру жолында кезеңдік және тақырыптық
тұрғыдан зерттеулер жүргізу бағытын айқындау жатады. Осы мақсаттан келіп
зерттеудің мынадай міндеттері туындайды:
Қазақ хандарының (Керей, Жінібек, Хақназар, Тәуекел) тарихи рөлі, ішкі
және сыртқы саясат туралы Қазақстан тарихы мен тарихнамасының теориялық
және методологиялық мәселелерін қарастыру.
- Қазақ хандарының билік жүргізген дәуіріне қатысты тәуелсіздік
алған жылдарда жазылған және жарық көрген зерттеулерге талдаулар
жасап, олардың ғылыми нәтижелері мен қоыртындыларын объективті
бақылау.
- Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығайю дәуіріндегі Қазақ
хандарының тарихи рөлі мен ішкі және сыртқы саястаттары
жөніндегі балама көзқарастарды тарихнамалық талдау және осы
мәселелерге қатысты өзіндік қорытындыларға келу.
- Кеңестік тоталитарлық кезеңдегі Қазақ хандығының қалыптасуы,
дамуы және нығайю туралы Қазақстан тарихының мәселеріне арнаған
жаңа зерттеулерге талдау жасау барысында бұл мәселелердің
зерттелу деңгейін анықтау және ғылыми құндылықтарын көрсету.
Ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары мыналар:
- Қазақ хандығының құрылуының, дамуының және нығайюның кезеңіндегі
Қазақ хандарының тарихи рөлі, ішкі және сыртқы саясатының тарихи
мен тарихнамасына жасалған талдау нәтижесінде бұл дәуірдегі
Қазақ хандығының қай жылы құрылғандығы жөніндегі мәселенің әлі
де шешілмегендігін анықталды. Осы мәселеде тарихшыларды келелі
міндеттер күтіп тұр.
- Осы дәуірдегі орыс – қазақ келіссөздері нәтижесінде Қазақ
хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалту түрінде жүргізілгендігі
туралы, еуропацентристік көзқарасқа сын көзбен қарап, бұл
мәселеге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау ұсынылды.
- Қазақ хандықтарының тарихы, Қазақ жүздерінің қалыптасу тарихы
мен байланыста тарихнамалық тұрғыдан талданды.
Зерттеу жұмысының методологиялық және әдістемелік негізі.
Диплом жұмысының методологиялық негізіне зылпы тарихтық принциптер мен
тарихтың және тарихнаманың өздеріне ған тән принциптері алынды. Дәлірек
айтқанда, зерттеуде негізінен тарихилық принципы мен диалектикалық
принциппен, ғылыми объективтілік принциптері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысында алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін арнаулы тарихи және
тарихнамалық әдістер қолданылды: талдау, салыстырмалы – тарихи,
хронологиялық және өзектілік.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы.
Диплом жұмысы Шымкент әлеуметтік – педагогикалық Университетінің Экономика
– педагогикалық факультетінің Тарих және география кафедрасының мәжілісінде
талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы.
Зерттеу жұмысы бір тараудан, үш тармақтан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. XV – XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуындағы Керей – Жәнібектің,
Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі
және сыртқы саясаты.

1.1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, Керей және Жәнібек хандардың
хандықты құрудағы және нығайтудағы алатын орны.
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін
жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді.
Олардың басқа Шыңғыс ұрпақтарымен (негізінен алғанда Шай-бани ұрпақтарымен)
бұрынғы Жошы ұлысының мұраға қалған жерлерінде билік жүргізу құқығы
жолындағы тайталастағы әулеттік мүдделері топтасқан халықтың дербес
мемлекет құруға ұмтылысын объективті түрде бейнелеген еді. Қазақ хандары
жалпы мемлекеттікке және ұзақ уақытқа созылған өзара байланысты Шығыс Дешті
Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумағын мекендеген этникалық топтардың
этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени да-муы арқылы бірігуге дайындалып та
қойған жерлерді топтастырғанын атап өткен жөн.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдай-ында
аталған кең-байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері
саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы арқ-ылы қамқоршы
іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының біртұтас мемлекет құру
мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдады.
Қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 40—50-жылдардың өзінде
Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде — Қаратау баурайларында, Сырдарияның
төменгі ағысыңда, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің
төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту жолындағы
күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тай-палардың бағынбаған
басшыларының қарсылығын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарыиың
мұрагерлері бұл аумақга тұрақгы билігін қам-тамасыз етіп алды.
Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан мен Қазақ хандығы-ның
негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей де Орда-Еженнің ұрпақгары деп
саналатын болған, дегенмен бұл деректемелерде нақты мәліметтер жоқ. Теңге
деректері мен Му'ин ад- дин Натанзидің Мунтахаб ат-таварих Му'ини шы-
ғармасының мәліметтеріне қарағанда, Ұрұс ханның генеалогиясы Сасы-Бұға
ханға барып тіреледі: Сасы-Бұға — оның ұлы Ерзен хан (Лэн Пуль Стенлиде
Ерзеннің орнына Мүбәрак-Қожа хан аталған) — оның ұлы Шымтай — Шым-тайдың
ұлы Ұрұс хан. Алайда, бұл деректемеде Сасы-Бұғаның тегі Орда-Ежен емес,
Алтын Орданың әмірі Ноғай деп саналады, бұл басқа деректермен қуат-
талмайды. Рашид ад-Диннің айтуынша, Ақ Ордада Сасы-Бұғаға дейін Орда (Орда-
Ежен) — Сартақтан (Сартақ) — Қуынжы (Қоңшы) — Байан билік еткен Сасы-
Бұғаның Орда ұрпақтарының бұл тармағымен генеалогиялық байланысы
дәлелденбеген, дегенмен де дәстүр бойынша Ұрұс хан Орда-Еженнің
ұрпақтарынан шыққан деп саналады.
Осы әулетке жатқан Ахмет хан мен Махмұд хан (олардың генеалогиясы:
Жошы—Тоқа-Темір—Үз-Темір—Абай—Томға н — Құтлық—Темір—Темірбек - Темір —
Құтлық хан — Темір — (Кіші) Мұхаммед хан — Ахмед хан және Махмұд хан)
Әбілқайыр ханға көп қарсылық көрсетті (1). Шайбанилік ханның 1431—32 жылы
әскерімен Хорезмді шабуға кеткенін пайдаланып, сол жерлер-ден үміткер және
сол кезде Арал өңірінде кешіп жүрген Ахмет пен Махмұд өздерінің іс-қимылын
жандандыра түсті, Ма' суд Кухистанидің сөзімен айтқ-анда, бүлік пен
бұзақылықтуын көтеріп, бағынбау және құлақаспау жағында тұрды(2). Осы Тоқа-
Темір ұрпақтары әскерлерінің өз Ұлысына басып кіруінен қорыққан Әбілқайыр
Хорезмнен қайтып келген.
Қарсылығын Әбілқайыр ақырына дейін баса алмаған Жошыдан тарайтын сұлтандар
ішінде деректемелерде Ұрұс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек және
Керей сұлтандар да аталады, ал олар туралы алғашқы мәліметтер Мұхаммед
Хайдар Мырза Дуғлаттың Та'рих-и Рашиди деген шы-ғармасында (ал одан кейін
басқа да бірсыпыра шығармаларда, мысалы, Хондемирдің Хабиб ас-Сийарында,
Бахр әл-асрарда) XV ғасырдың 50-жылдарының екінші жартысына байланысты
ғана пайда болады. Бұл кезге дейін олар Ақ Орданың 20-жылдарда Барақ ханның
билігі мейлінше берік болған және одан кейінгі жиырма жыл бойы Әбілқайыр
хан аттап баса алмаған нақ сол оңтүстік бөлігінде болған еді. Олар Барактың
осы аумақтағы билігін мұраға алды және Ахмет хан мен Махмұд ханның өздері
мұраға алған жерге көз алартқан Әбілқайырға қарсы күресінде оларға одақтас
болғаны күмәнсіз. Олардың келісе отырып іс-қимыл жасауы да мүмкін, Жәнібек
пен Керейдің алыс болса да, неғұрлым құдіретті осы туыстарымен одақ жасасып
қана қой-май, сонымен қатар қамқорлығында болуы да ықтимал еді. П. П.
Иванов Жәнібек пен Керейдің арғы атасы Барақ ханның атасы, Алтын Орда ханы
Ұрұс Астархан әулетінің бабасы, яғни Кіші-Мүхаммедтің балалары Ахмет хан
мен Махмұд ханның да атасы болған деп санайды. Ал егер Ұрұс хан Тоқа-Темір
әулетінен шыққан болса да, оның Кіші-Мұхаммедпен туыстығы, жоғарыда
келтірілген генеалогияның көрсеткеніндей, дегенмен де оның бабасы деп
санауға тым алыс болған.
Жәнібек пен Керей жастары жағынан Ахмет хан мен Махмұд ханның за-
мандастары, қатарлары ғана емес, сонымен бірге олардың серіктері де болуы
мүмкін еді (Керей хан мен Ахмет хан шамамен қатар өлген, біріншісі 1470 жыл
шамасында, екіншісі 1481 жылы қайтыс болған). Жәнібек пен Керейдің туған
кезі туралы дәл деректер болмағанымен, жанама деректер олардың жас шама-сын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұған, атап айтқанда, олардың бір-бірімең
туыстық қатынастарын анықтау көмектеседі.
Таварих-и гузида-йи нусрат-намеде берілген шежіреге сәйкес, Қазақ
хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей немере ағайын болған, яғни
өте жақын туыс болмаған. Керей ханның (деректемелерде Кирай хан)
шежіресі: Ұрұс хан — Тоқтақия — Полад — Керей хан. Жәнібек ханның шежіресі:
Ұрұс хан — Құйыршық — Барақ хан — Жәнібек хан19. Осы қосарла-сып билік
еткен қазақ хандарының XV ғасырдың екінші жартысындағы (60-70-жылдардағы іс-
қимылдары туралы баяндайтын деректемелерде осы екі ханның қайсысы басты хан
болғаны дәл түсіңдірілмейді, олардың есімдері қатар жазылады, бірақ қатаң
ретпен жазылмайды. Жәнібек хан өз әкесі Барақ хан-ның тура мұрагері және
мирасқоры болатын, оның атасы Құйыршық та хан болған. Керей ханның
Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Ұрұс ханның үлкен ұлы және мирасқоры,
бірақ Ұрұс ханнан кейін көп ұзамай 778 жылы (1376—1377 жж.) қайтыс болған
Тоқтақияның немересі еді, ал Жәнібек Ұрұс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың
немересі болатын. Бірақ орта ғасырлар-дағы Қазақстан мемлекеттерінде XIV
ғасырдан бастап-ақ бірте-бірте орныққан хан билігін тікелей мұраға алу
(әкесінен баласына) принципімен қатар хан билігіне беделді рубасы құқығының
басым болатын бұрынғы түрік-монғол принципі де сақталып қалған еді, яғни
ағасы (ханның ағасы) өзінің немересінен (ханның ұлынан) үлкен саналатын,
демек Жәнібек сұлтан сияқты хан атағына Керей сұлтан да үміт ете алатын.
Тіпті олардың кішісі Жәнібек те өздері Жетісуға көшіп кетпестен көп бұрын,
яғни 30—40-жылдарда Әбілқайырға қарсыластар қатарында бола ала-тын еді.
Егер Жәнібек сұлтан (немесе Жәнібек оғлан) әкесі Барақ хан қаза тапқанға
дейін бірнеше жыл бұрын, мысалы, 1420 жылы туған болса, 1436 жылдың өзіңде-
ақ ол 16—17 жасқа толған және Әбілқайырдың қарсыластары қатарында бола
алатын (Әбілқайыр 17 жасында хан көтерілді; мұнда ең бас-тысы ханның жеке
басына және оның жасына емес, оны қолдайтын топтарға, шонжарларға
байланысты болды). 1446 жылы (Әбілқайыр хан Сырдария қала-ларын алған
кезде) Жәнібек — 26—27 жаста, 50-жылдардың аяғында кешіп кеткен кезде 38—40
жаста болуы мүмкін: 1480 жылға дейін, яғни 58—60 жасында қайтыс болған. Бұл
деректер жас шамасын (дұрысырақ айтқанда, туған кезін) тағы да 10 жыл әрі
жылжытуға мүмкіндік береді, айталық, егер ол 1410 жыл шамасында туған
болса, Әбілқайырдың Екіретүп маңындағы Ахметпен және Махмұдпен шайқасы
кезінде Жәнібек 20-21 жаста болған. Керей сұлтан Жәнібектен де үлкен еді,
яғни екеуі де Әбілқайыр хан билік еткен алғашқы жылдардан бастап-ақ (1428
жылдан) оның саналы қарсыластары болды.
"Қазақстанның оңтүстік аудандарында Керей мен Жәнібекке рулар мен
тайпалардың едәуір бөлігі бағынды, олардың төңірегіне көшпелі рулық-тай-
палық шонжарлардың айтарлықгай топтары, әсіресе үстем таптың Барақ ханды
қолдаған және Сырдариядағы қалалармен байланысты белігі таптасты. Шон-
жарлардың бұл топтары өздерінің Сыр өңірінің отырықшы-егінші халқын
қанауға, жергілікті қалалардың саудасы мен қолөнер кәсіпшілігінен пайда
алуға дәмеленуін қамтамасыз ететін берік хан билігіне мүдделі болатын.
Әбілқайыр хан қырда өз билігін нығайту жолындағы жиырма жылға жуық
күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған
басшыларының қарсылыктарын басумен айналысып жүргенде, Қазақстанның
оңтүстігінде мұндай күшті билікті Ақ Орда хандарының мұрагерлері қамтамасыз
ете алатын еді. Оларға рулар мен тайпалардың Әбілқайырға наразы көптеген
көсемдері өз бодандарымен бірге ағылып келіп жатты. Қаратау баурайлары мен
Сырдариядағы қала орталықтары мен бекіністер — Созақ, Сығанақ, бәлкім
Сауран мен басқа да онша ірі емес бекіністер, сірә Жәнібек пен Керейдің
қолында болса керек.
Бұл жорамал әбден орынды, өйткені деректемеде 1446 жылы бұл қалала-ды
Әбілқайырдың кімнен тартып алғаны айтылмайды. Б. А. Ахмедов 40-жыл-дары
Керей мен Жәнібек Сырдария бойында болмаған, әйтпесе олар Ақ Ордаға
қарайтын осы қалалардың бірінде болса, олар Мұстафа ханмен шайқаста күші
әлсіреген Әбілқайырға қарсылық көрсетер еді деп санайды. Бірақ жоғарыда
айтылғанындай, Әбілқайырдың қалаларды алғанын жеткізуші бұл бірден-бір
деректемеде қазақ хандары туралы да, олардың Әбілқайырға қарсылығы туралы
да, көшіп кету туралы да, Әбілқайырдың қазақ хандарына қарсы Моғолстанға
жорығы туралы да мүлде ешнәрсе айтылмайды — жалпы қазақ хандарына
байланысты ләм демейді, Әбілқайыр серіктерінің бірде-бір егжей-тегжейлі
тізімінде олардың есімдері аталмайды. Сірә әдейі айтылмаған болса керек.
Ұрұс хан мен Барақ хан ұрпақтарының осы уақыттың бәрінде Ақ Орда аумағының
оңтүстік бөлігін — Түркістанның солтүстік бөлігін, Сырдария-ның төменгі
ағысын, Қаратау баурайларын, Шу менТаластың төменгі ағыстарын іс жүзінде
билеушілер болғаны әбден айқын және Жәнібек пен Керейді олар Жетісуға
кеткенге дейін-ақ, яғни XV ғасырдың 50-жылдарының аяғына дейін Дешті Қыпшақ
рулары мен тайпаларының бір бөлігі хан деп таныған фактісі деректемелерде
көрініс тапқан. Мысалы, Махмұд бен Уәли мұны былай деп растайды: Әбілқайыр
хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде, Жошы
ханның ұлы Тоқа-Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы, Керей хан мен
Жәнібек хан... бағыну және мойынсұну шеңберінен шығып, отанынан кетіп
қалғанды жөн көрді. Олар (бабаларынан) мұраға алған елден бас тартып, (жат
жерге) апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен бірге олар
Моғолстанға апа-ратын жолды таңдап алды(3).
Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлат осыған байланысты Керей хан мен Жәнібек хан
Жетісуға өздерінің сансыз көп халқынан белініп кетті дейді, яғни
замандастары оларды Өзбек ұлысында билік еткен хандардың мұрагерлері, Шығыс
Дешті Қьшшақ аумағының бір бөлігінің иелері, көшпелі халық рулары мен
тайпаларының әлдеқашан-ақ бөлініп шыққан бөлігінің билеушілері деп әбден
орынды санаған (4).
Алайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі иеліктерінде Керей мен Жәнібектің
жағдайы өте қолайсыз болды. Түркістанның солтүстік бөлігіндегі бекініс-
қалаларда олар осы бекіністерді ез қолдарына қайтарып алуға тырысқан Темір
ұрпақтарының наместниктеріне, сондай-ақ моғолдарға да үнемі тойтарыс беріп
отыруға тиіс болды. Керей мен Жәнібектің көшпелі тайпалардан тұратын
бодандары Әбілқайыр ханның көшпелі бодандары иеленіп алған Қазақстан
даласына көктем-жаз кезінде дәстүр бойынша маусымдық тереңдеп көшіп баруына
мүмкіндіктерінің болмауы себепті өз жағдайларында ерекше қиын-дық көрді. Өз
кезегінде Әбілқайыр бодандары да, тым болмағанда, олардың едәуір бөлігі
қалалар ауданында өздеріне жау қазақ сұлтандарының бодандары болғандықтан,
Төменгі және Орта Сырдария бойындағы дағдылы қыстайтын жерлеріне көшіп
бару, көшпелі мал шаруашылығы үшін де, Сыр өңірі жазираларының отырықшы-
егінші халқы үшін де мейлінше өмірлік маңызы бар сауда айырбасын жүргізу
мүмкіндігінен айрылды. Жалпы алғанда, бұл саяси бытыраңқылықтан Шайбани
ұрпақтарының да, қазақ сұлтандарының да бодандары зардап шекті, өйткені
дәстүрлі экономикалық және мәдени бай-ланыстар, этникалық-саяси қарым-
қатынас бұзылды. Бұл жаулықтан Сыр өңірі қалаларының халқы мен Оңтүстік
Қазақстан жазираларының егінші халқы Әбілқайырдың және Керей мен Жәнібек
сұлтандардың көшпелі бо-дандарынан кем жоғалтқан жоқ. Бұрынғысы сияқты, XV
ғасырдың бірінші жартысында да Түркістан ауданында оған билік жүргізуге
көптеген үміткерлердің мүдделері ұштасып жатты: оларға Темір ұрпақтары да
үстемдік етті, ол иеліктерге Ақ Орда хандарының ұрпақтары да өз құқығын
қорғады, Әбілқайыр хан мен маңғыттар дәмеленді, моғол хандары мен
феодалдары, ал содан соң ойраттар (қалмақтар) да шабуыл жасады.
50-жылдардың аяғында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан) жеңілгеннен
кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолданып тәртіп орнатуға
кіріскен кезде, Керей мен Жәнібекке бағынған көшпелі рулар мен тайпалардың
жағдайы бұрынғыдан да қысымшылыққа ұшырады. Әбілғазы Шыңғыс ұрпақтарының
арасында ханның қысымына ұшырамаған не оның садағының оғы дарымаған бірде-
бір адам қалмады деп жазады. Әбілқайырдың көрші елдердің ішкі істеріне
үнемі дерлік араласып отыруы, үздіксіз жүргізген соғыстары мен
шапқыншылықгары мемлекетгі құлдырауға жеткізді. Осының бәрі өзбек және
қазақ тайпаларының ара жігінің ажырауына және соңғыларының ұлыстың оңтүстік-
шығыс аумағына көшіп кетуіне алып келді. Моғолстан ханының Жетісу халқын
ойраттардың шапқыншылықтарынан қорғай алмауы сияқты, Әбілқайырдың іс-
әрекеттері де бүкіл аймақтың соғыстар мен талас-тартыстар күйзелткен халық
бұқарасының бұрынғыдан да зор наразылығын туғызды. Халық өзінің ауыр
жағдайы үшін орта ғасырлардағы көшпелі қоғамға тән қарсылық түрі — Шығыс
Дешті Қыпшақта да, Жетісуда да билеушілерінің қол астынан көшіп кетумен
жауап қайырды.
50-жылдардың аяғында осындай көшіп кетуді Жәнібек пен Керей басқар-ды.
Шығыс Дешті Қыпшақ, Түркістан мен Жетісу малшылары мен егіншілері өздерінің
өндірістік еңбектерінен әлсін-әлсін қол үздіріп отырған толассыз тонаушы
соғыстар мен өзара алауыздық қақтығыстар жағдайында қисапсыз ауыртпалықтар
тартып, кіріптарлыққа түсті. Ортағасырлық далалық еркіндік жағдайында
олардың қолдарынан келген бар қарсылықтары өздері бағынатын билеушілердің
қол астарынан көшіп кету ғана болды. XV ғасырдың 50 -жылдарының соңынан
бастап, 70-жылдардың басына дейін Әбілқайыр хан билігінің соңғы кезеңінде
ерекше жиілеп кеткен Жошы әулетінің, көшпелі рулар мен тайпалар
көсемдерінің қайта-қайта бұрқ етіп отырған бүліншілігі жағдайларында, бұл
ханның қалмақтардан жеңіліске ұшыраған сәтінде Шығыс Дешті Қыпшақтан,
Сырдария бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға екі
жүз мыңға дейін адам, негізінен қыпшақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен.
Тұрғын халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. Олар өз
төңіректеріне басқа да Жошы әулеті мен соларға тәуелді көшпелі және жар-
тылай көшпелі қазақ далалары тұрғындарының рулық-тайпалық топтарын
жинастырып алды да, 1458—1459 жылдары Әбілқайыр хандығынан тысқары,
Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне ертіп кетті. Орта ғасыр авторларының
ішінде бүл оқиғаны тұңғыш тіркеген — Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлат. Ол көшіп
барған қазақтоптарының нақты орналасқан аумағын да атайды: Бұл уақытта
Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға
көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға
барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Мо-ғолстанның батыс
шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді. Махмұд ибн Уәли
Әбілқайыр саясатына наразы болған көшпелі тұрғындардың оның қол астынан
көшіп кетуі тым жиі акті болғанын атап көрсетеді. Бұл мекен ауыстыру
ондаған жылдарға созылған, миграция жасаған көшпелілердің жалпы саны да
аталады. Жәнібек хан мен Керей хан сол жерде (яғни Моғолстанда) ұзақ уақыт
тоқтаған кезде, Әбілқайырға жек көрініштілікпен қарай бастаған билеушілер
де, олардың қарамағындағылар да соларға барып бой тасалады(5). Көшіп кету
әсіресе 1468 ж. Әбілқайыр өлген соң, мемлекет ыдыраған кезде тым күшейіп
кетті: Олар онда рахаттанып жатқан кезде Әбілқайыр өлгеннен кейін Өзбек
ұлысы бұзыла бастады: [онда] керемет аласапыран басталды. [Оның
қарамағындағылардың] үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті,
сөйтіп олардың маңына [жиналғандардың] саны екі жүз мың адамға жетті(6).
Қазақ рулары мен тайпалары бөліктерінің 50—60-жылдарда Шығыс Дешті
Қыпшақтан Жетісуға көшуі бүл кезеңде жаппай етек алғанымен, әдеттен тыс
оқиға емес-ті. Өзара алауыздықгар, бір мемлекеттің күйреп, екіншісінің
қалып-тасуы, әсіресе көшпелі және жартылай көшпелілердің көші-қоны ширақ
бұқа-расы арасында этникалық, саяси жіктелу және халықтың шоғырлану
процесін күшейте түсті. Халық бұқарасының қанауға қарсы наразылығын
ақсүйектердің бір топтары екіншілерден есесін қайтару үшін пайдаланды. Жошы
әулетіне қарсы күрес кезеңінде Әбілқайыр хандығында көшпелілердің бір
билеушіден екіншісіне бұлайша ауысуы тым көп болды, тек жоғарыда аталған
Жәнібек пен Керей бастаған кешу ғана орта ғасырлық тарихи шығармалар
беттерінен орын алған. Ол жайлы аталған авторлардан басқа Мирхонд,
Хондемир, Хайдар Рази және басқалар жазған. Бұған себеп оның тым көп адамды
қамтығандығы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың мемлекеттік жаңа
бірлестігінің ката-лизаторы, қазақ халқының одан әрі шоғырлануының аса
маңызды факторы қызметін атқарғандығынан болса керек. Халық бұқарасының бұл
қимылы бытыраңқы қазақ топтарының, Дешті Қыпшақтағы ғана емес, Жетісудағы
қазақтардың бір мемлекетке одан әрі бірігуін бастап берді. Халықтың
Әбілқайыр иелігінен жаппай көшуі оның мемлекетінің құлауына тағы бір себеп
болды. Бұл көшу тұрғын халықтың географиялық орналасуына, аймақ-тың саяси
картасына өзгерістер енгізді. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда
етек алған осынау әлеуметтік және саяси құбылыстың маңызды нәтижелері
осындай.
Жәнібек және Керей хандар бастаған қазақтардың қалың бұқарасының Оңтүстік
және Орталық Қазақстаннан Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай ойысуы тегін
емес. Бұған Ақ Орданың Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік
бөлігінің иелерімен ертеден бергі достық қатынастары; Жәнібек пен Керейге
қарасты өлкенің басым бөлігін мекендейтін тұрғында-рының этникалық
жақындығы; ең соңында, феодалдық-бытыраңқы Моғол-станның әлсіздігі; оның
билеушісінің Жетісудағы өкімет билігін өз қолында ұстап тұра алмайтын
әлсіздігі себеп болды.
Шығыс Дешті Қыпшақ, Түркістан мен Жетісу халықтарының байланыс-тары туралы
көне тарихта куә болатын фактілер көп. Мысалға, олардың Темір мен Темір
әулетінің, жоңғар феодалдарының басқыншылық тонаушылық саясатына қарсы
бірлескен күресі. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері бір жағынан Ұрұс хан,
Тоқтамыс, Барақтан бастап Жәнібек пен Керейге дейін, екінші жағынан Қамар
ад-дин әмір дуғлат, Қызыр хан, Уәйіс ханнан Есен-Бұға ханға дейін өзара
қолдау саясатын ұстады.
Жоғарыдағы деректемелерде моғолдар деген жинақтаушы этносаяси топ-тар:
дуғлаттар (дулаттар), үйсіндер, керейіттер (керейлер), қаңлылар
(бекшіктер), арғындар, жалайырлар және т. б., яғни қазақтардың Ұлы және
Орта жүздері құрамына енетін тайпалар қазақ халқының аяқталып қалған
шоғырлану процесінде маңызды қызмет атқарғаны айтылды. Қазақ басшылары
Керей мен Жәнібек өздеріне ерген рулық-тайпалық топтарды Жетісуда өздерімен
туыстас түркі халқы қарсы алатынын білді. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың
малшы-көшпелі тайпалары тілі, мәдени дәстүрлері, тұрмыс салты жағынан бір-
бірімен жақын еді. Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан аса үлкен рулық-
тайпалық топтардың келуі олардың жергілікті тұрғындар-мен қарым-
қатынастарында айтарлықгай шиеленіс туғыза қойған жоқ.
Есен-Бұға хандығы феодалдық бытыраңқылықтың салдарынан сыртқы
басқыншылықтарға тойтарыс бере алмады. Моғолстанның сыртқы саяси жағ-дайы
барған сайын нашарлай түсті. Әбілқайыр хан XV ғасырдың 40-жылдары-ның
аяғында Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алып, Моғолстанның батыс
шептеріне жетті. Енді Есен-Бұғаның Жетісудағы иеліктерін тартып алу қаупі
туды. Оның үстіне Қашғариядағы дуғлат әмірлердің қарсылықтарын әлсіретуге
әрекет еткен моғол ханы көбіне көп Ақсуда жүруге мәжбүр болды. 50-жылдардың
басында Моғолстанға үлкен жорық жасамақ болған Әбілқайыр хан Сауран мен
Сығанақ маңына аса көп әскер жинады. Ол моғол билеушілерінен
деректемелердің жеткізуінше, өз кезегінде, қарамағына өткен бүлікшіл моғол
әмірлеріне бағынышты қалушы, бұлғашы, қаңлы, үйсін және басқа тайпалардан
шыққан көшпелілермен туыстас тайпалар мекендеген Шу, Талас, Іле бойындағы,
Балқаш жағалауындағы жерлерді басып алуды мақсат етті.
Есен-Бұға сонымен қатар Темір әулетінен шыққан Абу Са'ид мырза қол-дайтын,
өз ағасы Жүністің моғол тағына ұмтылған талабына да тойтарыс бе-руге тиісті
болды: Абу Са'ид мырза жоғарыда аталған ханның [Есен-Бұға-ның] ағасы Жүніс
ханды Ирактан шақыртып алып, оны қамқорлығына алып, көмек беріп, інісіне
қарсы аттандырғандықтан, осы себепті Есен-Бұға хан билігінің іргетасынан
жарықшақ шықты.
Жәнібек пен Керей бастаған қазақтардың Батыс Жетісудағы қазақ жерінің тап
осы аумағына көшіп келу себептері осындай. Бұл оқиға бүкіл аймақтың саяси
тарихына және бүкіл жергілікті қазақ халқының тағдырына өзгеріс енгізді. XV
ғасырдың 50—60 жылдарында Жетісуға көшіп келген қазақ тайпа-ларының тақыр
жерлерді мекендемегенін ескертудің маңызы зор(7). Олар Жетісудың жергілікті
тұрғын қазақтарымен тығыз байланыс орнатып, ол кейін бір мемлекет
шеңберіндегі саяси одақ дәрежесіне жетті. Жәнібек хан мен Керей ханның
көшіп келуіне Моғолстан ханының қалай қарағанын айтатын болсақ,
деректемелердің хабарлауынша, ол мәртебелі ханзадалардың келуін құрметпен
және ықыласпен қарсы алған және Есен-Бұға (хан) мен Жүніс хан иқтасы
ортасында аралық жер болғандықтан келген қазақтар тобына тап осы
Моғолстанның батыс өлкесін, сондай-ақ Әбілқайыр хандығының аумағын берген,
яғни Моғолстан ханы көшіп келген қазақ басшыларының көмегімен өзінің ішкі
және сыртқы дұшпандарын әлсіретіп алмақ болған. Есен-Бұға қазақтарға сүйене
отырып, уақытша болса да інісінің бақталастық бәсекесін тойтара алды: Есен-
Бұға хан тірі тұрғанда, (оған) жоғарыда аталған хандар-дың көмегі арқасында
Жүніс хан тәкаппарлық үзеңгісіне әдепсіздік аяғын сала қойған жоқ.
Махмұд ибн Уәли Жәнібек пен Керейге ерген қазақтардың Моғолстан шептерінде
қалмақтармен және қырғыздармен шайқасқанын жазады, яғни Есен-Бұға хан
қазақтарды ойраттарға тойтарыс беру үшін де нақты әскери күш ретінде
пайдалануға тырысқан. Есен-Бұға хан Жәнібек пен Керей төңірегіне топтасқан
аса көп қазақ рулары мен тайпаларына сүйене отырып, өзінің ішкі саяси
жағдайын нығайтып алмақ болды. Ол өзі көрсеткен қамқор-лығы үшін қарыздар
қазақ билеушілерінен қолдау күте алатын еді. Хан өзінің қол астындағылар,
салық төлеушілер мен көшпелі-жауынгерлер қатарын көбейте түсуді көкседі.
Орта ғасырларда белгілі бір әскерлер (көшпелі) контингентін өз жағына тарту
жиі қолданылғаны белгілі. Көшпелі мемлекет билеушісінің дәулеті, қуаты мен
билігі оған қарасты аумағымен ғана өлшен-бей, қармағындағы нақты адам
санына, салық түрінде мемлекеттік қазынаға қосатын түсімі мен оның
мемлекетінің негізгі әскери күшін құрайтын тұрғын-дар тәуелділігімен
бағаланған.
Моғолстан ханының бұл үміттерін қазақ басшылары онша ұзак уақыт ақта-мады,
олар Батыс Моғолстанға 60-жылдары Дешті Қыпшаққа кайта оралып, өздерінің
Шайбани әулетінен шыққан ежелгі дұшпандарын жеңудің оңтайлы сәтін күткен
қашқындар немесе саяси қуғынға ұшырағандар ретінде келген жоқ-ты. Олар
Жетісуға өздерімен бірге келген және жергілікті жетісулық рулар мен
тайпалар көсемдерінің, сондай-ақ қатардағы көшпелілер бұқара-сының
қолдауларына сүйене отырып, Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның толық
құлдырау сәтін тиімді пайдаланып, өздерінің саяси дербестігің нығайтты.
Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның (Оңтүстік Қазақстанның) қазақ
рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының барған сайын
күшейе түсуі, қазақ халқы қалыптасуының ұзаққа созылған процесі мен оған
қосарласа үш жүздің қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың
одан әрі дамып, нығаюы Қазақ хандығы түрінде өзінің қазақ мемлекеттілігі
пайда болуын туғызған объективті себептер болды.
Хандықтың негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақта-ры Керей
мен Жәнібек еді. Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда хаңдары әулетінің билігін
қалпына келтіру жолында Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, олар халық
бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Олар қоныс аударуға өз беттерінше
осыншама халықты көндіре алмаған болар еді. Жәнібек пен Керей өз әулетінің
саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, өз мүдделеріне орай қазақ рулары
мен тайпалары ақсүйектерінің бір бөлігі мен шоғырланып алған халықтың
дербес мемлекет құрмақ болған талаптарына батыл тойтарыс беріп отырды.
Өзара қырқыстар Қазақстан тайпаларын бытыраңқылыққа ұшыратты, олардың
біртұтас халық болып этникалық жағынан шоғырлануын қиындатты, өндіргіш
күштердің, соның ішінде адам қорының кемуіне әкелді, эконо-микалық
құлдырауға соқтырды. Қазақ халқын бытыраңқылықтан, саяси ша-шыраңқылықтан
шығару көкейтесті міндетке айналды. Бұл міндет Ақ Орда мен Моғолстан
құрылған кезеңде аз да болса шешілді, бұл кезеңдерде жергілікті феодал-
ақсүйектер өкімет билігін өз қолдарына алды да, сол арқылы түркі тілдес
тайпалардың мемлекеттік бірігуіне, қазақ халқының өріс алған қалыптасу
процесінің жаңғыруына жағдай жасады. Қарастырып отырған жағдайда Жәнібек
пен Керей бастаған қазақ тайпаларының Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан
көшуі бұл тайпалардың Ұлы жүз тайпаларымен саяси бірігуіне, Қазақ
хандығының құрылуына ең ақырында — қазақ халқының шоғырлануына қолайлы
жағдай тудырды.
Зерттеуші-тарихшылар, сондай-ақ көне заман оқиғаларына байланысты ізденіп
жүрген көптеген әуесқойлар Қазақ хандығы тарихын есептеу үшін қабылдаған
бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар. Бәрінен бұрын Та'рих-и Рашидиде
аталған көшу фактісі мен уақытына көңіл бөлінгені түсінікті. Бұл
мемлекеттің құрылуын XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей мен Жәнібектің
рулар мен тайпалардың бір бөлігімен Жетісуға кешуін бастау хақындағы пікір
деректемелерден қолдау таба алмады, өйткені көшу уақыты-ның өзі қосалқы
мағлұматтар арқылы белгіленген ғой(8).
Хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінін таралу
уақытын Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың Та'рих-и Рашидидегі
мағлұматтарына сүйеніп, В. В. Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870
жылы, XV ғасырдың 60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған (9).
Осы мағлұматты толық келтірейік. Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан
биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек хан мен
Керей хан одан Моғолстанға қашып кетті. Есен-Бұға хан оларды шын ықыласымен
қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округін
берді. Олар бұл жақта жақсы жайғасып алған кезде, Әбілқайыр өлген соң,
Өзбек ұлысы бұзылып сала берді: онда үлкен-үлкен шатақтар басталды. Оның
қол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті,
сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны екі жүз мың адамға жетті.
Олар енді өзбектер-қазақгар (өзбек-қазақ) деп аталатын болды. Қазақ
сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан басталады, бәрін де бір
Алла біледі.
Осы уақыт — хижраның 870 жылы — біздің жыл санауымыздың 1465—1466 жылдар
бес томдық Қазақ ССР-ның көне заманнан бүгінге дейін тарихында Қазақ
хандығының құрылған уақыты ретінде алынған.Бұл оқиға Жетісудың батыс
бөлігіндегі аумағымен байланысты деп көрсетілген. Қазақ тайпалары мен
руларының бір бөлігі Шығыс Дешті Қыпшақтан ондаған жылдар бойы тап осында
ауысып келген. Жетісуда іс жүзінде негізінен Моғолстан хандарының билігінен
шығып кеткен Ұлы жүз қазақтары қалыптасты. Моғолстанның жоғарыда аталған
ханы Есен-Бұға 1462 ж. өлгеннен кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы
тұра алатын нақты күш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан бұл кезде Ташкентте
жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым — Қазақ хандығының
дербес шығуы толық жүзеге асатын әлі дәлелді құбылыс еді. Оның пайда болуы
және қазақ басшыларының дербес шығуы үшін 1468 жылғы Әбілқайыр өліміне
байланысты Дештідегі оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ болатын. XV
ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында және одан кейінгі
жыддары қазақ хандарының билігі Қазақ хандығының құрамына енгізілген басқа
жерлері мен оны мекендеген халықтары, Түркістан (Оңтүстік Қазақстанның
Сырдариядағы қалаларының бір бөлігі) және Шығыс Дешті Қыпшақгағы ұлан-ғайыр
жазық далаларда бірте-бірте кең тарай бастады. Өзбек ұлысында әулет билігін
ауыстыру туралы ғана емес, қалыптасқан қазақ халқының дербес мемлекетінің
пайда болуы жайлы мәселе қойылды(10).
Оның негізгі тұрғындарының ұлттық атауына орай тұңғыш мемлекет, Қазақ
хандығының құрылу уақыты туралы мәселе ғылыми әдебиетте, ал қазіргі уақытта
публицистикада айтыс тудырып, үнемі ерекше көңіл бөлуді қажет етіп келеді.
Бұл мәселе осы мемлекетгің құрылған орнына да байланысты.
Қазақстан тарихы жөніндегі неғұрлым ертеректегі басылымдарда хандық-тың
құрылуы мен қазақ хандары билігінің Дешті Қыпшақгың шығыс бөлігіне таралу
уақыты 1500 жылдан кейін Мүұаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің
Мауараннахрға кетуіне байланысты оқиғалармен анықталады. Ол Мұхаммед
Шайбани өлген 1510 жылғы деп кейініректегі уақытпен де белгіленеді:
Шайбани өлген соң, оның өкімет билігі жолындағы күрестен Қолы босамаған
ізбасарлары далалық аудандардан қол үзіп қалды. Бұл өзбек хандығы
аумағындағы өкімет билігінің бірте-бірте қазақ хандары мен сұлтан-дарының
қолына көшуіне әкеп соқтырды. Қазақ хандары бұдан 50 жыл бұрын Жәнібек пен
Керей қашып барған Жетісудан батысқа қайтып оралды(11). Деректемелерден
ешқандай дәлелдердің табылмауына қарамастан қазақ билеушілері 1510 жылға
дейін қазақтардың негізгі этникалық аумағында ешқандай билік құра алмаған
болып шығады.
А. П. Чулошников Қазақ хандығы XV—XVI ғасырлар шебінде құрылды деп жазды.
Сөйтіп ол құрылу фактісін XVI ғасырдың басына жақындата түседі(12)
С.К.Ибрагимов дербес мемлекеттің түпкілікті құрылуын бұдан да кешірек
мерзімге — XVI ғасырдың 30—40 жылдарына әкеледі. Ол XV ғасырдың аяғына
қарай Жәнібек пен Керей ұлдары бастаған бірнеше феодалдық иеліктер ғана
бөлініп шықты да, жаңаша, яғни Қазақ хандығы деп аталған жеке көшпелі
мемлекеттің іргетасын қалады деп есептейді.
Қазақ халқының ортағасырлық тарихын зерттеуші көрнекті ғалым
Т.И.Сұлтановтың Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы пікірі көңіл
аудартады. Ол Қазақ хандығының құрылуы бір мезгілде жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
Қазақ хандығы дәуірі
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Түркістан қаласының қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету
Пәндер