Саяси-әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру процесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І.САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ. МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ...7
1.1 Саяси әлеуметтену: мәні мен қалыптасу тәсілдері ... ... ... ... ..7
1.2 Саяси әлеуметтік белсенділікті зерттеудің методологиялық негіздері ... ... ... .11

2. САЯСИ.ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІ (Қазақстан Республикасы мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1 Саяси . әлеуметтік белсенділікті қалыптастырудағы отбасы мен орта мектептің ролі ... ... ... 22
2.2 Жоғары оқу орнында саяси.әлеуметтік белсенділікті дамыту жолдары ... 35
2.3 Қалыптасқан жеке тұлғаның саяси.әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру жолдары ... ... ..43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҮНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І.САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Саяси әлеуметтену: мәні мен қалыптасу тәсілдері ... ... ... ... ..7
1.2 Саяси әлеуметтік белсенділікті зерттеудің методологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2. САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІ (Қазақстан
Республикасы мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ..22
Саяси - әлеуметтік белсенділікті қалыптастырудағы отбасы мен орта мектептің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..22
Жоғары оқу орнында саяси-әлеуметтік белсенділікті дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қалыптасқан жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

СІЛТЕМЕ
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 65
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің
егемендігін алуына байланысты республика өмірінің барлық саласында
түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Елімізде кең ауқымды терең экономикалық
жөне саяси реформалар жүргізілуде, қоғамымыз демократияланып, жаңа түрпатты
қатынастар орнауда.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемен және
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық
қоғам құру жолына түскен ел. Демократиялану процесінің әр елдің өзіндік
ерекшелігіне сәйкес түрлі кезеңдерде жүзеге асырылатыны белгілі. Осыған
орай қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық
құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеніңде даму үстінде. Осы тұрғыдан
алғанда, қоғам өмірінде демократиялық, азаматтық жіне саяси институттардың
өз-өзінен орныға алмайтыны белгілі. Олар қазіргі замаңдағы өзекті
мәселелерді шеше алатын, саяси, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа бағыт-
бағдарлары жетілген жеке тұлғаларға мұқтаж. Соған орай, қазақстандық
қоғамға саяси іс-шараларға белсене қатысатын, мемлекеттін мүшесі ретінде
өзінің міндетін орынддай білетін, жүргізіліп жатқан өзгерістеріді қолдайтын
саяси әлеуметтенген жеке тұлғалар қажет. Дегенмен, өмірде білімді, шешен,
белсенділігі төмен саяси жағынан хабары мол, немесе бейсаясатықты қолдаушы
және т.б. сан алуан адамдар кездеседі. Сондықтан бүгінгі таңдағы
қазақстандық қоғамның мақсаты –демократиялық құндылықтарды нысана ететін,
саяси-әлеуметтік тұрғыда белсенділігі зор, саяси әлеуметтенген жеке
тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.ӨйткеніҚоғамдық-саяси жүйенің барлық
саласы әрбір қоғам мүшесінен жоғары саналылықты, саяси процестерге белсене
қатысуды талап етеді. Осымен байланысты қоғамдық құрылымды дамыту барысында
жеке тұлғалардың саяси әлеуметтенуінің институттық тетіктерін қамтамасыз
етудің басты мәселелерін шешу қазіргі кездегі маңызды жайт. Ол үшін
отбасында, білім беру мекемелерінде, еңбек ұжымдарында, қоғамдық саяси
ұйымдарда саяси әлеуметтену агенттері арқылы қоғамдық өмірдін саяси,
эканомикалық, әлеуметтік және т.б салаларында қалыптасып жатқан
институттардын мәні мен маңызы, олардың құрылымдық негіздері мен қоғамдағы
қажеттілігі жайында айтылып, түсіндірілгені жөн. Сондай-ақ аталмыш мәселе
бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар мен радио арқылы насихатталуы
қажет. Міне, осындай іс-шаралар қазақстандық қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның
бойында қоғамның ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге, демократиялық
құндылықтарды орнықтыруға атсалысуға қызығушылығы мен талпынысының арта
түсуіне мүмкіндік береді.
Мемлекетіміз аяғына жаңа түрып келе жатқан кезде жас үрпақты нарықтық
экономика талаптарына сай бейімдеп, жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне
қосылуға бағыттап, демократиялық үрдіске сай тәрбиелеудің маңызы өте зор.
Бүл салада ең алдымен жалпы білім беретін орта мектеп пен жоғары оқу
орындарының алар орны ерекше.
Еліміздің егемендігін баянды ететін, оның нық нарықтық жолға түсіп,
демократиялылығын дамытатын негізгі қозғаушы күш -жастар. Бүл жөнінде
жастардың 1996 жылғы форумында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Әр буынның
өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта
өмір сүру үлесі тиді жөне сіздер елді көтере аласыздар... Қуатты күш
болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық
жариялай отырып, жастар жүргізіп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады"
-деп, республикамыздың жастарына үлкен сенім білдірді(1(.
Жаңа саяси жағдайда өмір талабын кешегі күні өткен тоталитарлық жүйенің
сүраныстары шеңберінде шешуге болмайтындығы белгілі. Ол үшін еліміздің
азаматтары жаңа саяси жүйе түжырымдаған қоғам мақсатын жүзеге асыратындай
бағдар үстап, бойына жаңа саяси құндылықтар игілігін сіңіріп, адамгершілік
сапаға ие болуы керек. Мүндай ардақты борышты біздің жастарымыз сапалы
білім алып, берік саяси сана қалыптастырып, отансүйгіш, ұлтжанды болып,
отанының мызғымастығын, түтастығын қорғауға, сол жолда жоғары саяси-
өлеуметтік белсенділік танытса ғана ақтай алады. Сондықган елімізде жаңа
саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты ғылыми негізделген жастар саясатын
жүзеге асыру талабы туындап отыр.
Өтпелі кезеңде ұлттық және жалпыадамзаттық сапалы қүндылықтарды бойына
сіңірген, жоғары саяси-өлеуметтік белсенділік танытатын түлғаны төрбиелеу,
әсіресе, жас егеменді еліміз үшін өте қажет. Еліміздің егемендігі оның
өркендеуі мен гүлденуі үшін ерінбей еңбек етіп, қажымас қайсарлық
көрсететін саяси белсенді түлға қалыптастырғанда ғана баянды болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси әлеуметтену және саяси белсенділік
мәселесі қоғамдағы күрделі әлеуметтік-саяси жүйені, саяси институттарды,
саяси процестер мен
партиялық жүйенің қалыптасуын зерттеп жүрген белгілі
саясаттанушылар Т.Т.Мустафиннің, И.Н.Тасмағамбетовтың,
Ә.Н.Нысанбаевтьщ, К.Н.Бурхановтың, Б.Г. Аяғанның, Л.С.
Ахметованың, Л.А. Байдельдиновтың, А.С.Балғымбаевтың,
Н.Ж.Байтенованың, К.У.Биекеновтың, А.Х.Бижановтың,
Л.М.Иватованың, Ғ.Ж.Ибраеваның, А.В. Соловьевтің, К. Л. Сыроежкиннің, М.
С. Машанның зерттеул ерінде бұл мәселелерге де көңіл бөлінген болатын(2(.
Саяси өлеуметтену жөне саяси белсенділік кеңестік кезеңде де біршама
зерттелген тақырыптардың бірі болатын. Бірақ бүл мәселеге тек бір жақты
көзқарас тұрғысынан қарап, яғни коммунистік идеологияны жүзеге асыру
ерекшеліктері мен коммунизм қүрылысшысының бейнесін жасаумен ғана шектеліп
отырды. Сондықтан мұндай жағдайда саяси-әлеуметтік белсенділіктің шынайы
бет-бейнесін көрсетіп, сырын ашу мүмкін емес болатын. Алайда жеке адамды
қалыптастыру, жас үрпақгы саяси әлеуметтендіру, болашаққа бағыт-бағдар
сілтеу жөне басқа идеялық тәрбие беру мөселелері кеңес өкіметі кезінде
В.А.Ануфриев, И.В.Бестужев-Лада, И.С.Кон, ААКоробейников, М.Н.Руткевич,
М.Х.Титма, Э.А. Саар, Ф.Р.Филиппов, Е.Б.Шестопалдың және басқа ғалымдардың
еңбектерінде орын алады(3(. Бүларда негізінен бүрынғы таптық идеологияның
ыңғайына қарай социалистік саяси сана, оның қүрылымы, өлшемдері,
объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың ара қатынасы,
социалистік құндылықтар жөне басқа мөселелер қарастырылғанымен, бүл
тақырыпты зерттеуге өзіндік үлес қосқан еңбектер болғанын айта кеткен жөн.
Бүл кезде республикамыз шеңберінде Р.Б.Абсаттаров пен Б.К.Байлярованың,
В,В- Трошихиннің, О.Н.Белоустың, Қ.Ахметов-тың, О. Нүсқабаевтың
еңбектерінде біз кдрастырып отырған мөселенің кейбір қырлары зерттелді(4(.
Бір куанарлық жай - еліміз егемендігін алғаннан бері, біз
қарастырып отырған мәселеге өр түрлі жағынан қатысы бар тың
еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына Р.Қ.Қадыржанов пен
С.Н.Нүрмүратовтың, Ә.Қ. Ахметовтың, А.Е.Әбілқасымованың,
Қ.Е.Көшербаевтың, М.Х.Рахымбектің, Е.Е.Бурованың,
Г.Т.Уранхаеваның, Р.С.Салыкжановтың, Г.ОАбдикерованың, Р.Ш.Сабированың,
Т.Ж.Қалдыбаеваның, Л.Н.Қасымованың, Б.Туреханованың, Е.Ертісбаевтың
жүмыстарын қосуға болады(5(. Аталған авторлардың еңбектерінде
республикамызда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жан-жақты талдау
жасалады, саяси әлеуметтенү, саяси белсенділік, жоғарғы білімнің жағдайы
мен даму тенденциясы, оның ролі мен мазмүны, даму
стратегиясы қарастырылады, социологиялық зерттеу материалдары беріледі.
Саяси әлеуметтену мөселесі саяси ғылымдарда да арнайы зерттеле бастады.
Олардың қатарында МАСейтасқаровтың "Кдзақстанда саяси жүйенің жаңғыруы
жағдайындағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері", Е.Әбдірайымовтың "Оку-тәрбие
процесіндегі студенттердің саяси бағдарларының қалыптасу ерекшеліктері",
С.А.Қасабековтың "Политическое становление человека (теоретико-
политологический аспект)", Ш.Омаровтың "Политические процессы в молодежной
среде", Т.К.Биғожановтың "Политические аспекты формирования у молодежи
культуры межнационального общения в Республике Казахстан" деген ғылыми
зерттеулерін атауға болады(6(.
Тұлганың саяси өлеуметтену жөне саяси белсенділік мөселелері
постсоциалистік кезеңдегі Ресей зерттеушілері А.Андреевтің, Е.А.
Ануфриевтің, Г.В.Шешукованың, Иванов В.Н. және В.Г.
Смолянскийдің, М.Р. Холмскаяның, А.И.Щербининнің, Е.Я.
Сергееваның, Н.В.Астраханцеваның, Э.В.Черняктың,
Г.Г.Дилигенскийдің, М.В.Ильиннің еңбектерінде де жан-жақты
қарастырылған(7(.
Жалпы саяси өлеуметтену және саяси белсенділіктің зерттелуіне шет елдік
ғалымдар көп үлес қосты. Г.Алмонд, Н.Смелзер, Ежи Вятрдың, Д.Истон,
П.Сорокиннің еңбектері саяси социологияның негізін қалады десе де
болады(8(.
Тоталитарлық жүйеден шыққан Қазақстан қоғамындағы саяси әлеуметтену
мәселелерін зерттеудің енді негізі кдлануына байланысты және саяси
белсенділік мәселесін жаңа тарихи жағдайда зерттеуге арналған еңбектердің
болмауы бұл процесті түтас, кешенді түрде қарастыруды қажет етті. Сондықган
осы зерттеуде жас мемлекетіміз аяғына нық тұрып кетуі үшін оның берік
материалдық және рухани негізін қалайтын саяси белсенді тұлғаны
қалыптастыру мәселелері алғаш қарастырылып отыр.
Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері. Бір қоғамдық қүрылыстан
екіншісіне өткен өтпелі кезеңде бүрынғы саяси-әлеуметтік принциптер,
ережелер, үстанымдар өзгеріп, жаңа сүраныстар пайда болады. Соған сәйкес
еліміз егемендігін алғаннан кейін өскелең үрпақты, жастарды, ересек
адамдарды жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне қосу, жаңа өркениетті өмір
қүру, сол жолда аянбай еңбек етіп, белсенділік таныту талабы туады. Осыған
орай зерттеу жүмысының негізгі мақсаты- республикамыздың өркениетті дамуы
үшін жоғары саяси-әлеуметтік белсенділік таныта білетін жаңа түлғаны
қалыптастыру жолдарын зерттеу және осы мәселеге байланысты әртүрлі
тұжырымдамалар мен көзқарастар қалыптасты талдау. Бұл мақсат зерттеу
жүмысына мынадай нақты міндеттер қояды:
Қазақстандағы саяси әлеуметтену процесінің мазмұны мен
кезеңдерін, мақсатын нақгылау;
саяси өлеуметтену нәтижесінде қалыптасатын саяси-өлеуметтік
белсенділікке түсініктеме беріп, бүл мөселенің қашан және неге
байланысты өткір қойылған себептерін ашу, оның қүрамына
кіретін компоненттерді жөне негізгі бағыттарын көрсету, саяси
процеске араласу деңгейін білдіретін әлеуметтік көрсеткіштерді
анықгау;
жас үрпақгы отбасында саяси-әлеуметтік белсенділікке
тәрбиелеуге байланысты іс-әрекеттер мен қызметтердің негізгі
бағыттарын, сонымен қатар мүндағы үлттық мөдениет пен
халықтық педагогиканың рөлін ашып көрсету;
жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды саяси
өлеуметтендіруге, қоғамымыздың демократияланып, нарықтық
экономикаға өту жағдайында олардың бойларында қажетті саяси
қүндылықтарды қалыптастыру, сол жолда әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің қызметі мен алатын орнын анықтау,
оның тиімді әдіс- тәсілдерін пайымдау;
студент жастардың саяси қалыптасу ерекшеліктерін, оған қажетті
саяси қасиеттер мен сапаларды меңгертудің түрлері мен
жолдарын республикадағы сауалнамалардың қорытындылары
бойынша саралау, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін
арттырудың әдістерін қарастыру;
орта және жоғары білімнің жай-күйі мен даму үрдістері,
Қазақстандағы білім реформаларының жолдары, орта және
жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттарын анықтау,
оларды ізгілендіру, гуманизациялау және гуманитарландыру,
идеологиясыздандырудың мөнін пайымдау;
ересек адамдардың саяси билікке араласу, ықпал ету жолдарын,
саяси-әлеуметтік белсенділігінің ерекшеліктерін, оны арггыру
жолдарын зерделеу, болашақтағы Қазақстан қоғамының саяси
және экономикалық түрақтылығын қамтамасыз етіп, өркениетті
дамытатын жаңа түрпатты түлғаны қалыптастырудың ғылыми
негізделген тиімді әдіс-тәсілдерін саралау;
түлғаның саяси қалыптасып, саяси-әлеуметтік белсенділігін
арттыруда отбасында, жалпы білім беретін мектепте, арнаулы
орта мектепте, жоғары оку орнында және ересек кезде
жүргізілетін жүмыстардың сабақгастығын сақтай отырып,
жоғары саяси сананы калыптастыруда адамның өзін-өзі
тәрбиелей, жетілдіре білуінің негізгі түрлерін анықтау;
өтпелі кезевде саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға кедергі
болатын негізгі қиыншылықтар мен кдйшылықгар жөне оларды
жою жолдарын айқындау.
Зерттеу обьектісіне саяси әлеуметтену процесі мен кзеңдер барысында
тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігінің қалыптасу мәселесі алынды.
Бітіру жұмысының пәні болып жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігі
алынды.
Деректік негізі ретінде Қазақстанның саяси дамуы скеріле отырып, жалпы
адамзаттық құндылықтар жүйсі алынды, саяси ілімдердегі белгілі ториялық-
методологиялық әдістер үлгісі пайдаланылды, талдау және жинақтау, тарихилық
пен логоикалықтың бірлігі, жүйелілік, сабақтастық принциптері қолданылды.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
еңбектеріндегі, Қазақстан Республикасы Конституциясындағы, Білім туралы,
Жоғарғы білім туралы Заңдарындағы, білім саласындыға мемлекеттік
саясаттың нормативтік-құқықтық құжатарында көрсетілген қағидалары
басшылыққа алынды. Сонымен қатар шетелдік саясаттанушылар ЕжиВятердың,
Д.Истонның, Н.Смелзердің, П.Сорокиннің, отандық ғалымдардың ңбектрі
жұмыстың теориялық тұжырымдамасын нақтылауға көмектесті. Зерттудің мақсаты
мен міндеттеріне сәйкес арнайы саяси-әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері
дерек ретінде алынып саяси ғылымдағы және қоғамдық ғылымдарда басылымдардың
матриялдары, статистикалық органдардың мәліметтері де қолданылады.
Бітіру жұмысының құрылымы және көлемі.Дипломдық еңбек кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан жөне пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.
Жұмыстың жалпы көлемі 66 бет.
I.САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ- МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Саяси әлеуметтену: мәні мен қалыптасу тәсілдері
Қазіргі әдебиеттерде жалпы түрде саяси әлеуметтену деп жеке адамның
саясатқа тартылуы процесін түсінеміз.
Батыстық саяси ғылымдарда саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу
саласы болып кейінгі уақытта, XX ғасырдың 50-ші жылдары аяғы және 60-шы
жылдары басында қалыптасты. Сол кездерден бастап зерттеушілердің адамның
саяси процеске ену заңдылықтарын, оның саяси мінез-құлқының және санасының
генезисін зерттеуге қызығушылықтары арта түсті. Бұл қызығушылықтардың арту
себептері бірнешеу. Біріншіден, батыс елдеріне соғыстан кейінгі жылдары
саяси құндылықтары мен мақсаттарды ұрпақтан ұрпаққа өткізу тетіктерінің әр
түрлі істен шығулары байқалады, әкелер мен балалар мәселелерінің ұшығуына
әкелетідей 1986 жылы европа елдерінде жайылған студент жастар толқуын,
хиппи, битолман, жалтырбас-неонацистер және т.б пайда болуын еске
түсірейік.
Екіншіден, 60-шы жылдардың соңында батыс елдерде әлеуметтік эканомикалық
процестер сипаты елеулі өзгеріп, постиндустриялды (индустриялнудан кейін)
даму деп аталды. Бұл өзгерістер еңбектің сипатына, отбасылық қатынастарға,
білімнің сапсы мен мазмұнына елеулі әсерлерін тигізеді. Бұл процестердің
барлығы жастардың әлеуметтенуі шарттарын тікелей болсын, жанамалай болсын
өзгертіп отырады.
Бір партияның және бір идеологияның жалғыз билеуі іске асып тұрған.
Кенестік Одақта, саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси тәрбие, саяси
оқу және насихат міндеттері призмасы арқылы қаралды. Саяси әлеуметтену
деген түсініктің өзі буржуазиялық ғылыми бағыт деп жарияланып, кеңестік
саяси әлеуметтік әдебиеттерде қолдануға тыйм салынды.
80-ші жылдардың ортасында батыстық идеологтар осы түсініктер арқылы
балалардың және жастардын сансына әсер жасайды және оларды өз
идеологиясының ықпалында ұстай отырып мемлекеттік монополистік
капитализмге көмектесуге ұмтылады деп тұжырымдалды.[1]
Біздінше саяси әлеуметтену атауы оған мазмұны жағынан жақын тәрбиелеу,
өзін-өзі тәрбиелеу, жеке адамның қалыптасуы деген түсініктерден әлдеқайда
кең жатыр. Егер жеке адмның саясатқа енуін мазмұны бойынша жеке адамның
әлеуметтенуі мен дербестенуінің өз ара әсері ретінде қарастырсақ, онда
қарастырылып отырған түсініктерді маңыздылғына қарай былай қарастырылуға
болады: саяси әлеуметтену – саяси тәрбие –саяси өзін-өзі тәрбиелеу – жеке
адамның саяси қалыптасуы.
Бұл қатарда саяси әлеуметтену жеке адамның бүтіндей саяси қалыптасуы
процесін сипаттайтын ең ауқымды түсінік болып табылады. Мұнда саяси өмірдін
саналы түрде меңгерілген түрлері және тәсілдерімен бірге, нәтижесінде жеке
адамның маяси мәдениетпен қатысты және саяси қоғамның толыққанды мүшесі
болатындай алдын-ала ескерілмеген, спонтанды әсерлері де кіреді.[2]
Саяси тәрбие саяси әлеуметтенудің жалпы барысының дербес жағда йы болып
табылады және жеке адамға мақсатталған, жоспарланған ықпалдар жүйесін, оған
әлеуметтік мәні бар саяси құндылықтар мен тәртіп үлгілерін ұсыну барысын
білдірді. Бұл тұрғыда саяси тәрбие әлеуметтенуді іске асырудың басты
жолдарының бірі болып табылады.
Саяси өзін-өзі тәрбиелеу – бұл адамның жоғарғы дәрежеде түсіне отырып,
өзінің саяси мәдениеті мен саяси Менің жетілдірудегі өз бетінше әрекеті.

Саясаттану тарихында саяси әлеуметтену түсінігінің өзі социологияға
XIX ғасырдың соныда адмның әлеуметтік табиғаты дамуын белгілеу үшін алғаш
рет қолданылған әлеуметтену түсінігімен ұқсас пайда болды. Қазіргі
әлеуметтік әдебиеттерде әлеуметтену деп, жеке адамның обьективті қоғам
(топ, социум) дүниесіне жан-жақты және біртңндеп енуі барысын түсінеміз.
Осыған ұқсас саяси әлеуметтену түсінігі қазіргі саясатануда жеке адамнын
саясаттын обьективті әлеміне ену процесін көрсету үшін қолданылады.
Жеке адамның саясатқа енуінің қазіргі политологиялық концепциясының
теориялық-методологиялық негізін құрайтын бүгінгі социология мен
психалогияда өмір сүріп келе жатқан, әлеуметтену мәселелріне ыңғайлардың
(подход) бірнеше түрін талджап қарайық.
1. Мәдени әлеуметтік жол (подход). әлеуметтену мәдениеттің ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізілуі түрінде, сонымен бірге ортаның бейберкет (стихиный)
әсері мен тәрбие және білім сияқты ұйымдастырылған ықпалдарды қамтитын
әлеуметтік мұрагерліктін жалпы тетіктері ретінде қарастырылады. Әлеуметтену
мәселесіне келудін бұл жолы саяси әлеуметтенудін мазмұнын қоғамның саяси
мәдениетін қалыптастыру мен жанғырту деп түсінетін шетелдік және отандық
саясаттануда кенірек қолданылды.
2. Факторлық институттық жол. Әлеуметтену өзінің әр түрлі қозғаушы
күштер, институтар және агенттер әрекеттерінің жиынтығы анықталады. Бұл
жолдың негізінде Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Р.Мертондар жасаған әлеуметтенудің
құрылымдық-функционалдық нұсқасы жатыр. Бұл социологтар жеке адамды
әлеуметтік жүйеге тіркейтін тетіктердді іздеуге еркше көніл бөлді.
Әлеуметтену бөлген жол шеңберінде әлеуметтік ролдерді игеру, енжар адамның
мінез-құлықтын дайын стандартарына бейімделуі, мақсаттар мен мінез
үлгілерінің бір ұрпақтан келесіне берілуі тұрғысында қарастырылады. Бұл
әлеуметтік концепция қазіргі саясаттануда саяси әлеуметтенудін мәнін ашу
мен анықтау үшін кеңінен қолданылады.
Ресей саясаттанушылары В.Пугачев пен А.Соловьев саяси әлеуметтену мәнін
былай анықтайды: адамдардын берілген саяси жүйеге қалыптасып және онда
белгілі бір саяси міндеттердін атқаруына мүмкіндік беретіндей қасиеттер
және ерекшеліктер қалыптастыруға әкелетін тұрғылық және рөлдік
талаптарды, мәдени құндылықтар мен бағдарларды меңгеруі саяси әлеуметтену
деп аталады.
3. Әлеуметтік – психологиялық жол. Әлеуметтену адамдар арасындағы өзара
әсер мен араласу нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл тәсіл негізінде Дж.
Мидтің, Ч.Кулдың, У.Томастың символикалық интеракционизм социологиясы
жатыр. Бұл әлеуметтік мектепке сай адам өзі тиісті әлеуметтік тұтастықтан
жасалған. Осыдан әлеуметтену процесін талқылау принціпі шығады – ол
берілген әлеуметтік тұтастықтан, күрделі топтық әрекеттен, яғни араласу мен
әлеуметтік өзара әсерден бастау.
Осылайша Дж.Мид жеке адамның екі құрылымдық элементтерін ажыратты – I
және МЕ. I – бұл жеке адам құрылымындағы қайталанбайтын, шығармашылық
элемент. МЕ – бұл адамда басқалардан не бар, сол. Әлеуметтену МЕ арқылы,
яғни әлеуметтік бақылаудың тұлғасы болып табылатын басқа жалпылама образ
арқылы жүреді. Әлеуметтік процесс басқа жалпылама түрінде ғана оған
тартылған және оны қорғайтын индивидтердің әрекетіне әсер етеді, яғни
қауымдастық өзінің жеке мүшелернің тәртібін бақылау жасайды, себбі
әлеумттік процесс тура осы түрдегі анықтаушы фактор сипатында жеке адам
ойламына енеді [3]. Қысқаша айтқанда, егер жеке адам өзіне ұсынылған топта
болу тәртібі үлгілерін меңгрген жағдайда қоғам жеке адамды ти імді басқара
алады.
Саясаттанушы Р.Қадыржанов жке адамның басқа саяси жүйеге қатысты
бағдарындағы үш кезеңді айырып көрсетеді: саяси етенелестіру
(идентификация), саяси снім және ойын ережесі. Саяси етенлестіру
индивидтің өз жауапкершілігі мен міндттілігін мойындайтын саяси қауымға
және әлеуметтік топқа тиістілік сезімі деп түсінеміз. Саяси сенім
индивидтің азматтық өмірде өзглермен ашық, бірлскен шыдасты өзара ірекетке
дайындығын, сол сияқты индивидтің басқа адамдармен топтардың саяси өмірде
онымн бірлесе қызмет істеуге дайындығына көз жеткізуін білдірді. Ойын
ережесіне индивидтің азаматтық өмірде өзі бағынуы тиіс режелерді сезінуі
жатады[4]. Еңк бастысы, бұл жерде топтарға, немесе партияларға бағдар жасау
жеке адам мен Біз түріндегі жүйенің арасындағы маңызды субьективті
түйісулерді блгілйтінің көрсту қажет. Ондай сезім қалыптаспай бір де бір
саяси институттын, партияның, немесе ұйымның топталуы мүмкін емес.
4. Психоаналитикалық жол. Әлеуметтену деп ережелерді, құндылықтарды,
нұсқаларды, мәдениет және бүтіндй қоғам өндірген стереотиптерді игеру
арқылы жеке бақылаудың дамуын, ішкі реттегіш жүйелерді, мінез түрлерін
жасауды түсінеміз. Бұл ішкі ретегіштер адмның білдіруші инстинктерін
игеруге (билік инстинктері, сексуалды инстинктер) және оларға бақылау
жасауға қажет.
Бұл әдіске сай саяси әлеуметтену ісі – бұл саяси және
әлеуметтікбақылауларды арнайы уәкілдер арқылы (бәрінен бұрын отбасы) жеке
адамға біртіндеп көшіру болып табылады. Алайда, психологиялық талдауға сай,
саяси мінездідің басты қозғаушы күші бәрібір инстинкт болып қалады.
5. Персоналық жол. Әлеуметтену әлеумттік ортаға қалыптасумен ғана
шектліп қоймайды, сонымен бірге жеке адамның өзіндік шығармашылық жүзеге
асыруы (самореализация), өзін жаңартуы, өзін өзі тәрбиелеуі болып табылады
(Ж.Пиаже, Дж.Адельсон, С.Реншон және т.б).
Қазіргі әдебиеттердегі әр түрлі анықтамалар мен тәсілдерді талдау
негізінде саяси әлеуметтену екі жақты поцестрден тұрады деп тұжырым жасауға
болады: бірінде ол саяси жүйе талп еткендей жеке адамныяң белгілі бір
ережлерді, құндылықтарды меңгеру дәржесін қадағалап отырса, екіншісінде
жеке адамның осы ережелермен құндылықтарды өзінің мінз құлқында, санасында
бекіте отырып, қалауынша игргенің көрсетеді.
Саяси әлеуметтену мәселесіне обьективті жақындау барысында мынандай
логикалық реттілік сақталуы тиіс:
1. Әлеуметтенудің біз қолданбақшы қоғам ерекшелігіне жақын әлеуметтік
нұсқасын таңдау. Осы арқылы біз нұсқаның түсінік беру және мәнің ашу
қабілетін бөліп аламыз.
2. Әлеумттенудін институттары мен уәкілдері орындайтын міндеттерді
айқындауға мүмкіндік бертін әлеуметтенудің макроәлеуметтік дңгейлердегі
субьектін және обьектін шекту.
3. Саяси әлеуметтену процесінің мақсатын, мазмұнын, тәсілдерін және
құралдарын айқындау.
Саяси әлеуметтнуді зерттеудегі субьективті жақындаудың да өзіндік
міндет логикасы бар:
1. Жеке адамның қайсы қоғамда болмасын басым болып келетін
психологиялық нұсқасын таңдау (мысалы, Э.Фром сипаттама бергендей кңестік
қоғамда жеке адамның авторитарлық типі кең тараған).
2. Осы типтегі жеке адамның әлеуметтік-психологиялық тұжырымдамасына
талдау жасау.
3. Өзгермлі әлеуметтік -саяси жағдайдағы жеке адамың зерттелуші типінің
етенелесуі мен бейімделуі дағдарысы және оның саяси мінез-құлқының мүмкін
түрлрі.
Сайып келгенде, көптеген қоғамдық қатынастардың ішінде
жоғарыда көрсетілген үш сала адамның адам болуына, қоғамдық
өмірге енуіне, рухани жан-дүниесінің дамуына, саяси тұлға ретінде
қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар жас жеткіншек
белгілі бір жерде, тарихи дәуірде, әлеуметтік және этникалық
ортада өседі, оқу оқып, тәрбие алады. Соның бәрі жинақтала келе
адамның болмысын байытып, өзіне тән мінез- құлқын,
адамгершілік қасиеттерін, қайталанбас жан – дүниесін қалыптастырады.
Саяси-өлеуметтік белсенділік саяси өлеуметтенудің нәтижесі болып
есептеледі. Сондықтан да автор саяси әлеуметтену ұғымының мазмұнын ашуға
үлкен көңіл бөлген. "Саяси өлеуметтену" үғымы 50-жылдары Г. Хайманның
зерттеулерінің арқасында ғылыми айналымға енді [4]
Осы кезге дейін Батыс ғалымдары өлеуметтенуді зерттеуге арналған
социология мен психологиядағы зерттеу стратегиялары қүрылып, мынадай
үлгілер жасалған болатын:
І.Әлеуметтену инкультурация ретінде
2.Әлеуметтену жеке бақылаудың дамуы ретінде
З.Әлеуметтену түлғааралық қатынастың нәтижесі ретінде
4.Әлеуметтену рольдік жаттығу ретінде
5.Әлеуметтену әлеуметтік үйрету ретінде
б.Әлеуметтенудің когнитивтік моделі [5]
Саяси өлеуметтенуді зерттеу осы үлгілердің өр түрлі қосылыстары
негізінде дамыды.
Түлғаның саясат әлеміне енуі туралы саяси зерттеулер қазіргі кезеңде екі
бағытта дамып отыр. Біріншісі дөстүрлі саяси теориядан бастау алатын
институционалды талдау бағыты. Бүл бағытта сипаттамалық өдістер мен
мәселенің философиялық және тарихи жағына басым. Ал екінші бағытқа іс-
өрекет немесе бихевориалдық бағытты жатқызуға болады.
Саяси белсенділік кең және тар мағынада қолданылады. Ол жоғарғы, орташа
және төмен дәрежедегі белсенділікке б Ал енді саяси әлеуметтену үғымы
туралы анықтамалар да оның әр түрлі қырын ашуға бағытталған. Г.Алмонд саяси
өлеуметтенуді "индивидтің саяси мөдениетке кіріспесі" деп есептейді
Ресей ғалымы Г.Б.Шешукова саяси өлеуметтену мазмүны жағынан үрпақтан
үрпаққа қүндылықтар, нормалар, іс-әрекет үлгісін беру процесі деп
есептейді. Сонымен бірге саяси әлеуметтенуді өлеуметтік бақылаудың бір түрі
ретінде қарастырады
Америкалық саясаттанушы Ф. Гринштейн саяси әлеуметтену үғымын мына
жағдайларда қолдануға болады деп есептейді:
І.балалардың саяси бағдарын зерттеу барысында;
2.қоғамдағы басым нормалар мен ережелерді зерттегенде;
З.әр түрлі саяси теориялардың азаматтардың өмірінің өр түрлі кезендеріне
әсерін зерттегенде;
4.әлеуметтендіру институттарының қызметіне бақылау жасаған кезде19.
Сонымен саяси өлеуметтену саяси қүндылықгарды қабылдау, саясаттағы "ойын
ережесімен" танысу және соған сай іс-әрекет ету немесе оны өзгертуге
үмтылу. Саяси өлеуметтенудің нөтижесінде түлға қоғамдағы басты идеяны
жүзеге асырушыға айналады. Қоғамды дамытудың прогрессивті идеясын
жүзеге асырушыны біз саяси-әлеуметтік белсенді тұлға деп атай аламыз.
"Саясаттанудың энциклопедиялық сөздігінде" көрсетілгендей, "саяси-
әлеуметтік белсенділік деп әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың саяси,
әлеуметтік- экономикалық тәртіпті немесе институттарды жетілдіруге,
өзгертуге байланысты атқарған іс-әрекетін айтады" 21, 259 б.. Алайда
адамдар өзі өмір сүріп отырған қоғамдық құрлысты жетілдіру, өзгерту үшін
ғана емес, оны сақтап қалу үшін де саяси- әлеуметтік белсенділік көрсетуі
мүмкін. Бұл пікір аталған энциклопедияда көрсетілмесе, келесі сөздік оны
толықтырған. Онда оған мынадай анықтама беріліпті: "Саяси- әлеуметтік
белсенділік- адамдардың немесе саяси- әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің
өмір сүріп отырған қоғамдық өмірдің әлеуметтік және саяси құрлымын сақтауға
немесе өзгертуге бағытталған саналы, мақсатты тіршілік әрекетінің көрінісі"
22,15 б.. Алайда, біздіңше, профессор В.Ф.Халиповтың редакциясымен шыққан
"Саясаттану сөздігінде" берілген анықтама дұрысырақ сияқты. Онда: "Саяси
белсенділік- тұлғаның, топтың, әртүрлі саяси күштердің белгілі бір
әлеуметтік- экономикалық және саяси мақсаттарға жетуге бағытталған табанды
іс- әрекеті,[7]-делінген. Мұнда саяси- әлеуметтік белсенділіктің мәні
ашылып берілген.

1.2. Саяси - әлеуметтік белсенділікті зерттеудің методологиялық
негіздері
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы- ғалымдарды өте ертеден толғандырып
келе жатқан мәселе. Ол туралы ғылыми әдебиетте неше түрлі пікірлер мен
көзқарастар бар. Мәселен, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель
адамның дамуын маңдайға алдын-ала жазылған тағдырмен байланыстырып, оны
тұқым қуалаушылық табиғатынан деп түсіндіреді. Аристотель кұл болушылықты,
қоғамда бағынушы мен бағындырушы болуын заңды құбылыс деп санады. Сондықтан
қүлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Тұқым қуалаушылық теориясын негіздеп, уағыздаушы ілімнің бірі -
преформизм. Оны жақтаушылар жыныс клеткаларында ұрықтың дамуы мен одан
пайда болатын организмнің белгілерін алдын-ала анықтайтын материалдық
қүрылымдар бар деп санайды. Сондықтан жеке адамның дамуы соған байланысты
деп пайымдайды.
Америка ғалымдары Эдуард Торндайк (1874-1949), Джон Дьюи (1859-1952)
және басқалар да жеке адамның дамуын оның генімен тікелей байланыстырады.
Сондықтан баланың дене бітісі, ақыл-ой ерекшеліктері адамға туа бітеді деп
қарайды.
Бұл аталған бағыттар мен ғалымдар жеке адамның дамуын негізінен
биологиялық себептермен тусіндірсе, басқа ғалымдар бірінші кезекке қоғамның
рөлін қояды. Мәселен, оған утопиялық социализм негізін салушылар- ағылшының
гуманист — ойшылы Томас Мор 1478-1535 және италиян ойшылы Томмазо
Кампанелла 1568-1639 жатады. Олар жеке адамды дамытуда оны оқытып, білім
беру шешуші рөл атқарады деп дәлелдейді. Бұл процессті утопиялық
социалистер еңбекпен ұштастырады
Олардың бүл саладағы идеяларын XIX ғасырда А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн
сияқты утопист- социалистер қостады. Олар балалардың жан-жақты дамуы,
жарасымды жетілу тәрбиеге байланысты деп тұжырымдады. Еңбек пен тұрмыстың
адамгершілік нормалары адамның кәміл сеніміне, дағдысына, өмірлік қажетіне
айналуын қалады.
Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлығы, көмегі, тәрбиесінің нәтижесінде
ғана жас бала адам қалпына келіп, ақыл-ойын толықтырып, түлғаға айналады.
Өмірде әр түрлі себептермен кішкентай сәби балалар жыртқыш аңдардың
ортасына түсіп, солардың ортасында тіршілік еткендіктері тарихтан белгілі.
Солардың барлығында балалар адамдық қасиеттерінен айырылып, толығынан
жануарлар қатарына қосылып кеткен. Төрт аяқтап еңбектей жүгіріп, суды жұтып
ішуге үйренген, айналасындағы жануарлардың іоқимыл, әрекеттерін қайталап,
соларға еліктеген. Ал кезінде олардың да дені сау, еңбекке бейім, сөйлеу,
екі аяғымен тік жүріп кету мүмкіндігі оларда да болған ғой. Демек,
биологиялық факторлар мен себептер өз күшімен адамға адамдық қасиет, тағдыр
тудыра алмайды екен. Бір ғажабы олардың бірталайын адамдар ұстап, арнайы
күтіп, тәрбиелеп- бағып, үйретіп, адам қалпына келтірмек болған ғалымдардың
талпынысынан жөнді нәтиже шықпаған. Олар адам қоғамында өскен тұлғалардай
бола алмаған. Бұдан ғалымдар биологиялық тұқым куалаушылық тек таза
табиғатқа- генге байланысты екендігін, ал әлеуметтік тұқым қуалаушылық
ұрпақтан- үрпаққа, халықтан- халыққа, ғасырдан- ғасырға ұласып отыратынын
және ол өмір сүру, күнделікті іс- әрекет, тәжірибенің арқасында
ауысатындығын дәлелдеді. Демек, адам әзінің адамдық қасиеттерін өзі сияқты
адамдар арасында, қоғамдық ортада ғана қалыптастырып, дамытады, яғни "кісі
дегеніміз- бүл жаңа сападағы индивидтің, өзімен бірге іштей тумаған,
белгілі тарихи- мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-
психологиялық және моральдық қасиеттері қосындыларының иесі, ақиқат
болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі" 10,
180 6.1. Адам өзінен-өзі қоғамдық өмірге бейімделіп, араласып, сіңісіп кете
қоймайды. Бұл туралы кезінде мектептерде қызмет етіп, педагогикалық
еңбектер жазып қалдырған қазақтың майталман ақыны М.Жұмабаев: "Жер
жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз,
зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны
жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған
айқайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Мінекей, адам баласы осылай өте
әлсіз боп туып, аса баяу өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп,
өсуіне көмек көрсетпей, яғни оған тәрбие қылмай болмайды, - деген.Ол үшін
балны даярлау керек. Бұл процесті ғылыми тілде жас ұрпақты әлеуметтендіру
деп атайды. Мәскеудің шығарған "Қысқаша әлеуметтік сөздігінде" оған мынадай
анықтама берілген: "Әлеуметтендіру дегеніміз — белгілі бір қоғамға,
әлеуметтік қауымдастыққа, топқа тән мінез — құлық үлгілерін, құндылықтарды,
қалыптарды, нұсқаларды, іс-әрекет жасау үлгілерін оқу, игеру арқылы
тұлғаның қалыптасу процесі [8]"Әлеуметтену" үғымына берілген мүндай
анықтаманы басқа сөздіктерде де кездестіруге болады13.
Алайда бұл анықтамамен профессор Г.М.Андреева келіспейді. Ол
"әлеуметтену" ұғымын кең ауқымда қарап, екі жақты процесс ретінде
сипаттайды. Бір жағынан бұл ұғым жеке адамның белгілі бір әлеуметтік ортаға
еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білдірсе, екінші
жағынан ол өзінің белсенді іс-әрекетінің арқасында әлеуметтік қарым-
қатынастар жүйесін ұдайы толықтырып, жетіліп отырылуын қамтамасыз ете алуы,
әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы деп пайымдайды.
"Егер, - дейді автор, - әлеуметтену процесінің бірінші жағы -әлеуметтік
тәжірибені меңгеру — бұл ортаның адамға тигізетін ықпалын сипаттаса, онда
оның екінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің ортаны өзгертуге бағытталған
белсенділігін танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана
қоймайды, оны өзінің саналы өмірінде жаңа мазмүнмен толықтырады, қажетіне
пайдаланады. Біздіңше, Г.М.Андрееваның дәлелі дүрыс сияқты. Сонымен,
әлеуметтену адамнан қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт- дәстүр, әдет-
ғұрып, мінез- кұлқын, қағидаларын, адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен
талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруін талап етеді. Адам
соған орай өзінің іс- әрекетін, жүріс- тұрысын, мінез- құлқын бейімдеп,
қоғам талабына сәйкес әрекет жасайды.Соның нәтижесінде адам бойында өзінің
мінез- қүлқын, істеген іс- әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған
қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім,
қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін- өзі танып-білу қабілеті жетіледі.
Соған байланысты ол қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге
тырысады.
Жасөспірімнің қоғамдық қатынастар жүйесін танып- білуі, оның
әлеуметтеніп, тұлға ретінде қалыптасуы, Г.М.Андрееваның айтуынша,
біріншіден, іс-әрекет жасап, қызмет ету аясында, екіншіден, басқа
адамдармен ой алмасу, қарым-қатынастарда болу жағдайында, сондай-ақ,
үшіншіден, адамдардың сана-сезімінің пісіп-жетіліп өзіндік сана қалыптасу
жағдайында өтеді.
Жас ұрпақты әлеуметтендіруге үлкен әсер ететін екінші сала-тілдік
қатынас. Ол адамдардың бір- бірімен түсінісу қүралы. Тіл арқылы адамдар
пікір алмасып, пікір таластырады, қоғамда қалыптасқан адамгершілік
принциптерін игереді, адамзат жасаған құндылықтар мен тағылымдарды
бойларына сіңіреді, өзін- өзі ұстауды, қоғамдық өмірге саяси белсенді
араласуды үйренеді. Тілдің арқасында жас балалар оқып, білім алады, дүниеде
не болып, не қойып жатқанын естіп біледі, ой өрісін кеңейтіп, санасын
толықтырады, айналада болып жатқан қоғамдық- саяси оқиғаларға баға береді.
Тіл тек қатынас құралы емес, сонымен бірге, ол әр халықтың тарихы, оның
өмірін, тіршілігін, шаруашылығы мен мәдениетін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілгендей, жас ұрпақты әлеументтендіруде айтарлықтай орын
алатын үшінші сала- адамдардың сана-сезімінің жетілуі, олардың өзін-өзі
тануы, өзіндік санасының қалыптасуы. Сананың негізінде білім жатыр. Білімді
тудырып, дамытқан танымдық ізденіс, бір нәрсені білуге, ұғынуға деген
талпыныс, қүштарлық. Адам өзін объективтік дүниеден бөле қарап, өмірге
өзінің қатынасын, іс- әрекетін, ойлары мен сезімдерін, мақсат- мүдделерін
түсініп және оларға баға бергенде, өзін тұлға ретінде үғынғанда, өзін- өзі
түсініп біледі. Өзіндік сана арқылы адам өзін- өзі танып кана қоймайды,
өзінің істеген іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, оған баға береді, өзін
басқа адамдармен салыстырады. Адам өзін- өзі сезініп, білгеннен кейін
өмірдегі алатын орнын іздейді, ұжымның, әлеуметтік тобының, ұлтының мақсат-
мүдделерін сезінеді.. Солардың негізінде оның қоғамдық сана- сезімі оянады.
Өзіндік сананың дамуы арқасында адам өзін көрсеткісі келеді,
жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінеді, соларды сақтап, одан әрі дамытып,
белсенді өмір позициясын білдіріп, саяси- әлеуметтік белсенділік
танытады.[10].
Сайып келгенде, көптеген қоғамдық қатынастардың ішінде
жоғарыда көрсетілген үш сала адамның адам болуына, қоғамдық
өмірге енуіне, рухани жан-дүниесінің дамуына, саяси тұлға ретінде
қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар жас жеткіншек
белгілі бір жерде, тарихи дәуірде, әлеуметтік және этникалық
ортада өседі, оқу оқып, тәрбие алады. Соның бәрі жинақтала келе
адамның болмысын байытып, өзіне тән мінез- құлқын,
адамгершілік қасиеттерін, қайталанбас жан – дүниесін қалыптастырады.
Саяси белсенділік ұғымы кең және тар мағынасында қолданылуы мүмкін. Кең
мағынасында саяси билікке қоғамды революциялық өзгерістерге, оны
реформалауға бағытталған іс-әрекеттер жатады. Оған заң қызметін өзгерту,
нәсілдік және әлеуметтік ескі үғымдарға қарсы күресу, саяси және діни өз
еркін білдіру және т.б. кіреді.
Жеке деңгейде саяси белсенділік деп жеке адамның саяси процестерге
белсенді қатысуға тырысуы, өзінің саяси қүқықтары мен мүдделерін қорғауға
және оны кеңейтуге бағытталған тіршілік әрекетінің жиынтығын айтады.
Саяси- әлеуметтік белсенділік қоғамдық белсенділіктің бір түрі. Ол
адамдардың білімінің, қабілетінің, әдеті, мақсаты, мүддесінің
мүмкіндіктерінің жүзеге асу деңгейін бейнелейді.
Саяси- әлеуметтік белсенділік білдіргенде азаматтар, партиялар, лидерлер
қоғамның мүддесіне сай келетін, оны одан әрі нығайтатын және
тұрақтандыратын конструктивті іс-әрекеттер жасауы мүмкін. Сонымен қатар
саяси-әлеуметтік белсенділік қоғамдық- саяси өмірдің шырқын бүзар
антидемократиялық, үлтшылдық, шовинистік, сепаратистік, экстремистік және
тағы басқалар сияқты кертартпа идеялар мен әрекеттерді дамытуға да
бағытталуы мүмкін. Сондықтан қоғам мен мемлекет жеке түлғаның саяси-
әлеуметтік белсенділік таныту мәселесінде бей- жай қалуы тиіс емес. Олардың
мақсаты- конструктивті, игілікті саяси-әлеуметтік белсенділікті қолдау және
дамыту болып табылады. Өйткені, ол- қоғамдық дамуды жылдамдататын шешуші
күш. Ал жоғарыда көрсетілгендей, кертартпа идеялар мен іс- әрекеттерге дер
кезінде тойтарыс берілуі керек.
Саяси белсенділік жеке адамдардьщ мемлекеттік және қоғамдық үйымдардың
жұмысына қатысу дәрежесімен де айқындалады. Оның сипаты қоғамның саяси
жүйесімен және саяси режимдермен тікелей байланысты. Тоталитарлық және
авторитарлық жүйелер мен режимдерде бүқараның саяси белсенділігі төмен
болады, билік жүргізушілердің ырқына бағынышты болғандықтан саясатқа
немқүрайды қарап, саяси енжарлыққа душар болады. Тек демократиялық саяси
жүйе мен режимде ғана адамдардың шынайы саяси белсенділігі жүзеге асады.
Саяси белсенділіктің екі түрлі мәні бар: біріншісі-жасампаздық саяси
белсенділік. Ол саяси жүйені өркениетті дамуына бағытталған: екіншісі-
қиратушы, теріс саяси белсенділік. Оған қазіргі кезде ғаламдық деңгейде
қалыптасып отырған терроризм, экстремизм жатады. Бүгінде терроризм адамзат
тағдырына қауіп төндіруде. Әртүрлі діни сенімдер мен топтық мүдделерді
бүркеніп саяси жүйенің дамуына, демократиялық құндылықтардың қалыптасуына
тосқауыл жасауда.
Саяси белсенділіктің түбегейлі мақсаты-азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Саяси белсенділіксіз азаматтық қоғамды орнату мүмкін емес. Мүның өзі біздің
ізгі мүратымыз. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік
меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және
бір тұгас кешенін, отбасын, ата-ананы және баланы мемлекеттің қорғауын,
идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы басқа да Конституцияда
бектілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын
жатқызуға болады (Конституцияның тиісті бөлімдері мен баптарында атап
көрсетілген).
Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары" (I бөлім, Ібап) тұжырымдалған. Осыған жетер жолда саяси
белсенділіктің алатын орны мен маңызы зор.
Саяси белсенділіктің рухани негізі — саяси мәдениет. Саяси мәдениетті
қалыптастырмайынша қоғамның алуан түрлі топтарының, әлеуметтік жіктерінің,
ұлттық қауымдастықтардың саяси белсенділігін жүзеге асыруға болмайды. Бұлар
бір — бірімен тығыз диалектикалық байланыстағы құбылыстар. Ал, саяси
мәдениет отбасынан бастап, балалар бақшасы, мектеп, орта және жоғарғы оқу
орындарында, еңбек ұжымдарында қалыптасады.
Саяси- әлеуметтік белсенділік әрқилы деңгейде көрініс беруі мүмкін. Оны
жоғары, орташа, төмен дәрежедегі белсенділік деп бөлуге болады. Жоғарғы
деңгейдегі белсенділікке өзіне де, өзгеге де жоғары талаптар қойып,
қоғамдық, жалпыадамзаттық мүдделерді биік санап, саяси- әлеуметтік жұмысқа
шығармашылық тұрғысынан қарап, іс- әрекет жасау жатады.
Орта дәрежедегі белсенділік өз ісін өзі білетін, өзінің үйреншікті
әдетін күнделікті кайталап, орындайтын, тапсырған істі ұқыптылықпен
орындайтын жеке тұлғаларға тән. Бұлардың өмірде өз белсенділігі болғанымен,
шығармашылар, ізденімпаздар, жасампаздар емес, катардағы орындаушылар.
Жалпы алғанда қоғам мүшелерінің негізгі бөлігі өмірге, іске осылай қарап,
тапсырманы, қызметін адал орындап, орта дәрежелі белсенділік білдіреді.
Төменгі дәрежедегі саяси- әлеуметтік белсенділік білдіретін адамдардың
да өз көзқарастары, позициялары бар. Оларды өз кезегінде бірнеше топқа
бөлуге болады. Біреулері белсенді болуға мүмкіндіктері бар, белсенді
болғылары да келетін, бірақ сол мүмкіндігін іске асыра алмайтын керенау,
еріншектер кездеседі. Олар кейде белсенділіктің жолын таппайды, іздене де
қоймайды, оған жетуге жігері жетпейді, мойны жар бермейді. Екіншілеріне
қоғамдық, ұжымдық мүддені теріс түсінетін, олардың алдына қойған
стратегиялық мақсатына, сол жолда атқарып жатқан іс-әрекетіне сенбейтін,
өзімшіл, демагог, мансапқорлар жатады. Үшіншілері қоғамда жасалып жатқан
реформаларға, өзгерістерге қарсы шығып, қолынан келгенше кедергі жасағылары
келетіндері де кездеседі.27, 113-115 6..
Қазақстандық зерттеуші Г.Уранхаева белсенділіктің дөстүрлі жөне дәстүрлі
емес ресурстарына көңіл бөлген. Белсенділіктің дәстүрлі түрі табыс
көлеміне, біліміне, өлеуметтік дәрежесіне байланысты болса, ал дәстүрлі
емес ресурстарға жас мөлшеріне байланысты белсенділікті жатқызады30, 67
б..
Әдетте саяси-әлеуметтік белсенділікті зерделегенде зерттеушілер оның
жоғарыда көрсетілгендей, ең алдымен еркіндікпен байланыстырады. Адам үшін
еркіндік- мақсат. Сондықтан ол алдына әрқашан мақсат қойып, соған жетуге
тырысады. Өмірдегі түрлі оқиғаларды осы басты өлшемге бейімдейді,
жұмылдырады. Соған жету жолында әрекет жасайды, бар жігерін жұмылдырып,
қайрат қылады. Ол үшін, Абай айтқандай, адамға мінез керек. Бұл жөнінде
данышпан Ақын; "Қылам дегенін қыларлық, түрам дегенде түрарлық, мінезде
азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайратты болсын! Бүл бір
ақыл үшін, ар үшін болсын!-деген.
Алға мақсат қою өмірде болуға тиіс бірнеше мүмкіндіктердің ішінен
біреуін таңдауды және оны саналы турде шешуді, іске асыруды талап етеді.
Сондықтан мақсат қою еркіндікпен, белсенділікпен, шығармашылықпен тығыз
байланысты.
Ұят сезімінен өзін-өзі бағалау ретінде ар-ұждан, өзіңнің күнәңді түсіну
туындайды. Ар- ұждан өкініш пен біреудің қайғысына ортақтасу қажеттілігіне
әкеледі. Бұдан келіп адамның адамгершілік тұрғысынан өзін- өзі жетілдіру
және басқа адамдармен тілектестік, ынтымақтастықта болуға тырысушылық
сезімдері оянып, қалыптасады.
Адамның дамуы үшін ең қолайлы жағдайды жасайтын-сүйіспеншілік.
Күнделікті қажырлы еңбек арқасында біте қайнасып, басқа адамдармен қоян-
қолтық өмір сүрудің нәтижесінде адам адамды сүюге үйренеді. Өзіңнен басқа
адамдарсыз өмірді көңілге қондырып, көзге елестету де қиын. Сондықтан да
болар казақ "адамның өмірі адаммен " деген.
Біз жоғарыда адамның саяси әлеуметтік белсенділігі еркіндікпен
байланысты дедік. Еркіндік адамды өзіне- өзін аштырады, өзінің "МЕН"-ін де
көрсетеді. "МЕН" басқа адамдармен қатынассыз, өзімен өзі, жападан жалғыз
еркін бола алмайды. Өйткені онда ол басқа адамдардан, қоғамнан шеттелуі
мүмкін. Ал жеке тұлға адамзаттың рухани тәжірибесін елемей, ескермей,
онымен қатынасқа түспей тұра алмайды. Оған қоғамда қалыптасқан дәстүр,
оқыған кітаптары, өнер жетістіктері және т.б. әсер етеді. Сондықтан өзіңнің
даралығыңды қалыптастырып, бекіту басқа адамдардың да өздерін жеке тұлға
ретінде бағалауын, санауын, мойындауды, сыйлауды білдіреді.[11].
Саяси- әлеуметтік белсенділік жөнінде сөз болғанда қоғамдық және жеке
деңгейге тоқталмауға болмайды. Себебі белсенділіктің дамуының өзі жеке
тұлға мен қоғам арасындағы қайшылықты шешуге байланысты. Сондықтан әрқашан
осы екі құрылымды үйлестіру, қандай қоғамдық жүйе тұлғаның саяси-әлеуметтік
белсенділігін ашып, арттыруға мүмкіндік бере алу мәселелері ғалымдарды
бағзы заманнан толғандырып келеді. Үжымдастырудың қай түрі болмасын қоғамды
тұтас, түгелімен ұйымдастыруға, оның каржысын ортақ мақсатқа бағындыруға
тырысады. Ол өзін-өзі билеудің ешқандай түріне жол бергісі келмейді.
Егер қоғам немесе мемлекет жеке адамнан жоғары қойылса, олардың мақсаты
түлғаны дамытуға қайшы келсе, онда олардың қоғамдық мүддемен сәйкес келетін
мақсаттары ғана шындық ретінде саналады. Яғни жеке тұлға бір топқа жатып,
өзін сол топтың мақсат-мүддесіне бағындырғанда ғана көзге ілінеді.
Сондықтан ұжымдық философияда қандай болсын өркениеттіліктің жемісі болып
саналатын гуманистік кұндылықтар өгей баланың күнін кешеді.
Адамдардың саяси әлеуметтенуі туралы кең тараған болжам — пікір
жасағандар америкалық саясаттанушылар Д.Истон мен Дж.Деннис. Олар "саяси
қолдау" атты теорияны ойлап шығарды. Олардың ойынша, саяси жүйе адамға оның
әр түрлі өмір кезеңдерінде (жастығында, бозбала кезінде, ересек
шағында) саяси өзін-өзі қалыптастыруына жол ашады. Саяси жүйенің
мұндағы мақсаты - тұлғаның үстемдік етіп тұрған жүйеге оң бағдар ұстауын
қамтамасыз ету.
Д.Истон мен Дж.Деннис " Балалар және саяси жүйе" деген еңбегінде ұнамды
бағдар қалыптастыруда адамның бала кезінде бойына сіңірген саяси әлеуметтік
үстанымдары үлкен рөл атқаратындығын атап көрсетеді. З.Фрейд сияқты олар да
жас кезінде бойды билеп, санаға сіңген сезімдер кейін пайда болғандарға
қарағанда қиынырақ ығыстырылады және өзгереді деп санайды. Баланың (үш
жастан бастап) саяси әлеуметтенуін олар саяси дамудың жүйелі алмасатын
кезеңі, сатысы ретінде қарайды. Соның нәтижесінде саяси жүйеге үнамды, оң
бағдар қалыптасады. Американың саяси жүйесінде баланың санасында билікке
деген сенім ұялауына президент пен полиция қызметкерлері ерекше рөл
атқарады. Өйткені оларды жас балалар теледидардан жиі көреді және тез
таниды.
Д.Истон мен Дж. Деннис саяси жүйенің көзге көрінетін атрибуттарының,
атап айтқанда президентке, полиция қызметкерлеріне, мемлекеттік жалау мен
елұранға қатынастарын анықтау үшін 12 мың американдық балаларға сауалнама
жүргізген. Биліктің бұл символдарының балаларга әсер ету сипатына
байланысты олар үш жас пен он үш жас аралығындағы балалардың
әлеуметтенуінде 4 кезеңнің (сатының) болатындығына көз жеткізген.
І.Саясаттану кезеңі — баланың ата-ана билігінен де жоғары, мәні зор
саяси биліктің бар екендігі туралы сезімнің қалыптасуы.
2.Кейіптену кезеңі, яғни баланың санасында саяси биліктің нышанды
қайраткер (президент, полицей) арқылы нақтылы көзге көрінетін кескін, сипат
алуы.
З.Идеализациялау — ел басындағы саяси тұлғаларға тек қана жағымды
қасиеттер тән деп сеніп, оларды дәріптей ұғыну кезеңі.
4.Институциялану — баланың билік жөнінде институционалдан-ған (тәртіпке
келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналған ) түсінікке өтуі. Яғни билікті
жеке жауапкершіліктен айырылған институттар (партия, сот, парламент, армия,
т. с.с.) арқылы ұғынуы.
Д.Истон мен Дж. Деннистің ойынша саяси әлеуметтенудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси белсенділіктің рухани негізі - саяси мәдениет
ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың танымдық белсенділігі күрделі процесс
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін арттыруда оқу-танымдық әрекетті жетілдіру
Іскерлік белсенділікті салықтық реттеу
Іскерлік белсенділікті салықтық ретеу
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Пәндер