Сөз этикасы мен бұқараның байланысы



1. Кіріспе

І.тарау Бұқаралық ақпарат құралдары
1.1. Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелу тарихы
1.2. Радио ақпарат беру әдісінің бірі
1.3. Теледидар БАҚ тілінің аудиовизуалды түрі
Тұжырым

ІІ.тарау Сөз этикасы мен бұқараның байланысы
2.1. Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті
2.1.1. Әдеби тілдің жазбаша және ауызша түрлері мен нормалары
2.1.2. Сөз бедері
2.2. Эфирдегі сөз және оның ритуалдық қырлары
2.3. Теле,радиошешендердің айтуындагы жеке сөздердің орфоэпиясы
2.4. Сөйлеу техникасы
2.5. Радио, телешешендердің сөз ағымы.Сөз ағымының мүшеленуі.
2.6. Интонация

Тұжырым
Қорытынды

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
І-тарау Бұқаралық ақпарат құралдары
1.1. Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелу тарихы
1.2. Радио ақпарат беру әдісінің бірі
1.3. Теледидар БАҚ тілінің аудиовизуалды түрі
Тұжырым
ІІ-тарау Сөз этикасы мен бұқараның байланысы
2.1. Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті

2.1.1. Әдеби тілдің жазбаша және ауызша түрлері мен
нормалары
2.1.2. Сөз бедері
2.2. Эфирдегі сөз және оның ритуалдық қырлары
2.3. Теле,радиошешендердің айтуындагы жеке сөздердің орфоэпиясы
2.4. Сөйлеу техникасы
2.5. Радио, телешешендердің сөз ағымы.Сөз ағымының мүшеленуі.
2.6. Интонация
Тұжырым
Қорытынды

КІРІСПЕ
Тіл - күрделі жүйе, тұтас құрылым. Тіл – шынайы өмірде екі
түрлі формада ауызша және жазбаша түрде қолданылатын қатынас
құралы.Тілдің бұл екі түрінің пайда болып дамуына Адам баласы
әрекетінің түрлі мақсаттары себеп болады.Күнделікті әрекет үстіндегі
көзбе-көз тілдесуді жүзеге асыратын ауызша тіл адамның о бастағы
қатынас құралы болады.Кейіннен жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен
білімдерін ұрпақтан-ұрпаққа сақталып жетуін, сондай-ақ алыстағы қоғам
иелерімен тілдесуді көздеген адам баласы жазба тілді қажет
етті.Сөйтіп ауызша тілден кейін пайда болған және тілдің бөлшегі
болып табылатын жазба әдеби тілдің де, публицистикалық стильдің де
өзіндік жүйесі мен құрылымы бар. Және де осы жазбаша тіл ең
алдымен тарихи қызмет атқарды, бірте-бірте оның қызмет аясына адамдар
мен мемлекеттер арасындағы ресми қатынасты қамтамасыз ету де кірді.
Жоғарыда көрсетілген мақсатына қарай ауызша тілдің өзіндік
ерекшеліктері болады. Ең алдымен ауызша тілдің құралдары тыңдарманға
бағытталып құрылады, яғни қарым-қатынастағы серігіне сөйлеушінің әсер
етуі есту қабілеті арқылыжүзеге асады.Демек,қандай да бір
коммуникативтік мақсатпен айтылған сөз тыңдарманға, біріншіден, дұрыс
естілу шарт, екіншіден, ондағы мақсат айқын көрініп, соған сәйкес
таңдалған тілдік лексика-грамматикалық құралдарсөз,сөз тіркестері,
жалғаулықтар мен шылаулар интонациялық жағынан дұрыс ұйымдасуы әуен,
қарқын, дауыс күші, әуез, пауза керек.
Публицистика - жалаң ақпарат хабардың тізбегі емес, қоғамда болып
жатқан оқиғалардың, өмірдің сан алуан тіршілігінің жанды ақпарат
айнасы. Ол–тыңдарманның ойына әсер қалдырарлық жаңалықтың жаршысы
болғандықтан, ақпарат– абарды өмірдің нақты, айшықты бояуларымен
жеткізеді.
Тіл - өзінің табиғатында үнемі өзгеріске түсіп отыратын, сол
өзгерістердің нәтижесінде әрқашан дамып, жетіліп отыратын құбылыс
десек, оның даму процесі ең алдымен, тек өзіне тән қасиеттер мен
мүмкіншіліктерді пайдалану, кеңейту, өрістету негізінде жасалады.
Бұқаралық ақпарат құралдары тілдік жүйені қалыптастырудың маңызды
факторы. Ол мына реттерде көрінеді:
Біріншіден, баспасөз, телеарна, радиоматериалдары өзінің
ақпараттық мазмұнына сәйкес кең географиялық кеңістікті қамтиды,
демек, сол ортадағы сөйлеу тілінің жекелеген диалектілік
элементтерімен суарылады.
Екіншіден, кез – келген бұқаралық ақпарат құралдарының
жарияланымдары қатарында ресми ақпараттардан бастап, әртүрлі
дәрежедегі лауазымды адамдармен сұхбаттарға дейін ресми тіл,
дипломатиялық тіл, кеңсе қағаздарының тілі элементтері қатысады.
Үшіншіден, газет авторлары мен журналистер жекелеген мақалаларда
суреттелетін оқиғалардың шытырмандық реңкін қанықтыра түсу үшін
жаргон сөздер қолданылатын реттер аз емес.
Төртіншіден, газеттегі мемлекеттік және бірлескен кәсіпорын
атаулары, жарнама жаңалықтары да сағат сайын, тіпті минут сайын
ақпарат эфиріне тарауда.
Бесіншіден, кез – келген кәсіби басылымдар мен таралымдар сол
салада қолданылатын терминдерді кейде өңдеп, кейде өңдемей ақпарат
арнасына қосады. Мәселен, бұл көріністер спорттық басылымдар мен
музыкалық арналарда Спорт+, Европа+, тағы басқа болып жалғаса
береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арналарының баспасөз, радио,
телевизия тәжірибесінде тіл қолданылымдарының ішкі ерекшеліктері, мәселен
телеарнада эфирге жіберілетін ақпарат тиімділігі мен әсерлілігінің
басты көрсеткіші ұсынылатын бейне сюжет болатын жағдайлар жиі
кездеседі.Мұнда авторлық баяндау ауызекі сөйлесудегідей, көрсетілген
сюжеттің мақсатын, маңызын немесе жетістігі мен кемшілігін сипаттап
түсіндіруге құралады.
Қазіргі заманда телевизия, радионың жалпы қоғамға, аудиторияға
тигізер ықпалы зор.Қазіргі кезде радиохабарлардың бұқаралық сипаты
мен жеделдігі қарқын ала түскен.Мемлекттің ішкі, сыртқы саясаты
жөнінде, ел ішіндегі, әлемдегі маңызды оқиғалар мен жаңалықтар
жөнінде қалың жұртшылыққа дер кезінде хабар – ошар таратып отыру
бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік мәнділігін одан сайын
күшейтіп отыр. Оның үстіне, қазіргі кезде инженерлік технологияның даму
қарқынымен байланысты БАҚ – тың өнімдері оқуға, тыңдауға, көруге
жағымдылығы, қолайлығы артып келеді. Алайда, техникалық құрал жетіле
түскенмен БАҚ – ның тілі аса қиын жағдайда қалды. Радио, телеэфирден
естілер сөздің мәдениеті төмендеп кеткендей. Сөздің дыбысталу нақышы,
сөйлеу сазы төмен, нашар, өз деңгейінде дыбысталмаған себептен де радио
, телеэфирден естілер сөздің тым төмендеуіне әкеліп соқты .
Жалпы , радио, телешешендер жай ғана ақпарат тасымалдаушы ғана
емес, хабар жеткізуші ғана емес, олар ең алдымен мемлекттің ішкі, сыртқы
саясаты, елімізде, әлемде болып жатқан оқиға, жаңалықтарды қалың
жұртшылыққа жеткізе отырып, олар жайында жеке өзінің, редакциялық
ұжымның, әлеуметтік жіктің немесе саяси партияның көзқарасын, бағасын
беретін, қоғамдық ойға қозғау салатын , пікір қалыптастыратын
публицист.
Ал қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы бұқараға ықпал ету оңай
– оспақ шаруа емес.
Радиошешендер ең алдымен, эмоция тудыру арқылы ой – санаға
әсер ету керек. Сөйтіп барып, жұртшылықтың ой – санасына қозғау салып,
қоғамдық пікір қалыптастырады . Жағымды, жағымсыз эмоция тудыру арқылы
санаға әсер ету ең алдымен тілдік құралдарды , оның амал –
тәсілдерін дұрыс пайдалану, орынды жұмсау, шебер қолданумен байланысты .
Қоғамдағы әр түрлі қарым – қатынасты жүзеге асырудың құралы
ретінде қызмет ете келіп , тіл белгілі бір салаға бейімделе түседі:
сол салада жиі қолданылатын сөздердің сөздігі арнаулы сөз құрылымдары,
мәтін құрудың негізгі принциптері түзіледі.
Әдетте қоғамдағы мұндай саланың бес түрі бар . Осы салалардағы
қарым – қатынас әдеби тілдің бес түрлі стильдік тармақтары арқылы
жүзеге асады.
• Ғылым, білім, оқу ағарту саласы – ғылыми стиль ;
• Құқықтық сала, заңнама тағы басқалар - ресми стиль ;
• Көркем өнер саласы - көркем әдебиет стилі ;
• Қоғамдық –саяси сала – публицистикалық стиль;
• Тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу стилі ;
Қазіргі қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдегі осы аталған бес
салада қызмет етуге бейімделген, яғни аталған әр саланың қалыптасқан
арнайы атаулары (сөздігі), сөз құрылымдары (синтаксистік ерекшеліктері)
мәтін түзу ережелері бар.
Сонымен бес стильдік тармақтың өзді - өзінің стильдік құралдары,
сол стильге тән бедер салатын тілдік амал –тәсілдері бар.
Тіл арқылы жүзеге асатын қарым –қатынастың түрі өте көп:
үлкен–кіші; сатушы – сатып –алушы; бастық – бағынышты; дәрігер – науқас;
маман-маман емес, тағы басқалар. Адамдар арасында тілдік қарым-
қатынастың түрі көп болғанымен, негізінен олар үлкен екі салаға
бөлінеді :
1. Қарым-қатынастың бейресми түрі ;
2. Қарым – қатынастың ресми түрі ;
Ал енді жоғарыда айтылған бес стильдік тармақ қарым – қатынастың
осы екі ерекшелігіне қарай үлкен екі салаға бөлінеді :
1. Қарым –қатынастың бейресми түрі – сөйлеу тілі ;
2. Қарым – қатынастың ресми түрі - кітаби тіл арқылы жүзеге
асады.
Сөйлеу тілінің тұрмыстық сөйлеу тілі және қарапайым сөйлеу
деген түрлері бар.
Ал кітаби тілге
1. ресми іс қағаздар стилі,
2. ғылыми стиль,
3. көркем әдебиет стилі,
4. публицистикалық стиль жатады .
Сөйлеу тілі - сөйлеу тілі, ал кітаби тіл дегенді
қайсыбіріміз тек жазба дүниеге қатысты деп түсінеміз. Шындығында бұл
термин жазба мәтінге де, ауызша мәтінге де қатысты.Кітаби тілдің
ауызша түріне радио, -телевизия хабарларының тілі жатады. Өйткені радио,-
телехабарларда берілетін ақпарат ресми ақпаратқа жатады. Сол себептен де
ақпарат кітаби тілмен беруді қажетсінеді. Ал бейресми ақпарат –
халық тілінде ұзын құлақ- сөйлеу тілімен беруді керексінеді.
Теле,-радиошешен әсіресе публицистика стиліне ерекше ден қояды,
себебі, газет бағаналары мен радио,-телеарналар публицистикалық стильдің
меншіктеп алған орны.Публицистикалық шығармалар қалың жұртшылыққа
түсінікті тілмен елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларды жедел таныстыру,
оған талдау жасау арқылы қоғамдық пікір қалыптастырады. Біздің
қарастырып отырған негізгі объектіміз - радио тілі болғандықтан,
радиодан естілер сөздің мазмұны музыкамен, табиғи шумен толыға түсуі
мүмкін, дегенмен, бұл компоненттердің бәрінен маңыздысы – сөз. Сондықтан
жұртшылыққа түсінікті сөздер жиі,
көбірек қолданудың, жазба мәтінді дұрыс, сазына келтіріп дыбыстаудың,
жеке сөздердің орфоэпиялық нормаларын сақтаудың маңызы ерекше.
Бұрын ертеректе радио бағдарламасының жанрлары аса көп болмайтын. Қазір
бір ғана бағдарламада ресми ақпарат, публицистикалық талдама, комментарий,
интервью, ток-шоу, очерк тағы басқа жанрларды кездестіруге болады. Ал
енді осы жанрлардың сөз өрімі, бедері әр алуан. Мысалы, интервью
сөйлеу тіліне, ресми ақпарат ресми ісқағаз тіліне, очерк көркем
мәтін тіліне жақын түсіп жатады. Осының өзі радиодағы сөздің
өзіндік ерекшелігі мол, аса күрделі және дербес жүйе екендігін
көрсетеді. Олай бұл салада бізде мынадай сұрақтар туады:
Бұқаралық коммуникация саласында қазақ тілі қалай жұмыс істеп
жатыр?
Сала мамандарының кәсіби құралы тіл болғандықтан, оны қалай
пайдаланып жатыр?
Ал мұның өзі түптеп келгенде, әдеби тіл, тілдік норма, сөз
мәдениетінің мәселелерімен ұштасып жатады.
Әуелі сөз мәдениеті деген ұғымды айқындап алайық.Өйткені кейбір
адамдардың түсінігінде сөз мәдениеті сыпайы, сынық сөйлеу; сөз ішінде
бөтен тілдің элементтерін араластырмай, таза сөйлеу дегенге саяды.
Шындығында, сөз мәдениеті деген ұғымның мазмұның сіз - біз дегеннен
әлдеқайда кең әрі терең. Сөз мәдениеті дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда
ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша дүниеліктерді-тілдің дыбыс
жүйесін, оның ырғақ, әуездерін; сөзді, оның мағыналық қырларын; сөздің
тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сөз тірукесімен сөйлем
жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын т.б. - әдеби тілдің нормасына сай
қолдана білу, дұрыс та бедерлі жұмсай білу дегенді білдіреді (1)
Қазақ тілі ерте дүниеден келе жатқан тіл; ол рулық, ру – тайпалық
тіл, тайпалық одақ тілі, супер этностық тіл дәуірлерін бастан кешіп,
тарихтың талай толқындары мен таифундарынан өткен. Сөйтіп, қалықтық тіл
денгейіне көтерілген тіл. Ал қазіргі қазақ әдеби тілі осы кең шалқар халық
тілінің аса мәнді, баға жетпес бөлігі, яғни халық тілінің бір формасы.
Оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз әдебиеті,
публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет яғни оқулық,
энциклопедия, монография, ғылыми – көпшілік басылымдар, әсіресе аса биік
профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы
қалыптасты. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның санасында әдеби тілдік норма
туралы таным- түсінік пайда болды. Ең алдымен бұл үлгілер халық тіліндегі
барды талғау, таңдау таразылау арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым, қоғам
қайраткерлерінің шығармашылығында кәдеге асып, мәдениелендірілді.
Сондықтан әдеби тілдің көптеген құралы халық тілімен еншілес. Алайда халық
тілі кеңістігінде кездескеннің бәрі, ғалымдар айқындағандай кейбір көркем
сөз зергерлері байқағандай әдеби тіл кеңістігіне ене бермейді, халық тілі
кеңістігі мен әдеби тіл кеңістігін беттестірсек, әдеби тілден тысқары
жатқан едәуір тілдік бірліктерді байқауға болады.
Әдеби тіл кеңістігінен тысқары жатқан, бірақ халықтық тілде
кездесетін бірліктерге негізінен
Диалектизмдер;
Қарапайым сөйлеу тілі;
Тілдік төсеніші өзгешкелеу ескі кітаби жазба тіл
элементтері;
Жаргон, арготизмдер;
Варваризмдер жатады.
1. Диалектизмдер – жергілікті жерде, белгілі бір аймақта
қолданылатын, яғни өзінің жекеменшік территориясы бар тілдік
бірліктер. Бұлардың әдеби сынарлары болады:
Жергілікті
Әдеби
Құдағай
Құдағи
Маңлай
Маңдай
Жылқыдар
Жылқылар
Вокзалдан қарсыладым вокзалдан
қарсы алдым
Жұмысқа түстім
жұмысқа шықтым
әпше
әпке
шәш
шаш
чақыр
шақыр
Сөз мәдениетіне ден қойған, әдеби тілдің тазалығын көздеген, оның
нормасын мойындаған міндетті деп таныған адам әлгідей бірліктердің әдеби
нормаға сай түрін қолданып, мәдениеттіліктің үлгісін көрсетеді. Ал
мұндлайларды талғаусыз жұмсаған жандар өз мәдениетінің, әсіресе сөз
мәдениетінің төмен екенін байқатады.
Сондай –ақ сөз ішінде диалектизмдер жиілеп кетсе, онда тыңдаушы
үшін сөз түсініксіз болып, тілдік қарым-қатынас діттеген жерден
шықпай жатады.
2. Қарапайым сөйлеу тілі - әдеби тіл кеңістігінен тысқарылау
тұратын тілдік бірліктер жүйесі.Қарапайым сөйлеу тілінің меншіктеп
алған территориясы болмайды, олар еліміздің барлық аймақтарында
ұшырасады.Олардың мағынасын түсіну-түсінбеуге байланысты еш қиындық
болмайды. Қайсыбір қарапайым сөздердің мазмұны төмендеу болса,
кейбірінің дыбыс тұрпаты жарым-жан болып келеді.Сондықтан шаршы топ
алдындағы сөзде, ресми жағдайдағы тілдік қарым-қатынаста қарапайым
сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына жат деп
есептеледі.Мысалы, қатып кетті, былшылдап отыр, не оттап жүрсің, ақша
дегенің қырғын, мен саған пысқырмаймын дегендердің мазмұны төмен
болса, әкеші, бересашы, келе сашы, кеп кетті тәрізділер дыбыстық құрамы
жағынан жартыкеш, жарым-жан сөздер.Қоғамдық цензура бойынша
айтуға, жазуға тиым салынған бейәдеп сөздер де әдеби тілдің
нормасына жат деп танылады.
3. Жаргон, арготизмдер деп аталатын бейәдеби топқа жататын
тілдік бірліктер белгілі бір әлеуметтік жіктің, топтың ішінде
кездеседі.Олар былайғы жұртқа түсінікті бола бермейді. Байырғы
кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері ғана қолданатын
жасырын сөздері болатын.Мысалы, салық зат,мүліктерін қоятын жасырын
жер дегенді білдірсе, мас-етістігітұтқиылдан,көзіңе көрінбей бас сал
дегенді білдірген. Қазір қазақ жастары арасында жаргон элементтерін
қолдану үрдісі байқалады.Мысалы:көпелек,қума-ақыма қ; базар жоқ- иә,
мақұл; қораға кіру- қиын жағдайда қалу; ҚЖ болып тұр- қиын жағдай
болып тұр тағы да басқа.
4. Ескі жазба тіл элементтері қазіргі әдеби тіл нормасынан
тысқары тұрады.Фаһим-пайым, уәһим-уайым, жазғыл-жаз,айла-ет,қыл,
тоғра-тура,екісі-екеуі,намы-за ты,аты,нәрсесі,жүрің-жүр,дәр у-
дәрі,зінжір-шынжыр.Бұлардың ескі жазба тілге тән дүниеліктер
екенін елеп-ескермей,парқын ажыратпай, оңды-солды жұмсау, әдеби
тілдің мүддесімен үйлеспейді.
5. Варваризмдер деп аталатын топқа әдеби тіл нормасында жоқ
шет тілдік сөздер жатады.Қайсыбіреулер зионда, звонить,конечно
тәрізділерге бауыр басып алады да, сөз арасында тықпалай
береді.Бастапқыда бейресми жағдайда,екеуара сөзде пәлендей оғаш
көрінбегенімен, жұртшылық алдына шыққанда да, микрофон ұстағанда да
әлгіндей сөздер тыңдаушысына мезі етіп, жағымсыз әсер
қалдырады.Варваризмдерді уәжсіз, мақсатсыз қолдану тілдік
түйсіктің,тілдік сананың төмен екенін көрсетеді.
Алайда республика, президент,сенат,финанс, банк тағы да басқа осы
тәрізді тілге сіңісті болып, аексика-фразеология жүйеден орын алған
терминдер мен атаулардың орны басқа.Бұлар номинативтік қажеттіліктен
туған, әлеуметтік жағынан қолдау тапқан сөздер. Ал номинациялық
мұқтажды өтеу мақсатында қолданатын шеттілдік атаулар мен
терминдердің, варваризмдерден, алабөтен сөздерден айырмасы жер мен
көктей.
Кейде варваризмдердің көркем мәтінде, әсіресе кейіпкер тілінде
ұшырасып отыратыны белгілі жайттардың бірі.Жазушы қайсыбір
кейіпкерлерінің тілдік портретін жасап, даралау үшін ара-тұра бөгде
тілдік элементтерді қолданып, варваризмдерді эстетикалық қызметке
жегеді,яғни көркем шығарманың құрылыс материалы ретінде
пайдаланады.Мұндайда қалауын тауып қолданған қаламгерді ешкім жазғыра
қоймасы белгілі.
Осы кезге дейін БАҚтілінің мақсаты хабар, ақпарат беру деген
түсінік басым болды.Шындығында, ақпарат, хабар беру визуалдық, аудио
және аудиовизуалдық мәтіннің құрамдас бөлігі, ал түпкі мақсат
субъектінің (сөз иесінің) объектіге (мәтінді, кодты қабылдаушыға ықпал
ету, тыңдаушыны белгілі бір іс-әрекетке жұмылдыру) болып табылады.
Түпкі мақсатқа орай мәтінде лексика-фразеологиялық бірліктер,
морфемалық элементтер, синтаксистік конструкциялар жиі, тұрақты
жұмсалуы мүмкін. Ал мәтіннің әр деңгейдегі құрылымдық ерекшеліктеріне
талдау жасау, әсірусу лексика-фразеологиялық жүйенің
Құрылымдық ерекшеліктеріне арнайы тоқталу субъект көздеген түп
мақсатты айқындай түседі.
Зерттеу жұмыстың өзектілігі.Қазір бұқаралық ақпарат құралдары
жанданып, қоғамымызда тілдік фактор болды. Жалпы, тіл - шынайы
өмірде 2 түрлі формада ауызша және жазбаша түрде қолданылатын
қатынас құралы.Біздің осы жұмысымызда алып, қарастыратын мәселеміз
тілдің ауызша формасы болғандықтан, мұнда біз лексика-
фразеологиялық (бірліктер) жүйеге, орфоэпиялық нормаға, сөйлеу
техникасына, морфемалық элементтерге көп көңіл бөлінеді.Себебі адам
баласы теледидарды көзімен көріп, құлағымен естіп, радионы
тыңдайды.Сол себептен Б.А.Қ тілін анықтау, әр деңгейдегі
құрылымдық ерекшеліктеріне арнайы тоқталу диплом жұмысының
өзектілігін дәлелдейді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысымызда жалпы
Б.А.Қ тілі төңірегінде және сөз сөйлеу төңірегінде Қазақ
теледидары қандай міндет атқарғанын және радионың өзіндік
ерекшеліктерін, телепублицистика мен радионың ұлттық сипаты,
ерекшеліктерін, бір-бірінен айырмашылықтарын, теле,
-радиожүргізушілердің өзіндік стилі мен шеберлік қырларын,
бағдарламалардағы ұлттық нышандар мен соны пішіндерін қарап,
теледидардағы туындылардың ерекшеліктерін, теле, радиошешендердің
сөйлеу мәнерлерін, жетістік, кемшіліктерін , сөз мәдениетін анықтауды
мақсат еттік.Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер
алға қойылды:
• Біздің қоғамымыздағы радио, теледидардың ролін
айқындау, зерттеушілердің пікір, көзқарастарын анықтау;
• Теледидардағы ұлттық хабардың даму кезеңдерін анықтап,
әрқайсысына тән мазмұн мен форма ерекшеліктерін
айқындау;
• Қазақстан ұлттық арнасы, Хабар агенттігі және Еларнадан
өткен бағдарламалардың тілі, жетістіктері мен кемші
тұстарына тоқталу;
• Радиодан берілетін айдарлардың тілінде кездесетін
қателіктерді анықтай отырып, радио жүргізушілердің
сөйлеу техникасын анықтау;
• Қоғамдық көзқарастың қалыптасуына көгілдір экрандағы
ұлттық телехабарлардың, радиодан берілетін
ақпараттардың, айдарлардың тигізер ықпалын айқындау;
Зерттеу жұмысының нысаны Бұл дипломдық жұмыста қырық бес
жылдан астам тарихы бар (1958-2005) Қазақ теледидарына қатысты, Қазақ
радиосына қатысты телебағдарламалар, хабарлар, және радиодан
берілетін айдарлар, ақпараттар тілін кең түрдегі зерттеу нысаны
ретінде алып, талдау.
Зерттеудің дерек көздері. БАҚ –қа байланысты түрлі ғылыми
конференциялар мен семинарлардың материалдары, мемлекеттік қаулы-
қарарлар,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдауындағы
кейбірбасымдықтар, Республикалық телерадиокорпорациясының мұрағаты,
Телеэкраннан, радиодан өткен бағдарлама – айдарлар, Қазақ
телепублицистикасына, радиоға қатысты айтылған материалдар,
мақалалар, орфоэпиялық сөздік басты дерек көзі ретінде
қарастырылмақ.
Зерттеу әдістері.Дипломдық жұмыста теориялық талдау, тарихи
салыстырмалы сараптау, дәлелдеу, баға беріп жинақтау, тұжырым жасап,
қорыту әдістері қолданылды.Зерттеудің негізгі бағыттары филологиялық
және публицистік талдау деңгейінде жүргізілмек.
І - тарау Бұқаралық ақпарат құралдары.
1.1. Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелу тарихы
Бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеген адамдар да бар.Мысалы
Молдабеков Әміржан Хабар ақпарат агенттігі атты зерттеуінде
тележурналистикаға байланысты, Хабар агенттінің қалыптасу, даму
кезеңдеріндегі жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетті. Ол Хабардағы
ақпарат таратудың негізгі әдіс-тәсілдерін анықтай отырып,
телерепортаждық басты жанр екендігін айқындап, деректі фильмдердің
пәрменділілігін дәлелдеді. Сонымен қатар ол ағылшын тіліндегі
жаңалықтардың да ерекшеліктерін саралады. Зерттеуші Әміржан
Әбусағитұлы Жеті күн ақпараттық – сараптамалық бағдарламасының
хабарларына талдау жасау арқылы оның өзіндік сипатына тоқталған.
Жетпіс жеті күн әзіл-бағдарламасының тәрбиелік- тәлімдік мәніне
сараптама жасаған ол, Қырық өтірік, Мың бір мақал,Деген
екен... , телеқойылымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына да
баға берсе(2) , зерттеуші Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы Қазақ
телепублицистикасы: Ұлттық сана, салт-дәстүр мәселелері төңірегінде
Қазақ теледидары қандай міндет атқарғанын және телпублицистикадағы
ұлттық сипат пен дәстүр проблемаларын, жекелеген публицистердің
өзіндік стилі мен шеберлік қырларын, бағдарламадағы ұлттық нышандар
мен соны пішіндержі қарап, теледидардың әр кезеңіндегі
туындылардың ерекшеліктері, оларды жасаудың әдіс-тәсілдерін зерттеп,
зерделеуді мақсат ете отырып, Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр
мәселесін көрсетудегі теледидардың ролін айқындай келе, аталған
мәселеге байланысты зерттеушілердің пікір, көзқарастарын анықтады. Сол
сияқты, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының салт-дәстүрінің
тарихына, ұлттық санасы мен өзіндік менталитетіне, болмыс – бітіміне
тоқталып, ұлттық сананы жаңғыртуда, өнер мен мәдениетті , салт-
дәстүрді насихаттауда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
мәселелерін көпұлтты қазақстандық қоғамның ерекшеліктері негізінде
жан-жақты зерттеді(3) Теледидардағы ұлттық хабарлардың даму кезеңдерін
анықтап, әрқайсысына тән мазмұн мен форма ерекшеліктерін айқындады.
Сонымен зерттеуші Есенбекова Ұлбосын ҚАЗАҚСТАН ұлттық арнасы,
ХАБАР агенттігі және ЕЛАРНАДАН өткен бағдарламалардың
жетістіктері мен кемшіліктері тұстарына тоқталып келіп, қоғамдық
көзқарастың қалыптасуына көгілдір экрандағы ұлттық телехабарлардың
тигізер ықпалын айқындады.
Ал Әбдіжәділқызы Жидегүл Тікелей эфир табиғаты және кәсіби
шеберлікті шыңдау проблемалары атты зерттеуінде, тікелей эфирге
тән рекшеліктерді айқындап(4), оны ғылыми тұрғыдан талдауда
радиожурналистиканы жан-жақты зерттеген Р.Сағымбеков, М.Барманқұлов,
Н.Омашев, С.Қозыбаев сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен
интернет беттеріндегі республикалық басылымдардағы кейбір авторлардың
құнды пікірлерін негізгі ұстаным ете отырып, Егемен еліміздің
ақпараттәлеміндегі соңғы жылдар аумағында өмірге еніп, өткір де
ұтымды тәсіл ретінде тұрақты жұмыс жүйесіне айналған шығармашылық
тұтастық пен ұжымдық үйлесім негізінде жүзеге асатын тікелей
эфирдің қалыптасу, даму мәселелеріне талдау жасау арқылы оның озық
әдіс, үздік үрдіс ретіндегі ролінің мән-маңызын ашып көрсетуді
негізгі мақсат ете келіп,
Тікелей эфирдің соны технологиялық процесс ретіндегі орасан зор
мүмкіндіктерін игеру нәтижесінде кәсіби шеберлікті арттырудың әдіс-
тәсілдерін ғылыми тұрғыда саралап, теориялық жағынан жүйелеп, сондай-
ақ, оның өзіне тән проблемаларын анықтады. Осы аталмыш зерттеуде ол
демократиялық, құқықтық мемлекет орнатуға талпынған еліміздің
бұқаралық ақпарат құқралдарының төртінші билік иесі ретіндегі ролін
арттыруға қосатын тікелей эфирдің үлесін анықтады. Заңдар аясын,
құқық шеңберін, сөз бастандығын, тіл мәртебесін есепке
Ала отырып, теориялық деңгейде эфир этикасының нормаларын белгілеп,
радиохабардың құндылық деңгейі тұрғысынан тікелей эфирдің
артықшылықтары мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда сараптады. Сонымен
қатар, мемлекеттік тіліміздің мемлекет мүддесіне сай өз
мүмкіндігін іс жүзінде ел игілігіне жаратуына тікелей ықпал етіп,
радионың өміршеңдік қуатын арттырып, жұмыс сапасын жоғарылататын
интернеттің орасан зор мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланудың амалдарын
анықтады. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық
кадрлардың кәсіби деңгейін көтеруге үлес қосып, болашақ мамандардың
тікелей эфирді теориялық негізде жүйелеп, түсініп, тәжірибе жүзінде
оның өзіне ғана тән әдістемелік амалдарын қолма-қол үйренуіне
бағдар беретін ғылыми тұжырым жасады.
Аттары аталып кеткен зерттеушілеріміздің әрқайсысы да зерттеуде
ғылыми жаңалықтар енгізді. Мысалы тікелей эфирдің табиғатын танып,
оған тән проблемаларды анықтауға арналған Жидегүл Әбдіжәділқызы
ғылыми еңбегінің жаңалығы мынадай қисындармен айқындалады:
• Радиожурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты теориялық және
тәжірибелік тұрғыдан тұңғыш рет зерттеліп, ғылыми айналымға
түсірілді.
• Тікелей эфир ұғымына ғылыми анықтама берілді.
• Тікелей эфирдің лингвистикалық және психологиялық аспектілеріне
ғылыми талдау жасалып, соған сәйкес негізгі ерекшеліктері атап
көрсетілді.
• Тікелей эфирдің пішіндері мен жанрлық ерекшеліктері айқындалды.
• Эфир этикасын сақтаудағы кәсіби мораль принциптеріне сүйеніп
журналистің кәсіби санасын қалыптастырудың қисындары ғылыми
тұрғыда негізделді.
• Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің критерийлері тіл және
тәртіп ұғымдарына топтастырылып, сызба арқылы сипатталды.
• Кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін қызмет дағдысына айналдыру
амалдарының кестесі түзілді.
• Тікелей эфирдегі кәсіби деңгей тұрғысынан ұлттық
радиожурналистикаға тән проблемаларды атап, оның негізгі
себептері анықталды.
• Тікелей эфирдегі сөйлеу тілін шешендік өнер дәстүрімен
байытудың кәсіби әдістері ұсынылды.
• Тікелей эфирге ұлттық кадр даярлаудың өзекті мәселелері, оны
шешу жолдары қарастырылды.

Ал Есенбекова Ұлбосынның Қазақ телепублицистикасы атты ғылыми
еңбегіне келетін болсақ, бұл еңбектің ғылыми жаңалығы мынадай
қисындармен айқындалды:
• Теледидарда ұлттық салт-дәстүрге, салт-санаға байланысты
көрсетілген телехабарлар ғылыми негізде кезеңдік-тақырыптық
жүйеге түсіріліп, ұлттық нақыштағы телебағдарламалар жан-жақты
талданып барып, әрбіріне ғылыми баға берілді.
• Қоғамның этно-саяси тұрақтылығына қатысты БАҚ-тың ұстанған
бағыттары туралы мәселе қарастырылып, қырық бес жылдық тарихында
қазақ телдидарының шоқтығы болған ұлттық дәстүр бағытындағы
телтуындылар сұрыпталып, олардың өзегіндегі мәселелер нақтыланып,
ой-түйін жасалды.
• Телепублицистиканың әдеби-драмалық, сазды-музыкалық, ток-шоу
түріндегі телетуындыларда ұлттық нышандар мен соны пішіндердің
жаңа телетехнология мен ақпараттар ағыны кезеңіндегі формасын
өзгерту қажеттігі сараланып, теледидардағы әдебиет пен өнер бас
редакциясының міндеттері айқындалды.

1.2. Радио ақпарат беру әдісінің бірі.
Радио дегеніміз латын тілінен аударғанда сәуле таратамын, шығарамын
деген мағынаны білдіреді.Радио – алыс қашықтыққа сымсыз таралатын
жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген
техника саласы.Радио таратқыш жүйе арқылы электромагниттік энергияны
жан-жаққа тарату және оны қашықтан радиоқабылдағыштың антеннасымен
қабылдау мәселелерін іске асырады.Радионың отаны - біздің ел. 1895
жылы 7 мамырда орыс ғалымы А.С.Попов өзі ойлап тапқан жай
білдіргішті көпшілікке көрсетті. Бұл ең алғашқы радиоқабылдағыш еді.
Алғашқы кездерде телеграф сигналдарын тарату үшін радиода ұшқынды
радиотаратқыштар пайдаланылды. Бұлар өшетін тербелістер тудыратын.
Электрондық лампылардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бет бұрыс
жасады.Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату
- радиохабар тарату мәселесі іске асырылды.
Радиохабар- радио арқылы берілетін информациялық, қоғамдық-саяси,
көркем және музыкалық хабарлар ; шұғыл информация бұқаралық үгіт
пен насихат және жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі.
Радионың негізгі жанрлары : информациялық, қоғамдық-саяси жанрлар(
радиоинформация, радиорепортаж, радиокомментарий, радиоинтервью,
радиоесеп) ; көркем-публицистикалық жанрлар(радиоочерк, радиофельетон,
радиофильм, радиокомпозиция ) ;көркем жанрлар (радиоинсценировка,
радиопьеса, радиопостановка ).Радио сонымен бірге өз хабарларында
барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың
трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық
спектакльдерді де пайдаланады.
Радио радиостанциялар арқылы беріліп, дербес немесе
коллективтік радиоқабылдағыштар арқылы, сондай-ақ, сым желісіне
жалғастырылған радионүктелер арқылы қабылданады(5)
Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ,
мүлде жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттың
уақыт кеңістігін еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен
билеп алуына байланысты мәселе. Сол тұрғыдан алғанда барлық
бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда радионың бірінші кезеңге
шығатын ақиқат. Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, радиодағы
тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел
өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында
тыңдарман талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде
эфирдегі жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де
жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын,
халыққа жақ, санаға сақ болсын деген тұжырымды журналистиканың
жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. Сан жылдар бойы
қатып , семіп қалған енжар, жаттанды шарттылықтарды бүгінгі күннің
тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Сөйтіп 80-ші
жылдардың ортасында Қазақ Радиосы да тікелей эфирге көшті. Заман
ағымындағы талабы күшті, талғамы жоғары аудиторияның көңілінен
шығып, көкейіндегісін дәл табу үшін батыс ұмтылыстарға барды. Қазақ
Радиосындағы Ақпарат Бас редакциясының ұжымы 1989 жылдың 9 қаңтарынан
бастап, Тәулік тынысы- Панорама дня ақпаратты сазды
бағдарламасын тікелей эфирге шығарды. Ел елең етті. Бұл –
журналистикадағы батыл бетбұрыс болды. Сол кездердегі Қазақ
радиосының осы бастамасы күллі Қазақстан журналистикасын таңқалдырды
десе де болғандай еді.
Қазақ радиосында, Тәулік тынысы деген хабар дүниеге келді .
Ол арқылы радиотыңдаушылар еліміздің күнделікті тынысымен танысып,
саясм, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени хабарларына молынан құлағдар
бола алды. Бұл хабар арқылы радиожурналистер эфирге тікелей
шығады. Радио сөзінің аудиториясы ұланғайыр, оның өтпейтін,
жетпейтін жері жоқ. Сондықтан, тікелей эфирге шыққан журналистер
радио үнін шындықтың шырайы, парасаттың сөзі ету үшін талпынуда
-деп мәлімдеді белгілі тележурналист, сол кездері телерадиокомитеттің
төрағасы болғаң Сағат Әшімбаев. Тікелей эфир арқылы шын мәніндегі
өміршең, табиғи радиожурналистика тыңдармандарға төте жол тапты.
Тікелей эфирде журналистердің жетекші ролі арта түсті. Эфирге
шығатын әрбір журналист өз үнімен, өз сөз саптауымен даралана
бастады. Нәтижесінде 1990 жылы 5 мамырда Қазақ радиосы Ақпарат Бас
редакциясының ұжымы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты
атанды. Қазақ радиосы өзін-өзі көрсетіп, оң нәтижеге қол
жеткізген кезде тікелей эфирде жұмыс істейтін радиоарналар қаптап
кетті. Оны оңай шаруа деп қабылдаған тәуелсіз радиоарналардың
жұмысы мемлекет тарапынан бір жүйеге келтіріліп, түбегейлі жолға
қойылып болмағандықтан әлі күнге туған тіліміздің ды, тікелей
эфирдің де қадірі кетіп жатыр. Тәуелсіз еліміздің, ұлттық
мүддеміздің өзекті өрісі ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесіне
байланысты мәселелердің оң бағытта шешілуге тиіс екнін есепке
алатын болсақ, қазақ тіліндегі тікелей эфирді дамытып, өскелең
ұрпақтың талғамына сай әр алуан бағдарламаларды тыңдарман талқысына
ұсыну – парыз. Ал бұл істі іркіліссіз жүзеге асырудағы бір қисын –
кадр мәселесі.
Жалпы, радиожурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты – кәсіби-
шығармашылық әдіс, құрылымы күрделі психологиялық процесс, уақытқа
және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсесін түзетуге болмайтын , сол
күйінде қаз-қалпында айналымға түсетін қайталанбайтын құбылыс, алып-
қосары жоқ шынайы дүние. Бірақ, осындай өзіне тән артықшылықтарына
қарамастан, көбінесе, тікелей эфирдегі кейбір хабарлар аяқ астынан
шала-шарпы, үстірт, қалай болса солай өтіп жатады. Себебі оған алдын-
ала сценарийлік жоба жасалмайды. Көтерілетін мәселе бойынша әңгіменің
өзекті, түйінді тұстары белгіленіп, жүйелі жоспар әзірленбейді.
Әрбір журналистің өз алдына өресі жеткенше жасаған даярлығын
кәсіби деңгейдегі шеберлікпен әсте салыстыруға болмайды. Өйткені
тікелей эфир табиғатына қатысты пікірлер айтылғанмен, ол турасында
теориялық тұжырым жасалып, кәсіби қағидалар негізделмеген.
Негізінен, тікелей эфирде студияны ашып, жаңалықтарды оқып,
концерттерді жүргізетін дикторлар Әлемге аты әйгілі Юрий Борисович
Левитаннан кейін 1945 жылғы Жеңіс бұйрығын қазақ тілінде тұңғыш
рет мен оқыдым,- деді Әнағаң асқақ үнмен тіл қатып. Бұл -
Әнуарбек Байжанбаев туралы естелік кітаптан келтірілген үзінді. Ал
1944-45 жылдары Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған белгілі
әнші Ермек Серкебаев Эфирге бірден шығатынбыз, оны орысша живьем
дейтін. Ол кездері алдын-ала студияда жазып алу (запись) деген мүлде
жоқ болатын деп бұрынғы тікелей эфирдің қандай болғанын еске
түсіреді. Ал қазіргі заманғы тікелей эфирде диктордың оқуын
журналистің жүргізуі алмастырды. Бұл жөнінде В.Л.Цвик Жүргізуші
журналистің тікелей эфирдегі табысы – кәсіби шеберліктің, айрықша
қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі. Тікелей эфир – радиодағы
тарату ғана емес, ол өз алдына өте күрделі өнер деген пікір
білдірген ( 6 ).Бұл тікелей эфирге тән бір ғана ерекшелікті
көрсетеді. Ал 2001 жылы Мәскеуден шыққан Радиожурналистика деп
аталатын оқулықтағы Қандай да бір жанрлық сипатты қабылдағанына
қарамастан тікелей эфирдегі хабар аудиториямен қарым-қатынастың
айрықша түрі болып табылады ( 7 ) деген тұжырым тікелей эфирдің
келесі бір қырын айқындайды.
Радионың тарихи икемділігі мен өзіне тән артықшылықтары оның
сандық технология ғасырында тиімді медиа мәртебесін алуын қамтамасыз
етті. Радиостанциялар санының артуы тыңдармандар қатарын молайтудың
шешуші факторына айналды.
Радиожурналистикадағы тікелей эфир еліміздегі барлық
радиоарналардың жедел хабар таратудағы тиімді әдісі ретінде жаппай
сипат алды. Қазақстан радиожурналисткасының тікелей эфирі 1989
жылдың 9 қаңтарынан тұңғыш рет тұрақты түрде ресми сипатта
тікелей эфирден берілген Қазақ радиосының тәулік тынысы - панорама
дня бағдарламасынан бастау алып, бүгінгі ақпарат ғасырына ұласып отыр.
Еліміздің тәуелсіздік алуынан екі жыл бұрын халыққа жаңа үн
үрдісін жолдаған Қазақ радиосын бұл қадамы сөз бостандығының, шығармашылық
еркіндіктің нақты көрінісіне айналды. Мемлекеттік мүддені ұстанып, ұлттық
үрдісті сақтап, мемлекеттік тіл мәртебесін насихатаудағы Қазақ радиосының
ролі өлшеусіз.
Тікелей эфирдің негізгі ерекшеліктері:
1.Тікелей эфир – радио журналистикадағы хабарды уақыт дәлдігін
сақтап, жедел таратудың кәсіби әдісі;
2.Шығармашылық – техникалық сипаттағы технологиялық проц
есс;
3.Аудиториямен қарым – қатынастың айрықша тәсілі;
4.Түрлі пішіндер мен жанрлық белгілерді қамтып, бір
мезгілде бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізуші-
журналистің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің
нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі;
5.Өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс;
Тікелей эфирдің функциясы болып табылатын интерактивтілік
мақсат аудиторияны зерттеудің жаңаша тәсілдері болып қарастырылмақ.
Радиожурналистикадағы жұмыс процесі ұжымдық үйлесім үлесіне
тиеді. Әрбір радиоарнаның ұстанған бағыты, айұын көзқарасы, жұмыс
жоспары, оның қызметінің мәнісін айқындайтын бет-бейнесі болады.
Соның бәрін бір жүйеге келтіріп, бір ізге түсіретін ұжым мүшелері.
Ал хабарды эфирге шығару кезінде үлкен шығармашылық топ жұмыс
істейді.
Радиожурналистикада ақпараттан кейінгі екінші орынды музыка
иеленеді. Сондықтан да, радионың музыканың насихаттаушысы, әрі
сақтаушысы ретіндегі ролінің мәні зор. Осы орайда, Қазақ радщиосының
Алтын қорындағы игі шаралар яғни, қазақ әндері мен күйлерінің
концерттік студияда жазылуы қайта қолға алынып, оны қабылдап алатын
көркемдік кеңестің қайта құрылғаны тілге тиек. Соның нәтижесінде
2002жылдың 1қаңтарынан бері Алтын қорға 50-70-тен аса шығарма
қосылып, оның біразын шебер күйші Қаршыға Ахмедияровтың
орындауындағы күйлері құрайды екен.
Қазіргі заманғы радиожурналистикада музыкалық формат деген ұғым
бар. Сол себепті, тікелей эфирдегі музыкалық бағдарламаларды
форматтаудың мәнісі зерттеліп, музыкалық бағдарламалар арналатын
мақсаттық аудиторияны аныұтайтын негізгі белгілер айқындалды. Сондай-
ақ, тікелей эфирдегі музыкалық жүргізушіге қойылатын талаптар мен
оның эфирді сәтті өткізуінің шарты болып табылатын басты
критерийлерге де аса көңіл бөліну керек.
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда радионың
мүмкіндігі, яғни , адамдармен қатынасқа баруы оңай. Радио үшін
ешқандай тосқауыл жоқ. Адамның даусы арқылы кез-келген жерге,
миллиондаған шаңыраққа бірден ене алады. Оның басты ерекшелігі де,
негізгі артықшылығы да осында . ( )
Тікелей эфирдегі хабардың сәтті шығуы жүргізушінің күш-қуатын,
ерік-жігерін, көңіл күйін, мінез-құлқын аңғартатын дауыстың
табиғатымен тығыз байланысты. Сол себепті, дауыс-акустикалық өлшем,
ал дауыстап сөйлеу – күрделі көп әрекетті процесс. Дауыс ырғағының
акустикалық компоненттері, кәсіби дауысқа тән сапалық белгілер
нәтижесінде, негізінде, тікелей эфирдегі тіл мәдениеттілігін
қалыптастырудың мынадай шарттарын атап көрсетуге болады:
• Үннің жағымдылығы ;
• Дауыс ырғағының реттілігі ;
• Көңіл күйдің орнықтылығы ;
• Тілдің тартымдылығы ;

Тіл радионың құралы ғана емес, ел мәдениетінің де негізі.
Демек, тікелей эфирдегі тіл мәдениетін мемлекеттік тіл мәселесінен
бөліп қарауға болмайды.
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар.
Олар: тіл мен тәртіп. Өйткені, тіл тікелей эфирдің лингвистикалық
аспектісін айқындаса, тәртіп оның психологиялық аспектісін қамтиды.
Журналист өз идеясын жобаға, жобасын сценарийлік нұсқаға
айналдырмаса өзінің кәсіби шеберлігін толық таныта алмас еді.
Өйткені, авторлық бағдарлама журналистің позициясын айқын аңғартатын,
қол-таңбасына, стиліне, имиджіне даралық сипат беретін мүмкіндік
аясы.Осыған орай, жоба беріледі, жобаны хабарға айналдырып, эфирден
беру үшін міндетті түрде оның пішіні анықталады. Пішін-тақырып пен
идеяның шарттасуы арқылы фактілер мен оқиғаларды іріктеу нәтижесінде
автор позицияның айқындалуы болып табылады. Сол себептен де,
тікелей эфир пішіндері топтастырылады:
• Кері байланыс ;
• Радиоүндесу;
• Ток-шоу;
• Студиядағы хабар;
Журналистика жанрларын олардың жіктелу негіздерін зерттеген
ғалым Т.С.Амандосов айтқандай: Газет материалдарының сапалы болуы
оларды жазу үстінде журналистің жанрлардың әрқайсысына тән
ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер қолдануына
байланысты(9) Бұл тұжырымның газет материалдарында ғана емес,
радиохабарларына да қатысты айтылған.Демек, тікелей эфирден берілетін
хабарлардың кәсіби деңгейі жанрлық ерекшеліктеріне, оның қисынды
қолданыстарына байланысты. Тікелей эфирден ақпараттық және таңдамалы
жанрлар кең қолданыс тапқан. Оның есесіне деректі көркем жанрлар
тікелей эфирден мүлдем ұшыраспайды. Дегенмен, айтулы күндерде
берілетін тақырыптық роликтерде, джинглдарда, сондай-ақ,авторлық
бағдарламаларда деректі-көркем жанрларға тән белгілер кездеседі
Ал ақпаратты, таңдамалы жанрлардың өзі бір радиохабардың өн
бойында немесе бір журналистің берген материалдарында ауыспалы,
аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық-техникалық сипаттағы соны
технологиялық процесс болып табылатын тікелей эфир кезінде жанрлық
белгілерді сақтап, сол жүйемен ерекшеліктерді ескеру талап
етілмейді.Сол себепті, тікелей эфирге жанрлық белгілерді біріктіріп
қолдану, ыңғайына қарай бейімдеп пайдалану тән.
Сонымен тікелей эфир, біріншіден, Қазақ радиосындағы тікелей
эфирдің түп төркіні 1930 жылдары аса маңызды оқиғалардан тікелей
берілген хабарлардан бастау алды.Сөйтіп, радиожиналыс, радиоүндесу
іспетті радиолық пішіндер ретінде көрініс тапты.
Екіншіден, Қазақ радиосындағы 1989 жылдан бастап тұрақты түрде
берілген тікелей эфир радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап
жедел хабар таратудың кәсіби әдісіне айналды.
Үшіншіден, тікелей эфирдің аудиториямен қарым-қатынастың айрықша
тәсілі ретіндегі функциясы тәуелсіз еліміздің демократиялық
бағытта дамуына оң ықпал етті.
Төртіншіден, басылым беттеріндегі, интернеттегі алуан түрлі
пікірлер радиожурналистикадағы тікелей эфирдің теориялық және
тәжірибелік маңызын анықтауға мүмкіндік береді.
Бесіншіден, радиожурналистиканы зерттеушілердің ғылыми
еңбектерінің негізінде, радиохабарлардың әр кезеңдегі жеткен
жетістігі мен кейбір кемшілектерін теориялық тұрғыдан талдау
нәтижесінде тікелей эфирден кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық-
техникалық сапасы талапқа сай, пішіні жағынан жетілген, мазмұны
терең, құнды хабарлар жүргізудің озық әдістері бір жүйеге
келтірілді.
Алтыншыдан, Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңының
орындалуын қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар тәуелсіз
радиоарналардың тікелей эфиріндегі ұлттық мүддемізге сай келмейтін
әрекеттерді бір ізге түсіруге мүмкіндік туғызды.
Жетіншіден, радиожурналистикадағы диктордың оқуын журналистің
жүргізуі алмастырғандықтан тікелей эфир жүргізетін мамандар даярлау
заман талабы тұрғысынан қажеттілік болып табылады.

Телевизияның тұрмысымызға берік орнығып, бұқаралық ақпарат
құралдарының ішінде жетекші орын алып отырғанына қарамастан,
радиожурналистер әуе толқыны арқылы берілетін хабарларды ойдағыдай
жалғасып келе жатыр. Демек, назар аударып, көңіл қоятын
тыңдармандардың радиодан да әр мазмұндағы, әр стильдегі
материалдарды тыңдауына мүмкіндік мол. Олардың бәрі бірдей таң
қаларлық болмаса да, мыңдар мен миллиондарға жедел ақпарат беріп,
өмірдің, шаруашылықтың, ғылым мен мәдениеттің көптеген салаларынан
әсерлі қоғамдық, әдеби, музыкалық және балаларға арналған
хабарларды таратып жүргені шындық, өйткені радионың да өмір
қажеттігінен пайда болғаны белгілі.
Уақыт өткен сайын радиохабарлардың көтерген мәселелерінің сан
салалығы, стиль алуандығы анық байқалады.Мұның өзі ұйымдастырушылық
жұмыстармен бірге, білікті мамандардың еңбектерінің көрінісі.Мұның
өзі, екінші жағынан, радиодан берілетін хабарлардың көп жанрлы
болып келетініне де көзді айқын жеткізеді. Шағын ақпараттар - сол
көп жанрлы радиохабарлардың бірі болып табылады. Көлемі жағынан
барынша ықшам болғанымен, шағын ақпараттардың алатын орны ерекше.
Шағын ақпараттар - радиоақпараттардың жетекші саласы, себебі ел
аумағындағы радиохабарлардан шағын радиотораптарына дейінгі әуе
толқыны арқылы берілетін хабарлардың бағдарламасында шағын
ақпараттардың орын алмауы мүмкін емес. Тегінде, шағын ақпараттардың
мұндайда нық орын алуы радиохабардың негізгі мақсатынан туындап
жатса керек(10).
Жалпы мазмұны мен сыртқы пішіні тұрғысынан алып
қарағанда,шағын радиоақпараттардың баспасөз бетіндегі шағын
ақпараттарға көп ұқсастығы бар. Сондықтан газеттегі хроникалық
ақпараттарға байланысты айтылған пікірдің сөз етіп отырған жанрға
да тікелей қатысы білініп тұрады: Хроникалық ақпараттың ең басты
айырмашылығы оның ең жаңа факты жайында әңгімелейтіндігінде... Шын
мәнінде ол: қайда? қашан? не? деген үш сұраққа ғана жауап береді
(11).
Ал мұндай жаңалықтардың өмірімізде мейлінше көп кездесетініне
сай шағын ақпараттың мазмұны да барынша көп болып келеді. Мұндай
хабардың тақырып алуандағы тыңдармандарды да тарта білудің басты
көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сонысына байланысты тілдік
құралдардың, әсіресе, лексиканың қолданылуы да әр алуан болып
келеді.
Шағын радиоақпараттарды жеткізуде монолог жетекші орын алады,
себебі ол- қағазға түсіп, редактордың өңдеп, жөндеуінен өткен мәтін.
Алайда жазбаша мәтін тілі мен ауызша сөйлеудің арасында елеулі
өзгеріс те бар.
Ауызша тілдің басты белгісі – дыбыс. Оқу процесіндегі дауыс
тоны, дыбыстардың тиісті жерлерінде көтеріңкі немесе төмен айтылуы,
сөз, сөйлем араларындағы пауза, интонация, сөйлем ішіндегі жеке
сөзге немесе сөз тіркесіне түсетін логикалық екпін тағы басқалар
сөйлеу тілін айқындайды. Тыңдармандардың дұрыс түсініп қана қоймай,
әсерлі қабылдауы үшін бұл ерекшеліктерді жетік білу маңызды болып
есептеледі. Вандриестің Француз тілінде ешқашан сөздерді жазылуы
бойынша айтпайды, айтылуы бойынша жазбайды ( 15 ) деуі көп ретте
қазақ тіліне де тікелей қатысты. Демек, хабар жүргізуші мәтінді
орфоэпиялық заңдылықтарға сай оқып жеткізгенде, тыңдарман деректерге
ғана қанық болмайды,соған қоса, патриоттық, эстетикалық әсер алуға
тиіс.
Шағын радиоақпаратта қалыптасқан монологтің шартты түрдегі
диалогқа айналып кетуі де мүмкін. Олай болатыны диктор немесе
ақпаратты хабарлаушы тыңдарманына арнап сөйлейді. Әдеттегі диалогта
да сөйлеуші мен тыңдаушы болады. Соның өзінде сөйлеуші ұзақ сөйлеп
кетуі де ғажап емес, әйтеуір, тыңдаушысы барын ескереді. Демек,
ақпараттың адресат пен адресантты байланыстырады. Алайда бұл – шартты
түрдегі диалог, өйткені шын мәніндегі диалог болу үшін,
тыңдаушының да сөзге араласып, әлденені құптап немесе теріске
шығаратын мүмкіндігі бар. Ал сөйлеуші тым алыста болғандықтан және
ол ақпараттың қасында отырған бірер адамға ғана емес, мыңдаған
тыңдармандары бар аудиторияға қарата айтылғандықтан, тыңдармандар
сөзге араласа алмайды. Ал мұндай ақпараттың шартты түрдегі
диалогқа айналуының тағы бір себебі- тыңдармандар сөз болып отырған
кішкентай болса да оқиғаға іштей баға беріп, өз тұрғысынан
араласып отыруы да мүмкін.
Радиоақпарат тілімен ауызекі сөйлеу тілінің арасындағы бір
айырмашылықты академик Л.В.Щерба дәл байқаған. Ғалымның дұрыс атап
көрсеткеніндей, ауызекі сөйлеу тілінде қандай қателік болса да таң
қаларлық емес:оған сөйлеуші де, тыңдаушы да жете мән бере
қоймайды. Ал радио тілінде көптеген талаптарды орындауға, әсіресе,
орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң сақтау керек болады, өйткені ол
қателікті мыңдаған адамның талай аңғарып қалады да, хабардың
сапсына нұқсан келтіреді. Сондықтан да шағын ақпараттарда
диалектизмдер жаргонизмдер, көпшілік түсіне бермейтін кәсіби сөздер,
варваризмдер кездеспеуге тиіс.Оның үстіне, шағын көлеміне байланысты
мұндай хабарлардағы сөйлемдердің құрылымының да қабылдауға жеңіл
келгені жөн. Дәлірек айтқанда, сөйлемдегі сөздердің дағдыдан тысқары
(инверсия) емес, дағдылы, яғни қалыпты орын тәртібі сақталғаны
дұрыс болады. Демек, мәтіннің мазмұны тұрғысынан сөздердің таңдалуы
мен сөйлемдердің құралуы басты назарда болады.
Радио арқылы ауызша сөйлеудің шекарасының кеңейгені соншалық-
ауызша сөйлегенде басқа стильдердің элементтері аралас жүруі әбден
мүмкін. Сөйтіп, радиодан сөйлегенде, бұған дейінгі жазба тілге
қойылатын талаптарды – тілдің тазалығы, логикалылығы, әуенділігі,
байлығы, нақтылығы сияқты мәдениет сапаларын есте ұстау мен
конструкциялардың нормативтік грамматика заңдылықтарына сай құрылуын
қадағалау қажет болады.
Осылардың ішінде шағын радиоақпараттарды оқитын адамға
қойылатын басты талап - орфоэпиялық ережелердің мүлтіксіз орында
луы.

1 .3. Теледидар – БАҚ тілінің аудиовизуалды түрі

Теледидар – БАҚ тілінің аудиовизуалды түрі. Жалпы, tele сөзі
гректің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Этика ұғымы және оның заты
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам
Пиар
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері
Абай шығармашылығы жайлы
Тіл халықтың жаны
Ежелгі Қытай легизмінің саяси құқықтық ілімі
Пәндер