Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. ТІЛ ТАҢДАУДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
1.1.Тіл таңдау және тілдік жағдай мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7.13
1.2.Тіл таңдау кезіндегі жеке тұлғаның ана тілінің орны ... ... ... .. 13.21
1.3.Тіл таңдау мен тілдік сәйкестік ұғымдарының
байланыстығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.29

2. ТІЛ ТАҢДАУ . ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС
2.1.Қазақстандағы тілдердің мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.36
2.2.Тіл таңдау және оның қолдану салалары:
социолингвистикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44.45

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Жалпы тіл білімі кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ТІЛ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ:
СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Орындаған:
4 курс студенті М.М. Кукеева

Ғылыми жетекші:
ф.ғ.к., доцент Л.М. Шайкенова

Пікір жазушы:
ф.ғ.к.
М.Қ.Мырзағалиева

Норма бақылаушы:
ф.ғ.к., доцент А.Қ. Таусоғарова

Қорғауға жіберілді

2007ж.

Жалпы тіл білімі
кафедрасының меңгерушісі
филология ғылымдарының докторы
профессор
Э.Д. Сүлейменова

Алматы, 2007
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Тіл таңдау және оның қолданылу салалары:
социолингвистикалық сараптама.
Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жұмыстың көлемі: 47 бет
Жұмыста пайдаланған әдебиеттер саны: 31
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: әлеуметтік лингвистика,
сараптама, қостіліділік, тілідік жағдай, тілдік сәйкестілік, тілдік саясат,
тіл таңдау.
Зерттеу нысаны: жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары
ықпалымен өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау мәселесі.
Жұмыстың пәні: қазіргі еліміздегі қалалық және ауылдық елді
мекендердегі тіл таңдаудың көрсеткіштерін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: қазіргі таңдағы тіл таңдау құбылысын ашып қарап,тіл
таңдаудағы және қолданыстағы басым тілді көрсету.
Жұмыстың міндеті: Қоғамдағы қолданыс аясы кең тілді анықтауды мақсат
етіп, алдымызға төмендегідеу міндеттер қойдық:
• Қостілді немесе көптілді қоғамдағы тұрғындардың ана тілінің алар
орны;
• Қазақстан Республикасының аумағындағы тілдік жағдай мәселесін
қарастыру;
• Тіл таңдаумен тілдік сәйкестік терминдерінің байланыстылығын ашып
қарау;
• Еліміздегі қатар қолданыстағы қазақ және орыс тілдерінің
мәртебесін анықтау;
• Республика аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл
таңдаудағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді ашып қарау;
Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, статистикалық, салыстырмалы,
сипаттау, талдау.
Зерттеу материалдары ретінде 17 сұрақтан тұратын 78 адам
қатыстырылған сауалнама алынды. Олардың 18-і ауылдық жер тұрғындары, қалған
бөлігі қала тұрғындары. Сауалнамада Сіз қай тілді пайдаланасыз? деген
сұрақпен 17 тарауша көрсетілген және бірнеше жауапты белгілеуге болады
деген нұсқау бар.
Жұмыс нәтижелері: еліміздегі тіл таңдау құбылысын ауылдық елді
мекендер мен қалалық жерлер арасында салыстырмалы тұрғыда қарастырылып,
қоғамдағы тіл таңдаудаға ерекшеліктерді айқындадық.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
1. ТІЛ ТАҢДАУДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
1.1.Тіл таңдау және тілдік жағдай
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... . 7-13
1.2.Тіл таңдау кезіндегі жеке тұлғаның ана тілінің орны ... ... ... ..
13-21
1.3.Тіл таңдау мен тілдік сәйкестік ұғымдарының
байланыстығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 21-29

2. ТІЛ ТАҢДАУ - ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС
2.1.Қазақстандағы тілдердің
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 29-36
2.2.Тіл таңдау және оның қолдану салалары:
социолингвистикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. 36-44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 44-45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 46-47
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бітіру жұмысымызда тіл таңдау мәселесін және
оның қолданылу салаларын қарастырамыз. Зерттеу нысаны қоғамдағы тіл
таңдау және оның қолданылу салалары болғандықтан, оның анықтамасын кең
көлемде аша отырып, тілдік таңдау салаларын өмірдің әртүрлі жағдайында
пайдалануын қарастыра келіп, тіл таңдау мәселесін нақты мәліметтер
негізінде бір жүйеге біріктіру арқылы қарастыруды мақсат еттік.
Тіл таңдау қоғамның кез-келген адамына тиесілі құбылыс. Себебі, әрбір
адамның ең бірінші қарым-қатынас құралы тіл деп танимыз. Мысалы: кез-келген
тұлға қызмет бабында, оқу орындарында, көшеде, көпшілік жерлерде, дүкенде,
теледидар көргенде, газет-журнал оқығанда міндетті түрде тіл таңдайды.
Қоғамда бірнеше тілдер қатар өмір сүріп жатқан кезде, бір немесе бірнеше
тілге таңдау жасалатыны анық.
Тіл адамның негізгі қарым-қатынас құралы болғандықтан тіл таңдау
қоғамда ерекше орны бар құбылыс. Тіл таңдау тілдің белгілі бір жағдайларға
байланысты қолданысқа алынуы, тұлғаның тілге көзқарасы кезінде анықталады.
Көпұлтты мемлекеттерде тіл таңдау тілдік саясат мәселесі болып тұр.
Сондықтан, осы бітіру жұмысымыздың өзектілігі қазіргі өмір сүріп отырған
қоғамымыздағы тіл таңдау мәселесі, тілдің қолданылу салалары төңірегінде.
Республикамыздағы қалалық және ауылдық елді мекендер халықтарының тіл
таңдау құбылысы, тіл таңдағандағы негізгі алға қойған мақсаттарының
өзектілігі қарастырылды. Қоғамдағы үстемдікке ие, таңдаудағы негізгі тіл
пайыз көрсеткіші бойынша анықталды.
Тіл таңдау кезінде үстемдікке ие болатын тіл қоғамның көп бөлігі
сөйлейтін, ол тілдің саяси және экономикалық жағдайы, өмірдің барлық
салаларында қолданыс таба білуі есепке алынады.
Зерттеу нысаны - жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары
ықпалымен қарқынды өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау
мәселесі; тіл таңдау және оның қолданылу салаларын кең көлемде зерттеп
анықтау.
Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының аумағындағы қалалық және
ауылдық елді мекендердегі тіл таңдау көрсеткіштерін бақылау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сауалнама жүргізу, статистикалық, талдау,
сипаттау. Қоғамдағы тұлғалардың тұрғылықты орындары, қызметі, жас
ерекшеліктеріне байланысты тіл таңдауды анықтайтын әлеуметтік зерделеу
барысында алынған сараптау әдісі. Қалалық және ауылдық елді мекендер
арасындағы тіл таңдау құбылысын салыстырмалы әдіс арқылы бердік.
Жұмыстың мақсаты: еліміздегі тіл таңдау құбылысына баға беріп, тіл
таңдаудағы ерекшеліктерді анықтап, қолданыс аясы кең, басым тілді көрсету.
Жұмыстың міндеті: қоғамдағы қолданыс аясы кең тілді анықтауды мақсат
етіп, алдымызға төмендегідеуй міндеттер қойдық:
• қостілді немесе көптілді қоғамдағы тұрғындардың ана тілінің алар
орны;
• Қазақстан Республикасының аумағындағы тілдік жағдай мәселесін
қарастыру;
• тіл таңдаумен тілдік сәйкестік терминдерінің байланыстылығын ашып
қарау;
• еліміздегі қатар қолданыстағы қазақ және орыс тілдерінің
мәртебесін анықтау;
• республика аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл
таңдаудағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді ашып қарау;
Жұмыстың тұжырымы: жұмыс барысында алдымызға қойған міндеттерді зерделей
келіп мынадай тұжырымдарға келдік:
• қоғам көп тілді немесе қостілді болған жағдайда кез-келген тұлға
өзінің ана тілімен қоса өмірдің әр түрлі салалары қажет ететін
қосалқы тілдерді де таңдауға мәжбүр. Елімізде түрлі ұлттар тұрады,
әр қайсысы өзінің ана тілімен қоса мемлекеттік қазақ тілін және
қолданыс аясы кең орыс тілін тең дәрежеде қолданатыны байқалды;
• қазақстан республикасындағы тілдік жағдайдың экстралингвистикалық
және жеке лингвистикалық факторлардың ерекшеленуі қызығушылық
тудыратыны анық. Қазақ елінің тілдік жағдайы генетикалық және
типологиялық жағынан әр түрлі тілдердің бар болуына ғана емес, бір
кеңістікте екі үлкен тіл қазақ және орыс тілдерінің бірге қызмет
етуімен байланысты;
• тіл таңдаумен тілдік сәйкестік ұғымдары бір-бірінен ажырамас
бөлшектер ретінде қаралады. Тіл таңдау жасалынғанда, міндетті
түрде тілдік сәйкестік ұғымы қатар жүреді. Тұлға тілді таңдағанда
өзіне сәйкестендіріп, тілдік сәйкестік жасау арқылы тілдік
таңдауды жүзеге асырады;
• республикамызда мемлекеттік тіл мәртебесіне қазақ тілі ие
болғанымен, орыс тілінің қатар қолданыста екені белгілі. Тіл
таңдау кезінде өзге ұлттардың ана тілі және қоғамда белгілі орны
бар тілдерге қоса орыс тіліне таңдау жасау басымдылық танытып
тұрғаны анықталды;
• жұмыстың барысы қалалық жерлерде орыс тілінің алар орны жоғарғы
көрсеткіште екенін көрсетсе, ал ауылдық елді мекендерде тіл
таңдаудағы қазақ тілінің пайыз көрсеткіші тым жоғары екені
байқалды.
Бітіру жұмысымызда осы қойылған міндеттер мен шығарылған тұжырымдарды
кең көлемде аша отырып зерттеу жасадық. Қоғамымыздағы өмірдің әртүрлі
салаларында тұлғалардың өз қажеттіліктерін өтеуге негізгі қызмет етуші
тілдер қазақ және орыс тілдері екені байқалды.
Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады

1 Тіл таңдау - әлеуметтік құбылыс

1.1 Қазақстандағы тілдік жағдай.

Тіл таңдау кез-келген тұлғаның тілге деген көзқарасы негізінде,белгілі
жағдайға байланысты тіл таңдауы кезінде анықталады.
Тілдік жағдай (ағылшын тілінен Language situation) қоғамда тілдің нақты
қолданылуы, тілдің өмір сүру формалары белгілі–бір этникалық қауымдастықта
аумақтық және диалекті, жаргондар, койнелердің жиынтығы. Яғни, бір тарихи
кезеңге, мемлекет, әкімшілік саяси құрылымдар немесе аймақтық бірлестіктер,
аймақтар шегінде тұратын қоғамға (этнос, саяси-этностық қауымдастық) қызмет
ететін тілдер мен тіл варианттарының иерархиясы[10,21].
Қоғамдағы тілдік жағдайды қалыптастыратын және өзгертетін тіл қызметіне
қоғамның әсер ету негізгі әдіс–тәсілдерінің ішінде тілдік саясат ең маңызды
фактор болып табылады. Құрылымдық-тілдік саясат тіл қызметінің кеңейуіне,
қолдану аяларына, әлеуметтік-коммуникативтік рөлдің жоғарылауына, әдеби
тілдерді жасау мен дамытуға бағытталған.
Тілдік саясат түрлері тілдік жағдайлар түрлеріне байланысты өзгеріп
отырады:
1. Тілдік саясат монотілдік мемлекет жағдайында.
2. Тілдік саясат полиэтникалык мемлекет жағдайында.
3. Тілдік саясат берілген мемлекет шеңберінен тыс.
Мультилингвалды аудандарда тілдік саясатты плюрализм, интеграция,
ассимиляция, сегрегация ерекшелетеді. Егер мемлекеттік саясат
мультименгвалды қоғам консолидациясына, ұлтаралық қатынастардың
толеранттылығы мен тұрақтылығына, барлық этникалық және тілдік топтардың
теңдігіне (бұл принцип ҚР тілдер туралы заңда көрсетілген) бағыттала
отырып, сонымен қатар тілдік саясаттың нақты бағдарламаларының мақсаты
қоғамдық-саяси өмірдің салаларында тілдерді қызмет жағынан бөлінуін өзгерту
не сақтау болып табылса, яғни жалпы мемлекеттік және ұлтаралық қатынас үшін
тіл таңдау құқығы болса, плюрализм мен интеграция бірге жүреді. Сол үшін
көпұлтты мемлекеттердегі тілдік саясаттың басты мәселесі-мемлекеттік
(ресми) тілді таңдау, сонымен қатар миноритарлы этникалық топтар тілдерінің
мәртебесін анықтау. Тілдің мәртебесі - мемлекет өткізіп жатқан тілдік
саясаттың негізін құрайтын белгілі бір тілдің құқықтық қызметін реттеу деп
түсінеміз. Мемлекеттік немесе ресми тілді таңдаудағы факторларға тілдік
қоғам саны, олардың елдегі саяси және экономикалық жағдайы және белгілі бір
тілдің өмірдің барлық салаларында коммуникативтік құрал ретіндегі даму
дәрежесі жатады. Тілдік жоспарлау кезіндегі тіл таңдауға әсер ететін
негізгі факторларды Н.Б.Вахтин мен Е.В.Головко топтастырған:
1. Әлеуметтік-демографиялық факторлар (тіл саны, осы тілдерде сөйлейтін
адам саны және олардың географиялық таралуы).
2. Тілдің географиялық орналасуы.
3. Тілдік факторлар (тілдердің генетикалық жақындығы, олардың салыстырмалы
қарапайымдылығы, модернизация дәрежесі, өйткені қазіргі заман талабына
сай келмейтін, тілдер ресми тіл мәртебесіне ие бола алмайды, сонымен
қатар ол мемлекет тілдерінің көпшілігінен алыстап кеткен тілдерге
жатады).
4. Әлеуметтік-психологиялық факторлар (адамдардың әр тілге қатысы: мысалы
1991 жылға қарай Латвия халқының көпшілігі орыстардан тұрып, орыс тілін
100% меңгерсе де, зерттеушілер айтуынша орыс тілі Латвияның ресми тілі
мәртебесіне көтеріле алмаған, өйткені кеңестік жаулаушылыққа
қатыстырылған).
5. Саяси факторлар (мысалы, Орта Азия халықтарының бұрыңғы араб
графикасының орнына латинизация мен кирилизациялануы).
6. Діни факторлар.
Тілдік саясатты жүзеге асыру, әлемдік тәжірибе бойынша, бірнеше
кезеңнен тұратын процесс болып табылады. Алғашқы кезеңде тілдік саясаттың
мақсаттары мен міндеттері қалыптасады, заң негізінде ұлттық саясат пен
тілдік саясаттың мемлекеттік концепциялары дамытылады, тілдік таңдау туралы
шешім қабылданады. Тілдік саясаттың болашағы зор, оның шеңберінде өткізіліп
жатқан іс-шаралар тілдік жағдайды өзгертеді. Бірінші кезеңде маңызды болып
табылатын нәрсе -тілдік болжам.
Тілдік саясаттың екінші кезеңіне белгіленген мақсаттарға дайындау
жатады, оған қалыпты лингвистикалық нұсқа таңдау, оны заңдастыру кіреді
және тілдік жоспарлауды құрайды, яғни белгілі бір субьектілердің тілдік
тәртіптеріне тіл қызметін ауыстыру, құрылымын реттеу, қалыпты жағдайлар
жасау, саяси, білім беру, экономикалық, қоғамдық және лингвистикалық
институттар арқылы тілдің мемлекет шекарасынан тыс таралу мақсатында нақты
шаралар қолдану. Маңызды ңәрсе, тілдік саясатты ресми мемлекеттік мекемелер
ғана емес, тәуелсіз ұйымдар да жасай алады. Мемлекеттік деңгейде бұл кезең
тілдік қызмет саласындағы заңдарды қабылдау мен осы саладағы халықаралық
міндеттерге қосуды ұсынады. Биліктік емес деңгейде екінші кезеңде өкіметке
қатысты талаптарды қабылдау және ғылыми-зерттеу мен мәдени білім беру
шаралары өткізіледі. Бұл кезеңмен тілдік бекіту байланысты, ол дегеніміз
белгілі бір тілдің пайдалану аяларын сақтау, кеңейту не шектету туралы
шешім қабылдау, одан кейін халықаралық міндеттер мен ішкі заңдылық
нормаларын тәжірибеге имплементациялау басталады.
Соңғы кезең-тілдік құрылыс мұнда тілдік саясат мүшелер ұсынатын
жаңалықтарды бекіту үшін әлеумет мүшелерін көндіруге бағытталған күш
жұмсайды. Қоғам мүшелері ұсыныстарға келісім беруі мүмкін не тіпті
келіспеуі мүмкін.
Ұсыныстардың қабылдану дәрежесі жасалып жатқан тілдік саясаттың
әрекеттілігіне баға беруге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар ел немесе
аймақтың тілдік дамуын болжайды. Осы мәселенің ұлттық-тілдік аспектісін
көпұлтты мультилингвалды қоғамды консалидациялау үшін әлеуметтік-
экономикалық және конфессионалды аспектілермен байланыстыру қажет.
Кез келген мемлекеттің тілдік саясатының негізінде тілдік ортаны
реттейтін заң актілерін қабылдау кезеңінде бар қоғамның этнотілдік
мінездемесін және әкімшілік орта, білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат
құралдарында тілдің пайдалануын анықтайтын мақсаттар мен міндеттерді түсіну
керек. Осы жағдай тілдік жағдайды тілдік жоспарлаудың теориясы мен
тәжірибесіне керекті өзекті ұғым мен категория етіп бағалауға міндеттейді.
Аймақтағы тілдік жағдайды түсіну үшін келесі сипаттар пайдаланады: тілдік
саясат ерекшеліктері; тілдік заңдастыру мінездемесі, тілдердің ресми
мәртебесі; қалыптасу тарихы мен тілдік жағдайдың сыртқы факторлары, тілдің
сандық құрамы (көп жағдайда қала мен ауыл диаспораларында әртүрлі тілдер
басым болады, қызметтік тілдер, т.б. ерекшеленеді): тілдердің демографиялық
және қызметтік қуаты, олардың саны мен қатынасы; тілдік ұстанымдар
(тасушылардың тілдік бағыты, жоғарғы дәрежелілігі, үйренуге құштарлығы,
т.б.): тілдердің лингвистикалық себептері (функционалдық стильдердің болуы
мен тұрақтылығы терминалогиялық жүйелердің дамуы, жазу дәстүрлерінің
ұзақтығы, қаржылық және институттық қамтылуы (сөздіктер оқу құралдарын,
кадрларды дайындау орны мен жүйесінің болуы), т.б.).
Әр елде, кейде әр аймақта тілдік жағдай қалыптасуының және пайда
болуының өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, мысалы, Қазақстан халықтары
үшін өмірдің әкімшілік, экономикалық, мәдени және т.б. салаларында қатынас
құралы ретінде орыс тілі үстем болған. Ана тілі тұлғааралық қатынастарда
және оқытуда пайдаланған. Бір жағынан Кеңес Одағының құлдырауынан кейін
орыстардың көп бөлігінің Қазақстаннан кетуі және керісінше, шет елдерінен
туған жеріне оралмандардың қайтып келуі елдегі тілдік жағдайды күрт
өзгертті. Оның бәрі титулды тілдерді қайта өркендеуі мен таралуымен тығыз
байланысты. Этникалық және мәдени сәйкестендірумен өркендеу арқылы
түсіндіріледі. Ақыр аяғы ол тілдік ортаны реттейтін заң актілерінің мінезін
анықтайтын елді: барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекет құрайтын ұлт
тілдеріне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген, сонымен қатар бірқатар
елдерде орыс тілі ресми тіл және ұлтаралық қатынас тілі деп есептеледі.
Қазақстанның Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан сияқты елдермен
шекаралас жатуының геосаяси факторы маңызды болып келеді, ол шекаралас
аймақтардың тілдік жағдайына әсер етеді. Қазақстан халықтарының тарихи
демографиялық, этномәдени байланыстарының болуы, Ресей мен Орта Азия
мемлекеттеріндегі соңғы 15 жылда болған өзгерістерге байланысты. Осы
елдердегі тілдік заңдылықтарды қайта қарау керек.
Алғашында Ресейдің мемлекеттік тілінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі
1991 жылы РСФСР РСФСР халықтарының тілдері туралы заңда анықталған. Осы
заңмен мемлекеттік тілге керекті барлық әлеуметтік қызметтер көрсетілген-
ресми қатынас, білім беру, ғылыми бұқаралық ақпарат құралдары, соттық іс
тағы басқа, бірақ көрсетілген заңда олардың мазмұны көрсетілмеген, орыс
тілінің қатынастың әр түрлі салаларында пайдалану ережелері орнатылмаған,
осының салдарынан 2005 жылдың 1-маусымында Ресей Федерациясының Ресей
Федерациясының мемлекеттік тілі туралы федералды заң қабылданды.
Орта Азиялық елдерде тіл туралы алғашқы заңдар бір уақытта жасалды,
бірақ осы елдердегі этнодемографиялық, әлеуметтік-мәдени, құқықтық шарттар
ерекшеленеді, ал тіл қарымқатынасының заңдық регламентациясы әр түрлі
дәрежеде жасалған.
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Орта Азиялық
елдердің тілдік заңдылықтарын салыстырудың көрсетуі бойынша, біріншіден
Қазақстан Республикасының тілдік заң базасы бәрінен озып жасалған және
тілдік жоспарлаудың талаптарына сай болып есептелінеді. Екіншіден,
Қазақстан Республикасын заңдастыру мүшесі тілдік жоспарлау шеңберіндегі
елдегі тілдік жағдайды өзгертуге бағытталған, үшіншіден, тілдер
қабылданатын заң актілері жаңа тілдік саясаттың үш бағытын атап көрсеткен.
(Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерін кеңейту мен
бекіту: орыс тілінің жалпымәдени қызметтерін сақтау; қазақстан халықтарының
тілдерін дамыту). Олар кез келген тілдің дамуына жағдай жасайды,
төртіншіден, Қазақстан Республикасы тіл заңдылығы қазақ тілін және оның
қызмет салаларын бағалай отырып оның қолданылу кеңістігін ұлғайтуға
байланысты бағытталған, оның корпусының дамуы мен бекітілуін және кеңейуін
көздейді; бесіншіден, орыс тіліне қатысты заң регламентациясының
динамикасы бойынша, орыс тіліне мемлекеттік тілмен қызметтес ресми тіл
мәртебесі берілген.
Түрікмен ССР -нің Тіл туралы заңын қабылдау кезінде (1990 жылы 24
мамыр), 1989 жылы жылғы санақ бойынша, түрікмендер халықтың 72%, этникалық
орыстар – 9,5 %, орыстар – 12% құрайды. Бұл заң бойынша, түрікмен тіліне
мемлекеттік тіл дәрежесі беріледі, орыс тілі КСРО-ның ресми тіліне айналады
және ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдаланады, негізінен түрікмен ССР-і
республика территориясында тұратын халықтардың тілдеріне еркін пайдалануға
мүмкіндік жасайды. Осылайша Түрікмен ССР-нің Тіл туралы заңы орыс тілін
шектемейді, бірақ қазіргі уақытта Түрікменстандағы ақпарат бізге жетпейді
және осы елдегі нақты тілдік жағдай туралы мәлімет жоқ.
2000 жылғы санақ бойынша, Тәжікстан Республикасының халық саны 79,94%
тәжіктер, 15,3% ортаазиялық түріктер, 1,1% орыстар құрайды. Қазіргі Тіл
туралы заңы (1989 жылы 22 шілде) кеңес заманында қабылданған. Оның орыс
тіліне қатысты негізгі ұстанымдары Конституцияны қабылдағанға дейін (1994
жылы) және Тәжікстан Республикасының Білім беру туралы заңы қабылданғанға
(2004жылы) дейін сақталған. Орыс тілін үйретуді жақсарту мақсатында
Тәжікстан Республикасындағы орыс және ағылшын тілдерін оқытуды жетілдіру
туралы заң шықты (2003жыл). Тіл туралы заңға сәйкес, орыс тілі ұлтаралық
қатынас тілі ретінде республика территориясында еркін пайдаланады және
құқықтық, саяси мемлекеттік көмекке ие. Мемлекеттік өкімет мүшелері және
қоғам орыс тіліне қалыпты көз қараспен қарайды.
1989 жылы санақ бойынша, Өзбекстанда кеңес заманында өзбектер
демографиялық басымдылыққа ие болған: орыстар саны 8,4%, келесі он жылда
4,78% түсті Өзбек ССР-нің мемлекеттік тілі туралы заңда (1989 жылы 21
қазан) өзбек тілі Мемлекеттік, ал орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі.
Өзбекстандағы қостілділік пен көптілділік заң негізінде қабылданған, бірақ
ол тек ұлтаралық қатынасқа тән. Заңның жаңа 1995 жылы 21 желтоқсандағы
басылымында орыс тілі арнайы бір мәртебеден арылып, миноритарин тілдер
қатарына қосылған.
Қырғыз Республикасында қырғыздар саны 64,9%, орыстар – 12,5%,
өзбектер – 13,9% (1999 жыл) құраған Қырғыз ССР-нің мемлекеттік тілі
туралы заң (1989 жылы 23 қыркүйек, жаңа басылымы - 2004 жыл 2 сәуір)
қырғыз бен орыс тілдерінің қызметін есепке алған және осы заңмен бекітілген
нормалар 15 жыл өмір сүрген; Қырғыз Республикасының ресми тілі туралы заң
(2000 жылы 25 мамыр) орыс тілінің қызметтерін құқықты бекітуін қамтамасыз
еткен; Қырғыз Республикасы Президентінің Қырғыз Республика-сының
мемлекеттік және ресми тілдерін нәтижелі қызметінің даму шарттарын жасау
туралы және қостілділіктің дамуына қатысты мемлекеттік саясатты – жетілдіру
туралы заңында елдегі қостілділік жағдай бекітіліп, қырғыз тілінің
мемлекеттік, ал орыс тілінің ресми мәртебесін растаған.
Сөйтіп, ортаазиялық аймақтағы тілдік жоспарлаудың мәселесі – бұл тек
қана тілдердің тілдердің мәселесі емес, бұл – әлеуметтік, саяси және ұлттық
мәселе, тіл оған әртүрлі деңгейлерде көрсетіліп отырады. Бұл қоғамда
эмпиралды және нақты материалдарға негізделген табиғаттың және сәйкестіктің
ауысу үрдісінің механизмін тереңірек, объективті зерттеу қажеттілігі
сөзсіз.
Тілдік жағдай-қоғамымыздағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл тілдік жағдай – нақты бір тарихи кезендерде өзгеріп отыратын
құбылыс. Оның себебі, қоғамдағы жағдайлардың әсерінен тілдік жағдай
туады. Тілдік жағдай болған жерде тіл саясаты да орын алады. Тіл
саясаты-ның ықпалынан тілдік жағдай өзгеруі әбден мүмкін.
Қоғамда тілдік жағдайдың бірнеше түрі бар.
1. Эндоглосты – бір тілден тарайтын жүйелердің жиынтығы.
2. Эгзоглосты – әр түрлі тілдер жиынтығы.
3.Біркелкі – функциялары жағынан бірдей тілдердің немесе тіл варианттары-
ның жиынтығы – өзара бірдей коммуникативті; функциялық қызметке ие болады.
4. Әркелкі – функциялары бойынша мәртебелі не мәртебесіз тілдің немесе тл
варианттарының жиынтығы – әр түрлі коммуникативтік үстемдікке ие болады.
5. Демографиялық тұрғыдан тең салмақты – демографиялық ортасы өз ара тепе-
тең тілдердің жиынтығы.
6. Демографиялық тұрғыдан тең салмақты емес – демографиялық орталары әр
түрлі демографиялық күші бар тілдердің жиынтығы.
7. Диглосты-бір тілдің екі түрлі көрінуі немесе бір тілдің әр түрлі
формалары.
Мысалы, Венгриядағы тілдік жағдай-эндоглосты әркелкі және диглосты (Венгр
тілінде тұрғындардың 99,4% сөйлейді, әр түрлі нормасына түскен сегіз
диалекті бар).
Ал, Финляндиядағы тілдік жағдайға келсек,ғасырлар бойы бұл ел Швеция
королдігінің құрамында болып келген. Финляндияда шведтер тұрғындар саны-ның
не бары 6% құраса да мұнда екі тіл Фин және Швед тілдерінің мәртебесі
бірдей. Олар мемлекеттік тіл болып табылады. Швед тілі фин мектептерінде
екінші шет тілі ретінде оқытылса, ал фин тілі швед мектептерінде бірінші
шет тілі ретінде үйретіледі. Франциядағы тілдік жағдайды айтып кетсек, ол
өзінше бір бөлек. Көп ұлтты ел болып саналатын Францияда ұлттық тіл және
жалғыз ғана мемлекеттік тіл - француз тілі. Мұнда көп деген этникалык
топтар тұрады: каталон, баск, бритон, итальян тілінің корсикан диалектісі
және неміс тілінің Эльза говорлары, нидерлан тілдерінің фламанд говорлары
және т.б. тілдер бар.[2,13].
Қазақстандағы тілдік жағдай- генетикалық және типологиялық жағынан әр
түрлі тілдердің бар болуынан ғана емес, бір коммуникативтік кеңістікке екі
үлкен тіл партнерлар, яғни қазақ тілімен орыс тілі бірге қызмет етуінен, ал
ортақ коммуникативтік кеңістік, ол бір белгісіз тұрақты шама, себебі Қазақ-
стандағы тілдік жағдай уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Ал, қазіргі таңдағы
Қазақстандағы тілдік жағдай – эгзоглосты. әркелкі, диглосты және демогра-
фиялық жағынан тепе-теңдік сақталмаған.
Қазақстан Республикасының мұндай тілдік жағдайға ие болу себебінің
бірі- оның көп ұлтты болуы, яғни қоғамда қостілділіктің етек жаю жағдайы.

1.2 Қостілділік жағдайында ана тілінің алар орны.

Қостілділік дегеніміз – адамзат қоғамына тән, жалпыға ортақ әлеуметтік-
лингвистикалық құбылыс. Яғни қоғамда екі тілдің бірдей көрініс алуы. Оның
пайда болуы мен қалыптасу жолдарын сипаттап, болашағын бағдарлау үшін тіл
мен қоғамның өзара байланысу заңдылықтарын жақсы түсінуі шарт.
Тілсіз қоғам болуы мүмкін емес, қоғамнан тыс тіл деген әсте болмайды.
Алайда қазіргі дүниежүзілік практикада екі тілді қатар пайдаланатын
қоғамның болатыны сияқты, бірнеше қоғамға қатар қызмет ететін тіл де аз
емес. Жалпы алғанда, қазір бір ғана тілден тұратын қоғам кездесе бермейді.
Қостілділіктің байыбына бару үшін осы мәселелер төңірегінде ой қозғау
дұрыс.
Қостілділік–белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық (этносаралық)
қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық өкілдерінің,
бүкіл қоғамның әр түрлі жағдайда екі тілді (әдетте ана тілі мен екінші бір
тілді) алма-кезек немесе қатар қолдануы. Адам бір де бір тілді біліп
тумайды, ендеше қос-тілділіктің ғажайып әлеуметтік құбылыс екендігіне шүбә
жоқ .
Біздің, ана тілімізді жойып бара жатқан, қоғамдағы қостілділік- қазақ-
орыс қостілділігі.
Қазақ-орыс қостілділігі дегеніміз – қазақтардың көпұлтты қоғамда ана
тілі-мен қабат орыс тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар не алма-
кезек қолдануы, екі тілдің әрқайсысын әр түрлі жағдайда керегінше
пайдалануы.
Қазақ-орыс қостілділігі-Республикамызда кең тараған құбылыс, тарихи
процесс. Бұл процесс қазақ, орыс халықтары өкілдерінің алғаш байланысқа
түсе бастаған кезінен, Қазақстанның Россияға қосылуынан әлдеқайда бұрын,
екі халықтың көрші қоныстанған жерлеріндегі күнделікті қарым-қатынаста жеке
адамдар арасында басталған.[8,41-45].
Қазіргі таңда қоғамымыз көпұлтты болғандықтан, қоғамда екі не одан да
көп тілде сөйлейтін этникалық қауымдастықтар бар. Бірақ, біздің қоғамды
қазақ-орыс қостілділігі аландатып тұр. Дегенмен ешкім тумысынан қостілді
болып жаралмайды, өсе келе үйренуі мүмкін.Бір жолы- белгілі бір тілді
арнайы үйренуі болса, екіншіден, тұлғаның қоршаған ортасына байланысты.
Қазақстан Республикасының көпұлтты құрамының өзі біздің
мемлекетіміздің біртұтас құрылысына ықпал ете алған жоқ. Қазақстанның
ұлттық құрамы негізінен алғанда толығымен өздерінің мемлекеттілігі бар,
өзге этникалық қауымдастықтар мен топтардың келіп қосылуының есебінен
өзгерді. Оған қоса, Қазақстан мемлекеттілігінің шекарасы қандай өзгеріске
ұшыраса да, ол ешқашан басқа мемлекеттердің аумақтары есебінен кеңейтілген
емес.[32,35-41]
Осы қоғамдағы қостілділік жағдайында ана тілінің алатын орны қандай?
Біріншіден, бала дүниеге келгенде,өз ана тілін, ана сүтімен, ана әлдиімен
бойына сіңіреді. Екіншіден,ол бала өсе келе отбасында қостілді болып шығуы
мүмкін,онын себебі, ата-анасының әр ұлт өкілінен немесе шала қазақ
болулары, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеуіне әсерін тигізеді.Бұл
жағдай, әсіресе, қала тұрғындарының арасында етек алып жүр.Сол себептен,
өз ана тілінен гөрі, өзге тілде ,онын ішінде орыс тілінде,сөйлегенді
ұнатып тұратын қазақ азаматтары біршама. Қостілділік деген соң екі тілдің
көрініс алып тұрады. Біріншісі – ана тілі де, екіншісі өзінің кейіннен
игерген тілі. Егер қостілді адам екі тілдің біреуін ұмытып, түсінбейтін
жағдайға тап болса, онда ол көп ұзамай қостілділер қатарынан шығып,
біртілділер сапына көшеді. Яғни тұлға бір тілде ғана сөйлесе, ол біртілді
болып саналады .
Қостілділік, атынан көрінгендей, бір-бірінен ажырамас қос сыңарлы
құбылыс. Егер адам, адамдар тобы, қоғам этникалық белгісіне қарай қанша
алуан болса да, екі тілде сөйлесе ғана қостілді болып саналады.
Қостілділіктің даму бағдарламасын түзу үшін ана тілдері мен қостілділіктің
өміріміздегі алатын орнын, қажеттілігін анықтап алу қажет.
Ана тілі дегеніміз - күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен
дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның
төл мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына
(жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей
және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы.
Ана тілі ұғымын талқылауда бірнеше ыңғайластықтар бар. Бір жағынан,
ана тілі – адамды өз халқамен, алдындағы ұрпақтармен, олардың рухани
дүниесімен байланыстыратын ұлт тілі, ата-баба тілі[8,18]. Басқа жағынан
қарағанда, бала меңгерген бірінші тіл (тура айтқанда анадан биологиялық
ажырау кезінде және онымен әлеуметтік қарым- қатынасқа көшу кезінде (басқа
да оны қоршаған адамдармен) бала меңгерген ананың тілі. Кейде ана тілі
термині - адам терең және толық меңгерген тіл деп түсіндіріледі, бұл
тілде тұлға жеңіл, тез және оңай өз ойларын айтады. Сонымен қатар тілдік
қатынаста ыңғайлы болып табылады.
Ана тілі ұғымы ана және тіл деген сөздердің тіркесінен тұрады.
Бірақ бұл ұғымды тура мағынасында қабылдасақ, түсініксіз болып тұратындай.
Неліктен ана сөзін қолданғанына тоқталып кетейік. Өйткені баланың тілінің
шығуына ананың орны ерекше. Түптеп келгенде, ана тілі – ата-бабаның тілі.
Бұл тілдің анаға байланысты аталуы тілдің ұрпақтан ұрпаққа мұра болып
жалғасуындағы, баланың тіл дамытуындағы ананың орны мен айрықша қызметіне
байланысты. Шынында да бұл ұғым ананың тілі, ата-бабаның тілі дегеннен
де кең мағынада түсінік береді. Демек, ана тілі - тайпа тілі, ұлыс тілі,
халық тілі, ұлт тілі деген ұғымдарды бойына жинақтап тұрғандай. Қазіргі
көптілді мемлекеттердегі тілдердің барлығы – өз халқы сақтап қалған тілдер.
Сондай тілдердің бірі – қазақтың ана тілі.
Көптеген ұлт өкілдері мекен ететін елімізде мемлекеттік тіліміздің
мәрте-бесін көтеру қоғамымыз үшін аса қажет.
Қазақстанда бір ғана ұлт бар – ол қазақ ұлты. Қазақстан Көп ұлтты
емес, Көп этносты мемлекет деп айтуға үйренуіміз керек. Қазақ тілін ең
бірінші қазақтар, содан кейін басқа ұлт өкілдері ешбір сылтаусыз меңгеріп,
орыс тілі-мен нан табатындар мен қазақ тілін меңсінбейтіндердің билікке қол
созбаулары тиіс [21,3]
Қостілділік жағдайының біздің еліміздегі көрінісінің бір нышаны – орыс
тілі- екінші ана тілі деген ұран – екінші нысаны – ұлттық – орыс
қостілділігін еліміздің баламасыз қатынас құралы деп уағыздау. Міне, бұл
ұрандар елімізде орыс тілінен өзге тілдің күллісін қоғамдық қызметі мен
өміршеңдігі жағынан тығырыққа әкеп тіреді. Соның басты салдары – қазақ
атаулының орыс тіліне ойыса бастауы, қала қазағы төрінен ана тілінің ығыса
аластатылынып, оның орнын орыс тілінің басуы, қазақ нигилистері мен ата-
тек, дәстүр-салттан мақұрым мәңгірттердің көбеюі. Осының кесірінен Тіл
туралы заң дүниеге келді.
Тіл туралы заңның 4-бабында: Қазақстан халқын топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының парызы, - делінген. Өкінішке орай, осы
бір азаматтық міндетті орындамақ түгіл, оны түйсінуге, сезінуге деген ұмты-
лыстын байқала қоймауы ащы да болса шындық. Көпшілік қауым тіл үйренуге
деген ұмтылысқа дем берер түрткіні күтетін секілді.[21,12]
Белгілі неміс ғалымы В.фон Гумбольдт ана тілді сол тілде сөйлейтін
халық-тың біріккен рухани энергиясы ретінде, әр ұлттың өзіне тән ойлары мен
сезім-дерінің концентрациясы ретінде қарастырған , ал белгілі орыс және
украин лингвисті А.А.Потебня ұлттың рухани консолидация тәсілін, сол арқылы
халықты танитын жалғыз белгісін тілде көрді. Бірақ дүние жүзінің түрлі
елдерінде қоғамның әлеуметтік-саяси дамуындағы айқындаушы фактор екі және
көп тілділік болып табылады. Қостілді және көптілді бұқара-лық қатынас
барысында қолданылады, адамның кіммен сонымен қатар қайда қатынасуына
байланысты бір тілден екінші тілге өтеді. Тек қана дүние жүзінің 22 елінде
ғана бір тілді халық өмір сүретіні белгілі.
Тіл адамның тіршілік әрекетінің қосымшасы емес, ол – адамның өмір
сүруін, қарым-қатынасын жүзеге асырудың бірден-бір құралы.
Мен тілді қасиетті бір нәрсе деп есептеймін. Бұл игілікке де, зиянға
да қолданылатын құрал. Ана тілі біз үшін, әрине, ең жақын құрал. Сондықтан
да ең тиімді болып келеді Т.Г.Масарик.
Бұл Т.Г.Масариктің ана тілі туралы пікірі ол ұлттық тілді ұлтшылдық
дәріптеуден бөтен екенін айқындаған, бірақ ана тілдің адамның эмоционалды
және өнегелі өміріндегі маңыздылығын толығымен айтқан. Тілді ұлттық рухтың
ақиқаты деп санайтын басқа да көзқарас бар, ол словак тілшілеріне ғана тән
көзқарас. Себебі словактардың көп бөлігі өзінің табиғи тілінде ұлттық
рухтың қадірлі қазынасының көрінуі деп біледі. Өздерінің словакша сөйлеуге
ұлтшылдығы мен қоғамдық жеке қажеттіліктеріне словак тілін дамытуда өздерін
репрезентантемен теңестіреді және заңды түрде қорғауға алады. Бұл тілді
ұлттың ішкі және сыртқы ыдырау қауіп-қатерінен сақтап біріктіретін фактор
ретінде қарастыратын жағдай. Бұл үрдісте П.Гарвин бойынша, негізгі қозғалыс
күші болып келетіндер: а) ұлттық қазына ретінде тілге ерекше эмоционалды
көңіл бөлу; б) ұлттық құндылық шкаласындағы жағдайына мақтаныш тудыру.
Тіл әрқашан да жеке адамның, бүтін бір бірлестіктің ұлтын айқындаушысы
немесе белгісі болып келе бермейді деген көзқарас та бар. Оған мысал,
Оңтүстік және Солтүстік Америка, Кариб бассейн аралдары, сонымен қатар Анд
аймағы халықтарының тілдері. Бұл жердегі тұрғылықты халықтардың тілдері ұлы
географиялы басып алушылық соғыстардың кезінен бастап португал, испан,
ағылшын, француз отаршылдары салдарынан ой-санасынан шығарылып отырды.
Бүгін отаршылдардың тілдері олардың ана тілдері болып келеді:
аргенти-налықтарға испан тілі, бразильдіктерге португал, гаитиліктерге
француз, гренадтылықтарға ағылшын тілі болып келеді.[23,67]
Сонымен, жалпы адамдардың және қоғамның ұлттық ой-санасын қалыптас-
тырудағы тілдің ролін анықтауда үш негізгі тәсілді бөліп шығаруға болады:
а) тіл ұлттық ой-сананың негізгі өлшеуіші болып келгенімен, ол басылымдылық
негізі емес; б) тіл өзінің жеке және ұлттық бірлестіктің қызметтік
қажеттілік-терін орындай отырып, адамның ұлттық көрінісінің жалғыз
репрезентанты болып келеді; в) тарихи жағдайларға байланысты жеке адамның
және бірлес-тіктің табиғи тілі болып бөтен тіл шығуы да мүмкін, ол өзге
тілді ығыстырып немесе басып алып өз тіліне айналдырады және өмір сүрудің
түрлі формаларында, қолданыста лингвистикалық қайшылықтарды тудырмай қарым-
қатынас құралы ретінде қызмет етеді.
Біріншіден, тіл адамдық қоғамда және мәдениетте адамдардың
әлеуметтенуінің негізгі құралдарының бірі болып келеді. Тілді меңгере
отырып, тұлға қоғамның әлеуметтік және мәдени нормаларын игереді. Сонымен
қатар, көптеген мәдениеттер үшін тіл ең маңызды, кей жағдайда жалғыз,
символды компонент болып келеді, осы кезде , тіл мен мәдениет, тіл мен
сәйкестік сәйкестіндіріледі. Осылай тіл ұлттық жұмылдырудың өте маңызды
құралы болады. Этномәдени көрсеткіш ретінде тілдің маңыздылығы ұлттың
тілін көрсетеді. Екіншіден, тіл әлеуметтік қатынастарды орнату және қолдау
құралы болып келеді.
Айтылғаннан көрінгендей, тіл қалай қарағанда да қозғалыстың бірі,
нақтырақ айтқанда, қазіргі өзгертіліп отыратын қоғамдық мәселені зерттеуші-
лер қызығатын жаһандану алдында ұлттық қайшылықтардың міндеті өз ана
тілдерін түрлі ұлттық саяси, діни және басқа да құндылықтармен байланыстыру
болып отыр. Жаһандану бүгін ұлттар тағдырына нақты қауіп төндіруде.
Себебі, 114 мемлекет пен ұлттық автономияда ағылшын тілі іс-қағаздар
мен іскерлік тілге айналып, ұлттық тілдерді ығыстыруда. Жыл сайын екі
ұлттың бірі 10 мың, 4 ұлттың бірі 1мың өз тілінде сөйлейтіндерден айырылып
жатыр.xxl ғасырдың аяғында жаһандану апатынан 600-ге жуық қана ұлт аман
қалады деген болжам бар.
Тіл мәселесін реттеу халықаралық тәжірибе көрсеткендей, арнайы
мемлекеттік инветиция құю, қаржылық қолдауды қажет етеді. ҚР
Конституциясының 33 - бабында: Қазақстан Республикасының барлық азаматтары
мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеру үшін қажетті ұйымдастырушылық,
материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті делінген
[21,7]
Сонымен қатар тіл жеке адамның сана-сезімін білдіру құралы. Бірақ ол
сол адамның ана тілі болмауы да мүмкін. Көпұлтты ортада қостілділік тууы
әбден мүмкін. Сол себептен ана тілінің ежелгі жауы - көпұлттылық жағдайы.
Егер ана тілі арқылы қостілділік пайда болса ,әлеуметтік мәні зор игілікті
құбылыс болатын еді.
Көптеген қала қазағының отбасында ана тілінің орнын орыс тілі басқан
немесе орыс тілі басым қолданылатын қостілділік орныққан. Кейбір тұлғалар
үшін ана тілі негізінен қатынас үшін қолданылады да, білім алу басқа
тілдерде жүреді. Оған себепкер адамдардың ана тілінің шет тілін үйренуге
ықпалы маңыздырақ. Ана тілінде қарым-қатынас жасағандарына қарамастан,
көптегені шет тілінде білім алу тілі ретінде қолданылады.
Ал керісінше Қазақстан Республикасының территориясында уақытша тұратын
шетелдіктердің белгілі бір бөлігі өз балаларын мемлекеттік тілдегі
мектептерге оқуға береді. Сонымен қатар шетелдік оқушылар арасында орыс
тілінде білім алу жоғары болып тұр. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында
мемлекеттік қызметте немесе бизнеске байланысты уақытша тұратын шетелдіктер
өз балаларын көбінесе орыс немесе шет тілінде оқытады.
Орыс және қазақ тілдерінің бәсекелестігі тілдік саясатты ғана емес,
жеке адамдардың тілдік бет алысы мен бағытына ықпал етеді. Себебі тіл
қоғамда өзімен-өзі емес, күрделі жүйеде тіршілік етеді, яғни ортамен
байланыста ғана дамиды. Қазақстанда орыс тілі қазақ тілімен қайшылықтарды,
қақтығыстарды, дау-дамайларды туындатып отыр. Алға қойған мақсат ұлттық тіл
арқылы ұлттың тәуелсіздігін, дербес мемлекеттілігін нығайту, ұлттық тіл
арқылы елдің басын біріктіру. Тілдер қарама-қарсылығы – өмірдегі
қайшылықтың айнасы. Қазақ тілі мен орыс тілінің арасындағы бәсекелестік
тарихи тұрғыдан отарлаушы ұлт пен отарланған ұлттың көзқарастарының салдары
екенін көруге болады. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, 130-ға жуық ұлт
өкілдері тұрады. Әр ұлттың өз тілі бар, бірақ мемлекет біреу – ол
Қазақстан, мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстан мемлекетінде тұратын
әрбір ұлт қазақ тілінің мәртебесін іс жүзінде көтеру үшін бір кісідей
атсалысуы қажет. Ұлтаралық келісімнің объектісі – тек қазақтар ғана емес
барлық ұлттар мен диаспоралар. Қазақ ұлты республикамыздағы ұлттық
топтардың мәдениетін, тілін, дәстүрін қандай сыйласа сондай құрметті
олардан күтеміз. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру өзге тілдерді
ығыстырмайды, қоғамдағы бір тілдің басымдылығына қазақ-орыс қостілділігі
туындап отыр. Республикада орыс тілі – орыс ұлтының тілі өзге ұлттың
екінші тілі, яғни ұлтаралық қатынас құралы ретінде ерекше қарқынмен даму
жолына түсті. Қазақ ұлты өз ана тілінің болашағына күмән тудырып, орыс
тіліне көшті.[31,89-92]
Жалпы алғанда, ана тілінің тағдыры әсіресе өмірдің үш саласында –
отбасы, әкімшілік пен өндірісте қолданылу, қолданылмауына тікелей
байланысты. Бірақ отбасында қолданылудан қалған тілдің болашағынан үміт
күтуге болмайды.Сондықтан Қазақстанның Тіл заңына сәйкес, әрбір этностың
ұрпағын
отбасында ана тілінде тәрбиелей алуы үшін барлық керекті жағдай туғызылуы
тиіс. Бұл ретте үйде тәрбиеленетін балаларға арналған мерзімді баспасөз
газет, журнал, кітап, радио және телехабарлардың орны ерекше.
Қостілді қоғамда ана тілінің қолданылу аясы:
1. Қоғамның қоғам болуы үшін ондағы адамдар өзара әлеуметтік байланысты
болуы шарт. Бұл үшін әр тілде сөйлейтін адамдар да өзара қарым-қатынасқа
түсіп, бір-бірімен түсінісуі керек. Мұндай жағдайда әр тілді адамдар бір-
бірінің тілін білуі тиіс.
2. Күнделікті қарым-қатынас үстінде ана тілін білетіндер мен білмейтіндер
арасында ұлтішілік қайшылық болуда. Ана тілін білмейтіндер бір кезде
өздерін жоғары санап ана тілін білетін, бірақ орыс тілін білмейтіндерді
кемітіп, Мәмбет деп атаса, ал олар ана тілін білмейтіндерді Мәңгүрт деп
кемсітті.
3. Тіл теңдігі деген ұран сипаты қағиданың заң жүзіндегі мәнін жете түсіне
білмеуден туындайды. Әркім үшін өзінің ана тілінен мәртебелі тіл жоқ. Әр
тіл өз ұлтына қызмет ету тұрғысынан өзге тіл біткеннің күллісімен тең.
4. Сөйлеушісі көпшілік болып келген не кең тараған тіл өкілдерінің немесе
нигилистердің мемлекеттік тілді менсінбеуі жағдайында, оны өмірдің сан-
саласында қолдану үшін күреске шыққан жергілікті ұлт өкілдеріне
наразылық ретіндегі қайшылығы және бар.
5. Аппарат қызметкерлерінің әр түрлі жағдайды (қаражат, қағаз тапшылығын
т.б.) сылтауратып, қарапайым халықтың ана тілі жөніндегі тілек-талабын
ұдайы елемеуі мен оған немқұрайды қарауы түптің түбінде қайшылық
деңгейінен шығып, дағдарысқа алып баратын жағдай. Ана тілі алдымен
қалада құриды екен. Демек, оның соңғы тірегі – ауыл. [8,34-36]
Қостілділікке әр түрлі анықтама беріп, оны түрліше түсіндірушілер де
кездесіп жатыр. Бұл жағынан алғанда да қостілділік – арнайы әңгіме етерлік,
күрделі мәселелердің бірі. Қостілділік деген, біріншіден, ол белгілі бір
қоғамның ішкі қарым-қатынасында екі тілді қолдану процессі. Екіншіден,
қостілділік – екі тілдің ұзақ уақыт бойғы өзара байланысының нәтижесі.
Нақты айтқанда, әр түрлі ұлттан тұратын қоғам ішінде бір ұлт өкілдерінің
екі тілді қарым-қатынас құралы ретінде қатар немесе алма-кезек қолдануы
қостілділік болып табылады. Осындай қостілді мемлекетте жеке тұлғаның
тілдік таңдау мәселесі орын алады. Ол дегеніміз мысалы, қоғамда орыс-қазақ
қостілділігі өмір сүрсе, адам отбасында, қызметінде, сонымен қатар
күнделікті қарым-қатынаста немесе телерадио саласында бір тілді таңдауы.

3. Тіл таңдау мен тілдік сәйкестіліктің байланысы

Тіл таңдау дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір тілді өзіне немесе
әлеу-меттік топпен сәйкестендіруі.Сәйкестікті таңдау – ол жеке таңдау. Жеке
тұлға-лар сәйкестікті әлеуметтік жағдайдың талаптарына байланысты таңдайды.
[8,44]
Тілдік таңдау әлеуметтік шындықты жасай отырып, адамның таңдауды қайта
жаңғырту болып табылады. Тілдік таңдау – қажетті екі тілдің біреуін жай
ғана таңдау емес, сәйкестікті жүзеге асыру. Яғни сәйкестік дегеніміз не?
Сәйкестілік термині көптеген саяси, әлеуметтік, этникалық және
мәдени құбылыстарға қолданылады, оның жалпы мазмұны – объектінің өз ұғымына
парапарлығын, оның белгілі бір айқын шекара көлемінде қолданылатынын,
болмысының нақтылығын, біршама өзгермейтінін, икемді тұрлаулылығын,
тұтастығын білдіреді. Сәйкестілік объектінің кемелденген жай-күйі ретінде,
ал бағалау категориясы тұрғысынан алғанда, қалаулы жай-күйі ретінде де
ұғынылуы мүмкін. Объектіні осындай жай-күйге жеткізетін процесстер –
сәйкестендіру және өзін-өзі сәйкестендіру болып табылады.
Сәйкестілік термині жеке тұлғаға да, әлеуметтік топқа да, этносқа
да, мемлекетке де қатысты болуы мүмкін. Негізгі сәйкестендіруші белгісінің
не екеніне қарай сәйкестіліктің түрліше ұғынылуы да ықтимал. Айталық,
әңгіме этникалық, мәдени, діни, рухани, мемлекеттік сәйкестілік жөнінде
болуы мүмкін.
Қазіргі ғылымда сәйкестілік деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар,
бірақ қоршағандардың қылықтары мен ерекшеліктерін жеке адамның өзіне
ауыстыру ұғымы басым, бұл жағдайларда маңызды және өмірге қажетті мағынасы
бар мінез-құлықтарды өзіне сәйкестендіру. Сәйкестендіру – ұқсау процессінде
негіз болып қызмет етеді, яғни зорлап емес өзіне керекті біліктіліктермен
құндылықтарды, қылықтарды адам өз еркімен тандайды.
Сәйкестілікке тән белгілер:
- сәйкестілік құрастырылатын болғандықтан, оны қайта құруға болады;
- сәйкестілік әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты ұтымды,
қайта құрулады, яғни сәйкестілік, ұлтың да ішіне кіреді, тұлғаның жеке
қызығушылы-ғына байланысты өзгеріп отырады;
- сәйкестілік таңдап алынғандықтан, сәйкестілік дағдарысы тууы
мүмкін, бұл кезде адам керекті айдар тағуы болмағандықтан өзінің
тиістілігін оңай және жайлы анықтай алмайды ( lavtin , 1998) немесе өзінің
сәйкестілігін өзгертуі мүмкін;
- сәйкестілікті ауыстырудың негізгі талабы сәйкестілік спектірінен
таңдау
мүмкіндігі болып табылады, бұл басқа топтың өкілдерімен қатынас деп
түсіндіріледі. Сондықтан, өзгеру процесінде негізгі және объективті
индикатор болып келетін сәйкестілікті тіл арқылы зерттеу мүмкіндігі бар.
Соңғы он жылдықтарда ғалымдардың зерттеу тәжірибесі нәтижесінде
анықталған, сәйкестілік өзгермелі екенін көрсетеді: шын мәнісінде адам
әрқашан да өз сәйкестігін нақты айқындап алуы қиынға соғады. (Маргиналды
сәйкестілік деген термин бар); бір сәйкестілік екінші сәйкестілікке ауысып
отырады (КСРО азаматы болған – Қазақстан азаматына айналды; христиан болып
– мұсылманға айналды), сонымен қатар саяси және басқа мақсаттарда
сәйкестілік арқылы айлы-амалдар жасауға болады. (мысалы, ұлттық бірлікте,
азаматтық қоғамның интеграциясы) немесе жаңа сәйкестілікті құру.
Примордиализмнің жүзеге аспауы сәйкестілікті зерттеудегі басқа екі
тәсілге әкелді: инструментализмге және конструктивизмге. Инструментальды
тәсіл сәйкестілікке құрал ретінде өкіметті мойындату үшін белгілі бір
таңдауды қолданады. Бұл жағдайда саясаткерлер мен ғалымдар ұлттың мәртебесі
туралы мифология құрып насихаттайды. Примордализм, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Тіл дамуының қоғам жағдайына тәуелділігі
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
«Құзыреттілік»
Гумеров шығармалары өшпес мұра
Құзіреттілік тұрғысында білім беру
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Пәндер