Қазақстан Республикасының несие саясаты және ондағы банктердің атқаратын ролі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ.
1.1 Несиенің мәні және оның құрылымдары мен ұйымдастыру қағидалары ... ... . 6
1.2 Несиенің функциялары және оның түрлері мен формалары ... ... . 11
1.3 Несиенің қызметтері және қарыз процентінің түсінігі ... ...18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ.
2.1 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатының мақсаттары ... ... ... ...20
2.2 Банктердің несие беру саясаты және оған ықпал ететін факторлар ... ... ..30
2.3 Коммерциялық банктердің несие және депозит нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы талдау ... ... ... ... .41

3 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ КЕҢЕЮІ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ
3.1 Банктік несиенің кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің ролі ... ... ... ... ...63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 3

1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ.

1.1 Несиенің мәні және оның құрылымдары мен
ұйымдастыру қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Несиенің функциялары және оның түрлері мен
формалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 11
1.3 Несиенің қызметтері және қарыз процентінің түсінігі ... ...18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ АТҚАРАТЫН
РОЛІ.

2.1 Қазақстан Республикасының ақша-несие
саясатының
мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Банктердің несие беру саясаты және оған
ықпал ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Коммерциялық банктердің несие және депозит
нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы

талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...41

3 БАНКТІК НЕСИЕНІҢ КЕҢЕЮІ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

3.1 Банктік несиенің
кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
3.2 Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің ролі ... ... ... ... ...63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі — несие нарығы қаржы нарығының ең тез
дамитын бөлігінің бірі болып табылады және банктік несиенің елімізде
кеңеюін қолдауда. Банк несиесі экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі
факторы. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге
жағымды жағдайлар жасалуда, бірақ олар шектеулі қолдануда. Бұл банктік
жүйемен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол
факторлар экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік
секторға шығатын несиелік және волюталық тәуелділікті күшейтеді. Осы бітіру
жұмысында банк несиесінің сатылары және оны талдау, оның айналыс дәрежесі,
сонымен қатар оның кеңею жолдары қарастырылады.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы
экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түріне
қарағанда жоғарғы тәуелділікпен ерекшеленеді, ал банктердің ең басты
қызметтерінің бірі — банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер
көбінесе несиелік тәуекелге ұшырайды. Банк пайдасының үлкен бөлігі
несиелеумен байланысты. Бірақ несиені қайтару, әсіресе үлкен мөлшердегі
несиені қайтару банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің
табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдық
дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян
шегуіне итермелейді. Сондықтан банктер несиелік тәуекелділікті басқару,
несие саясатын ұйымдастыру, реттеу шараларымен уақытылы айналысып отыруы
тиіс.
Сонымен қатар несиелік тәуекелділікті реттеудегі мемлекеттің де
рөлі маңызды болып табылады. Мұндай қызмет мемлекетімізде Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырлады.
Ескере кететін жағдай 2003 жылдың 31 желтоқсанындағы Қазақстан
Республикасының Президентінің № 1720 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
басқару жүйесін ары қарай жетілдіру туралы жарлығына сәйкес бір қатар
өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агенттілікке
жүктелген болатын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан
Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін банктік жүйенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметтеріндегі
тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу
мен қадағалауды жүзеге асырады. Несиелік тәуекелділікті реттеу шараларының
ішіндегі ең маңыздыларының бірі 2003 жылғы 3 маусымдығы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы ереже.
Атап айтсақ оның ішінде Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценті
және Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері.
Жалпы Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік ақша-несие саясатын
анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Ақша-несие саясатының
макроэкономика деңгейдегі субьектісі — Ұлттық Банк болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының басты
мақсаты: Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен
шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ал ақша-
несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу субьектілеріне экономикадағы
қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаларының жиынтығы жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі жүргізетін операцяиялар бойынша ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқада мүдделендіру
мөлшерінде белгілейді. Реми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша-нарығының
жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне
байланысты берілген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыз саясатының басты мақсаты —
айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту.
Соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз
ету болып табылады. Жоғарғы пайыз мөлшерлемесі шын мәнінде пайыз үшін
төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол
жеткізуге тиіс. Ұлттық Банк мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы
қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесін белгілеу
базасы ретінде қызмет етеді.
Ұлттық Банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы Республикамыздағы
ақша жиынының щамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға
немесе төмендетуге мүмкіндік береді.
Орталық Банктің пайыз мөлшерлемесін өзөгертуі экономикаға әр
уақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтанда Орталық Банк пайыз
мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвистицияны
тұрақтандырады.
Қазақстанда ақша-несие саясатының қазіргі деңгейдегі тиімділігі
Орталық Банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты және салық –
бюджет, сыртқы экономикалық саясатпен де тығыз байланысты.
Ұлттық Банк заң актілері Қазақстан Республикасы Президентінің заң
актілері негізінде немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойыша
қолдана береді.
Ақша-енсие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға,
сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының арықарай дамуына және банк
жүйесінің нығайа түсуіне , экономиканың нақты секторын банктердің
несиелеуін арықарай өсіру үшін жағдай жасауға, жинақтаушы зейнетақы
қорларының жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы еліміздегі несие нарығының жағдайына тоқтала кететін
болсақ: 2004 жылы 11 ай ішінде экономикадағы банктердің несиелері 46,0 %
-ға өсіп 1428,1 млрд. теңгеге жетті.
Несиелер нарығында валютаның түрлері бойынша да, мерзімдері
бойынша да оң өзгерістер болды. Ұлттық валютадағы несиелер өсуі шетел
валютасындағы несиелермен салыстырғанда басып озу сипатына ие болды. Ұлттық
валютадағы несиелер 49% -ға өсіп 648,9 млрд. теңгеге жетті, ал шетел
валютасындағы несиелер 43,6 %-ға өсіп 779,1млрд. теңгеге жетті.
Нәтежесінде теңгелік несиелердің үлес салмағы 44,5 %-дан 45,5%-ға дейін
өсті. 2004 жылы 11 айда ұзақ мерзімді несиелер 35,1%-ға өсіп 499,5 млрд.
теңгеге жетті. Ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 62,2%-дан 65,0%-ға
дейін өсті.
Несиелер бойынша қойылымдардың динамикасы әртүрлі бағыттағы
сипаттқа ие болды. Мәселен, 2004 жылғы 11 айда жеке тұлғалардың Ұлттық
валютадағы несиелері бойынша орташа алынған сыйақы қойылымы 20,3%-дан 20,6%-
ға өсті, ал заң тұлғалары несиелері бойынша 14,9%-дан 14,5%-ға дейін
төмендеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқарушылығымен
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2005-2007 жылға арналған ақша-
несие саясатының негізгі бағыттарын іске асыру қолға алынды.
Аға қойған мақсаттарға жету үшін Ұлттық банк ақша-несие
саясатының нарығына әсер ету шараларын қатаң ұстап отырады. Ақша-несие
сясатына қатаң қарау Ұлттық банктің ресми қойылымдарының нарықтық
қойылымдарға әсер етудің өзгерісін тудырады. Осыған байланысты 2005 жылдың
1 ақпанында қайта қаржыландыруға ресми түрде қойылымдар өсірілді.
Бітіру жұмысының мақсаты — Қазақстан Республикасының және ондағы
банктердің ақша-несие саясатын, пайыз саясатын, банктердің несие беру
саясатын қарастыру және ондағы мемлекеттің рөлін анықтау.
Бітіру жұмысының міндеттері — 1) экономиканың дамуын және оның
қажеттіліктерін қарастыру; 2) Қазақстан Республикасының несие саясатын
және ондағы банктердің рөлін қарастыру; 3) Банктік несиенің кеңеюі және оны
реттеудегі мемлекеттің рөлін анықтау;
Бітіру жұмысының құрылымы — бірінші бөлімде несиенің ұғымын,
құрылымын және оның қызметтері мен экономикалық маңызын қарастырып, оның
түрлері мен формаларын және экономикалық дамуын қарастырдық.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының несие саясаты және ондағы
банктердің атқаратын рөлі, банктердің несие беру саясатын, Ұлттық банк пен
коммерциялық банктердің несие нарықтарындағы операцияларын талдауды
қарастырдық.
Үшінші бөлімде Орталық банктің несие саясатын , банктік несиенің
кеңеюін және оны реттеудегі мемлекеттің рөлін қарастырдық.

1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

1. Несиенің мәні және оның құрылымдары мен ұйымдастыру қағидалары.

Несие – нарықтық экеономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілері
мен қатар, мемлекет те, үкімет те сондай – ақ жеке азаматтар да
пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – ол тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен, осындай айырбас негізінде
несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құн қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының негізін білдіреді.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмлесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәмленің екі
түрі ажыратылады: қарывз мәмлесі және сатып алу – сату мәмлесі. Несие қарыз
мәмлесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Несие ақшаның
төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда, бұған
деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне
ақшалай түрінде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несеие әр түрлі
ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретін естен шығармау керек.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін
ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамыз ете отырып,
несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие – бұл банктің қаражат көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ал ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – бұл кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай – ақ халық арсындағы несие қорын құру және
оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша
пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын
білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты
эленменттерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субьектілері жатады. Несиелік мәмле бойынша несиелік қатынастар
субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субектілер болып
табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет,
шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын
сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын несие
жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас
туындамайды.
Қарыз беруші және қарыз алушымен несиенің құрылымының элементіне
берілетін обьектіде жатады. Беру обьектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни
қарызға берілген құнды білдіреді. Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды
өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктің несие беру,
несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені,
мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай – ақ несиелік қатынастар
төңірегіндегі обьективті экономикалық амалдардың талаптары көзделеді.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара
байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да
несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелердің
негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.
Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді.
– Несиенің мақсаттылығы;
– Несиенің мерзімділігі немесе қайтарылымдығы;
– Несиенің ақылылығы;
– Несиенің қамтамасыз етілуі;
–Несиенің сый ақылылығы;
Несиенің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты
қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде
ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаты несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай
да мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды. Сонымен қатар, бұл қағидасы
ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінің негізгі көрсеткіші ретінде
де қызмет етеді.
Несиенің мерзімділігі – бұл белгіліэкономикалық категория ретіндегі
мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің
қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға
тиістілігімен қорытындылады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы
туындайды.
Несиенің қайтарымдылығы – бұны экономикалық категория ретінде, басқа
да ақшалай – тауарлы қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады.
Себебі, қайтарылмайтын несеи болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық – бұл
несиенің ажырамас бөлігі.
Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни
қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістілігін көздейді. Шаруашылықтың
нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы
арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданы қатаң түрде сақталуына, ұдайы
өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл
қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді.
Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың
қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір
жекелеген қарыз алушы үшін бұл қағиданың сақталцуы олардың банктен жаңа
несие алуына жеңілдіктер береді.
Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты
көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім
шарт құжатын да көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда
қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады.
Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартын бұзғаны үшін жоғарғы
жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады. Уақыты өтіп кеткен несиелер
көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның
зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін
қаражатын қайтару барысында бастапқы суммадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін
пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін
пайызын - несиенің бағасы деп айтады. Еркін реттелетін нарық жүйесі
тұсында несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс
негізінде қалыптасады. Бұдан да басқа жағдай да, несие үшін пайыз мөлшері
экономикалық заңдылықтарға сай, яғни банктің қызметінің экономикалық незіні
жоғалтып алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз
алушының қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғарғы мөлшерде емес, бір
қалыпты жағдайда қалыптасуға тиісті.Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны
үшін төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек.
Қарыз мәмлесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше
сипаттамайды, оны қарыз мәмлесі болып табылатыөндірістік қатынастар
сипаттайды. 1,50 б
Әртүрлі шаруашылық жүйесінде кездесетін мәмле типтерің формальды
(типтерінің) ұқсастығы олардың бір атаумен – несие бекітіледі, бірақ
әртүрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып, әртүрлі
мәнге, мазмұнға ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып, өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Несие мәміле типі ретінде, тауар
айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан
тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келді. Несие айырбас
процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық
категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығының диалектикалық дамушы
құбылыс ретінде қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі
сатыларының несиелік қатынастарыны өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі
қарыз келісіі арқылы жүзеге асатын әртүрлі обьектілердің айырмашылығынан
көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді: Бақыланылатын халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрін бұрын қоғамдық
өмірде несие деп аталатындары іріктеліп алынады: сонан соң бұл құбылыстар
талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: олардың барлығына тән
белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған
құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік
байланыстар: әртүрлі тарихи кезеңдерде тауар шаруашылығының алғаш пайда
болуы кезінде дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Жалпы несиенің мәнін ашу – бұл несиенің экономикалық қатынастардың
біпртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын
білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несинің мәні және
қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын,
қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несеиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда, несие зерттеу обьектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәмледе қатынас субьектілер қарыз беруші және қарыз алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы
негізінде жүреді. Сатушы – қарыз беруш, ол сатып алушы – борышқор болады.
– Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы.
Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек.
Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде
ұдайы өндіріс процесінің басқа да субьектілерінен алынған ресурстар бола
алады. Қазіргі шарушылықта кредитор – банк қарызды өз меншігіндегі
ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарын да сақталуы тартылған
қаражатта есебінен де, сонымен қатар, акция жәчне облигацияларды
орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен бере алады. Банктердің
құрылумен кредиторлардың шоғарлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық
кредиторлардың өкілі болады. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола
отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды
жинақтай алады, сонымен қатар, эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайда босаған
ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық
несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушыны несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік
келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң
қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы
несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс
процесінің барысына байланысты.
– Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір –
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмлеге сәйкес борышқор туралы
емес, қарыз алушы туралы айту керек. 2,296 б
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және
мемлекеттің өзі де қарыз ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәмледе төмендегідей ерекшеліктерге ие:
Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып
табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен
біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға
алынған қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады. Кредитор тікелей
өндіріске қатыспай – ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған
қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті
түрде сепе айырысумен қоса, қайтарымды толық өтеу үшін ұдай өндіріс
процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға
алынған құнды ғана қайтарып қана қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да
төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын
орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді
болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде
өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, мақсаттарымен
мүдделерінің бірлігін көрсетеді.
Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы –
соғұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай - ақ, несиелік қатынастар құрылымының элемнеті, яғни
кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай
кері қозғалатын обьекті болып табылады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы, оның авансылау сипаты.
Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының
иелігіне түсуі керек. Сонымен бірге, қаражаттарды авансылаудың кез келгені
несие болып табылмайды. 3,292 б

1.2 Несиенің функциялары және оның түрлері мен формалары.

Жалпы функция сөзі латынша functio атқару, жүзеге асыру деген
мағынаны білдіреді.
Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялары мәнінің
көрінісі түсіндіріледі. Демек несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше
көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы – оның мәні емес, тек
осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрінісі оның
функциясы ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдарды
қарастырамыз. Біріншіден, бәрінен бұрын несиенің мәні сияқты обьективті
сипатта болады. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік
қатынасқа түсе отырып, орындайтын белгілі бір жұмыстың көрінісін
сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір
жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде
барлық функциялармен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін
көрсетеді. Демек, әрбір кезеңде несие өзіні ң қозғалысының белгілі бір
сатысында болады, содықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын
бірден көрсетет алмайды.Мысалы: ақша төлем құралы функциясын да бір
мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара
алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция – бұл қатып қалған емес,
өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрінісі де
өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесі ретіндегі
көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке категорияға немесе қарыз алушыға емес, жалпы
несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек
егер ол тең дәрежеде несиелік мәмленің екі қатысушысына да қатысты болса
ғана оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формаларымен түрлерінің ерекше
көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке
бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері
емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады.
Несинің категориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады:
қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде
уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілу жолымен қайта бөлу сатысында
пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады.
Осыған байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші
жағдайда кредитор қарыз мәмлесі арқылы қарыз алушыға тауарлы – материалдық
құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақашалай қаражаттар да береді,
бірақ екі жағдай да беру обьектісінің формалары әртүрлі болағынымен оынң
мазмұны біреу – құн қайта бөлінеді. Осылайша қайта бөлу функциясының
көмегімен құн қайта бөлінеді.
Қайта бөлу функциясы қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты
мынандай түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, саларалық, сала ішілік және
шаруашылықаралық. Қайта бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік
иесі өзгермейтінін ескерте кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредитор
да сақталады. Егер несиелік қатынасқа кредитор мен қарыз алушы олардың
орналасқан жерлеріне тәуелсіз әртүрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның
қайта бөлуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық
банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып
табылатын кредитордан басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға
берілген жағдайда несиенің көмегімен саларалық қайта бөлу орын алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субтектісінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын тарты, оны басқа субьектілерге қарызға беру көзі ретінде
пайдаланса, онда оның құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі деп айтамыз.
Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы бөлінуін емес, уақытша босаған
құнның қайта бөлінуін қозғайды. Сонымен қатар, несие арқылы жүзеге
асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің жалғасы болуы да мүмкін.
Коммерциялық несие кезінде тауар өндіру өз өнімін сатып алушыға төлеуді
кейінгі қалдыру шартымен сатады, яғни несиелік негізде.
Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері
бар:
– Біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің,өндіріс
құрал – жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген
жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің
экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдеріңде жасалған құн да қайта
бөлінеді.
– Екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта
бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін қарастырады.
–Үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған
құнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады.
–Төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі
нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің
қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік
операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың
орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Қарызға берілген құнды тауарлы – материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара
талаптарды есептеуді аяқтау, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін
шоттарды төлеуге пайдалану, қолма – қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша
айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік
береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашылығында
қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын
басу функциясын орындамайды. Ол экономикалық айналымда олардың уақытша
орнын басу функциясын орындайды. 4,92 б
Несие экономиаклық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бір обьектілерге тән тұрақты қызметті байланыстардың жиыньтығын
білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде
сақталанатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты
кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе, несиенің
формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, несиенің екі формасы қарастырады:
коммерциялық және банктік. Сонымен қатар, көптеген жарияланымдарда несие
формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және
т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушығаұсынған тауары
немесе көрсетілетін қызметі үшін төлемді кейінге қалдыру. Несиенің осы
формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық
несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен
біріккен, ол оның мақсаты – тауарды өткізуді жылдамдату.
Әртүрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес, уақыт кезеңін және
көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да тауар
өндіруші өз тауарын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған
басқа тауар өндірушінің қолма – қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін.
Нәтижесінде несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің
құрылымы вексель – жазбаша қарыздық мінттеме болып табылады. Ол оның иесіне
белгілі бір уақыт өткеннен кейін борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай
соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі
бар.
– Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердіңрезервтік
капталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық
несиені тек өзіне сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана
бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген:
оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды тұтынатын
салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс
кәсіпорынының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата
алады, ол тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие
бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысына өндіріс құрал – жабдық бола
алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс
пайызының және тауарларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып,
несиелік жүйенің негізі болды. 5, 162 б
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын – төлемді
кейінге қалдыра отырып, сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта
фирмалардың төлем қабілеттігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен,
банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапония және Францияда кең таралған түрі болып
табылады.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі –
тауарлардың ұдай жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық
байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісім – аясы тар
мақсат емес, ол сатып алу – сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз
келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде
мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады. Бірақ анағұрлым
жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің
басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының
байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар
өткізуді мақсат еткен алғашқы мәмле вексель арқылы банктен басқа сападағы
несиелік мәмлеге айналады, оның негізінде қарыз капиталы жатыр. Банкте
вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен
ұлғайтылады.
Соңғы он жылда несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс
нығайып келеді.Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы
артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль
атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің
өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады. Жабдықтаушылар сатып
алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта хабардар болмайды, ал бұл
олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады.
Банктік несие – бұл банктердің арнайы несие – қаржылықмекемелерінің
қарыз алушыға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие
коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген
өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта
қозғала алады. Тоқыма фабрикасы иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке
орналастыра алады, ал бұл банк капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға
береді.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдау өндірісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді.
Ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қолдануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әртүрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріспен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және
олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс және
сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыс кезінде азаяды. Өндіріс дағдарысы әсерінен
тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады. Ал қарыздарды төлеу үшін
банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған
кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік
қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі
тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына және ақшалай қарызға бөлінеді.
Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда бұл бөліну қарыздың
қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына
несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы
қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды.
Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлiнген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады, бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмлесінің дербес
сипаты бар, онда ақшалай капитал өндірістік капиталдан бөлектенген.
Кредитордың мақстаы – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық,
мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік
мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктері сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмлесінің
қатысушыларымен байланысты. Қарыз капиталы беруді банктерде басқа әртүрлі
мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады.
Қарыз капиталы мен мәле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде банктік емес
деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Жұмыс істеп тұрған
капиталистерден басқа қарыз алушылар – несиелік – қаржылық мекемелер,
тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік
мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әртүрлі
мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі бір шекте капитал шығару және оны қарыз алушыларға
беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банк ресурстарының бірден
– бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды
банкаралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар, көрсетілген мақсатқа
облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатыпалу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды
сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір
жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі. Өйткені
тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан –
тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Тұтыну
несиесі негізіне қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде пайдаланылады.

Тұтыну несиесінің мақсаты – клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және
оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада берілетін
банктік қарыздар.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір
қызметтерді алу үшін пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар
және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын бес жыл ішінде төлеу үшін оқуға
түскен студенттер алады. Әдетте, дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3
айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі – 36 ай.
Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың
тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің
ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа
жұмысшылар мен қызметкерлер пайцдаланады. Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға
ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі
мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандырылған мемлекеттік тұрғын үй құрылыс
банкі құрылған. 3,208 б
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін несие.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретінде мемлекеттік және жергілікті билік органдары
болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы
– мемлекеттік заемдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық
міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады.
Халықаралық несие – валюталық жеке тауарлық ресурстарды қайтарымдылық
және пайыздар төлеу шартымен беру бойынша байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Несиенің түрлері – бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретінде несиеден келіп шығатын белгілі қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектикасы категориясы болып
табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде
түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1) мерзімдері бойынша
а) қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін);
ә) орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары) ;
2) несиелеу обьектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетін несие;

ә) айналым қорларына берілетін несие;
3) несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу;
ә) айналым бойынша несиелеу;
б) айналым бойынша сауда және жабдықтаушы - өткізуші ұйымдар
несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойнша да, қалдық бойынша да
несиелеудің элементтері бар. Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және
ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиенің төмендегідей жіктеулері бар:
1) несиелеу обьектісі бойынша тауарлы және қаржылық несиелер;
2) экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен
байланысты коммерциялық және қаржылық – кез келген мақсаттар үшін
пайдаланылады.
3) несие субьектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық
қаржылық ұйымдар беретін;
4) мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді.
Шетелдік әдебиетте несиенің категориялары бойынша келесі жіктеулері
кездеседі:
а) қарыз алушының типі бойынша:
1) тұтыну;
2) бөлшек көтерме;
3) ауылшарушылығы;
4) коммерциялық өнеркәсіптік
5) қозғалмайтын мүлік;
6) энергия;
7) үкімет – ( жергілікті үкімет, штаттар, ұлттық) федералдық.
ә) мақсаты бойынша:
1) тұтыну;
2) айналым капиталы,
3) құрылғылар;
4) ғимараттар;
5) жобалар;
6) лизингтік қаржыландыру;
б) өтелу кестесі бойынша:
1) бірдей төлемдермен (мысалы – тұтыну несиесі үшін 3 ай сайын)
2) кезеңдік төлемдермен ( тоқсан сайын, жарты жыл сайын)
3) бір рет төлемді ( қысқа, ұзақ және орта мерзімді несие)
г) қамтамасыз етілуі бойынша:
1) кепілмен қамтамасыз етілген;
2) қамтамасыз етілмеген;
3) кепілдендірілген;
4) басқа да қамтамасыз етулер;
Несиенің келесі бір формасы – лизинг болып табылады.
Лизинг – бұл несиенің ақшалай емес формасы. Бұнда машиналар, құрылғылар,
құрал – жабдықтар және басқа материалдық құралдар жалға беріледі, ал
бұлардың құны бірте – бірте төленіп соң, олар жалға алушылардың меншігіне
айналады. Лизингтік келісімдер бір жылдан 10-15 жылға дейін жасалады.
Факторинг – бөтеннің қарызын сатып алу немесе сенімхат арқылы
коммерциялық операцияны жүргізу. Банк немесе басқа комиссионер
кәсіпорынның, ассоцацияның және т.б. дебиторлық есепшотын қолма қол ақша
сатып алады.
Фарфейтинг – қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг,
қарызды өндіріп алу мерзімі бір жылдан, бес жылдан кейін келеді. 4, 117
б

1.3 Несиенің қызметтері және қарыз процентінің түсінігі.

Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегңдей
қызметтерді атқарады:
– Қайта бөлу;
– Айналыс шығындарын үнемдеу;
– Айналыстағы нақты ақшалардың орнын алмастыру;
– апиталдың шоғырлануын жеделдету.
– Ғылыми – техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады.
Несиенің айналыс шығымдарын үнемдеу қызметінің іс жүзінде асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасында болатын уақытша алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажетттілікті туындатады. Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін
несиені пайдаланады.Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана
қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру. Қазіргі
несиелік шарушылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл
қызметті іске асыру процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай – ақ
нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да
жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер,
несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Капиталдың шоғырлану процесіндегі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми –
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Және несие
өндіріске ғылыми – технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет
болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен,
оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен
қаржыландырылады. 6, 213 б

Қарыз проценті.
Несие мәмлесінің маңызды элементіне ссуда проценті жатады.
Процент, несие тәрізді, белгілі бір жағдайда пайда болған. Металл
ақшаның, ақша капиталының, процент пен өсімқорлықтың – осылардан өркениет
басталған – пайда болуы тауар өндірісіның дамуының белгілі кезеңімен
байланысты.
Сонымен бірге, процент несиенің міндетті атрибуты деуге болмайды.
Тауар ақша қатынастарының алғашқы кезеңдерінде несие айырбасты жеңілдету
және кеңейту үшін қолданылған. Соңынан несиеден тікелей пайда алу, ссудадан
белгілі өсім алу мүмкін болды.
Процент мөлшерлемесінің жүйесінің барлығына орталық банктің есептік
мөлшерлемесі, қазыналық вексельдердің мөлшерлемесі, 1 күндік ссуда бойынша
банкаралық мөлшерлемелері базалық негіз болып табылады. Бұлардағы
өзгерістер экономиканың болмысына, инфляцияның типіне, мемлекеттің ақша –
несие саясатының бағытына тәуелді болады.
Нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде ссуда кезеңі елеулі жоғары
болады, бұл бірнеше жағдайлармен белгеленеді.
Қарыз процентінің дәрежесі несиелік келісімдердің аса маңызды
элементін құрайды. Процент, несие сияқты, ылғи болмаған.
Банк проценті коммерциялық әрекетті ынталандыру үшін қолданылатын
несиенің өзгеше бағасы болып табылады. 7, 98 б

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ
АТҚАРАТЫН РӨЛІ.

2.1 Қазақстан Республикасының ақша – несие саясатының
мақсаттары.

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады:
Орталық банк және коммерциялық банк. Коммерциялық банктердің негізгі
функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде
коммерциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ақша саясаты
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Қазақстанның банк жүйесі
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Несие беру
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары
Несие экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Пәндер