Сервистегі анимациялық қызметтер



Қызмет көрсетудегі анимациялық қызметтер

Өндіріс немесе қызмет көрсету ежелден бері халық шаруашылығының бір бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді бұл қоғамның рухани.мәдени өсуіне үлкен әсерін тигізді. Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мыналар: 1) Сезбеушілік, яғни олардың материялдық емес сипаты, басқа сөзбен айқанда қызмет көрсету клиентке, оған қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды. 2) Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеке тікелей қатысушылар болып табылады. 3) Қызмет көрсету.бұл қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы және сапасыз екендігін білу мүмкін емес. 4) Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл.күйіне тәуелді. Қызмет көрсетудің тауардан негізгі және принципті айырмашылығы мынада тауар материалданған және өндірушіден шеттетілген еңбек нәтижесі тауарды тұтынушыға дейін жеткізу процесі процедураның стандартта жиынтығы арқылы жүзеге асырылады (өнімді көтерме және жеке саудаға, беру және оны әрі қарай жатқызу, қызмет көрсетуді жасау кезінде «сақтау» және «сату» кездері болмайды). Қоғамдық күшпен өндірістің дамуы шаруашылық қызметке сұранысты өсірді. Қызмет экономикада басты роль ойнап, қызмет сферасы және қызмет рыногы пайда болды. Қазіргі заманғы экономикадағы өзекті тенденцияның бірі ұсынылған қызмет көрсетудің феноменді өсуі болып табылады. Мемлекеттік статистикалық органдардың мәліметі бойынша, дамыған индустриальды мемлекеттердің ұлттық өнімдегі қызмет көрсету үлесі 2/3 тен 3/4 .ке дейін құрайды. АҚШ.та жұмыс істейтіндердің саны 17%.ға жетті және бұл сала, болжамға сай, жақын арадағы 10 жылға барлық жаңа жұмыс орындарының 90%.ға беруі тиіс.
Анимация (Animation) . қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
Жалпы анимация ұғымы латынның “anima” сөзінен шыққан, аударғанда ол «жандану, тірілу» дген мағынаны береді.
Анимациялық бағдарлама . бұл көңілді қойылым. Ол мәдени.демалыстық қызмет көрсету саласымен тікелей байланысты. Туризм, қоғамдық тамақтану немесе спорттық.сауықтыру салаларында қызмет

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қызмет көрсетудегі анимациялық қызметтер

Өндіріс немесе қызмет көрсету ежелден бері халық шаруашылығының бір бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді бұл қоғамның рухани-мәдени өсуіне үлкен әсерін тигізді. Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мыналар: 1) Сезбеушілік, яғни олардың материялдық емес сипаты, басқа сөзбен айқанда қызмет көрсету клиентке, оған қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды. 2) Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеке тікелей қатысушылар болып табылады. 3) Қызмет көрсету-бұл қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы және сапасыз екендігін білу мүмкін емес. 4) Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйіне тәуелді. Қызмет көрсетудің тауардан негізгі және принципті айырмашылығы мынада тауар материалданған және өндірушіден шеттетілген еңбек нәтижесі тауарды тұтынушыға дейін жеткізу процесі процедураның стандартта жиынтығы арқылы жүзеге асырылады (өнімді көтерме және жеке саудаға, беру және оны әрі қарай жатқызу, қызмет көрсетуді жасау кезінде сақтау және сату кездері болмайды). Қоғамдық күшпен өндірістің дамуы шаруашылық қызметке сұранысты өсірді. Қызмет экономикада басты роль ойнап, қызмет сферасы және қызмет рыногы пайда болды. Қазіргі заманғы экономикадағы өзекті тенденцияның бірі ұсынылған қызмет көрсетудің феноменді өсуі болып табылады. Мемлекеттік статистикалық органдардың мәліметі бойынша, дамыған индустриальды мемлекеттердің ұлттық өнімдегі қызмет көрсету үлесі 23 тен 34 - ке дейін құрайды. АҚШ-та жұмыс істейтіндердің саны 17%-ға жетті және бұл сала, болжамға сай, жақын арадағы 10 жылға барлық жаңа жұмыс орындарының 90%-ға беруі тиіс.
Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде -- қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
Жалпы анимация ұғымы латынның "anima" сөзінен шыққан, аударғанда ол жандану, тірілу дген мағынаны береді.
Анимациялық бағдарлама - бұл көңілді қойылым. Ол мәдени-демалыстық қызмет көрсету саласымен тікелей байланысты. Туризм, қоғамдық тамақтану немесе спорттық-сауықтыру салаларында қызмет көрсететін мекемелер өз ұжымдарында анимациялық топтар құратын болды немесе дайын анимациялық бағдарламалары бар аниматорларды шақырады.
Анимациялық бағдарлама - балалар мен ересектерге арналған ойын салтанаты. Мұнда міндетті түрде ойындар, сайыстар, сөзжұмбақтар болуы тиіс. Әдетте, басты атрибут ретінде мереке жүргізушісінің бастауымен жүзеге асатын анимациялық би саналады. Мереке жүргізушісі анимациялық бидің қимылдарын көрсетіп, түсіндіріп, хореограф рөлін орындайды.
Аниматор (актер) - сан қилы іс-шараларда әр түрлі кейіпкерлерді көрсететін әртіс болып табылады. Анимациялық топтың (ағыл. animation team) құрамына кіреді. Қонақтарды қарсы алу мен олардың көңіл-күйін көтеру қызметін атқарады.
Аниматордың функциялары
Аниматордың негізгі функциясы - болып жатқан оқиғаларға әрқашанда көңілді аудару. Аниматорлардың негізгі кейіпкерлері болып, клоундар, деректі және мультипликационды фильмдердің кейіпкерлері, пираттар мен қарақшылар және т.б. болады. Кең мағынада аниматор - кеңес дәуірінен бері келе жатқан " массовик-затейник" қызметінің қазіргі кездегі атауы болып табылады. Қазіргі кезде аниматордың қызметі ХХ ғасырдың технологияларын қолдана отырып жұмыс істейді. Негізінен олар жарнама мен ойын-сауық сферасында қызмет атқарады. Аниматорлар сан қилы іс-шараларда: корпоративті кештерде, фирмалардың юбилейінде, балаларға арналған мерекелерде болады. Аниматорлар сонымен қатар, промоакцияларда: лотереяларда, презентацияларда, жарнамалықакцияларда, сонымен қатар, туристік бизнесте, әсіресе курорттар мен шетелдік турбазаларда болады. Мұндағы аниматорлардың қызметі сан қилы - шоуларды, кештер мендискотекаларды жүргізуден бастап, спорттық жаттығуларды ( аэробика, жүзу, футбол және т.б.) ұйымдастыруға дейін.
Аниматорлар кез-келген мерекені ұйымдастырушылармен бірігіп, ойластырып, көптеген конкурстар мен қызықты заттарды ойлап табады. Мереке барысында аниматорлар келген қонақтарғы көңілді, қызықты болуы қадағалап жүреді, ешкімнің де ұмытылып не шетте қалып қоюын болдыртпайды. Осығай байланысты, аниматор жақсы психолог та болғаны абзал, сонда ғана ол әр адамға өзіндік тіл табысу тәсілін таба алады. Профессионалды аниматорлар бар мерекелер әрқашанда көңілді және екпіндеп өтеді. Адамдарға олардың көңіл-күйі туралы басқа біреудің ойлағаны тек жеңілдік болып, үлкен кісілердің өздері де балалармен бірге көңіл көтереді. Сонда барлық конкурстар, эстафеталар мен қызықты байқаулар тек бақытқа бөлейді.
Қазіргі таңда аниматорлық қызметтің бірнеше бағыттарын атап өтуге болады: қонақ үйлік, клубтық, қалалық, мерекелік және туристік.
Аниматорлар түрлері:
- Балаларға арналған аниматор - 3-14 жас аралығындағы балаларға арналған бағдарламалары бар және арнайы киімдері бар актер;
- Корпоративті кештер мен топтар ұйымдастыру аниматоры - инструкторларға көмек көрсететін, арнайы киімі бар немесе конкурстар, топтық ойындар өткізуге көмектесетін тұлға;
- Қонақүйдегі аниматор - 3-55 жас аралығындағы келушілерге спорттық, балаларға арналған сан қилы ойын-сауықтық бағдарламалары бар адам.
Аниматор мен актер
Актер рөлінің алдын-ала мәтінін жаттап алады, болатын жағдайларда сөйлейді және алдын-ала ойынның немен аяқталатынын біледі. Ал, аниматордың негізгі мақсаты болып тек оны қоршаған адамдардан күлкі алу болып табылады. Аниматор іс-қимылдары да икемді болып келеді.
Аниматор
"Аниматор" деген термин қазіргі таңда екі мамандықты білдіреді. Аниматорлар - бұл мальтипликациондық фильмдерді жасайтын адам да, қалалық мерекелер мен курорттық қонақүйлерді барлығының көңіл-күйін көтеретін актер де болып келеді. Аниматорлар болуға 18-30 жас аралығындағы, кез-келген жыныстағы тұлғалар шақырылады. Аниматор болу үшін әдетте, жақсы денсаулық иесі болуы керек, созылмалы аурулары бар адамдарға бұл жұмыс жақпайды. Аниматор болам дегендерге, сонымен қатар шет тілдерін білу де артықшылық жасамайды. Аниматорлар қызметін көптеген жағдайларда жоғарыдағы қызмет түрімен де шатастырып жатады. Бірақ қазіргі таңда екі қызмет түрі де танымал. Әсіресе, аниматор-актер шетел курорттары мен демалу орындарында өте үлкен сұранысқа ие. Олар жаз айларында болатын көптеген іс-шараларды қызықты өткізуге көмектесетін, барлығын ұйымдастыратын дама болып келеді. Әсіресе отбасында кішкентай балалар бар отбасы үшін бұл таптырмас ойын-күлкіге айналуда. Ата-аналар да балаларымен бірге бұл ойын-думанға кірісуі мүмкін, ойындар олар үшін де қызық болары сөзсіз.
Аниматор білімі
Өзінің қызметі бойынша дүниежүзіндегі ең қызықты мамандық иесі болуы үшін: психологиядан білім, ой-сана деңгейі, ішкі мәдениет пен тәрбие, актерлік талант, ән айту немесе би билеу, ораторлық өнер және т.б. көптеген құраушылар иесі болуы керек.

Балаларды көңілдендіру саласындағы анимациялық қызметтер
Аниматор деп түрлі мерекелерде жұмыс істейтін әртісті айтатын болды. Оның басты міндеті - көрермендер мен іс-шара қатысушыларының болып жатқан іс-әрекеттерге қызығушылығын арттырып әрі сақтап отыру. Көңіл көтеру индустриясында аниматорлар көбінесе мультфильм мен көркем фильмдерден белгілі персонаждарды сомдайды. Аниматорға таспсырыс беру немесе кейінгі кезде жиі айтылтындай, сәби мерекесіне сайқымазақ шақыру өте танымал әрі сәнді үрдіске айналды. Сұраныс ұсынысты тудырды. Нәтижесінде, алдарыңызда Қарақшы, Тасбақа Нинзя, Шрэк, Дюймовочка, Бэтмен, Белоснежка және т.б. мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерін киген аниматорлар.
Анимациялық топтар құрыла бастады, анимациялық бағдарламалар жазыла бастады, бұлар туризм мен жаппай қыдыруларда жоғары сұранысқа ие болды. Анимациялық топтарды қонақ үйлерге, туристік базаларға, курорттарға, мейрамхана мен дәмханаларға, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарына шақырады. Сонымен қатар кейінгі кезде аниматорлар жиі шақырушы жақтың жарнамасымен, пираымен да айналысады. Анимациялық бағдарламалар Масленица, қала күні, спорттық мерекелер, жаңажылдық іс-шаралар сияқты халықтық қыдырулардың, түрлі мерекелердің өзіндің бір құрамдас бөлігіне айналғандай. Аниматорлар көрмелерде, презентацияларда, промоакцияларда, лотереяларда, жарнамалық акцияларда қажет. Аниматор түрлі шоуларды, дискотекалар мен тақырыптық кештерді ұйымдастыруға да қатысады.
Аниматор тез тіл табысатын, ашық, ұшқыр ойлы, тапқыр, қылжақбас өнер адамы болуы керек. Ол адамдарды терең сезуді білуі керек, бұл жерде психологтың, педагогтың, әртістің қасиет-қабілеттері қажет. Кәсіпқой аниматор көрермен қауымды оңай әрі батыл жандандыра алады, сонымен қатар жалықтырып та жібермейді. Аниматор өз жұмысына сайыстар, ойындар мен ұтыс ойындар қосып, көрерменнің көңіл-күйін қалыптастырады. Алайда, ең алдымен бұл сұхбаттасу, арасында сайқымазақтануы, билеуі, ән айтуы мүмкін. Оның мамандығында біркелкілік пен ескілік жоқ. Анимациялық бағдарламаға байланысты мынадай мысал келтірсем:
Кариб теңізінің қарақшылары
Балалар қарақшылық банданалар киеді. Одан кейін топтарға бөлінеді, әр топта капитан сайланады. Топқа қарақшылық атау қойылады. Көмбені іздеу үшін қарақшылық карта сызылады. Аниматор-қарақшы балалармен сайыстар, эстафеталар, сынақтар өткізеді, олар үшін алтын тиын түрінде ұпайлар белгілейді. Түрлі қарақшылық жаңылтпаштар ойлап табады. Бұл 7-12 жас аралығындағы балалар мерекесіне жарайды.
Анимациялық бағдарламалардың сценарийлері ұдайы жаңарып, толықтырылып отырады, себебі, бұл қызмет түрі әлемде зор сұранысқа ие. Шақырушы жақтың бюджеті толық бір анимациялық топты шақыруға жеткілікті болған жағдайда, міндетті түрде бағдарламаға көстюмделген кейіптер, реквизит, дайын сюжет нұсқасы, қойылымдарға сәйкестендірілген музыка қосылады, грим қолданылады.
Ұдайы қызмет етуші (кезекші) топта негізінен, әртістік білімі бар, кино мен театрға қатысы бар кәсіпқой әртістер жұмыс істейді. Онда әр аниматордың рөлі мен әрекеті нақты жазылады.
Анимациялық топтағы адам саны әр түрлі келеді, бірақ әдетте, 5-6 адамнан тұрады.
Егер де анимациялық бағдарлама жабық ғимаратта, банкеттік залда, аудиторияда, спорт залында, тіпті, бассейнде өтетін болса, онда шектеулі уақыт факторы ескеріледі. Олар ғимаратты жалға алумен де, іс-шараны өткізудің жағдайларын жасаумен де байланысты.
Егер де ашық алаң - стадион, аула, спорттық алаңқай немесе жағажай болатын болса, онда шектеулер тек қана анимациялық топты шақырушы ұйымдастырышулырдың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты болады. Анимациялық бағдарламаларда қандай ойындар мен сайыстар қолданылады?
Ең бірінші, мейрамға келген қонақтардың көпшілігі қатыса алатын ойындар. Ол сайыстық ойындар, эстафеталар, анимациялық билер, жеңіл өлеңдердің мәтінің жаттау болуы мүмкін. Немесе басқа да мереке келген қонақтардың басым көпшілігін біріктіретін кез келген жаппай қойылым.
Анимашкалар - бұл ең жарқын әрі есте жақсы сақталатын суреттердің бірі. Әдетте, анимациялық фильмдер, мультфильмдер мен фильмдердегі ең бір сүйкімді, жарқын, қобалжытарлық сәттерді анимациялайды. Өз кейіпкерлерімізді қозғалыс жағдайында, есте қалатын күлкілі мимикасымен қызықты қалыпта көру бізге ұнайды.

Туризмдегі анимациялық қызмет
Қазіргі кезде бүкіл әлемде демалысты жандандыру және түрлі іс-шараларда өзінің қатысуынан алатын әсерді ұйымдастыратын анимация сияқты мүлде жаңа бағыт белсенді түрде кеңінен қолданыла бастады. Туризмдегі бұл құбылыс тамашалығы мен қызмет көрсетуі бойынша тең курорттардың бәсекесінен туды.
Адамның анимациялық (латын тілінен anima - жан, animatus - жандандыру) немесе демалыстық әрекеті, ең алдымен, рекреациямен (ағылшын тілінен recreation - күштерді қалпына келтіру) тығыз байланысты. Қоғамның моральдік-психологиялық климаты, оның деңгейі, физикалық және саналық денсаулығы халықтың демалысын ұйымдастыруға тәуелді.
Анимация бос уақытты өткізудің арнайы бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша қызмет түрі ретінде қарастырылады. Анимациялық бағдарламалар спорттық ойындар мен сайыстардан, би кештерінен, карнавалдардан, ойындар, хобби, рухани қызығушылықтар қатарына жататын іс-шаралардан тұрады.
Анимация - бұл туристік бағдарламаларға жан берумен қатар оған қатысушыларды тартуға бағытталған туризмнің жаңа бір саласы. Тиісінше, аниматор - адамдарға демалысты өткізудің көптүрлілігін көрсететін, толыққанды демалысты ұйымдастырушы, демалысты өткізудің жеке және ұжымдық бағдарламаларын әзірлеумен айналысатын маман.
Анимация адамның әлеуметтік белсенділігінің факторы ретінде қоғамдық қызметтің осы саласының арнайы дайындалған кәсіпқой мамандарын қажет ететін қалыптасқан тәжірибені зерттеудің нысандары мен әдістері болып табылады.
Туристік индустриядағы анимацияның бағыттарының бірі - демалу орталықтары мен қонақ үйлердегі туристердің демалысын анимациялау, мұнда аниматорлар туристермен ұдайы жұмыс істейді, олардың басты міндеті - адамдардың ішін пыстырмау.
Әдетте мұндай қызметкерлер "all inclusive" типті клубтарда жиі кездеседі. Күндіз туристер оларды бутиктердегі дүкенші сөресінде немесе алаңқайда жаңадан келгендерді оқыту барысында, туристерге арнап ұйымдастырылған спорттық сайыстарда, балық аулауда кездестіруге болады. Кешке тағы сол аниматорлар жарқын шоулар ұйымдастырады, оларға туристерді қатыстырады. Униформа ретінде аниматорлар жарқын, түрлі-түсті, көңілді суреттері бар қысқа жең жейдешелерді пайдаланады. Мұндай жейдешеде аниматордың аты жазылған, ол білетін тілдердің (елдердің) тулары бейнеленген карточка болады.
Шет мемлекеттер туристік қызмет менеджментіндегі өзекті бағыттардың бірі - анимацияны іскерлік тұрғыдан өте ұтымды қолдана біледі. Анимация - бос уақытты өткізудің арнайы бағдарламаларын қалыптастыру мен жүзеге асыру қызметі. Мәселен, бір кездері келушілерді зеріктіріп, экскурсанттардан мақрұм қалған Плимут қаласының (АҚШ) алғашқы ағылшын қоныстанушыларының мұражайы бүгінгі күні экспозицияны жасанды емес шынайы түрде бейнелейтін анимациялық ұйымдастырудың арқасында (қарапайым үй шаруашылығымен айналысып жүрген шынайы тірі кейіпкерлер) ұлттық шоуға айналып отыр. Стокгольмдегі (Швеция) ашық аспан астындағы Скансен мұражайы, Испаниядағы Порт Авентура, Диснейленд (АҚШ, Франция) тектес тақырыптық саябақтары - барлығы да анимацияның күшімен туристер арасында үлкен сұранысқа ие. Жоқтан бар жасау деген осы емес пе?

Қонақ үйдегі анимациялық қызмет.
Көңіл көтеру, бос уақыт және спорт секторы қонақжай индустриясы инфрақұрылымында үлкен рөл ойнайды және әртүрлі жағдайды иеленеді (тәрбие, көңіл күйді қалыптастыру, білім, демалыс, адамдардың мәдениетінің дамуы). Адам өзінің бос уақытында көңіл көтеріп, спортпен айналысса, демалып, күшін қалпына келтіреді. Кәсіпорын және ұйым секторларында көңіл көтеру орындары: цирктер, зоопарктер, аттракциондар, ойынханалар, демалу парктері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның даму жолдары
Отель қызметінің ұйымдастыру мәселелерін талқылау
Жарнама коммуникация ретінде
Анимациялық бағдарламаның сипаттамасы
Алакөл көлі туристік аймақтың сипаттамасы мен олардың туристік қызметтері
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Көңіл көтеру бағдарламалары
Электронды сот төрелігі
Туристік бизнестегі тұтынушыларды зерттеу
Санау жүйесі. Кодтау
Пәндер