Ауыспалы егісте өсірілген мақта қозасының өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері



КІРІСПЕ

1 Ғылыми әдебиеттерге шолу

2 Топырақ . климат жағдайлары
2.1 Климаттық жағдайы
2.2 Тәжірибе танабының топырағы

3 Зерттеу нысаны, әдістемесі мен бағдарламасы
3.1 Далалық зерттеулер
3.2 Далалық тәжірибедегі атқарылған агротехникалық шаралар
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

4 Мақта егістігі топырағындағы азот пен фосфордың сіңімді формаларының мөлшері мен динамикасының өзгеруіне тыңайту жүйесінің әсері
4.1 Жоңышқа тамыр жүйесінің жиналуы және химиялық құрамы
4.2 Топырақтағы азот пен фосфордың сіңімді түрлерінің мөлшерінің тыңайту жүйесіне байланысты өзгеруі
4.2.1 Топырақтың режимі.
4.2.2 Топырақтың фосфор режимі

5 Қоректену жағдайларына байланысты ауыспалы және дара егістіктеріндегі мақта дақылының өнімділігі
5.1. Қоректену жағдайлыры, ауыспалы және дара егістігінде өсірілуіне байланысты мақта дақылының өсіп.дамуы және өнімділігі
5.2 Ауыспалы және дара дақыл егістіктерінде өсірілген мақта дақылы тылшығының технологиялық сапасының тыңайтқыш қолдануға байланысты өзгеруі
5.3 Қысқа мерзімдік ауыспалы егістіктерде тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі

6 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымша

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Орынбекова Динара

Ауыспалы егісте өсірілген мақта қозасының өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану
жүйесінің әсері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 050808 – Топырақтану және агрохимия

Алматы 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

___________________________________ _______________________ факультеті

___________________________________ ______________________ кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: ___________________________________ ______________________

___________________________________ __________________________

___________________________________ __________________________

Беттер саны _______________
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны
_________
Қосымшалар _____________

Орындаған ___________________________________ _________________
(аты-жөні)

20 ___ ж. “____” _____________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі _________________ ___________________________
(қолы) (аты-
жөні)
Жетекші __________________ ___________________________
(қолы)
(аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_________________________ ________________
________________________________
(тарау) (қолы)
(аты-жөні)
_________________________ ________________
________________________________
(тарау) (қолы)
(аты-жөні)
Норма бақылау ___________________
________________________________
(қолы)
(аты-жөні)

Сарапшы ___________________ ___________________________
(қолы)
(аты-жөні)

Алматы – 2011 æ.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

мамандығы
___________________________________ _________________________________

___________________________________ ____________________________________кафед
расы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент
(аты-жөні)

Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ ______________________
___________________________________ ___________________________________ ______
____
___________________________________ ___________________________________ ______
____
___________________________________ ___________________________________ ______
____

Университет бойынша 20___ж __________________ № _____ бұйрығымен
бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж __________________

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
____________________

Дипломдық жобада жұмыста қарастыралтын сұрақтардың тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
________________________________
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
________________
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
________________
___________________________________ ___________________________________ ______
____

Ұсынылатын негізгі
әдебиеттер___________________________________ __________________
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
____________________

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау Кеңесші Мерзімі Қолы






Кафедра меңгерушісі____________________
___________________________________ ___
(қолы) (аты, жөні)

Жұмыс (жоба) жетекшісі____________________
___________________________________
(қолы) (аты, жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент ____________________
___________________________________
қолы) (аты, жөні)

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ГРАФИГІ

Рет саныТараулар және қарастырылатын Жетекшіге ұсыну мерзімі
сұрақтар тізімі Ескертулер
























Кафедра меңгерушісі____________________
___________________________________ ___
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі____________________
___________________________________
(қолы) (аты, жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент_____________________
___________________________________
(қолы) (аты, жөні)

Мазмұны
кіріспе 7
1 Ғылыми әдебиеттерге шолу 8
2 Топырақ – климат жағдайлары 17
2.1 Климаттық жағдайы 17
2.2 Тәжірибе танабының топырағы 22
3 Зерттеу нысаны, әдістемесі мен бағдарламасы 26
3.1 Далалық зерттеулер 26
3.2 Далалық тәжірибедегі атқарылған агротехникалық шаралар 29
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 31
4 Мақта егістігі топырағындағы азот пен фосфордың сіңімді 31
формаларының мөлшері мен динамикасының өзгеруіне тыңайту
жүйесінің әсері
4.1 Жоңышқа тамыр жүйесінің жиналуы және химиялық құрамы 31
4.2 Топырақтағы азот пен фосфордың сіңімді түрлерінің мөлшерінің 33
тыңайту жүйесіне байланысты өзгеруі
4.2.1 Топырақтың режимі. 33
4.2.2 Топырақтың фосфор режимі 38
5 Қоректену жағдайларына байланысты ауыспалы және дара 40
егістіктеріндегі мақта дақылының өнімділігі
5.1. Қоректену жағдайлыры, ауыспалы және дара егістігінде өсірілуіне 40
байланысты мақта дақылының өсіп-дамуы және өнімділігі
5.2 Ауыспалы және дара дақыл егістіктерінде өсірілген мақта дақылы 44
тылшығының технологиялық сапасының тыңайтқыш қолдануға
байланысты өзгеруі
5.3 Қысқа мерзімдік ауыспалы егістіктерде тыңайтқыш қолданудың 46
экономикалық тиімділігі
6 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері 48
Қорытынды 54
Қолданылған әдебиеттер тізімі 56
Қосымшалар 60

Кіріспе
Соңғы 15 жылда мақтаның дара дақылы егістігі көлемінің ұлғаюы, ғылыми
негізделген мақта-жоңышқа ауыспалы егістігін, агротехникалық және
мелиоративтік іс-шараларды сақтамау, минералдық тыңайтқыштарды жеткіліксіз
және негізсіз пайдалану, топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы түрлері
мен қарашірінді мөлшерінің 20-30% төмендеуіне әкеліп соқтырды, соның
салдарынан мақта өнімділігі едәуір төмендеуде.
Осыған байланысты мақта дақылы өндірілетін суармалы топырақтардың
құнарлылығын арттыру мен мақта өнімділігін жоғарылату мәселелері тұр. Бұл
маңызды әрі өзекті мәселелерді Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін
шаруашылықтарында дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен топырақтардың
қоректік элементтердің сіңімді түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес
қысқа айналымдағы ауыспалы егістіктер мен ғылыми негізде жасалынған тыңайту
жүйесін енгізу арқылы жүзеге асыруға болады.
Бұл дипломдық жұмыста Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтында өндірістік практика өту барысында агрохимия бөлімінің
тәжірибелеріне қатынасып жинақталған зерттеу мәліметтері келтіріліп отыр.
Зерттеу мақсаты мақта дақылының өнімділігі мен суармалы боз
топырақтардың құнарлылығын жоғарылататын тәсілдердің ғылыми және
практикалық негіздерін жасау.
Қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттер жүктелді:
➢ қысқа айналымдағы мақта дақылдары ауыспалы егістігіндегі
топырақтардың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруіне тыңайтқыштардың
әсерін анықтау;
➢ қысқа айналымдағы ауыспалы егістіктерде өсірілген мақта дақылының
өсіп-өнуіне тыңайтқыштардың әсерін зерттеу;
➢ мақтаның өнімділігі мен талшығының технологиялық сапасына
тыңайтқыштардың әсерін бағалау;
➢ қысқа айналымддағы ауыспалы егістік дақылдарына қолданылған
тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігін анықтау.
Ғылыми әдебиеттерге шолу

Мақта өте жоғары бәсекелестікке қабілеттілігі және жоғары экспорттық
мүмкіншілігімен ерекшеленеді, сондықтан ауыл экономикасының өсу нүктесі
ретінде анықталған. Қазақстанның аграрлық саясатында экспортқа бағытталған
салаларға жетекші рөл берілген, олар тек ішкі нарыққа ғана емес сыртқы
нарық жағдайына бәсекелестікке қабілетті өнім жасауға мүмкіндік береді. Ел
президенті ұсынған мақта-тоқыма кластерін дамыту бағдарламасы, жаңа
интенсивті технологиялар ендіру арқылы сапалы мақта ұлпасын өндіруді
ұлғайтуға септігін тигізеді [1].
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру стратегиялық маңызды міндеттердің бірі,
себебі республикамыздың бәсекелестікке қабілеті 50 елдің ішіне енуге
мүмкіндік туғызады және еліміздің мақтаға тәуелсіздігінің нығаюын
қамтамасыз етеді. Сондықтан, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстанның мақта
себетін аудандарында, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа жүйесін, яғни
төмен қарашірінділі суармалы боз топырақтардың құнарлылығын арттыру мен
негізгі дақыл мақтаның өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ететін
прогрессивті технологияларды жасаудың маңызы зор.
Мақта шаруашылығы жағдайында, ауыспалы егістіктердің маңызы зор және
егіншіліктің басты факторы болып саналады. Олар агротехникалық және
мелиоративтік шаралардың тиімділігін арттыратын негізгі құралы және
суармалы жерлерде мақта, тауарлы астық пен әртүрлі малазықтарын өндіруді
ұлғайтудың мәселелерін ұтымды шешуге ықпал етеді. Ауыспалы егіс – топыраққа
үнемі жас органикалық заттардың түсуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде
қарашірінді қорын молайтып, суармалы жерлердің өндіргіш қабілетін
жоғарылатады. Ауыспалы егісте көпжылдық шөптерді өсіргенде, топырақтың
жыртылатын қабатына 9-12тга көміртекке, белокқа және басқа заттарға бай
органикалық заттар түседі.
Ғылыми-негізде жасалған ауыспалы егістер мен тыңайтқыш қолдану жүйесін
игеру, мақта дақылының жоғарғы өнімділігі мен шық боз топырақтардың тұрақты
құнарлылығын қамтамасыз ететін негізгі бағытқа жатады.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістігінің негізгі алқаптары (60%
жоғары) Мақтарал ауданында орналасқан. Бұл аймақтың топырақтарының өзіне
тән ерекшеліктері бар: ашық боз топырақтардың құрылымы әлсіз, қарашірінді
мен азот мөлшері төмен, капиллярлық су көтеру қабілеті жоғары, сондықтан
екінші рет тұздануға бейімді болып келеді.
Осыған байланысты, бұл топырақтарда мақта өсіруде алғы дақыл
жоңышқаның рөлі өте зор, сонымен бірге азот тыңайтқыштары мен көңді
қолданғанда, пайдалы микроорганизмдердің қызметі жақсарып, топырақтағы
нитрификациялық процестердің жүруі күшейеді.
Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары, ұзақ жылдар бойы ашық боз
топырақтардың өнімділік қабілетін зерттеумен айналысып келеді, соның
нәтижелері бойынша мақтаны тыңайтқыш қолданбай, тек дара дақыл ретінде
өсіргенде өнімділігі 13,2цга, ауыспалы егістіктерде -38,8цга аралығында
болатыны анықталды [2].
Мақтаны дара дақыл ретінде үздіксіз 40 жыл бойы минералдық
тыңайтқыштарды қолданбай және оларды қолданып бір жерде өсіргенде, бастапқы
мөлшермен салыстырғанда қарашірінді мөлшері 41 және 23% төмендеді. Жыл
сайын көңнің 40тга мөлшерін қолданғанда қарашірінді қорын жоғарылатқан
және оны 4-ші жылы жоңышқаны аударып жыртқаннан соң қолдану керек [3].
Көптеген мақта өсіру мәселелерімен шұғылданатын ғылыми мекемелердің
зерттеулерінің нәтижелері, ауыспалы егістіктің мақта дақылының өнімділігін
жоғарылататынын көрсетті. СоюзНИХИ ғылыми мекемесінің тәжірибелерінде,
ауыспалы егістікте тыңайтқышсыз 26 жыл бойы өсіргенде мақтадан 32,4цга, ал
көне алқапта өсіргенде 21,0цга өнім алынса, ауыспалы егістікте тыңайтқыш
қолдану арқылы өсіргенде өнімділік 45,0цга және көне алқапта 38,8цга
дейін жоғарылады [4].
Мақтаны жаңа жалға егу технологиясымен өсіргенде, тыңайтқыштардың
тиімділігі жоғарылайды. Бұл кезде тыңайтқыштар локальды - таспа әдісімен
қолданылады және фосфор элементінің тиімділігі артады. Локальды қолданған
жағдайда қоректік заттар толық және қарқынды пайдаланылады, себебі оларды
белгіленген тереңдікке және өсімдік тамырының маңына орналастырады, соның
нәтижесінде өсімдіктің өсіп-өнуі жылдамдап, қосымша 58цга өнімділікті
қамтамасыз етеді [5].
Қазіргі уақытта, мақта шаруашылығының өнімділігі мен топырақ
құнарлылығының сақталуы органикалық және минералдық тыңайтқыштарды
қолданумен тығыз байланысты.
Агрохимия ғылымының негізін қалаушы тыңайту жүйесін жасау кезінде
әрбір жекелеген жағдайды есепке алу керек деп көрсеткен. Өсімдікте әрбір
элемент белгілі физиологиялық қызметтер атқарады. Жекелеген бір элементтің
жетіспеушілігі өсімдіктің тіршілік қызметін бұзады және өнімділікті
төмендетеді, сондықтан өсімдіктерді қажетті макро және микроэлементтермен
қамтамасыз ету – дақылдардың өнімділігін жоғарылатудың негізгі кепілі. [6]
Мақта – қоректену жағдайларына ерекше талап қоятын дақыл, 1 тонна
мақта – ұлпасын алу үшін 30-70кг азот, 10-20кг фосфор және 30-60кг калийді
қажет етеді. Қоректік элементтерді пайдаланудың шегінің мұндай алшақтығы
өнім құрылымы мен сорт ерекшеліктеріне байланысты болады. Мақтаның жіңішке
ұлпалы сорттары 1 тонна өнім қалыптастыру үшін, орташа ұлпалы сорттармен
салыстырғанда, қоректік заттарды 20-25% көп қажетсінеді [7].
Мақта талшығының 25% шамасы минералдық тыңайтқыштардың есебінен
алынады. Мақта өзінің вегетациялық өсу кезеңдерінде қоректік элементтерді
әртүрлі дәрежеде қажетсінеді.
Өсімдіктер алғашқы өсу кезеңінде, соңғы мерзімдеріне қарағанда
қоректік заттарды аз мөлшерде талап етеді. Сонымен бірге, мақта дақылының
қоректік заттарды қажетсінуі: алғы дақылдарға, топырақтың өндіргіш
қабілетіне, гранулометриялық құрамына, тұздануына, құрамындағы қоректік
заттардың мөлшеріне, өсімдіктің тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті мен
қоректік заттардың шығымына байланысты болады. [7].
Өсімдіктің әртүрлі өсу кезеңдерінде қоректену режимінің бұзылуы, өнім
деңгейі мен оның сапасына әсерін тигізеді. Ерекше жауапты кезеңі, ол
өсімдіктің азотты жоғары мөлшерде қажетсінуі, яғни жапырақтарының
ассимиляциялық бетінің массасын қалыптастыру кезеңі. Бұл мақтаның бутон
байлау мен гүлдену кезеңінің басына сәйкес келеді. Егер осы уақытта азоттың
тапшылығы байқалса, онда аз жапырақ бетінің ауданы түзіледі. Соның
нәтижесінде, фотосинтез процесінің жүруі баяулап, органикалық заттар аз
синтезделеді және жеміс салатын органдарында олардың мөлшері азаяды.
Өнім шығу мен бутон байлау кезеңіне дейін мақта қоректік заттардың,
оның ішінде азот пен фосфордың небәрі 3-5% және калийдің 2-3%, бутон байлау
кезеңі мен жаппай гүлдену кезеңіне қарай азоттың 25-30% және фосфор мен
калийдің 15-20%, ал жаппай гүлдеу мен қауашақтарының пісу кезеңі аралығында
азоттың 65-70%, фосфор мен калийдің 75-80% пайдаланады.
Мақтаның тамыр арқылы қоректенуін реттеу мақсатында минералдық
тңайтқыштарды дер кезінде қолдану керек, яғни азот, фосфор мен калийдің
жоғары қажетсінуге дейін тамыр жүйесінің негізгі массасының маңында болуы
тиіс [8,9].
Мақта өніп шығудан пісіп жетілгенше, әртүрлі сыртқы орта жағдайларын
қажет етеді. Әртүрлі кезеңдерде ол қоректенуге, температураға, ылғалға және
жарыққа түрліше талаптар қояды. Мақтаның әртүрлі өсу кезеңдерінде қоректену
жағдайларын реттеу, оның жоғарғы өнімділігі мен технологиялық сапасына әсер
етуге мүмкіндік береді. Өсімдік қысқа әрі белгілі мерзімдерде қоректік
заттардың біршама мөлшерлерін қажетсінеді, сондықтан осы кезеңдерде
қоректену деңгейін жоғарылату, жоғары өнім алу үшін қоректік заттарды
пайдаланудың маңызды және дұрыс жағдайы болып табылады [10].
Фосфор тыңайтқыштарының әртүрлі нормаларының (Р120-210 ) тиімділігін, азот
пен калийдің фондарында (N225-275 K112-140) мақтаның орташа ұлпалы В108-Ф
сортымен Қашкадария облысы жағдайында зерттегенде, экономикалық
тиімділіктің жоғары мөлшері азоттың төмен фонында (N225) байқалды, бұл
фонда 619,01-789,6 сом қосымша пайда алынды [10,11].
Кировабад – Қазақ аймағының ашық-қара қоңыр топырақтары мен Ширван
даласының шылғынды-боз топырақтары жағдайында тыңайтқыштарды қолданғанда,
қосымша 13,4 және 12,5цга мақта-ұлпасы қамтамасыз етілді, бақылаудағы
өнімділік 20,2 және 18,9цга болды [12].
Каршин даласының топырақтарына минералдық тыңайтқыштарды, оның ішінде
фосфордың жоғары (210кгга) нормасын қолданғанда, мақтаның жіңішке талшықты
С-6037 сортының өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызып, 46цга дейін өнім
жинауға мүмкіндік берді [13].
Ташауз облысының тәжірибе стансасы жағдайында, мақта талшығы сапасына
минералдық тыңайтқыштардың әсерлері бойынша жүргізілген далалық тәжірибе
нәтижелері, минералдық тыңайтқыштардың толық N200P150K50 мөлшерін
қолданғанда, барлық сорттарда талшық сапасы жоғары болатынын анықтады. Кеш
пісетін сорттарда 149-Ф және Ташауз 1608 тыңайтқыштардың нормалары артқан
сайын ұзын және жіңішке, бірақ мақта емес талшықтары пайда болды. Сонымен,
минералдық тыңайтқыштардың жоғары нормалары шалғынды топырақтарда мақтаның
негізгі кезеңдерінің өтуін біршама кешіктіреді, сөйтіп мақта талшығының
сапасына кері әсерін тигізеді [14].
Орталық Фергананың тегістелген төбешікті – көшпелі құмдарында мақта
дақылына тыңайтқыштардың тиімді мөлшерлері мен ара-қатынастарын анықтау
мақсатында жүргізілген тәжірибе мәліметтері, тегістелген төбешікті-көшпелі
құмдарға N350P180K140 пен 40тга көңді немесе 60тга лигнинді бірге
қолданғанда жоғары, әрі тұрақты өнім алуға мүмкіндік бар екенін көрсетті.
Бұл жағдайда көңді 3, ал лигнинді 2 жылда қолдану керек [15].
Орта Азия мен Қазақстанның топырақтарына фосфор тыңайтқыштарының
тиімді қолдану мәселесі – егіншіліктің алдында тұрған маңызды міндеттердің
бірі. Оның негізгі себебі, жыртылатын топырақтарда сіңімді фосфор мөлшері
аса жоғары емес. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігін жоғарылататын
тәсілдердің бірі, оларды қодану мерзімдері болып саналады. Мысалы, азот
фонында фосфор тыңайтқыштарының жылдық мөлшерінің барлығын жерді жыртар
алдында бергенде 1,5цга, 60% жерді жыртар алдында және 40% себер алдында
бергенде -2,1цга, 60% жерді жыртар алдында және 40% гүлдеу кезеңінде
-1,2цга, 40% себер алдында және 60% үстеп қоректендіруде бергенде небәрі
1,1цга қосымша өнімді қамтамасыз еткен [16]. Мырзашөл даласындағы боз
топырақта өсірілген мақта дақылына әртүрлі фосфор тыңайтқыштарының ауыспалы
егістік жағдайында әсерлеріне түрлі ғалымдар тәжірибелер жүргізген [17].
Мақта дақылының өнімділігіне жоңышқа егістігі мен тыңайтқыштардың
жоғары тиімділіктерін жүргізген тәжірибелердің мәліметтері дәлелдеп берді.
Егер жоңышқа тыңындағы өнімді 100% (47,0цга) деп есептесек, жоңышқа
тыңының аудармасынан кейін 83,8%, үшінші жылы 57,2%, төртінші жылы 43,6%
құраған. Тыңайтқыштарлы қолданған кезде де жоңыщқа тыңынан алыстаған сайын
мақта өнімділігі біршама: 100; 74,8; 65,7; 50,9% төмендеді [18].
Оңтүстік Қазақстанның суармалы боз топырақтары жағдайында, өсімдікті
қоректендіруде азот тыңайтқыштарының маңызы зор. Мақтаның жоғарғы қосымша
өнімділіктерін азот тыңайтқыштарының 250-300кгга мөлшерлері қамтамасыз
етеді. Фосфор мен калийдің бұл кездегі қолайлы нормалары 190 және 160 кгга
аралығында болады [19].
Авторлардың зерттеулерімен, жаңа игерілген жерлерде минералдық
тыңайтқыштардың тиімділіктерінің жоғары болатындығы анықталған [19-23].
Ашық боз топырақтарда органикалық заттар тез ыдырайтындықтан, ондағы
микробиологиялық процестердің жүруі баяулайды, сондықтан ауыспалы
егістіктерде жоңышқа өсіру мен көң қолдануды қажетсінеді. Көң фонында азот
тыңайтқыштарының әртүрлі нормаларын қолданғанда, топырақтағы сіңімді азот
пен фосфордың мөлшерлеріне оң әсерлерін тигізеді [24-26].
Фосфор тыңайтқыштарын жүйелі түрде ұзақ мерзім қолданған уақытта,
топырақтағы фосфор қосылыстарының барлық формаларының мөлшері жоғарылайды,
әсіресе өсімдікке сіңімді түрлері сапалық және сандық жағынан көп
өзгерістерге ұшырайды [27-31].
Мақта дақылына жүйелі түрде минералдық тыңайтқыштардың жоғары
нормаларын (350 кгга ә.з дейін) қолдану, оның жоғары өнімділіктерін
қамтамасыз етеді. Бұл дақылдың өнімділігін жоғарылатуда азот пен фосфор
тыңайтқыштары маңызды рөл атқарса, ал калий тыңайтқыштарының калийге бай
боз топырақтарда маңызы төмен. Калий тыңайтқыштарының тиімдігі, азот пен
фосфордың жоғары нормалары фондары мен ауыспалы егістікке жоңышқа өсірген
жағдайда арта түседі. Ашық боз топырақтарда өсірілген мақтадан 35-40цга
өнім алу үшін 160-185кг азот, 110-120кг фосфор және 40-45кг калий қолдану
ұсынылады [32]. Суармалы егіншілік жағдайында, нитрификациялық қабілеті
жоғары топырақтарда азоттың төменгі қабаттарға жылжуы байқалады.
Суару кезінде нитраттар топырақтың төменгі қабатына түседі, ал суару
кезеңдері аралығында жоғары қабатына жылжуына байланысты өсімдіктердің
азотты пайдалануын шектейді. Бұл жағдайда, топырақтан нитраттардың шайылуы
мен денитрификацияның әсерінен газға айналуының салдарынан азоттың біршама
мөлшері жоғалады. Азоттың жоғалуын азайту мен тиімділігін арттыру үшін
тыңайтқыштардың мерзімі мен тәсілдерін дұрыс таңдау, суару режимін сақтау
және нитрификация процесін баяулататын ингибиторларды пайдаланудың маңызы
өте зор. Мақтаны еккенге дейін азоттың ⅓ бөлігін ғана қолданса, ал қалған
бөлігін гүлдеу кезеңіне дейін қатар аралықтарын өңдеу кезінде үстеп
қоректендіру арқылы береді.
Фосфор тыңайтқыштарының негізгі бөлігін (¾ жалпы нормадан) топырақты
зябьке жыртар алдында қолданады. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігі үшін,
оларды сіңіру тереңдігінің маңызы ерекше. Боз және шалғынды топырақтарда
фосфор қарқынды түрде химиялық сіңіріледі, соның нәтижесінде қиын еритін
кальций фосфаттары түзіледі.
Алғашқы екі аптада мақтаның тамыр жүйесі 40-50см тереңдікке таралады,
фосфорды ең көп мөлшерде қабылдайтын гүлдеу мен жеміс байлау кезеңдері
аралығында, жоғарғы кеуіп кететін 10см қабатта жанама тамырлар өліп қалады
және тамырдың негізгі массалары топырақтың терең қабаттарына орналасады.
Негізгі тыңайтуда қолданған фосфор тыңайтқыштарының тиімділіктері локальды
тәсілмен таспа түрінде бергенде арта түседі. Фосфор тыңайтқыштарының аз
мөлшерін (10-20кгга Р2О5) азот тыңайтқыштарымен бірге (5-10кгга) тұқым
себу кезінде қолданғанда тиімділігі жоғарылайды және өнімділігі 2-3цга
арттырады. Калий тыңайтқыштарының жарты нормасын негізгі тыңайтуда, ал
қалған бөлігін азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге 3-6 жапырақ,
бутондану және гүлдеу кезеңдерінің басында үстеп қоректендіруде береді.
Үстеп қоректендіру кезінде тыңайтқыштарды қатар аралығын өңдеу арқылы
тереңге сіңіру қажет.
Мақта-жоңышқа ауыспалы егістіктерінде (2-3 жыл жоңышқа және 5-7 танап
мақта) жоңышқы тыңынан кейін фосфор мен калий тыңайтқыштарының көтеріңкі
нормаларын қолданады. Жоңышқаның топырақта биологиялық азот жинау
қабілетіне байланысты, мақтаны оның тыңы мен тыңының аудармасынан кейін
өсіргенде азот тыңайтқыштарының нормасын төмендетеді. Жоңышқадан алыстаған
сайын азот тыңайтқыштарының нормаларын жоғарылатып, керісінше фосфор мен
калий тыңайтқыштарының нормаларын біршама төмендетеді. Көңді (мақта егетін
аудандарда оның аздығына байланысты) 10-15тга мөлшерінде жоңышқадан кейін
4-5 жылы қолданады.
Органикалық тыңайтқыштарды көп қолдану – топырақ құнарлылығын
жақсартатын, минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін жоғарылататын,
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін және сапасын арттыратын маңызды
жағдай болып есептеледі. Органикалық тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге
қажетті макро және микроэлементтер кездеседі.
Тұзданған топырақтарда органикалық тыңайтқыштарды, оның ішінде көңді
көп қолдану ұсынылады. Көң қолданғанда топырақ құрылымы жақсарады, қоректік
заттармен байып, су өткізгіштігі жоғарылайды, соның нәтижесінде топырақтың
беткі қабатына тұздардың капиллярлы шығарылу процесінің қарқындылығы
төмендейді [33].
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды ұштастырып қолданғанда
топырақта қарашірінді жиналады. Өзбекстанның суармалы топырақтарында жүйелі
түрде минералдық тыңайтқышитарды қолданып, мақтаны дара дақыл ретінде бір
жерде өсірген жағдайда қарашіріндінің азаюы байқалған [34].
Орта Азияның суармалы аймақтарында, топырақты органикалық заттармен
байытатын бағалы малазықтық дақыл жоңышқа болып есептеледі. Ауыспалы
егістіктерге жоңышқаны өсіргенде, суармалы жерлерде қарашірінді сапасы
жақсарады, тыңайтқыштарды жүйелі түрде ұзақ уақыт қолданғанда қарашірінді
гуматты – фульватты түрге айналса, тыңайтқыш қолданбаған жағдайда –
фульватты түрге ауысады [35,36].
Егіншілік жүйесінің негізгі элементтерін тиімді жүзеге асыруда, әрбір
топырақ – климат аймақтарының ерекшеліктеріне сәйкес қолайлы ауыспалы
егістіктерді енгізу болып табылады. Осыған байланысты, бұрын жасалған мақта
–жоңышқа ауыспалы егістіктер жүйесі, бүгінгі таңдағы егіншілікті қарқындату
мен нарықтық экономика талаптарын қанағаттандыра алмайды.

2 ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Климаттық жағдайы
Климаттық жағдайлары бойынша зерттеу жүргізілген аймақ Мырзашөл
даласына жатады. Бұл аймақтың климаты өте континентальды болып келеді.
Жауын-шашын мөлшері негізінен қыс пен көктем айларында түседі.
Аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде жылдық ауаның орташа температурасы
+12,50С –ден оңтүстігінде +150С дейін ауытқиды. Аязсыз күндердің ұзақтығы
солтүстікте 170-190 күнге, ал оңтүстікте 230-250 күнге дейін созылады.
Аязсыз күндердегі ауаның оң температурасы аудандар бойынша солтүстік пен
солтүстік-батыста -4000-14000С, орта бөлігінде 4300-44000С және
оңтүстігінде – 4600-50000 С аралығында өзгереді.
Мақтаны сепкеннен өніп шыққанған дейін шамамен 84-1000, бутон байлауға
дейін - 5000, гүлдеуге дейін -10000 және қаушақтарының ашылуы үшін 1875-
18850С тиімді температура қажет. Мақтаның жалпы өсу кезеңінде 2173-27680С
температурасын қажет етеді. Сонымен, мақта өсірілетін аудандарға
температуралық режим қанағаттандырарлық деп есептелінеді.
Температураның қосындысы жоғарылаған сайын өсімдіктің суға қажеттілігі
арта түседі, оны суару кезінде есепке алған жөн. Жылдық жауын-шашын мөлшері
210-400мм аралығында ауытқиды.
Топырақтағы ылғал мен тұздардың жылжу процесіне ауа температурасы
әсерін тигізеді. Оңтүстік аудандарда ауаның орташа жылдық салыстырмалы
ылғалдылығы 51-56% болса, ал солтүстік-шығысқа қарай оның мөлшері 61-64%
дейін жоғарылайды.
Жылдық булану шамасы солтүстік-батыс және орталық аудандарда 1120-
1280мм және оңтүстік аудандарда 1590-1690мм аралығында өзгереді.
Вегетациялық кезеңде оның шамасы 910-1330мм немесе жылдық норманың 79-82%
құрайды.
Біздің зерттеулер Мақтаарал шаруашылығының территориясында жүргізілді.

Аталған территорияларда жауын-шашын аз түседі және жазда температура
жоғары, ал қыста төмен болады.
Мақтаарал агрометеорологиялық стансасының мәліметтері бойынша ауаның
жылдық орташа температурасы +12,30С. Орташа тәуліктік оң температураның
қосындысы 43170С тең. Кейбір жылдары температураның өзгеру амплитудасы
қыста минус 320С, ал жазда плюс 420С дейін жетеді.
Аязсыз күндердің орташа ұзақтығы (15 сәуірден 25 қазан аралығында) 194
күнді құрайды.
Көктемгі үсіктің түсуі сәуірдің екінші он күндігінде тоқтаса, ал күзгі
үсік қазанның үшінші он күндігінде түседі.
Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 262мм шамасында. Олардың түсуі
жыл мезгілдерінде бірдей емес, мысалы, жазда жылдық норманың – 3,8%, күзде
– 17,6%, қыста – 37,2% және көктемде -41,4% түседі. Атмосфералық жауын-
шашынның көп бөлігі жаңбыр түрінде болады. Жауын-шашынның көп 73-85%
мөлшері қыс-көктем айларында түседі, кейбір жылдары жазда жауын-шашын
түспеуі мүмкін.
Қысы қысқа, тұрақсыз және біршама суық болады. Мақтарал
метеостансасының мәліметтері бойынша қаңтар айындағы ауа температурасы
минус 3,40С. Қар жамылғысы тұрақсыз және оның қалыңдығы 10-35см аспайды.
Қар жамылғысы небәрі 43 күн жатады. Ауаның орташа температурасы 00С ден
жоғары кезең 45-65 күндерді құрайды.
Топырақтың тоңу тереңдігі 20-60см, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
81% шамасында.
Көктемде температура жылдам көтеріледі және ылғалды болып келеді.
Тұрақты 00С жоғары температура ақпан айының ортасында басталады. Бірақ оның
өзгеруі 15-25 күнді құрауы мүмкін, Кейбір жылдары көктемнің түсуі наурыз
айының соңында немесе сәуір айының басына дейін созылуы мүмкін. Көктем
кезеңіндегі ауа температурасы +140С немесе +120С ден +200С-ге дейін ауытқып
отырады. Сәуір айында орташа айлық ауа температурасы +15,10С. Көктемде
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60% көктемнің соңына қарай 50% дейін
төмендейді.
Жазы құрғақ және ыстық орташа тәуліктік тұрақты температурасы 1-
25,10С. Максимальды ауа температурасы 450С дейін жетеді, жауын-шашын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтада фотосинтез процесінің қарқындылығын зертттеу
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Шет елдерде және Қазақстанда қарбыз өсірудің қазіргі жағдайы
Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы
Ауыспалы егіс тізбектерінің топырақ құрылымына және құнарлығына қарқындылық әсері
Ауыспалы егістегі қауынның орны
Сарыағаш ауданында мақтаны суару мерзімі мен мөлшері
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Егістік жерлерді химиялау туралы
Пәндер