Көпшілік сыбайлас жемқорлық тепе-теңдігі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1

1.1. «Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не? 2
1.1.1. Сыбайлас жемқорлық фактілері 3
1.1.2. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы пайымдаулары 5
1.2. Сыбайлас жемқорлықтың типтері 8
1.3. Сыбайлас жемқорлық себептері және оның
пайда болатын ахуалдары 10
1.4. Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық мәні 10
1.5. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қатынасы 11
1.6. Сыбайлас жемқорлықты шартты теңестіру 11
1.7. Сыбайлас жемқорлық дәрежесінің вариациялары 14
1.8. Сыбайлас жемқорлықтың салдарлары 15
1.9. Мораль және сыбайлас жемкорлық 17
1.10. Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары 17
1.11. Қожайын . орындаушы . клиент моделі 17

2. КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ.ТЕҢДІГІ 18
2.1. Осы бағыттың моделдеріне шолу 19

Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 20

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1
1.1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? 2
1.1.1. Сыбайлас жемқорлық фактілері 3
1.1.2. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы пайымдаулары 5
1.2. Сыбайлас жемқорлықтың типтері 8
1.3. Сыбайлас жемқорлық себептері және оның
пайда болатын ахуалдары 10
1.4. Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық мәні 10
1.5. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қатынасы 11
1.6. Сыбайлас жемқорлықты шартты теңестіру 11
1.7. Сыбайлас жемқорлық дәрежесінің вариациялары 14
1.8. Сыбайлас жемқорлықтың салдарлары 15
1.9. Мораль және сыбайлас жемкорлық 17
1.10. Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары 17
1.11. Қожайын – орындаушы – клиент моделі 17
2. КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ 18
2.1. Осы бағыттың моделдеріне шолу 19
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 20

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселенің барлығы – сыбайлас
жемқорлық дегеніміз не, ол қайда және неліктен пайда болады дегеннен
бастап, осы құбылыстың қоғам үшін келтіретін салдары қандай дегенге дейін –
қазіргі кезде нақты жауап ала алған жоқ. Сыбайлас жемқорлық ұғымының өзі
ұзақ уақыт бойы экономистер, политологтар, социологтар және басқа да
қоғамтанушылардың қызу пікірталасының өзегіне айналды. Егер мемлекеттік
шенеуніктің парашылдығын сыбайлас жемқорлық ұғымына (және заңмен тиісті
жаза белгілесе) жатқызуға болса, онда мысалы, баспасөз бен бизнес бойынша
әлеуетті серіктестерді қабылдау мен фуршеттер туралы не айтуға болады
(оларды қалай жазалауға болады)? Сыбайлас жемқорлыққа арналған жұмыстардың
авторлары көбінесе оның дәстүрлі түрі – мемлекеттік (атап айтқанда
бюрократиялық және саяси) сыбайлас жемқорлықты қарастырады. Ол биліктің өзі
сияқты тым көне және оған лицензиялармен, сайлаушылардың даусымен,
әкімшілік және сот шешімдерімен, қазынашылық қызметтермен сауда жасау
жатады [1].
2003 жылы 10 желтоқсанда 113 елдің өкілдері Мексикада халықаралық күш
қолдана отырып, сыбайлас жемқорлықты жүгендеуді ұсынатын құжатқа қол қойды.
Қазақстан БҰҰ-ның бұл конвенциясын ратификацияламады. Қазақстан СІМ өз бас
тартуын уақыттың жеткіліксіздігімен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде өз
заңдарымыздың бар екендігімен ақтайды. Біздіңше, бұған мемлекеттен ұрланған
активтерді қайтару және қылмыскерлерді беру жөніндегі шаралар кедергі болса
керек.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы
Жарлығы (18.04.2005) шықты.

1.1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық 2 мемлекеттік қызметшінің мемлекет
мүлкін өз жеке мақсатына сатуы ретінде анықталады. Көптеген батыстық
демократиялық елдердің мемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлықтың тамыры
терең жайылған. Бұл жеке секторда аздау.
Мысалы, мемлекеттік қызметшілер лицензия беру кезінде, кеденнен
өткені үшін пара алады немесе пара беруші бәсекелес фирманың нарығына
кірудің алдын алу үшін пара алады. Мұндай жағдайларда олар ресми иесі
мемлекет болып табылатын тауар үшін жеке агенттерге жеке ақы белгілейді.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы өз орнын жеке мақсаттарына ашкөздікпен
пайдалануды білдіретін жалпы термин. Бұл бюрократиялық немесе саяси
жемқорлық болуы мүмкін. Ұсынған қызметіне жемқор пара алады. С. Роз-
Аккерманның жұмысына аталғандай 13, пара алушы адам басқа тұлғаның немесе
ұйымның агенті, орындаушысы (agent) болып табылады, өйткені параның мақсаты
– өз мүдделерін өзі жұмыс істейтін ұйымның мақсатынан жоғары қоюға түрткі
болу. Сатылушы субъектіні байқау үшін, ол белгілі бір билікке ие болуы
тиіс.
Параның тек ақша түрінде болуы шарт емес: ол сыйлық болуы немесе
қызмет ұсынылуы болуы мүмкін, немесе туыстарға жағдай жасау және т.с.с.
Егер мұнда әңгіме мемлекеттік емес жеке фирма туралы болып отырса, онда
мұндай құбылысты сыбайлас жемқорлық деп атауға болады.
Жалпы бизнесте пара секілді төлем түрін түсіндіруде бірыңғай тұжырым
жоқ. Біреулер үшін бұл қызметке қалыпты, үйреншікті төлем болып келеді.

Енді біреулер параны күмәнды акті деп есептейді. Ал енді үшіншілері
болса, оны еркін нарықтың кәсіпқой этикасы тұрығысынан ұят тірлік деп
санайды. Төртінші біреулер, оны заң бойынша жауапқа тартылуы тиіс қылмыс
деп есептейді 1. 3-ке сай жеке базардағы сыбайлас жемқорлық әдетте
заңмен реттелмейді және бір фирманың өкілі басқа фирманың өкілін сатып ала
алады.

1.1.1. Сыбайлас жемқорлық фактілері

Әлем көп ұзамай Штаттардың Ирактағы демократия үшін күресі туралы
шулы мәлімдемесінің астарында нақты не тұрғанын білетін болады. Ешқандай
айғақпен расталмаған бірқатар күдіктер қазірдің өзінде туындап жатыр.
Transparency International (ТІ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі
халықаралық үкіметтік емес ұйым өзінің жыл сайынғы Әлемде 2012 жылғы
сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы баяндамасын жасады. Есепте берілген
ақпарат қираған елді қалпына келтірумен байланысты ірі сыбайлас жемқорлық
дауын тудыруы мүмкін.
Құжатта Ирактағы пайдалы келісім-шарттарды пайдалы етіп бөлуді АҚШ
үкіметі жасырын жүргізуде. Мердігерлік жұмыстар пакеттермен берілуде, бұл
шағын компаниялардың қатысуын болдырмайды. Көптеген пайдалы келісім-шарттар
Республикалық партияға жақын компанияларға берілген. Мысалы, Halliburton
және Bechtel. АҚШ-тан бас мердігерлердің ірі кірістер алғаны туралы
куәліктер пайда бола бастады делінген баяндамада.
Бақылаушылар мәлімдегендей, қайта қалпына келтіруде Ирак ірі
көлемдегі сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналдырылды. Елге құйылып жатқан
қаржылық көмектер ағыны институтционалдық кепілдікпен қамтамасыз етілмегені
былай тұрсын, тіпті жай ғана министрліктер мен мемлекеттік компаниялардың
есепке алу жүйелерімен де қамтамасыз етілмеген.
Transparency International Иракта құрылыс пен мемлекеттік сатып
алуларға жоспарланған шығыстар жүзеге асырылмай тұрып, сыбайлас
жемқорлықтың жолын кесуді ұсынды. Болмаса елдің экономикалық дамуына қауіп
төнеді.
Ұйым сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір жолы анықтық, яғни уақтылы
есепті жариялап отыру деп есептейді.
Сыбайлас жемқорлықпен соғыс әлемді нашарлатады
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен бізге Гиппократ анты
секілді ант қабылдау керек.
Он жылдай бұрын әлем сыбайлас жемқорлықтың ыдырай бастауына куә
болды. Әлемде демократия желі тұрғанда ешкімге есеп бермейтін диктаторлар
мен бюрократтардың лас мәмілелерін жалпы көпшілік біле бастады. Қырғиқабақ
соғыс жылдарында диктаторлар олардың ұрлықтарын қолдау үшін екі ірі
державаның біріне өз берілгендігін сатты. Екі ірі держава арасындағы
бәсекелестік тоқтағаннан кейін осындай жемқорлық мәмілелер тоқтады.
Ақпараттық революцияның арқасында жоғары эшелондағы кішкентай ғана сыбайлас
жемқорлықтың өзі сол сәтте халықаралық жаңалыққа айналды.
Адамдар көптеген саясаткерлердің кәсіпкерлермен келісе отырып пара
алғандығын білген кезде сыбайлас жемқорлықпен күресейік деген қоғамдық
үндеуі туатыны белгілі. Елдер антикоррупциялық заңдар қабылдады, ал
корпорациялар – қатаң кодекстер жасады. Барлық жерде ықпалды
антикоррупционерлер басқаратын ұлттық ведомостволар пайда болды.
Бүкіл әлемде Германиядан Перуге және Оңтүстік Кореяға дейін сыбайлас
жемқорлықпен байланысты даулар мемлекет басшылары мен лауазымды
шенеуніктерді шарпып, олардың көпшілігі түрмеге отырды. Егер қандай да бір
қызметке үміткер болатын болса, ықпалды тұлғаға қарсы шығып, ол оппонентін
жемқор деп айыптау белең алды. 2003 жылы БҰҰ 100 елден аса мемлекет
мақұлдаған сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы конвенция қабылдады.
Өкінішке қарай, мұның бәрі көңілге қуаныш ұялатпайды. Соңғы он жылда
аз нәрсе істелген жоқ, - дейді жемқорлық саласының білгір сарапшыларының
бірі Даниэль Кауфманн. – Көп нәрсе атқарылды, ал қол жеткен нәрсе аз.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес демократияға зиян келтіруде,
қоғамды өзекті мәселелерден басқа жаққа назар аудартып, басқа адамдардың
билікке өтіп кетуіне жағдай жасалуда.
Жемқорлық мемлекет проблемалары үшін оңай әмбебап диагнозға айналды.
Бізге пара алу мен сараңдық мәдениетін қаншалықты тез аластасақ, көптеген
күрделі мәселелер оңай шешіледі деп сендіргісі келеді. Сыбайлас жемқорлық
шындығында да ірі зиян келтіргеніне қарамастан, парақорлық пен
сатылушылықтың жойылуы қоғамды толғандырып отырған елеулі мәселелердің
бәрін шеше алмайды.
Сыбайлас жемқорлықтың тірмізіктігі өмірлік мәні бар мәселелер туралы
даулардан да көрінеді. Банкротқа ұшыраған білім жүйесі, нашар жұмыс
істейтін аурухана және экономикадағы тоқырау мәселелері сыбайлас жемқорлық
туралы даумен теңесе алмайды. Мүмкін сыбайлас жемқорлық осы проблемаларды
ушықтырып отырған болар, дегенмен жемқор шенеуніктерге де қатысы жоқ
проблемалар туындап жатыр. Осындай әлеуметтік зиынды мәселе елдің күн
тәртібіндегі басты мәселе болғанымен сыбайлас жемқорлықпен күрес сонда да
қоғамдық дебатты өршітуге ұмтылады.

1.1.2. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы пайымдаулары

Америка үнінің тыңдаушысы: Мен үшін мынаған назар аударған дұрыс
болар еді. Жалпы, жемқорлықпен келген ақшаның барлығы – лас ақша. Салықтан
жалтарып, ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын фирманың бәрі
қалай құрылғаны жасырын емес. Міне осы ақша сыбайлас жемқорлықпен табылған
ақшаға өтеді. Егер бұлар таза болса, бұлай жасалмас еді. Бұл фирмалармен
күресу мүмкін емес. Өзім де олардың қызметін пайдаланамын. Соманың
айналуынан алынатын проценттер соманың көлеміне байланысты 0,5 проценттен
бастап белгіленеді. Бұлармен күрес мемлекет үшін қиын болмаса керек. Менің
айтпағым осы.
Социологтар ресейліктердің 32 пайызы елдің басшылығы сыбайлас
жемқорлықпен күресуді қалайды, бірақ оны жасай алмайды деп санайды. 29
проценті – жасай алады, бірақ қаламайды, ал 21 проценті мемлекет күресе
де алмайды, күрескісі де келмейді деп есептейді. Халық ресейде
милиционерлер мен кеденшілердің, содан кейін судьялар мен прокурорлардың
және үшінші орында – жоғары федералды билік органдарының сыбайлас
жемқорлыққа батқан деп санайды.
2 тыңдаушы. Қайырлы күн. Мен қысқа жауап берейін. Егер қазіргі кезде
Ресейдегі жағдайларға орайластыра басқаша айтатын болсақ, мұнда ең алдымен
билікті халық таңдаған билікпен ауыстыру керек. Мемлекет құраушы бүкіл
ресурстарды, бірінші кезекте газ, мұнай, орман, жер секілді салаларды
мемлекет бақылауына беру керек. Сол сияқты арақ, алкоголь өнімдері де
мемлекет бақылауында болғаны жөн. Өндірісті қалпына келтіріп, жұмыс істеуге
жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету керек.
Виктор Резунков: ИНДЕМ қорының деректері бойынша, ақшаның көп бөлігі
сыбайлас жемқорлық саласында. Әсіресе ЖОО сыбайлас жемқорлық ошағына
айналып отыр. Мұнда шамамен 449 млн. доллар бар. Автоинспекция саласында
368 млн. доллар. Сотта әділдікке қол жеткізуде – 274 млн. доллар. Осы
кестеге қарасақ, неліктен осы салаларда жемқорлық жайлаған? Әлде осыған жол
беріп отырған заңдарымыз әлсіз бе?
Санкт-Петербург тұрғыны: Ресейдегі сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін
емес. Бұл бізде қалыптасып кеткен.
Санкт-Петербург тұрғыны: Бұл бізден, адамдарға байланысты шығар.
Тұрмыстық деңгейде, әрине болады. Өзімізше шешкіміз келеді. Әділетке
жүгінеміз, бірақ табысты бола бермейді. Не істерсің. Ресей бұған дағдыланып
кетті. Сондықтан қоғам қалай қалайды, халық қалай дағдыланды солай бола
бергені жөн.
Санкт-Петербург тұрғыны: Мен мұнымен күресу мүмкін емес деп
есептеймін. Өйткені атам заманнан бері жалғасып келе жатыр. Мен шығар жолды
көріп тұрғаным жоқ.
Михаил Горный: шындығында бұдан шығудың тиімді жолы бар. Сыбайлас
жемқорлықты ауыздықтау үшін мемлекеттік қызметшілердің, шенеуніктердің
айлығын көтеру керек. Бірақ оны бет алды көтермеу керек. Ол пара алған
жағдайда орнын жоғалту қатері мен пара деңгейіндей жағдайда болуы керек.
Егер саған 50 мың доллар пара берсе, ал бізде шенеунікке мұндай айлық
төлеуге шама жоқ. Сөйтіп бұл шараның тиімділігі болмайды.
Тыңдаушы: Қандай да бір шара ұсынған жөн. Сіздер бірқатар шаралар
ұсындыңыздар. Бірақ шешуші нәрсе менталитете. Оны қалай өзгертеміз?
Меніңше, мұнда наркоманиямен күрескен секілді шара қолдану керек. Қоғамға
әйгілі адамдар – спортсмендер, музыканттар көпшіліктің санасына осыны құюы
керек.
Дмитрий Казнин: Сыбайлас жемқорлықпен күресудің рецептілеріне келсек,
Ұлттық антикоррупциялық комитеттің директоры Кирилл Кабановтың ойынша, ол
саяси бәсекелестік, еркін бұқаралық ақпарат құралдары және билікке
азаматтық бақылау жүйесі. Яғни, қазіргі кезде бұлардың бірі де Ресейде жоқ.

Қытайда пара алғаны үшін өлім жазасын береді. Бұл жылдан жылға артып
келеді.
АҚШ-та сыбайлас жемқорлықпен күресте ерікті мәлімдеушілер де
қатысады. Олар хабары үшін шектірілетін материалдық шығын көлеміне орай
процент алады.
Сарапшылар мұндай шараны іске асыру бірінші кезекте қоғамның
мәдениетіне байланысты дейді. Сіз қалай ойлайсыз, Ресейде осындай институт
бар ма, оны құрудың мәні бар ма?
Михаил Горный: Қазірше, менің ойымша, Ресейде мұндай институт жоқ.
Мұндай институт құрғысы келіп жүргендердің көбісі батыстық мамандар.
шындығында осылай. Мұны олар үрлеуші ысқырық деп атайды Оларда бұл сөзсіз
қорғайды. Білесіздер ме, бұл меніңше кәдімгі сөз тасу, астыртын хабар
жеткізу. Бұл жақсы емес, Адамдар бірінің үстінен бірі сөз тасып, бірін
ұстап беруі мүмкін. Сталиндік репрессия осылай болмап па еді. Мұнадй
институты енгізуді мүлдем қате деп санаймын. Бірақ мұның Батыста заң
шеңберінде жұмыс істейтінін жоққа шығармаймын және ол тиімді де.
Біздің кезімізде сөз тасушылық өте қауіпті. Сол сияқты терминнің өзі
де дұрыс алынбаған сияқты. АҚШ-та және Батыс Еуропада мұны сөз тасу
демейді, мұны олар заңды орындау дейді. Адамдардың барлығы көршілерінің
заңды сақтауын қадағалайды. Олар өздерінің азаматтық позициясы осы деп
санайды. Бұл түбірімен басқа көзқарас, бұл сөз тасу емес. Мәселе бұл
елдердің құқықтық мемлекетте өмір сүруінде. Әрине, онда да сыбайлас
жемқорлық бар, ол АҚШ-та да, Италияда да, Францияда да, Германияда да және
Израилде де бар. Қытайда мұны ауыр жазалайды, өлім жазасымен, әрі көпшілік
алдында. Адамды алаңға алып шығып, сонда атады. Менің деректерім бойынша,
бұдан жемқорлар азайып отырған жоқ. Қандай тәсілдің тиімді екендігін
өздеріңіз пайымдап көріңіздер.
Өзін өзі басқару дәстүрі әлсіз Шығыс елдерінде, мысалы, Жапонияда,
Сингапурде және Гонконгта мемлекеттік қызметтің мәртебелілігі мен жоғары
ақысына ставка жасайды. Батыста керісінше үкіметтік емес ұйымдардың,
азаматтық өзін өзі басқару мен бақылаудың күшіне сүйенеді.

1.2. Сыбайлас жемқорлықтың типтері

Сыбайлас жемқорлықтың типтері көп, мұндай жіктеуді әр түрлі деңгейде
жүргізуге болады.
1. Жекелеген актілер деңгейінде. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың үш түрін
бөліп алуға болады. С. Роттенберг 4 оны жеке тарифтер жиынтығы деп
анықтайды. Мысалы, ресми ереже ақысыз орындауды талап ететіндерді
орындағаны үшін (мысалы, тегін виза үшін ақы алу) немесе ереже орындауды
талап еткендерді орындамау үшін қойылатын тарифтердің жиынтығы (мысалы,
аудитордың маңызды ақпаратты көрсетпеуі). Немесе заңды тікелей бұзу үшін
қойылатын тарифтер (мысалы, салық инспекторы пара үшін бұрмаланған есеп
береді).
2. Сыбайлас жемқорлық ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкісі бір ұйым
ішінде пайда болады, сыртқы сыбайлас жемқорлық – ұйым мүшесін сырттан біреу
сатып алады (Дж. тирол 5 сыртқы сыбайлас жемқорлықты борышты тәуелсіз
және жеке бұзу, ал ішкіні ұйымдасқан қылмыс деп белгіледі).
3. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік (бюрократиялық немесе саяси)
болады.
4. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық туралы айтқанда С. Рох-Аккерман 6
оның екі белгісін көрсетеді:
1. пара алушылар типі бойынша:
■ клептократия, мұнда сыбайлас жемқорлық үкімет басында ұйымдасқан;
■ сыбайлас жемқорлық бюрократтардың көпшілігінің қызмет саласына
айналады;
2. пара нарығы типі бойынша:
■ негізгі жеке жемқорлықпен айналысатын адамдар тобы болады;
■ пара төлеу орталықсыздандырылған.
Осы екі белгі жемқорлыққа батқан мемлекеттің төрт санатына сәйкес
келеді: клептократия, бәсекелес нарық, қосарлама монополия және мафия
бақылайтын әлсіз мемлекет.
3. Ақыр соңында сыбайлас жемқорлық мемлекет үстінен: ұлтаралық
деңгейде көрінеді. Әлемдік қоғамдастықта халықаралық бизнес саласындағы
сыбайлас жемқорлық ерекше проблема болып отыр. Осындай проблеманы жою үшін
мемлекеттер өзара әрекет ететін интернационалдық келісімдер жасау арқылы
қол жеткізуді көздейді.

1.3. Сыбайлас жемқорлық себептері және оның

пайда болатын ахуалдары

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының себептері қандай? Мұның жауабы
қарапайым. Оны сыбайлас жемқорлықты зерттеушілердің көпшілігі береді:
сыбайлас жемқорлықтың себебі мемлекет болып табылады, яғни әртүрлі
шектеулер, реттеуші және бақылаушы ережелер, т.б. Экономикалық тәсілге
орай, яғни әркім өз пайдасын көбейту үшін сыбайлас жемқорлық мемлекеттің
бар болуына байланысты табиғи экономикалық құбылыс жеген тұжырымға келеді.
Нарықың тиімсіздігі мен құлдырауының алдын алуы тиіс мемлекеттің өзі
сыбайлас жемқорлық пен тиімсіздікті өзі туындатуы мүмкін.

1.4. Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық мәні

Экономикалық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық пайда іздегендердің іс-
әрекетінің көрінісі болып табылады. Мұндай іс-әрекетке мемлекеттік келісім-
шарт, экспортқа немесе импортқа квота үшін бәсекелестік процесі түрткі
болады. Жеке фирмалардың салықтан босануға деген тілегі де осыған ықпал
етеді. Баяндамаға орай 6 сыбайлас жемқорлықты туындататын алты жалпы
жағдай бар – басқаша айтқанда мемлекеттік реттеуден пайда іздеуге ұмтылу
жолы.
1. Үкімет көптеген жеке адамдар мен фирмаларға формалды критерийлерді
ұстана отырып, дефициттік рента бөлуді ұйғарады. Пара нарықты тазалайды.
2. Қоғамдық сектордағы бюрократтар айлықтары төмен және ішкі
қадағалау әлсіз болғандықтан өз жұмыстарын орындауға құлықсыз болады. Мұнда
пара сыйлық ақы ролін атқарады.
3. Жеке фирмалар мен адамдар өздеріне үкімет салық түрінде салатын
шегерімдерді азайтуға ұмтылады. Пара оны төлейтіндердің шегерімдерін
азайтады.
4. Үкімет үлкен қаржылық пайданы келісім-шарттар, жекешелендіру және
концессия бекіту арқылы жеке фирмаларға жиі береді. Пара монополиялық рента
деңгейіне және олардың жеке инвесторлар мен қоғамдық шенеуніктер арасында
бөлінуіне ықпал етеді.
5. Пара саяси ықпал етудің заңды формасының орнын ауыстыруы мүмкін.
Саясаткерлерді сатып алу, олардың ықпалы сатып алынады, ал саясаткерлердің
сатып алуы – дауыстардың сатылуы.
6. Сот төрелігі шегерімдер салып, ресурстарды тараптар арасында
бөлуге билігі бар. Пара заңды нормаларды жабуға көмек береді.

1.5. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қатынасы

Мемлекеттің араласуы жеке нарықтың шектелуін тудырады, сөйтіп осы
шектеуді бұзуға талпынысты оятады, сондықтан экономикалық агенттіктердің
өздері шенеуніктердің сатылымпаздығына мүдделі. Мемлекеттің нарықты
осылайша реттеу тәсілі, мысалы, рұқсат немесе лицензия беруі монополистің –
рұқсат беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі жайлы
Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру проблемалары - пәнаралық методологиялық проблема
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
Корпоративті басқарудың құрылуы
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Пәндер