Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 Кедендік қылмыстарының жалпы сипаттамасы және оның түрлері
1.1 Кеден қылмысының түсінігі және шығу себептері ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кедендік қылмыстардың ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес экономикалық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Экономикалық қылмыстағы кеден қызметкерлерінің жауапкершіліктері ... ... 29

3 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтің экономикалық қылмыспен күресудің даму бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының экономикалық қылмыстармен күресудегі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... .34
3.2 Экономикалық қылмыстармен күрестегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57

Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
---------------- 3

1 Кедендік қылмыстарының жалпы сипаттамасы және оның түрлері
1. Кеден қылмысының түсінігі және шығу себептері ------------------------
6
2. Кедендік қылмыстардың ұғымы мен түрлері -------------------------------
12

2 Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі
жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес
экономикалық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық ----------------------- 20
2.2 Экономикалық қылмыстағы кеден қызметкерлерінің
жауапкершіліктері ----------------------------------- -----------------------
-----------29

3 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтің
экономикалық қылмыспен күресудің даму бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының
экономикалық қылмыстармен күресудегі жағдайы---------------------------- -34

3.2 Экономикалық қылмыстармен күрестегі халықаралық
ынтымақтастық мәселелері ----------------------------------- ----------------
-------46

Ұсыныстар ----------------------------------- --------------------------
---------50

Қорытынды ----------------------------------- --------------------------
-------52

Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- -----------
-55

Қосымшалар ----------------------------------- -------------------------
------ 57

Кіріспе

Қазіргі экономикалық дамулар ұлттық экономиканың мемлекетаралық,
аймақаралық интеграциялау тенденциясы, еркін сауданың көлемді аймақтарын
құруға, тауарлар алмасу кезіндегі халықаралық шарттардың ролін арттыруға
ұмтылу үстінде. Ортақ ережелерге, ортақ қағидаларға сүйенген қаржы
рыноктары қалыптаса бастады. Ұлттық экономикалар барлық елдерде белгілі бір
деңгейде ашық болып отыр.
Сыртқы экономикалық байланыстар экономикалық өрлеудің маңызды факторына
айналды. Көптеген елдерде сыртқы экономикалық байланыстар ұлттық
экономиканың жай күйін айқындауда және осы тенденция күшейе түсуде.
Бүгінгі қоғамда ешқандай да мемлекет, ол ірі және өзін-өзі қамтамасыз
ететіндей болсын, әлемдік тұтастық шегінен шығып кете алмайды.
Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылықта интеграциялануына
республикамыздың кеден саясаты белгілі деңгейде ықпал етіп отыр. Сыртқы
саясаттың құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты қазіргі таңда мемлекеттің
сыртқы экономикалық міндеттерін шешудің, мемлекеттің сыртқы экономикалық
қызметін жүзеге асырудың белсенді құралы болып отыр. Дұрыс ойластырылған
және ретті кеден саясаты ғана қазіргі таңдағы ұлттық экономикамыздың одан
әрі қарыштап дамуына көмегін тигізеді.[10.23-бет].
Кеден саясаты – бұл отандық өндірістің өсуін ынталандыратын, әсіресе
экспорттық өнім өндіруде және импорттық тауарларды енгізу кезінде отандық
өндірушілерді бәсекелестік жағдайында бейімдеуге ықпал ететін қуатты құрал.

Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі
болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясаты өз
өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органдарының қарауына жатады. Қазақстан Республикасының экономикасын
дамытуда ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік
бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгіленген өзге де мақсатта Қазақстан Республикасы кеден саясатының
негізгі мақсаттары болып табылады [2.3-бап].
Халықаралық сауда саласындағы мемлекеттің негізгі міндеті –
экспорттаушыларға өз өнімдерін неғұрлым көп мөлшерде шығаруға көмектесу
арқылы оларды әлемдік рыноктағы бәсекелестігін арттыру және импортты шектеу
арқылы шетелдік тауарлардың отандық өндірісті реттеу әдістерінің бір бөлігі
ішкі рынокты шетелдік бәсекелестіктен қорғауға бағытталады. Әдістердің
басқа бөлігі экспортты қалыптастыруда өзіне міндет етіп жүктейді. Сыртқы
экономикалық қызметті мемлекеттік басқару органдарының жүйесінде кеден
қызметінің ролі ерекше, бұл сыртқы экономикалық байланыстар көкжиегінің
кеңеюімен көбейеді.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету ісінде экономиканың
базалық институттарының бірі ретінде кеден ісінің ролі ерекше. Кеден ісі
термині өте күрделі әрі сан қырлы қатынастардың кешенін білдіреді, бұл
қатынастардың барлығы дерлік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатымен тығыз
байланысты. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат шеңберінде кеден ісі көп
салалы және көп мақсатты сипатқа ие және қоғамның сан қырлы талаптарын
қанағаттандырады.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік
рәсімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік
төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық
бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен
сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың
арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың
басқа да құралдарын қамтиды [2.1-бап].
Кеден жүйесінің маңыздылығының тағы бір қыры – бұл сала Қазақстан
бюджетінің кіріс бөлігінің қомақты бөлігін құрайды, республикалық бюджеттің
ең тұрақты түсімдерінің бірегейі кедендік алымдар мен салықтар болып
табылады.
Кеден жүйесінің қызметін ұйымдастырудың маңызды элементі кеден
қызметінің тиімді құрылымын және кеден органдарын Қазақстан Республикасының
аумағында тиімді орналастыруды таңдау болып табылады.
Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру
кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы.
Сыртқы сауданы Кедендік реттеу құралдары түрлі нысанда болады, айталық
тауардың бағасына тікелей әсер ететін (тарифтер, салықтар, акциздік және
өзге де алымдар), сонымен қатар келіп түсетін тауардың құндық көлемін
немесе санын қысқартатын (сандық шектеулер, лицензиялар, экспортты ерікті
шектеу және т.б.) [11.42-бет].
Айиалық, 1995 жылғы Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 1995
жылғы 20 шілдедегі №2368 Заңға сәйкес халықаралық экономикалық интеграцияны
дамыту мен нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен
кеден одақтарын, еркін сауда аймақтарын құрады, халықаралық құқық
нормаларын сәйкес кеден мәселелері бойынша келісімдер жасайды. Бұл заң
2003 жылғы бірінші мамырдан бастап күшін жойды да, жаңадан қабылданған
Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.
Бұл бітіру жұмысында контрабандамен күрестің мәселелері сөз болады.
Жұмысымыздың негізгі тарауларына көшпес бұрын алға қойылған міндеттер мен
мақсаттарды айқындап алуды жөн көрдік.
Бітіру жұмысының мақсаттары. Бітіру жұмысының мақсаттарын бірнеше
бөлімдерге бөліп орындауға болады: кеден органдарының экономикалық
қылмыстармен күрестегі принциптер мен нормативтік заңи базаларын зерттеу;
кеден қылмыстарының алды алу және оларды болдырмау әдістерімен танысу;
Экономикалық қылмыстар негізгі түрлерін зерттеу және кеден қылмыстарының
осы түрі бойынша құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мәселесін
қарастыру; экономикалық қылмыстардың статистикасын қарастыру; Қазақстан
Республикасында экономикалық қылмыстағы күрестің халықаралық тәжірибесін
қарастыру.
Осы мақсаттарға бітіру жұмысының бірінші және екінші тарауы аранлады.
Ал келесі мақсат ең маңызды мақсаттың бірі болып табылады: экономикалық
қылмыстармен күрес проблемаларын анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру.
Бітіру жұмысының міндеттері: кеден қылмыстарының ұғымдары мен түрлерін
айқындау және оның ішінде экономика қылмысын ерекше бөліп қарастыру;
контранбанда түрлеріне тоқталу, олармен күрестің әдістерін сипаттау; құқық
қорғау органдарының контрабанданы ашу бойынша қызметтері бойынша тұжырым
жасау, контрабанданы анықтағаннан кейін осы факт бойынша ары қарай тергеу
амалдарын жүргізу мәселелерін қарастыру; контрабанданың жолын кесу
жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын талдау; соңғы он жыл ішіндегі
контрабанданың серпінін (динамика) зерттеу; экономикалық қылмыстағы
күрестегі халықаралық тәжірибеге тоқталу және Қазақстан Республикасында
олардың қалай қолданылып жатқаны туралы мысалдар келтіру; қазіргі таңдағы
дүниежүзіндегі және де Қазақстан Республикасындағы экономикалық
қылмыстармен күрес проблемаларына тоқтала оларға жан-жақты сипаттама бере
отырып, олардың орын алу себептерін анықтау, оларды шешудің тиімді
жолдарын қарастыру.
Бітіру жұмыстың қорытындысында жасалған жұмыстарға талдаулар
келтірілген, жұмыстың алдына қойған мақсаттарға жетудің дәлелдері және
алға қойылған міндеттердің орындалу мәселесі сөз болған.

1. Кедендік қылмыстарының жалпы сипаттамасы және оның түрлері

1.1 Кеден қылмысының түсінігі және шығу себептері

Біздің мемлекетіміздің қоғамдық, экономикалық терең маңызды саяси
қауіп, ол контрабанда әр уақытта да өте кең таралған. Қазақстан аумағында
мемлекеттердің қалыптасуы кезінде шекара арқылы тауарлар мен басқа да
бағалы заттар белгіленген ережелерді көбінесе бұзып өтетін.
Біздің дәуірімізге дейін I мыңжылдықтың орта кезінен Дала жолы деген
жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек,
бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз; қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савраматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, сонан соң жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін
мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен
терілер, Иран кілемдері, құнды металдардан жасалған, бұйымдар кең таралып
жатады. Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін
біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келді.[5.34-бет]
Айта кету қажет, Қазақстан арқылы өтетін, ең маңызды керуен жолдары
көп болатын, көбінесе керуеншілерді жергілікті тұрғындардың көмегімен,
кедендік бекеттерді, шекара сызықтарын айналып өтуге, өз үлестерін қосып
және сол қызметтері үшін ақы алып отырған, осындай жолмен әкелетін және
әкететін тауарлар контрабандалық болып табылады. Қазақстанның нақты
белгіленген шекарасы болмады, сондықтан да сол кездегі кеден баждары,
контрабанда туралы айту өте қиын болуда. Десе де Ұлы жібек жолымен бойымен
атақты Отырар қаласы арқылы бағалы заттар теңдеген керуендер атам заманнан
бері өтіп жатқаны туралы тарихтан белгілі. [6.29-бет].
Ал Қазақстанмен көршілес Ресейде 17 ғасырдың ортасында, дәлірек айтсақ
1653 жылы кедендік жарғыны (Устав) қолданысқа енгізді. Аталған кедендік
жарғыда кедендік тарифтер – шекара арқылы өткізілетін тауарларға кеден
баждарының жинағы белгіленген. Ресей мемлекетінің кедендік заңдарындағы
шаралар контрабандалық әкелу және әкетуге кедендік бақылауды күшейтуге
бағытталған тиісті шаралармен күшейтілді. Сол кездері контрабандалық
жолмен көбінесе әкелу баждары өте жоғары және оларды өндіру мен сату құқығы
тек қана мемлекеттің құқығына жатқызылатын тауарлар (темекі, арақ және т.б)
жөнелтілді. Ресей империясында контранбандамен күресуге бағытталған маңызды
шаралардың бірі 1754 жылғы шекара күзетінің құрылуы болып табылады, бұл
күзет мемлекеттік шекараны қорғау, күзетумен айналысты. Кейінірек арнайы
кеден күзеті құрылды.[13.18-бет].
Мемлекеттің құрлық шекарасын күзетуді күшейту және контрабанданың жолын
кесу мақсатында 1828 жылы Шекаралық кеден күзетінің құрылымы туралы жаңа
ереже қолданысқа енгізілді, оған сәйкес шекаралық кеден күзеті қызметі
тұрақты армияның бір бөлігіне айналды.
1904 жылғы кеден жарғысы шекаралық күзетке және кедендік қадағалауға
кантрабанда қаупі ең жоғарғы аудандардың бәрә Поляк патшалығының
губернияларында ені 875 сажен (2 шақырымдай) аудандағы шекаралық сызықта
орналасқан үйлерге, ғимараттарға тінту, тексеру жүргізу құқығына ие болды.
1910 жылғы кеден жарғысы кантрабандамен күрестің кейбір мәселелерін
нақтылады, кеден органдарына өз бетінше ел ішінде құрлықтағы шекарадан 100
верст және теңіз жағалауларынан 100 верст мөлшеріндегі аралықта тінтуді
жүргізуге және контрабандалық тауарларды алып қоюға бастама көтеруге
құқықтар берді, ал 100 версттан асқан шектерде олар бұл қызметтерді
бітімгершілік соттарының, сот заседательдерінің және поицияның көмегімен
жүзеге асыра алатын болып белгіленді. Осы Жарғыда контрабанда туралы
істерді талқылаудың, шағым берудің және орындаудың процессуалдық мәселелері
егжей-тегжейлі жазылды.[13.21-бет].
КСРО кезінде Қазақстандағы кедендік тәртіптің оның үлкен ағаларында
белгіленген кедендік тәртіптен аса айырмашылығы бола қойған жоқ.
1917 қазан төңкерісінен кейін қызыл құжаттары бар азаматтар үшін одақ
көлемінде тауарлар тасымалдауда көптеген жеңілдіктер болды. Ал енді одақтас
елдердің арасындағы контрабанда мәселесіне қатысты айтар болсақ, кеңес
үкіметі – Халық комиссарлар кеңесі контрабанда жолын кесуге бағытталған
батыл қадамдар жасады. Айталық, 03.01.1921 жылғы Халық комиссарлар
кеңесінің Реквизиция және тәркілеу туралы Декреті шықты. Декретке сәйкес
контрабанда деп танылған тауарларды тәркілеу көзделді. Осымен қатар декрет
кеден қызметкерлеріне жедел және тергеу қызметтерін жүзеге асыруға құқық
берді. Шекарадан құпия өткізілген немесе құпия шығарылатын контрабандалық
тауарларды табу үшін кеден қызметкерлеріне 7-верст болатын шекаралық жолақ
шегінде тауарларды қарауға, тіптеуге құқық берілді. Аталған шектен тыс
жерлерде кеден қызметкерлері мұндай тексеруді полицияның қатысуымен
жүргізетін болды. Тексеру, тінту барысында ұсталған тауарлар кеденге
жеткізіледі, ол жерде тауарларды тізімге алып, тиісті хаттама жасап содан
кейін тәркілеуді жүргізді.
Ал 1991 жылдың аяқ шегінде соңғы тарихтағы өмір сүрген әлемдегі ірі
империялардың бірі – Кеңестер Одағы қирап, оның орнына он бес тәуелсіз
мемлекет дүниеге келді. Қазақ халқының ең түпкілікті арман-мұраты орындалып
өзінің тәуелсіз мемлекетін құруға қолы жетті.[11.6-бет]
Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық
мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және
болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз деп жазылған Қазақстан Республикасы Ата Заңының алғы
сөзінде.[1.3-бет].
Еуразия құрылығында жаңадан пайда болған, жер аумағы жөнінен (әлемде
тоғызыншы орында) ең ірі жаңа мемлекеттер сапына енетін Қазақстан мемлекеті
тек қана жаңа мемлекет құру, оны заңдық тұрғыдан негіздеу, халықаралық
құқық кеңістігіне тәуелсіз, жеке субъект ретінде ену, құқықтық мәртебесін
белгілеу жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ ескі жоспарлы экономиканы қиратып,
жаңа нарық экономикасын орнату, ескі тоталитарлық саяси қондырғыны жойып,
әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты өркениетті демократиялық саяси басқару
жүйесін қалыптастыру сияқты өте күрделі, әрі аса ауыр іс-әрекеттерді
қатарластыра жүргізе бастады. Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық
экономикамен жаңа демократияны көптеген өзге де тәуелсіз мемлекеттер осы
тәрізді жолды басынан кешіп те үлгермеген уақытта құру үстіндеміз деп
жазылған ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында.[7.4-бет]
Тәуелсіздік алғаннан бергі он бесжыл ішінде кеден органдары күрделі
ұйымдастырушылық – құрылу, қалыптасу дәуірін бастан қткерді. Қазақстан
Республикасында дербес кеден саясатын жүргізетін кеден органы 1991 жылдың
12 желтоқсанындағы Президент Жарлығы бойынша құрылды. 1992 жылдың қараша
айында Қаржы министрлігінің құрамындағы Бас кеден басқармасы болып қайта
құрылды. Бұдан кейінгі қайта құруларды тізбектесек:
• 1995 жылдың сәуірінде Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті;
• 1995 жылдың қазан айында өз мәртебесі бойынша Үкіметтің құрамына,
кірмейтін, бірақ оған бағынатын Қазақстан Республикасының Кеден комитеті;
• 1997 жылдың қаңтар айынан Мемлекеттік кеден комитеті;
• 1998 жылдың қазан айында Орталық кеден органының қызметі Мемлекеттік
кіріс министрлігіне берілді.
Кеден органы осындай қайта құрудың тізбегіне ұшырап, оның үстіне әр
жыл сайын дерлік оның басшылары өзгеріп отырды. Мұның өзі республикамыздың
кеден органдарының құрылымдық қалыптасуына, тәжірибе жинақтар, елдің кеден
аймағын толық қамти қадағалауына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Әрқилы
деректерге сай республикада кеден құрудың бастапқы жылда елге әкелінетін
тауарлардың 50 пайыздан 8 пайызға дейіні контрабандалық жолмен әкелінетін
деген мағлұматтар бар. Әрине, контрабандалық жолмен шекарадан өткізілген
тауарлардың дәл мөлшерін анықтау мүмкін емес. Дегенмен, контрабанданың өте
үлкен мөлшерге жеткенін кеден органдары басшылары да мойындауға мәжбүр
болды. 1998 жылғы 15 қаңтарда Тараз қаласында сол кездегі Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы Ғани
Қасымовтың Кеден органдарының 1997 жылғы жұмысының қортындыларына
арналған баяндамасында ...Немене, контрабанда азайып кетті ме? Ешқандай
да. Контрабанда гүлденіп тұр! Фактілердің өзі осыны көрсетуде, тек қана екі
аптаның ішінде Маңғыстау облысында 50 млн теңге сомасындағы контрабандалық
жүк тиелген 54 автомашина ұсталды деген еді.[26.96-бет]. Екі аптаның
ішінде бір облыстан осынша контрабандалық жүк ұсталғанда (ұсталмай кеткені
қаншама!), республика көлемінде қанша жүк төлемін төлемей тасылғанын
болжамдау қиын. Контрабандалық тауар массасының, әсіресе, кеден органдары
алғашқы құрылған жылдары өте үлкен мөлшерде болуының себебі мемлекеттік
басқарудың, бақылау, тексеру органдарының әлсіздігінен,
жетіліспегендігінен, осы органдарды ылғи қайта құра берудің кесірінен,
кеден құрылымдарының кедендік шекараны толық жабатындай болып
дамығандығынан, кеден қызметкерлерімен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстардың
жетімсіздігінен, жалпы, қоғамда орын алған құқықтық нигилизмнің әсерінен
болды деп ойлаймыз. Бұл аталған кемшіліктерді жою үшін соңғы кезеңде
бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Әрине, кеден органдарының құрылымдарын, басқару жүйесін жоғарыдағыдай
қайта-қайта өзгерте берген дұрыс емес. Дегенмен, белгілі бір уақыт
кезеңдерінде төңіректегі геосаяси жағдаяттардың, сондай-ақ мемлекеттегі
әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай кеден органдарын басқару,
құрылымдарын жетілдіру мәселелерін талдап, тиісті құрылымдық, басқарушылық
өзгерістерді енгізіп отыру керек деп ойлаймыз. Яғни, орталық басқару
органдары жүйесінде кеден органдарының нақты қатып қалған орны, бағыну
моделі болуы мүмкін емес, оның орнына әдетте нақты жағдаяттарға сай
анықталады.
1998 жылдың 12 қазанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын әрі қарай реформалау туралы
Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
құрылып, республиканың кеден органдары осы министрліктің қарамағына
берілді. Республикамыздың кеден комитетінің мемлекеттік кіріс
министрлігінің қарамағында жұмыс істеу оның іс-әрекетінің фискальдық
бағытына басым мән беріліп отырғанын көрсетеді. Әрине, кеден органдары іс-
әрекеттің регулятивтік және қорғаушылық аспектілерін есепке алсақ, ол
құрылымдық жағынан мемлекеттік кіріс министрлігіне емес, күштеу
ведомстволарына бағынуы мүмкін еді. Автордың пікірі бойынша, әу бастан
кеден қызметінің құрылуын (дәлірек айтсақ, бағынуын) осындай күштеу
ведомстваларының (ОҚК немесе ІІМ) шеңберінде жүзеге асыруға болар еді
деген ой айтады С.Т.Әлібеков. [12. 153-бет].
Мемлекеттік Қаржы министрлігінің алдына мынадай міндеттер қойылды:
• Қазақстан Республикасының фискальдық және кеден саясатын қалыптастыруға
қатысу және осы саясатты іске асыру;
• Кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру;
• Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін
мүддесін қамтамасыз ету;
• Бюджетке салықтар мен төлемдердің және басқа да мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттердің түсуін қамтамасыз ету;
• Алкаголь өнімдерінің өндірісіне және айналымына мемлекеттік бақылау
жасау;
• Мемлекетке шығын әкелетін экономикалық қылмыспен және құқық бұзушылықпен
күресу;
• Экономикалық қылмыспен күресу саласында халықаралық ынтымақтастық.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Кіріс министрлігіне жүктелген
міндеттерден көірп отырғанымыздай кеден органдарының іс-әрекетінің
экономикалық бағытының басты мән беріліп, оның құқық қорғаушылық,
мемлекеттің кедендік шекарасын қорғау, миграциялық саясат ісіне қатысу
мәселелері екінші кезекте қаралып отыр. Бірақ республикада кеден қызметі
құрылғаннан бері ол күштеу ведомстволарының құрамына енген емес, негізінен
атқарушы биліктің жеке органы ретінде немесе Қаржы, Кіріс министрліктері
сияқты қаржы-экономикалық ведомстволарына бағынышты болып келді. Ал кеден
органдарының Кіріс министрлігінің қарамағына берілуі, жалпы мемлекеттік
бюджетті толтыру, экономикалық субъектілерден өндірілетін төлемдерді,
кірісті көбейтуге зор маңыз берілуі 1997-1998 жылдардағы алдымен, әлемдік
экономиканың соңынан Қазақстан экономикасын жайлаған ауыр дағдарыстан, сол
себепті бюджетке түсетін кірістің күрт азаюынан туындаған қадам деп
ойлаймыз.
Кеден органдарының маңызды функцияларының бірі – құқық қорғаушылық,
жалпы мемлекет қауіпсіздігін қорғаушылық функциясы болып табылады.
Профессор Д.Н.Бахрах кеден ісі, біріншіден – экономикалық, екіншіден – кең
мағынада қорғаушылық мақсаттарын көздейтінін айта келіп: қорғаушылық,
яғни, елдің ұлттық қауіпсіздігін қаматамасыз ету, соның ішінде
экономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, қоғамдық тәртіп, халықтың
денсаулығы, мәдени құндылықтарды қорғау. Бұл мақсатқа кеден ісінің барлық
құрамдас бөліктері: кеден қызметі, кедендік іс-әрекет, кеден құқығы,
заңнамаларын пайдаланатын кеден саясаты мен идиологиясы, сондай-ақ
контрабандамен және басқа да құқық бұзушылықпен күрес қызмет етеді деп
жазады. [16. 153-бет].
Кеден органдарының құқық қорғауы бойынша іс-әрекет түрлері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-таптары
бойынша тергеу жүргізіп жауап алуды, Қазақстан Республикасындағы кдеен ісі
туралы заңның 241 және 242 – баптарына сәйкес анықтама жүргізуді жүзеге
асыруды қамтиды. Кеден органдарының құқық қорғау саласындағы іс-әрекеті
түрлерінде мынадай жұмыстар іске асырылады: тергеу жүргізіп, жауап алу;
анықтама жүргізу; бақылау жасалатын жеткізілім әдісін қолдануға қатысу;
есірткі түрлері мен психотроптық заттарды тексеруден өткізу үшін жеткізіп
беру; кеден ережелерінің бұзылуы жөніндегі істерді жүргізу және оларды
толықтай тексеріп шығуды жүзеге асыру.
Кеден органдарының мемлекеттің құқық қорғаушы органы ретіндегі іс-
әрекеті әр түрлі түрде жүзеге асырылады. Кедендік және валюталық бақылауды
жүзеге асыру, тауарларды кедендік рәсімдеу, кеден органдарының ішкі
құрылымдарының жұмысын басқару, бақылап тескеріп отыру басқа мемлекеттік
органдармен қарым-қатынастарын жасау іс-әрекеттерін жүргізген кезде құқық
бұзушылық фактілерін табу кеден органдары жұмысының негізгі құқықтық қорғау
түрлеріне жатады.
Кеден органдары құқық қорғаушылық іс-әрекетінің әкімшілік-
процессуальдық түріне кеденге қатысты мемлекеттік заңнаманың бұзылуы
бойынша анықталған фактілерді тексеру үшін жасалатын әкімшілік-
процессуальдық әрекеттер жатады. Түптеп келгенде әкімшілік құқықтың құқық
жүйесіндегі жетекші құқық саласы екенін атап өту керек. Әкімшілік құқықты
әр қилы салалардағы мемлекетті әкімшілік басқаруды реттейтін әкімшілік
құқықтық нормалардың жалпы жиынтығы деп есептеуге болады. Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді қарау жән әкімшілік шараларды қолдану, оған қарсы
шағым жасау тәртіптері әкімшілік процестерді құрайды. Әкімшілік
процестердің барлық кзееңдері заңнамалар арқылы реттеледі. Кеден ісіндегі
әкімшілік процесс дегеніміз кеденге қатысты материалдық әкімшілік
процессуальдық нормалармен реттелген кеден ісіндегі нақты заңдық
фактілерді тексеру кезіндегі оны шешуге өкілеттігі бар әкімшілік-
процессуальдық қарым-қатынас субъектілерінің іс-әрекетінің түрі болып
табылады. Жалпы құқық күрделі жүйе болып табылатын өзара байланысты,
сонымен бірге әр текті қоғамдық қатынастарды реттейтінін ескерсек, құқық
табиғатының күрделілігін қарым-қатынастардан айқын аңғаруға болады. Кеден
органдарындағы әкімшілік-процессуальдық іс-әрекет түрлері, кеден
заңнамаларының бұзылуы туралы хаттама толтыру, кеден тәртібін бұзу жөнінде
іс қозғау және оны қарау, әкімшілік шаралар қолдануды жүзеге асыру сиқяты
сатылардан тұрады.
Кеден тәртібін бұзудың объективтік жағы мемлекетке залал келтіретін
заңға қайшы немесе қоғамға қауіпті әрекет жасау немесе әрекетсіздік болып
табылады. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заңның 248-бабына
сәйкес кеден тәртібін бұзушылықтың тікелей объектілері ретінде: кеден
шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын, кеден режімдерін, кеден
бақылауын қолдануды және кедендік ресімдеуді қоса өткізу, кеден төлемдері
мен салығын салу және төлеу, кеден жеңілдіктерін беру және пайдалану
кедендік қарым-қатынастар аталған.
Ал кеден тәртібін бұзушылықтың және одан туындайтын жауапкершіліктің
субъектілері ретінде каедендік мағынасы бар істермен шұғылдану кезінде әр
қилы құқық бұзушылықтарға жол берген жеке және заңды тұлғаларды,
кәсіпкерлерді, әр ұилы лауазымды адамдарды атап өтуге болады. Кедендік
құқық бұзушылықтың субъективтік жағы құқық бұзушылық субъектісінің қасақана
жасалған немесе абайсыздықтан жасалған құқыққа қайшы келетін өз әрекетіне
немесе әрекетсіздігіне психикалық қатынасын білдіреді.
Кедендік заңнамалардың бір ерекшелігі – бір кедендік құқық бұзушылықты
жасағаны үшін заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке және жеке тұлғаны
әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатындығын, яғни кедендік
құқық бұзушылықта субъектілік танылады. Сондықтан заңды тұлғаны
жауапкершілікке тарту кезінде оның әрекет қабілеттілігін (дееспособность)
және құқық қабілеттілігін олардың жарғысы м ен жеке құжаттары арқылы дәл
анықтау қажет. Себебі, кедендік әкімшілік жауапкершілікте заңды тұлғаның
атынан әрекет ету құқығы бар, толық әрекетке қабілетті өкілеттіктері немесе
филиалдары емес, тек заңды тұлғаның өзі тартылады.
Кеден тәртібін бұзуға қолданған шаралар қаулы түрінде, не шараның
оңайлатылған түрлерін (ескерту немесе айыппұл сияқты) қолданған шара
қолдану туралы актімен ресімделеді.
Кеден органдарының құқық қорғаушылық іс-әрекетінің қылмыстық-
процессуальдық түрі олармен күресу кеден органдарының құзіретіне
жатқызылған қылмыстық істер бойынша іс қозғау, ол істер бойынша анықтама
жүргізу және алдын ала тергеу органдарының тапсырмасы мен тергеу іс-
әрекетіне қатысудан тұрады.

1.2 Кедендік қылмыстардың ұғымы мен түрлері

Демократиялық, құқықтық қоғам құрып жатқан Қазақстан мемлекетінің түпкі
мақсаты – қазақ халқының және оның төңірегінде топтасқан ұлттық топтардың
тәуелсіздігін баянды ету, мемлекеттілігін саяси-экономикалық, әлеуметтік
тұрғыдан нығайту, дамыту, көркейту.
Қазақстан мемлекетінің ішкі және сыртқы функцияларының бүкіл мәні –
Қазақстан халқын, мемлекетін, қоғамын қорғауға, оны жан-жақты өркендетіп,
дамытуға, халықтың әл-ауқатын білімін, біліктілігін арттыруға барып
тіреледі. Бұл туралы Предидент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030
атты Жолдауында: Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен
мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық,
әлеуметтік әділеттілікке тән әрі кұллі халқының экономикалық әл-ауқаты
артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп
санаймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы
- өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне,
осылар деген еді. [7.4-бет].
Сонымен қазіргі Қазақстанның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық
идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат-
мұратттарынан, ішкі, сыртқы мемлекеттік фугкцияларын жеткілікті дәрежеде
орындауға деген қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы жаңа қарым-
қатынастарды соңғы, қазіргі заманғы демократиялық ұғым-түсінік тұрғысанан
реттеуден, жалпы қазақ мемлекетінің негізін қалаған иделярап мен
принциптерден туындап, соларға сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып
отыр. Соған сәйкес өз әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір
бөлігін қамтитын, оның бірқатар стратегиялық мақсаттарын, ішкі-сыртқы
экономикалық, кеден саясаттарын жүзеге асыратын атқарушы биліктің бір
тармағы болған, кеден органдарының, мемлекеттік басқарудың маңызды буыны
екені сөзсіз. Кеден органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық
мәртебесі, іс-әрекеттерінің әдістері мен түрлері, құзыреті т.б.
тәселелерін осы тұрғыдан, яғни Қазақстан мемлекетінің нақты кезеңдегі
өркендеуі дәрежесінен, белгілі мерзімдегі қажетттіліктерге орай кеденнің
тактикалық міндеттері мен мақсаты, функцияларының іске асырылуы тұрғысынан
қарастырып отырудың маңызы зор екені сөзсіз.
Соңғы кезеңдегі халықаралық терроризм қаупі, есірткі тасымалының,
заңсыз миграцияның күшеюі, Қазақстанның, әсіресе оңтүстік шегіндегі
геосаяси ахуалдың шиеленісуі, көошілес Қырғызстан мен Өзбекстанда содырлар
топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни көзқарастарды
насихаттаудың өршуі, көрші елдермен шекараны айқындау, нақтылау,
делимитизациялау, демаркациялау – осы жағдаяттардың бәрі Қазақстанның
мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекарасын (соның ішінде кедендік
шекарасын) белгілеу, шекараны қорғау (соның ішінде кедендік шекараны
қорғау), жалпы елдің сыртқы қорғанысы (әскери, кедендік), ішкі қоғамдық
тәртіпті сақтау (соның ішінде құқық қорғауоргандары іс-әрекетін күшейту)
сондай-ақ елді халықаралық аренадағы белсенді әрекеттер арқылы саяси қорғау
мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге итермелеп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан
мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен қорғау ғана емес, сондай-ақ оның
әскери күштерін дамыту, шекарасын әскери-кедендік қорғау бойынша да нақты
жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс, шекара, көрші елдермен сауда-саттық,
татулық қарым-қатынастары тұрғысанан алғанда қазіргі кезеңде кеден
органдарының іс-әрекетінің маңызы артып және оған мемлекет тарапынан,
қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр. Республика Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс-әрекетінің, көрші елдердің
мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің және сол кездесулерде
жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан мемлекетін саяси, экономикалық
тұрғыдан қорғау, сенімді серіктестер табу, сыртқы қауіп-қатермен көрші
мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаса отырып күресу болғандығы белгілі.
2001 жылы сәуір айында Кеден Комитеті төрағасының Придент
Н.Ә.Назарбаевқа кеден органдарының жай-күйі, іс-әрекеті жөнінде баяндап
бергені белгілі. Осы кездесуде Президент Н.Ә.Назарбаев Республиканың кеден
органдарының алдына алты міндет қойды. Олар:
1) Бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бойынша болжамданған міндетті сөзсіз
орындау;
2) Кеден органдарын автоматизациялау бағдарламасын бітіру және іске қосу,
нормативтік-құқықтық базаны жүйелеуді аяөтау;
3) Кеден органдарының Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі
бағдарламасына қатысуы. Есілдің теріске жағалауында Еркін экономикалық
аймақ құру. (2001 жылдың 21 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Астана –
жаңа қала арнайы аймағын құру туралы №645 Жарлығы шықты. Қазақстан
Репсубликасы Президентінің 1996 жылдың қаңтарында шыққан заң күші бар
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы №2823
Жарлығына негізделген бұл Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енді).
4) Шекараны нығайту, контрабандамен және есірткі тасымалымен ымырасыз
күрес;
5) Кдеен органдарының әуе бөлімшелерін құру. Бұл тапсырмаға сәйкес кеден
органдарына сыртқы кедендік шекараны бақылау үшін Қазақстан Республикасының
Әскери әуе күштерінен арнайы техникалар беріледі;
6) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қатысу [27 №5].
Қазақстанның жер аумағы үлкен, ал халқының саны аумағымен салыстыра
алғанда аз. Бұл жағдаяттарды әлемнің басқа мемлекеттерімен салыстырып
көретін болсақ, дүниедегі көптеген мемлекеттердің халқы да за, жер аумағы
да кішігірім. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жартысынан көбінде халық саны 10
милллионнан аспайды. Жер шарының 40 мемлекетінің әрқайсының 5 миллиондай
ғана тұрғындары бар, ал 15 елдегі халық 1 миллионнан аспайды. Қазақстанның
кедендік шекарасының ұзындығы 14320 шақырым, соның ішінде 2000 шақырымы
аумақтың суд-лардың жағалаулары арқылы өтеді екен. Ал кеден органдарының
жеке құрамында 5000 адам бар (2002 жылдың басындағы мәліметтер бойынша).
Әрине, кеденшілердің саны аз болғандықтан мұндай ұзындықтағы кедендік
шекараны толық жабуға адам саны жетпейді. Сондықтан қазіргі таңда кеден
органдары құрылымдарын одан әрі дамыту, олардың жұмысында
компьютерлендірілген, автоматтандырылған технологияларды кеңінен пайдалану
қажеттігі туындауда.
Қазақстанның жер аумағының үлкен, халқының аз болуына байланысты оның
шекара шебіндегі әр адамды, техника мен үй-жайларды тиімді пайдалану
қажеттілігіне байланысты, біздің пікірімізше, Қазақстанның кеден
органдарының өздеріне тән құқық қорғаушылық, экономикалық, фискалдық сияқты
дәстүрлі функцияларымен қоса белгілі дәрежеде әскери қорғаушылық та маңызы
бар. Кеден газеті: Алдын ала белгілеп өткен жәйт Тараз қаласындағы Күш
ведомстволарымен болған жиында Қазақстан Репсубликасы Қорғаныс
министрлігіне Кеден комитетінің мобилизациялану жоспары тапсырылды және
алдағы күнде кеденнің күштері соғысқа қабілетті бөлімшелердің бірі ретінде
есептелмек... Және кеденшілер шақырылмаған қонақтарды алдымен қарсы алатын
бөлімдердің бірі ретінде елдің қорғанысын қамтамасыз етуге белсенді
қатысуы тиіс деп жазды [27. №5]
Сонымен бірге, кеден органдарына кейде заңсыз миграциямен күресу сияқты
дәл кеден функцияларына енбейтін әрекеттермен шұғылдануға тура келуде. Бұл
Қазақстаннығ кеден қызметінің басқа дамыған мемлекеттердегі кеден
органдарымен салыстырғанда кейбір ерекшеліктерге ие екенін айқындайды. Бұл
мәселелердің бәрі құқықтық тұрғыдан, мемлекеттік органдардың іс-әрекеті
тұрғысынан талданып, ғылыми зерделеніп қана қоймай, кейбір жағдаяттарда
заңдық көрінісін тауып, құқық кеңістігіне шығып, кеден органдары
қызметкерлеріне кейбір қажетті, қосымша өкілеттіктер беруге мүмкіндік
жасауға болады деп есептейміз.
Кеден органдары іс-әрекеті тәжірибесімен мемлекеттік басқару
практикасы, жалпы мемлекеттік органдардың іс-әрекеті контексінде алып
қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне және кеден
органдарының құрылғанына он жыл толу мерекелері болып өткен кезеңде кеден
ісін жүргізу практикасын жаңа геосаяси жағдаяттар, әлемдік ғаламдасу
процестері, кеден жұмысына соны технологияларды қолдану тұрғысынан талдау,
зерделеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр.
Кіріспе бөлімінде айтып өткеніміздей қазіргі әлеуметтік экономикалық
дамудың ең маңызды үрдісі жаһандану болып табылады. Жекелеген ұлттық
экономиканың өзара тәуелділік деңгейі жаңа феномен әлемдік немесе жаһандық
экономика туындады. Жаһандану процесі экономикалық қатынастардың барлық
салаларын жинап өтті, олардың сандық және сапалық өлшемдерін өзгертті.
Айталық, 1960-1992 жылдар аралығында авиажолаушылар ағыны 26 600 млрд Адам
мильге жетті. Осы кезең аралығында әлемдік импорт 330 3500 млрд долларға
дейін өсті. Миллиардтаған доллар күн сайын электрондық жолмен алмасады.
Жаһандану процесі қылмыстылық сипатын сапа жағынан өзгертті, ол кезде екі
немесе одан да көп елдердің заңдары бұзылады. Мұндай жағдайларды сипаттау
үшін криминологияда трансұлттық қылмыстар деген ұғым енгізілген.
Трансұлттық қылмыстылық жалпы түрде бір мемлекеттің шекарасынан шығып
кететін ауқымд ықылмыс түрінде айқындалады. Трансұлттық қылмыстың
құрылымында жалпы түрде үш элементті бөліп қарастыруға болады: халықаралық
қылмыстар, халықаралыө сипаттағы қылмыстар және шетелдіктер байланысты
қылмыстар [14. 49-бет].
Біз қарастырып отырған контрабанды қылмысы да трансұлттық қылмыс
сипатына ие болып табылады және ең кең таралған қоғамға қауіпті қылмыс
түріне жатады.
Сондықтан да қылмыстық кодексінде контрабандаға қатысты қылмыс
құрамдары бар. Ал, Қазақстан Республикасының кеден кодексінде бір қатар
құқық бұзушылықтардың түрлері белгіленген, олар кеден ережелерін бұзғаны
үшін жауаптылық көздейді.
Кеден қылмыстары үшін жуапкершілікке тарту қылмыстық құқық нормаларымен
реттеледі.
Дипломдық жұмыстың осы бөлігінде біз кеден қылмыстарының түрлеріне
тоқталамыз.
Кеден қылмыстары деп кеден ісі саласында жасалатын қылмыстарды
айтамыз. Олар үшін жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының
қылмыстық заңдарында көзделген.
Мұндай қылмыстарға мыналар жатады:
➢ Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын
алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерін төлеуден жалтару (ҚР ҚК 214-
бабы);
➢ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай
немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын
алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің
250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе
күмәндә декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым
салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің
арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі
мөлшерде өткізу (ҚР ҚК-тің 209-бабы);
➢ Жаппай зақымдану қаруын, олардың жеткзіу құралдарын, қару жарақ және
әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және арнайы экспорттық
бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және
қызмет көрсетулерді заңсыз экспорттау (ҚР ҚК-тің 243-бабы);
➢ Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш
заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге бері,
өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК-тің 251-бабы);
➢ Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатынсыз
көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау (ҚР ҚК-тің 259-
бабы);
➢ Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе
улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-
саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК-тің 263-бабы);
➢ Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық
заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс
істеу кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (ҚР ҚК-тің 278-бабы);
➢ Қазақстан Республикасының қызыл кіиабына енгізілген жануарлар мен
өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін
немесе олар мекендейтін жерлерді заңсыз алу, сатып алу, сату, сол сияқты
жою (ҚР ҚК-тің 209-бабы). [3].
Алайда, Қазақстан Республикасының кеден кодексінде және қылмыстық
кодексінде контрабанданың дәл анықтамасы берілмеген, сондықтан біз ос
ыжұмысты жазу барысында контрабанда ұғымын анықтау барысында халықаралық
практикадағы контрабанданың ұғымын пайдаланатын боламыз [18.19-бет].
Контрабанда сөзінің өзі италиян тілінен шыққан және қазіргі таңда
көптеген мемлекеттердің сөз сапатауларына еніп кеткен термин. Сөзбе-сөз
аударатын болсақ “contrabando” contra – қарсы, bando – үкімет жарлығы деген
мағына береді, яғни мемлекеттің, үкіметтің заңдарына қарсы келетін
әрекеттерді (құқық бұзушылықтарды) білдіреді. Сонымен қатар “контрабанда”
сөзі әкелуге немесе әкелуге тыйым салынған, мемлекеттік шекара арқылы
заңсыз әкелінген немесе алып өтілген тауарды немесе затты білдіреді.
Контрабандаға жататын кеден қылмыстарының өзін екі топқа бөлуге
болады:
- экономикалық контрабанда;
- айналымнан алынған тауарлар контрабандасы.
Экономикалық контрабанданы 1-схемада неғұрлым егжей-тегжейлі көруге
болады.

Схема №1. Экономикалық контрабанда.

Кеден қылмысының келесі түрін зерттеу үшін 2-схеманы ұыснамыз, бұл
схемадан кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың тәсілдері
көрсетілген, сондай-ақ ос ықылмыстағы кінәлі іс-әрекетті саралау тәртібі
көрсетілген.

Схема №2. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені
үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерін төлеуден жалтару
(ҚР ҚК 214-бабы).
Айналымнан алынған (тауарлар конртабандасы туралы айтсақ, Қазақстан
Республикасының заңшылығына назар аударуға қайта келеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250-бабы экономикалық
қылмыстар құрылымы айналымнан алынған немесе олардың айналымы шектелген
тауарлар, заттар және құндылықтардың контрабандасы үшін жауаптылық
көздейді. Қылмыстық кодекстің 250-бабына сәйкес Айналыстан алынған заттарды
немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы болып табылады.

2. Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі
жағдайы

2.1 Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарына сәйкес экономикалық қылмыс
үшін қылмыстық жауаптылық

Экономикалық қылмыс ұғымы мен түрлерін ашудың элементтерін біз бітіру
жұмыстың алдыңғы тарауларында қарастырдық. Біз бұл тарауда осы мәселелерді
егжей-тегжейлі зерттеуді қарастырамыз.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары туралы айтқан кезде біз
Қылмыстық кодекске тоқталған болатынбыз.
Қылмыстық кодексте контрабанда түрлеріне қатысты жеке тарау көзделмеген,
жекелеген баптар ғана бар. Бұл қылмыстар Кодекстің “Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар”деп аталатын тарауында, және басқа тарауларына
көрсетілген.
Айталық 214-бапта кеден төлемдерін төлеуден бас тарту немесе жалтару
мәселесі сөз болған, онда былай делінген:
1) кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын
алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерін төлеуден жалтару ірі мөлшерде
жасалған болса – бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі
жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір
жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2) Дәл сол әрекет:
а. Бірнеше рет;
б. лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;
в. Ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық
ұйыммен) жасалса – жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі
жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір
жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын шектеуге, не тқрт айдан алты айға дейінгі мерзімге
қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстың ескертуінде егер төленбеген кеден төлемдерінің құны бір мың
айлық есептік көрсеткіштен асса, кеден төлемдерін төлеуден жалтару ірі
мөлшерде жасалған деп танылады деп жазылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабында
контрабанданың тағы бір түрі келтірілген.
Экономикалық контрабанда [3.209-бап].
1) Қазақстан Республикасының кедендік щекарасынан кеден бақылауын жанай
немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру алдап
пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 250-
бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбауымен немесе күмәнді
декларациялаумен ұштасқан кедендік шкеарадан өткізуге тыйым салынған немесе
өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері
белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу – екі
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған
адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де
табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты алты айға дейінгі
мерзімге қамауға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу
жұмыстарына, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де
табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2) Нақ сол әрекет:
а. Бірнеше рет;
б. адам өзінің қызмет бабын пайдаланып;
в. Кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3.осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген
адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б. ұйымдасқан топ жасаса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айырылып, ұщ жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге, ал а) тармағында
көзделген жағдайда мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бпс
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы экономикалық
қылмыстар құрылымы айналымнан алынған немесе олардың айналымы шектелген,
тауарлар, заттар және құндылықтардың контрабандасы үшін жауаптылық
көздейді. Қылмыстық кодекстің 205-бабына сәйкес айналыстан алынған заттарды
немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы мынадай әрекеттерден
тұрады:
1) Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе
кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы уландырғыш, радиоактивті немесе
жарылғыш заттарды, қару-жарқты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды,
атыс қаруы мен оқ – дәрілерді, жаппай қырып жоятын қарудың ядролық,
химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын
жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай
немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы
өткізу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2) Дәл сол әрекет:
а. Бірнеше рет;
б.лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в. Кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынана айыруға жазаланады.
3) Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйыидасқан
топ жасаған әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Контрабанда ретінде сараланатын қылмыстардың бір бөлігі, Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің әр түрлі тауарларында келтірілген. Атап
айтар болсақ, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстар, халықтың денсаулығына және адамгершіліке қарсы қылмыстар немесе
экологиялық қылмыстар тарауларында.
Мысалы ҚР ҚК 243-бабы жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу
құралдарын, қару жарақ және әскери техниканы жасау кезінде пайдалануы
мүмкін және арнайы экспорттық бақылау орнатылған тнхнологияларды, ғылыми-
техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулерді заңсыз экспорттау үшін
жауаптылық көздейді:
Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару жарақ және
әскери техниканы жасау кезінде пайдалануы мүмкін және арнайы экспорттық
бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет
көрсетулерді заңсыз экспорттау – жеті жүзден бір мың айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға
дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл
салуға, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрілерді,
жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге
беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру.
1) Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш
заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге беру,
өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру-бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге не алты айға дейінгі мөлшерге немесе сотталған адамның
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау
Жедел іздестіру қызметінің тарихи құрылуы мен дамуы
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Пәндер