Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі



ЖОСПАР
1. Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
2. Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
3. Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі жəне қағидалары
4. Ұлттық инновациялық қор

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
2. Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
3. Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі жəне қағидалары
4. Ұлттық инновациялық қор

1. Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
Инвестициялық нарық кең мағынада ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамсыз етудің тетігін білдіреді. Осы мəселені шешу үшін қаржылық институттардың орны мен мəні зор. Олар қаржы нарығында инвестордың мүддесін қорғау мақсатында жəне ақша қаражаттарын тарту есебінен əрі осы ақша қаражаттарын тартуды əртараптандыруды ескере отырып, инвестиция есебінен тəуекелді азайту мақсатында жұмыс істейді.
Қаржы институттары қызметінің басты мақсаты қоғамдық қаржы қатынастарын жүзеге асыру болып табылатын түрлі меншік нысанындағы ұйымдардын жиынтығы. Қаржы институттары кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінін жөне әлемдік қаржы жүйесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады Қаржы институттарының қызметі әрбір жеке мемлекеттің заңдарымен, сондан-ақ ұйым мәртебесіне байланысты болғанда мемлекет аралык көп жақты шарттармен реттеледі.
Қаржы институттарының жиынтығы екі топқа бөлінеді, олар: қаржы саясатын іске асырушы институттар және қаржы делдалдары. 1-ші топтағы қаржы институттары мемлекеттік халықаралық мекемелер. Олардың құрамы мен міндеттерді бөлісуі қаржы заңдарымен және мемлекет аралық шарттармен айқындалады. Оларға орталық (ұлттық) банк, қаржы министрлігі немесе қазынашылық сияқты мемлекеттік мекемелер, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру қызметтерін көрсету нарығын реттеуші ұйымдар, т.б. жатады. Кеңінен танымал халықаралық қаржы институттары: Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк (сондай-ақ қ. Әлемдік қаржы институтгары, ұлттық даму банкілері). 2-ші топтағы қаржы институттары: банкілер, қаржы компаниялары, сақтандыру компаниялары, беймемлекеттік зейнетақы қорлары, т. б.
Атқаратын қызметіне қарай қаржылық институттарды келесідей жіктеуге болады:
реттеуші;
инвестициялық-коммерциялық;
кепілдендіруші;
арнайы мамандандырылған;
кəсіби;
даму институттары.
Реттеуші қаржылық институттар - қаржылық ұйымның қаржы нарығындағы субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау жəне қадағалауды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға ҚР Ұлттық банкі, өзін-өзі реттеуші ұйымдар жатады.
Инвестициялық-коммерциялық қаржылық институттар - тиісті заңды негізге ала отырып, белгілі мөлшерде пайда табу мақсатында инвестициялық, сақтандырушы, қаржы-несиелік, жинақтаушы қызметтерді жүзеге асыратын қаржылық институттар немесе институционалды инвесторлар. Оларға коммерциялық банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары жəне инвестициялық қорлар жатады.
Кепілдендіруші қаржылық институттар - субъектілердің са- лымдарын, төлемдерін кепілдендіруді жəне қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға ипотекалық несиелерді кепілдендіру, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорлары жəне т.б. жатады.
Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар - бұлар уəкілетті органның лицензиясы негізінде қаржы-несиелік қызметтердің шектеулі түрлерімен айналысатын қаржылық институттар. Оларға несиелік серіктестіктер, микронесиелік ұйымдар, несиелік бюролар, ломбардтар, пошта-жинақ жүйелері жатады.
Кəсіби қаржылық институттар - бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын жəне қызметі міндетті түрде лицензияланатын қаржылық институттар. Оларға қор биржасы, брокер-дилерлік компания лар, тіркеушілер, кастодиандар, депозитарий жəне т.б. жатады.
Даму институттары ҚР индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатында құрылған институттар болып табылады. Даму институттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру жəне арттыру үшін еліміздің экономикасына сыртқы жəне ішкі инвестицияларды тартуға септігін тигізу мақсатында құрылды. Оларға Қазақстан даму банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, Ұлттық инновациялық қор, Даму кəсіпкерлікті дамыту қоры, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, Инжиниринг жəне технологиялар трансферті орталығы жəне Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы акционерлік қоғамдары сияқты қаржылық жəне сервистік даму институттары жатады.
Инжиниринг жəне технологиялар трансферті орталығы немесе Қазақстан инжиниринг Ұлттық компания АҚ (бұдан əрі - Компания) - қызметінің мақсаты шығарылатын өнімді əртараптандыру, станок паркін жаңарту, ішкі нарықты өз өндірісінің өнімдерімен толтыру, инвестициялық жəне инновациялық жобаларды іске асыру, Компания кəсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға жəне стратегиялық инвесторларды іздеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу, экспортқа бағытталған (соның ішінде əскери) өнімді игеру жəне шығару, сондай-ақ əскери өнімдер шығаруды жəне қазақстандық əскерге көрсетілетін қызметтерді ұлғайту болып табылады.
Машина жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан инжиниринг ҰК АҚ ҚP қорғаныс өнеркəсібі кешенiнiң кейбiр мəселелерi туралы ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы №244 қаулысының негізінде жарғылық капиталы- на мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
кəсіпорындардың өндірістік əлеуетін тиімді пайдалану;
менеджменттің, маркетингтің, қаржылық есепке алудың прогрессивтік əдістерін енгізу;
мемлекеттік, шетелдік, отандық инвестицияларды тарту;
ИСО 9001 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу;
франчайзинг жəне мемлекетаралық кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында əлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыс тар жүргізу жəне өнім өткізудің жаңа нарықтарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшін келесідей іс-шараларды іске асыру қажет:
қосарлы қолданылатын базалық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде əскери жəне азаматтық өндірістерді ықпалдастыру;
техникалық, технологиялық жəне кадрлық жағынан барын ша жарақтандырылған кəсіпорындарда қажетті жұмыл дыру қуаттарын сақтау жəне əскери өнімнің өндірісін оқшау ландыру;
қолданыстағы жəне жоспарланатын мемлекеттік жəне салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыс істеп тұрған өндірістер мен технологияларды жаңғыртуға жəне жаңаларын енгізуге белсенді жəрдем көрсету;
өндірістік алаңдар бойынша да, жабдықтар бойынша да өндірістік қуаттарды оңтайландыру;
Компания ішінде кəсіпорындардың зерттеулерін жүргізу жəне машина жасау кластерін құру;
мемлекеттік қорғаныс тапсырысының Компания кəсіп- орын дарына орналастырылуын қамтамасыз ету;
меншікті жəне қарыз қаражаты есебінен ғылыми- зерт теу жəне тəжірибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру көлемін ұлғайту;
шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету;
материалдар мен құрамдауыштарды орталықтан сатып алуды қалыптастыру, сондай-ақ оларды Компания кəсіпорындарында өндіруді ұйымдастырудың орын дылығына талдау жүргізу;
бірыңғай маркетингтік саясатты əзірлеу қажет.
Сонымен, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде қойылған мəселелер орындалды. Қалған ұсақ мəселелер, сондай-ақ қаржы секторында қосымша тəуекелдердің пайда болу мəселелері Үкіметтің, ҚР Ұлттық банкінің жəне Қаржылық қадағалау агенттігінің жаңа бастамалары шеңберінде шешілетін болады жəне қаржы секторын дамытудың келесі кезеңі инвестициялық жобалардың орындалу қажеттілігін айқындайды.

1. Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
Қазақстан даму данкі АҚ (бұдан əрі - Банк) - 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Даму Банкі туралы 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №531 Жарлығы негізінде Қазақстан Даму Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы заңға сəйкес ерекше құқықтық мəртебесі бар Қазақстан даму банкі құрылды. Қазақстан даму банкі Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде 2001 жылғы 31 мамырда жабық акционерлік қоғам нысанында тіркелді жəне 2003 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес акционерлік қоғам нысанында қайта тіркелді. 2006 жылдан бері банктің жалғыз акционері Қазына тұрақты даму қоры АҚ ұлттық басқарушы компаниясы болып табылды. Қазына ТДҚ АҚ-ның негізгі қызметі - экономиканы əртараптандыру міндетін шешуші даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен инвестициялық жəне инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру. Қазақстан даму банкі АҚ - бұл ел экономикасына инвесторларды тартуға қолдау жасау жəне өңдеуші өнеркəсіптерге, өндірістік инфрақұрылымның дамуына мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату жəне жетілдіру мақсатында құрылған қаржылық институт. Қазақстан даму банкі өз қызметін 2001 жылдың 1 сəуірінен бастаған. Экономикалық қызметінің жалпы жіктелінуіне сəйкес Даму банкін несиелеу үшін оның инвестициялық салалары болып келесілер саналады:
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;
тігін өндірісі;
химиялық өнеркəсіп;
машина жасау жəне құралдарды өңдеу;
көлік жəне байланыс;
тас жəне суды, электр энергиясын тарту жəне өңдеу.
Қазақстан даму банкі бүгінгі күнде мемлекеттік инвестициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып табылады. Өнеркəсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бəсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып жəне елдің инфрақұрылы мын дамыта отырып, Банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.
Банктің инвестициялық қызметі елдің барлық өңірлерінде жəне өңдеуші өнеркəсіптің маңызды салаларында танылған. Банктің қаржыландыруымен енгізілген жаңа жəне жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнеркəсіптік жəне экспорттық күшеюіне жəне өңіраралық интеграцияға іс жүзінде елеулі үлесін қосып отыр.
Қазақстан даму банкі экономиканы жаңғыртудың ең басты қатысушыларының бірі болып табылып, бұдан əрі де серпінді жəне кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруда өз қызметін нығайта беретін болады.
Қазақстан даму банкінің меншікті капиталының мөлшері 2008 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 96,45 млрд теңгені, активтері - 308,04 млрд теңгені құрады. Қызметінің басынан бастап 2008 жылғы 1 мамырға дейін Банк тобы жалпы сомасы 7 млрд доллар болатын 195 инвестициялық жобаны, лизингтік жəне экспорттық операцияларды бекітті, оның ішіндегі банктің қатысуымен қаржыландырылған жобаның құны 2,9 млрд долларды құрады. Қолдау тапқан жобалардың ішінде неғұрлым салмақтылары - химия, көлік жəне байланыс, металлургия, электр энергетикасы, құрылыс материалдарының өндірісі саласындағы жобалар. Қазақстан даму банкінің жетекші халықаралық Moody's Investors Service, Standard & Poor's жəне Fitch рейтингтік агенттіктері берген ең жоғарғы несиелік рейтингі бар.
Банк Қазақстан экономикасын əртараптандыруға ықпал ету мақсатында келесідей басымдық жəне перспективалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Банк ЦентрКредит жүйесінің шағын және орта бизнесін қолдауы
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Инвестиция саясаты туралы
ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Пәндер