Жасуша биологиясы



Жасушаның ашылуы оптикалық құрал - микроскоптың құрасты- рылуымен тығыз байланысты. Оптикалық әйнектер туралы деректер өте ерте кезден-ақ қалыптаса бастаған. 15-шi ғасырдың басы онда оптикалық өйнектерді адамдар кезәйнек ретінде пайдаланған. Екі линзадан тұратын және ұсақденелерді ұлғайтып көрсететін ең қарапайым оптикалық, құралды 16-шы ғ. аяғында аяғайынды Янсендер құрастырған, бipaқ, олар арқылы жасушаны көруге мүмкіндік болмаған.
Жасушаны көруге мүмкіндік беретін алғашқы микроскопты 1665 ж. физик Р.Гук құрастырып, сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан. 1671 ж. М.Мальпиги, Н.Грю жасушаларды зерттеп, олардың, ең негізгі құрамдық бөлігі қабықшасы деп болжамдаған;
XVIII-XIX ғасырларда микроскоптың күрделенуі, микроскопиялық, зерттеулер әдісінің жетіліуі нәтижесінде бірте-бірте жасушаның тipi заттары ашылған.
1831 ж. ағылшын ғалымы Р.Броун жасушаның түйіршіктенген құрылымын ядро (nucleus) деп атаған, ядроны ашқан; 1841 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье жаушаның қоймалжың заты - тipi затын ашып, оны протоплазма деп атаған. Осылайша XIX ғасырда ғалымдардың жасуша туралы пікірі бipтe-бipтe өзгеріп, оның негізгі заты қабықшасы емес, тipi заты деген ұғым қалыптасқан.
1938-1939 жж. неміс ғалымдары Т.Шванн және М.Шлейден еңбектерінде есімдіктер мен жануарлар жасушаларының 200-жылға жуық созылған зерттеулері қорытындыланып жасуша теориясы қалыптасқан. Сол сияқты жасуша теориясының әpi қарай дамуына неміс дәрігері Р.Вирховта

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖАСУША БИОЛОГИЯСЫ

Жасушаның құрылысы
Жасуша тіршілігі мерзімдік өзгерістер
Жасуша тіршілігіндегі мерзімдік өзгерістер Жасушаның бөлінуі

Жасушаның құрылысы

Жасушаның ашылуы оптикалық құрал - микроскоптың құрасты- рылуымен
тығыз байланысты. Оптикалық әйнектер туралы деректер өте ерте кезден-ақ
қалыптаса бастаған. 15-шi ғасырдың басы онда оптикалық өйнектерді адамдар
кезәйнек ретінде пайдаланған. Екі линзадан тұратын және ұсақденелерді
ұлғайтып көрсететін ең қарапайым оптикалық, құралды 16-шы ғ. аяғында
аяғайынды Янсендер құрастырған, бipaқ, олар арқылы жасушаны көруге
мүмкіндік болмаған.
Жасушаны көруге мүмкіндік беретін алғашқы микроскопты 1665 ж. физик
Р.Гук құрастырып, сол микроскоп арқылы жасушаны ашқан. 1671 ж. М.Мальпиги,
Н.Грю жасушаларды зерттеп, олардың, ең негізгі құрамдық бөлігі қабықшасы
деп болжамдаған;
XVIII-XIX ғасырларда микроскоптың күрделенуі, микроскопиялық,
зерттеулер әдісінің жетіліуі нәтижесінде бірте-бірте жасушаның тipi заттары
ашылған.
1831 ж. ағылшын ғалымы Р.Броун жасушаның түйіршіктенген құрылымын ядро
(nucleus) деп атаған, ядроны ашқан; 1841 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье жаушаның
қоймалжың заты - тipi затын ашып, оны протоплазма деп атаған. Осылайша XIX
ғасырда ғалымдардың жасуша туралы пікірі бipтe-бipтe өзгеріп, оның негізгі
заты қабықшасы емес, тipi заты деген ұғым қалыптасқан.
1938-1939 жж. неміс ғалымдары Т.Шванн және М.Шлейден еңбектерінде
есімдіктер мен жануарлар жасушаларының 200-жылға жуық созылған зерттеулері
қорытындыланып жасуша теориясы қалыптасқан. Сол сияқты жасуша теориясының
әpi қарай дамуына неміс дәрігері Р.Вирховта (1858 ж.) өз үлесін қосқан.
Қaзipri кезде жасуша теориясының мынадай негізгі қағидалары белгілі:
1) жасуша тіршіліктің ең ұсақ құрылым бірлігі болып табылады, ceбeбi барлық
тірі ағзалар (өciмдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бөлшектенушілер)
жасушалардан тұрады.
2) барлық жасушалардың құрылысы, жалпы алғанда бip-бipiнe ұқсас болады;
3) жасуша тек жасушадан, оның бөлінуі нәтижесінде пайда болады (Р.Вирхов).
"Ommi cellula a’cellula".
4) жасуша ашық, биологиялық, жүйе, ол арқылы үнемі заттар, энергия және
ақпараттар ағыны өтіп отырады.
Қaзipri кездеп тұжырым бойынша тіршіліктің 2 формасы белгілі:
1) Тіршіліктің жасушасыз формасы - оған вирустар жатады. Вирустар өте
кішкентай, тіпті жай микроскоп арқылы көрінбейтін, денелер. Олар нуклеин
қышқылдарынан және белектан тұрады. Олардың тіршілігі тек жасушаға енгеннен
кейін ғана байқалды, ал өз беттерінше оларда тipшiлiк құбылыстары
байқалмайды. Вирустарды 1892 ж. орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашқан.
2) Тіршіліктің жасушалы формасы. Оның 2 түpi белгілі, а)прокариотты
жасушалар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар) - түйіршіктелген,
цитоплазмадан қос қабат мембрана арқылы шектелген, ядросы болмайды; тұқым
қуалаушылық материялы ретінде сақиналанған ДНҚ кездеседі; рибосомадан басқа
органоидтары болмайды; мөлшері жағынан өте ұсақ болып келеді 0,1 - 0,5 мкм;
митоз кездеспейді.
3) Эукариотты жасушалар-түйірішіктелген, цитоплазмадан қос қабат
мембрана арқылы шектелген, ядросы болады; тұқым қуалаушылық материалы
ретінде хромосомалар кездеседі, барлықк органоидтары болады; клетка мөлшері
біршама ipi болып келеді-15-65 мкм., митоз жолымен бөлінді.
Бір жасушалы ағзалардың жасушасы (қарапайымдылар) - өздері бір жасуша
болып тұрып, тұтас ағзаға тән қызметтер атқарады: қозғалу, тітіркену,
кебею, бөліп шығару, ас қорыту т.с.с. Ал көпжасушалы ағзалардың жасушалары
белгілі-бір қызмет атқаруға маманданады, оларда әртүрлі белоктар
синтезделінеді, мысалы: эпителий ұлпасының жасушаларында-мелонин, бұлшықет
жасушаларында-миозин т.б.
Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан ерекшелгі мынадай:
1) жасуша сыртын қалың целлюлоза қабығы қаптап тұрады;
2) цитоплазмада пластидтер (хлоропласттар, хромопласттар, лейкопласттар)
кездеседі;
3) вакуолялары болады.
Қазіргі деректер бойынша жасушаның негізгі заты болып оның тірі заты
протопласт саналады. Протопласт цитоплазмаға және ядроға жіктеледі.
Ол сыртқы ортадан шеткі мембрана - плазмолема арұқылы шектелген. Цитоплазма
өз кезегінде гиалоплазмаға (цитоплазманың негізгі заты - матриксы) және
органеллаларға жіктелген.
Гиалоплазма 2 мембранамен (плазмолемма, тонопласт) шектелген қоймалжың
сұйықтың. Ол органикалық және бейорганикалық, заттардан тұрады. Оның 80-90
пайызын су құрайды. Органикалық заттардың ішінен негізгілері-белок, нуклеин
қышқылдары, майлар, көмірсулар, АТФ т.б.
Гранулалы тордың қызметі-белок синтездеу, жасуша мембраналарын пайда
ету орталығы болып саналады. Сол сияқты, ол вакуоля, лизосома,
микроденекшіктерді де пайда ете алады. Эндоплазмалық арналар арқлы
макромолекулалар, иондар тасымалданады. Агранулалы тор липофильдік заттарды
синтездеуге қатынасады.
Гольджи комплексі 1878 жылы италян ғалымы Гольджи жануарлар
жасушасынан ашқан және соңғы кездерге дейін ол тек жануарлар жасушаларына
ғана тән деп келінген.
Митохондриялар жасушаның міндетті органеллаларының бipi. Оның неше
түліше болып келеді таяқша тәрізді, дөңгелек, сопақша т.с.с, ал мөлшер10,5-
7 мкм тең. Митохондриялар қос қабат мембранамен шектелген. Кристер арасында
митохондрияның негізгі эптматриксі орналасқан. Онда ДНҚ, рибосомалар,
белоктар т.б. кездеседі. Митохондриялар органикалық заттарды ыдырату, АТФ
синтездеу қызметтерін атқарады.
Рибосомаларды 1955 ж. Палладе ашқан. Ол екі бөлшектен (кіші бөлшегі,
үлкен бөлшегі) тұрады. Олар өте ұсақ, тек электрондық микроскоп арқылы
көруге болатын органеллалар. Оның мөлшері небәрі 15-35 нм болады.
Рибосомалар р-РНК-дан және белоктан тұрады, оның негізгі қызметі белок
синтездеуі болып саналады.
Лизосомалар - диаметрі 2 мкм, әртүрлі ферменттерден тұратын
көпіршіктер. Олар органикалық заттардың гидролиздену процессіне қатынасады,
яғни жасушаішілік ас қорыту қызметін атқарады.
Жасуша орталығы - жануарлар жасушаларына тән органелла. Ол 2
центриолядан тұрады. Әрбір центриоля диаметрі 150 нм, ұзындығы 300-500 нм
болып келетін қуыс цилиндр. Оның қабырғасы үш - үштен 9 топқа топтасқан 27
микро түтікшелерден құрылған. Жасуша оратығының қызметі митоздың қалыпты
жүруін қамтамасыз ету яғни хроматидалардың ажырасуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Микротүтікшелер - түрліше болып келетін ұзын түтіктер, оның диаметрі
24 м тең.
Пластидтер тек өсімдік жасушаларына тән органеллалар. Олардың 3 түрі
белгілі: жасыл пластидтер-хлоропластар (Компаретти, 1791 ж.) сары, қызыл
пластидтер - хромопластар (Берцелиус 1837 ж.), түссіз пластидтер-
лейкопластар (Крюгер, 1854 ж.).
Цитологияның соңғы кездердегі ең маңызды жетістіктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
1) Цитоплазманың мембраналық құрылыс принциптерін тұжырымдау;
2) Жасушаның ашық биологиялық жүйе екендігін тұжырымдау, яғни заттар,
энергия және ақпарат ағындары туралы тұжырымның қалыптасуы;
Цитоплазма және оның органеллалары биологиялық мембраналардан тұрады, оның
қызметі, қасиеттері сол мембраналарға байланысты болады. Шынында да,
цитоплазманың құрғақ затының 90 пайызын биологиялық мембранатар құрайды;
гиалоплазма 2 мембранамен (плазмолемма, тонопласт) шектелген; органеллалар
да мембраналардан тұрады.

Биологиялық мембрана өте жұқа, қалындығы небәрі 5 - 10 нм болып
келетін қабықша. 1972 ж. С.Сингер мен Г.Никольсон ұсынған биомембрананың
сұйықтық-мозайқалық моделіне сәйкес, ол 2 биополимерден тұрады: белок және
липидтер (сурет-3). Липидтер молекуласы биологиялық мембраналардың қанқасын
құрайды, ол екі қабат болып орналасып, сұйық фаза күйінде болады, ал оның
бетінде немесе оған еніп, кейде оны түгел тесіп өтіп белок молекулалары
орналасқан. Биологиялық мембраналар жартылай өткізгіштік (таңдамалы
өткізгіштік) қасиетке ие, оның ұштары үнемі тұйықталған. Биологиялық
мембраналардың арқасында жасушада көптеген дербес, тұйық қуыстар
(органеллалар) түзіледі. Мембраналардың арқасында осы қуыстарда тек
өздеріне тән химиялық құрамы қалыптасып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
«Медицинаның биохимиялық мәселелері»
Механикалық механизм
Биологияның маңызды салалары
Биологиядағы теориялық жалпылауы
Өсімдік биологиясы. Протопласт. Өсімдік жасушаларының органоидтары. Жасушалық қабықша
Биологияның даму тарихы
Биологиядағы маңызды теориялар және негізгі жалпыламалар
Биология кешенді ғылым ретінде
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы
Пәндер