Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметі



Жоспар

Кіріспе
1. Банк ресурстарын қалыптастыру теориясы және оның құрлымы
2. Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметі
3. Банктің тартылатын қаражаттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Банк ресурстарын қалыптастыру теориясы және оның құрлымы
2. Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметі
3. Банктің тартылатын қаражаттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі ресурстарының басты мақсаты -- Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық актиатік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары термині несиелік ресурсы терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресуретары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

1. Банк ресурстарын қалыптастыру теориясы және оның құрлымы
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Банктің капиталы ( өзіне меншікті құралдың ), қолданылатын аласы да емес, сомма сияқты анықталады:
oo банктің жарғылық капиталының;
oo банк қорларының;
oo таратылмаған пайданың;
Үлкейген мөлшерге:
oo резервті мүмкіндер жоғалтулар қарыздарға 1 және 2 топтардың тәуекелді;
oo алынғанды ( төленгенді ) жиналғанды - табыс алдыңғы ақысымен;
oo шетел валютаға құралдардың қайта бағалаулары;
oo құнды қағаздардың қайта бағалаулары;
Азайтылған мөлшерге:
oo жіберілген зияндардың;
oo сатып алынған өзіне меншікті акциялардың;
oo акционерліксіз банкі жарғылық капитал арттырулары оның тіркелген мағынамен;
oo міндетті резерв ішіне салулардың құнды қағаздың;
oo несиелердің, кепілдіктердің, пайдалануға берілгендердің лимиттар сыртынан;
oo заттық активтардың тауып алуына шығындардың арттырулары өзіне меншікті қайнарлармен;
oo келешек дәуірлердің шығындарының есептелгендерге, бірақ емес төленгенмен пайыздарға;
oo дебиторлық қарыздың, ұзақтықпен 30 күннен жоғары;
oo есеп-қисап банкілердің ұйымдарымен бөлінген құралдармен.
Қорғау функция. Банкті жою оқиғасында салымшыларға өтем төлеу мүмкіншілігін білдіреді.
Шапшаң функция. Белгілі, не табысты жұмыс басына арналған банктерге старттық капитал қажетті, ғимараттардың тауып алуына қолданылады, жабдықтаудың, қаражаттық резервтердің жасаулары ойда болмаған зияндар әлде қалай кездессе. Бұлар өзіне меншікті капитал сонымен қатар мақсаттар қолданылады.
Реттеуші функция. Банкілердің табысты жұмыс жасауында қоғам құштарлығымен байлаулы, сонымен қатар заңдармен және мүмкіндік беретін ережелермен мемлекеттік органдарға жөнге салу функциялары жүзеге асыру және бақылауды білдіреді.

1. Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметі
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі осының есебінен банкте қажетті резервтер құралады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шарауашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданы пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту максатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қатар коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
* жарғылық капитал;
* резервтік капитал;
* қосымша капиталдар;
* банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
* бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
* акционерлік банк формасында;
* пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Пай қосу арқылы қүрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлгайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акциоиерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар -- акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
1) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
2) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;
3) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезендерден тұрады:
1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Банктің меншікті каражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор -- банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ак, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда, болмаған жағдайда резервтік кор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Косымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры. яғни үлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы аиырма нотижесінде қүрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
* банк пайдасы;
* акциялар шығару;
* құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
* облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жане банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
* қорғаныс қызметі;
* шұғыл қызметі;
* реттегіштік қызметі;
* айналым қызметі;
* резервтік қызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалыкты жоғары болса, соғурлым банк өтімді болып саналады. Яғыни егерде банк банкротқа ұшыраған жағдайда, тек акционерлер ғана зиян шегеді.
Капиталдың жеткілігі термині банктің жалпы тұрактылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциядық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін.
Банк меншікті капиталын ұлғайтута негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
* банктердің дивидендтері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау
Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Банк капиталының жеткіліктілігі және оны бағалау
Банк жүйесінің маңызды элементі
Капиталдар туралы
Пәндер