Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Тас дәуірі және оның кезеңдері
2.Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Реферат

тақырыбы:

Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары

Орындаған: Булижанов Е.

Тексерген: Саденова Б.Б.

Көкшетау – 2013 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Тас дәуірі және оның кезеңдері
2. Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең.
3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың –
87 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық
аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу,
әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық
құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі
адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы
дамуы орын алған.
Мақсаты: Алғашқы адамдар тобырын зерттеу, оларлың ұжымдасу адамдарға
қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ
жалғастыру.
Міндеттері: Әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше
кезеңдерге бөлінуі.

1. ТАС ДӘУІРІ
(б.з.б. 2 млн.- 12  мың жылға дейін)

          Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға
байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән
кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері  және
ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге
бөлінеді.
Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас
дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан
жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталады,
себебі, адам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.
                                                                
Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
Тас дәуірі Мезолит (орта тас дәуірі)
                                                              Неолит (жаңа
тас дәуірі)    
              

ПАЛЕОЛИТ
Ежелгі  палеолит                                         Соңғы палеолит
(б.з.б. 2 млн.-140 мың жыл бұрын)         Орта палеолит      
(б.з.б.40-12 мың  жыл бұрын)
(б.з.б.140-40 мың жыл бұрын)
 
(б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар)
Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді
мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі
жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Біздің заманымыздан 100 - 80 мың
жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-
райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат
қалыптасты.
Ежелгі  палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй
(бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл – 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың –
150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың – 35-30 мың жыл).
Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары
бірте-бірте қалыптаса бастады. Ал мустье кезеңінде жынысы мен жасына қарай
табиғи еңбек бөлінісі қалыптасып, қауымның басты нысандары шыға бастады. 
        Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар)
дәуіріне жатады.
 
ОРТА ПАЛЕОЛИТ( мустье )
(б.з.б. 140 – 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі
басталды)
       Мустье дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең.
        Өзгерістер:
· ауа – райы салқындады
· тау түзілу құбылысы жүрді
· мұз басу нәтижесінде өзен – көлдер өзгеріске ұшырады
· үлкенді – кішілі өзендердің арналары қалыптасты
Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас,
балта.
Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі – аңшылық пен терімшілік болды. Аң
аулаудың басты әдісі – аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды.
Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы
тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей
алмаған.
Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі – Оңтүстік
Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы
табылды. Бұлар – Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке
қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды
мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы,
Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье
дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы 
Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының
солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай
ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау – 1 және
2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары
кездеседі.

КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ
(б.з.б. 40 –35 – 12 мың жыл бұрын)

Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет
Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.
Тұрпаты:
Ш маңдайы жазық.
Ш қабақ үсті шығыңқылау.
Ш мұрыны кішірек.
Ш бас сүйегі сопақшалау.
Ш иегі айқын.
Ш шекелі.
Ш бас сүйегі – 1500 – 1800 смі.
Ш бойы биік – 168 – 194 см.
Ш аяқтары ұзын, тік жүрген.
 
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі
– аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар
жасауы – тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда
болуына әсер етті.
Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты.
Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның  бірлескен ұйымының
алғашқы түрі рулық қауым болды.
Саналы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзам
қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында
тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік
дамуымен, рулық қауымның қалыптасуы үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық
ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуымен тікелей
байланысты. Рулық ұйым барлық жерде ана тектес және шеше жағынан топтасты,
ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды. Соныме, аналық ру өзара қандас
туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың
экзогамиялық тобы болды.
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті.
Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін –
символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магия
алғашқы өнер болып табылады. Оның басты тақырыбы - әр түрлі жануарлардың
суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып
немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын ,
аналық қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі 
өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді.
өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген
қабыршақтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына
мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі
тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Еңбек құралдары: пышақ тіліктер, шақпақ тас пен яшма.
 
МЕЗОЛИТ  ДӘУІРІ
(б.з. б. 12- 5 мыңжылдықтар, 10-шы мыңжылдықта мұз басу дәуірі аяқталды).
 
Мезолит дәуірі ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінеолит арасын
жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы
тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму
уақыты ретінде сипаттауға болады.  Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған –
жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас
пластиналар – микролиттердің пайда болуы.
Өзгерістер:
·      ауа – райы күрт жылынды;
·      мұздар еріді;
·      шөбі мол далалардың көлемі азайды;
·      жануарлар құрып кетті;
·      адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.
 
Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің  жойылуы  тамақ табудың
бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа
әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық
етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен
мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
Палеолит дәуірі
Ежелгі замандағы Қазақстан
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Палееоолит дәуірі
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Палеолит тұрақтары
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Пәндер