Ақпарат тасымалдау



Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ақпарат тасушы техника
2.2. Ақпарат тасушылар түрлері
2.3. Локальды жүйе арқылы ақпарт тасымалдау
2.4. ТСР/ІР хаттамасының инсталляциясы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ақпарат тасушы техника
2.2. Ақпарат тасушылар түрлері
2.3. Локальды жүйе арқылы ақпарт тасымалдау
2.4. ТСРІР хаттамасының инсталляциясы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тасымалдау жылдамдығы (Скорость передачи; transter rate) -- бір секундта тасымалданатьш екілік ақпарат элементтерінің мөлшері арқылы анықталатын жылдамдық. Өлшеу бірлігі -- бод (француз ғалымы Жан Морис Эмил Бодо есімімен аталған). Кейде битс немесе bps (bit per second} қолданылады. Бұл екі өлшеу бірліктерінің аздап айырмашылығы бар. Бод -- құрамында қызмет бапты биттер (ақпарлар) бірге тасымалданған ақпарат мөлшерін көрсетеді, ал битс -- тек негізгі ақпарат жеткізу жылдамдығын білдіреді.
Тасымалдау құралдары (Средства переноса; means of carry) -- программалық жасақтамалары басқа компьютерге тасымалдауға арналған программалық және аппараттық құралдар.
Тасымалдау модулі (Тран-спортный модуль; transport module) -- порттарды қарым-қатынастық желімен орайластыруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық құрылғысы.
Тасымалдау ортасы (Среда передачи) -- есептеу желісінде жеткізу ортасы; (арна) мәліметтерді электрлік немесе электрмагниттік сигналдар түрінде тасымалдайды. Т.о. екіге бөлінеді: иіектелмеген (сымсыз) -- электрмагниттік сигналдарды жеткізу мен қабылдауды (сигналды өзінің ішінде ұстайтын құрылғысыз) жасақтайтын жеткізу ортасы. Мысалы, эфир, микротолқындық (жербетілік және жерсеріктік) жеткізу, лазерлік жеткізу, радиобайланыс және т.б.; шектелген -- электр немесе жарық өткізетін сым немесе кабель (мысалы, қос есулі өткізгіш, коаксиалды кабель, оптикалық талшықты кабель).
Тасымалдау тізбегі (Цепь переноса) -- компьютердің қосындылауышы мен санауышындағы арнайы саражол. Ол тасымалдау цифрын бір разрядтан екінші разрядқа жеткізуге арналған.
Тасымалдаудың қате таңбасы (Ошибочный знак переноса; badbreak) -- мәтіндік процессор программасына пайдаланушы адам қоятын тасымалдау таңбасы; тасымалдау таңбасын қойған кезде өріп жылжиды да, программа тасымалдауды таңба ретінде қабылдап, егер сөз келесі жолға тасымалданатын болса, оны сөз ортасында сақтайды.

Ақпарат тасушы техника

Қазіргі адамның өмірі ақпарат тасушы техникасымен тығыз байлынысты болғандықтан, күнделікті өмірімізде ақпараттың шексіз көлеміне тап боламыз. Ол ақпарат қарапайым фотоаппаратта қолданылатын жады картасында, көлікте орналасқан аудио ойнатқышқа арналған CD тасушысында, тіпті өткен ғасырдың 80 жылдары пайда болған бейнетаспада сақталуы мүмкін. Әрине, соңғысы қазіргі таңда өте сирек кездесетін техно құрылғы болғанымен, оның адам баласына ұзақ уақыт қызмет жасағаны жайлы ұмытпағанымыз жөн.
Компьютеріңіз жоғары сапалы бейнефильмдерге толы шығар? Ал бір он шақты жыл бұрын адам баласына ақпаратты сақтап, оны бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін 3 дюймілі дискета да жетіп жататын. Ол дискетаның не екенін көбіміз білмейміз де. Қолданушылардың ақпаратты жадыда сақтау сұранысы адам баласын ақпарат сақтаудағы жаңа алгоритмдерді ойлап табуға итермелеп отырды, техника да бір орында тұра бермейтінін сіз бен біз жақсы білеміз.

Ақпарат тасушылар түрлері

Бүгінгі біздің әңгімеміз ақпарат тасушылардағы эволюция, яғни олардың даму жолы жайлы болмақ.
Алғашқы ақпарат тасушының рөлін қағаздан, ағаштан сондай-ақ, пластиктен жасалған төртбұрышты перфокарта атқарды. Алғашқы ақпарат тасушы ХІХ ғ. пайда болған. Сол кезде компьютер жайлы еш әңгіме де болмағанымен, француз өнертапқышы Жозеф-Мари Жаккардтың тігін машиналарында қолданыс тапқан перфокарталар қазіргі заманауи "флешкалардың" атасы деуге толықтай негіз бар. Екеуі де белгілі бір ақпаратты сақтап отырды. Перфокарталардың көмегімен тігінші ою-өрнектің суретін бағыттап отырды. ХІХ ғ. 30 жылдарында перфокарталар Чарльзя Бэббидждің алғашқы есептеуіш машиналары мен Семен Корсаковтың механикалық құрылғыларында пайдаланыла бастады. Өлшемі 187,325 x 82,55 мен қалыңдығы 0,178 мм болатын сандар қатары жазылған және белгілі бір орындарында тесіктері бар перфокарталардың осындай түрі IBM компаниясымен қолданысқа 1928 жылы жіберілді. Перфокарталар өткен ғасырдың 80 жылдарына дейін қолданылғанымен, адамның ақпарат сақтаудағы сұранысты толықтай қанағаттандыра алмады. Кейін перфокарталарды пластикалық дискеталар ығыстырып жіберді.

Дискетаның иілгіш магнитті диск екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Магнитті диск механикалық бұзылудан сақталуы үшін пластикалық корпуспен және ферромагниттік қаппен қапталды. 1967 жылы IBM компаниясының зерханасында диаметрі 8 дюйм болатын алғашқы дискета пайда болды. Ал 1971 жылы сыйымдылығы 80 килобайт болатын ақпарат тасушы көпшілікке көрсетілді. Уақыт өте келе, дискеталардың өлшемдері кішірейіп, сыйымдылығы арта түсті. Осылайша 1991 жылға таман 3,5 дюймілі көлемі 1,44 мегабайттық дискета пайда болды. Өкінішке орай, дискеталарды берік ақпарат тасушы деп атауға болмайтын. Оған бірнеше себеп болатын. Атап айтсақ, дискеталардағы магниттік лента магнит өрісінің кесірінен магниттелініп істен шығып отыратын. Дисководтарда да дискеталар жиі-жиі бұзылып қалатын. Бір сөзбен айтқанда,, дискеталардың ғұмыры ұзаққа бармады. Әр заттың өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Ақпарат тасушылар дәуіріндегі келесі қадам - оптикалық дисктер. Дисктен ақпараттың оқылуы оптикалық сәулелену процесі арқылы жүзеге асады. Осындай құрылғылардың алғашқы үлгілері бейне мен аудионы сақтау үшін қолданылатын. Оптикалық дисктердің алғашқы даналары өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. Оптикалық дисктердің екінші ұрпағына 1996-1997 жылы пайда болған DVD дисктерін жатқызуға болады. Өлшемдері кәдімгі CD дисктеріндей болғанымен, олардың ақпаратты сақтау сыйымдылығы әлдеқайда үлкен болды. СD мен DVD дисктерінен ақпаратты оқуға, сондай-ақ бір немесе бірнеше мәрте ақпарат жазуға болатын мүмкіндікті атап кету керек. Ал қазір оптикалық дисктердің үшінші ұрпағы кең қолданысқа еніп барады. HD DVD мен Blu-ray "форматтар соғысында" екіншісі басым түсті. Бүгінгі таңда мұндай дисктің біреуі 23,3 тен 128 гигабайтқа дейін ақпаратты сақтай алады. Мұндай мүмкіндік дискте қолданылатын "қабаттар" санына байланысты. Қаншама ақпаратты сақтай алғанымен, мұндай дисктердің бір өте үлкен кемшілігі бар. Олар механикалық бұзылуға төтеп бере алмайды. Тіпті, дискке иненің ұшындай дақ немесе сызық түссе, ақпараттың бұзылуы орын алуы мүмкін. Бұған қоса, ақпаратты дискке көшіру жылдамдығы көп жағдайда қолданушылардың көңілінен шықпайды, қайта жазу циклдері де дисктің параметрлеріне қатты тәуелді боп тұрады. Осының салдарынан дисктердің орнын басу үшін ақылгөйлер 100 мың көшіруөшіру циклға дейін жұмыс істейтін флеш-жадыларды ойлап тапты.
1984 жылы Toshiba компаниясының инженері Фудзио Масуока флеш-жадыны ойлап тапты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк тасымалдаудың динамикалық ақпараттық үлгісі
Есептеу желілері (Компьютерлік желілер)
Жергілікті есептеу желілерін жобалау туралы ақпарат
Сымсыз желі
Торап
Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы
Жергілікті есептеу торабы
АЖӘ үлгінің құрылымы
Деректер тасымалдау ортасына қатынас құру әдісі
GPRS
Пәндер