Малдардың жыныс органдарының анатомиясы



Жоспар
1. Кіріспе
1.1. Аналық малдардың жыныс органдарының анатомиясы
2. Негізгі бөлім
2.1. Сиырдың жыныс органдары
2.2. Саулық және ешкінің жыныс органдары
2.3. Биенің жыныс органдары
2.4. Мегежіннің жыныс органдары
2.5. Жыныс органдарының қанмен қамтамасыз етілуі
2.6. Аталық малдардың жыныс аппаратының және жыныс процесінің эволюциясы
2.7. Аталық малдардың жыныс органдарының анатомиясы
2.8. Қосалқы жыныс бездері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
1.1. Аналық малдардың жыныс органдарының анатомиясы
2. Негізгі бөлім
2.1. Сиырдың жыныс органдары
2.2. Саулық және ешкінің жыныс органдары
2.3. Биенің жыныс органдары
2.4. Мегежіннің жыныс органдары
2.5. Жыныс органдарының қанмен қамтамасыз етілуі
2.6. Аталық малдардың жыныс аппаратының және жыныс процесінің эволюциясы
2.7. Аталық малдардың жыныс органдарының анатомиясы
2.8. Қосалқы жыныс бездері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Аналық малдардың жыныс аппаратының және жыныс процесінің эволюциясы.
Аналық малдың жыныс процессінің эволюциясы аталықтың эволюциясына ұқсас. Егер біз аталық жыныс клеткалары белсенді жылжу қасиеттерімен сипатталады десек, керісінше аналық гаметалар өз бетімен жылжу қасиеттерін жоғалтып, оның орнына барлық эмбриональды мезгілде немесе зародыштың дамуы мен өсуіне керек пластикалық заттар қорына ие болады.
Жыныс процесінің әрі қарай дамуы кезінде аналық пен аталық аралығында ерекше қарым-қатынас пайда болады. Осы көрініс аналық және аталық гаметалардың кездесуін жеңілдетіп, соның арқасында ұрықтану болады.
Ұрықтану ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы ұрықтану амфибиялар мен балықтарда, ал ішкі ұрықтану сүт қоректілер мен құстарда және барлық дала жануарларында өтеді.
Ішкі ұрықтану кезінде ұрықтар аналық жыныс жолдарына түседі де, осы жерде ұрықтану процессі өтеді.
Аналық ұрық дамыған кезде жыныс өскінінен аналық жыныс безі, ал мюллеров каналының жолынын краниальдық бөлігінен фаллопиев тұрбасымен үлкейткіш пайда болады, каудальды бөліктері несеп-жыныс синусіне құйылады. Каудальдық шеттерінің өсіп кетуіне байланысты жақын немесе едәуір қашықтықта қынап, жатыр мүйіздері денесі және мойыны пайда болады. Вольфов жолы жойылады.
Аналық малдың жыныс органдары сыртқы және ішкі мүшелерге бөлінеді. Сыртқы мүшелерге Genitalia ecterna - сарпай, қынап кіреберісі және клитор, ішкі мүшелерге Genitalia inlerna қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, аналық жыныс бездері жатады.

Сиырдың жыныс органдары
Сиырдың сарпайы vulva қатпарланған терімен жабылған. Жыныс еріндерінің дорсальдық жоғары бұрышы дөңгелектенген, ал вентральдық төменгі ұшы үшкір және сәл құйымшақтың дөңінен түсіп тұрады. Клитор екі ұзын каверналық денелерден құрылған сиырда ұзындығы 2- см басқы ұшымен аяқталады.
Қынап кіреберісі шекарасыз қынапқа өтеді, өйткені күйіс қайыратын жануарларда несеп клапаны нашар дамыған. Қынап кіреберісі бүйірінің қабырғасында оң және сол шығаратын тармақтармен ашылатын үлкен бездер орналасқан.
Қынап кілегейі көп қабатты қатпар құрайды. Қынап қабырғасының вентральдық жағында гартнер өзектері вольфов каналының рудименті орналасқан.
Сиырдың жатыры екі мүйізді қос мүйізді түрге жатады. Жатыр денесі онша үлкен емес сиырда ұызындығы 2-6 см, нашар дамыған және ұрық жататын жер емес. Жатыр мойыны қынап және жатыр жағынан күрт бөлінген. Сиырда жатыр мойынының ұзындығы 12 см. Мойынның шырышты өзегі жолы ұсақ бойлы және кесек көлденең қатпарлар құрайды. Мойынның артқы жағы сыртқы тесігімен топтастырылған конусқа ұқсас, қынап қуысына 2-4 см еніп тұрады.
Жатырдың кілегейлі қабаты арнайы құрылымдар - жатырдың сүйелдерін карункулдары құрайды, олар мүйізді жағалай төрт қатарда орналасады, әр қатарда 0-4-тен, барлығы 75-тен 20-ға дейін. Карункулдер дөңесті, жарты шеңбер тәрізді, безсіз биіктігі 1,2-4,7 мм, ені -3,2-9,1 мм, ұзындығы 4,4-3,8 мм туындылар (Ю.М.Серебряков). Карункулдер - аналық плацентаның өскіні. Буаздылық кезінде карункулдер он есеге дейін үлкейеді қаздың жұмыртқасындай, кейде одан да үлкен.
Жатырдың мүйізі ұзын бойында қосылады да медиальдық қабырғалармен қалқа құрайды. Сырт жағынан қосылған жерлері үңгі тәрізді болып көрінеді мүйіз аралығы науасы, олар каудалды жатыр мүйіздерінің денесіне және мойынына өткен, ал краниальды мүйіздер айырылатын жерде жоғалып кетеді.
Күйіс қайыратын жануарлардың аналық без түтікшелері қысқа үлкейтілген бөлімнен және әлсіз дамыған шашақтан тұрады. Аналық жыныс бездерінің ұзындығы 20-25 см.
Аналық жыныс бездері сопақ пішінді болып келеді, ұзындығы 2 см-ден 5 см-ге дейін, жалпақтығы -2 см. Ірі сақа малдың оң аналық жыныс безі сол жағына қарағанда үлкен болады.

Саулық және ешкінің жыныс органдары
Саулық және ешкінің жыныс органдары - анатомиялық жағынан ірі қара малдыкінен айырмашылығы тек қана кіші көлемімен. Қынап кіреберісінің ұзындығы 4-5 см, ал қынап ұзындығы 8-12 см, жатыр мойының ұзындығы 5-7 см, оның кілегей қабаты 7-8 көлденең айқын көрінетін қатпары мен кішкентай бүкпелер құрайды. Көлденең бүкпелердің жоғары жағы қынап бөлігіне бағытталған. Бұл жағдайда соңғы бүкпесі қынап қуысына балық ауызына ұқсап екі қалыңдаған еріндер сияқты шығып тұрады. Жатыр денесінің ұзындығы 2-4 см күшті ирелеңдеген және бас жағы тарылған мүйізге өтеді. Жатыр мүйізінің ұзындығы 10 см-ден 20 см-ге дейін малдардың жасына және тұқымына байланысты құбылып отырады.
Жатыр кілегей қабатында көтеріңкі сүйелдерге ұқсас, сопақ немесе дөңгелек пішінді, диаметрі 3-5 мм, ортасында ойық бар. Карункулдер аналық плацентаның өскіні. Олар жатыр денесінде қалай болса, солай орналасқан, ал мүйіздерінде - әдетте төрт қатар карункулден орналасады. Жалпы карункулдердің саны 88-ден 110-ға дейін болады.
Аналық без түтікшелері - қатпарлы, ұзындығы 9 см-ден 18 см-ге дейін. Аналық бездерінің пішіні сопақ болады, ұзындығы 0,5-1 см, ені 0,3-0,5 см.

Биенің жыныс органдары
Сарпайдың терісінде көп мөлшерде санда май және тері бездері бар. Жыныс еріндерінің кілегейлі қабаты ішкі беті жағынан көп қабатты эпителиймен жабылған. Астынан жыныс саңылауының еріндері дөңгелектенген бұрыш құрайды және жақсы көрінетін клитордың басын жабады.
Қынап кіреберісінің ұзындығы 8-16 см. Қынап кіреберісінің жолы астынан жоғарыға және алға бағытталған. Қынап кіреберісінің кілегейлі қабатының қалындығында екі қатар құбырлы бездер орналасқан, олар оның саңылауына бірнеше шығаратын тармақтармен ашылады сонымен қатар күйлеу және қабыну процестері кезінде кілегейлі секрет бөледі. Қынап кіреберісі бүйірлерінің кілегей қабатының астында және сарпай сфинктерінің жартылай астында екі үңгірлі дене орналасқан. Бұл каверналық денелер, шағылыс уақытында қанмен толғанда жыныс еріндерін қалыңдатып, толықтырады және шағылысуды жеңілдету үшін жыныс сауылауын үңірейтеді.
Қынаптың кілегейлі қабаты көп қабатты эпителиймен жабылған, бездерсіз, олар көп санды ұзын бойлық және ұсақ көлденең бүкпесіне жиналған.
Жатыр мойынының ұзындығы 4-8 см, диаметрі 3-5 см. Жатыр мойынының артқы бөлігі қынап қуысына тығын тәрізді төмпешік болып 2-2,5 см шығып тұрады.
Жатыр денесі бұлшық ет тәрізді орган. Краниальді мүйізге, ал каудальды жатыр мойынына өтеді. Екі мүйіз аралығында орналасқан дене бөлігі жатырдың түбі деп аталады. Жатыр денесінің ұзындығы 8-15 см, ені 7-12 см. Мүйіздің ұзындығы 14-30 см, ені 3-7 см.
Аналық без түтікшелері қатты иреленген, өзек түріне ұқсас, ұзындығы 14-30 см. Аналық без түтікшелердің құрсақ шеті үлкейе келе шұңқыр жасайды.
Аналық жыныс бездерінің пішіні дөңгелек, бұршақ немесе сопақ болады, олар құрсақ қуысында орналасады. Олардың оң жақтағысы 3-4, ал сол жақтағысы 4-5 бел омыртқаларының астында ілінген. Жатыр мүйізінің жоғарғы жағы аналық жыныс бездерімен, аналық жыныс безінің жалғамымен қосылған. Аналық жыныс бездерінің диаметрі 2-10 см-ге дейін олардың ұзындығы жыныс циклының фазасына байланысты.

Мегежіннің жыныс органдары
Мегежіннің сарпайы үшкір вентральдық бұрыш құрайды. Клитор ұзын, жіңішке сәл доғалданған баспен аяқталады.
Қынап кіреберісі - ұзындығы 5-10 см (малдың көлеміне байланысты) каудальды жыныс саңылауына өтеді де жыныс еріндерімен шектеледі. Қосыла отырып жыныс еріндері жыныс саңылауының төменгі және жоғарғы шеттерін құрастырады.
Қынап жіңішке бұлшық түтікше, құрсақ қуысында орналасқан қосылу органы, ал туу процесі кезінде төл шығару қызметін атқарады.
Жатыр қуысты, бұлшық етті орган, одан бір немесе бірнеше мүйіздер дамиды. Мегежіндерде ол құрсақ қуысында орналасқан. Екі мүйізді. Жатырда мойынды, денені және мүйіздерді ажыратады.
Жатыр қабырғасы бір қабаттан тұрады: ішкі кілегейлі эндометриум, ортаңғы бұлшық етті миометриум және сыртқы сірі серозный периметриум.
Жатыр мойынының ұзындығы 12-20 см шұғыл шекарасыз қынап және жатырмен қосылады. Кілегейлі қабаты көп санды 14-20 қалың, сопақ төмпешік ол біліктер тізіп иреленген жолдар құрайды.
Жатыр денесінің ұзындығы 5-6 см, краниальды болып екі мүйізге өтеді. Құрсақ қуысында көптеген тұзақ құрастырады. Екі мүйіз бас кезінде бірге келеді және 5-10 см қашықтықта өздерінің қабырғаларымен өсіп кетеді. Тарамдалысымен мүйіздер шажырқайда ілінген көп санды түйме торын құрастырады. Ірі мегежін мүйізінің ұзындығы 100-200 см.
Жатыр мүйіздері краниальды бағытта біртіндеп тарылады да аналық без түтікшелеріне өтеді.
Аналық без түтікшелері айқын шашақпен аяқталатын жіңішке иреленген түтікшелер, әдетте сол без түткшесі оң жақтыкіне қарағанда ұзындау. Осы жерде ұрықтану процессі өтеді, сонымен бірге аналық клеткаларды аналық жыныс жолдарымен және өскінді жатырға жеткізу қызметін атқарады.
Аналық жыныс бездері қос орган, бұларда аналық жыныс клеткалар және жыныс гормондары пайда болады. Аналық жыныс бездері 4-5 ші бел омыртқа маңында орналасқан. Пішіні бір шоқ тәрізді беткейі дөңесті, ұзындығы - тұрақты емес.

Жыныс органдарының қанмен қамтамасыз етілуі
Аналық малдардың көпшіліктерінде жыныс органдарының васкулинизациялауы қос алдыңғы, ортаңғы және артқы жатыр артерияларымен және аттас күре тамырлармен қамтамасыз етіледі. Саулықтарда ортаңғы жатыр аретриялары жоқ, қан алдыңғы көпіршік және артқы жатыр күре тамырлары арқылы өтеді.
Жыныстық жетілуімен қатар жыныс органдардың қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді, тайыншыларда 14 айлық жасынан кейін осы көрініс өзінің максимальды деңгейіне жетеді.
Жыныс органдарының лимфа жүйесі. Капиллярдан, интра- және экстраорганды афференттік тамырлардан, шеткері түйіндерден және афферентті тамырлардан тұрады.
Жыныс органдарының барлық қабаттарында лимфа тамырлары болады, олар өзара анастомоздар құрап, кілегейлі, бұлшық еттік, сірі қабаттарының аттас капиллярларын тудырады. Сірі қабат пен бұлшық еттің көлденең қабаты лимфатикалық капиллярлар жүйесінен интраорганды тамырлар бастау алады да жыныс органдарының сіріасты қабатына бағытталып олармен анастомоздар құрайды, сөйтіп интраоргандық тамырлар жүйесін тудырады. Сосын тамырлық сіріасты жүйесінен ірі интраорганды тамырлар шығады да жалпақ жатыр жалғамына бағытталады, оған еніп афферентті экстраорганды лимфа тамырларын түзеді. Соңғылары өзара анастомоздар құрап нәтижесінде ірі иірімді лимфа жүйесін түзеді. Осы жүйеден магистралды экстраорганды лимфа тамырлары шығып шеткері лимфотүйіндеріне бағыт алады, олар краниомедиалды, каудомедиалды, латералды мықын (қосарланған) және қарынасты (жеке) лимфатүйіндері.
Эфферентті лимфа тамырлары жыныс органдарының шеткері түйіндерінен шығып кейіннен бір-бірімен қосылысады да оң және сол лимфа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Сәуле ауыруы
Радиацияның организмге әсері
Жатыр аурулары
Жануарлаодың радиациялық патологиясы
Ірі қараның лептоспирозы
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Жаңа туған төл аурулары және дауалау
Пәндер