Тұлғаның индивидуалды қасиеттерін зерттеудің стратегиясы



Жоспар:

1. Индивид ұғымы.
2. Адамның индивидуалды қасиеттері.
3. Адамның индивидуалды қасиеттері туралы ғалымдардың пікірлері.
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Индивид - aдам түріне жататын жеке биологиялық осеб (түр). Адам индивид түрінде Хомо сапенс биологиялық түрін көрсетеді. Индивид - туа біткен және даму процесі кезінде жинақталған қасиеттің жиынтығы. Индивидтің негізгі қасиеттері: белсенділігі, біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас жасауы. Индивид-адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид-биологиялық қажеттіліктің жиынтығы.
Адам даралығының негізгі көрсеткіштері - сеп-түрткілері (моти - втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.
Сеп-түрткілер (мотивы) - іс-әрекетке ынталандырушы не мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла - нысты, не үшін іс-әрекет орындалып жатыр? деген сұраққа жауап беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-түрткілер жүйесін (мотивация) пайдаланады.
Темперамент - психикалық іс-әрекеттердің жүйке-динамикалық ерекшеліктері тұрғысынан тек өкіліне берілетін сипаттама.
Қабілеттер - қандай да бір не бірнеше іс-әрекеттерді табысты орындауға кепіл болар психикалық қасиеттер.
Мінез - тұлғаның құндылықты - бағыттаушы және әрекет-қылықты сапаларының жиынтығы, адам әрекет-қылығының типі.
Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис
Гальтонның зерттеу обьектісі болды.
Ф.Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді. Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі қасиеттерінің (физикалық және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін , яғни факторлық анализ негізін ұсынды.
1900 жылы В.Штерннің Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді. Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.
В.М. Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. Жалпы және эксперименталды психология атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.
Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В.М.Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде мазмұнды-мағыналы деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т.б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы - биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.
В.М.Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды.
Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В.С.Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:
1) биохимиялық;
2) соматикалық;
3) нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті);
4) психодинамикалық (темперамент);
5) тұлға қасиеттері;
6) әлеуметтік рөлі.
Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л.Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық -- бұл барлық сыртқы әсерлерді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу
қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:
жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;
тұлға бағдары;
адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;
адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.
С.Л.Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады.
С.Л.Рубинштейн индивидуалдылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды.
С.Л.Рубинштейн көзқарасын ары қарай дамуы Б.Г.Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. Егертұлға- адам қасиеттері құрылымының шыңы болса, ал, индивидуалдылық - тұлға мен іс-әрекет субьектісінің тұңғиығы деп көрсетті. Б.Г.Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше, индивидуалдылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие :

І деңгей- индивид деңгейі; оған енеді:
жыныс, жас, конституция, нейродинамикалық қасиеттер;
психофизиологиялық қасиеттер және органикалық қажеттіліктер;
нышан және темперамент.

ІІ деңгей- іс-әрекет субьектісі деңгейі:
когнетивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде;
қабілеттер.
ІІІ деңгей- тұлғалық деңгей:
статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;
жүріс-тұрыс мотивациясы;
мінез және бейімділік.
А.Н.Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) -- бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. Леонтьев бойынша,тұлға, индивидуалдылық - арнайы адамдық пайда болу, қоғамдық қарым-қатынас негізінде туындайды.
В.С.Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық -- бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген қасиеттер жүйесі, яғни физикалық,биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық,
психодинамикалық, тұлғалық қасиеттер,және т.б.
Қазіргі кезде Ресейде және шет елдерде бірнеше индивидуалдылықты зерттеу орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В.В. Белоус ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дифференциалды психология
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті жүріс-тұрысының псиологиялық ерекшелігін анықтау
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Химияны оқытуда аяушылық технологиясын қолдану және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
В. М. Русаловтың индивидуалдықтың арнайы теориясы
Еліміздегі жоғарғы әскери оқу орындарындағы қазақ бөлімінде оқитын болашақ офицер мамандардың кәсіби маңызды сапалық қасиеттерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу
Тұлғаның өмірлік сценариі ретінде қазақ ертегілері
Пәндер