Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары



Кіріспе
1. Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары
2. Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу әдістемесі
3. Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту

Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары
2. Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу әдістемесі
3. Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіруде,
олардың коғамдық көзқарастарының дұрыс қалыптасуына эстетикалық тәрбиенің
маңызы аса зор. Эстетикалық төрбие жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс
тануына, адамдарға сүйіспеншілікпен қарауына, жалпы адамгершілік
қасиеттерін бойларына сіңіруде үлкен мәні бар. Сонымен бірге балалардың
нәзік сезімді, ұшқыр қиялды, алғыр, мейірбан болып өсуіне елеулі ықпал
жасайды. Тәжірибенің көрсетуіне карағанда, жан-жақты жеке тұлғаны
қалыптастыру үшін эстетикалық төрбие беру мәселелеріне айрықша көңіл
бөлу қажет-ақ.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты салаларының бірі - музыка. Музыканың
адам жанына ететін әсері жөнінде ұлы ойшыл Аристотельдің былай дегені
белгілі: "Ырғак пен әуенде әрқашан өмір шындығы болады. Онда адамдардың
қаһары мен көркемділігі, ерлігі мен байсалдылығы және оларға тән барлық
қайшылықтар, сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да бейнеленеді. Мұны
біз әдетте өз тәжірибемізден де байқауымызға болады. Біз ырқақ пен әуенді
тыңдағанымызда көңіл күйіміз өзгеріп сала береді".
Адам сезімі тым ұшқыр, шегі жоқ. Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге
тек музыканың ғана құдіреті жете алады. Музыка - сезім тілі. "Оқыған сайын
оқудың керектігін сезінесің" дегендей, музыканың тұнығын бойлаған сайын
оның сан салалы, тіпті ғажайып сырлы құдіретін сезіне бастайсың. Музыка тек
адам жанына ғана әсер беріп қоймай, тіршілік әлемінің барлығына да әсер
ететіндігі белгілі. Музыканың өсімдіктер клеткалары мен жануарларға адам
таңданарлықтай әсер етулері сияқты қызықты деректер көп-ақ. Мұны дүние
жүзінің көптеген ғалымдары іс жүзінде дәлелдеп отыр.
Тіршілік әлемінде ең жоғарғы ақыл иесі - адам. Сондықтан музыканың
адам жанына беретін әсерінде шек болмауы керек.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып қана қоймай,
жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіреді әрі жан-жақты өмір
тәжірибесін кеңейтуге, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуға,
шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық
музыкаға баулиды. Музыка арқылы эстетикалық төрбие берудің тікелей міндеті
музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму
жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға
көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз
мүмкін емес.
Музыкалық материалды игеру үстінде оқушыларда гармония (үйлесім)
жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты
педагогикалық тәсілдер қажет. Білім берудің мақсаты - оның ұйымдастырушылық
құрылымы, технология жағынан жабдықталуы. Ал оқыту әдістемесі қоғамның
әлеуметтік сұранысынан туындайды. Оқушыны қалай оқыту керектігі тек
мұғалімнің кәсіптік даярлығына, жаңа технологияны пайдалана білуіне, өзінің
нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігіне байланысты.
Бұлар мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін
тәрбиелеу, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарында ерекше көрінеді. Әрбір
мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалы мазмұнын
логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Мұғалім өзінің әр
сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға
күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана мұғалім шын ұстаз
бола алады.
Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан
жоғары дәрежеде дәлелденуі, ал мазмұны қазіргі теория ғылымында
жаңалықтарға сай болуы шарт. Басқа қасиеттер сияқты педагогтік қасиет те
бірте-бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында психологиялық-педагогикалық
білім, шеберлікпен шектесетін ептілік, дентологиялық мүмкіндіктері, ерекше
ұстаздык мінез-құлық, ойлау қабілеті болмағы ләзім.
Окушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу, бірлесе отырып аспапта ойнау, ән айту олардың музыкалық
кабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен катар ортақ табыска
қуана білуге, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға жетелейді.
Музыка сабағында музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдай білу, оның шығу
тарихымен танысу, жеке орындап үйрену музыка дүниесін түсінуге кең есік
ашады. Музықалық қабылдау музыкалық іс-әрекеттердің барлық түрлерінің
нәтижесінде қалыптасады. Ән айту, дене қимылдарын жасау, музыкалық
аспаптарда ойнау барысында музыкалық бейненің дамуын музыканы белсенді
түрде сезімталдық сергектікпен тыңдамайынша, оны түсіндіру мүмкін емес.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының зейіні бейнелерді сезімталдық
сергектікпен қабылдауға, музыкалық мәнерлеу құралдарын ажырата алуға
тікелей бағытталуы қажет.

1. Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде
қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға,
есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.
Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың
талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын
алады.
Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру -
ұстаздың басты борышы.
Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала
жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық
талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін
дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының
тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі
ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны
сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ
жоспарынан тыс қалмауға тиіс.
Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.
Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі.
кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей
қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.
III кезең — биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға
үйрету.
Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық
қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да -
ұстаздық шеберліктің бір түрі.
Музыка сауатының қарапайым элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін
меңгеру) оқушының музыкалық танымының бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық
меңгеру жалпы білім беру саласындағы міндетті мақсат емес, ол тек
оқушыларды музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру жұмыстары үшін қолданылады.
Ноталық белгілер музыкалық шығармашылық өнердің жалпылама символы
(рәміздері) ретінде әуен-саздан көркемдік ой тудыруға, мән-мағыналық
түсінік білдіруге көмектеседі.
Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері
болады. Бұл сабақтардың негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка өнер сабағы
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Музыка сабағы - өнер сабағы
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру
Музыкалық білім саласындағы музыкалық ойлау ерекшеліктері
Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Пәндер