Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің . Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің . ҚР.ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы ... ... ... ... ... ...7

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
2.1 Мемлекеттiң ақша.несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу ... ... ... ... ... .17
2.2 Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру ... ... ... .25
2.4 Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан
Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – ҚР-ның Орталық банкі
ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
құрылымы ... ... ... ... ... ...7

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын
орны
2.1 Мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және
жүргiзу ... ... ... ... ... .17

2. Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... .24

3. Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру ... ... ... .25

2.4 Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...32

Кіріспе

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ
Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға
алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына
орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне
бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан
Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған
Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi)
Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас
органның ролiн атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген
үлкен өкiлеттiктермен анықталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең
өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде
экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдiк
саясатын жүргiзедi.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық
банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің еліміздің орталық банкі
ретіндегі қызметінің құқықтық негізін толық зерттеп қарастыру менің осы
жұмысымның мақсаты болып табылады.
Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк елміздің несие және банк
жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық
құрылғы болып табылады.
Бүгінгі таңда ҚР-ның Ұлттық банкі өзінің атқаратын ақша-несие
саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына
өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық
банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып
табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының
банк жүйесіндегі алатын орны

1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – ҚР-ның Орталық банкі
ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері

Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикасында банк жүйесi
болған жоқ. Елде КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен
бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтан да Қазақстанда банк жүйесiнiң
қалыптасуы мен дамуы Қазан төңкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО-
ның банк жүйесiмен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу
кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк
қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне
жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi,
сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының
арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда
болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi
реформалаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi,
дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер
категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде
макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды.
Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған
мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi
тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi;
екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк
зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және
жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып,
банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына
кетуiне жол бередi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк
қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi
деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-
нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық
банктер жүйесi.
Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған
несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып
саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi
болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн
эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң
кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер
ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-
есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз
жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен
ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi
мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте
болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп (Орталық –
Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе
акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы
болғанда есептеледi.
1991 – 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен
байланысты инфляция қарқыны өте жоғары болды. Банктерде несиелiк
жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп кеткен несиелер
үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы
кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi.
Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi
тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi.
Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын
жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық
қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты
толық жауапкершiлiк жүктелдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа
банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие
ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн
бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi,
құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi
Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан
Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау
мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың
клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды
және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер
шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан"
ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi – заңды тұлға. Қазақстан Ұлттық Банкi
мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,
оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және
ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен
өкiлдiктерiн аша алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкi өз
қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан
Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен
қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы
кеңестер алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын
ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына
әрi ақша-несие саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға
жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi
Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi
өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысын
орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем
жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да
қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады
және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард
қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен
билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген
тәртiппен дербес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей
қаржыландыруына жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен
келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге
асырады.

1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы

Ұлттық Банктің құрылымына мынылар кіреді:
־ департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке
бөлімдерден тұратын орталық аппарат;
16 аумақтық филиал;
־ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар):
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану
орталығы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы.
Ұлттық Банк:
־ Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру)
қоры,
־Қазақстан Ипотекалық Компаниясы,
־ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры,
־ Қазақстан ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры,
־ Қазақстан Актуарлық орталығы жабық акционерлік қоғамдарының 100%-ті
құрылтайшысы және
־ Процессинг орталығы жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі
(Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз жұмысын Конституцияға,
ағымдағы Қаулыға, сонымен қатар, заңдық күші бар Қазақстан Республикасы
Президенті Қаулысына (ҚР банктер және банктік іс-әрекеттер туралы), басқа
да заңдық актілер мен халықаралық дәрежеде бекітілген келісім шарттарға
сүйене отырып атқарады.  
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Президентке қаратылған. 
Оның мәнісі мынада: 
- Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің
келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасын
тағайындайды; 
- Қазақстан Ұлттық банкісінің төрағасының ұсынысымен Қазақстан
Республикасының Президентінің Ұлттық банк төрағасы орынбасарларын алып
тастау; 
- Қазақстан Республикасының Президентімен ұлттық валюта – қазақстандық
теңге дизайнын өзгерте алуы; 
- Қазақстан Республикасы Президентімен Қазақстан Ұлттық банкісінің жылдық
қаражатын бекіту.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасы
заңдарының орындалуы негізінде банктік операциялар жүргізетін (шетел
валютасын сатып алу және т.б.) барлық банктер, мекемелерге орындалуға
міндетті нормативтік актілерді құрастырады.  
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның барлық бөлімшелері
салықтың барлық түрін, соның ішінде кедендік баж салығын да төлеуден
босатылған. 
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі заңды тұлға болып табылады, оның
өзіндік балансы бар. Ұлттық банк және оған тәуелді бөлімшелер жоғары
деңгейлі банктің біріңғай құрылымын құрайды.

Зерттеу және статистика департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:
        1) ақша-несие саясаты саласында зерттеулер жүргізу, оның
экономиканың жай-күйіне әсерін бағалау, қаржы секторының ағымдағы ахуалына
және даму перспективаларына талдау жасау;
         2) ақша-несие статистикасын, қаржы секторы мәселелері жөніндегі
ақпаратты қалыптастыру және тарату, халықаралық стандарттарға сәйкес
статистиканың методологиясын  жетілдіру;
        3) ақша-несие саясаты құралдарын пайдалану жөнінде зерттеулер
жүргізу және  ақша-несие саясатының негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерінің болжамдарын дайындау;
       4) Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының  тиімділігін арттыру
мақсатында  экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін
жүргізуге байланысты  жұмыстардың орындалуына ұйымдық-әдістемелік
басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.

Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) халықаралық методологиялық стандарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының төлем балансын, халықаралық инвестициялық позициясын және
жалпы сыртқы борышын бағалауды қоса алғанда сыртқы сектордың статистикасын
қалыптастыру мен тарату;
2) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін
белгілеуді қоса алғанда Ұлттық Банктің валюталық реттеу және валюталық
бақылау саласындағы саясатын методологиялық және нормативтік қамтамасыз
ету және оны іске асыруға қатысу;
3) резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларының және ішкі
валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингі бойынша
жұмыстарды ұйымдық және методологиялық қамтамасыз ету; 
4) экономиканың сыртқы секторының ағымдағы жай-күйін және оның даму
перспективаларын талдау, сыртқы сектордың негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерінің болжамын дайындау.

Заң департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері: 
       1) Заңдылықты нығайтуға ықпал ету және Ұлттық Банктің нормативтік
құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңнамасының талаптарына сәйкестігін, Ұлттық Банктің, оның бөлімшелерінің
және қаржы нарығы субъектілерінің заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдануын
қамтамасыз  ету;
       2) Елдің қаржы жүйесін, валюталық реттеуді және бақылауды, ел
аумағында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру
үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану;
       3) Ұлттық Банктің, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау;
       4) Ұлттық Банк жүйесінде құқықтық насихат жүргізу, құқықтық жалпы
оқытуды ұйымдастыру;
       5) Ұлттық Банкте Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын
тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
мониторингін жүргізуді үйлестіру;
       6) Ұлттық Банктің норма белгілеу қызметіне талдау жасау және
талдаулардың нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Төрағасына оны жетілдіру және
анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу.

Монетарлық операциялар департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:
        1) Ұлттық Банктің ақша және валюта нарықтарындағы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы операцияларын қоса
алғанда, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын іске асыру;
       2) ҚРҰБ алтын валюта активтерін және ҚР Ұлттық қорын басқару
саласында инвестициялық саясат қалыптастыру және жүзеге асыру;
       3) Капиталдың және қаржы құралдарының халықаралық нарықтарына талдау
жасау және бағалау, Қазақстан Республикасының ішкі қаржы нарығының ахуалына
жүйелі түрде талдау, сыртқы сектордың негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерінің болжамын дайындау.

Бухгалтерлік есеп департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:
1) Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу, сондай-
ақ Секьюритилендіру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
құрылған қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлік
есеп жүргізудің автоматтандырылуын бақылау;
2) Ұлттық Банктің қаржылық есептілігін жасау және оны басқа ұйымдарға
(Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігі және т.б.) ұсыну; 
3) Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері, филиалдары,
өкілдіктері, еншілес ұйымдары үшін Ұлттық Банк жүргізетін барлық
операциялар бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына
негізделген бухгалтерлік есеп және есеп беру саласында, салықтық есепке алу
саласында бірыңғай методологиялық саясатты және қағидаттарды қамтамасыз
ету.

Ақпарат технологиясы департаменті

Департаменттің  негізгі міндеттері:
  1) Ұлттық Банктің ақпараттық даму саясатын Ұлттық Банктің міндеттеріне,
қызметтеріне және  өкілеттігіне сәйкес айқындау;
2) Ұлттық Банк қызметін автоматтандыру деңгейінің жай-күйіне талдау
жасау және оны дамыту бойынша жұмыстар жоспарлау;
3)  интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесін (бұдан әрі –
ИААЖ) және оның құрамдас бөліктерін Ұлттық Банктің орталық аппаратында және
филиалдарында әзірлеу (бейімдеу), пысықтау, дамыту, ендіру және қызмет
көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және орындау;
4) ақпарат технологиялары бойынша халықаралық стандарттарды ендіру,
сондай-ақ ұлттық стандарттарды ендіру және Ұлттық Банктің нормативтік
актілерін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға
қатысу, олардың Ұлттық Банкте қолданылуына Департаменттің құзыреті шегінде
бақылау жасау;
5) ИААЖ бағдарламалық-техникалық кешенін, телекоммуникация және
байланыс жүйесін басқару және пайдалану, олардың сенімді әрі тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және
орындау;
6) Департаменттің құзыретіне қатысты тауарларды, жұмысты және қызметті
Ұлттық Банктің қажеттілігіне сәйкес сатып алуды қамтамасыз ету;
7) Ұлттық Банкте бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалануды
жүргізу, есепке алу және бақылау;
8) Ұлттық Банкте ақпарат қауіпсіздігі талаптарының орындалуын
қамтамасыз ету.
 

Ішкі аудит департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:
1) тәуекелдерді басқару тиімділігін бағалау;
  2) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін және тиімділігін  бағалау;
 3) түрлі деңгейдегі шешімдер қабылдау кезінде белгіленген рәсімдер
мен өкілеттіктердің сақталуын бақылау;
  4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмысын ұйымдастыру;
  5)Ұлттық Банктің Төрағасын Ұлттық Банктің бөлімшелеріне және
консультативтік-кеңес органдарына жүктелген міндеттер мен функцияларды
орындау жай-күйі туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
 

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:
        1) Ұлттық Банктің стратегиялық міндеттерін орындауға бағытталған
кадр саясатын жетілдіру;
         2) Ұлттық Банктің құрылымын оңтайландыру, Ұлттық Банктің орталық
аппаратының, филиалдарының және өкілдігінің қызметкерлері үшін еңбекақы,
әлеуметтік төлемдер төлеу жүйесін әзірлеу және ендіру бойынша жұмысты
ұйымдастыру;
         3) қызметкерлерге басқарушылық әсер ету әдістері мен тәсілдерін:
қызметкерлерді іріктеуді, жалдауды, бейімдеуді, оқытуды, аттестациялауды, 
мотивация жүйесін әзірлеу және жетілдіру;
         4) әлеуметтік дамуды басқаруды оңтайландыру мақсатында
социологиялық және психологиялық зерттеулер жүргізу;
         5) Ұлттық Банк жүйесіндегі корпоративтік мәдениетті дамыту болып
табылады.

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті

Департаменттің  негізгі міндеттері: 
1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен  Ұлттық валюта -
қазақтандық теңге банкноттары мен монеталарының дизайны  тұжырымдамасы
негізінде банкноталар мен монеталардың номиналдары және дизайнының
құрылымы  бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ қолма-қол ақша айналысы үшін қажет
банкноталар мен монеталарды дайындау көлемі жөніндегі ұсыныстарды  Ұлттық
Банк Басқармасына дайындау және бекітуге ұсыну;
2) ұлттық валютаның ақша белгілерін шығару, олардың айналысын және
оларды айналыстан алуды ұйымдастыру жөнінде Ұлттық Банктің ерекше құқығын
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүргізу;
3) айналысқа шығарылған банкноталар мен монеталардың  төлем
қабілеттілігінің, тозған және бүлінген ақша белгілерін  айналыстан алу және
жоюдың  тәртібі мен белгілерін айқындау;
4) банкноталар мен монеталарды  сақтау, тасымалдау және инкассациялау,
банкноталар мен монеталардың резервтік қорларын (бұдан әрі – резервтік
қорлар) құру және жоспарлау тәртібін айқындау.

Төлем жүйелері департаментi

Департаменттің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асырудың тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтау;
3) банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу, аударым
операцияларын, банкаралық клиринг жүргізу, төлем карточкаларын шығару,
аккредитив ашу (ұсыну) және растау және олар бойынша міндеттемелер орындау
тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында чек кітапшаларын шығару және
вексельдердің айналымы тәртібін айқындау;
4)  банктер арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын уақтылы
және үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуін
ұйымдастыру және қадағалау;
5) банктердің төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру
шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарына талаптар белгілеу;
6) барлық банктердің және олардың клиенттерінің орындауы үшін төлемдер
мен ақша аударымдары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеу, сондай-ақ олардың сақталуына қадағалауды жүзеге асыру болып
табылады.

Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері: 
1) Ұлттық Банктің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, құжаттаудың
және құжаттармен жұмыс істеудің бірыңғай тәртібін, электронды құжат
айналымын, орындаушылық тәртіпті бақылауды, құжаттарды Ұлттық Банкте
ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;
2) Ұлттық Банк Басқармасының, Директорлар кеңесінің және басшылығының
қызметін, Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулыларын ресімдеуді
(тікелей шығуын) ұйымдастыру;
3) Ұлттық Банктің халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдарымен, 
рейтингтік агенттіктермен, алыс және таяу шет елдердің банктерімен,
мемлекетаралық интеграциялық ведомстволармен, Қазақстан Республикасының
аумағындағы шетелдік банктер мен ұйымдардың өкілдіктерімен, Ұлттық Банкке
заемдар беру және халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу
мәселелерін қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықтықтың түрлі мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен
ынтымақтастық саласындағы бірыңғай саясатын қамтамасыз ету;
4) Ұлттық Банк басшылығының халықаралық және мемлекетішілік
келісімшарттарын хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге
асыру;
5) Бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара әрекет ету
саласындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз ету, Ұлттық Банктің республикалық
және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын ұйымдастыру және
үйлестіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен
мекемелерінің, шет елдердің орталық (ұлттық) банктерінің баспасөз
қызметтерімен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтерімен
ынтымақтастық орнату және ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
6) Ұлттық Банктің ресми басылымдарын шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі
ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
7) Ұлттық Банк мұражайының және кітапханасының жұмысын ұйымдастыру.
 

Қаржы тұрақтылығы басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:
            1) қаржы тұрақтылығы бойынша жұмысты ақпаратпен қамтамасыз ету;
            2) қаржы тұрақтылығы және қаржы жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз ететін факторларды талдау үшін тәуекелдерді бағалау
методологиясы саласында зерттеулер жүргізу;
            3) қаржы тұрақтылығы үшін тәуекелдерді реттеу шараларының
тиімділігін бағалау;
            4) Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есепті дайындауды
ұйымдық және методологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

Операция басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:
1) Ұлттық Банкінің әкімшілік-шаруашылық іс-әрекетімен байланысты
өткізілген операциялары бойынша дұрыс, уақтылы және толық есебін қамтамасыз
ету;
2) Ұлттық Банкі негізделіп отырған бухгалтерлік есеп әдістері мен
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, бөлімшелердің өткізген есептік,
кассалық және басқа операциялардың уақтылы және дұрыс жүргізілуін
қамтамасыз ету;
3) Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп шоттар жоспарына сәйкес
монетарлық емес қызметі бойынша операцияларын баланстық және баланстан тыс
шоттарында дұрыс және анық көрсетуін қамтамасыз ету.

Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы

Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының негізгі
міндеттері:
1) төлем жүйелерінің  жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің
операциялық күнін басқаруды жүзеге асыру;
2)  Ұлттық Банктің жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банкі
функцияларын жүзеге асыруы мақсатында қажетті іс-шараларды орындау;
3) Басқармада ашылған корреспонденттік және өзге де банктік шоттардың
жұмыс істеуін, Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен
филиалдары, сондай-ақ Ұлттық Банк және Ұлттық Банктің Қазақстан банкаралық
есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының пайдаланушылары арасындағы ақша төлемдері мен
аударымдарының уақтылы және үздіксіз  жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
4) ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында Ұлттық Банк жүргізген
операциялардың, Ұлттық Банктің сыртқы басқаруға берілген (Asset Management)
активтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының  активтерін басқару
бойынша операцияларды, кастодиандық қызмет көрсету, ақшаны және бағалы
қағаздар портфелін сенімгерлік басқару және клиенттерге брокерлік қызмет
көрсету бойынша операцияларды есепке алудың дұрыстығын, уақтылылығын және
толықтығын қамтамасыз ету;
5)  банктердің  банктік бірегейлендіру кодтарының анықтамалығын
қалыптастыру және жүргізу;
6)  эмиссиялық-кассалық операцияларды есепке алудың дұрыстығын,
уақтылылығын және толықтығын қамтамасыз ету;
7)  белгіленген нысандар бойынша қаржылық есептілік жасау;
8) банктердің  банктік бірегейлендіру кодтарын, сондай-ақ банктердің
кодтарын беру болып табылады.

Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:
         1) Ұлттық Банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оның бюджетін
(шығыстар сметасын), кірістері мен шығындарының болжамын, мемлекеттік сатып
алулар жоспарын қалыптастыру;
         2) Ұлттық Банктің бюджетін (шығыстар сметасын), кірістері мен
шығындарының болжамын жоспарлаудың, олардың орындалуы туралы есептіліктің,
Ұлттық Банк ұйымдарының және Ұлттық Банк акционері болып табылатын
акционерлік қоғамдардың қызметін бизнес-жоспарлаудың, Ұлттық Банк
құрылымында баға белгілеудің және өнім (жұмыс, қызмет) дайындау құнын
есептеудің бірыңғай методологиясымен қамтамасыз ету;
         3) Ұлттық Банктің негізделген және теңгерілген бюджетін, кірістері
мен шығындарының болжамын, мемлекеттік сатып алулар жоспарын қалыптастыру,
олардың орындалуын талдау және бақылау арқылы Ұлттық Банктің қаражатын
тиімді жұмсауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
        4) бизнес-жоспарларын тексеру және талдау, қаржылық есептіліктері
бойынша қорытындылар дайындау арқылы Ұлттық Банк ұйымдарының және Ұлттық
Банк акционері болып табылатын акционерлік қоғамдардың қызметін тиімді
басқаруды көтеру;
        5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен конкурс рәсімдерін жүргізу және бір көзден сатып алу
тәсілдерімен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастыру.

Тәуекел-менеджмент басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:
1) Ұлттық Банк бөлімшелерінде интеграцияланған тәуекел менеджментінің
әдіснамасын әзірлеу және ұйымдастыру;
2) Ұлттық Банкте қаржы тәуекелдерін басқару саясатын әзірлеу және іске
асыру;
3) Ұлттық Банктің бизнес-процесстерінің үздіксіздігі мәселелері
бойынша  әдіснаманы әзірлеу.
 

Автоматтандырылған банктік ақпарат жүйелерін ендіру басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:
         Автоматтандырылған банктік және әкімшілік-шаруашылық ақпарат
жүйелерін таңдау және  өндірістік пайдалануға ендіру, Ұлттық Банк
қызметкерлерін олармен жұмыс істеуге оқыту.

Қауіпсіздік басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:
         1) Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің қолданылып жүрген
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қорғалатын мәліметтердің сақталуын
және жария болмауын қамтамасыз ету;
          2) Ұлттық Банктің ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз кіруге жол
бермеу;
          3) Ұлттық Банктің орталық аппаратында, филиалдарында, “Банкнот
фабрикасы” РМК-да  және  Қазақстан Теңге сарайы РМК-да өрт қауіпсіздігі,
кіру және объект іші режимінің сақталуына бақылау жасау;
          4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің және Ұлттық
Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жұмылдыру
жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру.

Шаруашылық басқармасы

Басқарманың негізгі міндеті:
         Ұлттық Банк орталық аппараты бөлімшелерінің және филиалдарының
тиімді қызмет етуіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау.

Үйлестіру басқармасы (Астана қаласы)

Департаменттің негізгі міндеттері:
        1) Ұлттық Банктің Астана қаласында орналасқан Қазақстан
Республикасының Президенті Әкімшілігімен, Парламентімен, Үкіметімен,
министрліктерімен және ведомстволарымен, сондай-ақ сот органдарымен
оралымды іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
         2) Астана қаласында өткізілетін жиналыстарға, жұмыс кездесулеріне,
конференциялар мен отырыстарға, Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігінде, Парламентінде, Үкіметінде және мемлекеттік органдарында
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысу, Ұлттық Банктің
нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі басқарма

Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Банкке тапсырмалар
беретін актілері және тапсырмалары;
2) Ұлттық Банкке тапсырмалар беретін Үкімет қаулылары, Үкімет
мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері;
3) орындалу мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы
нұсқаулар, шұғыл, баяндалсын, ұсыныстар енгізілсін деген белгілер бар
Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның
орынбасарларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрі Кеңсесі
Басшысының Ұлттық Банктің атына актілері және тапсырмалары (оның ішінде
кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралардың жоспарларында қамтылатындар),
сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын
тапсырмалар;
4) Парламент депутаттарының сауалдары және Ұлттық Банктің қорытындысы
қажет олар бастамашылық жасаған заң жобалары;
5) мазмұнынан белгілі бір мәселелер бойынша жауап беру, түсіндіру,
ұсыныстар енгізу қажеттілігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
7) келісу үшін Ұлттық Банкке келіп түсетін нормативтік құқықтық
актілердің жобалары;
8) Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулылары, Ұлттық Банк
басшылығының бұйрықтары, өкімдері, тапсырмалары.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын
орны
2.1 Мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу

ҚР-ның Ұлттық банкі – ақша резервтерiн, басқа да материалдық
құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу
көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар
және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты – Қазақстан
Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай
мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді
жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен
шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің
жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады.
ҚР-ның Ұлттық банкінiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және
сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
• Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
• Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу –
сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа
ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға
сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын
айқындайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылады. Ақша-несие
саясаты:
־ ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
־ ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының
деңгейлерін;
־ ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;
־ ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және
көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге
асырылады.

Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық банкi:
• Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi,
банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-
бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты
Несие және несие жүйесі
Қазақстан Республикасының банктерінің қызметтерін және дамуын талдау
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Валюталық қатынастар және валюта жүйесінің қалыптасып дамуы
Қазақстан Республикасы банктерінің ақша-несие саясаты
Пәндер