Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық теориялық көзқарастар
1.1 Мемлекеттің мәні және экономикада мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі ... ... ... ... 5
1.3 Мемлекет және бизнес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. Қазакстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі
2.1 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері ... ...10
2.2 Өтпелі кезеңдегі макроэкономикалық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3 Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың дамуының тиімді нысаны ... ... ..13
2.4 Қазақстандағы экономикалық дамыту, әлеуметтік ахуалды жақсартуға жол ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3                       
1. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық теориялық көзқарастар
1.1 Мемлекеттің мәні және экономикада мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
қызметі ... ... ... ... 5
1.3 Мемлекет және
бизнес ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..8
 
2. Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы
мемлекеттің рөлі 
2.1 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Өтпелі кезеңдегі макроэкономикалық саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3 Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың дамуының тиімді
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.4 Қазақстандағы экономикалық дамыту, әлеуметтік ахуалды жақсартуға
жол ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16 

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 20

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21
 
 
                                         

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Нарықтық экономикадағы мемлекеттің
рөлі. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе – оның бүгінгі
қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық
қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы
реттеу зор рөл атқарады. Халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры
іспетті, осы нарықтық байланыстар арқылы өндірістің қан айналымы жүзеге
асады. Оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық-әлеуметтік
жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады,
сондықтан да олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен
тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар
толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген
терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарыққа қатысты
сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық
мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор
мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым
экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Сондықтан нарық
ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық
реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен
тығыз байланыста  әрекет ететінін  естен шығармаған жөн.
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде
іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы
ұйымдастыруға әкелетіні аян. "Айырбастау" дейді В.И.Ленин "адамдарды нарық
арқылы біріктіреді".
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас
пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық
стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі
нарық деп бөлінеді. Стихиялы нарық – капитализмнің алғашқы кезеңінде болды,
оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін
бағалар тән болады.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі,
әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық
инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда
құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының
ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының
ішінен ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты
таңдап алынады.
 

1. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық теориялық көзқарастар
1.1 Мемлекеттің мәні және экономикада мемлекеттің рөлі

Нарықтық түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Қазақстан
Республикасының Президенті анықтап берді. Өтпелі нарықтық экономиканы
дамытудың тұжырымдамалық негіздері – отандық тауар өндірушіге талғамалы
көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды
заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты
жүргізу болып табылады.
Тәуелсіз елдің жаңа экономикалық идеологиясын қалыптастырудың басы
деп есептеуге болатын 1993 жылдың соңынан бастап ұлттық валютаға шолу жасап
көрейік.
Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз
экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі
Қазақстан мысалында экономиканың нарықтық дамуының көкейкесті мәселелерін
қарастырамыз. Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа
да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді.
Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4
кезеңге: 1993-1995 жылдар, 1996-1997 жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан
қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.
Орта жылдамдықты перспективаға (1993-1995 жылдар) арналған бірінші
дағдарысқа карсы шаралар бағдарламасында құнсыздануды қолайлы деңгейге
дейін басу өндірістің төмен кұлдырауын тоқтатуға және оның 1995 жылдың
аяғына қарай өсуі үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді деп күтілген
болатын. Құнсыздану процесінің жылдамдатылуы өндірістің төмен кұлдырауына
әкелді. Халық тұтынатын тауарлардың ішкі рыногы бұзылды, өнімдер экспорты
тастама экспорт бойынша төмен бағаларға жүргізілді. Осы үлгімен 1994 жылдың
ортасына қарай дағдарысқа қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған
бағдарлама бойынша экономика реформаларын әрі қарай жүзеге асыру мүмкін
емес еді.
Бірдей уақытта іске асырылу мерзімі 15 ай (1994-1995 ж) экономикалық
реформаларды жылдамдату бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі
мақсаты өндірісті оның жандануына жағдай туғызу үшін құнсыздануды басатын
деңгейге дейін тұрақтандыру болды.
1995 жыл деректері құнсызданудың деңгейі бағдарламамен
қарастырылғаннан жоғары болғанын көрсетті. Өндірістің құлдырауын жеңу
мүмкін болмады. Егер өндірістің құлдырау динамикасына көз жүгіртетін
болсақ, онда 1992 жылы оған қарағанда салыстырмалы түрде тұрақты болған
1990 жылда 14,6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы - 48%, 1995 жылы - 57% құрады.
Осы жылдары Қазақстан мен Ресейдегі үкімет бағытын әкімшілік-бұйрық
басқару элементі қосылған тұрақсыз монетаризм ретінде анықтауға болады.
Аталған бағытқа тоқтаусыз жүре беру бағалардың жылдам өсуіне және
кұнсыздану процестерінің дамуына, жеміссіз қаржылық макрореттеуге әкелді.
Микроэкономикалық және өңірлік саясат, ғылыми-техникалық даму, мемлекет
меншігін басқару, кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамыту мәселелері шешімін
таппай қалды. Ұйымдастыру жарнамалардың ауысуына қарамастан мемлекет
меншігінен алу және жекешелендіру тетігі іске қосылмады. Ескі партиялық-
шаруашылық номенклатурамен өндірісті монополизациялау жалғаса берді.
Қазақстанда   орташа   жылдамдықты   болашақ   бағдарламасы   (1996-
1998жж.) бес жыл бұрынғы міндетті- құнсыздану деңгейін 1997 жылдың
 аяғына дейін  9-12%  төмендетуді  алға  қойды.  Бұл  жолы   мақсатқа  қол
жеткізілді: 1997 жылдың аяғына қарай құнсыздану деңгейі 11,2% құрады.
1998-2000 жылдар – экономиканың кұрылымдық қайта кұрылысуы, оны
халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру кезеңі. Осы кезеңдегі
экономиканың дамуына негіз болған маңызды фактор елде шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен бюджеттік-қаржылық жүйенің жұмыс істеуін, сондай-ақ отандық
тауар өндірушілерге мемлекеттік дем беру шараларын институционалдық және
заңнамалық жетілдіру болып табылды.
Халықаралық әлем үшін Карнеги қоры сарапшыларының бағалауы бойынша
қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформалар нәтижесі
болып табылатын қарқынды экономикалық өсу байқалып отыр. Осындай кейбір өсу
Ресей экономикасынан да көрініс тапты. Қазақстанда Ресейде сияқты бұл
реформалар – кіріс бөлігі шығындар бөлігінен аса бастаған үкіметтік
бюджеттерді тазартудан басталды. Бұған мұнайды сатудан түскен табыс қана
емес, кәсіпорындарға берілетін демеу қаржыларды қысқарту да себебін
тигізді.
Күшіне 1998 жылы енген импорт алмастыру бағдарламасын іске асырумен
байланысты 2000 жылғы ІЖӨ елеулі өсуі (14 пайыз) Қазақстан Республикасының
министрліктері мен ведомстволары тұлғасында Қазақстан Республикасы
үкіметінің өкілдерімен ұсынылған ресми айқындамалары дәлел бола алады.
Алайда көпшіліктің ойынша республика экономикасының өсуі бірінші
кезекте соңғы кезеңдегі мұнайға деген әлемдегі жоғары бағам, тек содан
кейін ғана елеулі артта қалумен ішкі экономикалық факторлар жатыр деген ой.
Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім
өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі
екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат құраушылар үлесін
өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастыру
сияқты дамудың қарқынды факторлары елеулі мәнге ие болады.

1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.

Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді.
Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды
бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты
функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің
шаруашылық жүргізуге, экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне ұласады,
сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық  
негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік
негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде,
жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық
шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығындарды өтеуді,
өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді, барлығын өз еркімен дербес шешеді.
Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар
формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиеттерде бұл сұраққа
жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық  
әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз       экономисті  
А.Курно (1801-1877 ж.ж), экономист А.Маршал (1842-1924 ж.ж)   береді.
Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі нақты нарық алаңы емес,
ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан, еркіндік, сонда бірдей тауарлардың  
бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі. Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі
мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисті У.Джевонс (1835-1882 ж.ж) нарықтың критериі деп
сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына
назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және
қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар
тобы нарық болады.
Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас
сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен
бастау керек. Біріншіден , нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас
айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық – өндіріс, бөлу, айырбас
және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық
қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша
байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-
әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
- екі субъектінің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда,
кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
- шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
- тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын,
нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтық кызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін
Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның
себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған
көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық
процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық   өмірде
экономикалық бостандықтың   шектелуі; барлық шаруашылық кұрылымдарды
материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету .
Бүгін шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа
шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып
сатарлыққа жол ашу, криминалдық әрекеттердің жандануы – рэкет, мемлекеттік
коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т.б. Осылардың
барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-қимылдарға
негативтік ықпалын асыра түседі.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі – өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны тұтынады. Тұтыну -жеке тұтыну және
өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан
шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке
талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін транакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан,
сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарлар тұтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен
ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін
қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады.
Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар
арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте
маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің
жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады.
Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның,
пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.

1.3 Мемлекет және бизнес
 
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы. Шағын кәсіпкерлік (ШК)
қазіргі кезеңде мемлекеттік және қоғамдық қолдауға зәру.
Осы саладағы мемлекеттік шаралардың орталық орнын шағын нарықтық
инфрақұрылымды дамыту алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдер тәжірибесі
көрсеткендей ШК ұлттық экономикада маңызды қызмет атқарады: сұраныс пен
ұсынысты теңдестіру арқылы нарықтық қатынастар өндірісінің негізгі тетігін
қамтамасыз етеді, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан көбін өндіреді, 70%-ға
дейін жұмыс орнын құрайды, адам ресурсы мен   инновациялық күштерді
белсендіруге елеулі әсер етеді.
ШК-ке мемлекеттік әсер ету – негізгі рыноктық тетіктер қалыптасатын
қаржылық және экономикалық дағдарыс алынатын реформаның   екінші кезеңінің
мәселесі. Шағын кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық іс-әрекеті.
Шағын бизнес дамуының қазіргі кезеңде бірінші кезекте шикізатты өңдеу және
өнім мен тауарларды өндірумен біріктірілген шағын кәсіпорындар желісін
қолдаумен байланысты, ол рынокта сәйкес технологиялық жабдықтар болуын
болжайды. Алайда 1993 жылдың басында шағын кәсіпкерлік не өздігінен
жойылатын, не жеке құбылыс ретінде қалыптасатыны белгілі болды. Үкімет
басында шағын кәсіпкерлікке шұғыл түрде мемлекеттік қолдау көрсетілуі
керектігі ұғынылды. Сәйкес ұйымдастыру құрылымдары федералдық деңгейде
қалыптаса бастады.
Қаржылық-несиелік қолдау. Қазіргі уақытта меншіктегі қарыз
қаражаттарының жетіспеушілігі бар шағын кәсіпорындардың жаңасын кұру және
іс-әрекеттерін дамыту үшін негізгі кедергілердің біреуі болып түрады.
Бастапқы капиталдың жетіспеушілігі, қаражатты жинақтаудың шектелген
мүмкіндіктері, қаржылық-несиелік ресурстарға қол жеткізудің қолайсыз
шарттары салдарынан шағын кәсіпорындар өзіндік даму үшін ішкі стимулға,
жаңа тауар рыногын игеру мүмкіндігі, нарықтық өндірісті жетілдіру және өнім
сапасын арттыру мүмкіндігі жоқ. Осы факторлармен шағын кәсіпорындарды
өндірістіктен сауда және қаржылық салаға ауыстыру, көлеңкелік рынокты және
ақша қаражаттарының есептелмеген айналысын дамыту сияқты проблемалармен
тікелей байланысты.
Салық саясатын жетілдіру бойынша:
       - жеке шағын салықтардың елеулі санын жою;
      - салық салу туралы заңдарда және қаржы жылы ішінде салық салу
тәртібінің нормаларын белгілеу;
       - салық салу кезінде аванстау тәртібін жою;
      - салықтық айыппұл және санкциялар түріндегі барлық түсімдерді сәйкес
бюджеттерге бағыттау;
      - салық   салу   мәселелері   бойынша   түсіндірмелер   беруді  
салық органдарына міндеттемелері ретінде заңнамалық белгіленген.
Шағын   кәсіпкерлікте   жеке   және   басқа   да   инвестициялар  
үшін жеңілдіктер жүйесін құру мыналар есебінен қамтамасыз етіледі:
- ШК  субъектілерінің мемлекеттік  инвестициялық бағдарламаларда
қатысуы;
- бюджеттен тыс көздерді тарту саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі қорлар мен басқа да мамандандырылған институттар іс-әрекетін
белсендендіру;
- шағын бизнеспен жұмыс істейтін коммерциялық банктер мен басқа да
қаржылык институттар үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
- шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  жоғары  тиімді  инвестициялық
жобаларды  іске  асыру үшін үлестік жағдайда тікелей  қаржылай  қолдау
көрсету.
Қаржылық-несиелік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту:
      - шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік және муниципалдық
қорлар жүйесі арқылы қаржылық-несиелік қолдау нысандарын кеңейту;
- несие кооперативтері (өзара несиелеу қоғамдары), өзара сақтандыру
жуйелерін дамыту;
      - инвестицияларды    қаржыландыру    көздерін    іздестіру,    бизнес-
жоспаларды    даярлау,    инвесторлар    келіссөздерін    ұйымдастыру,  
даулы мәселелерді   шешу   саласында   көмектесу   бойынша   қор   мен
кәсіпкерлер бірлестіктерінің іс-әрекетін жандандыру.
Кадрларды даярлау. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік іс-әрекет саласы үшін
мамандарды даярлау саласында елеулі тәжірибе жинақталған. Орталықта және
басқа да өңірлерде кәсіпкерлік іс-әрекет саласында халықты жылдам даярлау
үшін жеткілікті мамандық, ұйымдастыру және зияткерлік дайындығы бар
мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу мекемелері дамып келеді.

2. Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы
мемлекеттің рөлі
2.1 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай принциптерден тұрады :
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының
барлық түрінен шектеулі болуы. Экономикалық реформалар табысы мен олардың
жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап
етеді.
Орталықтағы және жергілікті үкімет экономикаға араласудың барлық
түрімен: дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс.
Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра
 отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс.
Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға
қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальді және
монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті
инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге
және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және
нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің
қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті
тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық
кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға
тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік
басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық
капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін
арттыруға тиіспіз .
Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы
керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл ретте әділ әрі байыпты
іс - қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын
белгіленіп,  олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда
Қазақстан азаматтары нарықтық экономикаға тез бейімделуі тиіс.
Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол
еркі мен қайратынан айрылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік
тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте кушті,
конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық
рыноктарды білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді
жоспарлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін
анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз
ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге
тиіс.
Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып,
керісінше, рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда,
істің мұндай күйі біздің дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын
айқын көрініп келеді.
Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала алмай,
жалақы мен зейнетақыны толық төлей алмай отырып, заңдар мен жарлықтар
көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба?
Осыған байланысты  сапалы  салық төлеушілер мен кәсіпорындардың иелері,
сондай-ақ  халықтың  аз  қорғалған  жігері үнемі зиян шегіп отырады. Ал,
кәсіорындардың оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.
Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:
- Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік
араласуын жоюға;
- Жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен
агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін  аяқтауға;
- Орталық Үкіметті  және жергілікті  өкімет орындарын парасатты
ұйымдастыру мен оңайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі  мен
жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;
- Сот билігі  мен  кұқық қорғау  органдарын  реформалауды жандандыра
түсуге;
- Заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын
азаматтарды  қылмыстан  қорғауга тиіспіз.  Бұған  керісінше, билік пен
заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы колдану
керек.

2.2 Өтпелі кезеңдегі макроэкономикалық саясат

Республика үкіметі экономиканы монополизациялаудың жоғары деңгейі
тауар өндірушілер арасында бәсекенің жоктығы жағдайында мемлекеттік ақша
каражаттары мен халық пайдасын, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың
қаржылық ресурстарын тұрақсыздандыратын кұнсыздану процесінің барлық жаңа
оралымдарын тудыратын ішкі рынок бағаларының әлемдік бағаларға кезеңді
жақындауына бейімдеп құнды либерализациялау жөніндегі макроэкономикалық
саясатты жүргізді. Қорытындысында 1994 жылдың ортасына карай республика
экономикасы құлдыраған, дағдарыс кұбылыстары әлеуметтік-экономикалық
салалар шегінен шығып мемлекеттік басқару құрылымдарына таратылды: үкімет
құрылымдарын жүйесіз қайта құру және елдің кадрлар әлеуетін араластыру
басталды. Бұндай даму жолын ТМД ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Көрінбейтін қолдын рыноктағы рөлі
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның орны
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер