Әкімшілік құқық



Жоспар
I Негізгі бөлім
1.1. Әкімшілік құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.2. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3. Әкімшілік құқықтық кодекстің қоғамдағы орны ... ... ... ... ... ..7
II Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Негізгі бөлім
Әкімшілік құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Әкімшілік құқықтық кодекстің қоғамдағы орны ... ... ... ... ... ..7
II Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.1. Әкімшілік құқық
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті орган дары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамта масыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік, мемле кеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзе ге асырып отырады. Жалпы, "администрация" - "әкімшілік" (латынша "administratio" сөзінен алғанда) термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал "администрация" - "әкімшілік " сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы, кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы. Осылай, әкімшілік - құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.
Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз -- бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі -- Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне -- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі -- мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;
Әкімшілік-құқықтық қатынастар -- бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады.
Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу -- құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды.

1.2. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі
Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қабылданды. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс. Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдарының кеңiстiк жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдардың уақыт жағынан қолданылуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс.
2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.
Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және белгілері
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқығы
Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі
Пәндер