Тонау қылмысының криминалистикалық техникалық-тактикалық әдістері



ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
КІРІСПЕ

1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУ
1.1 Тонау қылмыстарының ерекшелілігі
1.2 Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу
1.3 Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми.техникалық құралдарды дайындау

2 ТОНАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ТАКТИКАСЫ
2.1 Тонау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып қарау
2.2 Тонау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді егжей.тегжейлі шолу

3 ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
3.1 Қараудағы ғылыми техникалық құралдардың даму жолдары
3.2 Соттық сараптама

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША: АҚПАРАТТЫҚ.СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Заңтану және кеден ісі кафедрасы

Қорғауға рұқсат беріледі:
Кафедра меңгерушісі:
з.ғ.к. Тасым Ж.К

_____________ 200_ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Тонау қылмысының криминалистикалық техникалық-тактикалық
әдістері

Шифр, мамандығы Оқу түрі
050301 Заңтану сырттай

Диплом қорғаушы: Әлімбаев А.Қ ______________
(қолы, мерзімі )

Ғылыми жетекші
аға оқытушы: Абдрахманов С.К____________
(қолы, мерзімі )

Көкшетау 2009
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
КІРІСПЕ 4-8
1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУҒА
ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУ
1.1 Тонау қылмыстарының ерекшелілігі 9-12
1.2 Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу 13-21
1.3 Қарау үрдісінде қолданылатын ғылыми-техникалық 22-26
құралдарды дайындау
2 ТОНАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУДЫҢ
ТАКТИКАСЫ
2.1 Тонау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып 27-30
қарау
2.2 Тонау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді 31-35
егжей-тегжейлі шолу
3 ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ 36-39
3.1 Қараудағы ғылыми техникалық құралдардың даму жолдары 40-41
3.2 Соттық сараптама 42-44
45-47
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48-50
ҚОСЫМША: АҚПАРАТТЫҚ-СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР 51-60

КІРІСПЕ

Экономикалық дағдарысы мүліктік қылмыстарының өсуіне, жұмыссыздық
материалдық жағдайдың қиындатылуы негізгі себеп ретінде деп тұжырымдауына
болады. Көптеген жалпы адамзаттық проблемалардың жаһандылығын сезіну
мемлекеттің интеграциялық негізде неғұрлым тығыз ынтымақтастығына әкеледі.
Бүгінгі күні, мемлекет бір-бірімен өзара іс-қимылсыз адам құқықтарының
қолданыстағы халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету проблемаларын шеше
алмайды. Мұндай жағдайда адам құқықтары саласында кездесетін және әлеуетті
проблемаларды шешу мақсатында халықаралық шарттар жүйесі шеңберінде
серіктестік стратегиясын әзірлеуге қажеттілік туындайды.
Тонау қылмысы меншікке қол сұғушылықпен сипатталады, ол конституцияның
6 бабында көзделген меншік қатынастарын бұзады.[1]
Бүгінгі таңда адамның құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды
іске асыруға бағытталған жобалардың мәні зор.
Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар түрлі
салаларда танымал халықаралық сарапшылардың әлеуметін пайдалануға мүмкіндік
береді, халықаралық нормаларды іске асырудың халықаралық тәжірибесінің
материалдарына қол жеткізуді жеңілдетеді.
Жұмыс жылдарында жинақталған кәсіби әлеует адам құқықтары жөніндегі
уәкіл мекемесіне бірлескен жобаларды сапалы деңгейде іске асыруды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Бірлескен жобаларды орындау нәтижелері бойынша
алға жылжуды атай отырып, ынтымақтастық саласында үздіксіз жалғастыруды
және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 8-бабына сәйкес, әрбір
адам оның әділ сот шешімін, дәлелденбеген кідіртусіз сот талқылауын,
талқылаудың жариялылығын, соттың әділдігі мен тәуелсіздігін көздейтін
конституциялық немесе заңмен ұсынылған негізгі құқықтары бұзылған жағдайда
құзыретті ұлттық соттармен құқықтарын тиімді қалпына келтіруге құқылы.
Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау құқығын
іске асыруға ҚР Конституциясында кепілдік берілген және тұрақты тиісті
бақылауды, адамның құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарға жауап
беретін нақты заңды механизмдері мен рәсімдерін құруды талап етеді.
Бұл бағыт барынша маңызды құқық қорғау қызметінде ұсынылады, негізінде
бұл құқықтың сотпен, әділ сот және білікті заңды көмекпен қорғалудан
өтуімен байланысты. Құқықтардың бұл санаты адам құқықтарының барлық
спектрлерінің сақталуы процесіне ынталандыру ықпалын тигізеді.
Қылмыстық істерді сотта шешудегі ғылыми-теориялық ахулдарды, қылмысты
ашу мен тергеу ахулдары, сотта қылмыстық істерді шешу, технико-
криминалистикалық қолдану, тактикалық әдістері мен тәсілдері, жедел-
іздестіру шаралары ахуалдары, қылмыстық іс бойынша сараптаманың бөлек
түрлерін тағайындау кезінде қылмыстық іс жүргізуде арнайы білімді қолдану
сұрақтары мамандықтың құрамы болады.
Криминалистиканың жүйесi: Криминалистикалық техниканың жалпы теориясы,
криминалистикалық тактика, криминалистикалық методика. Криминалистиканың
негiзгi түсiнiктерi мен санаттары. Ғылыми бiлiм жүйесiндегi
криминалистиканың алатын орны. Криминалистика және құқықтық ғылымдар.
Криминалистиканың жедел iздестiру қызметi теориясы, логика, психология,
этика, жаратылыс тану және техникалық ғылымдарымен байланысы.
Қазiргi кезде қылмыстың алдын алу, тергеу және ашу жұмысын iске
асыруды iшкi iстер органдарымен қамтамасыз етудегi криминалистиканың
мiндеттерi.
Криминалистика әдiстерi туралы iлiм. Криминалистика әдiстерiнiң
жiктемесi мен сипаттамасы. Криминалистика әдiстерi мен қылмыспен күрес
жолындағы практикалық органдар әдiстерiнiң арақатынасы.
Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерiндегi криминалистиканың
даму тарихы мен қазiргi жағдайы.
Криминалистикалық техника түсiнiгi және құрылымы. Қылмыстық iс
жүргiзуде қолданылатын ғылыми-техникалық құралдардың құқықтық негiздерi.
Ғылыми-техникалық әдiс - құралдарды қолданатын субъектiлер.
Бөтен адамның мүлкін тонау (тонау, ҚР ҚК 178-бап) Қазақстанда кең
тараған қылмыс болып табылады. [2]
Соңғы жылдардың практика материалдарын жинап, қорыту адамдардың топ
болып тонау жасау көлемінің өскенін көрсетеді.
Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы,
тоналғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және
көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.
Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі тонау объектісін таңдауда
ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды.
Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.
Бөтен адамның мүлкін тонауда зор үлес салмақ және бір оның
тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі
саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ол
екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып
келуде.
Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды іске
асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына
алаңдаушылығын туғызытын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп
отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың біріне
айналдырды. Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кері тенденциялар соңғы бір
жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өсуіне
тұрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық
саласына қылмыстың дендеп енуі септігін тигізген. Зорлық көрсету арқылы
жасалатын ауыр қылмыстар саны қарқындап өсуде. Қылмыс
күн өткен сайын ұйымшыл және кәсіпқой сипатқа ие боп барады.
Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да
артуда, қылмыскерлердің әшкерелеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа
қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қазіргі заманғы
қылмыстың жарқын бір тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада,
саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып
отыр. Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай
территорияларды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта
ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң
шығару, атқару органдарына енеді.
Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың
пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді
бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.
Азаматтардың көпшілік бөлігінің мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
үрдісінен тыс қалуынан және қылмыстанған нарықтық қатынастар жағдайында
экономикалық мінез құлықтық амалдардың жоқтығынан тұрғындардың экономикалық
құқық бұзушылықтармен қылмыстарға қатысты виктимділігі өсті. Азаматтардың
мүліктерімен меншік құқықтарының қозғалу деңгейі өте төмен болып отыр.
Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез
өзгеруі әлеуметтік қарама қайшылықтарды шешудің қылмыстық көш қолдану
әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының
уақытылы төленбеуі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі соның
салдары іспетті мүлікке қатысты қылмыстар жасауға дайын мүліксіз
элементтердің үлесінің артуы босқындардың болуы жекешелендірудің түсініксіз
үрдістері, жеке құрылыстар торабының кеңейуі, объектілерді қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғауға қажетті құралдардың жоқтығы – осының бәрі тонауға
әкелетін себептердің бір бөлігі ғана.
Қылмыстық тактиканың дамуының алғашқы кезеңінде кеңестік
криминалистика оқиға болған жерді қарау деген ұғымды білмеді.
Криминалистиканың алғашқы оқулықтарында қылмыстық тактиканы баяндау қылмыс
болған жерді қараудың мақсатын анықтаумен шектелді. Оқиға болған жерді кез
келген тұрғыдан қараудың мақсаты қылмыскердің жеке басын анықтауға
көмектесетін белгілерді, сол жерде табылған заттар, іздер арқылы анықтау.
Кеңестік криминалистикада оқиға болған жерді қарау ұғымының пайда
болуы Якимов И.Н, Грамов В.И, Тарасов – Радионов, Винберг А.И сияқты
ғалымдардың атымен байланысты. Осылардың ішінде ең дұрыс анықтамасын
Винберг А.И келесі түрде берген болатын: Оқиға болған жерді қарау -
қылмыс іздерін меңгеру, анықтау үшін сонымен қоса болған оқиғаның
жағдайларын анықтау үшін оқиға механизімін меңгеруге бағытталған тергеулік
әрекет. Оқиға
болған жерді қарау анықтамасының әркез өзгергеніне қарамастан ол түсінік
отандық криминалистикаға нық кірді.
Көптеген қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерді қарау алғашқы
тергеу бағытын анықтайтын тергеулік іс-әрекет болып табылады. Ұрлық, тонау,
қарақшылық, кісі өлтіру, көлік апаты және т.б. қылмыстар нәтижесінде
қылмыскердің іс-әрекетінен кейбір жағдайларда жапа шегушілердің іс-
әрекетінен туындайтын әртүрлі іздер қалады. Мұндай іздерге адамның қолы
мен аяғының іздері, бұзу құралдарының, суық қарулардың, қанның, шаштың және
т.б. іздер жатады. Оқиға болған жерде қылмыскер тастап кеткен әр түрлі
қылмыс құралы, киімдер, темекі тұқылдары, қағаз қалдықтары және т.б. болуы
мүмкін. Мұндай іздер мен заттар оларды ұтқыр пайдаланса қылмысты тергеу мен
ашуда маңызды рөл ойнауы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау жеңіл деп шаруа ойлау қателік болар еді.
Қарау үрдісінде пайда болатын қиындықтар алдында әртүрлі қателіктер кетуі
мүмкін. Сонымен қоса шиеленіскен психологиялық атмосферада жұмыс істеуге
дайын болу керек, өйткені оқиға болған жерді жапа шегушінің мүрдесі, қайтыс
болған адамның туыстарының қайғысы мен көз жасы бәрі оқиға болған жерді
қарау едәуір қиындауы мүмкін. Кейде лас және жағымсыз жұмыстарды, мысалы
қоқыс контейнерлерін қарауға, бұзылып кеткен мүрделерді жерден қазып алуға,
судан шығаруға тура келеді. [3]
Қылмысты ашудағы жұмыс деңгейін бағалай отыра, тергеушінің
кәсіпқойлығы, осы тергеу әрекетін жүргізуге септігін тигізетін анықтау
органы қызметкерлерінің де кәсіпқойлықтары нақты көрінбейді. Көптеген
тергеушілер, жедел уәкіл қызметкерлері қылмысты жасыру әдістерін аз біледі,
оларды оқиға болған жерді тауып алу мүмкіндігіне көңіл бөлмейді. Зерттеу
көрсеткендей зерттелген істер бойынша қылмыскерлердің 30% қылмыс орнында із
қалдырмаудың амалын жасаған, ал 25,6% қылмыс қаруларын, іздерін жойып
отырған.
Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмысты ашу жұмысын жақсартудың едәуір
резерві тергеу мен анықтау (жауап алу) қызметкерлерінің шеберлігінің артуын
қамтамасыз ету сонымен қоса ізді іздеп, таба білу болып табылады. Осыған
байланысты осы дипломдық жұмыстың мақсаты оқиға болған жерді қарау тиімді
және нәтижелі жүргізуге қатысты практикалық ұсыныстарды ойлап табу.
Осы дипломдық жұмыста криминалистика жөніндегі оқулықтармен
қосатергеулік іс әрекеттерді жүргізу тактикасы, қылмыстың кейбір түрлерін
тергеу әдістемесі бойынша жұмыстар қолданылады. Терминдер мен ұғымдарды
анықтауда атақты ғалым Р.С.Белкиннің криминалистік сөздіктері пайдаланылды.
Қолданылған әдебиеттер арасынан А.А. Левидің жалпы редакциясымен
жазылған Оқиға болған жерді қарау 1979 ж, 2-басылым1982 жылғы жұмысын
атап өтуге болады. Осы күнге дейін оқиға болған жерді қарауды жүргізу
жөнінде толық және кең қамтыған жұмыс жоқ деп айтуға болады. 90 жылғы
шыққан біраз
жұмыстардың көптеген бөліктері А.А. Ливидің Оқиға болған жерді қарау
еңбегінен тікелей алынғандықтары байқалады.
О.Я. Баевтің Тергеу іс - әрекеттерінің тактикасы (1995ж ) деген
еңбегін атап өтуге де болады. О.Я. Баевтің жұмысы қарапайым тілде
жазылған, сонымен қоса онда практикадан алынған мысалдар көп келтірілген.
Көлем жағынан шағын жұмыста О.Я. Баев оқиға болған жерді қарау тақырыбын
әжептәуір толық және кең қарастыра білген.
Тонаумен байланысты қылмыстар жөніндегі оқиға болған жерді қарау –
едәуір кең тақырып, оны бір дипломдық жұмыстың шегінде толық қарастыру
мүмкін емес. Сондықтан келесі міндет жұмыстың шегінде қарастырып отырған
тақырыпты кеңірек қамту болды.
Және тілек ретінде айтар болсам оқиға болған жерді қарауда өзіне деген
елемеушілікті көтермейді, оны жүргізуге неғұрлым ықтиятты болсаңыз
істі одан әрі тергеуде кедергі аз болады.
Осы жұмыстың мақсаты осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып,
қарауға деген талпыныс. Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық
практикалық аралық ұстанымын бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын
тонаудың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға,
ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы
әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты
факторларды даралауға мүмкіндік береді.
Тонау қылмысының техникалық - тактикалық өзектілігі:
- айтылған қылмыс қасақаналық ниетпен орындалғасын, оның алдыи-ала
дайындалғаны сөзсіз. Сол себеппен оның ашу жолдарында криминалистика
тактикасымен техникасының эдістері қылмысты ашуға зор ықиалы тиеді
жэне қылмыстың істі сотқа тапсыруына дейін жеткізуіне мол мүмкіндік
жасайды.
- зерттеу мақсаты: практикада криминалистикалық тактика мен техникалық
дамуына апаратын жолдарын анықтау.
- зерттеу міндеті - қылмыс ашуға, оқиға болған жерде қалған айғақты,
заттарды анықтаумен куәгерлерды табу және де ізің суытпай қылмысты
жүзеге асыру жэрдем етеді.
- зерттеу объектісі оқиға болған жерде, арнайы криминалистикалық
қүралдарымен жүзеге асырылады.

1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУ

1. Тонау қылмыстарының ерекшелігі

Тонау сияқты біліктілік белгісінің және мұндай ашық ұрлау арқылы
жасалумен байланысты азаматтардың жеке мүліктерін тонаудың біліктілігінің
басқа мәселелерінің пайда болу тарихын қысқаша қараймыз.
Басқа мемлекеттердің заңнамасының дамуының оң тәжірбиесін пайдалана
отыра заң шығарушы жоғарыда көрсетілген біліктілік белгісін басқаша
қалыптастырады. Біріншіден, тонау түсінігі заңнамада қолданылып жүрген
(бұрынғы кеңестік республикалардың заңнамасымен салыстырғанда) ашық
ұрлау түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды білдіреді. Екіншіден, осы
біліктілік белгісінің орны өте жақсы шешілген: ол өте қауіпті рецидивистпен
бір нормаға біріктірілмеген.
ҚР ҚК 178 – бабының бірінші тармағында тонау былай сипатталған: тонау
бұл бөтен біреудің мүлкін тонау.
Заң тонауды ашық ұрлау деп анықтайды. Тонаудың жымқырудың басқа
нысандарынан басты ерекшелігі мүлікті алу және иелену әдісінде. Бұл ұрлық
туралы көпшілік қабылдаған анықтамаға дәлірек келетін жасырын әдіс ретінде
сипатталады.
Тонау етістігі ашық, тығым қимылдау дегенді білдіреді.
Ашық ұрлау мүлік тиесілі меншік иесінің келісімінсіз, одан тасалау
арқылы мүлікті иемдену болып табылады.
Жай мүлік тонау немесе өндірістік ғимаратқа, кеңсеге, қоймаға заңға
қарсы кіру соған мысал бола алады. Тонау иесінің көзінше жасала береді,
мысалы тонау жәбірленушіден оның дәрменсіздігін пайдалана отырып немесе
оның әлсіздігін пайдалана отырып мүлкін иелену боп табылады.
Тонау бөтен адамдардың көзінше жасала береді, өйткені олар тонаушының
іс - әрекетінің заңсыздығын аңғармауы да мүмкін. Тонаушы мүліктерге өзі ие
екендігін көрсете білсе көпшілік сырт адамдар ешнәрсе сезбей қалады.
Ашық түрде жасалатын тонаудан ұрлықты жекелеп алған дұрыс. Егер
қылмыскер ұрлықты құпия жасадым деп қате есептесе, яғни онда қылмыс
көпшіліктің көзінше жасалған, ал жәбірленуші бәрін көрсе, онда жасалған
әрекет оны пиғылына орай тонау ретінде қабылдану керек.
Тонау зорлықсыз жасалған және зорлаумен жасалған қылмыстарға жатады.
Сондықтан оның әрекетін бақылау мүмкіндігінен күштеу арқылы айрылған
(есінен танған, басқа бөлмеге қамалған) тұлғаның мүлкін иеленуді
көрсетілген зорлықтың сипатына орай біліктеу (саралау) қажет.
Енді жымқыраудың (хищение) не екенін қарастырайық. Жымқыраудың астары
ҚР ҚК баптары бойынша бөтен біреудің мүлкінің осы мүлік иесіне зиян
келтіріле отырыла құқыққа қарсы, қайтарымсыз ашкөздік мақсатпен алынуы
түсіндіріледі.
Алу дегеніміз меншік иесінің немесе басқа заңды иесінің мүлігін
кінәлі тараптың іс жүзінде иеленуі.
Бөтен мүлікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған
мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады.
Жымқыраудың ең маңызды екі белгісін қарастырайық – бұл заңға қарсылық
пен қайтарымсыздық
Бөтен мүлікті алудың заңсыздығы мен өз пайдасына жаратуы, кінәлінің
ол мүліктерді иесінің немесе заңды қожайынының келісімінсіз іс жүзінде
иемденуі.
Мүлікті жымқырған адам оны иемденсе де, пайдаланса да өз меншігі
сияқты бәрібір заңдық тұрғыдан меншік иесі боп табыла алмайды. Жымқыру,
меншік иесінің жымқырылған мүлікке деген құқығының жоғалғанын білдірмейді.
Заңдылығы субъектімен дауға түсіп жатқан мүлікті алу жымқырауды
қалыптастырмайды. Мұндай іс - әрекеттер мысалы өз бетімен басқару сияқты
басқа қылмыстар үшін жауапкершілікке тартқызуы мүмкін.
Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығын егерде кінәлі оны тегін иеленсе
орнына ештеңе бермесе ( мысалы тауардың бағасын заңсыз төмендету) сонда
байқауға болады.
Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығы меншік иесіне немесе мүліктік
зиянның басқа иесіне тиетіндей қоғамдық қауіпті салдардың пайда болғаның
білдіреді.
Әрі қарай тонау ұғымына кіретін бөтен мүлік сөз тіркесін
қарастырамыз.
Жымқыруды жүзеге асырғанда бөтен мүлікті иемдену оны меншік иесінен
(немесе басқа біреудің күзетіндегі мүлік) алуды білдіреді. Егер мүлік
белгілі бір себептермен меншік иесінің қарамағынан шығып қалса ондай затты
иемдену жымқыру болып есептелмейді. Тауып алғанды немесе кінәліде кездейсоқ
болған мүлікті иелену қылмыс ретінде қарастырылмайды. Меншік иесінің
қарамағындағы деп тек қана арнайы қозғалатын, жасырылған мүлік қана емес,
оның шаруашылық аумағындағы уақытша қараусыз қалған меншік иесімен
жоғалтылмаған мүлік саналады.
Жымқыруды анықтаудағы басты түсініктердің бірі мүлік анықтамасы.
Меншікке қатысты қылмыстық мүліктік қылмыстар қатарына жатқызылуы тегіннен
тегін емес. Мүлік, жымқыру заты болып табылады, оны мүліктің қоғамдық
қатынастар объектісінен айыра білген жөн. Жымқыру заты әркез материалдық
әлемнің бөлшегі болып табылады, яғни заииық белгісіне ие. Идеялар,
көзқарастар, адам зердесінің көріністері мүліктік қылмыстағыдай қышқыру
заты болып табыла алмайды. Интеллектуалдық меншіктің жымқырылуы туралы
бейнелік мағынада ғана, мысалы авторлық құқықтың бұзылуы сияқты айтуға
болады. [4]
Электр немесе жылу энергиялары (заттық белгісінің жоқтығынан) жымқыру
заты болып табыла алмайды. Жымқыру заты болып өзінің шынайы жағдайына
байланысты табиғи байлықтар да бола алмайды.
ҚР ҚК 178-бабы тонаудың үш түрін қарастырады: қарапайым (негізгі
құрам, 178-бап, 1-тармақ), білікті (178-бап, 2-тармақ) және аса білікті
(178-бап, 3-тармақ).
Тонауды сараптау көп жағдайда ұрлықтың бір түрін екінші түрінен
ерекшелендіретін белгілерді дұрыс түсінуге байланысты, ол өз кезегінде
ауырлататын мән-жайды дұрыс түсінуге әкеледі.
Тонаудың өлшемі – қылмыстың қоғамдық қаупінің дәрежесін анықтайтан
негізгі және жазалаудың өлшемі мен сипатына әсер ететін критерии.
Ірі өлшемдер – ұрлықты аса ауырлататын үш жағдайдың біреуі. Ұйымдасқан
топпен жасалған немесе бұрын екі немесе бірнеше рет тонау үшін сотталған
тұлға мен жасалған тонаумен қоса ірі көлемдегі тонау ауыр қылмысқа жатады.
Ірі көлем деп қылмыс жасалған сәтте ҚР заңнамасымен белгіленген ең
төменгі жалақыдан 500 рет жоғарғы мүлік құны мойындалады.
Сот-тергеу практикасы көрсеткендей білікті тонаулар ең кең таралғанға
жатады. Мұндай тонауларға: алдын ала келісім бойынша топпен жасалған тонау,
азаматқа едәуір зиян тигізе отырып жасалған тонау, заңсыз ену арқылы
жасалған тонаулар жатады.
Ауырлатпайтын мән-жайы бар тонауларға бір тұлғамен ірі емес көлемде
бірінші рет заңсыз жасалған тонаулар немесе бұрын тонау мен қорқытып-үркіту
екі-үш рет сотталмаған тұлғамен жасалған тонаулар жатады. Мұндай тонаулар
орта ауырлықты қылмыстарға жатады.
Тонаулар мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншіктегі құқықтағы азаматтар мен
ұйымдардың мүлкіне қол сұғатын жымқырудың негізгі түрлерінің бірі болып
табылады. Өз сипатына сай тонаулар әр түрлі. Көшелерде, мемлекеттік
объектілерден, дүкендерден, қоймалардан тонау, көлік құралдарын тонау,
азаматтардан ұйялы телефондарын тонауы бар. Аталғандардың ішінде
азаматтардан және әр түрлі ұйымдардан тонау кеңінен таралған.
Көбінесе жасалған тонау туралы хабарлар азаматтарда немесе дүкен
директоры, үй басқармасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басшылары сияқты
лауазымды тұлғалардан көп түседі. Көбінесе жасалған тонау туралы ақпарат
анықтау органдарына жедел қайнар көздерден белгілі болады. Бұл көбінесе
тонау аз сомаға жасалғанда немес жәбірленушілер қылмыскерлердің ұсталуына
және тоналған мүліктердің қайтарылуына сенім болмайды, сондықтан тонау
туралы олар айта қоймайды. Сауда ұйымдарында осындай қылмыстар жасалғанда
лауазымды тұлғалар тонауға байлатысты тексерудің жүргізілуінен
қауіптенулері себепті тиісті жерге хабарлай қоймайды, өйткені мұндай
тексерістер артық тауарларды сату, тауарларды сұрыптау, тонау сияқты өз
былықтарын ашуы мүмкін.
Тонауды тергеу мақсаты оқиға болған жерді тиянақты зерттеу, іс бойынша
заттық айғақ болатын іздер мен заттарды тауып жинау сияқты іс-әрекеттен
басталады. Оқиға болған жерге бармас бұрын жәбірленушіден қалыптасқан
ахуалды бұзбауды, ал лауазымды тұлғалардан ол жерді күзетідің шараларын
қамтамасыз етуді өтінеді.
Тонау болған жерге шығу жасалған қылмыс туралы хабар алынғаннан кейін
мүмкіндігінше тезірек болуы тиіс. Тергеуші жедел-тергеу тобына қылмыстық
іздеудің жедел қызметкерлерін, криминалист-маманды із кесуші қызмет иті бар
кинологты сол учаскенің учаскелік инспекторын қосады. Егер де сараптау-
криминалистік бөлімнің қарамағында қозғалмалы криминалистік лабораториялар
болса тіпті жақсы, олар ірі көлемдегі тонаулар жасалғанда маман-
криминалистерге
аса қажет.
Оқиға болған жерге келген бетте ол жерден тез арада бөтен адамдар
кетіріледі және куәлерден жауап алынады, олардан кім бірінші тонауды
байқады, ахуалды қандай өзгерістер болды, кімде-кім қылмыскерді немесе
күмәнді адамда көрді дегендей ақпараттар алынады. Соңғы жағдайда жедел
қызметкерлердің күштерімен жаңа іздердің соңынан іздеу ұйымдастырылады.
Оқиға болған жер туралы жалпы түсінік алынғаннан кейін және қараудың
шекарасын және бірізділігін анықтағаннан кейін тергеуші келесілерді
анықтайды: қылмыскер тұрғын жайға қалай енді, қандай заттарға сүйенді, қай
бағытта тығылды, көрінбей тығыла алды ма; оқиға болған жерде қандай іздер
қалды және қылмыскер өзімен немесе өз кимімен не алып кете алды;
қылмыскердің кәсібін сездірітін оның сыртқы пішініне, жеке басына, қатысты
қандай да бір белгілер барма; қылмыскерлер қанша болды және оларға тоналған
құндылықтардың орны туралы белгілі болдыма. Қарау кезінде ғимаратқа немесе
қоймаға ену жерлері ерекше қаралады, өйткені ол жерлерде саусақ іздері,
бұзу құралдарының іздері, аяқкиім іздері қылмыскердің киімінің матасынан
түсіп қалған жіп сабақтары немесе ол түсіріп алған заттар табылуы мүмкін.
Азық түлік дүкендерінде тонау болғанда шокалад кәмпиттері, сыр, май,
алмалар сияқты қылмыскерлер жеуі мүмкін азықтарда тістердің іздері қалдыма
екен соған назар аударылады.
Бөгеттерден өту кезінде қылмыскерлер кейде байқамай қолдарын зақымдап
алады және сол жерлерден қан дақтары табылуы мүмкін, сол арқылы қан тобы
анықталады. Осындай маңызға, майлы заттармен араласқан саусақтардың іздері
де оларды алып,биологиялық сараптамаға жіберіледі.
Тонау болғанда қылмыскерлер көбінесе киім ауыстырады және оқиға болған
жерді қарағанда олардың киімдерін тауып алуға болады. Қалдырып кеткен бас
киімде иесінің аты-жөні жазылуы мүмкін. Қылмыскерлер түсіріп алған бет
орамал, бас киім, қолғап сияқты заттар арнайы таза пакеттерге салынады,
кейін олар күмәндіні табу үшін қызметтік іздеу итін пайдаланғанда қажет.
Қарау кезінде тоналған тауарлардың төлқұжатын, этикеткасын, мата үлгісін
алу ұйғарылады. Қалған балама тауарлар түрлі-түсті үлбірге түсіріледі.
Мұның бәрі сосын іздеу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.
Тонау болғанда көбінесе әртүрлі көлік құралдары қолданылады. Сондықтан
қарау міндетіне қаралып жатқан объектінің орналасқан жеріне жапсарлас жерді
де қарау енеді, ол жерде доңғалақ іздері, аяқ-киім іздері, темекі
тұқылдары, ұрланып, түсіп қалған немесе жеке заттар табылуы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау хаттамасында үй-жайға ену жолдары, ахуал,
табылған іздер және заттық айғақтар бәрі толық жазылады. Онда сонымен қоса
қандай заттық айғақтар алынды, оларды алу мен буып-түю әдістері
көрсетіледі, суретке түсірілген объектілер тізіледі.

2. Тергеу әрекеттеріне дайындалу және оларды жүргізу

Оқиға болған жерді қарауға дайындалу оқиға болған жерге жеткенше келесі
әрекеттерден тұрады:
1. Хабарлаушыдан (орган бойынша кезекшіден, әкімшілік өкілінен жапа
шегушіден нақты не болғанын, оның болған уақыты мен орнын, мүмкін салдарын
білу қажет. Полиция қызметкерлерінен және басқа лауазымдық тұлғалардан
оқиға болған жерде кім бар екенін, оқиға болған жерді тез арада жету
қажеттілігі бар ма. Бұл мәліметтер біраз ұйымдық мәселелерді шешу үшін
қажет.
2. Оқиға болған жерде жәбірленушілерге тез арада көмек көрсету
қажеттілігін білу, сонымен қоса оқиға болған жерді қоршаған учаскелерде
тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет пе соны білу.
Анықтау органына оқиға болған жердің күзетін қамтамасыз етуді және сол
жерге жеткенше қылмыс фактісін тапқан адамдар мен іздердің өшпеуін және
болған оқиғаның куәгерлерінің сол жерден кетпеуін қамтамасыз етуді
міндеттеу.
3. Жедел-тергеу тобын құру шаралары қабылданады. Жағдайды ескере
отыра оған маман-криминалист, сот дәрігері; қылмыстық іздеудің жедел
қызметкері; экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі бөлімнің жедел
қызметкері; МАИ қызметкері; учаскелік инспектор; кинолог; құқық қорғау
органдарының басқа да қызметкерлері (прокурор) кіреді. Олардың кейбіреуі
тергеуші келгенше оқиға болған жерде болуы мүмкін.
Жедел-тергеу тобын қысқа мерзімде құру үшін оқиға болған жерді
қарауға қатысуға шақырылуы мүмкін адамдардың мекен жайлары мен телефондары,
тізімдері болуы шарт. Көптеген құқық органдарындағы орган бойынша кезекшіде
алдын ала дайындалған белгілі бір қылмыстар категориясы бойынша (ұрлық,
тонау, қарақшылық, кісі өлтіру). Оқиға болған жерге баратын жедел-тергеу
тобының аты-жөні туралы тізімі болады. Бұл жедел-тергеу тобын құруды
жеңілдетеді және осы топқа тартылған адамдардың, қылмыстың осы түрін
ашудағы тәжірибелері қарау үрдісіне оң ықпал етеді.
4. Дайындық кезеңінің осы сәтінде сырт куәгерлер шақырылады, оқиға
болған жерге келгенде оларды шақыру мүмкіндігі бола бермейді, (мысалы,
қарауды түнде жүргізгенде немесе орманда, адам жоқ жерлерде). Сонымен қоса
тергеу практикасында ондай оқиғалар болған, егер сырт куәгер ретінде оқиға
болған жерде адамдар тартылса қылмыскердің өзі де “қызметін” ұсынуы мүмкін.
Мұның кері әсері айдан анық: ол қараудың барлық нәтижелерін білумен қоймай,
кейін оқиға болған жерде өзі қылмыс арқылы қалдырған іздерді оқиға болған
жерде өзінің сырт куәгер ретінде болуымен түсіндіруі мүмкін, және мұндай
түсініктемені тергеушінің жоққа шығаруы оңай болмайды.
5. Аппаратура, құрал-жабдық, қосымша құралдар және басқа материалдар
және ақпарат көздерін, ақпарат тасушыларды анықтау, тіркеу үшін, осы
ақпаратты қылмыс процесінде осы ақпаратты қолдану ретінде түсіндірілетін
техника-криминалистік құралдарды дайындау.
Техника-криминалистік құралдар әртүрлі. Пайдалану мақсатына орай
төмендегідей бөлінеді:
а) іздеу мақсатында қолданылатын заттар;
б) обьектілерді тіркеу мен алу құралдары;
в) обьектілерді зерттеу құралдары;
г) техника- криминалистік із жасау заттары;
Оқиға болған жерді қарау кезінде әртүрлі техника- криминалистік
құралдар қолданылады. Оқиға болған жерді қарауда іздеу құралдарынан
көрінбейтін, әлсіз көрінетін және микроскоптың обьектілерді: саусақ іздері,
киім талшықтары, шаң, шаш және тағы басқа сол сияқты іздеу, табу құралдары
кеңінен қолданылады.
Осы мақсатта жарық түсіргіші бар криминалистік арнайы үлкейткіш,
алюминий, графит ұнтақтары, қорғасын тотығы, сутегі арқылы қалыпқа
келтірілген темір кеңінен қолданылады. Түрлі- түсті материалдардағы (қағаз
ақшадағы, лоторея билеттеріндегі және тағы басқа сол сияқты) қол
саусақтарының ізін анықтау үшін арнайы “квант” ұнтағы пайдаланылады,
қағаздағы қол саусақтарының ізін анықтаудың жақсы заты йод қосымшасы боп
табылады, оған арнайы “кит” құралы қолданылады, сонымен қоса осы іздерді
бекіту үшін арнайы крахмал қағазы ойлап табылған.
Микрообьектілерді табу үшін үлкен ұлғайтқышы бар, ультрафиолетті жарық
түсіргіші бар (“УК-1”, “ОЛД-41”, “квадрат”) құралдар қолданылады.
Ультрафиолеттік сәулелер шашыраған қан дақтарын, талшықтарды зерттеуге
арналған. Атыстың іздерін (жанбай қалған ұнтақтың, ыстың) , темір
үгінділерін сонымен қоса инфрақызыл сәулені жұтатын обьектілердің іздерін
іздеу “C- 70”, Ворон- 3” құралдары арқылы жүргізіледі. [5]
Осы топқа металл объектілерін (уық және дәрімен ату қарулары; оқтар;
гилзалар, бұзу қарулары) іздеу құралдары да жатады. Олардың ішінде салмағы
35 кг дейін қара металдан жасалған объектілерді тауып ала алатын магнитті
іздеп-көтергіш кең тараған. Ғимараттар мен құрылғыларда жасырылған металл
объектілерін іздеуге және ашық жерде де іздеуге МИП немесе Ирис, ал
суда Ирис-П (40 м тереңдікке дейін) металліздегіш қолданылады. Киімнен,
қол жүгінен, төсек-орнынан, жиһаздан іздеуде-шағын көлемді электрлі Гамма
металліздеушісі пайдаланылады.
Іздеу мақсатында жұмсақ жиһаздар мен сусымалы, созылмалы заттары бар
ыдыстарды зерттеу үшін темір сипағыштар және суда мүрделерді, тасталған
заттарды табу үшін құралдар қолданылады.
Практикада іздеу құралдарымен қоса криминалистік маңызы бар
объектілерді тіркеу мен алу құралдары да кеңінен қолданылады.
Құралдардың осы тобының ішінен дактилоскопиялық (мөлдір және қара) жабысқақ
үрбірлер кең қолданысқа ие. Олар қолдың, киім талшығынан, шаңнан сонымен
қоса басқа да микрообъектілердің және аяқ-киім, көлік, ағаштан іздер алу
үшін қолданылады.
Өндіріс барысында жабысқақ үлбірдегі микробөлшектерді (қалталардан,
сөмкеден) микро шаңсорғыштың көмегімен анықтайтын Парус құралы жатыр.
Осы топ құралдарына жабысқақ материалдар да жатады: гипс, силиконды
паста К, пластилин және тіс-протез практикасында қолданылатын жабысқақ
массалар. Гипс аяқ-киімінің, көліктің көлемді іздерін жасау үшін, ал К
пастасы бұзу қаруының іздерін жасауға қолданылады.
Объектілерді тіркеу мақсатында фото, кино, бейне жазылымдар
қолданылады. Фотография дәлелдеме ақпаратының тіркеудің таптырмас құралына
айналды. Фотоға түсіру тек бейне жазуға ғана жол береді. Киноға түсіру
кейінгі жылдары техникалық қиындықтарға байланысты өте сирек қолданылады.
Егер оқиға болған жерді қарау үрдісінде фото қолданылса киноға бейнеге
түсірудің қажеті жоқ және керісінше.
Магниттік дыбыс жазу аппараты оқиға болған жерді куәгерлерімен
сөйлескенде, жәбірленушімен, оқиға болған жерде ауруханаға
жөнелтілетіндермен сөйлескенде қолданылады. Танылмаған мүрделердің,
күмәнділер мен айыпталушылардың криминалистік зерттеу немесе картотекаға
енгізу үшін қажет қол саусақтарының ізін алу үшін баспаханалық баяу
қолданылады, із дактилокартаға енгізіледі.
Оқиға болған жерді қарау кезінде табылған объектілерді зерттеу алдын
ала және сараптық боп екіге бөлінеді.
Объектілерді алдын-ала зерттеу кезінде техникалық криминалистикалық
құралға келесілер пайдаланылады: іздеу техникалық криминалистикалық
құралдарға жататын криминалистік үлкейткіш шыны, сызғыш, циркуль,
штангенциркуль сияқты өлшеуіш құралдары; жалған құжаттарды,
микробөлшектерді табу үшін, қажет сыныпты-кварцтық шамдар мен электронды-
оптикалық өзгерткіштер; ізденуші адамдардың фотороботтын жасауға қажет ИКР-
2 идентификациялық суреттер жиынтығы; нашалық заттарды тез анықтауға қажет
Политест жиынтығы; көлік-құралдарындағы зауыт номерлерін өзгерткенді
анықтайтын Контраст құралы.
Алдын ала зертеуді нәтижелі жүргізу үшін бірнеше ғылыми әдістемелер
ойластырылған:
а) қол іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
б) аяқ іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
в) бұзу қаруларының іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
г) көлік құралдары іздерін алдын ала зерттеу әдістемесі;
д) қан іздерін алдын-ала зерттеу әдістемесі;
ж) бойды, жасты, алақанның ерекшеліктерін жобамен анықтайтын;
з) оқиға болған жерде болған адамдардың саны, олардың жынысы, қозғалу
бағыттарын, жүріс ерекшеліктерін, мүмкін бойларын, аяқ – киім белгілерін
жобамен анықтайтын;
и) қолданылған құралдың түрі мен тегін, оның жұмыстық бөлігін, қаруға бөгет
болған заттарды, мүмкін бойы, бұзған адамның кәсіпқойлық және дене
ерекшеліктерін шамамен анықтайтын;
к) автокөлік құралының түрін, маркісін, моделін, ондағы бар ақауларды,
қозғалыс
бағытын, тоқтаған жерлерін жобамен анықтайтын әдістеме;
л) уақыт өте келе қанның түсі қою қызылдан, қою сұрға, ал шірігенде жасыл
түске ауысады, ол өз кезінде оның оқиға болған жерде қашан пайда болғанына
септігін тигізеді.
Аталған әдістемелерді қолдану арқылы алынған ақпарат суымаған ізбен
қылмыстық іздеу салғанда қатты қажет. Оқиға болған жерді қарау үлкен
техникалық криминалистикалық құралы бар қозғалмалы криминалистік
лабораториялар болғаны жақсы. Газель автокөлігі негізінде құрылған олар
бес арнайы шамаданмен қамтылған: қол, ірі іздермен, микрообъектілермен,
биологиялық объектілермен және мүрдеоген жұмыс істеу үшін қозғалмалы
криминалистік лабораториялар сонымен қоса рация, магнитофон, жарық түсіргіш
аппаратура, арнайы киім, сызба жұмысының жинағымен және әртүрлі құралдармен
(ультра-күлгін жарық түсіргіштер, электронды-оптикалық құбылтқыш),
дулығамен жабдықталған.
Техника-криминалистік із жасаушы заттар техникалық криминалистикалық
құралдардың 4-тобына жатады. Олар: бояулар (ұнтақ, сұйықтық), бояуды
шашатын құрал, тасалаушы құралдар. Мұндай химиялық қақпандар қылмыскерге
әсер ету іздерін қалдырады, олар тек химиялық тазарту арқылы кетеді, бұл өз
кезегіндн осындай белгілер арқылы іздеу жүргізуге көмектеседі. Мұндай
құралдар дәріханадағы, қоймадағы, киім шешетін жердегі ұрлықтармен күресуге
кең қолданылады. Осындай құралдармен бекітілген барлық объектілердің тізімі
ішкі істер органының кезекші бөлімінде сақталады және оқиға болған жерге
бара жатқан жедел-тергеу тобына беріледі.
Қылмыскер бекітілген осы заттармен жанасқанда олар іске қосылып,
қылмыскерде із қалдырады.
Ресей Федерациясының бас прокоратурасының тергеу басқармасында отандық
баламалары жоқ СХ-2 және СХ-2 (АҚШ), Ferex 4.021 L және Ferex
4.021 W (Германия) металіздегіштері сынақтан өтуде. [6]
Кең тараған және жиі қолданылатын техникалық криминалистік құралды
тергеу чемаданына енеді. Олар үш түрлі болады: әмбебап (әртүрлі
тапсырмаларды орындау үшін), арнайы (сарапшы-криминалист, МАЙ қызметкері,
экономикалық қылмыспен күрес қызметіүшін), араласқан мазмұндағы жиынтық.
Чемоданның төбесінде тістеуік, қайшы, пышақ сияқты құралдармен қоса
штангенциркуль, үлкейткіш шыны, пластилин сияқты заттар орналасыды.
Чемоданның алдыңғы бөлігінде үш полиэтиленді ыдыс, екі сұйықтық
жинайтын арнайы ыдыс бекітілген. Чемоданның артқы жағында жиналатын
қыстырғыштың бөлшектері мен магнитті көтергіштің тұтқасы салынған.
Чемоданның екі жағы мен ортасында бес пластмасса, жәшік-пенал орналасқан.
Бірінші мен екіншіде қолдың, еріннің, аяқ-киім табанының бетіндегі іздерді
табу мен тіркеу құралдары мен материалдары. Бұл иод түтікшесі, түтікшеге
қажет электр жылытқышы, ұнтақтар, үлкейткіш шыны. Үшінші пеналда
полиэтиленді қапшықтағы гипс ұнтағы, пластмасса қасығы, резина қолғабы бар.
Пеналдың қанқасы гипс сұйықтығын дайындауға икемделген. Төртінші пеналда
қан іздерін табуға қажет реактивтері, микробөлшектер жинауға арналған
банкелер бар. Бесіншіде силиконды пастасы бар ыдыс, өткір кескіш бар.
Чемодан сонымен қоса планшет, компас, сызғыш транспортирі бар
қозғалмалы бұрыштық, үлкен беттері, дактилоскопиялық үлбірлер және
қарастырылыпжатқан объектінің түсін дәл көрсету үшін қажет түс (112 түс)
анықтауыш бар болады.
Тергеу чемоданында сонымен қоса медициналық аптечка бар.
Фотожинақ жеке фотосомкеде болады. Онда фотоаппарат, фото жарық
түсіргіш, жарық фильтрі, штатив, масштабты сызғыш, ұзартқыш сақина болады.
Тергеу сомкесі әркез дайынболу керек және оны оқиға болған жерге мамандар
келсе де келмесе де алып бару міндет.
6. Оқиға туралы хабарды алған сәтте тез арада алдында жоспарланған
тергеулік іс-әрекеттерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдау керек және
осыған байланысты ұйғарым жасау қажет (куәгерден жауап алу мерзімін басқа
күнге ауыстыру) өйткені оқиға болған жерді қараудың қажеттілігі аяқ астынан
туындайды.
7. Оқиға болған жерге бару туралы тергеу бөлімінің бастығына, қажет
жағдайда прокуратураға хабарлау қажет. Мүмкіндігінше қарауға қатысуға
қылмыстық іс қозғалатындай жағдай болса соған берілетін тергеушіні шақыру
қажет.
8. Оқиға болған жерді қайта қарауға немесе қосымша қарауға дайындық
кезінде жалпы іс-шаралардан басқа келесілерді істеу қажет: алғашқы оқиға
болған жерді қарау хаттамасын, оның қосымшасын, мүрдені зерттеудің сот
медициналық актін мұқият қарау; іс бойынша жиналған дәлелдемелермен танысу;
іс материалдарын меңгеру кезінде пайда болған сұрақтарға байланысты
мамандардан кеңес алу; мүмкіндігінше алғашқы қарауда болған сырт
куәгерлерді шақыру; алғашқы қарауды жүргізген адамды шақырған тиімді.
Оқиға болған жерді қараудың оң нәтижелілігі көбінесе тергеушінің оны
жүргізуге қалай дайындалғандығынан көрінеді. Алдын-ала оқиға болған жердің
жағдайын ахуалын білу қиын. Оқиға болған жердегі кездейсоқтықтар оған өте
мұқият дайындалуды талап етеді. [7]
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны тонулар. Тонау жөніндегі
оқиға болған жерді қарау көбінесе қарау мен хаттамаға тіркеуге байланысты:
а) тоналған жердің алдындағы жер мен үй аумағы (мысалы: аула, саты);
б) бұзу орны мен жабық немесе қоршаған жерге ену жерлері;
в) қандай да бір заттың тоналған жерінің аумағы.
Тонау болған жердің маңындағы заттар мен іздер басқаларға қарағанда
жойылу немесе бұзылу қаупіне ие. Сондықтан тап тоналған жерді жалпылама
қарағаннан кейін айналасындағы жерді қарап, іздерді тіркеу керек.
Кең мағынада алсақ, ондай іздерге келесілер жатады: қылмыскердің
аяғының ізі, олар пайдаланған көліктің іздері, қылмыскер қалдырған басқа да
іздер ( мысалы: темекі тұқылы, сіріңке, бөтелке ), ашық ұрланып тастап
кеткен заттар мен орамалдар, қылмыскердің қалдырып кеткен киімі, бұзу
құралы. Осы іздерді табу қылмыскердің жеке басын, олардың қозғалу
бағыттарын анықтауға көмек береді.
Бұзу жерлерін және ғимаратқа ену жерлерін зерттегенде маман-
криминалистердің көмегіне арқа сүйеген абзал. Сосын келесі мәселелерді шешу
қажет: кім және қашан бұзған (бұзу құралы); қылмыскер тәжірибелі ме екен;
олар жабу құралдарының ерекшеліктерін білді ме екен; қылмыскер нешеу
болған; бұзу кезінде олардың киімінде, аяқ киімінде, бұзу қаруында қандай
да бір бөлшек іздер қалды ма екен (мысалы ағаш үзінділері). Сол мәселенің
оң шешіміне орай бұл заттар алынуға жатады. Бұл мәселе хаттамада тіркеледі.

Белгілі бір заттар тоналған жер аумағын қарағанда келесілерді анықтап
алған абзал: не ұрланды (заттар тізімі, олардың ерекше белгілері); жасалған
іс-әрекеттер көлеміне қарай отыра қылмыскерлер тонау орнында қанша уақыт
бөгелді және олар құнды заттардың қайда екенін білді ме; қылмыскерлер тонау
орнында қандай іздер қалдырды, тонау орынын қылмыскердің денесінде,
киімінде қандай заттар ілінген; оқиға болған жерге қылмыскерлер қандай
өзгешеліктер әкелді; күзет дабылы бар ма, болса істеді ме; тонау жерінде
қылмыскерлер алған заттардың бөліктері бар ма, қажет болса солардан қалған
бөліктер зерттеуге және алынуға жатады; ғимаратта материалдық құндылықтарды
тіркеу құжаты бар ма, болса қандай жағдайда (жыртылған, өртелген).
Қарау кезінде ұрланған заттардың белгілері, номерлері анықталса
аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдеріне хабарлау қажет. Қылмысты ашуға
қатысушы қылмыстық іздеу қызметкерлеріне, ұрланған заттарды өткізу кезінде
кінәлілерді ұстау туралы тапсырма берілуі қажет.
Егер тонау заңды тұлға иеленетін жерде жасалса онда қараудан кейін
есептеу жүргізу үшін жоғарыдағы қызметкерлерді шақыру қажет. Егер есептеу
комиссиясы қарау біткенше келмесе онда тонау болған жерді күзету шаралары
қабылданады.
Оқиға болған жерді қарауға қатысу үшін материалды жауапты адам
шақырылады. Одан қарау басталғанша ақшалар (инкассаторға өткізілмеген);
заттар төлқұжаты (мысалы: компьютер, факстің); тоналған заттарды жекелейтін
басқа да құжаттар анықталынады. Қарау кезінде табылған ақшалар мен
құндылықтар хаттамаға енеді. Тоналған заттардың төлқұжаттары алынуға
жатады, егер олар болмаса ол заттардың нөмірлері тіркелген басқа құжаттар
болса олардың көшірмелері қарауға және алуға жатады.
Жеке тұлғаға тиесілі тонау болған жерді қарағанда (пәтер, бақ жері)
жәбірленушінің өзі болғаны жөн, өйткені оқиға болған жерде табылған іздер
мен заттардың сәйкестілігі анықталады. Егер материалдық құндылықтар алуға
құқық беретін құжаттардың ұрланғаны туралы белгілі болса, тез арада оның
жүзеге асуына тосқауыл қою қажет. Қарау кезінде тоналған заттардың
төлқұжаттары алынады, мүмкіндігінше ұрланған заттардың белгілерін
айқындауға көмектесетін заттарды да алған жөн (мысалы: фотолар).
Қарауға қатысушы ұйым жұмыскерлері мен жәбірленушілердің өтініштері
оқиға болған жерді қарау хаттамасына енгізіледі. Мысалы, оларда келесі
сөздер болуы мүмкін: дүкен меңгерушісі Садықованың мәлімдеуінше сөредеге
тауарлардың орналасу орны бұзылмаған. Оқиға болған жерді қарауды жүргізген
адам қандай мәліметтерді басшылыққа алды. Мысалы, сөредегі тауарлар неге
мұқият зерттелмеген және неге бастықтың стөліне соншалықты назар
аударылған.
Тонау істер бойынша оқиға болған жерді бұзу іздері көп кездесуі
мүмкін. Бұзу қаруының табылған іздерін қарау хаттамасын көрсеткенде
келесілерді көрсету қажет: із қалған заттың (объектінің) атын (есік,
терезе, еден); із түрі (кесілген, бұзылған, қысылған); із пошымы (домалақ,
сопақ, төртбұрышты); оның өлшемі (ені, ұзындығы, тереңдігі); іздің
орналасуы (қозғалмайтын екі бағдармен арақашықтығы); іздің сипат ерекшелігі
(бояу, шіру); табылған бұзу құралының аты, оның пошымы, өлшемі, зауыттық
белгілері; табылған бұзу қаруының материалы; іздерді алу немесе көшіру
тәсілдері; бұзу қаруының іздері бар заттарды орау амалы; орамадағы жазулар
туралы мәліметтер.
Жанында орналасқан бірнеше іздерді фотоға түсіру торапты түсіру
ережесімен, жеке іздер – детальді түсіру ережесімен жүзеге асады. Соған сай
кино, бейне түсірулер де жасалады.
Тонау туралы істер бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізгенде
мәлімдеме жасаудан аулақ болғаны дұрыс, өйткені ондағы іздер, жағдайлар,
заттар туралы мәліметтер ұрлықтың қайталануына әкеліп соғылуы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау кезінде тонауды қайталаудың келесі белгілері
анықталуы мүмкін:
а) бұзу іштен жасалған (егер қылмыскер ол жерге алдын ала кірді деген
мәлімет болмаса);
б) кірудің сол әдісінде болуы тиіс іздердің болмауы (мысалы құлыптың біреуі
жөнделген) ;
в) бұзудың ішкі әрекеттермен жеңілдетілгенін куәләйтін іздердің болуы;
г) тоналған заттардың бар тесіктен алып шығудың мүмкін еместігі;
д) қылмыс оқиғасының сипатына сай келмейтін ғимарат ішіндегі асыра
ретсіздік;
Тонау мен қарақшылық жөніндегі істер бойынша оқиға болған жерді қарауда
жүргізу міндетті болып табылады. Тонау жөніндегі істер бойынша оқиға
болған жерді қарауда зорлау жөніндегі істер бойынша жүргізілетін
қарауларға қатты ұқсас. Сондықтан осы жерде қаралатын ережелер зорлау
жөніндегі істер бойынша қарау жүргізілгенде де қолданылады.
Мүмкіндік болса, қарауға дейін жәбірленушіден жауап алынады. Одан
қылмыстың қай жерде болғаны, табуға септесетін белгілер сұралады.
Қылмыскерлердің оқиға болған жерге келу және одан кету жолдарын да білген
жөн. Жапа шегушіден, сосын олардың фотобейнесін жасауға көмектесетін
қылмыскерлердің сыртқы пішіні туралы да сұралады.
Шабуылдың мән-жайын біле келе қылмыскерлерге қатысты оқиға болған
жерде қандай іздер мен заттар қалуы мүмкін екенін және ол жерде жапа
шегушіден қандай із қалуы мүмкін екенін (мысалы үзілген түйме ) білу қажет.
Сонымен қоса қылмыскердің бойында оқиға болған жерде жапа шегушіден не
қалуы мүмкін екенін және қылмыскерден жапа шегушіге не қалғаны анықталады.
Тонау мен қарақшылық жөніндегі істер бойынша қылмыскердің жапа шегушімен
жанасуы олардың бір-бірімен күресуі кезінде ғана болады. Сондықтан жапа
шегуші мен қылмыскердің киімдері зорлық жөніндегі істерде болатындай
микробөліктердің іздерін анықтау үшін сараптамаға жиі жіберілмейді.
Егер жапа шегушінің жағдайы мүмкіндік берсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшеліктерінің кейбір мәселелері
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар
Криминалистика пәнінен дәрістер
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Қылмыстық бірлестіктің тіршілік етуін материалдық - техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық
АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
Алаяқтық қылмыс ұғымы
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Пәндер