Биосфераның құрылысы



Жоспар

1)Биосфераның құрылысы
2)Ноосфера
3)Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.
4)Тірі ағзалардың эр алуандығы — биосфера қүрылысы мен тұрақтылыгының негізі
5)Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны корғау
БИОСФЕРА ҚҰРЫЛЫСЫ
Биосфера - грекше биос - өмір және тіршілік, "Sphaira" (сфера) шаp, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик Ш.Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 градустан -0 градусқа дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабатты құралады: Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Атмосфера - жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің "atmos" бу, "sphairi" (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20, 15 %), яғни 1,5.1015 - тонна аргон (1,28 %), азот (75,50%), яғни 3,8 .1012 тонна және басқа да газдар кездеседі.
Атмосфера негізінен - тропосфера, стратосфера және ионосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.
Тропосфера - грекше "tropos" (тропос) - бұрылысы, "sphaira" (сфера)- шар. Қазақша өзгермелі қабат деген мағына береді. Ол атмосфераның жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Оның oртa биіктігі 10-12 километрге дейін жетеді.
Стратосфера - латынша "stratum" - (төсем), "sphaira" (сфера-шар), теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Мұнда ылғал жоқ. Бұлт та болмайды. Ал температура 30 киломеметрге дейін бір қалыпты болады да, бірақ биіктік артқан сайын (30 километрден әрі қарай) температура төмендей береді. 20-25 километр биіктікте озон мол кездеседі. Ол күннің әсірекүлгін сәулелерін көп сіңіреді. Өйтпеген жағдайда тірі организмдер түгелімен қырылып қалар еді.
Ионосфера - гректік "ion" қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Оның қалыңдығы 800 километрге дейін жетеді. Бұл орта тропосфера сияқты көбінесе оттегі мен азоттан құралады.
Ионосферада газдардың тек жекелеген, молекулалары, иондары мен атомдары ғана кездеседі. Олардың тығыздығы жер бетіне таяу қабатта ауаның тығыздығынан миллион есе кем келеді. Спутниктер мен ракеталардың көмегімен жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері ауаның жоғары шекарасы жер бетінен 20 мың километр биіктікке дейін тарайтынын анықтады.
Көпке дейін ғалымдар ауаның массасын білмей келді. Ауаның массасы 5,27. 1015 тонна, яғни 5 мың триллион тонна. Осы көрсетілген мөлшерге сәйкес мынадай құбылысты мысалға келтіре кетейік. Aл адамның алақанына 150 килограмм салмақпен әсер етеді. Ол барлық денеге 15 тоннадан артық, күш түсіреді. Шын мәнінде адамда осыншама салмақтың басып тұрғанын сезбейді. Өйткені адамның денесі ауаның қысымына үйреніп кеткен. Бұл - табиғи құбылыс. Ауа азайса біздің көңіл күйіміз төмендеп, тамыр соғу жиілісі әлсіздік пайда болады. Сезім мүшелерінің қызметі нашарлайды және т.б. қолайсыз құбылыстар туады.
Ауа күн сәулесінен келетін жарықты шашыратып, реттеп отыру егер ауа қабаты, болмаса сөйлеген сөзді де, шырқап салған ән ағаштың сыбдырын, желдің ызыңын, құстардың дыбысын да біз сезе алмаған болар едік.
Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздердің, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұлар құрлықтық 70 процентін алып, жатыр. Гидросфераның көлемі 400 миллион шаршы километр.
Литосфера - Жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 километрден 40 километр дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30- километрдей. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа жерді тағы бір ерекше қабат - биосфера қоршап тұрады. Ол тірі организмдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі

Жоспар

1)Биосфераның құрылысы
2)Ноосфера
3)Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі
көзқарастар.
4)Тірі ағзалардың эр алуандығы — биосфера қүрылысы мен
тұрақтылыгының негізі
5)Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны корғау

БИОСФЕРА ҚҰРЫЛЫСЫ
Биосфера - грекше биос - өмір және тіршілік, "Sphaira" (сфера) шаp,
қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-
жануарлардың өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін
ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс
ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан
процестері туралы ілімнің негізін салған академик Ш.Вернадский болды. Осы
ілім бойынша, биосфера +50 градустан -0 градусқа дейін температурасы
болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабатты құралады: Олар: атмосфера (газ
күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Атмосфера - жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің "atmos" бу,
"sphairi" (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін
жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20, 15 %), яғни 1,5.1015 -
тонна аргон (1,28 %), азот (75,50%), яғни 3,8 .1012 тонна және басқа да
газдар кездеседі.
Атмосфера негізінен - тропосфера, стратосфера және ионосфера қабаттары
болып үшке бөлінеді.
Тропосфера - грекше "tropos" (тропос) - бұрылысы, "sphaira" (сфера)-
шар. Қазақша өзгермелі қабат деген мағына береді. Ол атмосфераның жер
бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Оның oртa биіктігі 10-12
километрге дейін жетеді.
Стратосфера - латынша "stratum" - (төсем), "sphaira" (сфера-шар),
теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Мұнда ылғал жоқ.
Бұлт та болмайды. Ал температура 30 киломеметрге дейін бір қалыпты болады
да, бірақ биіктік артқан сайын (30 километрден әрі қарай) температура
төмендей береді. 20-25 километр биіктікте озон мол кездеседі. Ол күннің
әсірекүлгін сәулелерін көп сіңіреді. Өйтпеген жағдайда тірі организмдер
түгелімен қырылып қалар еді.
Ионосфера - гректік "ion" қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Оның
қалыңдығы 800 километрге дейін жетеді. Бұл орта тропосфера сияқты көбінесе
оттегі мен азоттан құралады.
Ионосферада газдардың тек жекелеген, молекулалары, иондары мен
атомдары ғана кездеседі. Олардың тығыздығы жер бетіне таяу қабатта ауаның
тығыздығынан миллион есе кем келеді. Спутниктер мен ракеталардың көмегімен
жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері ауаның жоғары шекарасы жер бетінен 20
мың километр биіктікке дейін тарайтынын анықтады.

Көпке дейін ғалымдар ауаның массасын білмей келді. Ауаның массасы
5,27. 1015 тонна, яғни 5 мың триллион тонна. Осы көрсетілген мөлшерге
сәйкес мынадай құбылысты мысалға келтіре кетейік. Aл адамның алақанына 150
килограмм салмақпен әсер етеді. Ол барлық денеге 15 тоннадан артық, күш
түсіреді. Шын мәнінде адамда осыншама салмақтың басып тұрғанын сезбейді.
Өйткені адамның денесі ауаның қысымына үйреніп кеткен. Бұл - табиғи
құбылыс. Ауа азайса біздің көңіл күйіміз төмендеп, тамыр соғу жиілісі
әлсіздік пайда болады. Сезім мүшелерінің қызметі нашарлайды және т.б.
қолайсыз құбылыстар туады.
Ауа күн сәулесінен келетін жарықты шашыратып, реттеп отыру егер ауа
қабаты, болмаса сөйлеген сөзді де, шырқап салған ән ағаштың сыбдырын,
желдің ызыңын, құстардың дыбысын да біз сезе алмаған болар едік.

Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздердің,
көлдерден, өзендерден) құралады. Бұлар құрлықтық 70 процентін алып, жатыр.
Гидросфераның көлемі 400 миллион шаршы километр.
Литосфера - Жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі
қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 километрден 40 километр дейін жетеді.
Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30- километрдей. Жоғарыда
айтылғандай минералды қабаттардан басқа жерді тағы бір ерекше қабат -
биосфера қоршап тұрады. Ол тірі организмдер тараған аймақтардың бәрін
қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер
өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эвилюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.
Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін
Бүкіл құрғақ жерді алып жатыр. Өсімдіктер әлемі мен жан-жануарлар
дүниесінің кейбір түрлері жердің ең биік нүктесіне дейін таралған.
Мысалы, шау қарға дейтін дала құсының бір түрі Эверстің (Гималаи
тауының) басында 8 километрге жететін шыңдарда тіршілік етеді. Сол жер оның
атам заманнан бергі табиғи мекені.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 километр биіктікке дейін
жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар
атмосфералардың озон қабатында да өсіп-өнеді. Озон қабаты 20-25 километр
биіктікте кездеседі. Ол жерді қоршаған экран сияқты. Адам баласына,
жануарлар дүниесіне зиян келтіретін космостық және күннің әсірекүлгін
сәулелерінің осы озон қабаты тұтып қалады. Биосферада мол кездесетін
микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000-3000 метрге дейін тереңдікке
жетеді. Олар анаэробты бактериялар. Жердің 6-8 метр төменгі қабатында
микроорганизмдер мол болады. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 километрге
дейінгі тереңдікке жетеді. Тынық мұхиттың терең В қойнауы 11 километрден
асатынын білеміз. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр
балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Ол таза, мөлдір болғандықтан күн
сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың
қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік
ететін организмдер болады. Биосфераның ең жоғарғы даму (стадиясы
ноосфера болып есептеледі.
Ноосфера
Ноосфера (грек сөзі - noos - ой, sphaira шар, сфера) ақыл-ой сферасы.,
Алғаш рет бұл ғылыми терминді француз мемлекетінің математигі ЭЛеруа,
П.Теияр де Шарден (1927) биология ғылымына енгізген болатын. Ол -
биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты - ноосфера туралы болжамдар
жасады.
Ақыл-ой сферасы екенін адам әрі қарай ғылыми зерттеулер жүргізген
ғалымдар В.И.Вернадский, Э.Леруа, Т.Шарден. Олардың ойлары бойынша, адамның
ақыл-ойы мемлекеттер саясаты, ғылыми жетістігі т.б. адамзат баласының биік
адамгершілік деңгейі биосфера мен қоғамның гормониялық дамуын жүзеге
асыратын - ноосфера - деген үзілді-кесілді тұжырым жасаған.
Биосфера қалай пайда болған?
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан қарай бүнінгі
күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді.
Олар бірнеше дәуірдсн тұрады. Биоофераның даму кезеңдері. Биосфераның
ең бірінші заманы архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда
дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ.
Тек қана қарапайым тіршіліктің түрі болған ғой деп ғалымдар топшылайды.
Протерозой эрасы - биосфераның екінші дәуірі болып есептеледі. Бұл заман
700 миллион жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмдердің қарапайым
түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әр
түрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде байқалады. Протерозой дәуірінде
биосфера қандай жағдайда болғанын ғалымдар толық білмейді. Ол туралы нақты
деректер жоқ. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі.
Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 миллион жыл бұрын басталып, 300
миллион жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон
және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларында өскен. Олар көк
жасыл балдырлар болатын. Олардан құрлыққа бейімделген өсімдіктер өсе
бастады. Тек қана силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға
бастап, дами түсті. Бұл уақыттағы өсімдіктердің ең бастысы - псилофттер
болған. Балдырларға қарағанда олар жоғары дережеде дамыған өсімдіктердің
түрі еді. Псилофиттердің жер астыңдағы белігінде тамыр сабаққа ұқсас
резиодтары болды. Псилофиттердің сыртын эпидермис қаптап тұрған. Мұның
клеткаларының аральғында устьицалар (саңырауқұлақтар) орналасқан. Бірсыпыра
псилофиттердің ұындығы 1,5-2 метрге дейін жеткен. Ал кейбір түрлерінің,
мысалы, риния мен хорнеяның биіктігі 20-40 саьтиметрдей ғана болған. Олар
батпақты жерлерде өскен. Псилофиттердің. ішінен астероксилон ерекше назар
аударады. Оның жер бетіндегі органдарын (сабақтарын, жапырақтарын) алсақ
өте үлкен көлемде дамыған. Дегенмен оларда тамыр жүйелері, өткізгіш
системасы болмады. Тамыр қызметін атқаратын резоидтары болған.
Астероксилондар бұтақтанып өскен. Псилофиттердің күшті дамуына әсер еткен
алғашқы топырақ және ылғал болды. Сондай-ақ бактериялардың, балдырлардың
жәке қарапайымдардың (бір клеткалылардың) әрекеттері ерекше еді. Мұндағы
бір ғажайып жай, псилофиттер саңырауқұлақтармен симбиоз жасап өскені
белгілі. Псилофиттер 20-30 миллион жылдай өмір сүрді деп топшылайды
ғалымдар. Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырық буындылар,
плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа
шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы
өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды. Өйткені фотосинтез
процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар, жалаңаш
тұқымдылар - гинкголар, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті. Қылқан
жапырақтылардьщ ішінде басым көбі араукариялар болды. Қазіргі кезде олардың
аздаған түрлері Жаңа Зеландия, Малазия және Филиппин аралдарыңда, сонымен
бірге Оңтүстік Америкада өседі. Юра дәуірінде өсімдік әлемінің алыбы -
секвоялар болды. Бұлардың бір түрі -веллингтония немесе мамоят ағашы
қазіргі кезде Калифорния штатында (АҚШ) өседі. Мамонт ағашы жер жүзіндегі
ең үлкен ағаштардың қатарына жатады. Дінінің жуандығы 30 метрге дейін
жетеді. Ал биіктігі 200 метрге барады. Өмірінің ұзақтығы 3000 жылдан асады.
Кейбір түрлері 7000 жылға дейін өсетіні байқалады. Юра дәуірінде алып
өсімдіктердің түрлері көп болды. Бұл кезеңдегі алып өсімдіктер шөппен
қоректенетін жануарлардың дамуына мүмкіншілік туғызды. Шөппен қоректенетін
алып рептилиялардың өкілдері - динозаврлар болды.
Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде - бор дәуірінде; қазіргі
флора қалыптасудан бұрын, Жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен
өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады.
Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары
көтеріле түсті.
М.И. Голенкиннің тошпылауынша бор дәуірінде Жер бетінде кенеттен бір
өзгеріс болып, ол Жерді қоршап тұрған бұлтты серпілтті. Күн сәулесі тікелей
өсімдіктердің жапырақтарына түсті. Көне замандағы папоротниктер, тіпті,
жалаңаш тұқымдылар бұған бейімделе алмады. Кейбір түрлері мүлде жойылып
кетті.
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа
ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті
белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, соңдай-ақ жеміс дамитын
жатынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы т.б.
Жабық тұқымды өсімдіктердің ертедегі қалдықтары Юра дәуірінен бері
белгілі. Бірақ бұлардың қарқынды дамуы бор дәуірінен басталды.
Бұл жабық тұқымды өсімдіктерде ашық күн сәулесіне және ауаның жайында
механистік көзқарас пайда болды. Бұл XVIII ғасырда француз
материалистерінің ықпал етуіне байланысты болған еді. Осы пікірі
жақтпушылар тіршіліктің мәні жайындағы идеалистік көзқарастар қарсы шығып,
бүкіл тіршілік құрылыстары химиялық және физикалық процестермен шектелінеді
деп түсіндіреді. Бұл теория бойынша организмдердің әлі табиғаттан
айырмашылығы жоқ деп дәлелденді. Сондықтан да ғылыми тірі организмдердің
қалай жаралғанын білу мүмкін емес деді.
Ф.Энгельс "Табиғат диалектикасы" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Заманауи биосфера. Тірі зат концепциясы
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
Биосфера
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Биосфера құрылысы, биосфераның пайда болуы
Биосфера құрылысы
Биосфера және адамзат
Биосфера эволюциясы
Пәндер