Кәсіпорында еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру



Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.
Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл- ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақынын ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып табылады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымның бірлігіне кететін шығындарды азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың экономикалық мәні мен маңызы
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды
бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал
етеді.Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың
маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға
болмайды.
Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және
шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда
еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен
шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті
өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім
өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне
тәуелді.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын
қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі
болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя
мүшесіндегі адамдардың әл- ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып
саналады. Осыдан еңбекақынын ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін
көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып табылады. Жұмыс
беруші, әсіресе, бұйымның бірлігіне кететін шығындарды азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің
нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет
атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша
өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға
мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының
бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек
төлейдін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық
тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға
өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық
жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі
орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың
екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына
мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделері арасында
келісімдер жасалынады.
Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана
емес, сонымен қатар оның ол ақшаға не сатып алатындығы да себепші
болады.Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналды
еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерді еңбекақыны
мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы: негізгі және
қосымша болып екіге бөлінеді:
Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған
уақытына,яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:
- мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған
жұмыстың сапасы мен мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни
мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және
тағы басқа күндерге жұмыс жасағаны үшін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалған төлемдер,
- сыйлықтар, сыйақылы үстемелер және т.б
Қосымша еңбекақыға - еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда атқарылып
белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста қызметте болмаған
уақытына төленетін төлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:
- жұмысшалар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшін төленетін төлемдер;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған
уақытына төленетін төлемдер;
- жоғары немесе арнаулы оқу орындарына және басқа да мамандығын көтеру
курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкетлерге
төленетін төлемдер.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі
түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын
құрастырылған тарифтік- біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі.
Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
Тарифтік жүйе- ол еңбекке ақы төлеу шамасын қызметкерлердің әртүрлі
топтары мен категориялары еңбегінің күрделілігін, мәні және жағдайын ескере
отырып саралау үшін пайдаланылады.
Тарифтік мөлшерлеме (жалақы)- бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін,
(сағат, ай, күн) біліктіліктің айқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру
Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Нарықтық экономика жағдайында қызметкерлердің еңбек нәтижелілігін бағалаудың теориялық негіздері
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру
Еңбекақыны ұйымдастырудың құрылымы
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорындағы еңбекақы
Басқару кадрларын мотивациялау
Кәсіпорында еңбекақы жүйесі
Қызметкерлердің еңбек нәтижелілігін бағалау жүйесін талдау және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорында еңбек нәтижелілігін бағалауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
Пәндер