Кәмелет жасқа толмаған жеткіншектердің өз-өзіне қасақана қол салуы



1. Суицид ұғымы
2. Суицидалды мінез.құлық
3. Суицидтың ең жиі кездесетін кезі
4. Суицидке жетелейтін факторлар

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Суицид (латын тілінен алынған – “suiside” өзін-өзі өлтіру әрекеті)
- жан дүниесі қатты күйзелген күйде немесе техникалық аурудың ықпалымен
адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті.
“Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы” проблемасын дәрігерлер, психологтар,
психотерапевтер, зерттеушілердің көп уақыттан бері зерттеп келе жатқанына
қарамастан, бұл дерттің ашылмаған құпиясы әлі жетерлік.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-
өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты потологиялық тұрғыдан
қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы.
Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет мінез-құлықтың бұзылу
формасының ең шегі.[4]
Исламда өз-өзіне қол салу- үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.): Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі
тозаққа кіреді. Ал кім у ішіп өлсе, жаһәннамада мәңгі сол уды ішеді, кім
жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгілікке тасалады. –
дейді.
Өмір- сынақ. Әу баста Аллаһ Тағала адамды жұмақтан шығарып, жерге сынақ
үшін жібергенін біріміз білсек, екіншіміз біле бермейміз. Мына жалғанның
уақытша қиындықтарын көтере алмай, өз-өзіне қол жұмсау деген кесел соңғы
жылдары белең алып кетті[5].
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды
діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған. Өз-өзіне қол салу қазір
төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады. Кез
келген өлімнің себебіне үңілсек, өз-өзін құрбандық ету сегізінші орында
тұр. Ал жалпы өлім көрсеткіші бойынша, бірінші орында. Жыл сайын 1 миллион
адам өз-өзін ажалға қияды, ал 10-20 миллиондай адам өзін өтіруге әрекет
жасайды Бұл сырқат әйелдерге қарағанда, еркектердің арасында 4 есе жоғары,
бірақ әйелдер өлуге екі-үш есе көп әрекет жасайды. Ең алаңдатарлығы, өз-
өзіне қол салуға бұрын егде жастағы адамдар арасында жиі болса, суицид
қазір жасарды. Бүгінде әлем бойынша 18-24 арасындағы жастардың 80 пайызы
өлім туралы көбірек ойлайды. Өз - өзіне қол жұмсауына түрткі болып жататын
себептердің бірі – депрессиялық жағдай. Мұндай жағдай адамның ойлау
қабіетін жоғалтып, эмоцияның тұсауына байлайды. Мұндай ойлау қабілетін
жоғалтқан кісі соқыр сезім жетегімен қылмысқа барады. Немесе өзіне-өзі қол
жұмсайды. Адамды жан күйзелісіне көбіне әлеуметтік психологиялық өмір
ырғақтарының бұзылуы, қиын балалық шақ, достарының, сыныптастарының,
мұғалімдерінің қарым-қатынасы, жақын адамдарынан айрылу, ажырасу жағдайлары
түсіреді. Депрессиялық жағдайдың байқалу жолдары әр түрлі. Адамның көңіл-
күйі болмай, ойлау қабілеті тежеледі, қимыл қозғалысы баяулайды. Бұған қоса
ішкі құрылыстары яғни асқазан, жүрегі, бауыры, адамдардың жүйкеісі тозып
депрессияға түседі. Бұны эндогендік күйзелістік факторларға жатқызуға
болады. Бұған қоса эндогендік факторларға стресс, басынан ауыр жарақат
алған жандарды атауға болады.[6]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жер
бетіндегі 450 млн. адам психикасының бұзылуынан зардап шегеді екен. Атаулы
дерт - суицидті зерттеп қарау барысында аурулрдың ұрпағының 80 пайызы осы
кеселге бейім келеді. Мысалға, ерлі-зайыптылырдың бірі депрессияға ұшыраған
болса, оның ұрпағының 27 пайызына осы ауруды қайталау қаупі төнеді. Адам
сезімталдығы өте жоғары, ол бір нәрсені ойлағанда талдап, салыстырып содан
соң шешім қабылдайды. Адамның нәзік түйсіктері қанша жерден жан сезімін өрт
шалғанымен, қайғы қасірет жағдайларына саналы түрде баға беріп өзін
ұстағанымен, жүректің сезімталдығы шыңырауға тартпай қоймайды. Осындай
сәтте адам өзі өмірден алшақтап депрессияға түсіп, күйкі тіршіліктен
құтылудың оңай жолы өзіне қол салу деп біледі. Оған айналасындағы адамдар
үнемі рухани демеу көрсетіп оң жолды ұсынып ортаға тарту қажет. Соңғы
жылдары елімізде адам-дардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда.
Көпшілікті алаң-датып отырған “суицид” деп аталатын осы дерттің мектеп
оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. 2007 жылдың өзінде республика
бойынша “суицид” мәселесіне қатысты балалар арасында 575 жағдай орын алса,
2008 жылы 96 дерек тіркелген, оның 12-сі Алматы облысында болған оқиға.
Осы жерде мысал айтып өтетін болсақ қаланың бір мектебінде оқитын 5-сынып
оқушысы сыныптастарынын Әкесі жоқ деген сөзді жиі естиді. Содан ол
анасына айтады, анасы оған көңіл бөлмейді. сосын оқушының сабаққа деген
қызығушылығы түсе бастайды, үй тапсырмасын орындамай келеді. Сабаққа барған
соң ұстазы ұрыса бастайды, неше түрлі балағат сөздерді айтады. Осы жағдай
бірнеше рет қайталанады, содан баланың мектепке келгісі келмейтін әдет
пайда болады. Бала өз-өзіне қол жұмсайды. Өзіне қол жұмсау алдында, менің
өліміме мұғалімдер кінәлі деп хат жазып қалдырады.
Мектеп қабырғасындағы 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-
келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді.[1]
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол
социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда
болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін,
себептерін зерттеуге тырысты.
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі
келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа
халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне
Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп
жіберген.
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни
көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы,
тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас
ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер
етеді.[4]
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
- Жастар арасы - 17-29 жас;
- Ересектер арасы – 30-35 жас;
- Қарттық кезең – 55-70 жас.
5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек
кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9
жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде
суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа
бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында
әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге
баратыны анықталды.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге
бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен
өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол
қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш,
эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер
қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде
олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын
көрінгені мәлім болған.
Соңғы уақытта келтіріліп жүрген деректер бойынша, жасөспірімдер
арасындағы суицид оқиғаларынан Қазақстан Ресей мен Латвиямен бір қатарда
көрінеді. Ресейде жасөспірімдер арасындағы қайғылы оқиға көрсеткіші 3000
деген цифрды көрсетсе, Латвияда бұл көрсеткіш 2000-ды көрсетеді. Ал
Қазақстанда 1000-ға сәйкес келеді. Биылғы жылғы тың мәліметтерге сүйенсек,
Астанада Қазақстандағы суицид мәселесіне арналған дөңгелек үстел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Пәндер