Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытудың әдістемесінің ғылыми негіздері



КІРІСПЕ 3

1. ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘДЕНИЕТТАНЫМ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Мәдениеттаным бағытында оқытуды білім берудің негізгі тұғырлары мен ұғымы 8

2. ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘДЕНИЕТТАНЫМ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 11
2.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жай.күйіне шолу 11
2.2 Қажетті тілдік минимум және оны оқыту әдістері 18
2.3 Мәдениеттаным бағытында оқыту барысында қазақ тілінен студенттер орындайтын жаттығулар түрлері 23
2.4 Мәдениеттаным бағытындағы оқу үдерісінде ұсынылатын сабақ үлгілері 38
2.5 Оқу материалдарын эксперименттен өткізу және оның
нәтижелері 41

ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘДЕНИЕТТАНЫМ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
8
1.1 Мәдениеттаным бағытында оқытуды білім берудің негізгі тұғырлары мен
ұғымы 8

2. ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘДЕНИЕТТАНЫМ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗДЕРІ 11
2.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жай-күйіне шолу
11
2.2 Қажетті тілдік минимум және оны оқыту әдістері
18
2.3 Мәдениеттаным бағытында оқыту барысында қазақ тілінен студенттер
орындайтын жаттығулар түрлері
23
2.4 Мәдениеттаным бағытындағы оқу үдерісінде ұсынылатын
сабақ үлгілері
38
2.5 Оқу материалдарын эксперименттен өткізу және оның
нәтижелері
41

ҚОРЫТЫНДЫ 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ

Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ
тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі
заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет.
Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациалық әдістемелік,
тәжірибелік оқу құралдарын, аудио- бейнематериалдарды әзірлеу керек.
Н.Ә.Назарбаев. 2007' жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан.(1)
Қазіргі заманда Қазақстанның әлеуметтік жаңаруы, әлемдік және
еуропалық мәдени білім беру кеңістігіне енуі полилингвальды білім беру
тәжірибесіне негізделген.
Полилингвальды білім беруді біз студенттердің бірнеше тілдер арқылы
әлем мәдениетіне бейімделу мақсатына бағытталған процесс деп түсінеміз және
оқытылып жатқан тілдер арнайы білімдерді, әр түрлі елдер мен халықтардың
әлеуметтік, мәдени-тарихи тәжірибелерін игеру тәсілдері ретінде
көрсетіледі.
Адамдардың қазіргі өмір жағдайларымен байланысуы тарихи және қазіргі
этникалық айырмашылықтарынан көрінеді. Соның төңірегінде дәстүрлік және
орын басушылық принципі сақталып келе жатыр. Бұл мәселелер басқа елдерге
қарағанда, жас елдерде, соның ішінде Қазақстанда ерекше орын алады.
Өткен ғасырдағы бірыңғайлы білім беру жүйесі Қазақстанның халықтарын
ғана емес, сонымен қатар басқа да халықтарды этно-мәдени қанағатсыздығына
соқтырды. Шынында да сол кездегі білім беру жүйесі нақты стратегиялық
мақсаттарды алға қойды. Сауатсыздық жойылды, орта білім базасы енгізілді.
Бірақ 90-шы жылдарда халықтардың тілдерінде, мәдениетінде қайшылықтар
кездесті, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар ұмытыла бастады. Жас ұрпақта
тарихқа және өз халқының тағдырына тіліне, мәдениетіне жатырқау, немқұрайлы
қатынастар қалыптаса бастады.
Сол себепті Қазақстанның бірінші тәуелсіздік жылдарында өзінің тарихи
тамырларын іздеуге, өз ана тілін ұғынып, игеруіне ұмтылыс пайда болды.
Бірақ бұл мәселені шешу этномәдениеттік білім беру арқылы жүзеге
асатындығына көз жеткізілді.
Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясында Н.Ә.Назарбаев былай деді:
Біздің еуразиялық тамырларымыз шығыстық, азиялық, батыстық, еуропалық
ағындарды біріктіруге және теңдессіз қазақстандық полимәдениеттілікті
дамыту нұсқасын жасау мүмкіндігін береді(2). Қазақ халқы өзінің ділімен,
ғасырлық дәстүрімен, ақ көңілділігімен басқа мәдениет пен дәстүрлерге ашып
және айқын болып келеді.
Полимәдениеттілік тәрбие интернационалды тәрбиемен ұқсас, сол себепті
интегралды түрдегі сабақтарда біз тек қатынас жасау мүмкіншілігін ғана
емес, сонымен қатар қазіргі әлем туралы өмірлік ой-өріс түсінігін
дамытамыз.
Қазақ тілін оқыту мәселесі қоғамдағы саяси жағдайларға байланысты әр
түрлі деңгейде қарастырылып келеді. XX ғасырдың бірінші ширегінде қазақ
елінде өз ана тілін оқытудың сапасын арттыру мәселесінде ғалымдар
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Жұбановтар өз оқулықтары мен оқу
құралдарын ұсынды.
А.Байтұрсыновтың бірнеше еңбектері қазақ тілін оқыту әдістемесі
бойынша жазылған алғашқы ғылыми зерттеулер болып табылады.
1930 жылдардан бастап қазақ тілін оқыту мәселесі біршама қолға алынып,
оқыту бағдарламалары жасалына бастады.
Қазақ тілінің лексика саласын оқытудың негізі туралы пікірлерді
Қ.Жұбанов, Қ.Ұйықбаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев сияқты ғалымдардың
еңбектерінен көруге болады.
Қазақ тілін оқыту мәселесіне арналған ғалымдардың еңбектеріне тоқталар
болсақ, С.Жиенбаевтың "Қазақ тілі методикасы" атты еңбегі де қазақ тілін
оқыту әдістемесіне қатысты жазылған тұңғыш зерттеулердің бірі болып
табылады. Бұл кітабында әдіскер сабақ берудің түрлі әдістеріне тоқтала
отырып, қазақ тілін орыс тілді аудиторияға оқытудың басты қағидалары
сөйлеуге үйрету, тіл дамыту жолдарын көрсетеді.
Ш.Х.Сарыбаев көптеген мақалларымен бірге қазақ тілін орыс бөлімдерінде
оқытуды тұңғыш зерттеген ғалым. Ол "Методика преподавания казахского языка
в русской школе" атты кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Қазақ тілін орыс аудиторияларында оқыту әдістемесі әр кезеңде өз
сұранысына қарай зерттеле бастады. Осы салада құнды еңбектер жазған
ғалымдарымызды атап айтатын болсақ, Н.Оралбаева, Ж.Адамбаева, Ф.Оразбаева,
Б.Құлмағамбетова, Ә.Исабаев, Т.Аяпова, А.Алдашева т.б.
Сондай-ақ, осы саланың өзекті мәселелері туралы, яғни қазақ тілін орыс
бөлімдерінде оқытудың әр түрлі жолдары А.Құндақованың, К.Жақсылықованың,
Қ.Қадашеваның, С.Дүйсенованың ғылыми-зерттеу жұмыстарында қарастырылған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа технологиялармен толығып отырумен
қатар сөйлесім әрекетінің тілдесім түрі арқылы да жүзеге асады. Мемлекеттк
тілдің атқаратын функциясы мол. Әрбір тіл үйренушінің қоғамдық-әлеуметтік
ортаға сай мамандыққа қатысты дәрежеде тілді меңгеруі үшін оның
коммуникативтік қызметіне жете көңіл бөлу қажет. Осыған орай қазір қазақ
тілін Қазақстандағы орыс бөлімдерінде оқитын студенттерге оқыту
әдістемесінің маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Осы ретте тілдерді қолдану
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту
бағытындағы жұмыстарға атсалысу - тіл саласында қызмет етіп жүрген әрбір
азаматқа парыз.

Мемлекеттік тілдің мәдениетті сабақтастыра отырып меңгерілуі бүгінгі
таңда орыстілді дәрісханаларда оқыту арта түсіп, тілдік қатынастың жүзеге
асу ұстанымында ерекше мәнге ие болып отыр, сондықтан қазақ тілін оқыту
әдістемесінде оқу орындарында қазақ тілін меңгерту мәселесі арнайы
қарастыруды қажет етеді.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі - өзіндік қалыптасу тарихы бар, теориялық
негізі қалыптасқан, белгелі бір жүйеге келген ғылым. Басқа ұлт өкілдеріне
қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің теориялық негізі үнемі толықтырылып,
жаңартылып отырылуы табиғи заңдылық. Бүгінгі таңда жаңа технологиялар
арқылы оқытудың әр түрлі жолдары іске асырылып отыр. Бұл қазақ тілін орыс
бөлімінде ұтымды әрі жедел оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың наурызындағы Жолдауындағы: ... біз
қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете
береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас
Қазақстан халқының ілгері дамуына қамтамасыз етеміз, - деген аталы сөздер
қазақ тілін мәдениетаралық достық пен келісім тіліне айналдыра отырып
оқытатын әдістемемізге тұғыр болып алынады [1].
Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасы дамыған, бәсекеге
қабілетті елуліктің қатарына ену туралы бағытты ұстануы арқылы әлеуметтік
өміріміздің барлық саласының қарқынмен дамуына жаңа серпін беріп отыр.
Дүниежүзілік білім беру жүйесіне ену дегеннің өзі дүниежүзілік оқыту
әдістемесінің озық идеяларын негізге алу деп түсінеміз. Сондықтан да біз
зерттеп отырған қазақ тілін мәдениеттанымдық бағытта оқыту әдістемесі -осы
заман талабының үдесінен шығатын оқыту жүйесі болып табылмақ.
Бүгінгі күннің негізгі талабы оқу мен тәрбие жүйесін толық тіл
үйренушінің ішкі мүмкіншіліктеріне сай дамытуға бағытталып отыр. Осы ретте
білім беру саласына әдістеме және оқыту әдіс-тәсілдерімен бірге толық
нәтижеге жылдам жеткізуді мақсат ететін оқытудың инновациялық
технологиялары да енгізіліп отыр. Мәдениеттанымдық бағытта оқыту әдістемесі
студенттерге қазақ тілінің ішкі құрылымы мен сыртқы жүйесін меңгертуде
үлкен орын алады.
Бүгінгі таңда қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқитын орыс және өзге
ұлт өкілдеріне үйрету мәселесі жайлы әдістеме ғылымында көптеген құнды
еңбектер мен қорғалған диссертациялық жұмыстар бар. Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің зерттелуінде құнды пікірлер айтып, оның дамуына қомақты үлес
қосқан А.Байтұрсынұлы, К.Кеменгерұлы, Т.Шонанұ ж, Ш.Х.Сарыбаев, С.Жиенбаев,
Қ.Басымов, Ы.Маманов, Х.Арғынов, Н.Оралбаева, Ә.Исабаев, С.Р.Рахметова,
қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың арнайы әдістемесі, ауызша сөйлеуге
үйрету мәселелері жөнінде зерттеу жүргізген Қ.Қадашева, Ф.Ш.Оразбаева,
Р.Шаханова, К.Жақсылықова, А.Қыдыршаев, З.Бейсембаева, Ж.Сүлейменова, орта
мектепте ана тілін оқыту әдістемесіне қатысты С.Рахметова, А.Жаппаров,
Н.Құрманова, Н.Шадиева, т.б сияқты ғалымдар еңбектері әдістеме ғылымына
үлкен жаңалықтар алып келді деуге болады.
Тілді екінші тіл ретінде оқыту мәселесі ресей ғалымдарының
еңбектерінде терең қарастырылған, мысалы арнайы оқулықтар мен бағдарлама
дайындау мәселесі (Н.Д.Гальскова, А.Н.Щукин және т.б), екінші тіл ретінде
оқыту теориясы жөніндегі зерттеу еңбек (И.Л.Бим және А.М.Сурыгин), екінші
тіл ретінде оқытудағы тілдердің бір-біріне ықпалы (тасымал, интерференция)
жайында (А.Е.Супрун, Н.А.Пашковская, Г.П.Цыганенко, Н.К.Месяц, т.б), екінші
тіл ретінде оқытуда қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер мен технологиялар
жөнінде (А.Акишина, В.Г.Костомаров, О.Д.Митрофанова және т.б) ғалымдардың
еңбектері бар.
Мәселенің маңыздылығы ескеріліп, зерттеу жұмысымыз қазақ тілін
өзгетілді студенттерге мәдениеттанымдық бағытта қатысымдық тұрғыдан оқыту
әдтстемесіне арналады. Бұл айтылғандар зерттеу тақырыбының күрделілігінің,
өзектілігінің, ғылыми және тәжірибелік жағынан маңыздылығының дәлелі бола
алады. Қарастырылып және зерттеліп отырған мәселенің ғылыми негіздерін
айқындау және қазақ тілін мәдениеттанымдық бағытта оқыту барысында
теориялық ұғым қалыптастырудың ерекшеліктерін ескеру және олардың
мазмұндарын белгілеп айқындау қазақ тілінің ішкі құрылымын меңгеріп, оны
коммуникативтік бағытта, яғни қажетті деңгейде қолдану дағдысын
қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны – өзгетілді студенттерді мәдениеттаным бағытында оқыту
әдістемесі арқылы қазақ тілін үйрету.
Зерттеу пәні – қазақ тілін мәдениеттанымдық бағытта оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тілін өзгетілді студенттерге
мәдениеттанымдық бағытында оқыту әдістемесінің негіздеріне шолу жасап,
білік-дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар жүйесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- қазақ тілін өзгетілді студенттерге мәдениеттанымдық бағытта оқытудың
тиімді әдістемесін айқындау және арнайы мәтіндер жүйесін іріктеу;
жаттығулар жүйесін жасау;
- ұсынылып отырған оқу материалдарының тиімділігін эксперимент арқылы
анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- мәдениеттанымдық бағытта оқыту әдістемесінің қағидаларын негізге ала
отырып, оқытушы мен студенттің оқу-таным қызметінде субъект-субъект қарым-
қатынасы бойынша ізденім жұмысын жүзеге асыру жолдарын негіздеу;
- өзгетілді студенттерге мәдениеттанымдық ұғым қалыптастыруға арналған
білім мазмұны талданып, арнайы жаттығулар жүйесін жасаудың ғылыми негіздері
анықталады;
- сабақ үлгілерін ұсынумен айқындалады.

1. ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘДЕНИЕТ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗДЕРІ

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебе алуы - елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке
ие болғандығының жарқын көрсеткіші. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы [3] білім
беру жүйесін сапалы дамытуда маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа
технологиялармен қамтамасыз етілуі міндеттелген [4]. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта қазақ тілін өзгетілді мектептер мен
дәрісханаларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік
жаңалықтар оқыту үдерісіне енгізілді [5].
Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның өсіп-өркендеуі, еліміздің
өркениетті елдердің қатарынан орын алуы мен өзге елдермен саяси-
экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатуы қазақ тілін оқыту
әдістемесіне де жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан да біз қарастырып
отырған қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесі осы заман
талабынан туындаған оқыту жүйесі болып табылады. Мәдениеттаным бағытында
оқыту дегеніміз - тілді оқыту үдерісінде арнайы іріктелген тілдік
мәліметтер арқылы сол тілді тұтынушы халықтың саяси-экономикалық,
әлеуметтік даму жағдайы, тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, рухани
құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, тілді қатысымдық бағытта оқыту
әдістемесі.
Осы негізде зерттеу жұмысының бірінші тарауында қазақ тілін өзгетілді
студенттерге мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінің әлеуметтік,
әлеуметтік-лингвистикалық, психологиялық, мәдениеттанымдық, дидактикалық
негіздері, тәрбиелік тұғырлары қарастырылады.

1.1 Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытуды білім берудің негізгі
тұғырлары мен ұғымы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында
қазақ халқының, қазақстандықтардың өмірін сапалы тұрғыдан дамыту, еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуы жолдарын айқындап беріп отыр. Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2006 жылдың наурызындағы Жолдауында Осы заманғы білім беруді
дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру
және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі деп аталатын төртінші
басымдықта осы заманғы білім беру және білікті мамандар даярлау жүйесін
дамытудың жолдары нақты көрсетіліп беріледі. Жолдауда: Қазақстан бүгінгі
таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа
кезеңіне қадам басқалы түр, - деп атап көрсетілген [1]. Қазақстан
Республикасының Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 жарлығымен
бекітілген "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында" мемлекеттік тілді басым
дамыту мәселесі басты нысан ретінде көрсетілген [1].
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту арқылы Қазақстан
Республикасының тарихы, мәдениеті, экономикасы, болашақ даму жолы, қазақ
халқы мен Қазақстандықтар туралы білім беру арқылы Қазақстандық
студенттердің адамдық, азаматтық тұлғасы қалыптасу мәдениетіне үлкен ықпал
жасалады. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік алдыңғы қатарлы 50 елдің
қатарына кіру мақсатын алдына қойып отыр. Сондай үлкен мақсатқа жетудің бір
қыры - үздіксіз білім беру концепциясын жүзеге асыру болып келеді. Бұл -
әрбір Қазақстандық тұрғынның кез-келген бір білім алу формасымен қамтамасыз
етілуіне жағдай жасау. Осындай үлкен жолға түскен Қазақстандық білім беру
жүйесінің қазіргі шеше алмай отырған күрмеуі мол тұстары да аз емес. Оның
бір көрінісін адамзаттың мәдениет пен қоғамдық дамудағы қол жеткізген
нәтижелері және бұқараның мәдени даму барысы арасындағы қатынастан көре
аламыз.
Қазақ тілін оқыту - білім беру тұтастығының бір бөлшегі болса, тұтас
білімді де, оқытуда, тәрбиелеу де жинақталған адамзаттық мәдениет
жетістіктері қазақ тілін оқыту үдерісіне де тән болады. Біз нақты түрде
орыстілді аудиторияда қазақ тілін оқытуды зерттеу нысаны етіп алып отырмыз.
Дәл осы яғни қазақ тілін оқыту процесінің орыстілді студенттердің Жеке
тұлға, Адам, Азамат ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасайтын әдістері мен
жолдарын анықтау үшін, қазақ тілін оқыту әдістемесінің әлеуметтік негіздері
анықталуы аса маңызды.
Зерттеу тақырыбындағы "тілдік мәдениет" ұғымы мәдениеттанумен тығыз
байланысты екені белгілі.
Ең алдымен, қазақ тілінің – танымдық, коммуникативтік ерекшеліктерін
қазақ тілінен берілетін білім мазмұнына мол етіп енгізе отырып, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне жету жолы мен солай ету
қажеттілігін ұғындыру жолы ұсталынады. Қазақстан Республикасының мәртебесін
биік ұстау үшін қазақ тілін өзгетілді аудиторияда оқытуда патриоттық,
отансүйгіштік, атамекенді қадірлеу қасиеттерінің қалыптастырылуы бірінші
кезекке қойыдады.
Екіншіден, қазақ тілін өзгетілді студенттерге оқытуда халықтар
арасындағы әлеуметтік-мәдеңи үдерістердің, оның ішінде білім беру
саласындағы үдерістердің жағдайы мен қозғалысы танылуы көзделеді.
Үшіншіден, қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқыту барысында
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу, өсу
жылдарындағы (1991-2006 жж.) саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық,
мәдениет салаларына байланысты білім мазмұнын меңгерту жолдарының танылу
міндеті қойылып отыр. Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытудың
әлеуметтанымдық негіздерін анықтау мәдениеттанумен, педагогикамен,
психологиямен, қазақ тілін оқыту әдістемесімен тығыз байланыста
қарастырылады.
Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту әдістемесінде соңғы жылдары
жаңа бағыттарды зерттеген еңбектер көбейіп келеді. Ол еңбектердің
құндылығын әдістемелік жүйені байытқан үйлесімімен ғана бағалауға болмайды
деп ойлаймыз. Олардың мазмұнындағы әдіснамалық-теориялық негіздердің жан-
жақтылығы мен тереңдігі қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым саласы
ретінде қалыптаса, нығая, дами түсуіне үлкен серпін берген күш деп
санаймыз. Қ.Қадашева қазақ тілін деңгейлік жүйемен оқыту әдістемесінің
ғылыми негіздерін зерделей келе, "Ана тілі", "екінші тіл", "шет тілі" және
оларды оқыту мәселелері жөнінде педагогикалық және әлеуметтік үлкен
мәселелерді анықтайды [5]. Ф.Ш.Оразбаева қазақ тілін оқыту әдістемесінде
Е.И.Пассовтың идеясын тиімді қолданудың практикалық қана емес, әдіснамалық
негіздерін де терең талдайды [6]. Р.Шаханова қазақ тілін оқытудың
әлеуметтік мәселелерін кең практикалық тәжірибе арқылы танытады. Яғни нақты
техникалық білім беру саласында қазақ тілін оқытудың негіздерін практикалық
бай материалдарды пайдалану арқылы анықтайды [7].

2. ҚАЗАҚ ТІЛІН МӘДЕНИЕТТАНЫМ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жай-күйіне шолу

Әдістеме ілімінің мақсаты: әлемдік білімдендіру кеңістігіне
бағытталған қазақ тілін оқытудың полидеңгейлі әдістемесінің дамуына жағдай
туғызу; қазақ тілін орыс мектептерінде, өзге ұлт өкілдеріне оқытудың
әдістемелік позицияларын бекіту; қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің
қазіргі оқыту үрдісіне қойылатын талаптарға сәйкестігін қалыптастыру. Жаңа
XXI ғасырдағы әлемдік өзгерістер білім беру кеңістігінде де жаңа талаптар
тудырып, елімізде қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелерін жаңа заман
талаптарына, әлеуметтік сұраныстарға сай ұйымдастырылуын айқын белгілеп
отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, - дей отырып,
басым міндеттерінің бірі ретінде жеке адамның шығармашылық, рухани және
дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектін байыту - деп көрсеткен [4].
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы
өшпей, жалғасып келе жатқаны - тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің
көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін
ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдыратыны - табиғи
заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпес
құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің
ролі зор. Еліміздің егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие
болуына орай барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен
лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде, шет тілі
ретінде оқыту жұмыстары жүзеге асырыла бастады. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі өзіндік тарихы бар ғылым саласы.
XIX ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан
қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық қызметті XX ғасырдың басында
жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
Т.Шонановтар болды. Тұңғыш рет ана тілінде оқулық жазған көрнекті педагог
Ы.Алтынсарин алғашқы оқулығы - Қазақ хрестоматиясы [8]. Ы.Алтынсариннің
көздеген мақсаты баланы адамгершілікке, бауырмалдыққа, еңбексүйгіштікке,
әсемділікке тәрбиелеу болды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салған ғұлама ғалым Ахмет
Байтұрсынов -бастауыш мектепте оқыту мен қазақша сауат ашу мәселесін
көтерген ірі ғалым. Әдістеме мәселелері бойынша Баяншы [9]; Тіл жұмсар
[10], Қай әдіс жақсы? [11] және т.б құнды-құнды еңбектер жазды. Ол -
қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы, сауат
аштыру, тілді оқыту әдістемесін жасаушы.
Ғалымның Баяншы еңбегінде оқытудың жүйелі әдістері баяндалады. Ғалым
қолында өзіне үлгі етерлік таза қазақ тілін оқыту әдістемесінің ешқандай
нұсқасы болмаған жағдайда тілді оқыту жайын керемет терең біліктілікпен,
барынша сауатты жеткізіп бере білді. Басқа еңбектерін айтпағанның өзінде,
осы еңбегінің өзімен-ақ ол қазақ халқының мәдени тарихында өшпес із
қалдырды. Ғалым еңбегінің Дыбыспен жаттығу бөлімінде оқу
үйренгендегі басты мақсат - керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи
білу ... .Сөз жазу - дыбыстардың белгісін қағаз бетіне тізу. Оқуға балалар
дыбыс үйренеміз деп келмейді, оқу, жазу үйренеміз деп келеді. дейді.
Демек, дыбыспен жаттығудың негізгі жолдар ретінде мыналарды керсетеді:
әуелі балаларға әр түрлі дыбыс бар екенін жаттықтыру; екінші, балаларға
таныс сөздерді алып, олардың ішінде қандай дыбыстар барын айыру; үшінші,
бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп сөз айтуды, ол сөздерді сауатты жазыруды
білдіру осының негізінде әдіскер-ғалым дыбыспен жаттығу кезіндегі әдіс-
тәсілдерден де мол мағлұмат, нұсқау бере білген.
А.Байтұрсынов Тіл жұмсар атты еңбегін сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс
тәжірибесі арқылы танытатын кітап деп түсіндірген. Ғалымның айтуынша,
бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның
білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің
ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін,
керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне
шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру - деп ой
қорытындылауы балаға білімді практикалық жолмен берудің тиімділігін, баланы
дара тұлға ретінде бағалап, оның қабілетімен, білім деңгейімен санасу
кажеттігін, яғни ізгілендіру үстанымының мәнін көрсетеді.
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ
тілін үйрету мәселесі XX ғасырдың 30-шы жылдары қолға алынып, түрлі
оқулықтар, оқу қүралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ
тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев,
т.б ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді.
Қазақ тілін орыс мектептерде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін
тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі - М.С.Лапатухин. ғалымның көптеген
жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан Очерки по
методике казахского языка в русской школе деген еңбегінде жарық көрді
[12]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі
сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша
сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан
тыс жұмыстар т.с.с бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухиннің еңбегі орыс
мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі.
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-
ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты
әдіскерлердің бірі - Телжан Шонанов. Т.Шонанов - қазақ тілін оқыту
әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы,
педагог ретінде көрнекті орынға ие. Т.Шонановтың жазған кітаптары мен
оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі
білім беру жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның
қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты Учебник казахского языка
для русской школы деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн
талабына сай бес рет қайта басылып шықты [13].
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген
көрнекті ғалым - Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс
мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады.
Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орыс мектебінде
қазақ тілін оқыту тәжірибесінен 1941 атты еңбегін жазып [14], натуралды,
сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігін тәжірибе жүзінде
дәлелдей отырып, 1943 жылы Методика преподавания казахского языка в
русской школе атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [14].
Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым
кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін
салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді, өз
еңбегінде ғалым-тілші Сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының
сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Ш.Сарыбаевтың ғылыми-
әдістемелік мұрасын А.Ә.Орынбаев зерттеп, Ш.Сарыбаевтың әдістемелік
мұрасының көп қырлылығын дәлелдеген [44].
Қазақ тілі әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-
ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне,
әсіресе, тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі,
сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді.
С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы.
1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға
арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова
нақтылы дерек береді: Выявлено, что первые программы и разработки уроков
по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами
С.Аманжоловым, ШХ.Сарыбаевым, Т.Шонанұлы, К.Кеменгерұлы, С.Кенесбаевым и
многими другими.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар
да жазыла бастады. Бұл ретте алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар -
ШХ.Сарыбаев, С.Жиенбаев.
Ш.Х.Сарыбаевтың 1939, 1940 жылдары шыққан Орыс мектептеріндегі қазақ
тілі деген мақалалары мен С.Жиенбаевтың 1939 жылы шыққан Орыс мектебінде
қазақ тілін оқыту методикасы деген мақалаларында ғалымдар орыс мектебінде
қазақ тілін оқыту әдістемесіне жұртшылық назарын аударып, тәжірибедегі осы
мәселедегі кемшіліктерді көрсете отырып, оқытушыларға пайдалы пікірлер
ұсынды [17], [18].
1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет
қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі Мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан
кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге
көңіл бөлініп, бүл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар,оқулықтар, оқу
құралдарын жазу қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту
мәселесі де қолға алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған
оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар
шығару сексенінші жылдың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды.
Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле
бастады. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде,
мектептер, лицейлер мен гимназияларда қазақ тілі сабағын жүргізу және қысқа
мерзімді курстар ашу іс-шаралары ұйымдастырылды.
Түрлі оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды. 1960 жылы жоғары оқу
орындарына арналып жазылған Ы.Мамановтың Қазақ тілі оқулығы [19], 1958
жылы шыққан С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Ұйықбаевтың Қазақ тілі оқулығы
екінші басылымдарда қайтадан жарық көрді [20]. Осы еңбектердің жалғасы
ретінде алдыңғы қатарда профессор Ә.Жүнісбектің бала бақша балалары мен
бастауыш сынып оқушыларына арналып жазылған Қазақ тілі оқу құралын айтуға
болады. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тіл үйренуге қызығушылығын,
танымын, қабілетін арттыруға көмектесетін ойын құралы [21]. Ол Үшкілқұрақ
әліппе түрінде балалардың дыбыстар мен әріптерді, буындарды пайдалану
арқылы тілді үйренуіне көмектеседі. Сондай-ақ бұл оқулық ересектер
аудиториясында да тиімді пайдаланып келеді.
Өзгетілді дәрісханаларда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру,
оқыту үдерісінде нақты нәтижеге жету, жақсы оқулықтар жазу тілді оқыту
бағдарламаларына тікелей байланысты. Біріншіден, оқытудың барлық
ерекшеліктері, әдістемесі ескеріліп жасалған бағдарлама оқыту үдерісін
жеңілдетеді. Екіншіден, барлық оқу орындарындағы тіл үйренушілер үшін
бірдей пайдалануға арналған типтік бағдарлама қажет деп есептеуге болмайды.
Осы уақытқа дейін қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған
бірнеше бағдарламалар жариаланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған
1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан Қазақ тілін үйрену
курсының программасы болып табылады [22]. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін
үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі
құптап, бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы Ана тілі
баспасынан Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі атты
оқулық жарық көрді [23]. Бұл - жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа
ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар
дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген
Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің бағдарламасы бойынша жазылған.
Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық,
психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ
тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа
ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты
түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип
негізінде сұрыптау мәселесі да қарастырылған. Мәселен, лексикалық
материалды таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолданылу жиілігі; 2)
сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің
тақырып қажеттігіне сәйкестігі; 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа
кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық
ерекшелігін қамтуы; 8) Сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне
сәйкестігі; 9) Сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл
бөлуі қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық
сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы бастамасы ретінде Т.Әбдікерімова,
Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан Қазақ тілін оқыту
әдістемесі атты еңбегін атауға болады [52].
Кітапта практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, сабақты
ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқытушылардың
білімін есептеу ғылыми-практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетіледі.
Еңбек оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек бере алады.
Сондай-ақ Х.М.Нұрмаханов та 1987 жылы Қазақ тілі бағдарламасын [53],
К.М.Мамытбеков, Б.Тұрғанбаева 1988 жылы Программа по курсу казахского
языка для студентов русских отделений нефилологических факультетов вузов
атты жоғары оқу орындарына арналған бағдарлама жариялады [54].
Қазақстанның білім беру жүйесінде мемлекеттік тілге бөлінген сағат
саны, үйренушілердің тілді үйренуге деген талабы да әртүрлі. Мысалы, арнайы
орта оқу орындарында оқитын өзге ұлт өкілдері өздері оқитын кәсіптік
мамандық бағыттарына қарай бейімделген деңгейде тілді білгісі келеді.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға
байланысты тілді үйренушілердің өзі - бастауыш топ және жалғастырушы топ
болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде бастауыш топқа
да, жалғастырушы топқа да пайдаланылып жүрген оқулық - Ш.Бектұров пен
А.Бектұрованың Қазақ тілі оқулығы [24]. Оқулықта қазақ тілінің барлық
құрылымдық жүйесі берілген, тіл үйренуші одан толық мәлімет ала алады.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда оқулықтың пайдасы зор.
Қазақша сөйлегіңіз келе ме? атты Л.Екшембаева, Ә.Ағманова,
Г.Мұсабаева, А.Бұлдыбаев, Ә.Құрышжанова және т.б. авторлар ұжымы жасап
шығарған оқу-әдістемелік кешенінде мынадай міндеттер алға қойылған:
- коммуникативтік мақсатта сөйлеу іс-әрекетінің мүмкіндігін пайдалана
білу:
- дұрыс, сауатты, мәдениетті сөйлесе білу мүмкіндігін қалыптастыру
және оны іске асыра білу;
- жай және қүрмалас сөйлемдерді оқыту. Оқулықтың материалдары 700
сағатқа лайықталған және ол шетел азаматтарына қазақ тілін үйрету
тәжірибесінен жинақталған [25].
1998 жылы Т.Аяпованың Қазақ тілі деп аталатын үш кітаптан тұратын
кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша оқулық АҚШ-та басылған 70
қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз атты окулықтың жалғасы болып саналады.
Кешенді оқулықтың мақсаты - бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту
әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге
үйрету [26].
Қазақ тілін мамандық бойынша оқытуға арналған оқу құралдарының бірі -
З.Күзекова мен Г.Қарағұсованың жоғары оқу орындарының экономика
факультеттеріне арналған Қазақ тілі оқу кітабы [27]. Оқулықта белгілі бір
мамандықты оқытуға бағытталган мәтіндер, сөздік минимум, терминдер,
фразалық тіркестер берілген.
А.Алдашованың Қазақ тілі деп аталатын оқулығындагы мақсат - сөйлеу
жағдаятына байланысты коммуникативтік құзіретті қалыптастыратын тілдік
формаларды үйрету [28]. Әрбір үйренуші өзінің тілді үйренуге деген
сұранысын қанағаттандыру үшін тілдік білімінің жиынтығы негізінде тілдік
құралдарды дұрыс және адекватты пайдалана білуі керек. Оқулықта әртүрлі
сөйлеу жағдаяттарында қолданылатын тілдік білім етістік формалары арқылы
жинақталып берілген. Аталған оқулықты тілді үйретудің барлық деңгейлерінде
пайдалануға болады.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдістемесі, оқулықтар шығару
жұмыстары жетілдіріліп келеді. Осы бағытта Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың
Қазақ тілінің қалталы оқулығы және Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде
үйрету құралы оқулықтары жарияланды [29], [30].
Деңгейлік оқытудың алғашқы тәжірибесі негізінде жазылған келесі
кешенді оқулық -Э.Сүлейменова, Қ.Қадашева және Д.Ахановалардың авторлығымен
жарияланды. Кешенді оқулыққа екі сатылы оқыту жүйесі енгізілген. Кешенде
сөйлеу іс-әрекетінің барлық түрі -сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу толық
қамтылған. Қазақ тілі бойынша мемлекеттік бағдарламаны ойдағыдай жүзеге
асыру әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа типтері мен негізінде
ғана мүмкін. Сондықтан оқулықтар мен оқу құралдары оқытудың жаңа
технологияларына құрылуы керек. Қазақ тілі. Казахский язык кешенді
оқулығы ең жоғары талаптарға жауап береді [31]. Кешенді оқулықтардың
республикада мемлекеттік тілді білетін мамандарды дайындауда үлкен
мүмкіндік беретін тиімді құралдардың бірі екендігін оқыту тәжірибесі
көрсетті. Аудио және видео техникаларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа
технологиясын, көптеген жалпылаушы кестелер мен сызбалар, сөз өзгертуші
аффикстердің алгоритмі фонетикалык тамшыларды кеңінен пайдалану, оқыту
материалдарын берудің әдісі мен формасы, сөйлеу іс-әрекетінің барлық түрін
жан-жақты және кешенді оқыту методикасын пайдалану, мәтіннің түп нұсқасына
сүйену, сөздер мен сөйлемдердің қатысымдық семантикалық топтарына арналған
әр түрлі аналитикалық және жаттықтырушы тапсырмалардың жүйесі, осы кешенді
оқулықты қазақ тілін оқытудың қазіргі таңдағы ең тиімді құралдарының бірі
етеді, кешеннің әрбір оқулығы әр түрлі типтегі қазақша-орысша сөздіктерден
тұрады: сабақтар сөздігі, мақалалар сөздігі, қоғамдық саяси лексика
сөздігі, пікірлесім мен фильм үзінділеріне қатысты сөздіктер,
лингвистикалық терминдердің екі тілді көрсеткіші.
Тіл - мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті
де өмір сүре береді. Қазақ және орыс халықтарының тілі, мәдениеті, салт-
дәстүрі мен белгілі бір кезеңдердегі тарихи даму барысы қатар өмір сүріп
келеді. Ал тіл мен мәдениет бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Қазіргі таңда
Қазақстанның өзге елдермен халықаралық қатынастары кеңеюде. Шет
мемлекеттермен халықаралық байланыстардың даму жағдайында әртүрлі тілде
ақпарат алмасу кеңінен жолға қойылып отырғандығы мәдениетаралық
коммуникацияның Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді.
Ғалым С.Ә.Әбдіғали: мәдениетаралық коммуникация қағидаларына сәйкес шетел
тілін оқып-үйрену оқушыны өзі сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді
жақсырақ түсінуге, сол жат әлеммен ұшырасу нәтижесінде өз әлемін айқынырақ,
дәлірек түсініп, анығырақ білуге төселдіру тиіс - дейді [32].
Тілді оқытудың негізгі мақсаты - тілді шынайы және толыққанды қарым-
қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер тоғысуы,
мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі
мен мәдениетін, қогамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ
тілінде оқып, жазу және мұғалімнен, окулықтан алған білімдері қазақ елі
жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту
негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарына мәдениеттанымдық
мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады.
Қорыта айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл
үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы
халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-
экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері
мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты таныту болып
табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-
ғалымдардың еңбектерінде мәдениеттанымдық мәліметтер беріліп келгенімен,
мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ.
Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде
ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйреніп жатқан тілдің ұлттық реалилерін
таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе
алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.

2.2 Қажетті тілдік минимум және оны оқыту әдістері
Лексиканы оқыту барысында өзектілікпен байқалатын мәселе - тіл үйрету
барысында студентке қай деңгейде қанша сөз үйрету керек деген мәселе. Бірақ
"Тіл әлемі" оқу құралының авторы Қ.Қадашеваның пікірінше әр 80 минутта
студентке 10-15 сөз үйретуге болады. Актив сөздік пен пассив сөздікті
танудың әдістемелік маңызы зор. Актив сөздік дегеніміз - студент игеріп,
өзінің қазақша сөйлеуінде қолданып жүрген сөздер жүйесі. Пассив сөздік -
оқылым және тыңдалым әрекеті арқлы жинақталатын сөздік қор. Пассив
сөздіктің қоры актив сөздіктен 2 есе артық болады. Өйткені тыңдалымға
қажетті сөздік сөйлесімге қажетті қордан 2 есе артық болуы тиіс, ал
оқылымға қажетті сөздік қор тыңдалымнан 2 есе артық болуы керек. Пассив
сөздіктің толықтырылып отыруына оқытушы күнделікті назар аударып отырады,
бірақ оларды жаттығу арқылы үнемі бекітіп отыру міндетті емес. Қазақша
сөздердің көп мағыналылығын білу, сөздердің метафоралық мағынасы мен
ауыспалы мағынасын білу де - пассив сөздікті қалыптастыру жолы болып
табылады. Ғалымдардың айтуынша, тіл үйренушінің актив сөздігі - 1000
сөзден, пассив сөздігі 1000-1500 сөзден құралса дұрыс деп саналады.
Әдіскер - ғалымдар ересек адамдарға 1,5 сағатта 15 жаңа сөз меңгертуге
болатынын айтады. Әрине, ол сөздердің тіл үйренушінің есінде сақталуының
жылдамдығы сөздің, оның түбірінің, жұрнағы мен жалғауының құрылымы таныс не
таныс еместігіне және сөз мағынасының нақты немесе абстрактылы болуына көп
байланысты болатыны белгілі.
Оқу материалдарын жағдаяттық-тақырыптық түрде ұйымдастыру барысында
өзгетілді студенттерге қазақ тіліндегі түбірлес сөздер, антоним сөздер,
синоним сөздерді үйрету өте тиімді болып табылады. Бұл ретте Қыз Жібек
фильмі бойынша жасалынған Бейнежазба-сабақтан үзінді келтіре аламыз [34].
9-көрініс Қаршыға мен Шеге Сырлыбайға келеді. Сырлыбай: Қалай
келісімге келе алдыңдар ма? Қаршыға: Келіспей тұр, алдияр. Шеге: Біздің жақ
келісімге әзір.
Сырлыбай: Бір ашуын берсін дегенімді айттың ба, Бекежанға?! Қаршыға:
Айтсам құлақ аспады.
Сырлыбай: Қаралы мен жаралы аз боп тұр ма? Екі арыстан қанға боялып
бірге жатсын демесеңдер, тап бір амалы бар шығар. Тағы да бір өт алдынан.
Қаршыға: Халықтың тілегі. Шектінің жері қанға боялсын демесеңдер, екі
арыстан сабаңа түсіңдер. Әлі де кеш емес. Екі батыр көнбейді.
Қаршыға: Амал қайсы, Шеге, бастай бер.
Батырлар жекпе-жекке дайындалады.
Қаршыға: Жалауды көтергенде бастайсыңдар, түсіргенде тоқтайсыңдар.
Төлеген: Жалау бүгін түспейді, Қаршеке.
Бекежан: Онда көріңді қаздыра бер.
Жалау көтеріліп, жекпе-жек басталады. Сарбаздар Ақжол, Аксарбас,
Жаубасар деп ұрандайды.
Көріністе келісім сөзі бірнеше рет кездеседі. Мағынасын түсінесіз бе?
Мына тіркестерді оқып, сөйлем құраңыз.
келісімге келу ... ... ... ... ... ... келісім
шарт ... ... ... ... ... ...
келісім сұрау ... ... ... ... ... ... . келісімге
әзір ... ... ... ... ... .
келісімін беру ... ... ... ... ... ... келісіп
тұр ... ... ... ... ... ... ..
келісім алу ... ... ... ... ... ... ... келіспей
тұр ... ... ... ... ... ...
? Мәтіннен кездесетін мына сұраулы сөйлемдерді оқыңыз. Тиісті жауабын
тауып жазыңыз.
Қалай келісімге келе алдыңдар ма? ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бір ашуын берсін дегенімді айттың ба, Бекежанға? ... ... ... ...
Біздің жақ келісімге әзір сөйлеміндегі әзір сөзіне назар аударыңыз.
Мына синонимдермен алмастырыңыз.
дайын
даяр
Төмендегі әзір сөзінің түрленуіне назар аударыңыз.
Мағыналық өзгешеліктерін түсіндіріңіз.
әзір ... ... ... ... ...
әзірше ... ... ... ... ..
әзірлік ... ... ... ... ..
Көріністе адамның дене мүшелерінің атауын білдіретін сөздер кездеседі.
Сол сөйлемдерді теріп жазыңыз. Олардың қандай мағынада қолданылып
тұрғандығын түсініңіз.
жақ - ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
құлақ - ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
өт - ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын ашатын мағынасы сәйкес сөздерді
тауып жазыңыз.
1. бір ашуын беру а) тыңдамау 1 ... ... ..
2. құлақ аспау ө) кешіру
2 ... ... ..
3. алдынан өту б) ашуын басу
3 ... ... ..
4. сабасына түсу в) өтіну
4 ... ... ..
Көріністе кездесетін амал қайсы сөзімен жүмыс істеңіз. Бос жерлерді
толықтырып, сөз тіркесін жасаңыз.
•Үлгі: Айтпасқа амал қайсы?
... ... ... ... ...амал нешік
... ... ... ... ...амал не
... ... ... ... ...бұйрыққа не шара
... ... ... ... ...лаж жоқ
... ... ... ... ...амал қанша
Көріністі көру арқылы бос жерлерді толтыруға тырысыңыз.
Сырлыбай: ... ... ... ... ... .. дегенімді айттың ба, Бекежанға?
Қаршыға: Айтсам ... ... ... ... ..
Сырлыбай: ... ... ... ... ... . аз боп тұр ма? ... ... ... ... ..
қанға боялып жатсын
демесең, ... ... ... ... ... бар шыгар.
Қаршыға: Халықтың ... ... ... ... ... ... ... Шектінің жері
... ... ... ... ... .. демесеңдер, екі арыстан ... ... ... ... ... ... .
Көріністегі көріңді қаздыра бер деген сөйлемге назар аударыңыз. Бұл
кімнің сөзі?
Көр сезімен берілген тіркестердің мағынасына назар аударыңыз.
кер қазу ... ... ... ... ... ... .
фильм көру ... ... ... ... ... ... .
көр соқыр ... ... ... ... ... ... .
келіп көр ... ... ... ... ... ... .
Көріністі толық көріңіз. Батырлар арасындағы жекпе-жектің басталуын
сипаттап жазыңыз.
Етістіктерді оқыңыз. Сізге бәрі таныс па? Болымсыз түрін жасаңыз.
айту - ... ... ... ... ... ... түсу -
... ... ... ... ... ...
қаздыру - ... ... ... ... ... өту -
... ... ... ... ... ...
бастау - ... ... ... ... ... . келу -
... ... ... ... ... ...
беру - ... ... ... ... ... ... көтеру -
... ... ... ... ... ...
Көріністі көріңіз. Екі-үш сөйлеммен көріністің мағынасын әңгімелеңіз.
• Көріністі қайталап көріңіз. Кейіпкерлердің сөздерін есте сақтаңыз.
• Көріністі қайталап көріп, ролдерге бөліп оқыңыздар.
• Фильмді дыбыссыз қойып, рөлде ойнаңыздар.
• Фильмді қайта қойып, өзіңізді тексеріңіз. Рөлде дұрыс ойнай
алдыңыз ба? Қазақ ұлттық мәдениетінің тарихи көріністері сақталған Қыз
Жібек фильмінің қазақы өмір нормаларын түрік студенттерге игертуде қосатын
үлесі үлкен. Осы видео-сабақтарда создердің семантикасын түсіндіру арқылы
да пәннің елтанымдық мақсаттары жүзеге асырылады. Лексиканың семантикалық
қырын түсіндіру дегеніміз - студенттерге таныс емес, жаңа сөздердің
мағынасын түрлі тәсілдер арқылы меңгерту. Бұл жерде түрлі тәсіл деп
айтқанымызбен, олар шексіз емес.
Бірінші тәсілге біз - сөз мағынасын сурет, сызба, видеофильм, слайдтар
т.б көрнекіліктер арқылы түсіндіруді жатқызамыз. Өйткені жаңа сөздің
семантикасын талдау арқылы танытуда көру және естудің бір мезгілдегі
әрекеті - білімнің нық әрі сенімді болуының кепілі. Әрі бұл жерде
аударманың да қажеті болмайды.
Екінші тәсіл - студенттің ана тіліне аудару арқылы жаңа сөздің
семантикасын түсіндіру. Өйткені Қыз Жібек фильміндегі асығу, ғашық,
қайырымды, сағынған сөздерін меңгертуде көрнекілік көмек бола алмайды.
Дегенмен қазақ сөзінің орысша аудармасын біз бірден бере салуға болмайды
деп санаймыз.
Үшінші тәсіл - сөздердің синонимдік қатары арқылы түсіндіру. Мысалы:
дәу - зор - үлкен - ірі т.б
Төртінші тәсіл - сөздің семантикасын сөзжасамдық талдау арқылы
түсіндіру. Әрине, бұл жерде контекстік талдау қоса ескеріледі. Атап кететін
болсақ, жаңа сөздердің семантикасы мен мағынасын меңгертуде көрсетілген
төрт тәсілдің бәрі бірдей қолданыла бермейді. Көрнекілік әдіс, аударма және
мағынасын түсіндіру әдістері қазақ тілін үйренудің алғашқы кезеңінде
белсендірек қолданылады. Сөзжасамдық талдау, контекстік талдау
-студенттердің қазақша сөйлеу дағдыларын дамытуда тілдік шешімге келу
сезімдерін қалыптастыруға негіз болады. Сөйтіп, студенттердің мамандығына
байланысты сөздерді игеру сатысы қалана бастайды.
Қазақ тілін оқытуда көп кездесетін әдістемелік қиындықтардың бірі -
қажетті лексиканы тізім түрінде алдын ала беріп қою керек пе, әлде
студенттердің қажет етуін күтіп, сол негізде сөздік құру керек пе? деген
мәселе. Біздің ойымызша, сабақ барысында үйретілген сөзді оқытушы студентке
Үйге жаттап келуге тапсырамын дегенімен, нақты сөйлеу жағдаяты
туындамайтын болса, студент ол сөздерді біршама уақыттан соң бәрібір ұмытып
қалады. Сондықтан, жаңа сөздердің студент санасында сенімді сақталуы үшін
сабақта арнайы ситуациялық - тақырыптық жағдай ұйымдастырып, сөздерді
түсіндіру, айтқызу, оқыту, жазғызу дұрыс болады.
Б) Қажетті грамматикалық минимумдарды меңгерту әдістері
Өзгетілді студенттерге қазақ тілін мәдениеттанымдық бағытта оқыту
жүйесінде грамматикалық білім мазмұны да өзіндік орынға ие болады. Қазақ
тілін үйренуде орыс студенттері екі тіл грамматикасындағы құбылыстардың
ұқсастығына көзі жетеді. Сонымен бірге, сол ұқсастықты қазақ тілінің тілдік
нормасын дұрыс игеруге тірек ете алады.
Мәдениеттанымдық бағытта оқыту әдістемесінің коммуникативтік құзіретті
қалыптастыру міндеті туралы осы грамматикаға қатысты көп ерекшеліктері бар.
Қатысым құралы ретінде тіл өзінің бейнесін сөйлемде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Шет тілін оқыту теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен жазуға үйрету жолдары
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Пәндер