Қылмыстың субъектісі бойынша саралау



І. Кіріспе
Қылмыстың субъектісі түсінігі

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
2. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.
3. Қылмыстарды субъектісі бойынша саралаудың маңызы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
Қылмыстың субъектісі түсінігі

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
2. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.
3. Қылмыстарды субъектісі бойынша саралаудың маңызы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып қылмыстық заң тыйым салған қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және онысы үшін қылмыстық жауаптылық арқалана алатын адам есептелінеді.
Қылмыс субъектісі -- қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық мүмкін емес.
Кім қылмыс субъектісі бола алады? Субъектінің нышандары қандай?
Қылмыс жасаған жеке тұлғаның төмендегідей белгілері болса істегені үшін қылмыстық жауаптылық арқалана алады, егер:
1) есі дұрыс болса;
2) қылмыстық заңда белгілеген жасқа толса.
Қылмыс субъектісі болып тек қана жеке адам табылады деген ереже Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарында бой көрсетеді. Мәселен, РФ ҚК-нің 11-13-баптарында қылмыстар мен қылмыстық жауаптылық субъектілері болып Ресей Федерациясының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтар танылуы мүмкін делінеді. Қылмыстың мүмкін-ау, деген субъектілері ауқымының бұлай шектелуі -- заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, партиялар қылмыс субъектілері бола алмайды дегенді білдіреді. Бұл мәселе заңдылық деңгейінде (РФ жаңа ҚК-де) отандық қылмыстық құқық үшін дәстүрлі жағдайда шешілген. Бірақ, теориялық тұрғыда заңды тұлғалардың жауаптылығы жөніндегі проблема төңірегіндегі айтыс әлі тоқтамай келеді.
Мәселе мынада: уақыттың өтуі, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресске (алға басу) орай бізге көптеген үйреншікті көзқарастардан бас тартуға тура келеді. Осыған байланысты біздің алдымызда күтпеген сауалдар туындайды, оларға жауап беру өте қиын болғанмен, қажет. Қылмыстық құқық аясындағы мұндай күрделі сауалдардың бірі -- заңды тұлғалардың жауаптылығы. Алдында аталып өткендей, қылмыстық құқықтың классикалық қағидасы кінәлінің жеке жауаптылық қағидасы, яғни текесі дұрыс, белгілі жасқа толған, қылмыстық заң тыйым салған қылмыстық іс-әрекет жасаған жеке тұлғаның жауаптылығы болып табылады. Бұл қағида, сөз жоқ, адамзаттың өркениет, прогресс және демократия жолындағы ең маңызды жетістіктерінің бірі. Ол сонау XVIII ғасырдың аяғында, Ұлы француз революциясының барысында жарияланған болатын. Бұл қағида бұған дейін "тіршілік етіп келген" қылмыстық жауаптылықтың тек қана кінәлі қылмыс жасағаны үшін жауаптылық емес, сондай-ақ, феодалдық дәуірде қалыптасқан кез келген қауіпті және залалды зардап тигізгені үшін де қылмыстық жауаптыққа тартылуды ысырып тастады. Ал, кез-келген қауіпті және залалды зардаптарды есі дұрыс емес адамдар, хайуандар, тіпті тірі емес заттар да тигізуі мүмкін Қылмыстық жауаптылықты бұлайша түсіну аясына заңды тұлғалардың да жауаптылығы орайлы келді (мәселен, XVII ғ. корпорациялар мен қауымдастықтар жасаған қылмыстарға қылмыстық жауаптылық көзделді).

ІІ. Негізгі бөлім

1. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тиым салады. Кез-келген жеке тұлға есі дұрыс болса да, егер заңда көрсетілген жасқа толмаса қылмыс субъектісі бола алмайды.
ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде "есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс" делінген7.
ҚК-тың 15-бабының бірінші бөлігінде жасқа толған қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.
ҚК-тің 15-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адам мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады: адам өлтіру (ҚК-тың 96-бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-тың 1013-бабы) ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 104-бабының екінші бөлігі), зорлау (ҚК-тің 171-бабы), адамды ұрлау (ҚК-тің 125 бабы), ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы 181-бабы) ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатының (ҚК-тің 185-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктер) ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу (ҚК-тің 234-бабы), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242-бабы), қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен қару құралдарын ұрлау не қорқытып алу (257-б), тағылық (258-б), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-б), ауырлататын мән-жайларда өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-б, 2-б), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (ҚК-тің 299-б).
Қылмыстардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады және кең түсініктеме беруге жатпайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14 жасқа толған әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгілеп отыр.
Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатын белгілегенмен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне қарай, қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту 131-бап, әскери қылмыстарда қылмыстың субъектісі болып тек 18-ге толған адамдар ғана танылады. Қылмыс істеген, кәмелетке толғандардың жасы, туған жылы, айы-күні дәлме-дәл анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа (14,16,18,25) толуы дәл туған күнімен емес, кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот медициналық сарапшының қорытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады8.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердің кім екендігін, оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген қылмысының себебі мен жағдайын толық есепкеала отырып, оларға тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.
Кәмелетке толмағанның психикалық жағынан артта қалуы жөніндегі деректер болған жағдайда оның психикалық даму деңгейін, өз іс-әрекетінің мәнін толық ұғына алған-алмағандығын, оған қаншалықты ие бола алғандығын анықтау қажет. Ол үшін, қажет болған жағдайда, балалар мен жас өспірімдер психологиясы саласындағы мамандар (психолог, педгог) сараптама жүргізуге тиіс немесе бұл мәселелерді сарапшы-психиатрдың шешуі қажет.
Қылмыстық кодекстің 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде толық түсіне алмаса, не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасы кәмелетке толмауына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаның әр түрлі кодексінде кәмелетке толмағандардың жауаптылығы туралы мәселелер. Жалпы бөлімде, "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы" деп аталатын 4 бөлімде қарастырылған.

2. Қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі - қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық - қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті.
Есі дұрыстық - адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың қажетті шарты болып табылады.
Қылмыстық заңның нормалары, әр кезде де, төңірегіндегі жағдайды дұрыс пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар, психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады. Мұндай қабілеті жоқ адамдар психикасы бұзылғандықтан өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан да олар есі дұрыс емес деп танылады және қылмыстық жауапқа тартылмайды (16 б).
Қылмыс субъектісінің есі дұрыстығымен қатар және бір міндетті белгісі - қылмыс жасаған кезде адамның заңды белгіленген жасқа толуы.
Өз іс-әрекетін дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабілеті белгілі бір жаста пайда болады. Ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі, кәмелетке жетпегендер де (14 жасқа толмағандар да) мұндай қасиеттер болмайды. Сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.
Адамның есінің дұрыстығы және қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектісінің жалпы заңдылық белгілері болып табылады, олар қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың ең болмағанда біреуінің болмауы, әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыскердің қосымша белгілерін, соның ішінде жеке басының, еңбек және тұрмыс жағдайын ескеру айыптының бұрын қылмыс жасаған - жасамағандығын, ерекше бұзық немесе баукеспе екенін білуге, кейде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға, жазадан шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға себеп болатындығын да естен шығармау керек. Заңдылық нормаларда басқа да белгілер көрсетіледі. Олар - қылмысты қайталап жасау, әлденеше рет жасау, үнемі жасау, ерекше қауіпті рецедивист, арнаулы субъект тағы басқалар.
"Қылмыс субъектісі" және "қылмыскердің жеке басы" ұғымдары бірдей емес. Қылмыскердің жеке басы - қылмыс субъектісіне қарағанда кең түсінік береді. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз - қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың жиынтығы, оның әлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық т.б) байланыстары; өнегелік саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); демографиялық және дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және кінәсі2.
Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің ең аз ғана жиынтығын қамтиды (есі дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу); бұл белгілердің қылмыстық құрамы болмайды.
Қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке даралағанда (ҚК-тің 52,53,54 -баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің 63-бабы), қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы (ҚК-тің 65,66,67,68,69 баптары), жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату немесе жазаны өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (КҚ-тің 70,71-баптары) мәселелерді шешуде және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.
Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек3.
Жоғарыда аталып кеткендей, есі дұрыстық дегеніміз - адамның қоғамға қауіпті әрекет жасаған кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады, өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Кылмыстық Кодекстің іс-бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Онда:
1.Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес.
2.Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін, - делінген4.
Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заңдылық (психологиялық) белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс әрекетті істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін басқара алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез-келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болады.
Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медицнналық белгінің түсінігі сот-психиатрих ғылымы белгілеген жалпы ережелеріне негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған:
1.Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған: шизофрения, желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал аурына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.
2.Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік есалаңдық, патологиялық маскүнемдік, белая горячка т.б. аурулары. Бұл аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуі де мүмкін.
3.Кемақылдық. Бұл адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі бар: дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі).
4.Психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.
Психикалық аурудың, тіптен созылмалы психикалық аурудың болуының өзі қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамның есі дұрыс еместігі туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың қарқыны әр түрлі болады, кейде ол адамды өз іс-әрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола алмайтын жағдайға дейін жеткізеді. Сондықтанда медициналық критерий есі дұрыс еместіктің заңдық (психикалық) критерийімен толықтырылады. Медициналық критерий (аталған белгілердің біреуі болған жағдайда) заңдық критерийлермен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің біреуінің (медициналық немесе заңдық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп тануды болдырмайды5.
Заңдық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады.
Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін яғн, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзчылуына себепкер болып, адамның өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенмен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені тартып алуды өз мінез-құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақ та наркотикалық тәуелділікке байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін-өзі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танығанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің екуінде немесе ауырлық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппенесі дұрыс емес деп танылған адамдар субъектісі болып табылмайды, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-бөлімінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкімшығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертінен ауырып қалған адамды жазаға тарпау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді. Мұндайда сот-психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі асысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайынгдауы бойынша медицналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18-бабында мас күйінде істелген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

3. Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралау және оның ұғымы
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Бас бостандығынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық- құқықтық сипаттамасы
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері
Пәндер