Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Тарихи кезең
2. Ұлттық саясаттың ұстанымдары
3. Ұлттық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi
4. Ұлттық саясаттың негiзгi бағыттары:

1) Саяси құқықтық салада
2) Сыртқы саясат саласында
3) Әлеуметтiк.экономикалық салада
4) Тәрбие, бiлiм беру және ғылым саласында
5) Ақпараттық салада
6) Тiл саласында
7) Дiнаралық салада


III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жоғары Техникалық Мектебі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары

Орындаған: Айдынғали А.Н
Тексерген: Шамурова Г.Н

Орал - 2012 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Тарихи кезең

2. Ұлттық саясаттың ұстанымдары

3. Ұлттық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi

4. Ұлттық саясаттың негiзгi бағыттары:

1) Саяси құқықтық салада
2) Сыртқы саясат саласында
3) Әлеуметтiк-экономикалық салада
4) Тәрбие, бiлiм беру және ғылым саласында
5) Ақпараттық салада
6) Тiл саласында
7) Дiнаралық салада

I. Қорытынды.

II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I. Кіріспе
Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттiгiнiң бiрден-бiр құқықтық-тарихи мұрагерi және саяси-мемлекеттiк құрылымының жалғасы болып табылады.
Ұлттық, демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет орнықтыруды көздеген қазiргi Қазақстан Республикасы - мемлекет құрушы қазақ ұлтының және әртүрлi тарихи кезеңдерде келiп қоныстанған барша диаспоралар мен этникалық топтардың тату, бейбiт өмiр сүрiп жатқан Отаны.
Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк атауына - Қазақ Республикасы атауына қайтадан ие болады. Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы болу - осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын қалыпқа келтiру - халық талабы.
Халықаралық тәжiрибеде мемлекет құрушы ұлттың саны жалпы халық санының үштен екi бөлiгiнен асса, ол моноұлтты мемлекет деп қабылданады. Қазақ ұлтының саны осы межеден асты. Демек, Қазақ елi моноұлтты мемлекет деп қабылдануы тиiс.

II. Негізгі бөлім

1.ТАРИХИ КЕЗЕҢ
Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.
Үш ғасырға жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру саясаты қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi.
Ресей империясы мен кеңестiк кезеңнiң ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тiкелей геноцид, экологиялық апаттармен қатар жүргiзiлдi. Билiк ұлттық құндылықтарды жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес ұлтын құруға тырысты. Бейбiтшiлiк пен келiсiм, негiзiнен, зорлықпен және жасанды идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негiзiнде ұлттық проблемалар шиеленiсе түсiп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне алып келдi. Айналып келгенде Кеңес Одағының құрдымға кетуi - дәл осы ұлттық мәселелердiң түбегейлi шешiлмеуiнiң нәтижесi болды.
Тәуелсiздiктен кейiн мемлекет пен саяси институттардың қызметi өзгерiске түсiп, экономикалық реформалар жүргiзiлгенмен этносаралық қатынастардың дамуы бұрынғы күйiнде қала бердi. Өкiнiшке қарай, Егемендiк Декларациясы мен Тәуелсiздiк туралы заңның Ұлттық мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ. Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешендi бағдарлама қабылданбады. Әлемдiк үрдiске сай, отарсыздану саясаты жүргiзiлуi тиiс едi. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуi ғасырлар бойы жинақталған өзектi мәселелердi өзiнен-өзi шешедi деген ұғымның қате екендiгiн әлем елдерiнiң де, Қазақстанның да тәжiрибесi анық дәлелдеп отыр.
Ұлттық саясат әлi де этносаралық қарым-қатынастардың кеңестiк стереотиптерiнен арыла алмай келедi. Қазақстанда ашық қақтығыстардың жоқтығы қоғамда шешуiн таппаған өткiр қайшылықтардың бар екендiгiн жоққа шығара алмайды.
Қазақстанда кеңестiк заманда 70 жыл бойы, тәуелсiздiк алғаннан кейiн 20 жылға жуық мерзiм iшiнде орыс тiлi iс жүзiндегi мемлекеттiк тiл рөлiн атқарып келедi. 1989 жылы қабылданған "Тiлдер туралы" заң қазақ тiлiнiң мүшкiл күйiн жақсарта алмады.
Билiк қоғамдағы этносаралық саясатпен тек Қазақстан халық ассамблеясы ғана айналысуы керек деген ұғымды қалыптастыруға тырысып келедi. Бұл түсiнiк мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың осы мәселедегi жауапкершiлiгiн төмендетедi. Ұлттық проблемаларды шешудiң дұрыс жолы бұл мәселелердi мүлде көтермеу деген ойлар да бой көрсетедi. Ұлт мәселелерiн алға қою ұлттық өзiмшiлдiк деп те бағалануда. Ал проблемалардың шешiлмей жинақтала беруi болашақта қайшылықтар мен тартыстар тудырып, ұлттық мемлекетiмiз бен тұтастығымызға қауiп-қатер төндiредi.
Жоғары билiк тарапынан ұсынылған еуразиялық идея мен қазақстандық ұлт саясаты - қазақ ұлты мен елдегi барлық этникалық топтардың келешегi, елдiң тағдыры үшiн аса қауiптi бастама. Қазақстанда 140-тан астам ұлт пен ұлыстың өкiлi тұрады деген жалған қағидаға сүйену де - түбегейлi қателiк. Қазақ елiнде бiр ғана ұлт, яғни мемлекет құрушы қазақ ұлты және басқа да этностық топтар тiршiлiк етедi дегендi ашық айтатын мезгiл жеттi. Билiктiң бастамасымен құрылып, ресми БАҚ-та кеңiнен жарнамаланған, бiрақ ұлттық мемлекет мүддесiне сәйкес келмейтiн Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық келiсiмдi қалыптастыруға, ұлттық проблемаларды реттеуге қауқарсыз екенiн уақыттың өзi дәлелдедi. Қазақстанда қазақ халқының барлық ұлттық құндылықтарына басымдық берiлуi және жеделдете шешiлуi тиiс. Мұндай саралап жiктеу түрлi этникалық топтарға жататын адамдарды алалау, олардың жеке азаматтық құқығын шектеу емес, бұл - әлемдiк ұстаным.

2. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел iшiнде дұрыс түсiнiстiк болмайды.
Қазақстан Республикасы жалпыға бiрдей ортақ территория, бiр ғана азаматтық, жалпыға бiрдей жоғары билiк, жалпыға бiрдей құқық жүйесi мен жалпыға бiрдей бiр ғана мемлекеттiк тiл негiзiнде дамитын болады.
Қазақ халқы қашанда қазақ жерiнде өмiр сүрiп жатқан орыс, украин, өзбек, ұйғыр, немiс, татар, қырғыз, түрiкмен, әзiрбайжан, тәжiк, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтардың тiлiне, дiнiне, мәдениетi мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзiмдiлiкпен қараған. Бүгiнгi күнi де өз елiнде басым көпшiлiкке айналған қазақ ұлты елдегi этносаралық және дiнаралық бiрлiктi сақтауды, олардың тiлiн, рухани құндылықтарын дамытуды өзiнiң басты мiндетi санайды. Мемлекет пен оның негiзi болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiнiң қамтамасыз етiлуiнiң кепiлi болып табылады. Қазақ жерiнде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттiң және бiртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлiгi болып саналады.
Мемлекеттiк тiлдi бiлу - әрбiр азаматтың мiндетi. Мемлекеттiң басты мiндетi - азаматтарға мемлекеттiк тiлдiң маңызын жан-жақты түсiндiре отырып, оның қоғамдық өмiрдiң барлық саласында қолданылуына қажеттiлiк тудыру.
Осы ұстанымдарды iске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:

* ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және бiлiм беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешендi түрде жүзеге асыруды;
* нәсiлiне, этникалық тобына, тiлiне, дiни сенiмiне, сондай-ақ әлеуметтiк топтар мен қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгiн қамтамасыз етудi;
* ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiруге, бiртұтас мемлекет пен қоғамды жiкке бөлуге, этносаралық және дiни алауыздықты, өшпендiлiк пен араздықты өршiтуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды;
* мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсiздiгiне қол жеткiзу, елiмiздiң өзiндiк ақпараттық-мәдени кеңiстiгiн құру, өзге елдердiң елiмiздегi қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруына жол бермеудi;
* елiмiздiң басқа да түрiк мемлекеттерiмен бiрдей болашақта латын әлiпбиiне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргiзiп, осыған қажеттi дайындықтарды жасауды;
* этностық немесе дiни ерекшелiктерге негiзделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және дiни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;
* Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды;
* Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының құқықтары мен мүдделерiн қорғау, қазақ тiлiн, мәдениетiн, ұлттық дәстүрлерiн сақтау мен дамытудағы iстерiне қолдау көрсетудi қолға алады.

3. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерiнде құрылған ұлттық мемлекеттi сақтау және нығайту.
Осы мақсатта:

барша азаматтарды қазақ ұлтының маңында топтастыру, тәуелсiздiгiмiз бен егемендiгiмiздiң баянды болуын қамтамасыз ету;
қазақ ұлтының тарихи жадын, тiлiн, дiлiн сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзiндiк ұлттық-мәдени ерекшелiгiн қалыптастыру және әлемге паш ету;
елiмiзде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тiлi мен мәдениетiнiң дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етiп, оған деген сенiмiн арттыру қажет.
Бұл үшiн мемлекет пен қоғам өздерiнiң ерiк-жiгерiн төмендегi негiзгi мiндеттердi атқару үшiн жұмылдыруы керек:
Қазақстан Республикасы қоғамының негiзгi ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;
қазақ тiлiн шын мәнiндегi мемлекеттiк тiл деңгейiне жеткiзiп, оны барша Қазақстан азаматтарын бiрiктiретiн факторға айналдыру;
этносаралық және дiнаралық саладағы мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиiмдi және пәрмендi қарым-қатынастарын қамтамасыз ететiн жүйенi қалыптастыру.

4. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ

1. Саяси-құқықтық салада:
Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретiнде саяси және құқықтық салаларда өзiнiң ұлттық саясатының мынадай негiзгi бағыттарын жүзеге асырады:
елiмiздiң барлық азаматтары мойындаған, негiзiнде өздерiнiң ортақ қазақ мемлекеттiгiне қатыстылығын терең сезiнетiн ұлттық құндылықтар жүйесiн қалыптастыру;
ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшiлдiк санасын қалыптастыру үшiн тарихи ақтаңдақтарға, әсiресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргiндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкiлдерiн зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттiк мұражайлар мен ескерткiштер ашу;
Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрмендiлiкпен жүргiзу;
мемлекетiмiздiң негiзiн қалаған, ұлтымыздың тәуелсiздiгi үшiн аянбай күрескен тарихи тұлғалардың аттарын мәңгiлiк қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткiштер мен атауларды өзгерту;
мемлекеттiң тұрақтылығы мен ұлт бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерiмен бүкiлхалықтық күрес жүргiзу;
елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
елдегi этносаралық қатынастарды реттейтiн заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендiру;
елдiмекендер мен жердiң тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргiзiлуi үшiн ономастика салаларында кешендi республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттiң ұлттық мүддесi тұрғысынан республикалық деңгейде шешу;
қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның iшiнде саяси партиялардың рөлiн арттыру, оларды этносаралық және дiнаралық мәселелердi шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкiлдерiмен тығыз жұмыс жасау.

2. Сыртқы саясат саласында:
Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты мiндетi - оның тәуелсiздiгi мен егемендiгiн, қауiпсiздiгi мен жерiнiң бiртұтастығын нығайту.
Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кiру мәселесiн тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделедi.
Халықаралық интеграция саясаты елiмiздiң тәуелсiздiгiне еш нұқсан келтiрмейтiндей ұтымдылықпен жүргiзiлуi тиiс. Осы кезге дейiн жасалған мемлекетаралық келiсiм-шарттар ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет.
Осы Тұжырымдамада көрсетiлген мәселелердi негiзге ала отырып ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауiпсiздiк доктриналары қайта қаралып, оларға қажеттi толықтырулар енгiзiлуi керек.
Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегi басымдықтарды:
АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты ядролық державалармен елiмiздiң егемендiгi мен тұтастығын қамтамасыз ететiн, кепiлдiк беретiн арнайы екiжақты келiсiмшарттар жасауға ұмтылу;
Қазақстан Республикасында шетелдiк әскери полигондардың орналасуына заң жүзiнде тыйым салу;
Екi мемлекет арасындағы келiсiмшарт мерзiмi бiткенде Ресейдiң әскери базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесiнен туындаған экологиялық, басқа зардаптарды өндiру мәселесiн қою;
Орталық Азия, түрiк және мұсылман мемлекеттерiмен саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсендi жүргiзу;
Еуроодақ институттарымен жақындасу саясатын үдету, "Еуропаға жол" мемлекеттiк бағдарламасын қайта қарап, толықтыра түсу;
Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде үмiткерлердiң мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейiн, бiлiмiн, жасын, кәсiбилiгiн, қаржылық мүмкiндiктерiн, туыстық қарым-қатынастардың бар-жоқтығын негiзге алу;
шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына қайтару саясатын белсендi түрде жүргiзiп, елiне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңiлдетiлген азаматтық беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай көмек көрсету;
қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиiмдi қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек көрсету мәселесiн мемлекетаралық деңгейде көтерiп, белсендi түрде iске асыру қажет.

3. Экономикалық және әлеуметтiк салада:
Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсiздiгiн сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепiлi ретiнде барша халықтың әлеуметтiк жағдайының деңгейiн жақсарту мен рухани өсуiне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Валюталы саясат және валюталы реттеудің түсінігі
Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Ақша-несие саясатының механизмі және оның ерекшелігі
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті
Пәндер