Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы



Кіріспе

1 Сақ тайпаларының орналасуы және оған байланысты көзқарастар
1.1 «Сақ» атауының шығуына байланысты пікірталастар
1.2. Сақ тайпаларының орналасуы.

2 Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым.қатынасы
2.1. Сақ.парсы қатынастары: себебі, барысы, салдары
2.2. Грек.парсы соғыстарына сақтардың қатысуы
2.3. Сақтардың көрші мемлекеттермен мәдени байланысы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Кез келген бір елдің ежелгі дәуіріне көз жүгіртер болсақ, олардың
әрқайсысының өзіндік қайталанбас құндылықтары бар екендігі белгілі.
Мәселен, Мысыр елі өзінің әйгілі пирамидаларымен мақтанса, Италия мен
Греция көне өркениеттерін үлгі тұтады, Ирак пен Сирия тәрізді елдер
өздерінің Қосөзендік мәдениетімен масаттанады. Көршілес Қытай сан мыңжылдық
салт-дәстүрімен ерекшеленсе, біз, қазақ халқы, кезінде бүкіл әлемді ат
дүбірімен үркітіп, Еуразиялық кеңістікте ат тұяғы жеткен жерді өз иелігі
деп санайтын, ұлы көшпелілік өркениетті қалыптастырған өзіміздің ата-
бабаларымызбен мақтанамыз. Олар өздерінің жауынгерлік қасиеттерінің
арқасында ежелгі деректердің бәрінен де орын алды десе де болады. Қазақ
даласының ежелгі көшпенділері әлемдік өркениет тұрғысында өздерінің өшпес
іздерін қалдырды деп айтуға тұратындай. Айталық, көшпелілер жылқыны қолға
үйретті, зергерлік тұрғысынан келгенде теңдесі жоқ аң бейнелі стилді
қалыптастырды, батыс пен шығысты байланыстыратын Ұлы жібек жолын сыйлады,
қайталанбас қорғандар архитектурасын қалдырды.
Қазақстан жерін мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, т.б. тайпалық
бірлестіктер өз заманына сай тарихи оқиғаларға белсене араласты. Олардың
кейбірі көршілес елдердің саяси жағдайын өзгертуге септіктерін тигізіп
отырды. Жоғарыда аталған тайпалардың ішінде сақ тайпалық одағы біздің
тарихымызда сан қыр жағынан танылды. Олардың мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы,
қоғамдық құрылыстары сол кездің өзінде-ақ көптеген авторлардың еңбектеріне
арқау болды. Міне, сол замандағы зерттеушілердің мәліметтері негізінде
сақтардың халықаралық қатынастардағы рөліне назар аударып көрейік.
Тақырыптың өзектілігі.Қазақстан тарихындағы сақ заманы әлемдік тарихқа
қосылған мол мұра екендігін жоғарыда атап өттік. Осы дәуірдің тарихын
зерттей отырып, біршама кейінгі кезеңдердегі тарихи мәселелерді талдауға,
әрі оларға қатысты обьективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік
аламыз. Сақ тайпалары сол заманда-ақ көршілес елдермен саяси және мәдени
байланыстарға түсіп, өз дәуірлерінің деректерінде есімдерін қалдырып кетті.
Кейінгі зерттеушілердің еңбектерінде сақтардың көршілес елдермен
байланыстары аталғанда, олардың тек соғыстарына мән беріліп, саяси
қатынастардың барысы мен мәні, қорытындысы жөнінде нақты дәлелдер айтыла
қойған жоқ.
Дүниежүзілік тарихқа көз салсақ ежелгі дәуірдегі халықтар мен елдердің
даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы
үшін парсы-грек қатынастарының сипатымен ерекшеленді. Ал, отандық
тарихымызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алды. Ұлан-байтақ аумақты алып
жатқан сақ тайпалық бірлестігі отырықшы көрші елдермен тығыз саяси-
экономикалық, сондай-ақ, мәдени байланыстар орната бастады. Сақтардың
тарихында тек саяси-экономикалық қана емес, мәдени дамудың жаңа кезеңі
басталды. Жалпы сол кезеңдегі көшпенділер құрған мемлекеттердің немесе
тайпалардың аты өзгеріп отырғанымен негізгі мазмұны, яғни, саяси,
экономикалық, әскери құрылымы, әсіресе, этникалық құрамы мен мәдени
дәстүрлік құндылықтары онша өзгеріске түсе қойған жоқ. Бұлай дегеніміз
көшпелілердің мәдениеті мен рухани дүниесінде айтарлықтай өзгеру, даму
болған жоқ дегендік емес. Тарихшы және археолог ғалымдарымыздың Дала
өркениеті деп атаған көшпелілер мәдениеті өзінің мәдени дәстүрлерінің
тарихи тамырларын сақтай отырып, көрші халықтардың мәдени жетістіктерін
шығармашылықпен игерді.
Отандық тарихымызда өзіндік сипат алған сақ кезеңін көршілес елдердің
көне тарихымен байланыстыра қарау, көп мәселенің бет-пердесін анықтауда
үлес қосары анық. Мемлекет болып қалыптасқан кез келген халықтың
көршілерімен түптің түбінде саяси, мәдени немесе экономикалық қатынастарға
түсетіндігі табиғи заңдылық. Осы тұрғыдан келгенде сақтардың көрші
халықтармен саяси-экономикалық байланыстарының тарихын ғана баяндаумен
шектелмей, керісінше сол қарым-қатынастардың себеп-салдары мен барысын,
кемшіліктері мен жетістіктерін зерделеу ең басты өзектілік болып табылады.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыс б.з.д. ҮІІ- IV ғасырлар
аралығында тарих төсіне шығып, Еуразия кеңістігінде көшпелі мәдениет
қалыптастыруда үлестерін қосқан сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-
қатынасына арналған. Бітіру жұмысында әр түрлі авторлардың деректері мен
кейінгі зерттеулердің негізінде, сақ тайпаларының сол кездегі алып
державалар санатындағы Ахемендіктер және ежелгі гректермен саяси-мәдени
байланыстары қарастырылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сақтардың халық аралық қатынастардағы
рөлін анықтауда біз сол заманғы деректерден бөлек, қарастырылып отырған
тақырыпқа тікелей қатысты зерттеулерге жүгінеміз. Ал ол зерттеулерді біз
хронологиялық шеңбер бойынша Қазан төңкерісіне дейінгі, Кеңес дәуіріндегі
және тәуелсіз Қазақстан уақытындағы деп үш кезеңге бөлеміз.
Қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты Қазан төңкерісіне дейін қалам
тартқан зерттеушілер еңбектері ішіндегі ең құндысы В.В. Григорьевтің О
скифском народе саках атты монографиясы (1). Зерттеушінің сақ тайпаларына
қатысты жасаған кейбір қорытындыларының кемшіліктеріне қарамастан, еңбек
өзінің құндылығын жоймайды. В.В. Григорьев алғашқылардың бірі болып сақ
этнониміне талдау жасап, грек-парсы деректеріне сүйеніп, сақ тайпаларының
қоныстану ареалын айқындауға тырысады. Оның бұл еңбегі кейінгі сақтанушы
ғалымдардың зерттеулеріне таптырмас олжаға айналды.
Қазан төңкерісінен кейін сақ дәуірін зерттеудің жаңа кезеңі басталды.
Еуразиялық кеңістікте көптеген археологиялық қазбалар жүргізіліп, олар
жазба деректермен салыстырылып ғылыми айналымға көптеген жаңа көзқарастар
келді. Кеңестік дәуірде сақ тайпаларына қатысты зерттеулердің жарық көргені
соншалық, оларды санамалаудың өзі бір бітіру жұмысының көлемінен асып
кетері анық. Сондықтан да біз зерттеуіміздің негізі болып отырған тақырыпқа
тікелей қатысты еңбектерге шолу жасаймыз. Кеңес заманында сақтардың көрші
мемлекеттермен байланыстары жайында біршама зерттеулер жарық көрді.
Солардың ішінде біздің тақырыпқа қатысты зерттеудің қатарына академик
В.В. Струвенің көлемді еңбегін алуға болады (2). Ғалым өзінің зерттеуін
толығымен сақтардың парсы билеушісі Дарий І қарым-қатынасына арнаған. Автор
Бехистун жазбасына сүйеніп сақ-парсы соғыстарының барысын және олардың
сипатын анықтауға тырысады. Алайда В.В. Струве Дарийдің сақтарға жасаған
жорығының уақытын, Бехистун жазбасын дұрыс оқымағанның салдарынан,
қателесіп береді.
Келесі бір зерттеуші С.П. Толстов өз еңбегінде сақтардың парсы
мемлекетімен байланысқа баруларының себептерін анықтауға тырысқан (3,4).
Біз қарастырып отырған мәселенің кейбір қырларын ашуда М.А. Дандамаевтің
ғылыми мойындалған мақаласы үлкен септігін тигізді (5). Ирантанушы ғалым
өзінің бұл мақаласында Бехистун жазбасындағы сақтарға байланысты мәтіндерге
талдау жасап, өзінің жоғары деңгейдегі тіл маманы екендігін көрсете білген.
И.В. Пьянковтың мақаласында Кир ІІ сақ тайпасы массагеттерге жасаған
жорығының бағыты жөнінде өте пәрменді ойлар айтылған. Зерттеуші әртүрлі
деректерді талдай отырып, парсы әскері мен сақтардың қақтығыстары өткен
жерлерді анықтауға қатысты жасаған тұжырымдары массагет тайпасының
орналасуын анықтау үшін де маңызға ие болды (6).
Ежелгі көшпелілер тарихымен белсенді түрде айналысқан
Б.А. Литвинскийдің (7) іргелі еңбегі біздің қарастырып отырған мәселелер
бойынша көптеген тұңғиықтарды айқындауға көмегін тигізеді. Зерттеушінің бұл
еңбекті әр түрлі деректерді шұқшия талдап, терең ғылыми талдаудан өткізіп
барып жариялағандығы көрініп тұр. Ғалымның сақ атауының пайда болуы мен
этнониміне қарасты жасаған тың ойлары және сақ тайпаларының қоныстануы
бойынша дайындаған кестесі бүгінгі күнге дейін ғылыми құндылығын жойған
жоқ.
Бітіру жұмысындағы кейбір мәселелер қазақсатандық кейбір ғалымдардың
ғылыми шығармаларында көрініс табады. Мәселен, К. Акишев пен Г. Кушаевтің
бірігіп жазған салиқалы еңбектерінде қазақ жеріндегі ежелгі көшпелілердің
болмысы барынша үлгілі сипатталған (8). Олардың бұл еңбектері отандық
тарихтағы бірегей жетістіктердің бірі болып табылады. Міне осыдан кейін
қазақ ғалымы К. Ақышевтің сақ тайпаларына байланысты кеңес одағының азулы
зерттеушілері мойындаған еңбектері жарық көрді (9).
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанан кейін, тарих ғылымына деген жаңаша
бетбұрыс жасалды. Мәселен, арнайы тарих жылы жарияланды. Ендігі жердегі
зерттеулер кеңестік бұғаудың ықпалымен емес, ұлттық-патриоттық тұрғыда
жазыла бастады. Бұрын белгісіз болған ақтаңдақтарымыз тарих сахнасына
көтеріліп, жоғымыз түгенделу үстінде. Тәуелсіздік алысымен қазақстандық
ғалымдар қазақ тарихын ұлттық идеяға сай жүйелеуге кірісті. Содан бері
жарық көрген еңбектерде біз қарастырып отырған мәселелер арнайы зерттелмесе
де, бірен-саран пікірлер айтылды.
Егеменді Қазақстанның тарих ғылымында жазылған алғашқы еңбектердің
бірі Қазақстан тарихы очеркетері болып табылады (10). Мұнда бүкіл қазақ
тарихының келелі мәселелері әрине қарастырыла қоймады, бірақ біздің талдап
отырған мәселелеріміз қысқаша баяндалған.
Бітіру жұмысының бірінші тарауына қатысты мәселелер белгілі ғалымдар
С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтың біріккен құнды еңбектерінде (11) және
қазақ тарихшыларының тыңғылықты зерттеулері барысында жарық көрген
Қазақстан тарихы Академиялық баспасында (12) өте жақсы ашылған.
Зерттеуіміздің негізі болып табылатын сақтардың көрші елдермен саяси
қарым-қатынастары А.Ш. Қадырбаев (13) пен К. Аманжоловтардың (14) іргелі
еңбектерінде ауыз толтырып айтарлықтай қамтылған. Аталмыш авторлардың
зерттеулері біздің тарихымызда сақ-парсы және сақ-македон қатынастарын
ашудағы алғашқы тұжырымдамалар болып табылады деуге болады.
Зерттеу жұмысымыздың тарихнамалық негізін қорытындылай келгенде
аталмыш тақырыпты толығымен ашуға көмектесетін еңбектің әлі жүйеленбегенін
байқаймыз. Бұның себебін тақырыпқа байланысты деректердің аздығы және осы
аз деректердің түпнұсқасымен жұмыс істейтін мамандардың саусақпен
санарлығынан көреміз.
Жұмыстың деректік қоры. Тақырыптың деректік қорын ежелгі грек
авторларының шығармалары мен парсы билеушілерінің әмірімен Бехистун тасына
қашалған жазбалар құрайды. Осы деректердің ішінде уақытының ертерегімен
және мәліметінің түпнұсқалығымен Бехистун жазбалары ерекшеленеді (15).
Бұл жазба парсы патшасы Дарий І бұйрығымен б.з.д. 518 жылы тасқа
түсіріледі. Жазбаның құндылығы онда сақ сөзі аталып, сақ тайпалық
бірлестігінің тайпалары жеке-жеке аталады.
ХІХ ғасырда Бехистун жазбаларының оқыла бастауымен ғалымдардың
белгісіз сақ тайпасына деген қызығушылығы пайда болып, сақтанудың негізі
қалана бастайды. Осы жазба мәліметтері көптеген ғалымдардың зерттеулеріне
арқау болып, бірталай пікірталастар туғызды. Деректе тек қана сақтардың
саяси тарихы мен этникалық құрамына қатысты мәліметтер ғана емес, сонымен
қатар сақтардың антропологиялық сипатын анықтауға көмекетесетін мағлұматтар
бар. Олай дейтініміз, Бехистун жазбасында Дарий І тұтқындаған сақ патшасы
Скунха және парсы сарайына салық әкелген шошақ бөрікті сақтар
бейнеленген.
Грек тарихшыларының еңбектері арасында тарих атасы Геродоттың
шығармасы біз үшін аса мол мәлімет көзі (16). Алайда, кітапта сақ
тайпаларының орналасуы, әдет-ғұрпы мен саяси тарихы жөнінде аса құнды
мәліметтер берілгенімен, тарихшы ретінде бұл мағлұматтарға аса сақтықпен
қарау керек. Себебі Геродот құрлықтың сақтар мекендеген жерінде болған емес
және олар туралы тек естігендерін жазған.
Бітіру жұмысының мазмұнын ашуда Страбонның (17), Полиеннің, т.б.
авторлардың еңбектері қолданылды. Полиен Дарий І мен сақтардың соғысы
кезіндегі қарапайым жылқышы Шырақтың ерлігін мәңгілік етіп, сақтардың
болашақ ұрпақтарына үлгі етіп қалдырады (18).
Сақтардың грек-парсы қатынастарына қатысуы жөнінде Аррианнан (19) және
Курций Руфтан (18) білеміз. Бұл авторлар сақтар туралы мәліметтерді грек-
парсы соғыстарының ең алғашқы сатысынан, яғни, Марафон шайқасынан бастап А.
Македонскийдің Орта Азияға жорығына дейін береді.
Сақтардың көрші елдермен мәдени қатынасын анықтау үшін археологиялық
экспедициялардың материалдары пайдаланылды.
Зороастризм дінің қасиетті кітабы Авеста арқылы сақтардың діни наным-
сенімдерінің кейбір негіздірін байқауға болады.
Бір сөзбен айтқанда осы тақырыпқа байланысты қолда бар деректер аса
көп болмағанымен, бізді қызықтыратын мәселені қайтадан қалпына келтіруге аз
да болса мүмкіндік бере алады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты
ежелгі тарихымыздың қалыптасуында елеулі қызмет атқарған сақ тайпалық
бірлестігінің көрші елдермен байланыстарын ашып көрсету. Және де сол
мәселелердің кеңестік және отандық тарихнамада зерттелінуінің негізгі
бағыттарын қарастыра отырып, өзіндік ой-тұжырымдамалар арқылы тақырыптың
толық ашылуына қадам жасау. Анықталған мақсатқа байланысты алдымызға
мынадай міндеттер қойдық:
- сақ атауының шығу тегі мен мәнін тарихнамалық жүйе арқылы
айқындау;
- сақ тайпалық одағындағы тайпаларға сипаттама беру және әр түрлі
деректер мен зерттеулер негізінде олардың топтасу ареалын
көрсету;
- сақ-парсы қатынастарының қалыптасуы мен барысын талдау;
- А. Македонскийдің сақтармен болған қақтығыстарын қорытындылау;
- сақтардың көрші халықтармен мәдени байланыстарын көрсету.
Зерттеудің нысаны ретінде сақ тайпаларының көрші мемлекеттермен саяси-
мәдени байланыстары алынды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырып бойынша әдебиеттерді қамтуда
тілдік, хронологиялық, ұлттық, мемлекеттік шектеулердің болмауында;
мәселенің жаңа методологиялық тұрғыда пайымдалуында; теориялық мәселелерге
назар аударылуында; сақ дәуіріндегі мемлекеттік дамудың өзіндік
ерекшеліктері мен дәстүрлері ұлттық-мәдени тарихымыздың қалыптасуымен тығыз
байланыстылығы туралы методологиялық принципті ұстануда.
Сонымен бірге жұмыста:
- сақтардың көрші халықтармен саяси-мәдени байланыстары тарихи
принцип бойынша жаңа жүйеге түсірілген;
- сақтардың көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастарын зерттеудің
жетістіктері мен кемшіліктері нақты түгенделді.
Ғылыми-практикалық құндылығы. Жұмыс сақтардың көрші халықтармен өзара
саяси-мәдени байланыстарын қарастыра отырып, тәуелсіз Қазақстанның тарихи
дәстүрлерін берік ұстанған бейбіт мемлекет ретіндегі халықаралық
қатынастардағы рөлін бағалауға, ұлттық мәдениетіміздің дәстүрлері мен
сабақтастығы туралы ғылыми көзқарастарды нақтылай түсуге, болашақ ұрпақты
өз мемлекетіміздің жарқын тарихи үрдістері арқылы қазақстандық патртотизмге
тәрбиелейді.
Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, қорытынды және
қосымшамен қатар екі бөлімнен (біріншісінде екі, екіншісінде үш тарауша)
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сақ тайпаларының орналасуы және оған байланысты көзқарастар

1.1 Сақ атауының шығуына байланысты пікірталастар.

Б.з.д. І мыңжылдықта қазақ даласында қаншама тайпалық одақтар тарих
сахнасына көтерілді. Олардың саяси-мәдени және экономикалық дәуірлеуі
ғылымда ерте темір дәуірі немесе ежелгі көшпелілердің заманы деген
терминдерді қалыптастырды. Ол тайпалық одақтардың ішіндегі ең ежелгісі және
кең ауқымда таралғандары сақ тайпалық бірлестіктері болды. Қазақстандық
кейбір зерттеушілердің пікірлері бойынша сақтар андрон мәдениетінің тікелей
жалғастырушылары болып есептеледі. Мұны археологиялық, антропологиялық және
генетикалық зерттеулер дәлелдеп отыр (8,121-136).
Жалпы алғанда біз өзіміздің ата-бабаларымыздың бірі деп санайтын
сақтар жөнінде әлі күнге дейін ғылымда нақты тұжырымдар қалыптаса қоймады.
Мәселен, сақ атауы жөнінде, сақтар бірлестігіндегі тайпалар жайында,
сақтардың орналасуы мен топтасуы турасында жүйеге негізделген пікірлер
ғылыми айналым үстінде.
Әрине біз бұл жерде жоғарыда аталған мәселе бойынша мүлде зерттеулер
жасалмады деуден мүлде аулақпыз. Ежелгі антик авторлардың шығармалары мен
археологиялық мәліметтер негізінде тұжырымдамалар жасалуда, және де жалғаса
бермек. Осы күнге дейін сақтарға қатысты жарық көрген әртүрлі деректерге
сүйеніп, жоғарыда аталған сақ мәселелерінің ішіндегі ең күрделісі де,
қызықтысы сақ атауының шығуына талдау жасап көрейік.
Сақ атауы төңірегіндегі пікірлер ежелгі заманда-ақ қалыптаса бастады
десе де болады. Оны сақ атауының ежелгі жазба деректерде кездесуі және осы
турасында сол кездегі ғалымдардың айтқан көзқарастары дәлелдей түседі.
Жалпы сақ атауының өзі кейбір ассириятанушылардың пікірінше б.з.д. 641-
640 жылдары ассирия анналдарында ұшырасады. Онда сақ патшасы Тугдамға
қарсы соғыс жөнінде баяндалады. Бұл жағдай б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларда
Алдыңғы Азияға келген көшпенділірде сақ этнонимінің болғандығын көрсетеді
(20,143) Одан кейінгі мәліметтерді Геродоттан кездестіреміз. Геродроттың
дерегі бойынша сақтар дегеніміз скифтер, парсылар барлық скифтерді сақтар
деп атаған.
Геродоттың мәліметтерін Плиний де қайталап, парсылар скифтерді
жалпылама сақтар деп атағандығы жөнінде өз еңбегінде келтірген (21,12-13).
Ежелгі үнді жазбаларында сақ сөзі үнді тілінің негізінде аударылып,
мықты, күшті болу тәрізді сөздерге сәйкестендірілген (7,157).
Диодор былай деп жазды: Скифтер тайпасы көп болып өсті және олардың
қайталанбас тұлғалары болды. Сол тұлғалардың есімдерімен кейіннен сақ,
массагет, аримаспа, т.б., тайпалары атала бастады (22,122). Автордың
мәліметіне қарағанда сақ сөзі белгілі бір тайпаның атауы емес, керісінше,
адам есімі. Мұның өзі, қазақ халқын құрап отырған тайпаларды шежірелік
негізде адам есімімен байланыстыру мәселесіне жетелейді. Бірақ, әриен біз
аталған автордың ойын қолдай салудан аулақпыз, қайткенде де оны жоққа да
шығаруға болмайтындай.
Мұнымен қатар сақ этнонимін ежелгі грек салты қалқанмен
байланыстырады. Бұның түсіндірмесін Стефан Византийский былайша береді:
Сақ халқы сауытты ойлап тапқандықтан оларды осылайша атады (23,43).
Мәліметке қарағанда сақ атауы олардың кәсібіне байланысты пайда болған.
Біздіңше мұның шындыққа бір қадам жақындай қоюы күмәнді. Әйтсе де, ғылыми
ізденісті қажет етпегендігі анық.
Ғалымдардың бір тобы мұнымен шектелмей, сақ этимологиясын итпен
байланыстырады. Сақ тайпасына өзінің көлемді зерттеуін арнаған орыс
шығыстанушы ғалымы В.В. Григорьев сақ сөзінің түп тамырын ежелгі парсы
және славян тілдері негізінде ит атауымен байланыстыруға тырысады (1,37).
Ғалымның сөзіне сүйенсек сақ сөзінің парсыша немесе славянша
баламасы ит дегенді білдіреді. Яғни, сақтар атауы иттер дегенге саяды.
Парсылар сақтарды сақа, оларды ит деп қорлаған деп түйеді және бұл
ойының дұрыстығына көшпелілерде өздерін ит деп атау дәстүрінің ежелден
барлығын, оның тіпті де қорлық атау еместігін, мысалы, түрік халқының бір
бөлегінің қазірде ноғай деп атайтындығын, ал моңғолдың нохой деген сөзі
түрікше ит деген ұғымды беретінін дәлел етеді.
Алайда, атақты ғалымның бұл пайымдауымен де келісу қиын сияқты.
Себебі, пікірімізді оның соңғы ойынан бастасақ, ноғай деген халықтық атау
моңғолдың нохой сөзінен емес, Алтын Орданың әйгілі бегілер бегі Ноғай
сұлтанның атынан шыққан. Соған орай ноғай сөзінің тұп төркіні, тіпті,
моңғолдың сол нохойынан деген күннің өзінде де ол бүкіл халақтық
түсінікте ит емес, кісі аты.
Біздің түсінігімізде сақ – букіл азиялық скифтерге көне парсылардың
берген атауы. Сақтарды гректеніп кеткен скифтерден бөлу керек болғанда,
грек тарихшысы Страбон оларды азиялық скифтер деп атайды. Рим жазушысы
Үлкен Плиний де осылай ерекшелейді.
Мұндай ерекшелеудің Геродотта бар екендігі де белгілі. Демек, сақ –
тым ерте замандардан бар, көне парсылар үшін өзіндік мағынаға ие,
қалыптасқан, орныққан атау. Сондықтан В.В. Грегорьевтің осы қалыптасқан
атауды кейін жаңа парсы тілінде өзгеріске ұшырап сек аталуы деуі көңілге
қонбайды. Оның үстіне көне парсыша ит деген ұғымды спако деген сөз берсе
керек еді. Өйткені парсы мемлекетінің негізін қалаған атақты Кир патшаның
асыраған өгей шешесі, бақташы Митридаттың әйелі Спаконың атын тарихшылардың
ит деп түсіндіретіне баршаға белгілі.
Зерттеушінің көзқарасы осы ұстанымда қатып қалған тәрізді. В.В.
Григорьев сақ атауының ежелгі парсы тіліндегі ит сөзін білдіреді деген
дәлелдеуімен қоса, сақтарды славян халқы деп есептейді. Бұған байланысты
ғалымның өзіндік ойы толғамы болған шығар, бірақ сақтарды ит сөзімен
салғастыру және ежелгі славяндар деп баса атап өту орынсыз. Қалай дегенде
В.В. Григорьевтің пікірін қолдайтын зерттеушілер табылып, олар аталған
ғалымның түсіндірмесін одан ары дамытқан еді. Олардың қатарында Ван Виндекс
1949 жылы Х. Шелдтің зерттеулеріне сүйеніп, сақ атауының мағынасы жай
ғана ит емес, күзетші ит дегенді білдіреді деген ұсыныс тастады.
Аталған зерттеушілердің басты аргументтері сақ сөзі ежелгі парсы және
тәжік тілдерінде ит атауына сәйкес келеді (7,157).
1951 жылы француз ғалымы О. Жемеранье сақ сөзін итпен ұштастыратын
ғалымдардың көзқарастарына үлкен сын айтты. Ол көптеген лингвистикалық
талдаулар жасап, сақ сөзі итті білдірмейтіндігін дәлелдеп берді.
Зерттеуші сақ атауын ежелгі иран тілі контекстінде қарастырып, оның
аудармасы жүру, жүргізу, ағу дегенді білдіретіндігін айқындады.
Осылардың негізінде сақ этимологиясының мағынасы, жүргізуші, жылдам,
көшпелі ұғымдарына келеді деп, өз пікірін ұсынады (7,157).
Осыған қарамастан сақ атауының түсіндірмесін жануарлар әлемімен
байланыстыру азая қоймады. Мәселен, В.И. Абаев сақ сөзін бұғымен
байланыстырады. Оған дейінгі ғалымдар иран немесе тәжік тілдеріне сүйенсе,
ол осетин тіліне негіз артып, сақ сөзінің баламасы бұғы дегенді алдыға
тартты. Мұның себебін ол бұғы сақтардың тотемі болғандығымен айшықтайды
(24,37-49).
Келесі бір зерттеуші Г. Бэйли 1958 жылы сақ атауының мағынасы ит
немесе бұғы дегенге келмейді, бұл үлкен қателік деген пікір білдіреді.
Мұнымен қоса зерттеуші О. Жемераньидің жүгіруші, қозғалушы деген
көзқарастарын қолдамады (7,158).
Бұлардан басқа сақ атауының мағынасын ашуда географ К. Риттер
өзіндік ой-тұжырымдарын жасады. Оның пікірінше сақ атауы бір халықты
білдіретін сөз емес, діни лақаб есім. К. Риттердің түсіндірмесі бойынша
парсылар өздерінің солтүстік-батыстағы өзге діндегі көршілерін осылай, яғни
сақтар деп атаған. Аталмыш зерттеушінің пікірінше сақтар парсыларға
жабайы көрінген, өзге бір бөтен дінге табынып, соған байланысты сақ атауын
иеленген. Сақтар ұстанған дін қандай деген сауалға К. Риттер буддизмнің
алғашқы ұшқындары деп жауап береді (1,37-38). Мұның да тарихи шындықпен
сабақтасуы екіталай болуы ықтимал. Өйткені К. Риттердің бұл тұжырымдамасы
кейінгі зерттеушілердің еңбектерінде қолдау таппады. Осының өзі көп нәрсені
аңғартатындай.
Сақ этнонимінің этимологиясы жөнінде өз пікірін білдірген ғалым
Б.А.Калоевтің сақты осетиннің бұғы деген ұғымды білдіретін саг сөзінен
шықты дейтін пікірімен де келісе қою қиын. Себебі, сақ этнонимі тек
осетиндердің арғы тегі аландарға ғана тән емес, бүкіл көшпелілердің белгілі
бір бөлігіне, яғни тұтас сақ тайпалық бірлестігіне берілген атау. Ендеше,
көне парсылардың Каспий теңізінің теріскей шығысындағы тайпалық одақтардың
бірінде бар бұғы деген сөзді ала салып, оны бүкіл сақтарға айдар етіп
тағуы ешқандай қисынға келмейтін секілді. Ол үшін белгілі бір себеп болуы
керек. Оның үстіне сақтар сақ аталып жүрген заманда аландар савроматтар
(сарматтар) құрамында жүргенін де ұмытуға болмас.
Сондықтан да Б.А. Калоевтің сақ этнонимін осетиннің бұғы деген
ұғымды білдіретін саг сөзінен шықты дейтін пікірін де бар болғаны сөз
ұқсастығын негізге алғаннан туған пайымдаулардың бірі деп қарауға тура
келеді. Өйткені мұндай сөз ұқсастығына алдану ғылым үшін жаңалық емес,
ежелден бар тірлік. Бұған мысалды, басқаны қойғанда, осы сақ атауына
байланысты ғалымдар болжамынан да келтіруге болады. Накши-Рустем жазуындағы
сақтың үш тайпасының бірі – сака-тиграхауда атауының мәнін түсіндірген
зерттеушілердің біразының осындағы тигр сөзін қазіргі Ирак жеріндегі екі
өзеннің бірінің атауы – Тигрге ұқсайтындығын шығарып, ешқандай негізі
болмаса да Каспий теңізінің шығысын мекендеген тайпаларды көшіріп апарып,
сонау алдыңғы Азиядағы Тигр өзенінің бойына орналастырғаны тарихтан
белгілі. Кезінде Роулинсон сака-тиграхауданы - Тигр өзенінің бойындағы
жазықты мекендеуші сақтар, ал Бенфен – Тигр өзенінің суын ішуші сақтар,
яғни Тигр өзенінің бойындағы сақтар деп дәлелдеген. Алайда мұның бәрі сөз
ұқсастығына алдану еді. Өйткені сака-тиграхауданың кейін анықталып, ғылым
мойындаған мағынасы – шошақбөрікті сақтар болатын.
Жалпы сақ атауына байланысты жоғарыда аталған зерттеушілердің
пікірлері негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Сақ атауына
қатысты өз ойларын білдірген ғалымдардың тұжырымдарына қарағанда, бүгінге
дейін тарих ғылымында сақ атауы мағынасының дұрыс нұсқасына жақындау
пікір айтыла қоймаған тәрізді.
Әр зерттеуші, әртүрлі деректер тұрғысынан сақ этнонимінің шығу тегін
сан-саққа жүгіртеді. Біздіңше, сақ атауының түсінігін ежелгі
көшпелілердің тұрмыс-тіршілігін, кәсібін, орналасқан жерін талдау арқылы,
сақтардың көрші мемлекеттемен қарым қатынасын анықтау арқылы, себебі сақ
сөзі тайпалық атау ретінде ең алдымен көршілері-парсылардың қалдырған
деректерінен алынып, ғылыми айналымға енгізілген, сақтардың ұрпақтары деп
саналатын халықтардың болмысын зерттеу арқылы қарастыру кезек күттірмейтін
мәселе сияқты. Ал, сақ тайпаларының бірлестігіндегі тиграхауда сақтары,
хаомоварга сақтары, т.б. сақтардың этимологиясы жөнінде сақтардың
топтасуына байланысты қарастырған кезде тоқталып өтетін боламыз.

1.2. Сақ тайпаларының орналасуы.

Сақ тайпаларының топтасу мәселесі сақтану тұрғысынан келгенде ең
күрделі тақырыптардың бірі болып саналады. Оның себебі ежелгі деректердің
сақ одағы құрамындағы тайпаларды әртүрлі атауы, орналасқан жерлері мен
кәсіптеріне байланысты түрлі мәліметтер беруі ғылымда көптеген қателіктер
тудырғаны белгілі. Сақ тайпаларының орналасу мәселесіне көңіл бөлмес бұрын,
алдымен сақ бірлестігі құрамындағы тайпаларды айқындап алу қажет тәрізді.
Ол үшін ежелгі Рим ғалымы Плинийдің Естественная история атты еңбегінен
үзінді келтірейік: Яксарттың арғы жағында скиф тайпалары тіршілік етеді.
Парсылар оларды сақтар деп атаса, ежелгі жазушылар – аромилер деп атаған.
Скиф халқының саны таусылмайды, оларды парсылармен теңдестіруге болады.
Скифтердің ішіндегі ең атақтылары мыналар: сақтар, массагеттер, дай,
исседондар, астактар, румниктер, пестиктер, гомодоттар, эдондар,
аримаспалар, антракаттар (15,22). Көріп отырғанымыздай аталған тайпалардың
ішінде бізге таныстары сақтар, массагеттер, дайлар, исседондар және
аримаспалар. Автор сақтарды скифтердің құрамына кіргізеді. Біз жоғарыда
гректер барлық тайпаларды скифтер деп атағандығын айтқанбыз, ал парсылар
болса керісінше бәрін сақ атауымен атайды.
Ежелгі парсы жазбаларында сақ тайпаларының мынадай атаулары кездеседі:
сақтар, тиграхауда сақтары, хаомаварга сақтары, парадарая сақтары, дайлар
(7,158).
Ғылымда осы аталған тайпаларды қоныстандыру жөніндегі айтыс-
тартыстардың ұзақ тарихы бар.
Бехистун жазбаларының сырын ашуда өзіндік еңбек сіңірген Г.
Раулинсон 1849 жылы Бехистун жазбаларына қатысты шығармасын жариялаған
кезде, онда тиграхауда сақтарына екі бет арнаған. Ол жоғарыда аталған жазба
негізінде тиграхауда сақтарын сақ тайпалық одағының батыс бөлігі деп санап,
оларды Тигр өзені бойына орналастырады. Бұл жерде ғалым тайпа атауындағы
тигра сөзінің атақты Тигр өзенімен құсастығын негізге алды. Алайда бұл
пікір тым асығыс жасалғандықтан шындыққа қатысы аздау.
Осы тиграхауда сақтарының территориясы қай аймақта болғандығы
ғалымдар арасында өзінше тартыс туғызғандығы мәлім. Тиграхауда сақтары
деген сөздің парсы тіліндегі мағынасы шошақ бөрікті дегенді білдіреді.
Бұл жөнінде Бехистун жазбасында мынадай жолдар бар: Осыдан кейін мен өз
әскерімді шошақ бөрік киген сақтарға қарсы бағыттадым... (15,25). Көріп
отырғанымыздай парсылар бұрын көршілерін жалпы сақтар деген атаумен атаса,
ендігі жерде олардың киімдеріне немесе орналасқан жерлері мен кәсіптеріне
байланысты жіктей бастаған тәрізді. Осы тиграхауда сақтарының орналасқан
жерлерін анықтауда ортақ пікір жоқ. Әрбір зерттеуші өзіндік көзқарасын
ұсынуға тырысқан. Мәселен, ғалымдардың мына тобы В.В. Григорьев (1,159),
Ф.Сарр мен Е.Хесфельд (7,159), К.В Тревер (25,45-48), И.И.Копылов (7,161),
К. Акишев (8,16-20) тиграхауда сақтарын Қырғызстан, Талас-Шу өзендерінің
аңғарында, Қазақстанның оңтүстігінде, Ташкент оазисінде орналастырады.
Ғалымдардың келесі тобы А. Херманн (7,159), С.Толстов (3,243-244), А.Н.
Бернштам (26,188), Я. Гулямов (27,95), М.А. Дандамаев (5,180-182)
тиграхауда сақтарының топтасқан жерлерін Сырдария мен Амударияның бойлары
және Арал теңізінің маңы деп көрсетті. Сонымен бірге В.Струве (28,57-59),
А. Олмстед (7,161) тәрізді ғалымдар тиграхауда сақтарын мүлдем ары Каспий
теңізі маңына топтастырды.
Біздің ойымызша тиграхауда сақтарының топтасқан орындары Аралдың
бойынан Жетісуға дейінгі территориялық-аймақ болған секілді. Өйткені сақ
обалары көбіне Жетісу жеріне топтасқан, сол себепті де Жетісу сақтар үшін
ата-баба жұрты болып есептелуі де мүмкін. Кезінде сақтар парсылармен
соғысқанда, өздерінде ешқандай қала жоқтығын айтып, олар үшін ата-баба
моласы қымбат деп атап өткен болатын. Сондықтанда сақтар жауларын Жетісу
жерінде емес, одан жырақ өлкелерде қарсы алуға тырысуы мүмкін.
Тиграхауда сақтарының орналасуын анықтаудағы тәрізді, хаумаварга
сақтарының мекендеген жерлерін анықтау өте күрделі мәселелердің бірі.
Хаумаварга деген сөздің тікелей мағынасы хаома сусынын ішетіндер деп
түсіндіріледі. Хаома эфедра сусынынан жасалып, оның адамды қоздыртатын
қасиеті болған (11,37). Ал эфедра өсімдігінің өте жақсы өсетін жері Памир-
Алай таулы-қыраты. Осыған сүйенген С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султанов
хаомаварга сақтарының мекені Шығыс Түркістан мен Ферғана өңірі деп баса
атап өтеді (14,38). Мұндай көзқарастарды кезінде Ф. Жюстин, А.Н.
Бернштам, И. Копылов, Я. Гулямов, М. Грязнов сынды зерттеушілер өз
еңбектерінде нақтылап берген болатын. Шындық пікір таластыру барысында
туады дегендей, жоғарыда аталған ғалымдармен келіспеушілер де болғандығы
мәлім.
Мәселен, Г. Роулинсон, А. Олмстед сынды ғалымдар хаумауарга сақтарының
орналасқан жерлері қазіргі Үндістанның территориясы деп көрсетеді (1,159-
161). Белгілі археолог С. Толстов аталмыш тайпаларды Қызылқұм ауданына
топтастырады (3, 243). Бұл жерде айта кететін жәйт, Геродот осы хаумаварга
сақтарын Бехистун жазбасындағы сақтармен сәйкестендіреді. Бұл пікірді
зерттеуші Б. Литвинский де қолдап, хаумаварга сақтары Дарийден бұрын Кирге
бағынған деген пікір айтады (1, 164). Страбонның деректері Үндістан
территориясымен шектес аймақта көшпелі сақ тайпаларының болғандығы
кездеседі. Диодор Сицилискийдің мәліметтері Страбонның жазбаларын растайды
(1, 164).
Келтірілген деректердің көпшілігі сақтардың Үндістан шекаралас
болғандығы жөнінде мәлімет береді. Осыған қарап хаумаварга сақтары Үндістан
территориясын мекен еткен деген пікір қалыптасқан. 1862 жылы Геродоттың
жазбаларын аударған ағылшын ғалымы Г. Раулинсон хаумаварга сақтары
дегеніміз, үнді жеріндегі шығыс сақтары деген мағынаны беруі мүмкін деп
топшалаған. Осыған қарағанда сақтардың кейбір тайпалары, аталған аудандарда
топтасуы ықтимал. Сонымен бірге зерттеуші И. Шефтеловиц сақтар Ундістан мен
Ахеменид заманынан бері көрші болып келген деп санайды. Жоғарыда
айтылғандардың негізінде шығаратын қорытындымыз хаумаварга сақтарының басым
бөлігі Үндістан мен Бактрия арасында топтасқан.
Синьцзян университетінің тарих факультетінің профессоры Су Бэйхай
сақтардың орналасуын былай көрсетеді: біріншісі хаумауарга сақтары, бұлар
Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген; екіншісі, тиграхауда сақтары,
яғни шошақбөрікті сақтар, олар Қырғызстан мен Қазақстанның Далалық
аймақтарын, Памир үстірті мен Алтай жотасынан тура солтүстікке, Тянь Шань,
Алтай таулары, Ташкент, Талас, Шу, Іле және Балхаш көлінің шығыс жағын
қамтыған қонысты мекендеген; үшіншісі, парадарая сақтары, яғни теңіздің
арғы жағындағы сақтар, бұлар Әмударияның терістігін, Арал теңізінің шығыс
жағын, Соғдиянаны мекендеген (29,8-9).
ХҮ сатрапия құрамында көрсетілген каспиилерді В.В. Струве Каспии
теңізінің шығыс жағалауына орналастырады. Және олар өз атауын теңіздің
атынана алды дейді. Алайда әлемдік тәжрибеде жер немесе су атымен халық
аттары аталмағаны белгілі. Керісінше ел немесе тайпа мекендеген жер-суына
өз атауларын берген. Пьянковтың ойынша каспилер Кашмирде орналасуы мүмкін
деген тұжырымға қарсы болмайды(6,122).
Келесі бір анықтайтын мәселе Соғдының арғы жағындағы сақтар
дегеніміз кімдер? Бехистун жазбасындағы Соғдының арғы жағындағы сақтар
біраз пікірталастар тудырды. Академик В.В. Струвенің пайымдауынша, біздіңше
дұрыс, Соғдының арғы жағындағы сақтар деп Дарий өзінің империясының
үлкендігін, оның бір шекарасының Соғдының арғы жағында жатқандығын
көрсеткісі келді. Және осы сақтарға оңтүстік-батыста орналасқан парсылардың
көзімен қарайтын болсақ, онда бұл сақтар Соғдының солтүстік-шығысында
орналасуы тиіс. Яғни бұл территория барлық сақ тайпаларының қоныстануының
бастапқы шекарасы. Бұдан шығатын қорытынды парсылар соғдының арғы
жағындағы сақтар деп жалпы Парсы империясының солтүстік-шығысында
орналасқан сақтарды атаған.
Сақ тайпалар одағына кіретін келесі бір тайпа массагеттер. Геродотқа
сенсек бұл тайпа үлкен әрі күшті болған (14,205). Олардың негізгі топтасқан
жері Каспий теңізі мен Амударияның аралығы болған. В. Тарн Геродот пен
Страбонның жазбаларында кездесетін массагет тайпаларының бірлестігі бес
тайпадан құралған деген пікір айтады (7,81). Олар мыналар: дербик, апасиак,
аттаси, хорасми және аучаси. Осылардың ішінде хорасмилер басқарушы рөл
атқарған. С. Толстовтың дәлелдеуінше массагет одағына мыналар енген:
хорасми, апасиактар (су сақтары Хоремнің солтүстік шекарасында, Узбой мен
Жаңадарияның арасында), сакаравактар, тохарлар (Қуандария бойы), дербиктер
(Амударияның орта ағысы, асилер (Сырдария өзенінің орта ағысы, яғни қазіргі
Түркістаннан Ташкентке дейінгі аралық), аттасилер (3, 104).
Дайлар ең алғашқы рет Авестада аталады, ал Персополдегі жазбада олар
парсыларға бағынышты ең бір мықты тайпалар болып аталады. Дайлардың ата
қоныстары Танаистың (Сырдарияның) арғы жағында және Арал маңында
еді(19,ІІІ,28). Дарий ІІІ одақтастары ретінде дайлар да аталады. Атақты
Гавгамелла түбіндегі шайқасында дайлар Александрдың ең жақсы әскеріне төтеп
береді. Аррианның жазғаны бойынша дайлардың өздері де, олардың аттары да
сауытпен қорғалған болатын. Танаистың арғы жағындағы дайлар
макендондықтармен Дарий ІІІ өлімінен кейін де күреседі.
Бактрия Сатрапы Бесс Александрмен күресі кезінде жақын арады оған
көмекке дайлар келеді деп сенімді болған. Дірақ дайлар Александар
Македонскимен оның Индияға жорығына қатысқан. Дайлар гректермен әскери одақ
құрып не жалдамалы әскер ретінде қосылған.
Бұл жерде дайлардың өздері мен аттарын қорғаған сауытқа назар аудару
керек. Мұндай сауытты жүз жыл ертерек Геродот массагеттерде болғандығын
айтады (16І,215).
Мұны тек жазба деректер ғана емес археологиялық материалдар да
дәлелдейді. 50-жылдары С.П. Толстов басқарған Хорезм экспедициясы Арал
маңындағы сақтардың астанасы Шырық рабатты қазған кезде б.з.д. ІҮ ғасырға
жататын қорғаннан темір сауыт табады(4,148-150).
Страбон массагеттердің ерржүректілігіне тамсанса, Геродот оларда алтын
мен мыс бастан асып жатыр дейді. Ал дайлар туралы Арриан олар аттары да,
өздері де сауытпен қорғалған деп, Александрдың Индияға жорығында ең мықты
жасағын құраған дейді. Ежелгі грек авторлары екі тайпаны бөлек
көрсеткенімен, олардың ортақ территорияда орналасқанын, Арал маңында ортақ
әкімшілік орталықтары мен патшаларының ордалары орналасқанын білмеді.
Уақыт өте, б.з.д. ІІІ ғасырға таман дай атауы толығымен массагет
атауын ығыстырады.
Көптеген ғалымдар исседон тайпасын Орал маңы мен Қазақстанның орталық
аймақтарына орналастырады. Исседондардың салттары массагеттердің
салттарсымен өте ұқсаса. Қазақстандағы сақ ескеркіштерінің үлкен маманы
К.А. Ақышев Орталық Қазақстандағы тасмола мәдениеті деп аталатын ерте
темір дәуіріне жататын сақтардың мәдениетін исседондар қалдырды деп
тұжырымдайды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сақ
мәдениетінің гүлденуін ғалым сақ мәдениеті қалыптасып болған орталық
қазақстандық исседондардың Оңтүстік Қазақстан мен Қырғыстанға жылжуынан
деп санайды (8,134-135).
Сақ тайпаларының Қазақстан территориясында орналасуын қорытындыласақ:
тиграхауда сақтары немесе массагеттер Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуды,
исседондар орталық Қазақстанды, дайлар Амударияның төменгі ағысын,
хаумаваргалар Қазақстанстаннан оңтүстігірек, яғни Памир-Алай аймағында
мекендеген.

2 Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы

2.1. Сақ-парсы қатынастары: себебі, барысы, салдары

Сақ-парсы қатынастары қалыптасуының себептерін анықтамас бұрын,
алдымен Парсы мемлекетінің сыртқы саясатын қысқаша баяндап өтелік. Оның біз
талдап отырған мәселені нақтылау үшін тигізетін ықпалы айтарлықтай.
Ежелгі парсы тарихы жазба деректерде өте аз ұшырасады. Алғашқы
парсылар б.з.д. ІХ ғасырда аталады. Бұл уақытта көшпелі парсы тайпалары
Загрос тауынан Аншан аймағына қарай қоныс аударады. Осы кездің өзінде
парсылар тайпалық одаққа бірігіп, Ахемендік әулетінің басқаруында болған
тәрізді (30,102).
Б.з.д. 558 ж. шамасында Кир ІІ парсы патшасы болып тағайындалады. 550
ж. Кир Мидияны жаулап алып, Мидия патшаларының лауазымдарын иеленді.
Сонымен бірге парсылар мидиялықтардың мемлекеттік басқару жүйесі мен
мәдениетін қабылдайды. Сол себепті де көптеген ежелгі халықтар парсыларды
Мидиялықтар деп атаған (30,105).
Мидияны жаулап алғаннан кейін Кир Парфияны өзіне бағындырады. Б.з.д.
546 ж. Кир Вавилон мен Египеттің көмегіне қарамастан Лидияны жаулап алады.
Сонымен бірге Кир 545 пен 539 жылдар аралығында Дранжананы, Маргиянаны,
Хорезмді, Согдиянаны, Бактрияны өзінің империясының құрамына қосады.
Осылайша Кир маңайындағы елдерді бағындырғаннан кейін, Вавилонға қарсы
аттанады да, б.з.д. 539 ж. Вавилон Кирдің алдында тізе бүгеді.
Сол кезеңдегі бүкіл сауда жолдарын қолына шоғырландырған Кир ендігі
жерде өз империясының құрамына Египетті қосқысы келеді. Ол Египетке атанбас
бұрын, өз империясының оңтүстік-шығыс бөлігін қауіпсіз ету үшін Орталық
азиядағы сақтарды тыныштандырмақшы болды. Бұдан бөлек Кирдің сақтарға қарсы
соғыс ашуының себептеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Ендігі жерде сол
мәселелерге назар аударайық.
Ежелгі шығыс тарихында Кир ІІ көшпелі сақ тайпаларына жасаған жорығы
Парсы империясының солтүстік-шығыс бөлігі көршілес көшпелі тайпалардың жиі
шабуылдарынан зардап шегіп, сондықтан Кир өзінің ең қиыр шекарасын аман сау
сақтап қалғысы келген деп түсіндіріледі. Өйткені массагеттердің бұл
шабуылдары Ахемен империясының тұрғындары, отырықшы иран халқына зиян
келтіріп отырды (31,79).
Кирдің сақтармен қақтығысқа баруын бір ауыз сөзбен жеткізе салу қиын.
Кирдің бұл іс-әрекетін бірнеше нұсқалар арқылы түсіндіруге болатын тәрізді.
Біріншіден, Кирдің жаулап алу саясаты көршілерін бағындырумен ғана
шектелмеді. Ол талантты қолбасшы және ақылды билеуші ретінде өте бай,
ауқатты Мысыр елін өзінің салық төлеушісі ретінде қабылдауды армандады. Ал
ондай алыс жорыққа аттану үшін өз еліңнің ішінде саяси тұрақтылық болуы
керектігін Кир жақсы түсінді. Өзінің жанында көрші ретінде өте жауынгер
сақтарды иеленген Кир елін тастап алыс сапарға аттана алмады. Сондықтан Кир
Мысырға аттанбас бұрын көршілілес орналасқан жауынгер сақтарды алдымен
бағындыруды дұрыс көрді (32,52).
Екіншіден, парсылардың жадында Орта Азиядан қоныс аударған көшпелі
тайпалардың Алдыңғы Азияда билік құрғаны жақсы сақталған. Геродоттың
мәліметтеріне сүйенсек, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғасырлар арасында сақтар Мидияны
жаулап алып, ол жерде 28 жыл бойы билік құрған (33,205). Скифтер өздерінің
батыс жорығында Египет шекарасына дейін жетеді. Өз еліне қандай дүлей күш
төніп тұрғанын жақсы білген Мысыр перғауны Псамметих І олардан сый сияпат
беріп құтылады. Көшпелілер Алдыңғы Азияда 28 жыл бойы тонаушылық жасап,
салық жинап тұрды (34,19-20). Олардан сол заманғы халықтарының қорыққанын
Тауратта жазылған мына жолдардан көре аламыз. Израиль елі, мен сендерге
алыстан күшті халық жіберемін. Сендер олардың тілдерін, сөздерін
түсінбейтін боласыңдар. Олардың барлығы ержүрек, сендердің малдарын мен
егіндерінді, қыздарын мен ұлдарынды құртады. Қылыштарымен бекіністерін мен
қалаларынды қиратады (35,273-274). Бұл мәлімет скифтердің сол кезде қандай
үрей туғызғандығын көрсетеді. Бірақ көшпенділер отырықшы елдердің тұрмысына
үйренісе алмай 28 жылдан кейін отандарына оралады. Олардың бір бөлігі
Алдыңғы Азияда қалып қалуы да әбден мүмкін. Міне, Кирдың сақтарға қарсы
жорығы 100 жыл бұрынғы еселерінің кетуін жауап ретінде болды.
Жоғарыда аталған екі себеп сол кезде парсы империясының сақтарға
жасаған жорығының әділдігін дәлелдеу үшін пайдаланылған сылтау. Бұл
себептерге қарасақ парсылардың сақтарды жаулап алуға деген ешқандай жеке
бастарының мүдделері жоқтығын көрсетеді. Алайда қазіргі тарих ғылымында
бұрын қалыптасқан тұжырымдарға жаңаша қарау үрдісі құлаш жаюда. Осы
орайда парсы-сақ соғысының басталуына сақтар емес, парсылар түрткі болды
деп, ойымызды дәлелдеуге тырысайық.
Алдымен сақ тайпаларын жаулап алу парсы империясы үшін қандай
артықшылықтар береріне тоқталайық. Сақтар сол кезде қандай маңызға ие
болды. Ол, мүмкін, территориялық орналасуымен немесе экономикалық дамуымен
ерекшеленген шығар. Әрине, сақтар иеленген территорияны иелену Кирдің
шекесіне тар келмес еді. Бүкіл әлемді бағындырам деген билеушінің өз
иелегін екі есеге ұлғайту туралы ойы болмады деп айта алмайсын.
Бірақ сақ тайпаларының сол замандағы халықтардан үлкен артықшылығы
болды. Бұл артықшылық көшпелі өмірдің негізінде қалыптасқан қасиет. Ол
көшпенділердің әскери өнерінің теңдесі жоқ жоғары дәрежеге көтерілуі. Сақ
жауынгерлері өз заманының батырлық пен ержүректіліктің, қайсарлық пен
әскери шеберліктің үлгісіне айналған. Деректерде сақтардың әскери өнеріне
тамсану ауыз толтырып айтарлықтай жазылған. Мәселен, сақтар жөнінде
Геродоттың еңбегінен мынадай жолдар кездестіреміз: Олардың жеріне басып
кірген жаудың ешқайсысы қашып құтыла алмайды. Егер олар ашық соғысуды
өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды, себебі оларда қала да,
бекініс те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала жүреді, әрі
олардың барлығы да ат үстінен садақты жақсы ататын мергендер. Азықты олар
жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз
болмасын (16,46). . Геродот өз еңбегінде мидиялықтар садақтан ату өнерін
сақтардан үйренгендігін жазады. Және де сақтардың ықпалымен Мидия патшасы
Киаксар Мидия тарихындағы тұңғыш тұрақты әскер құрады. Сақтардың
жауынгерік тұрғыдағы мықтылығы мен ұлылығы Библияда да кездеседі (36,109-
110). Скиф (сақ) өзінің жауын өлтіргеннен кейін оның қанын ішеді. Содан
кейін өзі өлтірген жауларының басын патшаға әкеп көрсетеді. Жауының басын
әкелген жауынгер ғана соғыстан түскен пайдадан үлес алатын еді (16,64).
Ежелгі грек географы Дионисий Перигиэт сақтарды былай суреттейді:
согдиананың арғы жағында, Яксартты (Сырдария) сақтар өмір сүреді. Олар
әлемдегі, атқан жебесін далаға жібіермейтін, ең шебер мергендер. Сақтардың
соғыс өнерін мадақтайтын деректердегі мәліметтердің көптігі бұл
мағлұматтардың жалған еместігін айғақтайды. Кир сақ жауынгерлерінің
батылдығы мен әскери өнері жөнінде жақсы хабардар болған. Өзінің әскерінің
қатарында жаугершілігімен аттары әлемге әйгілі сақ жауынгерлері болса, онда
парсы империясының атақ-даңқы мен күш-қуаты жер жарар еді.
Ендігі жерде осы бостандық сүйгіш халықты өз жағына тартудың амалы
қарастырыла бастайды.
Әрине, сол кезеңде Кир қанша мықты болса да отырықшы елді бағындыруға
болатындығын, ал бүкіл байлығы кеңістік, еркіндік болып саналатын көшпелі
халықтарды бағындыру оңай еместігін жақсы түсінген.Өзін әлемнің патшасымын
деп санаған ол, сақтарды одақтас ретінде қабылдамауы мүмкін еді. Сақтардың
да бекерден бекер парсылардың одақтасына айналуы екіталай еді. Сондықтан да
сақтарды өз әскерінің құрамында соғыстыру оларды тек күшпен бағындыру
арқылы іске асады деп те есептеуі ықтимал.
Сақ-парсы қақтығысына теориялық тұрғыдан келетін болсақ: ежелден бері
отырықшы өркениеттермен көшпелі өркениеттер бір-бірімен өте тығыз
байланыста болған. Бұл байланыс ең алдымен, мәдени, экономикалық тұрғыдан
сипатталған. Б.з.д. ҮІ ғасырда көшпелі сақ тайпаларының отырықшы көршілері
Бактрия, Соғдиана, т.б Парсы империясына бағынатын аймаққа айналған. Бұның
өзі сақ-парсы қақтығысына алып келген алғышарттардың бірі болуы мүмкін (
37,257-263; 38 285-292).
Кир соғыс бастамас бұрын, сақ патшасы Томириске елшілік аттандырады:
Кир Томириске құда түсіп, оны өзінің әйелі етіп алғысы келеді. Томирис
Кирдің оған емес, оның еліне құда түсіп тұрғандығын байқайды да, елшілікті
құр қол қайтарады. Мұндай құдалықтан түк шықпағандығын байқаған Кир
Амудария өзенінің бойынан әскерлер өтетін көпірлер мен жауынгерлер
тұрақтайтын орындар сала бастайды (16, 205). Мұның өзі Кирдің сақ
тайпаларын өзінің қатарына қосып тынбайтындығын байқатады. Ол Сырдарияның
жағалауына Куриштиш қаласының негізін қалайды. Ал сақ патшайымы Томирис
болса, осы құрылыстарды тоқтатуды бұйырады. Осылайша, екі жақтың да
соғысудан басқа амалдары қалмайды. Геродоттың дерегіне қарағанда, Тоимрис
Кирге мынадай ұсыныс жасаған: Егер сен менің жерімде соғысқың келсе,
өзеннен бері өт, мен болсам үш күндік жерге ары жылжимын, ал керісінше, өз
жеріңде шайқасуды ұйғарсаң, онда мен өзеннен өтемін, сен үш күндік жерге
ары жылжисың (16,12). Міне, оы ұсыныстан кейін Кир әскери кеңес шақырып,
не істеу керектігі жөнінде ақылдасады. Басқалардың пікірі де Кирдің ойымен
ұштасып, сақтарды өз жерінде қабылдауды жөн көреді. Бірақ, осы кеңеске
қатысып отырған Мидиялық Крез олардың бұл шешімдерін қолдамайтындығын
айтып, өзінің жобасын ұсынады: Егер сен жауларды өз жеріңде қабылдап,
олардан жеңіліп қалатын жағдай болса, онда сен жеріңнен ғана емес, еліңнен
де айрыласың. Өйткені, ашық айқаста сақтар сені жеңіп кетсе, олар онымен
тоқталмайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ тайпаларының орналасуы
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
Сақтар, скифтер: алтын адам
Сақтар (скифтер)
Сақтар мәдениеті
Сақтар жазуы
Сақтар жайлы
Көшпелілер туралы түсінік
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
Пәндер