Қазақстандағы экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

МОНЕТАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ӘСЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Экономикалық өсудің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Экономикалық өсу түсінігі мен өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Экономикалық өсуді көздейтін экономикалық даму стратегиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Монетарлық құралдардың экономикалық өсуге әсерінің методологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Мемлекеттің ақша.несие саясатының теориялық негіздері ... ... ... .
Орталық банктің экономикадағы ақша ұсынысына
әсер ету механизмдері мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстандағы экономиканы реформалаудың бірінші кезеңі (1991.1995жж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстандағы экономикалық реформалардың екінші кезеңі (1996.1999жж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстандағы монетаризм. Рыноктық қайта құрулардың үшінші кезеңі (2000.2004жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫ МЕН ТРАНСМИССИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1. МОНЕТАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ӘСЕРІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
1.1. Экономикалық өсудің теориялық 7
1.1.1.аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1.2.Экономикалық өсу түсінігі мен 9
1.1.3.өлшемі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
Экономикалық өсуге әсер ететін 10
1.2. факторлар ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
Экономикалық өсуді көздейтін экономикалық даму 16
1.2.1.стратегиялары ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.2.2. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Монетарлық құралдардың экономикалық өсуге әсерінің 23
2. методологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .. 29
2.1. Мемлекеттің ақша-несие саясатының теориялық
негіздері ... ... ... . 30
2.2. Орталық банктің экономикадағы ақша ұсынысына
әсер ету механизмдері мен 44
2.3. құралдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ59
3. РЕФОРМАЛАРДЫҢ
ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 66
Қазақстандағы экономиканы реформалаудың бірінші кезеңі
(1991-1995жж) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қазақстандағы экономикалық реформалардың екінші кезеңі
(1996-1999жж) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қазақстандағы монетаризм. Рыноктық қайта құрулардың үшінші
кезеңі
(2000-2004жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ МЕН ТРАНСМИССИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА
ҚОЛДАНЫЛУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 92
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... . 95
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..

Кіріспе.

Қазіргі кезде әлем елдері арасында интеграция мен ғаламдану үрдістері
жүріп жатқанда бәсекелестік пен еңбек бөлінісінің одан сайын тереңдеуі,
сондай-ақ елдердің даму деңгейі мен әл-ауқатының артуы орын алып отыр. Ал
оның белгісі ретінде экономикалық өсу және экономикалық даму сияқты
макроэкономикалық көрсеткіштер қарастырылады.
Кез-келген елдің экономикалық саясаты, экономикалық дамудың
стратегиялары елдің даму деңгейіне байланыссыз белгілі бір мақсаттар жиынын
шешуге бағытталады. Ең маңызды мақсаттар ретінде экономикалық өсу мен
жұмысбастылықты қамтымасыз ету, қоғамда әлеуметтік тыныштықты сақтау,
макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады.
Экономикалық даму әрбір елдің ажырамас бір бөлігі, бірақ әр ел бұл
дамудың тек қана позитивті мәніне жету үшін ғасырлар бойы түрлі
стратегиялар мен тактикаларды ойлап тауып, қолданып, оңды және теріс
нәтижелерге жетіп, бірінің қателіктерінде бірі үйреніп, бірінің
жетістіктеріне басқалары да қол жеткізгілері келетіндер тура сондай даму
жолдарын таңдап алады, соның нәтижесінде өз елінің, өз халқының әл-ауқатын
көтеруге, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа жеткізуге, экономикалық өрлеу
мен жаңа даму сапасына негізделген бәсекеге қабілетті ел болуға тырысады.
Осындай жолда қазіргі кезде Қазақстан да келе жатыр. Демек, еліміз қандай
мақсат таңдаса, сондай экономикалық даму стратегиясын да таңдайды, соған
сәйкес нәтижеге де ие болады.
Экономикалық өсудің ұзақ мерзімді әлуеті өндірістік мүмкіндіктермен,
жинақтау деңгейімен, елдің ғылыми-техникалық әлуетімен анықталады. Қысқа
мерзімде экономикалық өсуге экономикаға әсер ететін құралдарды дұрыс таңдау
жолымен жетуге болады. Экономиканы реттеудің ең тиімді әдістерінің бірі
ақша-несие саясаты, оның нысандары, деңгейі мен механизмдері нақты
жағдайлармен, сонымен қатар үкімет белгілеген міндеттермен анықталады.
Макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне шұғыл жауап беру керек кезде
монетарлық саясаттың ролі аса маңызды болып есептеледі, сол себепті бұл
саланы егжей-тегжейлі зерттеу және монетарлық құралдарды дұрыс пайдалануды
зерттеу Қазақстан үшін өнегелі іс.
Қазіргі уақытта экономикалық өсуді көздейтін экономикалық дамудың
стратегиялары теория жүзінде анық ерекшеленеді, бұндай ерекшелеу әсіресе
батыстың танымал экономист-ғалымдарының еңбектерінде көп кездеседі. Олардың
қатарында Дж. Сакс мен Д. Линдсей, Р. Дорнбуш пен С. Фишер, О. Бланчард, Р.
Дж. Барро, М.Тодаро, К. Гриффин еңбектері бар. Дегенмен де, бұл тек қана
теория жүзінде, ал тәжірибеде дамудың синтетикалық стратегиялары
қолданылады. Кейде бірнеше стратегиялар қатар жүруі де мүмкін, және бұл
дұрыс та.
Қазіргі кезде Қазақстан өзінің экономикалық даму стратегиясын нақты
айқындады және сол бағыт бойынша жүріп келе жатыр. “Қазақстан 2030”
Стратегиялық бағдарламасында әлемде белгілі негізгі стратегиялардың, атап
айтқанда өндірістік даму стратегиясы, монетарлық стратегия, ашық экономика
стратегиясы, сонымен қатар әлеуметтік даму стратегиясы да біріктірілген.
Осылардың ішінен дипломдық жұмыста қарастырылатын стратегия – монетарлық
даму стратегиясының негізгі құралдары мен олардың отандық экономикаға әсер
ету жолдары, трансмиссиялық механизмнің жүзеге асырылуы.
Қазақстан Республикасында терең экономикалық реформалар өткізіліп,
макроэкономикалық тұрақтану мен экономикалық өсуге қол жеткізілді. Соңғы
кездері ҚР Президенті үкімет алдына халық шаруашылығын экономикалық өсу
және даму жағдайына ауыстыру міндеттерін қойды.
Осындай жаңа мақсаттар мен шарттар бұл мәселені зерттеудің
өзектілігін жоғарылатады.
Берілген жұмыста біз экономикалық дамудың түсініктемесін, оның
экономикалық тұрақтандыру мен өсуден айырмашылығын анықтап көрсеткіміз
келеді. Оның түрлі стратегияларын жіктеп, олардың мазмұнын аштық. Соның
ішінде монетарлық құралдар мен механизмдерді, олардың экономикалық өсуге
жасайтын ықпалын, және де стратегияның әкелетін нәтижелерін егжей-тегжейлі
талдауға тырыстық.
Қарастырылып отырған жұмыстың мақсаты – Қазақстан экономикасына оң
және теріс әсер ететін мәселелерді анықтау және олардың пайда болуын талдау
арқылы ұлттық экономиканың өсуіне тосқауыл болатын проблемаларды оңтайлы
шешу жолдарын қарастыру, сонымен бірге болашаққа болжам жасау. Бұл
құралдардың көмегімен экономикалық өсуді беретін эффекттер (неоклассикалық,
кейнсиандық ақша трансмиссия механизмі, “Пигу әсері”, т.б.), түрлі
монетарлық саясаттар қарастырылған.
Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда монетарлық
құралдардың экономикалық өсуге әсерінің теориялық методологиялық
аспектілері қарастырылып өткен, екінші тарау Қазақстанда экономикалық
өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы берілген, ал
соңғы тарау ақша-несие саясаты мен трансмиссиялық механизмнің Қазақстанда
қолданылу жолдарын егжей-тегжейлі талдайды.
Бұл жұмысты жазу барысында белгілі шетел экономист-ғалымдарының Эдвин
Дж. Сакс, Линдсей Д., Гриффин К. мен Роберт В. Эдвардс еңбектері
монетарлық даму стратегиясы мен монетарлық құралдар мен механизмдердің
экономикалық өсуге әсер етудің теориялық және эмпирикалық мағынасын ашуға
көмек берді. Бұл еңбектерде экономикалық даму стратегияларының жіктелуі,
олардың қызметтері мен түрлері, монетарлық даму стратегиясының мән-
мағынасы, ақша несие саясатының құралдары мен көрсеткіштері және жүзеге
асырылу механизмдері туралы толық көлемді, нақты мәліметтер берілген.
Қазақстандық авторлардан экономикалық өсу мен экономикалық дамудың
экономикалық категория ретіндегі айрмашылығы туралы, монетарлық құралдардың
экономикалық өсуге әсері жайлы және осылардың Қазақстан жағдайында
қолданылуы жөнінде Аубакиров Я.А., Кубаев К.Е., Бибатырова И.А., Сайденов
А.Г., Кулекеев Ж.А., Баймуратов У.Б., Кошебаева Г.К. және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің зерттеу және статистика департаменті
Стратегия және талдау басқармасының бастықтың орынбасары Қоңырбаева Б.М.
еңбектері қолданылған.
Бұл дипломдық жұмыстың жазылу процесінде қазіргі кездегі Қазақстанда
монетарлық саясатының экономикаға әсері, даму үрдістері, әлуеті мен
жағдайын, пайда болып жатқан проблемаларды және оларды шешу ерекшеліктерін
ашып көрсетуде отандық “Банки Казахстана”, Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі 2005 жылдың Жылдық есебі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
инфляциялық шолу, экономикалық шолу сияқты мерзімдік басылымдары, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға
арналған негізгі бағыттары елеулі көмек берді.
Сонымен қатар, экономикалық талдау жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері, Ұлттық Банктің
статистикалық бюллетеньдері және шет елдермен салыстырмалы талдау жүргізу
үшін Халықаралық Валюталық қордың “Халықаралық қаржылық статистикасы”, OECD
Economic Outlook 76 database, National Accounts of OECD Countries
мәліметтері пайдаланылған.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамуды қамтымасыз
етудегі монетаризм стратегиясының жалпы экономикаға сандық және сапалық
әсерін бағалауды мақсат етеді. Ұсынылған жұмыста автор Қазақстандағы болған
экономикалық дамудың монетарлық стратегиясының тәжірибесін қарастыра
отырып, соның нәтижесінде болған жалпы экономикаға жүргізілген
реформалардың әсерін зерттеді. Макроэкономикалық талдаудың еліміз үшін
проблемалық сұрақтары қарастырылып, бұл мәселелерді шешу жолдары және
жалпылама қорытындылар шығарылып, ҚР-дағы мемлекеттік реттеу шаралары мен
қолдау механизмдерінің экономикалық өсу мен дамуға қол жетудегі орнын ашып
көрсетті.

1. МОНЕТАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ӘСЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері

1.1.1. Экономикалық өсу түсінігі мен өлшемі

Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес экономикалық өсуге әсер ететін
монетарлық құралдардың мәнін ашып көрсетуден бұрын, мұндағы экономикалық
өсу түсінігін анықтап алуымыз керек. Себебі ол берілген жұмыстың мазмұны
мен түп негізін түсінудегі басты ұғым болып табылады. Экономикалық
әдебиеттерде қазіргі кездегі экономикалық жағдайды сипаттау мен талдау
кезінде “экономикалық даму”, “экономикалық тұрақтандыру” мен “экономикалық
өсу” түсініктері жиі кездеседі және олар пара-пар ұғымдар ретінде де,
мағынасы бойынша сәл ерекшеленетін түсініктер ретінде де қолданылады. Бірақ
шын мәнінде, экономикалық тұрақтандыру – бұл нақты ЖҰӨ-нің оның потенциалды
деңгейіне сәйкес келуі, нақты бір уақыт кезеңінде ел экономикасы алдында
тұрған мақсаттар мен міндеттерге байланысты маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштердің оңтайлы жағдайға сай болуы, яғни бұл түсінік екі
құбылыстың, екі көрсеткіштің жағдайын анықтайды, бірнәрсенің бірнәрсеге
сәйкестігін меңзейді. Ал экономикалық өсу – тұрақтандырудың ішкі мәні болып
табылады. Экономикалық өсу – экономикалық өмірдің түрлі элементтерінің
(өндірістің көлемі, бағалар деңгейі, табыстар деңгейі мен тұтыну, сұраныс
пен ұсыныс) сандық сипаттамасы болып табылады. Өсу тек қана бір нақты
көрсеткіштің, объектінің оң динамикасын бейнелейді. Ол жалпы ішкі өнім, не
болмаса жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді, ал бұл көрсеткіштер халықтың
нақты өмір сүру деңгейін суреттейді. Экономикалық өсу экономикалық дамудың
құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық даму экономикалық өсуге
қарағанда кең ұғым, экономикадағы сапалық және сандық өзгерістерді, тек
өсуді ғана қамтымай, құлдырау мен стагнация кезеңдері бар құбылыс. 1, 3-
6б.
Экономикалық өсу категориясы кез келген шаруашылық жүйелердегі
қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады. Экономикалық өсу –
белгілі бір уақыт уақыт кезеңіндегі қоғамдық өнімнің сандық және сапалық
жақсаруы, яғни жалпы алғанда өндіріс нәтижелері мен оның факторларының
(оның өнімділігінің) сандық және сапалық өзгеруі.
Әдетте экономикалық өсім қарқыны келесі көрсеткіштер арқылы беріледі:
жиынтық ЖҰӨ және жан басына шаққандағы ЖҰӨ. Бұл екі көрсеткіш бойынша
көптеген жеке алынған елдер экономикасы және әлемдік экономика
масштабындағы тұрақты және едәуір экономикалық өсім қарқыны туралы білуге
болады. Осыған байланысты экономикалық өсуді сипаттайтын бірден-бір
көрсеткіш пайызбен алынған ЖҰӨ-нің жылдық өсу қарқыны болып табылады.
Экономикалық даму процестерін өлшеуде пайда болатын қиындықтарға
байланысты макроэкономикада көбінесе экономикалық өсуді талдайды. Дегенмен
де экономикалық өсу экономикалық дамудың бір критериі ғана. Қарқынды,
немесе нолдік, сондай-ақ теріс экономикалық өсу әрқашан да қарқынды
экономикалық дамуды, бір орында тұрып қалуды, я болмаса экономикалық
деградацияға меңземейді.
Экономикалық өсу нақты мағынада да (физикалық өсу), құндық мағынада
да (құндық өсу) өлшенуі мүмкін. Бірінші тәсіл сенімдірек, себебі ол
инфляцияның әсерінен құтылуға мүмкіндік береді, бірақ әмбебап болып
табылмайды (экономикалық өсу қарқынын есептегенде әртүрлі бұымдарды өндіру
үшін жалпы көрсеткішті шығару қиындығы пайда болады). Көбінесе екінші тәсіл
қолданылады, дегенмен оны инфляциядан толығымен “тазарту” әрқашан да мүмкін
бола бермейді.
Экономикалық статистикада қарқынды талдау үшін өсу, өсу қарқыны мен
өсім қарқыны коэффициенттері пайдаланылады. x өсу коэффициенті келесі
формула бойынша есептеледі:

X=Y1Y0 (1)

мұндағы Y1, Y0 – зерттеліп отырған және базалық кезеңдердегі
көрсеткіштер. Өсу қарқыны өсу коэффициентін 100-ге көбейткенге тең. Өсім
қарқыны өсу қарқынынан 100 алып тастағанға тең. Дегенмен тәжірибеде өсу
қарқыны ретінде өсім қарқынын түсінеді.

1-кесте. Жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ және
OECD елдеріндегі экономикалық өсім қарқыны[1]

Жан басына Орташа жылдықЖан басына Орташа
шаққандағы өсім қарқыны,шаққандағы жылдық өсім
табыс, 1989ж.1965-1989жж. табыс, 2004ж.қарқыны,
АҚШ долл. АҚШ долл. 2004ж.
Турция 1370 2,6 6800 1.7
Корея 4400 7,0 2300 1.6
Греция 5350 2,9 19500 0.8
Ұлыбритания 14610 2,0 29000 1.5
Франция 17820 2,3 27800 4.2
ГФР 20440 2,4 26300 -12
АҚШ 20910 1,6 37600 1.5
Жапония 23810 4,3 28000 1.6
Швейцария 29880 4,6 30400 -4.8

1-кесте мәліметтерінен көрініп отырғандай елдер бойынша экономикалық
өсім қарқынының айырмашылығы келелі. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің орташа
жылдық өсім қарқыны 1965-1989жж. аралығында АҚШ-та 1,6%-бен Оңтүстік
Кореядағы 7% диапазонында болған. Орташа жылдық өсім қарқынындағы
айырмашылық аз болып көрінгенімен уақыт өте келе, олар жан басына
шаққандағы табыс деңгейінің өзгеруіне елеулі әсер етуі мүмкін. Жылдық 1%
өсім қарқыны кезінде жан басына шаққандағы табысты екі еселеу үшін 70жыл
уақыт қажет, бірақ егер өсім жылына 3% құрса, онда жан басына шаққандағы
табыстың екі еселенуіне 24 жыл ғана керек. Бұл өзгешелік күрделі пайыздар
эффектісіне негізделеді. Экономикалық өсудің бұл ерекшелігін он бес жыл
аралығындағы динамикалық қатарды көрсететін кестеден көруге болады. 4,
457б.

1.1.2. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей тек қана өспелі экономика адамның және
адамзаттың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Халық
қажеттіліктерінің артуы сұраныс факторының өсуін тудыратын объективті
құбылыс болып табылады. Бұл өз кезегінде ұсыныс факторының артуы
қажеттілігін анықтайды. Ал соңғысы экономикалық өсіммен байланысты. Яғни
экономикалық өсу – нақты ЖҰӨ көлемінің бір мерзімдегі өсуін көрсетеді.
Нақты ЖҰӨ - жан басына шаққандағы, бір адам басына бөлінген жалпы ұлттық
өнім. Сондай-ақ өндірістің артуы өсіп жатқан халықтың жұмысбастылығының
жоғарылауымен қамтымасыз етілуі керек. Осыдан шығатын қорытынды,
экономикалық өсу – еңбекке қабілетті халықтың толық жұмысбатылығы кезіндегі
өндірістік қуаттардың артуы жолымен жалпы ішкі өнімнің өсімі.
Американың ғалымы Эдвард Денисон “Экономикалық өсудегі трендтер” атты
еңбегінде экономикалық өсуге әсер ететін факторларды құрылымдау жөнінде
(АҚШ 1929-1989жж. материалдары бойынша) қызықты деректер келтіреді. Бұл
мәліметтер негізінде экономикалық өсуге ықпал ететін факторлар
ранжирленген.
2-кестеге сүйене отырып, нақты өнімнің жоғарылауына ең көп әсерін
тигізетін еңбек өнімділігінің өсуі мен еңбек шығындарының артуы. Негізгі
капиталдың өсуіне әсер ететін факторлардың ішінде техникалық прогресс пен
инвестициялардың ықпалы аса маңызды. Сонымен қатар экономикалық өсуді білім
мен кәсіби даярлық, өндіріс масштабы есебінен үнемдеу және заңдық-
институционалдық факторлар анықтайды.

2-кесте. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлардың ранжирленуі.[2]

Өсу факторлары Рангісі
Еңбек өнімділігінің өсуі 1
Еңбек шығындарының артуы 2
Техникалық прогресс 3
Капитал шығындары 4
Білім мен кәсіби даярлық 5
Өндіріс масштабы есебінен үнемдеу 6
Заңдық-институционалдық және басқа факторлар 7
Ресурстарды пайдаланудың азюы 8

Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет факторының әсері,
соның ішінде мемлекеттің монетарлық саясат құралдарының экономикалық өсуге
тигізетін әсері біздің жұмысымыздың орталық мәселесі болып табылады. Іс
жүзінде бұл саясатты жүргізетін құзіретті орган Орталық (Ұлттық) Банк болып
табылады. Бұл орайда монетарлық саясат экономикалық саясаттың құрамдас
бөлігі болып табылатынын есепке ала отырып, алдымен экономикалық өсуге
дамудың монетарлық стратегиясы жалпы алғанда қалай әсер ететінін қарастыру
керек.

1.1.3. Экономикалық өсуді көздейтін экономикалық даму стратегиялары

Қалыпты жағдайда экономикалық өсудің нәтижесі экономикалық дамуға
алып келеді және ол әрбір ел дамуының ажырамас бөлігі, бірақ әр ел бұл
дамудың тек қана позитивті мәніне жету үшін ғасырлар бойы түрлі
стратегиялар мен тактикаларды ойлап тауып, қолданып, оңды және теріс
нәтижелерге жетіп, бірінің қателіктерінде бірі үйреніп, бірінің
жетістіктеріне басқалары да қол жеткізгілері келетіндер тура сондай даму
жолдарын таңдап алған. Осындай жолда қазіргі кезде Қазақстан да келе жатыр.
Демек, еліміз қандай мақсат таңдаса, сондай экономикалық даму стратегиясын
да таңдайды, соған сәйкес нәтижеге де ие болады.
Қазіргі уақытта экономикалық дамудың стратегиялары теория жүзінде
анық ерекшеленеді, бұндай ерекшелеу әсіресе батыстың экономист-ғалымдарының
еңбектерінде көп кездеседі. Дегенмен де, бұл тек қана теория жүзінде, ал
тәжірибеде дамудың синтезделген стратегиялары қолданылады. Кейде бірнеше
стратегиялар қатар жүруі де мүмкін, және бұл дұрыс та.
Қазіргі кезде Қазақстан өзінің экономикалық даму стратегиясын нақты
айқындады және сол бағыт бойынша жүріп келе жатыр. “Қазақстан 2030”
Стратегиялық бағдарламасында әлемде белгілі негізгі стратегиялар, атап
айтқанда өндірістік даму стратегиясы, монетарлық стратегия, ашық экономика
стратегиясы, сонымен қатар әлеуметтік даму стратегиясы да біріктірілген.
Осылардың ішінен біздің жұмыста толығымен қарастырылатын стратегия –
монетарлық даму стратегиясы мен оның ақша-несие құралдарының экономикалық
өсуге тигізетін әсері.
Мемлекеттің даму саясаттары мен бағдарламалары талдаудың мақсатына
байланысты әртүрлі жіктелуі мүмкін. Бұл жұмыста қолданылатын
стратегиялардың жіктелуін американдық ғалым Кейт Гриффин өзінің
“Экономикалық дамудың баламалы стратегиясы” атты еңбегінде ұсынған болатын.
Бұл стратегиялардың жіктелуі келесідей үш критерийге негізделеді:
1) Стратегия дамудың тек қана бір астарларын немесе бір саласын ғана
қамтымай, жалпылама дамуды көздеу керек. Сырт көзбен қарағанда, кейбір
стратегиялар белгілі бір саланың бөлігі, не болмаса ерекше секторы ретінде
көрінуі мүмкін. Мысалы, сыртқы сауда не ауыл шаруашылығы, бірақ олар басты
даму стратегиясы болып жіктеледі, себебі анық ерекшеленген қызмет,
стратегияны қолдаушылардың пікірінше, лидерлік саланың құрамдас бөлігі
болып саналады, бұл өз кезегінде жалпы алғанда экономиканы дамудың одан да
жылдам траекториясына көшуге мүмкіндік береді;
2) Стратегиялар ең болмағанда орталық айнымалыларды анықтау мен өлшеу
үшін эмпирикалық тексеруді жүргізуге мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылуы
мүмкін. Анықтаманың өзі кешендік сұрақтарға сирек жауап бере алады,
дегенмен, бұл шығарылған қортындының шындыққа сәйкес келуі мен мәнділігі
үшін маңызды, яғни зерттеу эмпирикалық мәліметтерге негізделген болуы
керек. Содай-ақ, әрине, логикалық талдау не болмаса теория эмпирикалық
фактілерді дұрыс мағынада интерпритациялауды қамтымасыз ету үшін маңызды.
Ал ең жақсы жағдайда бұл стратегия теория, фактілер мен тарихтың дұрыс
үйлескен қоспасынан тұруы керек;
3) Стратегиялар Үшінші Әлем мен ЭЫДҰ (OECD) елдеріндегі
саясаткерлерге таныс және жиі қолданылатын формулировкаларға сәйкес келеді.
Бүгінгі күні әлемде 6 даму стратегияларын ерекшелейді. Олар
Монетаристтік стратегия, Ашық Экономика, Индустриализация, Жасыл Революция
стратегиясы, қайта бөлу стратегиясы және ең соңғысы дамудың Социалистік
стратегиясы болып жіктеледі. Осылардың ішінен бізге маңызды болып табылатын
стратегия Монетарлық стратегия деп аталады. Оның ерекшелігі рыноктық
сигналдардың тиімділігін арттыру арқылы ресурстарды бөлуді жақсартуға
негізделеді. Іс жүзінде стратегия дағдарыстық кезеңдер уақыты келгенде жиі
еңгізіледі, яғни экономикалық тұрақтандыру мен күшті дисбаланстарды реттеу
басымды маңыздылыққа ие болған жағдайда, ендеше бұдан шығатыны салыстырмалы
бағаларды жақсарту шаралары әдетте басты бағалар деңгейіндегі өсу
мөлшерлемесін бақылау шараларымен бірге жүреді. Екпін монетарлық және
қаржылық саясаттарға, сонымен қатар қаржылық реформаларға қойылады. Шын
мәнінде біз экономикалық саясаттың бұл әдістерін дамудың монетарлық
стратегиясына қосамыз. Кейбір кездері, монетарлық стратегия инфляцияның
қысқаруы мен макроэкономикалық балансты қалпына келтіруді көздейтін тек
қана қысқа мерзімді реттеуде қолданыладын стратегия деп есептеледі, содан
соң ұзақ мерзімді саясаттарды жаңғырту мүмкін болады. Мұндай әдістер
қабылданған жерлерде осыған сәйкес көптеген мысалдар табуға болатынына
күмән жоқ, бірақ жалпы мағынада монетаризм жақтаушыларының сенімін жете
түсінбеу деген сөз. Монетарлық стратегия өсудің тиімділігі мен ұзақ
мерзімділігін шешетін келесідей микроэкономикалық сұрақтармен тығыз
байланысты – рыноктарды дұрыстап жұмыс істету, оның бұзылған тұстарын
жөндеу және түзетілген салыстырмалы бағалар жиынтығын бекіту. Стратегия
микроэкономикалық бағдар ұстанса да, макроэкономикалық мақсаттарды
көздейді.
Стратегияның басты белгісі оның микроэкономикалық бағдарына сай
келеді, яғни жеке бизнес секторы жұмыс істейтін молшылықты жерді табыстау.
Экономикалық жағынан ілгері келе жатқан Үшінші Әлем елдерінде стратегия
жеке меншік өндірістің жоғарғы ролін көрсетеді, алайда ауыл шаруашылығының
еркін өсуі тежелмейді. Дегенмен, стратегияның басты екпіні – бұл дамудың
басты күші болып саналатын жеке сектор, ол барлық қалған экономиканың қалыс
қалған және прогрессивті буындарының жаңғыруына жауапты “белсенді сала”
ролін ойнайды. Ал мемлекеттің ролі минимумға келтірілген және идеалды
жағдайда жеке меншік сектор гүлдене алатын тұрақты экономикалық ортаны
қалыптастыруды қамтымасыз етумен ғана шектеледі. Осыдан экономикалық
тұрақтандыруды қолдау шараларының маңыздылығы келіп шығады. Тұрақтандыру
саясатын қолдана отырып, мемлекет экономиканың тербелістерін мүмкіндігінше
азайтуға тырысады, сөйтіп жеке секторға сенімді экономикалық болжамдар құру
мен нақты жоспарлауды жасауға көмек береді. Мемлекет меншігіндегі
кәсіпорындарды ұлтсыздандыру мен жекешелендіру саясаттары (тиімділікті
жоғарылату мен экономикадан жеке секторды ығыстырып шығаруды болдырмау
үшін), сондай-ақ кәсіподақтардың құқықтарын заңнамалық қысқарту саясаты да
бұл стратегияның бір бөлігі ретінде болуы мүмкін. Экстремалды жағдайда
монетаристік стратегия laissez faire жүгінеді.
Монетарлық стратегияның мақсаттары болы келесілер табылады:
Біріншіден, экономиканы тұрақтандыру мен жақсы жұмыс істейтін
рыноктарды құру;
Екіншіден, ресурстарды бөлуді жақсарту арқылы өнімдер мен табыстардың
шығарылым деңгейін арттыру және өмір сүру стандарттарын жақсарту;
Үшіншіден, өнімдерді өндіру қарқынын жоғарылату үшін жинақтаудың
жоғарғы деңгейіне жету;
Төртіншіден, жинақтаудың кез келген қойылымы кезінде өнім өндіру
қарқыны мүмкіндігінше максималды болатындай етіп капиталды тиімдірек
қолдануды қамтымасыз ету.
Стратегия өзінің мәні бойынша интервенционистік болып табылмайды, ол
экономиканы алға жетелейтін жеке бастамашылық пен кәсіпкерлікке
негізделеді. Жиынтық табысты бөлу туралы рыноктық шешімді өзгерту шаралары
бұзылулар мен тиімсіздікті еріксіз еңгізеді деп саналады, бұлар өз
кезегінде ең соңында тұрмысы төмен халық үшін зиянды.
Екінші ерекшеленген стратегия сыртқы перспективаларды дамыту
стратегиясы, Кейт Гриффин оны Ашық Экономика деп атады. Ашық экономика
монетарлық стратегияның кейбір белгілеріне ие. Ол да ресурстарды бөлу
кезінде рыноктық күштерге негізделеді, сонымен бірге жеке сектор ойнайтын
басыңқы рольді мойындайды, дегенмен де ол монетаризмнен сыртқы саудаға әсер
ете алатын саясаттарға баса көңіл аударатын тұста ерекшеленеді. Мысалы,
айырбас бағамы саясаты, тарифтерді реттеу, саудадағы квоталар мен тарифтік
емес саясаттар, және де шетел инвестициялары мен пайданы ақшалай аударуды
реттейтін саясаттар.
Сыртқы сауда шетелдік жеке меншікті тура инвестициялармен жиі
толықтырылады, және де бұл лидерлік сала немесе өсудің локомотиві болып
саналады. Әсіресе кіші ашық экономикалар үшін әлемдік рынок экспортқа
сұраныс көзі ретінде қарастырылады. Экспортқа бағытталған стратегиялар
халықаралық кеңістікте елдің салыстырмалы артықшылыққа ие болатын
мүмкіндіктерін іздеу арқылы ресурстарды пайдалануда тиімділікке жетуді
көздейді. Халықаралық бәсекелестіктің қысымы жандандырады деп есептеледі,
себебі ол өндірушілерге төмен бағаларды ұстауға, капитал мен еңбекті тиімді
қолдануға, инновацияларды ендіруге, инвестициялардың жоғары деңгейін қолдап
тұруға күшті ынта береді.
Шындығында ашық экономика салыстырмалы артықшылықтың нақты пайдасына
ғана негізделмейді. Сыртқа бағытталған даму стратегиясы тек қана табысты
көтеріп қана қоймай, сонымен қатар жинақтар деңгейін де, жинақтар қарқынын
да өсіруі мүмкін. Бұл өз кезегінде капиталдың тездетілген шоғырлануының
себебі болады, осыдан жедел өсуге де қол жеткізіледі.
Ашық экономика тек сыртқы саудаға ғана ашық болмай, өндіріс
факторларының (капитал мен еңбек) халықаралық қозғалыстары үшін де ашық
болады. Шетелдік тікелей инвестициялар, халықаралық банктердің коммерциялық
займдары және шетелдік көмек – осының бәрі өзінің белгілі бір, мүмкін
шешуші ролін ойнайды. Халықаралық капиталдың трасферті ғана емес, білім,
технологияны және менеджменттің жаңа дағдылары Үшінші Әлем елдеріндегі
өнімділікті арттыратын факторлар.
Үшінші стратегия Өндірістік стратегия. Бұл жерде екпін алдындағы
стратегия сияқты өсуге қойылады, бірақ өсуге жету құралы ретінде өндірістік
сектордың қарқындылығы танылады. Дегенмен, стратегияның мәні мемлекет
дамуды өрлету үшін қолданылатын құрал ретінде секторды таңдау болып
табылмайды. Монетарлық стратегияға қарағанда, ол қысқа мерзімде ресурстарды
тиімді бөлумен тікелей үйлеспейді, бірақ Жалпы Ішкі Өнімнің жиынтық өсу
қойылымын қарқындатумен байланысты. Әдетте бұған өндірістік стратегияның 3
жолының бірімен қол жеткізіледі:
1) негізінен ішкі рынок үшін өндірістік тұтынушылық товарларды өндіру
арқылы, әдетте тарифтердің қамалын тұрғызу жолымен;
2) әдетте мемлекеттің жетекшілігімен капитал товарларының өндірісін
дамытуға негізделу жолымен;
3) әдетте тікелей немесе жанама субсидиялау арқылы және индикативті
жоспарлаудың кейбір комбинациялары арқылы өндірістік секторды әдейі
экспортқа бағдарлау жолымен.
Іс жүзінде өндірістік стратегиялар капитал құру деңгейінің өсуіне,
қазіргі заманғы технологиялардың еңгізілуіне (олар көбінесе жоғары капитало-
сыйымды болып келеді) және саны аз ірі метрополиялардың өсуін кеңейтуге
ерекше назар аударуға бейім, яғни мұнда урбанизация мен өндірістік
стратегия бірге жүреді. Өз мүдделерін қуалау үшін үкіметтік араласу әдетте
кең таралған құбылыс болып табылады, дегенмен ол қабылданған стратегияның
үш вариантының біріне байланысты әртүрлі нысанда көріне алады. Әйтсе де,
laissez faire стратегияның бір бөлігі болып танылмайды. Шыныменен, қол
сұғушылық ақталады және қолдау табады, себебі бұл тездетілген өсумен
аяқталады. Сондай-ақ шығындардың статикалық тиімсіздікке байланысты пайда
болуы мойындалады, бірақ бұл шығындар рұқсат етілген болып саналады,
өйткені мұндай шығындар уақытша және тез арада қарқынды өсудің себебінен
пайда болған артықшылықтар арқылы ақталады.
Басқа сөзбен айтқанда, интервенция тиімділікті бөлу үшін емес, не
болмаса табысы төмен топтар жағына қарай байлық пен табысты бөлуді өзгерту
үшін емес, өндірісті өсіруді мақсат тұтады. Және керісінше, бөлуге араласу
кейбір кездері кедейлердің пайдасына емес, жинақтар жасайтын топ деп
аталатынар пайдасына қарастырылуы мүмкін. Бұл гипотезаның негізінде
жинақтар қойылымы үй шаруашылықтарының табыстар деңгейінің өспелі функциясы
ретінде қарастырылады, яғни теңсіздік деңгейі неғұрлым көп болса, соғұрлым
жиынтық жинақ деңгейі жоғары болады. Сөйтіп, бұл стратегия бойынша
табыстарды бөлу себепкер шарт болып есептеледі және оның мақсаты жинақтарға
жоғарғы шекті бейімділігі бар топтардың пайдасына табысты бөлуді өзгерту.
Осылай, инвестицияларды қаржыландыру дайындығы жоғары болумен өсудің
қарқыны жоғарылайды деп дәлелденеді. Ал кедейлер бұл процестен келген
пайданы өсудің жемістері таралып, төмен қарай сіңген кезде көре алады.
Төртінші стратегия бұл Жасыл Революция стратегиясы. Бұл стратегия
өсудің, экспорттың немесе индустрализацияның жиынтық қарқынына
негізделмейді, ол ауыл шаруашылығының өсуіне баса көңіл аударады. Олай бола
тұрғанымен стратегияның мақсаты тамақ өнімдерін, әсіресе ең маңызды және
табысы мол өнім астықтың ұсынысын көтеру емес. Астықтың мөлшерден тыс
ұсынысы өнімнің салыстырмалы бағасын төмендетіп жіберуі мүмкін, ал бұл өз
кезегінде еңбек бірлігінің құнын одан сайын азайтады. Бірақ еңбек
бірлігінің төмендетілген құны ауыл шаруашылығынан тыс салалардағы
табыстардың жалпы деңгейін жоғарылатады, және де бұл жинақтардың артуына,
инвестиицялардың өсуіне, сөйтіп жалпыға арналған өсуге алып келеді. Бұл
стратегияның екінші мақсаты – өндіріске тікелей көмек беру, әсіресе қала
аумақтарында орналасқан өнеркәсіптерге. Ол материалдармен (мысалы, текстиль
мен тамақ өнеркәсібі үшін) қамтымасыз ету арқылы, ауыл шаруашылығының
өнімдеріне, капитал мен аралық товарларға (тыңайтқыштар, ирригациялық
насостар, құрылыс материалдары) сұранысты ынталандыру арқылы, ауылды елді-
мекендерде жиі қолданылатын қарапайым тұтынушылық товарлардың (велосипед,
радио қабылдағыштар) кең ауқымды рыногын құру арқылы жүзеге асырылады. Осы
өндірістердің көбісі, өндірістік стратегия арқылы жылжытылатын өндірістерге
қарағанда, еңбек сыйымдылығы жоғары өнеркәсіптердің ашылуына алып келеді,
сонымен қатар қалалық және ауылды аймақтарда құрылатын жұмыс орындары
есебінен жұмысбастылықты арттыру мүмкіндіктері пайда болады.
Бесінші даму стратегиясы Қайта бөлу стратегиясы, ол Жасыл революция
стратегиясы біткен жерде басталады және табыс пен байлықты қайта бөлумен
айналысады. Стратегия табысы төмен топтарға пайдалы тікелей шаралар арқылы
кедейшілік мәселелерін шешуге көңіл аударады. Қайта бөлу стратегиясына анық
нысан беретін үш стандартты ерекшелейді:
Біріншіден, жұмысбастылықты, атап айтқанда кедей жұмысшылардың
жұмысбастылығының өнімділігін арттыруға екпін жасалады.
Екіншіден, стратегия өсу кезінде пайда болатын жалпы табыстың
өсімінің бір бөлігін кедейлер пайдасына қайта бөлуге жақтасады. Ол
тұтынушылық трансферт немесе кедейлерге инвестицияларды қайта бағыттау
нысанында болуы мүмкін.
Үшіншіден, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жоғарғы басымдық
берілуі керек. Оған тамақ, киім және баспана, сонымен қатар мемлекет
жағынан денсаулық сақтау бойынша бірінші ретті бағдарламалар және бірінші,
екінші деңгейлі білім беру кіреді. Осы үш мәселелер шеңберінде кедейлердің
қолында үлкен экономикалық және саяси билік бар екендігі даусыз. Бұл жерде
жиі-жиі естілетін жеке меншіктегі өндірістік активтерді қайта бөлу
талаптары, сондай-ақ жер реформаларын өткізу ұйғарылады. Кедейлердің
қолындағы билікті күшейтуге мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру арқылы
жеткізіледі, сөйтіп кедейлердің әл-ауқатына әсер ете алатын институттарда
олардың белсенді араласуын жылжыту арқылы, кедейлерге тиімді лоббистік
топтарды құруға көмек беру арқылы және жергілікті ресурстарды шоғырландыру
үшін бірқатар мүмкіндіктерді толығымен пайдалану арқылы үкіметті жергілікті
топтарға есеп беруге мәжбүрлеу.
Соңғы стратегия бұл Социалистік даму стратегиясы. Бұл стратегияның
ерекшелігі өндіріс құралдарына жеке меншіктің салыстырмалы түрдеге аз
мағынаға ие болуы. Өндірістің барлық ірі дерлік кәсіпорындары мемлекеттік
секторда орналасқан, ал орта және азгабаритті кәсіпорындар бірлескен
нысандарда ұйымдастырылуы мүмкін; аз ғана адам жұмыс істейтін және кейбір
қызметтермен ғана, немесе шағын дүкендермен ғана шектелетін жеке меншік бар
және оған түсіністікпен, шыдамдылықпен қарайды. Ауыл шаруашылығында
мемлекеттік фермалар, ұжымдық, кооперативтік және коммуналдық шаруашылықтар
басым болады. Әрине социалистік елдер басқа елдерден ерекшеленеді және
әртүрлі уақыт кезеңінде социалистік режимдер қабылданған экономикалық
дамуға төрт түрлі көзқарасты ерекшелеуге болады:
1) классикалық Кеңестік (Сталиндік) модель, мұнда ауыл шаруашылығы
есебінен аралық және капиталды товарлар өндірістерін тез дамытуды
қаржыландыру үшін екпін түсірілді;
2) жұмысшылардың өзін-өзі басқаруының Югославиелік моделі; Ол
орталықсыздандырудың жоғарғы деңгейімен сипатталады;
3) Қытай (немесе Маоистік) моделі, бұл жерде коммуналдық құрылымдар
шеңберіндегі ауыл шаруашылығына екпін түсіріледі;
4) Солтүстік Кореяның өз-өзіне сенімділік моделі.
Қай модель қабылданғанына қарамастан дамудың социалистік стратегиясы
капитал құрылуының жоғары деңгейімен сипатталады. Инвестицияларға Ішкі
Өнімнің 30% не одан да көп салынады және бұл инвестициялар үшін шындығында
да әдеттегі іс емес. Инвестициялардың тиімділігі кей кездері салыстырмалы
төмен болса да, өсудің қарқыны жеделдейді. 6, 34-31б.

1.2. Монетарлық құралдардың экономикалық өсуге әсерінің методологиялық
аспектілері

1.2.1. Мемлекеттің ақша-несие саясатының теориялық неіздері

Монетарлық саясаттың негізгі әдісі ол ақша-несие саясаты. Монетарлық
саясат (Monetary policy) – бұл құрал арқылы үкіметтер ақша массасын көбейту
немесе азайту арқылы макроэкономикалық жағдайларға әсер етуге тырысады.

Монетарлық саясат – ақша-несие жүйесінің ақша ұсынысына және
сәйкесінше пайыз қойылым арқылы инвестициялар мен нақты ЖІӨ-ге әсер ету
қабілеттігіне неізделетін төрт негізгі макроэкономикалық құралдардың бірі.

Монетарлық саясаттың үш незігі құраушыларын ажыратады:

1) жаңа ақшалардың эмиссиясы;

2) ақша секторындағы ақша массасын тікелей бақылау;

3) ашық рыноктағы операциялар. 7

Бұл құраушылар үш түрлі теориялық көзқарастарда алатын орнына
байланысты қарастырылады.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша-несие
саясаты процесінің ұлттық экономиканың жағдайына әсерін зерттейтін ақша
теориясы жатыр. Сондықтан ақша-несие саясаты экономиканы жанама реттеудің
маңызды нысандарының бірі болып табылады. Ол танымал ғалым-экономистердің
экономикадағы ақша ролі мен олардың макроэкономикалық параметрлерге әсері
(экономикалық өсу, жұмысбастылық, бағалар, төлем балансы) жөніндегі
пікірлеріне негізделеді.
Ақшаның макроэкономикалық дамудағы ролі мәселесінде үш теориялық
көзқарасты ажыратады:
Неоклассикалық мектептің рыноктық экономика өз-өзін реттейтін, өз-
өзін дамытатын көзқарасына байланысты мемлекеттің экономикалық процестерді
реттеу қажеттігін мойындамады, ал ақша ЖҰӨ, табыстар, баға, инвестициялар
сияқты көрсеткіштердің номиналды көрінісі үшін ғана қажетті сыртқы қабыршақ
ретінде қабылданды. Ал олардың қарқыны мен нақты деңгейіне ол әсер ете
алмайды, себебі ұлттық өндірістің нақты көлемі экономикада бар өндірістік
ресурстарға байланысты. Экономикадағы ақша санының өзгеруі тек қана ішкі
бағалар деңгейіне ықпал ете алады. Бұл көзқарас И.Фишердің теориясында өте
анық көрінеді. Ол атаулы ақша көлемінің пропорционлы өзгеруі абсолютті баға
деңгейіндегі пропорционалды өзгеруіне алып келетінін дәлелдеді. Бұл
байланыс И.Фишердің айырбас теңдеуі атты теңдеумен өрнектеледі және ол
ақшаның сандық теориясы деп те аталды:

MV=PQ (2)

M – айнылыстағы ақша массасы немесе ақша ұсынысы;

V– ақшалардың айналыс жылдамдығы;

P– бағалар мен товарлардың орташа бағасы;

Q– бір жыл ішінде ұлттық экономика шеңберінде өндірілген товарлар мен
қызметтер саны.

Сондықтан неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы қорытынды
шығарып, ең алдымен балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем
балансына баса көңіл аударылуы керек деген пікірде болды.

1929-1933жж. Ұлы депрессия бұл мектептің көптеген ұстанымдарын
күмәнді етті, атап айтқанда рыноктық экономикадағы дағдарыстар мен мәжбүрлі
жұмыссыздықтың жоққа шығарылу туралы ұстанымы. Ақшаның сандық теориясы
дағдарыстар кезінде пайда болатын мәселелерді шешуге қабілетсіз екендігін
білдірді. Экономиканы реттейтін бірқатар мемлекеттік шараларды қолдану
қажеттілігі пайда болды, оның ішінде ақша регуляторларын пайдаланатын
шаралар да болды.

Кейнсиандық көзқарас. Әйгілі экономист Дж.М.Кейнстің “Жұмысбастылық,
пайыз бен ақшаның жалпы теориясы” (1936ж.) атты кітабы шыққаннан кейін
жалпы макроэкономикалық саясатқа, оның ішінде ақша саясатына деген
көзқарастарда нағыз революция болды. Дж.Кейнстің пікірінше экономикадағы
жиынтық сұранысты өзгерту үшін ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының
әдістерін қолдана отырып, мемлекеттің экономикалық белсенділік жағдайына
ықпал етуін қажеттілік деп санады. Кейнсиандықтар негізделетін басты
теориялық теңдік, қазіргі кезде де негізгі макроэкономикалық теңдік деп
аталады:

Y=C+G+I+Nx (3)

Y– ЖҰӨ-нің атаулы көлемі;

C– тұтыну шығындары;

G– товарлар мен қызметтерді сатып алу мемлекеттік шығындары;

I– инвестициялар көлемі;

Nx=Ex-Im, таза экспорт, яғни экспорт пен импортың айырымы. 8, 87-
88б.

Банктік пайыз мөлшерлемесі инвестициялардың көлеміне тікелей ықпал
етеді, сол себепті экономикалық өсуді анықтай алады.

Инвестициялардың қозғаушы күші бизнес – инвесторлар – кәсіпкерлер
болып табылады. Бұл жерде инвестициялардың функциясы пайыз қойылым (r)
болып табылады, ал инвестицияларға шығындану мотивациясы күтілетін пайда
нормасы болып келеді. Инвестицияларды салудың шарты күтілетін пайда мен
пайыз қойылымның теңдігі. Инвестициялық шешімді қабылдау кезінде, шын
мәнінде, ақша капиталының (пайыз мөлшерлемесі) “бағасы” мен нақты
капиталдың (инвестициялық жобаның) “бағасы” салыстырылады. Экономикалық
саясат жүйесінде мемлекет пайыздық қойылымды пайдалану арқылы экономикалық
өсуді қамтымасыз ету үшін пайыздық қойылымды төмендету негізінде “арзан
ақшалар” саясаты және көтеру арқылы “қымбат ақшалар” саясаты қолданылады.
5, 48б.

Бұл жерде инвестициялық сұранысқа шешуші маңыздылық берілді, оның
себебі мультипликативті әсері арқылы инвестициялардағы тербеліс өндіріс пен
жұмысбастылықтағы үлкен өзгерістерге алып келеді. Ал инвестициялардың
деңгейі негізінен пайыздық мөлшерлемеге байланысты, оның өсуі инвестициялар
деңгейін азйтады, сондықтан өндіріс көлемі мен жұмысбастылық төмендейді
(↓Y=C+G+↓I(r↑)+Nx); ал төмендеуі, керісінше өндіріс пен жұмысбастылықты
ынталандырады (↑Y=C+G+↑I(r↓)+Nx). 8, 88б. Мұндағы пайыздық қойылым
(Interest rate; Loan interest) – белгілі бір уақыт кезеңіне: жыл, ай және
т.б. есептелген несие соммасына несие үшін пайыздық түрдегі төлем. Пайыздық
қойылымдар айналыстағы ақша көлеміне, қарыздық қаражаттарға сұранысқа,
үкімет саясатына, несие берушінің бағасына, займды қайтармау тәуекеліне,
қарыз кезеңіне және ұлттық валюта курсына тәуелді.

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді, бекітілген және еркін
қалқымалы пайыздық қойылымдар ажыратылады. 7

Өз кезегінде пайыз қөйылым (r) ақша массасы (М) деңгейімен анықталады
– М↑, r↓, I↑ және керісінше M↓, r↑, I↓. Пайыздық мөлшерлеменің тербелістері
арқылы ақша айналымының шарттары жалпы экономикаға қатты әсер ететінін
білдіреді. Себеп-салдарлы байланыс тізбегі келесідей: ақша массасының өсуі
пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді, ал бұл ивестициялардың
өсуімен жалғасып, табыс пен жұмысбастылықтың артуына келеді – M↑, r↓, I↑,
Y↑ – “Кейнсиандық ақша трансмиссия механизмі” әсері деп аталады және ол
ақша массасының өсуі кезінде өсу эффектісін береді дегенді білдіреді, ал
M↑,Y↑,C↑ – “Пигу әсері” болып табылады, ол өндірістің жандануы жиынтық
сұраныстың артуы арқылы жүзеге асырылатынын көрсетеді. 8, 88б.

Яғни, бір сөзбен айтқанда ақша ұсынысының көлемін реттей отырып,
орталық банк экономиканың дамуына белсенді түрде ықпал ете алады.
Монетарлық саясатта күрделі трансмиссия механизмі бар (передеточный
механизм). Оның барлық буындарының жұмыс істеу сапасынан, жалпы алғанда,
саясаттың тиімділігі тәуелді болады.

Ақша-несие саясатының трансмиссия механизмінің 4 буынын ерекшелеуге
болады:

1) Орталық Банк белгілі бір саясат жүргізу арқылы нақты ақша
ұсынысының көлемін өзгерту;

2) Ақша рыногындағы пайыз мөлшерлемесін өзгерту;

3) Пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне жиынтық шығындардың (әсіресе
инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өзгеруіне қарай шығарылым
көлемінің өзгеруі.

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныстың реакциясы арасында
тағы да екі аралық буындар бар. Бұл екі буыннан өту процесі соңғы нәтижеге
ықпал етеді. (сурет 1).

Ақша саясатының өткізу механизмі.

1 2 3 4
Ақша Пайыз Пайыз Жиынтық сұраныстың
ұсынысының мөлшерлемесінің мөлшерлемесінің өзгеруіне
өзгеруі өзгеруі өзгеуіне қарай байланысты
шығындардың шығарылым көлемінің
(инвестициялық) өзгеруі
өзгеруі
ҰБ ашық r r P
рынокта AD2 AS
мемлекет тік AD1
облигация r1 r1
ларды сатып L ID
алады. r2 r2
Y
Y1 Y2
MP I1 I2
I


1-сурет.

Рыноктық пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі (2) экономикалық агенттердің
портефеліндегі активтер құрылымының өзгеруі арқылы жүреді. Мысалы, Орталық
Банктің ақшаны ұлғайту саясатының нәтижесінде олардың қолында қажетті
ақшадан артық ақша қалды. Сөйтіп, басқа активтер түрлерін сатып алу арқылы
несиелердің арзандауы, яғни соңында – пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі орын
алады. (2а-суреті)


R L1S L2S R L1S L2S R L1S L2S


ΔR
ΔR ΔR
LD LD LD

MP MP MP

2а-сурет. 2ә-сурет.
2б-сурет.

Дегенмен ақша рыногының реакциясы ақшаға сұраныстың сипатына
байланысты, демек LD қисығының икемділігіне тәуелді. Егер ақшаға сұраныс
пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал болса (LD жатық болады), онда
ақша массасының өсуінің нәтижесі пайыз мөлшерлемесінің аз ғана өзгеруімен
ұласады. Ал кері жағдайда: егер ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесіне деген
сезімталдығы төмен болса (LD қисығы тіктеу), онда ақша ұсынысының артуы
пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. (сур. 2ә, 2б.)

Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты жиынтық
сұранысты (жиынтық шығындарды) реттеу болып табылады. Пайыз мөлшерлемесінің
қарқыны көбінесе инвестициялық шығындарға әсер етеді деп саналады. Мысалы
үшін, егер ақша рыногында пайыз мөлшерлемесінің келелі өзгерісі болды деп
ұйғарсақ, сонда пайыз қойылымның қарқынына инвестициялық сұраныстың (не
болмаса, жалпы алғандағы жиынтық сұраныстың) сезімталдығы туралы мәселе
пайда болады. Басқа жағдайлар тең болғанда, осыдан жиынтық кірістің
мультипликаторлық өсу көлемі тәуелді болады.

Сонымен бірге, жиынтық ұсыныстың жиынтық сұраныс өзгеріс реакциясының
деңгейі де есепке алынуы керек.

Трансмиссия механизмінің кез-келген буынындағы бұзылулар ақша
саясатының қорытындысын төмендеуіне немесе нөлдік нәтижеге алып келуі
мүмкін екендігі анық. 9, 170-173б.

Макроэкономиканық тепе-теңдіктің Кейнсиан үлгісі бойынша ақша
ұсынысының Жалпы Ұлттық Өнім дамуына ықпалы ең ақырында пайыздық мөлшер
арқылы жүзеге асады, оның нақты көлемі ақша-несие саясатымен анықталады. Ең
бірінші кезекте инвестициялық шығындарға әсер ете отырып, пайыздық мөлшер
жиынтық сұраныс көлемін, содан кейін Жалпы Ұлттық Өнімнің тепе-теңдік
көлемін өзгертеді. Кейнсиан түсініктемесі бойынша несие саясатының құлдырау
кезеңінде – арзан ақшаға, ал экономикалық конъюнктура көтерілген кезеңде
қымбат ақшаға бағытталуы керек. Арзан ақша саясаты жұмыссыздық,
экономикалық құлдырау кезінде жүргізіледі. Мұндай кезде Ұлттық банк ақша
ұсынысын реттеу үшін өзінің құралдарының көмегімен елдегі ақша ұсынысын
көбейту мақсатын көздейді:

1) ашық рынокта мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу операцияларын
жүзеге асырады;

2) пайыздық есептік қойылымды төмендетеді;

3) міндетті резервтер нормасын азайтады.

Осының нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысы өседі, пайыз
мөлшерлемесі төмендейді, іскерлік белсенділік артып, инвестицияларды салу
жоғарылайды, жұмыссыздық қысқарады.

Ал қымбат ақша саясаты жоғарғы инфляция кезінде жүргізіледі, бұл
жерде Ұлттық банк мемлекеттің бағалы қағаздарын сатады, міндетті резервтер
нормасын көбейтумен қатар, пайыздық есеп мөлшерлемесін жоғарылатады.
Осындай қатаң саясаттың нәтижесінде келесі қорытынды күтіледі:

1) экономикада ақша ұсынысы қысқарады;

2) пайыз мөлшерлемесі өскен кезде инвестициялар қысқарады;

3) іскерлік белсенділік төмендеп, инфляция азяды. 10, 104-106 бет

Ақшаға сұраныс (Demand for money) – адамдар өздерінде ұстағысы
келетін қазіргі сәттегі өтімді активтер саны. Ақшаға сұраныс пайыз
қойылыммен тікелей байланысты, сондай-ақ алынатын табыстар көлемі мен бұл
табыстарды иеленгенде пайда болатын баламалы шығындарға байланысты. 7

Кейнс ақшаға сұранысты екі шаманың функциясы ретінде қарастырды –
атаулы ұлттық табыс пен пайыз қойылым, себебі ақшаға сұраныс екі элементтен
тұрады деп есептеді:

1) трансакциялық сұраныс немесе келісім-шарттар үшін ақшаға сұраныс,
ол жоспарланған шығындар үшін ақша керек болғанда трансакциялық мотивті
есепке алады. Трансакциялық сұраныс номиналды ұлттық табыс деңгейіне
байланысты: оның деңгейі неғұрлым жоғары болса, шығындар деңгейі соғұрлым
жоғары болады және келісім-шарттар бойынша көбірек ақша қажет болады.

2) делдалдық сұраныс бағалы қағаздарды сату-сатып алумен байланысты.
Бұл сұраныстың бар болуы адамдардың әрбір нақты уақыт кезеңінде табыстың
қай бөлігін тұтынуға, ал қай бөлігін жинақтауға жіберу туралы шешіміне және
бұл жинақтарды қандай нысанда сақтау керек екендігіне байланысты болып
келеді. Бағалы қағаздар табыс әкелсе де, пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі
құнды қағаздар бағамының өзгеруіне алып келетіндіктен, олардың белгілі бір
тәуекелі бар: пайыз қойылым жоғарылаған сайын (r↑), бағам төмендей береді.
Бұл жағдайларда жалпылама өтімділікті таңдау ынтасы пайда болады. Осыдан
шығатын қорытынды делдалдық мотив ақшаға деген сұраныс пен пайыздық
мөлшерлеме арасында кері байланысты қалыптастырады.

Ақша-несиелік реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала: қызметі, қаржы көздері
Қазақстан Республикасының даму кезеңдері
Нарықтық экономиканы реттеудегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Салықтың пайда болу тарихы
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономика пәнінен дәрістер
Пәндер