Сингапур мемлекетінің құрамы мен құрылымы



Аңызға сенсек, Суматра ханзадасы аралға аяқ басқаны сол екен, теңізде арыстан басты тіршілік иесін байқайды. Содан бері арыстанбасты балық туралы аңыз осы кезге жеткен. Қызыл көзді арыстан аралды жауларынан қорғап, тіпті күлге айналдырып жіберетін қасиетке ие болған көрінеді. Содан да аралға Sіnga Pura деген атау берілген. Санскрит тілінен аударғанда ол “арыстан қала” дегенді білдіреді. Егер Сингапурға бара қалсаңыз, қаланың ең көрікті жеріне, судың жағасына аузынан су атқылаған арыстанбасты, балық құйрықты мүсінді көресіз. Бұл ХІV ғасырдан жеткен мистикалық жануардың құрметіне қойылған белгі әрі мемлекеттің символы да. Жай символ емес, өркениеттіліктің айбыны деп қарастыруға да болар. Қалай болған күнде бұл құбылыс кім-кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.
Малакка түбегінің оңтүстігінде орналасқан Сингапур мемлекеті Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы аралдық мемлекет болып табылады. Сингапур атауы аралға, осындағы өзенге және қалаға да қатысты аталады. Тұтастай аумағы 697,1 шаршы шақырым (ұзындығы – 42, ені – 23 шақырым) ғана. Халқының саны 4,2 миллион адам болса, сонда әрбір шаршы шақырымға 4884 адамнан келеді. Бұл Сингапур әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі деген сөз. Мұнда малай тілі – мемлекеттік, ал қытай, тамил және ағылшын тілдері ресми. Аралдың байырғы тұрғындары – малайлықтар. Аралды ағылшындар отарлап алғаннан кейін сауда-саттық қарқын алған. Қытай, Үндістан, Еуропа және өзге де елдерден көптеген адам осында қоныс аударып, орныға бастаған. Қазіргі таңда арал халқының 76,2 пайызын – қытайлықтар, 13,8 пайызын – малайлықтар, 8,3 пайызын – үнділер және 1,7 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Соның ішінде 32 пайызы – будда, 22 пайызы – даосизм, 15 пайызы – мұсылман, 15 пайызы христиан және 4 пайызы үнді дінін ұстанады. Сондықтан да болар, Сингапур президенті С.Натан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен болған әңгімесінде арал тұрғындарының мәдениеті мен

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сингапур мемлекетінің құрамы мен құрылымы

Аңызға сенсек, Суматра ханзадасы аралға аяқ басқаны сол екен, теңізде
арыстан басты тіршілік иесін байқайды. Содан бері арыстанбасты балық туралы
аңыз осы кезге жеткен. Қызыл көзді арыстан аралды жауларынан қорғап, тіпті
күлге айналдырып жіберетін қасиетке ие болған көрінеді. Содан да аралға
Sіnga Pura деген атау берілген. Санскрит тілінен аударғанда ол “арыстан
қала” дегенді білдіреді. Егер Сингапурға бара қалсаңыз, қаланың ең көрікті
жеріне, судың жағасына аузынан су атқылаған арыстанбасты, балық құйрықты
мүсінді көресіз. Бұл ХІV ғасырдан жеткен мистикалық жануардың құрметіне
қойылған белгі әрі мемлекеттің символы да. Жай символ емес,
өркениеттіліктің айбыны деп қарастыруға да болар. Қалай болған күнде бұл
құбылыс кім-кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.
Малакка түбегінің оңтүстігінде орналасқан Сингапур мемлекеті Оңтүстік-Шығыс
Азия­дағы аралдық мемлекет болып табылады. Сингапур атауы аралға, осындағы
өзенге және қалаға да қатысты аталады. Тұтастай аумағы 697,1 шаршы шақырым
(ұзындығы – 42, ені – 23 шақырым) ғана. Халқының саны 4,2 миллион адам
болса, сонда әрбір шаршы шақырымға 4884 адамнан келеді. Бұл Сингапур
әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі деген сөз. Мұнда
малай тілі – мемлекеттік, ал қытай, тамил және ағылшын тілдері ресми.
Аралдың байырғы тұрғындары – малайлықтар. Аралды ағылшындар отарлап
алғаннан кейін сауда-саттық қарқын алған. Қытай, Үндістан, Еуропа және өзге
де елдерден көптеген адам осында қоныс аударып, орныға бастаған. Қазіргі
таңда арал халқының 76,2 пайызын – қытайлықтар, 13,8 пайызын – малайлықтар,
8,3 пайызын – үнділер және 1,7 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Соның
ішінде 32 пайызы – будда, 22 пайызы – даосизм, 15 пайызы – мұсылман, 15
пайызы христиан және 4 пайызы үнді дінін ұстанады. Сондықтан да болар,
Сингапур президенті С.Натан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал
Мұхамеджановпен болған әңгімесінде арал тұрғындарының мәдениеті мен өзге де
ерекшеліктерін ескере отырып, сингапурлық біртектілік құру қажеттігі
жөнінде жан-жақты айтып берді. Мұндағы билік басындағылардың құрамы түрлі
ұлт өкілдерінен тұрады. Мысалы, Сингапур президенті тамил болса, үкімет
басшысы – қытай, ал парламент спикері –– малай. Сингапурлықтар арасында
дініне, ұлтына, түр-түсі мен өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, адамның
жақсы қасиеттерін бағалайтын түсінік қалыптасқан. Қоғам арасында “жақсы
адам” деген бағаға ие болған адам ғана билік табалдырығынан жоғары
көтерілетіндей жүйе құрылған десе де болады. Яғни, білікті де білімді, таза
да алғыр адам ғана жоғары лауазымдарға иек арта алады. Орташа жылдық табысы
әрбір сингапурлыққа шаққанда 25 000 АҚШ долларын құрайды. Мұншалықты
жетістікке арал өзінің стратегиялық орналасуымен қол жеткізіп отыр. Еуропа,
Азия және Австралияға қатынайтын теңіз жолдарының айырығында жатқан
Сингапур әлемнің байланыстырушы орталығына айналған. АҚШ, Еуропа және
Жапониядан жеткен өндіріс тауарлары алдымен Сингапурға келіп, көршілес
мемлекеттерге тарайды. Ең бастысы – аралда саяси тұрақтылық пен жоғары
сапалы әрі арзан жұмыс күшінің болуы инвесторларды қатты қызықтырды. Оның
үстіне арал басшылығы жұмысшы орындарын ашуға мүдделі болғаны соншалық,
Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Ю өзінің “Сингапурлық ғажайып”
атты еңбегінде ел азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін қармақ жасауға
дейін барғандықтарын еске алады. Бірде ол Мальтаға барса, алты күнге
созылған араб-израиль соғысынан Суец каналы жабылып қалған екен. Соған
қарамай, ағылшындар аталған канал жұмысшыларына айтарлықтай қаржы төлеген.
Мұндай тегін келген ақшаның адамдарды масылдыққа ұрындырарын жақсы түсінген
Ли Куан Ю парламентте сөйлеген сөзінде сингапурлықтарға арнап: “Әлем бізді
асырауға міндетті емес. Біз кедейшілікпен өмір сүрмеуіміз керек”, деп
ескерткен. Тоғыз жылдық тынымсыз еңбектен бір сәт болса да тыным алу әрі
өзінің біліктілігін арттыру үшін Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі АҚШ-
тың Гарвард университетіне де барып, көптеген ғалымдармен, оқытушылармен
әңгімелесіп, пікір алысады. Кәсіпкерлердің де тамырын дәл баса білді. 1967
жылы іскер азаматтармен Чикагода болған басқосуда Сингапур басшысы 120
балықшы тұратын аралдың тұрғындары 2 миллионға жеткен қалаға айналып шыға
келуін түсіндіргенде өздерінің тауар өндіру мен қызмет көрсетуді өзгелерден
сапалы да өнікті жасау керектігін, не аштан өлуді жақсы түйсінгендерін
әсерлі тілмен айтып өтеді. Содан кейін барып АҚШ-тың инвестициясы да
біртіндеп аралға ағыла бастаған.
Химия, мұнай өңдеу, электроника құрастыру, радио және электротехникалық
өндіріс, сондай-ақ кеме жасау Сингапурда жалғасын табуда. Сол сияқты қалайы
балқыту мен каучук өндірісі де аймақта үлкен маңызға ие. Сонымен қатар,
аралдық мемлекет интеллектуалдық қызмет көрсету саласында да (ақпараттық,
технология­лық және медициналық) айтарлықтай табыстарға жетті. Мысалы,
мемлекеттік “Джуронг Таун Корпорейшн” корпорациясының басшылығымен көптеген
инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жер аумағының тарлығына байланысты
бірнеше аралдардың арасын толтырып, ол жерлерге мұнай-химия өндіріс
орындарын сала бастаған. 1990 жылдардың өзінде Сингапур мұнай өңдеуді 1,2
миллион баррельге жеткізді. Сонымен ол әлемдегі Хьюстон мен Роттердамнан
кейінгі мұнай өңдеуші және Нью-Йорк пен Лондоннан кейінгі мұнай мен мазутты
сататын сауда орталығына айналды. Ендігі армандары жапондықтар сияқты мұнай
мен газ қорын молынан жинап, теңіздің түбінде сақтау. Корпорация
басшыларының мәліметі бойынша, ешқандай мұнай өндірмейтін елдің қазіргі
қоры 55 күнге дейін жетеді екен. Мөлшерін нақтылап айтпағанға қарағанда,
қор мөлшері бұдан да көп болуы мүмкін. Оның үстіне Малакка түбегіндегі
табылған мұнай мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азиядағы жаңа индустриялы елдер экономикасы
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Елтану курсынан дәрістер
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Қылмыстық Кодекс тарауы
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Корея Республикасы
Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны
Пәндер