Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік



1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.
Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды", "Экологиялық құқықтың мәні . бұл экологиялық.құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы".
Сонымен ҚР.ның экологиялық құқығы дегеніміз . айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.
Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама жуықта

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Пәні: Құқық негіздері

Тақырыбы: Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

Жоспар:

Кіріспе:
Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері

Негізгі бөлім:
2.1Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар
көздері
2.2Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану
құқығы
2.3Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау  және экологиялық құқықтағы
жауаптылық 2.4Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
2.5Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері

Қорытынды:
3.1 Экологиялық қылмыстық жауапкершілік

         1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
  Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін
анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір
саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей
бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да
қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге
бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық
құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның
субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара
әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.
Экологиялық құқық мәнінің ұғымын ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей
оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды
ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті
саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда
табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап,
дамиды", "Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың
қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қәзіргі және болашақтағы
ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи
объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру,
тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында
азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты
болуы".
         Сонымен ҚР-ның экологиялық құқығы дегеніміз - айналадағы табиғи
ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық
ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласын айтамыз.
Экологиялық құқықтың белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі
әдістерінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт белгілі: құқық саласының
әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері, осы
қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама  жуықта
ғана дербес сала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық әдісін
анықтау тұрғысында әлі де болса бірегей пікір болмай отыр.
Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады
және ол жеке зерттелуі тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу
мәні сипаттамасынан бастау алумен анықталады. Экологиялық құқықтың
анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын
пайдаланудың ішкі салалық процесстерін ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі
үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар мынаны
дәлелдеп отыр. экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың
(жер, су, тау және т.б.) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады. Алайда
экологиялық құқық әдісі - бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Экологиялық құқықтың
әдістеріне мыналар жатады:
      1. Экологияландыру әдісі. Бұл әдістің мазмұнынан экологиялық құқық
қатынастарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи
ортаға немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген
шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына
бағындырылуға тиіс. Пайдалы қазындыларды өндіру, өнеркәсіп объектілерін
салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу
кезінде, ғарыш объектілерін пайдаланған кезде және т.б. кездерде барлық
жерде экологияландыру әдісі қолданылады.
      2. Тараптардың теңдігі әдісі. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық
қатынасының мазмұны азаматтық құқықтық мәмілелер, залалдың орнын толтыру
болып табылатын жағдайларда қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері,
әдетте бірдей жағдайда болады, бір-біріне тәуелсіз құқықтар мен
міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана
байланыстырады.
     3. Биліктің ықпал ету әдісі. Бұл әдіс субъектілер бағынышты, тәуелді
болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі жоғары тұрған субъекті
анықтаған жағдайда экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық,
ҚР-сы аумағында табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық
қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның)
негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне
және тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал ету әдісі табиғат ресурстарын
пайдалану жағдайында, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде
министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілген
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.
      4. Мәжбүрлеу әдісі. Бұл әдіс кінәлі адамды жауапкершілікке тарту
жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал
ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады,
себебі кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық
қатынасын реттеу болып табылады.
     5. Экономикалық әдіс. Бұл әдістің көмегімен табиғат ресурстарын
пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді алу
жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.
     6. Халықаралық-құқықтық әдіс.Экологиялық қатынастарды реттеудің
халықаралық-құқықтық әдісі қажет әдіс, себебі экологиялық құқықпен табиғат
ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы
бойынша көшіп отырады. Объектиті құрылым ретінде табиғат кешені
мемлекеттерге, құқықтық режимге тәуелді болмайды, бірақ ол табиғат
процесстеріне тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы
өтеді. Бір мемлекеттің меншігі болмайтын табиғат объектілері бар, қайта
бүкіл адамзатқа тиесілі болады (әлемдік мұхит, ауа, озон қабаты және т.б.).
Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл жағдайларда қәзіргі халықаралық
экологиялық конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы
жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады.
Сөйтіп экологиялық құқықта негізгі әдіс ретінде экологияландыру әдісі
танылады, қалған әдістер қосымша әдістер болып табылады.        

 
2.1 Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және
қайнар көздері
ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға
байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқы қтық ережелердің
жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың
қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы
ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи
объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында
міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар
арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.Экологиялық қатынастар
дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып
табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны
құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен
адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының
меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану
мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады,
республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су
объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4.  Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер
танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген:
қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер
негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі
мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның
нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі
және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген
қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-
экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу; -
экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру; -
биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан
ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
-
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік
бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
-
қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету
мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және
демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы
бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері,
табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл
табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ал
ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-
құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы
табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар
жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.
Кейбір
нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін.
Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды
бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол
экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың
құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты
Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология
құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына
кірмейді. Сондықтан Экологиялық құқықтың қайнар көздері деген ұғым
Экологиялық заңдар деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша
үшке бөлінеді:
1. кешенді;
2. ресурстық;
3. әлеуметтік - экологиялық.
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік
актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар
мен табиғи орта жатса, оған Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы ,
Экологиялық сараптама туралы заңдарды жатқызуға болады.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне
нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи
ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және
т.б. жатады. Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық
қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге
бағытталған факторлар жатады. Оған Қазақстан Республикасында халық
денсаулығын сақтау туралы, Семей облысындағы ядролық полигон туралы
заңдарды жатқызуға болады.
1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы жатады.   
2) Экология құқықтарының қайнар көзіне Айналадағы табиғи ортаны қорғау
туралы Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ
ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы
табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.
3) Экология
құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік
– құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері
салалық басқаруды жүзеге асырады.
2.2 Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды
пайдалану құқығы
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады:
иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң
жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.Пайдалану құқығы
табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы
қасиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып
табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерінің заңдық мәртебесі мен
заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі
болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және
тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және
қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі
болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
- меншік құқығын беру;
- еншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
  Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
3. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:
бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер
қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат
арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің
экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу
үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Айналадағы табиғи ортаны қорғау
туралы заңында табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық
және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы деген анықтама
берілген. Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –
бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды
пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығы.
Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты
табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану
құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы. Табиғи ресурстарды
пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге
асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы,
мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін
қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға
белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және
мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары
мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал
шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды
тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат
пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта
болады.
Уақытша- мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.

2.3 Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау  және
экологиялық құқықтағы жауаптылық
Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет
меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір
бөлігін айтамыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының
1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына
сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына   арналмаған жер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және
тарихи мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жер.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы
мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды
мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де
заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі
өз құзіреті шегінде жүргізеді. Қазақстан
Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес
қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.
Жер
қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы – жер қойнауының ең
маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар
мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін
ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым
халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы
азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде
шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының
байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды Жер
қойнауын пайдалану туралы  Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығымен реттеледі. Жер
қойнауы және жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Экологиялық құқық бұзушылық
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Пәндер