Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің заңдылық негіздері ... ... ... ...12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып. тасуы ... ...15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайын талдау ... ...20

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының операцияларын жетілдірудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары ... ... ... 25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық
мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ...5
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік
қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 12
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-

тасуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...20

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
операцияларын жетілдірудің жолдары

3.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі
мәселелерді шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .25
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеуді
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .33

Кіріспе

“Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының
экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-
ауқатының артуы” 1, 21б атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен
болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және
нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып
табылады.
Қазақстан Республикасы (ҚР) егемендігін алғаннан бері экономикасы
нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда
болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар,
экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға
жетелеуде. Осы орайда ел басымыздың қойған мақсаттарының бірі – қор нарығы
және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.
Бағалы қағаз немесе қор нарығының қалыптасуы 1922-1924 ж.ж. ақша ре-
формасы кезімен байланысты. Аталған кезеңде халықтың уақытша бос ақша-сын
тартудың тағы бір әдісі − заттай және ақшалай облигациялық займдар шығару
кеңінен қолданыла бастады. Облигациялар ақшаға сатылып, ал оларды өтеу
ақшамен де, астықпен де жүргізіледі. Заттай салықтарды облигацияларын
өтеуге болғандықтан, шаруалар облигацияны шын көңілімен сатып алатын.
Бағалы қағаздар қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде, әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың дамуына айтарлықтай ықпал етіп, экономиканың әр
саласын инвестициялайтын негізгі инфрақұрылымдық элементтердің бірі бо- лып
табылады. Бағалы қағаздар экономиканың тұрақты дамуында маңызды рөл
атқарады, ол нарықтағы табысты көбейту арқылы бүтіндей елдің тұрғындары-ның
тұрмыс деңгейінің өсуіне жақсы ықпал етеді.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаздар нарығы немесе
қор нарығы мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет
ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бо-
йынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі
таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын
орындау барысында экономикалық мәселелерді, соның бірі бағалы қағаздар
нарығын талқылау, оларды дамыту мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайларын көтеру үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды қолдануды заң
тұрғысынан нығайту аса маңызды жұмыс болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты. Нарық жағдайында бағалы қағаздар нарығы-
ның ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды мемлекет тарапынан дұрыс ұйым-
дастыру және жүйенің дамуын нақтылы талдау. Банк қызметтерін жетілдіру
мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелерін қозғау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Бағалы қағадар нарығы ұғымына және қызметіне сипаттама беру;
– Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау;
– Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының операцияла-рын
жетілдірудің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің экономикалық жағ-
дайын талдау, атап айтса, бағалы қағаздар нарығы ұғымының мәнін ашу, бағалы
қағаздар түрлерін зерттеу және бағалы қағаздар нарығындағы мәселелерді шешу
жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы-
ның бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, еліміздің банк сферасындағы
бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы, отандық және шетелдік
банктердегі ақша-несие саясаты және банк жүйесі болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдары,
шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер,
статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар,
нормативті актілер қолданылды.

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының экономикалық
мәні
1. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен негізгі белгілері

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізді оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда бұрын соңды қаржы
рыногы болған емес.
Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттардың, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
рыноктармен етене байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында
қаржы рыногі қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды
неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылық та ақша қозғалысын ұтымды
ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы,
сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді.
Қаржы рыногында сатып алу-сатудың обьектілері айрықшалықты тауарлар
ақша және бағалы қағаздар (ақшалай) болып табылады.
Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын
алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың
айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. 2, 436
б

1-сызба
Қаржы рыногының құрылымы

Бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдан бастап белсенді дамуда, ол кезде
Қаржы министрлігі бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес
нысандарына көше бастады және бағалы қағаздар шығару арқылы ішкі қарыз
алып пайдалануды жүзеге асырды.
1997 жылы қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы
толығымен қалыптасты. Алғашқы орташа мерзімді бағалы қағаздар 1997 жылы
шығарылды, 2000 – 2001 жылдары айналыс мерзімі 10 жылға дейінгі бағалы
қағаздарды шығару реттелді.
Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы
негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла
бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың
жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім
ішінде қүллі ұлттық шарушашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан
өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік
капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991–1993 жылдары 200
акционерлік қоғамның, соның ішінде 30 ға жуық акционерлік коммерциялық
банктердің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110
миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80% құрады. 3, 65б
Бағалы қағаздар нарығы дегенміз - ол қаржы нарығының бір бөлігі.
Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды.Банк,шын мәнінде,коммерциялық
банк болса, қарызды бір жылдан астам өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды
шығара отырып олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін.
Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып
бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктың кредит жүйесін
толықтырады,өзара байланысты әрекет етеді. Мысалы,коммерциялық банктер
бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған
бағалы қағаздарға жазылуы үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен
сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Бағалы қағаздар нарығының маңызды бір бөлігі ақша нарығы болып
табылады,онда қысқа мерзімді қарыз міндетемелері бар казначейлік вексельдер
айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің
икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың
уақытша бос ақшалары табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды.Онсыз
толыққанды қаржы нарығын алу мүмкін емес.
Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен
ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді болады. Яғни бағалы қағаздар нарығы
сатып алу, сатумен байланысты экономикалық жүйесін құрайды. Нарықтың
мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесіне байланысты. 2, 445б
Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама нарықтан
тұрады.Алғашқы нарықты мемлекеттік және муниципиялды облигациялар,сол
сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асарылады,оны қаржылық
және қаржылық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар
шығарады.Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары
коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары,сақтандыру
компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке
адамдар. Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен
облигациялар сатып алады. Бағалы қағаздар қайталама нарығы эмитент бағалы
қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сату-

ды түсіндіреді.

Бағалы қағаздар нырығы – шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып
алынатын қаржы нарығының бөлігі.Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген
экономикалық, әсіресе инвестициялық процестері реттеп,олардың тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы
қағаздардың және де өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субьектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленуілерінің жаңа шығарылған қағаздары сатылады. Ал
қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің
ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмисиялық, нарықтық бағасы
болады.
Қайталама нарық екі бөліктен тұрады:
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – мәмілелер сауда-саттықты
ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын сферасы.
Биржадан тыс айналым нарығының ұйымдастырылған нарықтан айырмашылығы онда
операцияларды жүзеге асырлатын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың
офистарында диллерлер мен брокерлер жүргізеді.Ұйымдастырылған нарықта
операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізеді. Бұдан басқа қаржы
критерийлер бойынша ажыратады : бағалы қағаздар түрлері бойынша: акциялар,
облигациялар және т.б.
Эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы,
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық,
халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді,орта мерзімді
және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалық,форвардтық және тағы басқа сол сияқты салалық критерийі бойынша.
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде
анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар
нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсетіп отырады.
Бағалы қағаздар негізі специфиялық тауар,барлық тауар сияқты тұтыну
құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді,яғни процент және дивиденд
төлегенде,сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде
келетін табыстар.
Бағалы қағаз немесе қор нарығының жоғарғы деңгейде арнайы ұйымдасып,
заң негізінде жүретін арнайы технологиялық циклі нарық жүйесінде қалыпта-
сады. Ол қорды қалыптастырып, айналуын, ұйымдастыруын, құнды қағаз
нарығының жұмысын жүргізуін қамтамасыз етіп отырады.
Бағалы қағаздардың тууына себеп болатын жағдайлар әр түрлі қорлардың
жоқ болмаса кәсіпорындардың, әсіресе эмитенттік субъектілердің, қорлардың
индекстердің төмендеу немесе жоғарылау жағдайы осымен тікелей байланыс ты
болып келеді. 4, 156 б
Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы–
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған айналысқа шы ғарған
бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алына– тын қаржы
рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының– бағалы қағаздардың және өзге
де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын
ала анықталады.

2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың на-
рығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық, эмиссиялық, нарықтық бағасы бо-
лады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қа-
ғаздар нарығы мәмілелер сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі құжатта-рына
сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы
құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы
– бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасала-тын мәмілелер қаржы
құралдарымен сауда ─ саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында мәміле
объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге
асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым ры-ногының ұйымдастырылған
рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық
жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді.
Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелген, ал
ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша
жүргізіледі. 2, 452б
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционер-
лік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы
қағаздар нарығында лицензиясы бар заңды тұлға.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы
қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы.
Өзін-өзі реттейтін ұйым бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің
бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық
нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкімдеріне – брокерлер ,дилерлер,
,касто- диан, депозитарийлер, джобберлер ,андеррайтерлер және басқалар
жатады.
Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның
есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер
жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы
қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын
әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық
қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
• Консалтинг (кеңес беру);
• Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
• Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес
беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі, т.б. Сонымен қатар брокерлік
фирма ақша нарығындағы банктік несие алушыларға делдалдық жасау және
мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру сияқты
қызметтерді атқарады. Брокерлер өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды
басшылыққа алады:
1.Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша
келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде.
2.Брокерлер клиенттің белгіленген сомасы ақша шамасында әрекет
жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.
3.Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта
клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің
есепшотына аударады.
4.Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет.
5.Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере
алады.
Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операция-
ларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табы-
сына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек
делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың
қызметіне ұқсайды.
Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар
рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралда
рында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен
мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.Олардың брокерлерден айыр- машылығы шарт
жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:
1.Бағалы қағаздарды шығару,олардың курсы және сапасы туралы хабар
тарату;
2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3.Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қа-
ғаздарды сату–сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын
тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.
4.Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар
нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың ака- тализаторы
ретінде жұмыс істейді.
Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және
клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды,
клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне
міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби
қатысушы болып табылады. Бағалы қағаз нарығында кастодиандық қызметті
заңдарға және шарттарға сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік
операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға
кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен
қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.
Орталық депозиторий– бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен
мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын
есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын
материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы
құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай ақ тиісті лицензиясы
болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді
жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады
және акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Орталық депозиторийдың акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы
ұйымдары арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының бағалы
қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары сондай-ақ
шетелдік депозиторийлер мен кастодиандар орталық депозиторийдің
депоненттері болып табылады.
Андеррайтер– бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың
басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік
жүргізеді, бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің
мүдделерін білдіреді.
Джобберлер– бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура мәселелері жөнінен
кеңес берушілер. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы
кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек бір
жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың
шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бақылайды. Ол үшін олар
уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Джобберлер бағалы
қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғандықтан оларды кең
көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады.
Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланады. 3, 106б
Қорытындылай келгенде, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары
көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты
қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
қызметін талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қызмет етуінің заңдылық негіздері

Кез-келген заң жиынтығы қоғамда нақты орын алады және даму үстіндегі
экономикалық процестерге негізделеді. Сондықтан да құқықтық норма жасау
белгілі экономикалық мүдделерге бағытталады. Халық шаруашылығының,
кеңестік үлгісінен еркін дамитын нарықтық экономика үлгісіне өту, мұндай
заң жиынтығын жасақтау үшін құқықтық базаны түпкілікті реформалауды талап
етті. Сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеуде (АҚШ, Ұлыбри-тания,
Жапония) рыноктық типтегі дамыған мемлекеттердің жергілікті жағдай-ларға
бейімделу мен зерттеу тәжірибесіне сүйену ұйғарылды, сөйтіп Қазақстан-ның
бағалы қағаздар институтының құқығы мен бағалы қағаздар нарығын құ-қықтық
қамтамасыз ету керек болды.
Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету ─мемлекет мүдделері
максималды түрде тұрғындардың қажеттіліктерімен және кез келген нарыққа
бағытталған қоғамның объективті экономикалық даму заңына сәйкес бағалы
қағаз айналымы аса тиімді және мақсатты болатындай белгілі бір жағдай
туғызу үшін соған сәйкес келетін заң жинақтарын қалыптастырушы арнайы
өкілеттік орган тұлғасындағы мемлкеттік қызметті білдіреді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының актілері бағалы қағаздарды
жүзеге асыруда ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын қазіргі таңда
Азамат-тық Кодексті есепке алмағанда 1997 жылдан бері қызмет ететін екі
басты заңмен реттеледі. Ол Бағалы қағаздар нарығы туралы және Қазақстан
Рес- публикасында бағала қағаздарды тіркеу туралы келісім заңы.
Бағалы қағаздар нарығы туралы заң, ол Парламеттің қаралуында болатын,
заң шығарушы органдардың жоғарғы деңгейлі заңдарымен шығарылған және
бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеумен айналысып, нарық
объектілері мен субъектілері анықталған, институционалды инвесторлардың
негізгі түрлері анықталған, инвестициялық қорлар, инвестициялық банктер,
зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары, ұйымдасқан бағалы қағаздар нарықтары, бағалы қағаз - дар
нарығын өздігінен реттейтін ұйымдар және де бағалы қағаздарды мемлкеттік
реттеудің негіздері кіреді. Заң жобаларын енгізілуінің басты себебі болып,
Қазақстанның экономикалық жағдайының дүниежүзілік талапқа сай келмеуі болып
отыр. 8, 18б
Заң жобасының негізгі аспектісі болып инвесторлар үшін қажетті қосымша
сапалы инвестициялау мүмкіншілігін іске асыратын қаржылық құралдардың
көлемін кеңейту болып табылады. Бекітілген заң жобалары арқылы Қазақстан-
ның бағалы қағаздар нарығын кеңейтуге және оны жетілдіруге, сонымен қатар
инфрақұрылымды дамыту жолындағы ұйымдардың жұмысын мақсатты бағыт бойынша
қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бекітілген заң жобасы
шығарылған акцияларды мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қадағалап, олардың
түрлі аукциондық қоғамдарда тиімді пайдалануын бақылайды. Осы арқылы
Қазақстан экономикасының салаларында артық шығындардың шығарылуын
болдырмауға тырысады. Заң жобасы бойынша шығарылған акцияларды мемлекеттік
тіркеуден өтікілгенде заңда бекітілген органдармен жүзеге асырылады.
Акциялар акционерлік қоғамдардың органдарынан тіркеуден өткен соң, оның
бірінші реттілік нарығының жетілдірілуі қарастырылады. Заң жобасы бойынша
шығарылған акция көлемін алты ай уақыт аяқталмағанға дейін есептеу
жүргізілуіне болады.
Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік облигациялардың шығарылуының
белгілі бір ретпен мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етеді. Заң жобасы
арқылы облигацияларды шығарумен айналысатын нақты анықталған эмитент-тің
инвесторлық құқығын сақтауды жүргізеді. Ипотекалық несиелеуді және
мемлекеттік саясатты дамытуда арнайы агенттік, ипотекалық облигацияларды
шығаруды және реттеумен айналысатын құрал ол заң жобасы болып табылады.
Заңдық жоба бекітілмеген бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтық
негізін қарастырмайды. Жобада эмиссиондық бағалы қағаздардың шығарылуын жою
мәселелері қарастырылады, олар белгіленген соттық шешіммен және акционерлік
қоғамның ликвидациялық бөлімімен қарастырылады.
Халықаралық тәжірибе бойынша кәсіптік бағалы қағаздардың түрлері жоба
арқылы реттеледі. Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіптік бағалы қағазармен
келісім белгілі бір қаржылық құралдардың жетіспеуінен жасалмай отыр. Құжат
арқылы шығарушы бағалы қағаздардың түрлерін түсінуге мүмкіндік береді.
Шығарушы бағалы қағаздарға ─ фьючерлер, опциондар, Қазақстандық
депозиторлық қолхат жатады. Жоба арқылы аталған бағалы қағаздардың түрле-
рімен кәсіби қатысушылардың келісімге келуіне болады. Қазақстандық
депозиторлық қолхаттың болашақта қаржылық құрал ретінде шығарылуы қарас
тырылуда, яғни сол арқылы табыс табуға, басқару ұйымдарында қатысуға және
эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын сақтауға мүмкіндік
береді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында жобаның түп
нұсқасына қызығушылығын тудырады және эмиссиялық бағалы қағаздармен ретті
түрде келісімге келу және номиналды бағалы қағаздарды ұстаушылардың
құқықтарының сақталуы.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымдық ұйымының қатысушылары-ның
құқықтық негізін қорғауда заң жобасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби
және басқа да қызметтерін ұсынады. Оларға ұйымның болашақтағы қызметінің
жоғары кәсіби деңгейде құрылуы мен қызмет етуінің бағалы қағаздар нарығында
жобаны лицензиялауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік орган бағалы қағаздар
нарығының қызметтерінің құрылуын, қаржылық тұрақтылық критерийлерін және
пруденциалды нормалардың құрылуындағы құқықтарын бекітіледі. Сонымен қатар,
нарықтағы пайда болатын жағымсыз іс әрекеттердің болуына қарсы іс шаралар
қолданылады. 9, 5б
Заң жобасы арқылы инвесторлардың қызығушылығын қорғауға, олардың
инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, бағалы қағаздар нарығын дамытуға,

ұйымдар мен эмитенттердің қызметтерінің жетілдірілуі, қаржы шаруашылық
қызметтердің жоғарғы деңгейіне жетуіне бірден бір шара болып табылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы
6 шілдесіндегі заңы. Ол бойынша инвестициялық қор құқықтық статусын
анықтайды, олардың қызметін реттейді және құрылу ережелерін белглейді.
Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы 1997
жылғы 20 маусымдағы заңы. Ол мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу тәртібі мен қызмет
атқаруын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13
мамырдағы заңы. Ол акционерлік қоғам құрудың тәртібін олардың түрлерін және
де АҚ, ЖАҚ, екінші деңгейлі банктердің, бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой
қатынасушыларының және басқа да қаржы институттарының акция-ларын
эмиссиялауды тіркеу тәртібін анықтайды.
Біздің пікірімізше, заң жобасы белгілі бір жетіспеушілікті иеленеді,
елімізде бағалы қағаздардың әлуметтік-экономикалық басымдылығы артуы үшін
біріншіден, инвесторлар мен эмитенттердің мақсат-мүдделері Заң бойынша
қорғалып, екіншіден бағалы қағаздардан түсетін пайда әлеуметтік жағайларды
көтеру үшін жұмсалуы қажет.
Қор нарығын тәртіпке келтіру оның барлық қатысушыларын яғни, эмитент-
терді, инвесторларды, кәсіпқой қор делдалдарын, нарық инфрақұрылым
ұйымдастыруды қамтиды. Сонымен бірге, қор нарығын тәртіпке келтіру барлық
қызмет түрлерін және олармен операциялардың барлық түрлерін қамтиды: яғни,
эмиссиялық, делдалдық, инвестициялық, спекулятивті, кепілдік-ті, трасттық
және т.б.
Нарық қатысушыларын реттеу ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Ішкі реттеулер ─ бұл берілген ұйымның осы ұйымның қызметін оның
бөлімшелерін және оның қызметкерлерін анықтайтын нормативтік құжаттары-на
бағыныштылығын білдіреді.
Сыртқы реттеулер─ бұл аталған ұйым қызметінің мемлекеттің басқа ұйым-
дардың, халықаралық келісімдердің нормативті актілеріне бағыныштылығы болып
саналады. 8, 24б
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
▪ Нарықтағы тәртіпті қолдау, барлық нарық қатынасушыларының жұмыс
жасауы үшін қалыпты жағдай туғызу;
▪ Нарық қатынасушыларын жекелеген ұйымның тұлғаларынан, қылмыс-
тық ұйымдардың адал еместігін алаяқтығынан қорғау;
▪ Бағалы қағазға сұраныс пен ұсыныс негізінде баға құрылу процесінің
ер-
кіндігі мен алшақтығын қамтамасыз ету;
▪ Барлық уақытта кәсіпкерлік қызметке ынталандыру бар болып табыла-
тын және де әрбір тәуекелге пара пар сыйақысы бар тиімді нарық құру;
▪ Белгілі бір жағдайларда жаңа нарық құру;
▪ Қандай да бір қоғамның мақсатқа жету мақсатымен нарыққа әсер ету.
Сонымен осы бөлімді қорытындылай келе, қор нарығын мемлекеттік реттеу-
де арнайы нормативтік құқықтық актілер арқылы, нарық қатысушыларына
міндетті талаптар жиынтықтарын қолдану арқылы, негізгі процедуралар мен
нарыққа қатынасушылар тарапынан қолданыста жүрген заңдарды сақтауға
мемлекет тарапынан бақылау арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік реттеу
механизмдері болып, қор нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге
асыру, кәсіпқой қатынасушылар мен клиенттер үшін бағалы қағаздар нарығының
қауіпсізігін қамтамасыз ету болып табылады.

2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалып-
тасуы

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа
экономикалық саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда ба-
ғалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізін де
90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қа-
тынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.
Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді.
Әсіресе ол Англияда шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс елдерінде
жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан
жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да
өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз
мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше. Бұл елдерде бағалы
қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік
кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі.
Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы
ғана нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегйлі жаңа, нарық-
тық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның
қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте
күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде иә
қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және
инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ.
Нарықтық экономика- адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің
көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан
Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өте-тек ашық
нарыққа өту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік экономикалық саясаттағы
субъективизмнен бас тарту. 3, 257б
Қаржы нарығында біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш
нарық қызмет етеді. Соның бірі ─ бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың
кейбір белгілері КСРО-да қазан революциясына дейін болғанмен, соңғы 70 жыл
бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90 жылдардың басында ТМД
елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, басталған нарық қатынастары даму және
одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік
қатынаста-рын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы
саясатын өзгертуден басталады.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне
ақша қорын жасауына жол ашуда. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан
онда сатылатын өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар ─
бағалы қағадар.
Бағалы қағаздар нарығының құрылуы мен оны дамыту республика үшін
нарықтық экономикаға өтуге мүмкіндік береді. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев-
тың Қазақстанның қаржы Конгрессінде айтқан сөзінде: Бағалы қағаздар нары-
ғын дамыту мемлекет үшін басым міндет және нарықты жетілдіруге бар үлес
қосуымыз біз үшін мақсат болып табылады.,-деген.
Бағалы қағаздар нарығының ел ішінде негізгі қалыптасуы 1991-1994 жыл-
дарды қамтиды. Бұл кезең шаруашылықтың әлеуметтік жүйесінің нарықтық
экономикаға өтуін сипаттайды.1994 жылдың көктеміне дейін қазақс танның заң
щығару органдары қор нарығының басты төрт субъектілерін атап көрсетті.
Олар: эмитенттер, инвесторлар, қатысушылар және қор биржасы болып табылады
және осы уақытта бағалы қағаздардың акционерлік қоғамдардың оларды шығару
құқығы жоқ, кәсіпорын акциялары шығарылды. Атап өтетін бір жайт бұл кезең
эмиссиялық бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеудегі немқұрайлылықты
сипаттайды. Аталған кезеңнің бағалы қағаздар нарығын мем
лекеттік реттеу органы болып Қаржы Министрлілігі есептелді.
Сонымен қатар, бұл өтпелі кезеңде Қаржы Министрілігімен бағалы
қағаздар нарығына делдалдық қызметтерді лицензиялау басталды және ол
бойынша 1994 жылдың соңында заңды тұлғаларға 98 лицензиялар, жеке
тұлғаларға 1460 лицензия берілді. 1994 жылдың соңына қарай бағалы қағаздар
нарығының жал-пы инфрақұрылымы нақты көрсетілді. Республика Президентінің
1994 жылғы 20 наурыздағы “Бағалы қағаздар нарығының құрылу өлшемі” туралы
жарлы- ғында сипатталды және соның нәтижесінде ҚР-ның бағалы қағаздар
нарығы- ның Ұлттық комиссиясы құрылды. Берілген жарлыққа байланысты бағалы
қағаздар бойынша Ұлттық комиссия тарапынан Орталық депозиторииліліктің
құрылу сауалдары қарастырылды; 1994 жылдың 3 қазанындағы бағалы қағаздар
туралы уақытша ережеге сәйкес ұйымдық және кәсіпорын акцияларын шығару
мүмкіндігін бөлінді.
1995 жылдың алғашқы жартысында бағалы қағаздар қызметін реттейтін
Ұлттық Комиссия өз жұмысын бастады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қызметтерінің түрлері клирингтік, бағалы қағаздар портфелін басқару
қызметте рімен, бағалы қағаздарды ұстаушылар үшін реестрлер кірістіру
қызметімен, бағалы қағазды сақтау қызметтерімен толықтырылды.
Сонымен қатар, мемлекет қор нарығы инфрақұрылымының әлі де болса
жетілмегендігін және болашақта нарықтың дамуына түрлі шаралардың қолданы
луын қажет ететіндігін болжады. Аталған мақсатқа байланысты Үкімет тарапы-
нан 1996-1998 ж.ж арналған Қазақстан Респуликасының бағалы қағаздар нарығын
дамыту бағдарламасы құрылды.
Сол уақыт аралығында брокер-дилерлік ұйымдардың жалпы саны 1995 ж
сәуір айында 21 болса, 1996 жылдың соңына дейін 93-ке жетті. Бағалы
қағаздар нарығының жұмысына қызмет ететін мыңдаған мамандарды дайындайтын
тір-кеу орындары мен ғылыми орталықтар пайда бола бастады. Сонымен қатар,
ба-ғалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының алғашқы ассоциациясы құ-
рылды.
1996 жыл бағалы қағаздар нарығында басты екі қор биржаларының құрылуы-
мен, яғни Ортаазиялық және Қазақстандық қор биржаларының пайда болуымен
сипатталады.
1997 жыл бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының түпкілікті өзге-
руіне әсер етті. 1997 жылдың наурыз айында қор нарығын реттеуші болып
табылатын басты екі заң қабылданды. Олар: “Бағалы қағаздар туралы” және
“Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарын тіркеу туралы” заңдар болып
табылады. Сонымен бірге “Қазақстан Республикасының инвестициялық қоры
туралы” заңы шықты. Алайды бұл заң 1999 жылдың қараша айына дейін жұмыс тық
күшіне ене алмады. 1997 жылдың жазында “Бағалы қағаздардың орталық
деплзиторийі” атты ЖАҚ құрылды. 1997 жылдары брокер-дилерлердің құрамы
мемлекеттік тұрғыдан реттеуден өтті. Бағалы қағаздар нарығы қызметтерінің
басқа да кәсіпкерлік қызмет түрлерімен және жеке капи-талдың минимальды
деңгей крийтерийлерімен байланысына деген заңдылық шектеулердің қоюлуы
нәтижесінде брокер-дилерлік ұйымдардың саны 93 тен 1 шілдеде оның саны 43ке
жетті. 1997 жылдың екінші жартысынан бастап брокер-дилерлердің өсу қарқыны
басталды және ол 1999 жылға дейін созылды. Өсу қарқындылығының негізгі
себебі болып “Көгілдір фишка” атты бағдарлама болып табылады. 1997 жылы
қараша айында Қазақстан Республика-сының Президентімен Бағалы қағаздар
нарығы бойынша Ұлттық комиссияның құрамы түгелімен өзгертілді.
1998 жыл нарықтық заңдылықтың жетілдірілу жылы болып табылады. Осы
жылдың жазында акционерлік қоғамдардың қызметтері мен реттемелеуші
процесстердің құрылуын, корпоративті басқару мен акционерлердің құқығын
қорғау мақсатында “Акционерлік қоғам туралы” заң қабылданды.
1998 жылдың көктемі Ортаазиялық қор биржасының лицензиясы болып
табылады және бұл биржа Қазақстанның негізгі қор биржасы болып қалыптас ты.
1998 жылы зейнетақы активтерін басқаратын 8 компания құрылды, оның құрамына
13 жинақтаушы зейнетақы қорына қызмет көрсететін, Мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қорына зейнетақылық активтерді инвестициялық бағыттау ретінде
қызмет атқаратын Ұлттық Банк кірді.
Ресейдің қаржылық күйзелісі Қазақстанның брокерлер мен дилерлерді
иемденетін бағалы қағаздар нарығына қатты әсер етті. Алайда жыл бойына өсу
қарқыны байқалып, оның көлемі 1999 жылдың 1 қаңтарында 73 ке жетті және
өсу қарқыны ағымдағы жылдың екінші жартысында баяулағанын көрсетті. Бағалы
қағаздар нарығының қазіргі жағдайына бағалау жүргізгенде Ұлттық комиссияның
директорлар бөлімінің арнайы “Бағалы қағаздар нарығының брокерлік дилерлік
қызметтерін ерікті түрде тоқтату реттілігі туралы” қаулысы қабылданды.
1998 жылы Ұлттық комиссия қор нарығының “айқындық” дәрежесін көте-
ру үшін тізбектелген қадам қолданды. Көктемде брокер дилерлермен биржадан
тыс мәміле жасасу үшін күнделікті есептеелік жүйе енгізілді. 10, 70-75б
1999 жылы 1996 жылы құрылған Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы өз жұмысын аяқтатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы пәні бойынша Білім алушылардың оқытушылармен өзіндік жұмысты орындаудың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Корпоративті бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығы
Пәндер