Рим құқығының қайнар көздері



КІРІСПЕ 3

I РИМ ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Рим жеке құқығының пайда болуы мен дамуы 5
1.2 Рим құқығының негізгі институттары 10
1.3 Рим құқығының қайнар көздерінің қалыптасуы 14

II РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 XII кесте заңдары 18
2.2 Corpus iuris civiles 20
2. 3 Рим заңгерлері еңбектерінің рөлі 22

ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I РИМ ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Рим жеке құқығының пайда болуы мен дамуы 5
1.2 Рим құқығының негізгі институттары 10
1.3 Рим құқығының қайнар көздерінің қалыптасуы 14

II РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 XII кесте заңдары 18
2.2 Corpus iuris civiles 20
2. 3 Рим заңгерлері еңбектерінің рөлі 22

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Рим құқығы - цивильдік, яғни, азаматтық құқық институтының іргетасы, негізі, қазіргі құқықтың басты қайнар көзі. Сол себепті, заңгер мамандығын игеруге бет бұрған барша студенттер үшін бұл аса маңызды әрі қажетті пән болып табылады. Рим құқықығын жетік меңгерген студент қана кәсіби заңгер болып, үлкен жетістіктерге жете алады.
Біздің ата бабаларымыз осы Рим мемлекетімен талай қатынасқаны тарихтан белгілі, кей бір арғын-қыпшақтар Римда тұрған да. Ол ХІ, ХІІ ғасырларда болған мәселе. Ал баяғы Рим империясының қалдығы қазір де Римыния әлде Romania деп аталады. Енді құқық сөздің мағынасын салыстырайық. Бүкіл шет Шығыс әлемі оны юстиция, юриспруденция, юдиция деп атап шығарады. Ол Римдық немесе латын термин болып шықты. Біз Батыс жақтан шықсақ араб тілінен ал-хақ, әлде ал-хұқ сөзбен пайдаланамыз. Шарт деген сөз тағы арабтардан шықты. Көне қазақтарда (түрік елінде) хұқыққа жақын жаса, яса, жар, жарғы деген терминге тоқталды.
Сонда Рим құқығы өз (латын) тілінде jus Romanorum болып шығады. Jus - құқықтың мағынасында, Romanorum - римдық деген сөз.
Енді ғылыми анықтамасын берейік. Рим құқықтың көп оқулықтары бар. Көбі осы маңызына тоқтайды: Рим құқығы деген-антик Рим құқығы, құл иелену мемлекеттің заңдарының жинағы, оның тақырыбы ең негізгі мүлік қатынастардың ішінде табылады.
Юриспруденцияның оқулық жоспары бойынша Рим құқығы ең негізгі, ең маңызды пән деп есептеледі. Ол жай сөз емес, өйткені оған бірнеше себеп бар:
Бірінші: Қазіргі заманда Европа, Америка, Азияның ең нығайған мемлекеттерде құқықтың жүйелері рим құқығының тамырын табады. Юрист терминологиясы римдық құқықтан, латын тілінен шығады. Юстиция, прокурор, адвокат, нотариус және тағы бір неше терминдер латын тілінен шығып, енді халықаралық заңгерлік тіл болып шыққан.
Екінші: Қазіргі Қазақстанның құқық ғылымы қалай айтсақ та бұрынғы Советтік құқықтың ғылымынан шықты. Ал ол Патшалық Ресейдің заңгерлігі мекткптен басталды. Патшалық Ресейде Европалық юриспруденциясы римдық құқықтан негізделген.
Үшінші: Егеменді Қазақстан нарықтық экономикасының жолына шықса, біріншіден нарықтық қатынастарды жүргүзуге үйрену керек. Ал ондай жүргізу құқықсыз болмайды. Нарықтық мүлік қатынастар бүгін ғана шыққан емес. Бүкіл әлемдегі тарихынды әртүрлі құқықтық системалар әртүрлі экономикалық қатынастарды жүргізді. ХVІІІ-ХІХ ғасырда ңарықтық (капиталистік деп айтайық) қатынастар Европада туғанда ең білімді ғалымдар оған құқықтық негізін іздеген. Сонда Ф.Энгельс айтқанынша ешқандай іздестіру керек емес, оған дайын негізі тарихта бар. Оның аты рим құқығы деп айтқан. Өйткені, тек қана римдық құқықта ең әртүрлі, ең дәл мүлік қатынастарды тартатын шарттары болған. Одан әрі Еуропада, одан кейін Америкада, оңтүстік-шығыс Азияда рим құқығы тек қана нығайту және қазіргі заманға салыстыру мен бүкіл әлемдік юриспруденция болып шыққан.
Мәселен, Кеңестік құқықтың жүйесінде сервитут, кондоминиум, тағы басқа заңи ұғымдар болған жоқ. Ал ол терминдер Егеменді Қазақстанның құқықтық системасына, заңдарға қазір ғана кіріп отыр. Өйткені бұл ұғымдар, терминдер тек қана нарықтық қатынастарға келеді. Ал бізге оған жаңадан ұғымдарды іздеуге ешбір керегі жоқ. Олар бәрі де римдық құқықта бар. Оның ең бірінші, ең негізгі ұғымы жеке меншік деген ұғымы. Жеке меншіктің қатынастар тек Рим мемлекетте болған жоқ, ол әртүрлі ежелгі мемлекеттерде (Қытай, Үндістан, көне Қазақстаңда да) экономикалық заңдар бойынша шыққан. Бірақ римдық құқықта оның ұғымдары және оның дұрыс жүргізілуі олардан өте дәл және түсінікті болып шыққан.
Курстық жұмыстың мақсаты: Рим құқығы саласында өз білімімді жетілдіру, осы пәнді меңгеру саласында өз идеяларымызды ұсыну, Рим құқығы қайнар көздерін жете зерттеп, бір жүйеге келтіру.
Курстық жұмыстың міндеттері: осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді алдымызға қойдық:
+ Рим құқығы түсінгін ашу;
+ Рим құқығы қайнар көздерін талықалау, оларды салыстыру;
+ Рим құқығы жайлы жазылған шетелдік еңбектерді аудару арқылы мейлінше мол ақпарат алу;
+ Рим заңгерлерінің еңбектірмен жақынырақ танысу, олардың пікірлерін салыстыру, жазған еңбектерінің тиімділігін бағалау, дүниежүзілік құқықтың дамуында олардың рөлін анықтау.

І РИМ ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Рим жеке құқығының пайда болуы мен дамуы
Рим құқығын Рим тарихынсыз түсіндіруге болмайды. Өйткені құқық бір мерзіммен шыққан жоқ, оның шығуы, дамуы және жоюлуға бұрылатын кездер болған. Сондықтан ру мемлекетінің және Рим құқығының тарихын қысқаша болса да жақсы білуіміз қажет.
Әдет бойынша (өйткені көп уақыт өткендіктен анық деректері жоқ). Рим қаласы, сонымен бірге Рим мемлекеті б.з.д. 753-754 жж. Ромул мен Рем, Троядан келген белгілі Эней ердің ұрпақтары екі ағайын құрған. Сонда, Каин мен Авель сияқты, бір біреуін өлтіріп Рим патшасы болып қалған. Осыдан патшалық периоды басталды. Патшаларды Римдықтар Rex (Рекс) деп атаған. Бұл период б.з.д. 510 жылдан 509 жылға дейін созылған. Ең ақырғы патша Тарквиний Гордый жұртқа өте жарамасыз болған. Сол кезде ежелгі Грек елінде халық патшасыз тұрып, мемлекет жағдайларды өздерінің құрылтайымен шешкен. Римдықтар да осылай тұрайық деп Тарквинийді жойып республиканы құрды. Respublica латын тілінен бұқаралық істері (Res-заттар, істер, publika- бұқара, көпшілік) деп аударылады. Сонымен бүкіл мемлекеттік істерді халық өзі басқарып шешкен. Бұл үшін сенат делінген халық кеңесі құрылған. Ал Рекс деген сөз сол кезден жаман ат болып кетті. Рекс деп иттерді да атаған. Мысалы, белгілі Иса пайғамбарды өлтіргенде оның крестіне JNRI әріптерімен белгі жазған. Jisus Nasarei Rex Iudei - Иудеянің патшасы Назареттегі Иса.
Республика мемлекеті тез нығая бастады. Біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Рим мемлекеті бүкіл Италияны қол астына алған, одан кейін Карфаген мемлекетімен көп соғысып б.з.д. 146 жылға қарай бүкіл Жерорта теңіздің жағасын басқан. Тарихтың да заңдары болады. Сондай бір заң бойынша әрбір республикада халыққа қарамайтын бүкіл билікті бір қолыма алайын дейтін кісілер табылады. Римда да осындай кісілер болған Сулла, Марий, Помпей тағы басқалар. Олардың ішінде б.з.д. 49-45 ж.ж. Гай Юлий Цезарь деген Принцепс сенаттың төрағасы Сенатқа қарсы шығып, өзім жалғыз патша боламын деп тырысқан. Бірақ б.з.д. 45 ж. Республикашылар оны өлтірді. Сол кезден бастап әрбір Принцепс сенатты өз қолына алатын болыпты. Бұл заман б.з. д. 27 ж. - б.з. 193 ж. дейін созылған. Оңы Принципат кезеңі Принцепс сөзінен аталған. 193 ж. Юлий Цезарьдаң немересі Октавиан Август өз өзін император атағымен атап, таққа шыққан. Осыдан Рим тарихында императорлық әлде Доминат кезеңі басталады. Доминат - Dominio басамын сөзінен шықты Империя жай мемлекет емес, бірнеше мемлекеттерді басқан, олардың жерлерін және халықтарын өз билігіне қосқан ел. Б.з. І, ІІ ғасырларда Рим империясы бүкіл Еуропаны басып, Шығыстың Армениядан, Батыстың Испанияға дейін созылған. Осы кезеңде І ғасырда Рим провинциясы (билік астындағы ел) Палестинада Иса пайғамбардың діні пайда болған. Бірнеше жыл римдықтар сол діннің абыздарын қаштыртып, кейде өлтіріп та жатқан. Исаға дейін римдықтар бірнеше құдайларға сенген (Юпитер, Марс, Венера т.б.). Ал б.з. ІІІ ғасырдан бастап римдықтар да бір құдайға сенетін болды. Исаны Иисус деп атап, Алланың баласы ретінде санап Христиан дінін мемлекет діні ғылып жариялаған. [3]
Содан соң айтылған: Римдықтар бүкіл әлемді (бізше тек қана Еуропаны) үш рет қолына алған - бірінші семсермен, екінші Христиан дінімен, ал үшінші - өз құқығымен.
Тарихтың тағы бір заңы бойынша әрбір империя ерте әлде кеш болса да быт-шыт болып құлайды. Құмнан қаланған үй сияқты бірнеше егеменді мемлекеттерге (бұрын бастырылған елдер) бөлінеді. Ол тек Рим ғана емес, Монғол, Ұлы Британия, Ресей т.б. империялардың тағдыры.
Император Октавианнан бастап Цезарь есімі саяси атақ болып шықты. Әрбір император енді өзінің есіміне Цезарь атағын қосатын болды. Бұл атақ әлем тарихында кең тараған. Орыстар Цезарьды кесарь, қысқаша царь деп атаған, немістер - кайзер, ал Шығыс тілдерде қайсар түрінде сақталған.
Рим империясы алдымен екіге бөлінген. Батыс империя Рим астанасымен қалды, Шығыс империясы Кіші Азияда орналасқан, Визант қаласында астанасын құрды. Сондықтан Рим Шығыс империясы тарихта көбінде Византия аталады. Батыс империяны Еуропаның варварлар (сақалды деген сөз) б.з. 426 жылы жойған. Сол империяның ең соңғы императоры жас бала болған Ромул Августул өлтірілген.
Рим тарихы енді тек Шығыста жалғастырылуға айналған. Император Константиннің кезінде Визант қаласы Константинополь атағына ие болды.
Рим империясы екіге бөлінгенде оның діні және тілі де бөлінген. Батыста католиктер латын тілімен, Шығыста православ діні грек тілімен. Рим құқығы да енді Шығыста нығая бастады. Шығыс империясы Батысы құлаған соң тағы бір мың жылдай болатын. Оның тарихы өте қызықты, бірақта, бізге десек, оның ішінде император Юстинианның кезеңі ең маңызды болып шықты. Юстиниан, басқа императорларға қарасақ, өте ақылды, білімді және мәдиниетті кісі болған. Оның жұбайы да Феодора өз күйеуіне көп көмек көрсетті. Жақсы әйел ерді ер қылады, ал жаманы жер кылады деп осыған айтқандай болды. Император Юстиниан өзіннен кейін көп ескерткіштер қалдырды. Оның біреуі - Константинопольдің Әулие Софияның діни ғимараты, ал екіншісі - Corpus Juris Civilis - Юстинианның кодексі, Рим құқығының ең толық және ыңғайлы заңдар жинағы. Осы екі Юстинианның ескірткіштері әлі де тұр.
Юстиниан және оның ұрпақтарынан тағы біздерге өте қызықты кодекс қалған. Ол Кодекс Куманикус - ең бірінші латын-қыпшақ сөздігі.
Арғын-қыпшақтарды римдықтар кумани деп атаған. Византияда арығын-қыпшақтар тұрған екені де тарихта сақталған.
Бірақта, Византия да империя болғаннан соң оның өмірінің жылдары саналған. Көне орыстар, қыпшақтар тағы басқа нығая бастаған елдер Византияға көп шабуыл жасаған. Бара-бара қыпшақтардың туыстары Осман түріктер бұл империяны жойып қалдырды. Осы жағдай б.з. 1453 жылда болыпты. Византия-Шығыс Рим орнана жаңадай Османдар өз империясын құрды, Константинополь енді Ыстамбұл аталатын болды. Осман империясы да өз кезеңінде құлаған.
Рим мемлекетінің тарихы төрт кезеңге (Патшалық, Республикалық, Принципат, Доминат) бөлінсе рим құқығының тарихы да кезеңдерге бөлінеді. Біріншісі - ежелгі кезеңі б.з.д VІІІ-ІІІ ғасырларға созылған. Екіншісі - классикаға дейін кезеңі б.з.д. ІІІ ғасырдан б.з. І ғасырға дейін. Үшіншісі - классикалық кезеңі б.з. І-ІІІ ғасырлар. Төртіншісі - классикадан кейін кезеңі б.з. ІІІ-V ғасырлар. Классика деген сөз - оқуға ең керек, ең жарамды, пайдалы мағынасын білдіреді. Ал VІ ғасырдан бастап, Юстинианнан кейін десек те рим құқығы Римда (Византияда) аса нығайған жоқ.
Алдымызда айтқандай 18-19 ғасырларда Еуропада, ХХ ғасырдың соңында Совет Одағынан босаған мемлекеттерде (Қазақстанда да) рим құқығы рецепцияға (қайта туған жағдайға) айналған. [16]
Бүкіл тарих бойынша заң ғылымында үлкен деңгейге жеткен бірден-бір сала - Рим құқығы. Басқа тарихи құқықтық жүйелерден қарастырсақ, оның бiрнеше көрнекті айырмашылықтары бар. Сол айырмашылықтарды Рим құқығының белгілері деп санаймыз. Олардың біріншісі - шектелмеген жеке меншік құқығының институты. Бұл Рим құқығының ұйытқысы. Ол құл иеленушілердің жерге ие болуына, саудагерлерге тауарларды сату т.б. әрекеттерден көрінеді. Екіншісі - келісім-шарттардың институты. Бұл Римда ерікті азаматтарға үлкен шаруашыпықпен айналысу үшін көптеген түрлі келісім құжаттар пайда болу үшін, келісімдер орындалу үшін көп көмек көрсеткен. Үшіншісі - Рим тұрғындары құқықтық жағдайларда жекешелікті өте биік көтеру. Меншік тек қана бір қолда болу керек мағынасында. Төртінші - құқық нормалардың анықтамалығы өте дәл және түсінікті болуы. Бесінші - құқық жүйесіні прецедентке негіздеу. Прецедент деген - құқық практикасында бұрын болған шешімдерді пайдалану. Алтыншы - құқықтық жүйені талаптарға негіздеп құрастыру. Римдық құқық жүйесі бірнеше түрлі талаптардан құрылған. Жетіншісі - құқықтық компромиссті әрбір жағдайларда іздеу. Компромисс деген - екі әлде көп жақтардың әртүрлі белгілері, ой-пікірлері бірдей болмаса да бір қалпына келтіру. Тоғызыншы - Заңдарды аса құрметтеу, осы құрметтеуді халыққа тәрбиелеу. Римда әдет құқығы бойынша, жаңадан заң шықса да, ескі заң жойылмай қалады. Оны орындамаса да құрметтеп, алыс жерге орнататып, керек болса тағы шығаратын.
Мемлекеттік бірізділік бойынша юриспруденция жөнінде рим құқығы рим жеке құқығы деп аталды. Оған бір себеп бар. Көне Римда құқық екі тарауға бөлінген. Оның бірі - жеке құқық, екіншісі - көпшілік немесе қоғамдық құқық болған. Латынша jus privatum және jus publicum аталған.
Қазіргі құқықта бірнеше үрім-бұтақтары немесе тараулары бар. Мәселен, қылмыстық құқығы, азаматтық құқығы, тағы басқалар. Оның бәрі құқықтың тараулары деп аталады. Ал рим құқығы тек қана екі тарауға бөлінген. Екеуінде де меншікті ерекшілігі бар. Жеке меншік құқығы жеке кісілердің мүдделерінің (қызығушылықтардың) қорғауын атқарған, ал көпшілік құқығы негізінде мемлекеттік мүдделерді қорғауға. Көне Римнің белгілі заңгері Ульпиан осылай деп жазған: publicum jus quod ad statum rei romanas spectat, privatum quod ad singulorum utilitatem - қоғамдық құқығы Рим мемлекетінің жағдайына қарайды, ал жеке құқығы жеке адамдардың жағдайын сақтайды.
Осы екі тараулар қазіргі құқық жүесінде бір жиырма шақтай бұтақтан құрылған. Мәселен, жеке құқыққа азаматтық құқығы неке - отбасы құқығы, тұрғын үй құқығы, жер құқығы т.б. қатынасады. Ал қоғамдық (публикалық) құқықтан - мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік т.б. құқықтық тараулар шыққан.
Рим жеке құқығы жеке қатынастарды реттеп өзі ішінде міндетті нормаларды ұстаған. Осы нормалар жеке адамдардың келісуімен өзгеріледі. Көпшілік (публикалық) құқығы мемлекеттік қатынастарды реттеген. Оның нормалары жеке адамдардың келесуімен өзгерілмейді.
Осыдан кейін біз тек қана жеке құқықты зерттейміз. Оның себебі бар. Біріншіден, қоғамдық құқығы - Көне Римнің - мемлекеттік (құл иелену) құқығы, әкімшілік құқығы да бізге жарамайды. Өйткені олардың негізі құл иелену қатынастарды реттеген. Ал жеке құқығы тек қана мүлік, жеке меншіктік қатынастарды реттеген. Ондай реттеу қазіргі заманға өте қолайлы болатынын жоғарыда айттық. [15]
Қазақ заңи тілінде жеке құқық кейде дербес құқық деп аталады, публикалық құқық бұқаралық әлде қоғамдық құқығы атауларынан шығады. Бұлар бәрі синонимдер. Бірақта, публикалық құқықты жария немесе жалпы құқық деп аударуға болмайды, оған заңи маңызды себебі бар.
Әрбір оқу пәннің немесе ғылымның әлде құқық тарауының біртұтас жүйесі болады. Жүйе деген үйлесімді құрылған тұтастықты білдіретін ғылыми ұғым. Рим құқығында да жеке біртұтас жүйе бар. Ол үш бөлімге тарайды. Оларды да үш жүйе деп атаймыз.
Біріншісі - цивилдық (азаматтық) құқығы, екіншісі - преторлық құқығы, үшіншісі - халықтар құқығы. Тарих бойынша алдымен jus civilie шықты. Қысқасы, оны әдет-ғұрып құқығымен салыстыруға болады. Өйткені jus civilie халық әдет ережелерден шыққан. Бірақ jus civilie-нің ережелері бар халыққа пайдаланған жоқ. Оны тек қана азат римдықтар, рим азаматтары пайдаланатын. Шетелдіктер, басқа ру тайпалы азаматтар және әрине құлдар ius civilie-ге қатынаса алған жоқ. Содан соң jus civilie азаматтық құқық деп атауға болмайды. Бірақ civilie деген сөзі ғана цивил немесе азаматтық деуге болады. Ең ескі тарихта сақталған ХІІ Тақтадағы Заңдар сол цивилдық құқыққа jus civilie қатынасады (біздің жыл санауымызға дейін V ғасыр ). Сол заманда заңдарды ағаш немесе тас тақтарға жазатын. Тақта латынша tabula делінеді, орысшасы таблица болып шығады.
Претор құқығы jus praetorium цивил құқығынан кейін тарихқа келді. Рим мемлекетінде бірнеше түрлі бастықтар, төрелер болатын. Сенатта сайланған төрені магистрат (magistratus) деп атаған. Оларға консул, диктатор, децемвир және басқа түрлі атаулар берілген. Претор - сол магистраттардың бір түрі. Претор консулдың көмекшесі болатын.
Оның қызметі негізінен құқықты реттеуге байланысты. Біздің жыл санауымызға дейін 242 жылдан бастап Римда екі претор сайланатын. Біреу ітек қана Рим азаматтарының арасында заң бойынша таластарды шешетін, ал екіншісі - Рим азаматтары мен басқа шетелдік термин арасында таласуларды шешкен. Сол преторларды бірінші мемлекеттік заңгерлер деп санайды. Өйткені олардан бұрын заңдарды айтқару және түсіндіру тек қана понфиктардың иесінде болатын (Понтифик - діні абыз). Цивилдік құқықты сол понтификер жүргізді. Аз пректорлар цивил құқыққа көп қосымшалар мен өзгерістерді шығарды. Бірақ ескі заңдарға олар тиген жоқ. Бұл римдық құқықтың бір ерекшілігі. Қазіргі заманда жаңадан шығатын заңға шығуы - алдымен ескі заңды жояды. Римдықтар олай істеген жоқ. Преторлар жаңа жарияны шығарса (оны претордың әдихты деген) ескі заңды қалдыратын бірақ орындамайтын. Солай римдықтар ескі заңдардың қадірін халықтың алдында сақтаған.
Претор құқығы сол преторлардың әдиктерден жиналатын.
Халықтардың құқығы (jus gentium)
Бұл ұғым тарих бойынша осылай болып шықты. Рим мемлекеті алдымен тек Рим қаласында құрылған. Сол қалада тұратын азат тұрғындар Рим азаматтары деп саналатын. Одан кейін Римға тағы бірнеше қалалар қосылған. Біздің жыл санауымызға дейін ІІІ ғасырда Рим мемлекетіне бүкіл Италия кірген. Римдықтар басқа елдермен қатынастарда (заң бойынша) цивил құқығын пайдаланбайтын. Әрбір елдерде өздерінің құқықтық жүйелері болатын. Ал құқықтарды салыстыру үшін әдейі арнаулы претор сайланған. Оны перегриндер преторы деп атайтын (peregrinus-шетелдік, шетелдік адам). Көп елдердің, халықтардың құқықтарын жинап, салыстырып, оны пайдаға алдырып перегриндер преторлары халықтардың құқығын құрды. Оған ius gentium атағы берген (gens-ру, тайпа деген сөз). [1]

1.2 Рим құқығының негізгі институттары

Рим құқығының институттары біраз топтастырып, жалпылама алғанда, жеке құқық, заттық құқық, міндеттемелік құқық, талап ету құқығы институттары ретінде айқындалатын. Ал дәлірек қарастырғанда, Ежелгі Рим құқығында
1) жеке тұлға құқығы;
2) отбасы құқығы;
3) заттық құқық;
4) меншік құқығы;
5) міндеттеме құқығы;
6) талап ету құқығы;
7) шарттар;
8) мұрагерлік құқық сияқты институттар болған.
Жеке тұлға құқығы. Ежелгі Римда жеке кісілер әлде ұжымдар өзі құқықтарына не болмаса оларды құқықтық субъектер деп атаған. Бірақ әр бірі жеке адамдардың арасында әртүрлі субъектер болған. Өйткені азат кісі, бағынышты кісі, ер әйел, құл, құл иесі, тағы басқалар әртүрлі құқтарына және міндеттеріне ие болған. Сондықтан олардың құқықтық жағдайлары да әртүрлі болатын. Ал құқықтық жағдайды Римдықтар Status (статус) деп атаған. Сонымен тұлғаның құқықтық статусы деген жеке адамдардың немесе адамдардың ұжымдарының міндеттері және құқықтар құрамы.
Әрбір жеке тұлға өзінің құқықтарына не болса, сол кісіні регзопа деп атаған. Құлдар, әрине ешбір құқықтарға ие болған жоқ, сонымен оларды регзопа деп атаған жоқ. Құлдарды нәрселерінің (заттарының) арасында есептеген, латынша res арасында servi деп атаған.
Персоналар өзінің құқықтарына ие болса. сол құқықтарын пайдаланса, бұл жағдайды Сарut Һаbеге деген немесе құқықты қабілет дейміз.
Ал құқықты қабілеті да әртүрлі болған. Бір жақтан толық қабілеті, екінші жақтан толмаған қабілеті болатын. Олардың арасында бірнеше дәрежелер бар.
Отбасы құқығы. Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген.
Егер ер балалар үйленіп, сол familia мен бірге тұрса, оның әйелі мен балалары бір әкесінің фамилиясына қарайтын. Содан соң, латын тілінің Familia деген сөзді тиянақты отбасы емес, оны қазақша үй деп аударсақ дұрыстау болады. Үйдің иесін Римдықтар paterfamilias деген. Paterfamiliasтың ұғымы тек отбасы жағдайынан ғана емес, құқықтық жағдайынан да шығады. Paterfamilias Рим азаматтарының ең толық құқықтарына ие болатын. Содан соң оны persona sui iuris деп атаған. Үйдің басқа мүшелері Pater familiasқa бағынышты болатын. Содан соң оларды persona apieni iupis деп атаған, apieni - бөтен деген сөз. Одан әрі ежелгі заманда үйдің іші бәрі де Paterfamiliasтың жеке меншігі, мүлігі болатын. Сол кезде әйелді баланы мал сиықты сатуға, айырбастауға, тіпті өлтіруге де үйдің иесіне заң бойынша рұқсат етілген. Бірақ бірте-бірте тарих бойынша үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Әйелдерді, балаларды бірте-бірте адам қатарына қосатын болды, тек қана құлдарды есептемейтін.
Заттық құқық. Римдықтар заттарды бiрнеше түрлерге айырған. Алдымен заттар денелi және денесiз болатын. Денелi - сезуге болатын заттар. Ал сезiлмейтiн заттарға кейбiр қатынастар және құқықтың түрлерi саналған. Мәселен мiндеттiлiктер, пайдалану құқықтар. Оларды қолмен ұстап сезуге болмайды, бiрақ сатуға, мұраға қалдыруға болады. Сезуге болатын заттарды - qune tungi possunt, сезiлмейтiндердi qune tungi nonpossunt деген.
Екiншiден, заттар қозғалмайтын және қозғалатындарға бөлiнген (жылжымалы және жылжымалы емес). Қозғалмайтын жер бөлiмдерi, және жерде құрылған үйлер, тағы жерден айырылмайтын басқалар. Оларды res soli деп атаған. Жерден айрылатын, қозғалатып заттарды res mobili деген.
Үшiншiден, тек қана Рим құқығында болатын заттардың айырмашылығы res mancipi және res non mancipi болған. Res mancipi бойынша Ульпиан осылай деген: Манципий заттарға Италиядағы жер бөлiмдерi, қандай үй болса, сондай жер бөлiмдерi және олардың құқықтары. Қандай жер болса, сондай құлдар мен жануарлар. Мысалы бұқа, жылқы, ешкiлер. Басқалар манциний заттар емес. Осы ұғымды анықтасақ келетiн заттар ең қымбат, шаруашылыққа келетiн заттар болған. Екiншiден, осындай қымбат заттарды сатып алу үшін ерекше болған.
Төртiншiден, заттар бөлiнетiн және бөлiнбейтiн заттарға айырылған. Одан әрi жұмсалатын және жұмсалынбайтын, жай және күрделi, тектi және негiзгi және көмекшi заттар түрлерi болатын.
Меншік ету құқығы. Ежелгi Римда меншiк құқығы алдымен иелену құқығынан шыққан. Бiраз уақыттың iшiнде осы екi ұғымның айырмашылығы болған жоқ. Меншiк Рим мемлекетiнде жер меншiгiмен басталған. Әрбiр Рим азаматына мемлекет пайдалануға екi Югер жер беретiн. (Югер - жердi өлшейтiн өлшемi. Ол 120 х 240 футтан шыққан. Сонда фут (табан) - 29, 63 см болған. Футты Римдықтар Рез деп атаған). Сонда осы екi югерге Рим азаматы ие болған. Одан кейiн иелену құқығы меншiк құқығы болып жерде құрылған, қозғалмайтын заттарға да тараған.
Меншiк құқығына Римдықтар Dominium деген термин пайдаланған. Dominium - үстемдiк, үстемшiлдiк мағынасында. Меншiк құқығының Римдағы толық атағы "Dominium ex juris Quritum" болатын. Квириттердiң құқығы бойынша үстемдiгi. Сонда әрбiр зат бiреудiң билiгiнде болса dominium - да болады деп айтқан. Квириттердiң меншiгi сонда тек қана байырғы Рим азаматтарына тараған. Меншiк құқығы dominium-нан басқа proprietas деген сөзбен белгiленген. [4]
Міндеттеме құқығы. Жалпы Рим құқығының баспаларында міндеттеме - obliqatio, төмендегідей анықталады:
- Міндеттеме - мемлекетіміздің заңдарына сәйкес бізге қандай да бір қажеттілікті орындатуға күші бар, құқық кісенін түсіндіреді;
- Міндеттеменің мазмұны, бізбен қандай да бір дене затын немесе қандай да бір құралды істеу емес, ол біздің алдымызда қарым-қатынас байланысын беретін, елестететін байланыс құралы. (Павел Д. 44.7.3.).
Міндеттемеің негізі ол бір жағынан талап ету құқығы болса, екінші жағынан осыған сәйкес талапты орындау міндеттілігі немесе борыш. Міндеттемені міндеттен айыру керек. Мінтеттеме тек азаматтың әрекеттерге байланысқан (келісім, әлде құқық бұзу ретінде), ал міндет оларсыз (заң әлде әдет бойынша) пайда болады. Ал міндеттеме және міндеттілік-синонимдер.
Талап ету құқығы. Мемлекеттік құқықты қорғауды Римде алдымен претор орындаған. Қорғау іздерін азамат өзінің арызымен преторға барып оған түсіндірген. Претор істі тыңдап, азаматтың айтқан сөздері дұрыс және заңға сәйкес болса, екінші жақты шақыртып тағы оны да тыңдап өзінің шешімін шығарған. Бұл қысқаша жарияланған азаматтық процесс. Осында көрсеткен қорғау іздеген адамды біз талапкер дейміз. Әрбір азаматтық процесс екі жақты тыңдап көріп, біреуін айттық, бұл талапкер, ал екінші жағын жауапкер деп атаймыз. Оның азаматтық ісі талап деп аталады. Римдықтар қорғау іздеуді actio деп атаған. Сонымен талап латын тілінде actio делінген.
Рим құқығы бойынша талап (actio) - преторлық эдиктпен жарияланған соттық процесспен шешілетін құқық қорғау үшін арналған құрал.
Шарттар институты. Шарттарды Римдықтар екіге бөлетін. Бір жағынан контракттар Contractus, екіншіден, пакттар Pactus. Контракт және пакт-келісім шарттардың екі түрі. Контракттар шарттардың заңды түрі, оларды және осы шарттарды бекіткен тұлғаларды (талапкер және жауапкер) мемлекет заң бойынша талап қорғаумен қорғаған. Ал тізімге кірмеген шарттарды пакт деп атаған. Оларды кейде қорғаған, кейде жоқ. Бірақ та Римдықтар контрактіні әлде пактыны бекітсе, әдет бойынша өте қатал ретінде орындайтын.
Контракттарды да екі тізімге бөледі. Шарт ауызша бекітілсе, оны ауызша шарт - Contractus verbalis - вербальдық контракттар деп атаған. Жазбаша түрінде бекітілсе - Contractus litteralis - литтералдық контракттар.
Ауызша әлде жазбаша да болса контракттар екі үлкен тізімдерге кіргізіледі. Ол тізімдердің атақтары - реалдық және консенсуалдық контракттар - Contractus realis et Contractus consenssualis. Сонда реалдық котракттар затты әлде заттарды (Res - заттар) бір тұлғаның қолынан басқа қолға берілген кезінде бекітілген болатын. Консенсуалдық контракттар одан ерте, екі жақ келісімге (Consenssus - келісім) ғана келсе бекітілді саналатын.
Мұрагерлік құқық. Мұрагерлік дегеніміз - қайтыс болған адамның мүлкі басқа адамдарға берілуі. Мемлекет құрылғаннан бастап мұрагерлік құқық пайда болған. Мұрагерлік - бұл жан-жақты мирасқорлық жасау. Демек, мұрагер мұрагерлікке тұрғанда барлық мұраны өзіне мирас етіп алады. Мұрагерліктің жан-жақтылығы сондай, мұраға байланысты құқық пен міндеттердің бәрі оған жатады, ол жөніңде мұраға ие болушы білмеуі мүмкін. Өлген адамнан қалған сингулярлық мирас белгілі бір адамға берілген құқық, легат немесе қарсылық жасау. [2]
Рим құқықта заңды мұрагерлік (егер өсиет етілмесе, немесе етілсе, бірақ мойындалмаса, немесе мұрагер мирасты қабылдамаса) Римдық құқықтың ерекшелігі болып табылатын жағдай - жоғарыда көрсетілген мұраның бір бөлігі өсиет қағазы бойынша, ал екінші бөлігі Заң бойынша мұрагерге берілуі. Мұрагерлік процессінде ашық мұра және мұрагерлікке кіруді анықтау қажет. Мұра беруші қайтыс болған кезден бастап мұрагерлік ашылады. Мұрагерлік ашылған соң, белгілі адам мұраға ие болу құқығын алады. Бірақ, осы адамдар, мұра ашылар кезде, өлгеннен кейін, мұрагер қалған нәрсені, қарызын оған беруге міндетті.



1.3 Рим құқығының қайнар көздерінің қалыптасуы

Алдымен келіскендей құрастыру түрлері Рим құқығының деректерінің екінші түрі (анықтамасы) деп есептейміз. Сол деректер, құрастыру түрлері Рим құқығының тарихы бойынша алты түрге бөлінеді. Оларды әдет құқығы (1), республиканың заңдары (2), сенатусконсульттер (3), преторлардың эдикттері (4), императорлардың конституциялары (5), заңгерлердің жауаптары (6) деп санаймыз.
Біріншісі - әдет құқығы.
Әдет құқығы халықтың әдеттерінен шықты. Бірақ, жай әдеттерді құқықтық әдеттер деп есептеуге болмайды. Тек қана халық әдеттеріне патшалар немесе республиканың сенаты қорғау жасаса (заңмен, заңсыз болса да) сол әдеттерге келісім берсе, олар құқықтық әдеттер болады.
Мысалы, бұрынғы заманда екі кісі некемен қосылса, ол жай халық әдеті болған. Одан кейін некені мемлекет заң ғұрпына қосты. Бұны құқықтық әдет деп есептейміз.
Екінші мысал мейрамдардан. Наурыз мейрамы бұрын тек
қана халық ішінде аталған. Ал қазір Наурыз мейрамы
мемлекеттік мейрам болып шықты. Енді оны құқықтық әдет деп
есептеуге болады. Айтпақшы, тарих бізге тағы бір қуанышты ескерткішті қалдырды. Білмесеңіз - біз бәріміз әрбір аптада бір мейрамды тойлаймыз. Бұл мейрам - жексенбі, орысша воскресение (қайта тірілу). Осы мейрам да Рим құқығынан шықты, өйткені Рим императоры Константин Иса пайғамбардың тіріліуін әр жұма сайын тойлап демалыңыз деп заң шығарған. Осы заң ұмытылса да, біз оны білмей де орындаймыз.
Әрбір халықтың тарихында өзінің әдет құқығы болатын. Орыс әдет құқығы, қазақ әдет құқығы. Сонымен Рим халқының да өз әдет құқығы болған. Мемлекет нығайып, күшін көбейткен заманда әдет құқығының орнына заң құқығы келеді. Ал, тарихта сол әдеттерден құқықтық ескерткіштер қалады. Рим әдет құқығының ең белгілі ескерткіші Он екі тақтадағы заңдары қалған. Мәселен, қазақ халқында сондай-ақ ескерткіш - Жеті жарғы деген әдет-ғұрып жинағы.
Римдықтар әдет құқығын mores majorum (ата-ағалардың мұрасы) деп атаған Commentarii pontificum (абыздар жариясы), commentarii magistratum (бастықтар жариясы) деген ескерткіштер де әдет құқығына жатады.
Екіншісі - республиканың заңдары.
Алдымен заңдар патшаның қолынан шығатын. Ал, Римда республика мемлекет құрылғанда, сол мемлекеттің ең жоғарғы билігі сенат деген халық кеңесінің қолыңда болатын. Сенат қолынан шыққан заңдар lege деп аталған (Заңдар -- leges әлде lех деген). Осы атақтан легитимді, легистратура деген заңдық атақтар шықты. Легетимді -- заңға сәйкес, заң негізінде деген мағынада, легистратура -- заң жинайтын кеңсе орны.
Рим сенаты (біздің тарихта оған ұқсайтын құрылтай деген халық кеңесі болған) заңдарды үш сатымен шығарған. Алдымен сенат мүшелері заң жобасын шығаратын (1 саты). Одан кейін сол жобаны халық талқылауына жіберетін (2 саты). Талқылау біткенде дайын заң бүкіл сенат сайлауы арқылы бекітілетін (3 саты).
Республика заңдары үш бөлімнен тұратын. Олардың латын тіліндегі атаулары: а) praescriptio, Ь) rogatio, с) sanctio. Оларды қазақшаласақ: а) алдыңғы сөзі, b) мазмұны, с) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим азаматтық құқығының пәні мен қайнар көздері
Роман - герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
Рим құқығының жалпы сипаты
Құқықтық жүйелер
Рим құқығының тарихы
Әдеттегі құқық және заң
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Пәндер