Ортағасырлық Византия қалалары



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР . УРБАНИЗАЦИЯ КЕЗЕҢІ
1.1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы. . . . . . . . . . 7
1.2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
1. Византия қалаларының қалыптасуындағы ерекшеліктер және олардың гүлденуі. . . . . . . . . . . . . . . . . 16

ІІ. ІХ.ХІІ ҒҒ. ВИЗАНТИЯ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ САЯСИ.ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ
2.1 Византия қалаларында экономикалық шаруашылықтың дамуы . . . . . 23
2.2 Қала өмірінде билік пен діннің орны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
2.3 Византия қалаларының құлдырау себептері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
. . . . . . . . . . . . . . . . . .

І. Ортағасырлық қалалар - урбанизация кезеңі

1.1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы. . . . . . . .7
. .

1.2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар. . . . . . . . . . . . . . . . .12
. .

1. Византия қалаларының қалыптасуындағы ерекшеліктер және олардың 16
гүлденуі. . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІ. ІХ-ХІІ ғғ. Византия қалаларының саяси-әлеуметтік және
экономикалық ахуалы

2.1 Византия қалаларында экономикалық шаруашылықтың дамуы . . . . . 23

2.2 Қала өмірінде билік пен діннің орны. . . . . . . . . . . . . . . 38
. . . . . . . . . . . . .

2.3 Византия қалаларының құлдырау себептері. . . . . . . . . . . . . 44
. . . . . . . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .50
. . . . . . . . . . . . . . . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . .53
. .


кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бір тұтас Рим империясының Шығыс және Батыс
болып бөлінуіне  байланыстс ІV ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде
пайда болған Византия қалаларының байлығы, мәдениетінің көркеюі жөнінен
Батысынан әлдеқайда басым түсетін. Осы кезеңде мәдениеттің жарқын көрінісі
болған қалаларда өзін-өзі басқару, қалалық сайланбалы кеңестер, цехтар,
гильдиялар және тағы басқалар пайда болды. Осыларды басшылыққа ала отырып
ортағасырлар заманы мемлекеттілік институттың қалыптасуына әсер етуші
іргелі негіз болды деп айтуға болады.

VII ғасырдың орта шенінен бастап ХІІІ ғасырдың басына дейінгі бес
жарым ғасыр Византия империясы тарихында гүлдену кезеңі болып табылады. Осы
уақытта орын алған түпкілікті өзгерістер империяның және оның тұрғындарының
барлық саяси-мәдени тұрмысында көрініс тапқан болатын. Міне осы уақытта
Византия рухани құндылықтардың жүйесі болып табылатын өзінің жарқын
сипаттарын көрсете алды. Сондықтан да көрсетілген уақыт аралығы Византия
қалаларының да шарықтып, соның ішінде әсіресе елдің астанасы болған
Когстантинополь сол кезеңдегі әлемнің ірі орталықтарының біріне саналған
болатын.

Еуропада қалалардың өзіндік ерекшеліктері бар екі аймағы болды:
Византия және Русь. Ортағасылар тарихында Византия тарихы ерекше орынға ие,
өйткені бұл қоғам Батыс пен Шығыстың түйіскен жерінде орналасқан.
Византиялық ортағасырлық қоғамның мыңжылдық тарихы бар (Византия ХҮ
ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді). Зерттеушілер арасында Византияның
саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тарихы дамуы жайлы ортақ пікір
жоқ. Византиятанушылардың қолдарында осы бір ерекше елді зерттеуге жетерлік
деректер бар. Осы күнге дейін Византия тарихының әртүрлі мәселелері жайлы
пікір таластар жалғасуда. Византиятанушылар өз көзқарастарын жеке
монографиялар, мақалалар арқылы ғана емес, арнайы басылымдар арқылы да
білдіруде.
Византия тарихының өзіндік ерекшелігі бар қырларының бірі оның
қалалары. Византиятанушы тарихшылардың көпшілігі Византияның тарихи даму
ерекшелігін қалалармен байланыстырады. Византия қалаларының құрылымын
зерттеу өте өзекті тақырыптардың бірі. Қала – тіршіліктің ғана орталығы
емес, сонымен қатар ол мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші, саяси және
экономикалық мүдделердің тоғысқан жері, барлық әлеуметтік топтард
өкілдерінің жиналған жері. Ал ортағасырлық қала сауда мен кәсіптің дамуының
көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар аграрлық қатынастың, шіркеудің,
мәдениеттің, т.б., дамуының көрсеткіші. Византияның қалалық құрылымының
өзектілігін, осы тақырыпта жазылған ғылыми зерттеулердің көптігі де
дәлелдей түседі, бұл үрдіс осы уақытта дейін де жалғасуда. Шет ел және
Ресей тарихнамасында осы тақрыпқа деген қызығушылықты дәлелдейтін мысалдар
жеткілікті. Солардың біршамасын біз өзіміздің жұмысымызда пайдаланып,
тақырыптың мазмұнын ашуға тырысамыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Византия қалаларының ерекшелігі туралы
сұраққа жауап беріп, басқа ортағасырлық баты сеуропалық қалалардан қандай
айырмашығы болғандығын айқындау. Мақсатқа жету барысында алдыға қойылған
міндеттер:
- ІХ-ХІІ ғасырлардағы Византия қалаларының экономикалық, әлеуметтік,
саяси дамуының ерекшелігін көрсету;
- Еуропадағы ортағасырлық қалалардың қалыптасу тарихын, олардың
құрылымдық ерекшеліктерін көрсету;
- Византиялық қалалардағы шаруашылықтың дамуының негізгі бағыттарын
айқындау;
- Қалалардың ішкі және сыртқы өміріне дін мен биліктің қаншалықты
деңгейде әсер еткендігін көрсету;
- Ортағасырлық қаланы қалыптастырушы кәсіпорындардың түрлерін
көрсетіп және олардың ықпалының негізгі бағыттарын зерделеу;
- Қалалардың құлдырау себептерін айқындау;
- Византия қалаларының әлемдік өркениетке берген басты құндылықтарын
сипаттау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы барысында тарихи
оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи
процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер мен зерттеулер қатары
негізге алынды.
Осы тақырыпқа өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған ғалымдар ішінде П.
Каллигас, У. Эбернер, И.И. Соколов, Н.В. Пигулевская, М.В. Левченко, Е.Э.
Липшиц, Б.Т. Горянов, М.Я.Сюзюмов, З.В.Удальцова, К.А.Осипова,
Г.Г.Литаврин, М.М. Фрейденберг, А.П. Каждан, Г.Л. Курбатов және тағы
басқалары бар. Енді осы аталған зерттеушілердің және тағы басқа ғалымдардың
еңбектеріне талдау жасайық.
Византияның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтқанда М.В. Левченко
елдің экономикалық ерекшелігі қалалық өндірістік орталықтардың дамымаған
шаруашылық аудандармен қатар орналасқандығында деп атап өтеді [1].
Е.Э. Липшиц ҮІІІ-ІҮ ғасырлар деректері негізінде Византияның феодалды
деревнясы мен қалалары мәселесін зерттеді. 1953 жылы ол біз қарастырып
отырған кезеңге байланысты Византия қалаларына арналған мақаласын жарыққа
шығарды. Византияныі көрші елдермен сауда байланысы және сол уақытта қызу
тіршілігі бар қалалардың болғандығын атай отырып Е. Липшиц византиялық
қалалардың қол шаруашылығы ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болған
ортағасырлық табиғатын мойындайды [2].
Горянов Б.Т. Византия импреиясының экономикалық құрылымының
ерекшелігін дамыған кәсіп, мануфактуралық өндірісі мен дамыған саудасы бар
ірі қалалық орталықтардың сақталуымен байланыстырды [3].
Сюзюмов М.Д. Византия қалаларын зерттеу арқылы елдің тарихи дамуының
ерекшелігін шешуге ұмтылған. Византияның өзіндік ерекшелігін зерттеуші
мықты қалалардың болуымен тығыз байланыстырған. Антика дәуірінен мирас
болып қалған эмпорио-қалалармен қатар Сюзюмов сауды-шаруашылық орталықтары
бар басқа византиялық қалаларды мойындаған, ол қалалардың дауы ХІ-ХІІ
ғасырлаға тұспа-тұс келіп, провинцияның феодалды экономикасының дауы
ұғымымен анықталған [4].
Г.Г. Литавриннің зерттеулерінде басты назар ІХ-ХІ ғасырлардағы
Византияның қоғамдық және әлеуметтік институттарын аударылған. Как жили
византийцы атты еңбегінде зерттеуші империяның құлау себептеріне емес, мың
жыл бойы еш нәрсеге қарамастан тіршілігін жалғастыруға күшті қайдан
алғандығына көбірек көңіл бөледі [5].
Келесі зерттеуші А.П. Кажданның еңбегінде Византия қалалары мен
ауылдарының арасындағы тұрмыс-тіршіліктің ұқсастықтары қарастырылып,
зерттеуші өзіндік ой қорытындылар жасаған. Оның пікірінше Византиядағы қала
мәдениетінің дамуына ауылдағы дамыған кейбір қолөнер кәсіптерінің ықпалы
болған. Зерттеуші осыларға мән бере отырып қала мен ауылдың қарам-қатынасын
барынша ашып көрсетеді [6].
Г.Л. Курбатовтың Византия тарихына арналған оқу құралында біздің
тақырыбыздың кейбір тұстары қарастырылған. Автордың еңбегі негізінен оқулық
ретінде болғанымен, ерте дәуірдегі қалалардың ортағысырларға өту мәселесі
жақсы ашылып көрсетілген [7].
Диплом тақырыбына байланысты алғашқы теориялық еңбектердің қатарына А.
Сванидзенің Средневековый город: вертикаль прогресса атты мақаласы
жатқызуға болады. Онда автор негізінен алғанда жалпы ортағасырлық қала
мәдениетінің даму ерекшеліктерін жақсы ашып көрсетеді [8].
Қарастырылып отырған тақырыптың мазмұнын ашуда Городская жизнь в
средневековой Европе атты ұжымдық ғылыми зерттеу еңбектің маңызы зор. Онда
негізінен алғанда ортағасырлық қаланың ішкі өмірі жан-жақты ашылған [9].
Негізінен алып қарайтын болсақ жоғарыда аталған зерттеу еңбектері мен
ғылыми мақалалар және оқу құралдары біздің тақырыбыздың зерттелу деңгейін
көрсетеді. Бірақ бұл, аталған тақырыптың осы еңбектермен ғана шектеледі
дегенді білдірмейді. Өйткені қарастырылып отырған мәселе басқа да көптеген
еңбектерде шолу түрінде болса да қарастырылған. Сондықтан да жұмыс
барысында біз ол еңбектерді де тақырыптың мазмұнын ашу үшін қолдандық.
Диплом жұмысының деректік қоры. Қарастырылып отырған дипломдық
жұмыстың басты дерек қорын орыс тіліне аударылған латын тілінде жазған
авторлардың шығармалары құрайды. Ол деректерде көбіне ортағасырлардағы
Византияның қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар сипатталады.
Енді өзіміздің жұмысымызда пайдаланған солардың бірқатарына тоқталып
кетсек. Біздің қарастырып отырған мәселеміз бойынша басты, әрі құнды дерек
қорын Византийская книга эпарха атты деректік шығарма құрайды [10]. Мұнда
негізінен алып қарайтын болсақ Византия қалаларындағы саяси және әдеуметтік-
экономикалық үрдестірдің барлығы кезең-кезең бойынша қарастырылған. Соның
ішінде басты тірек материалдарын империя астанасы Константинополь туралы
мәліметтер құрайды.
Келесі деректер топтамасына Кодекс Юстиниана атты заңдар жинағын
жатқызуымызға болады. Ертевизантиялық кезеңде қалыптасқан бұл заңдар
жинағы, империяның әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне арналған. Уақыт
жағынан біздің қарастырып отырған тақырыбымыздан ертерек болғанына
қарамастан заңдар жинағы империяның соңғы кезеңіне дейін басшылыққа алынып
келеген. Соның ішінде қалаларға да байланысты қабылданған заңнамалық
актілер көрініс тапқан [11].
Византиялық автор Прокопий Кессарийскийдің Тайная история деген
шығармасы империяның тарихын зерттеумен айналысқан және айналысыпжүрген
көптеген зерттеушілерге басты дерек қорын құраған. Мұнда да негізінен
Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихына байланысты мағлұматтар
жазылып, қарастырылып отырған дәуірдің замандасының шынайы баяндаулары
қалдырылған [12].
Тағы бір деректер шоғырын Вениаминнің жол жазбалары құрайды.
Жоғарыда аталған деректер тәрізді мұндағы мәліметтер де Византия
империясының әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттауға арналған.
Византияның шағын қаласынан шыққан бұл автор елдің біршама қалаларын
аралап, өзі болған қалалар жөнінде көптеген қызықты салыстырмалық
мәліметтер жазып қалдырған [13].
Захарии Митилинскийдің Сирийская хроника атты шығармасы қарастырылып
отырған дәуір тарихынан құнды мәліметтер беретін дерекетер қатарына жатады.
Сол заманның куәгері болып жатқан оқиғаларды сол қалпында жазып қалдырған
[14].
Захарии Митилинскийдің Сирийская хроника атты еңбегімен аттас
туындыны Иешу Стилита да жазыды. Ол да негізіне империяның әлеуметтік-
экономикалық жағадайын мипаттап жазады [15].
Келесі деректер топтамасын Абеляр Петрдің Теологические трактаты
атты шығармасы толықтырады. Мемлекеттегі соның ішінде қала өміріндегі
діннің ықпалы, шіркеу қызметкерлерінің түрлі саяси істерге араласуы аталған
деректе жақсы көрініс тапқан [16].
Қарастырылып отырған кезеңдегі оқиғалар сол заманның ақындарының
еңбектерінде де көрініс тапқан. Олардың шығармалары біріктіріліп Памятники
средневековой латинской литературы X - XII веков атты жинаққа енгізілген
[17].
Диплом жұмысының теориялық – методологиялық негізі. Жұмыста орыс
зерттеушілерінің көзқарастары мен тәуелсіздік жолында қалыптасқан жаңа
көзқарас тұрғысынан жазылған ғылыми жұмыстар, Византия қалаларының
негіздері мен мақсат міндеттері туралы теориялық тұжырымдар басшылыққа
алынады. Сондай-ақ тарихи оқиғаларға салыстырмалы түрде жүйелілік, ғылыми-
танымдық, объективтік және тарихилық принциптер негізінде талдау жасауға
бағыт ұсталды. Пайдаланылған нақты фактілерді зерделеу жүйелендіру,
салыстыру тәсілдері негізінде жүргізілді. Әсіресе батыс елдерінің
аударылған және Ресей зерттеушілерінің ғылыми жұмыстары ой елегінен
өткізілді. Дипломдық жұмыста тарихилық және объективтік принциптерді сақтау
негізге алынды.
Диплом жұмысының мерзімдік шеңбері. Дипломдық жұмыстың уақытнамалық
аралығы негізінен Византия тарихының, оның ішінде империя қалаларының ІХ –
ХІІ ғасырлар аралығындағы мерзім құрайды. Дегенмен әртүрлі талдаулар,
тарихи салыстырмалар жасау барысында көрсетілген мерзімнің алдыңғы
кезеңдері немесе кейінгі кезеңі де қарастырылып отырды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Ортағасырлық қалалар – урбанизация кезеңі

1.1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның
алғашқы феодалдық дәуірінен — өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен
байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік — қалалардың қолөнершілікпен
сауда орталығы ретінде тууы және гулденуі болып табылады. Тауарлық
өндірістің өркендеуі және қалалардың өсуі феодалдық қоғамның экономикасына,
саяси құрылысына және рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да
XI ғасыр, яғни Еуропада қалалар негізінен қалыптасып болған бұл кезең
алғашқы орта ғасыр (V—XI ғасырлар) мен феодализмнің толығырақ өркен жайған
дәуірі (XI—XV ғасырлар) арасындағы хронологиялық шекара іспетті еді.
Қаланың пайда болуы жөиіндегі буржуазиялық теорияларды сынау, орта
ғасырлық қаланың шығуы жөнінде көптеген теориялар тудырған. Орта ғасырлық
қалалардың пайда болу себептері жөніндегі сұраққа XIX және XX ғасырларда
біршама ғалымдар да өздерінше жауап беруге тырысқан. Бұл теориялардың
көпшілігіне тән бір нәрсе – мәселеге құқықтық, формальды – заңдылық
тұрғыдан қарауларында еді. Оларды идеалистік методология немесе қоғамның
даму өзгерістері емес, ортағасырлық қалалардың қандай әлеуметтік –
экономикалық жағдайда тууы емес, қайта құқықтық мәселелер және ең алдымен
қаланың нақты бір құқықтық категория ретінде пайда болуы, басқарудың қалаға
ғана тән формалары мен қалалық құқығының тууы мәселелері ғана қызықтыратын.
Ортағасырлық қалаларды батыс еуропалық феодализмнің парадигмасы
ретінде қарастыру керек. Қалаларының көптігіне қарамастан Византия
империясы мұндай қалалық феноменды білмеді. Ортағасырлық қала ерте
феодализмнен дамыған феодализм кезеңіне өту барысында пайда болады. Ерте
ортағасырларда қала типтес қоныстар болған, олар әдеттегідей антикалық
қалалар орнында пайда болған. Италияда осындай қалалар қатарына Милан,
Флоренция, Венеция, Болонья және т.б. кірген. Францияда – Париж, Лион.
Неміс жерлерінде – Вена, Страсбург, Майнц, т.б. Англияда – Лондон, Глостер,
Честер және т.б. ХІ ғасырда осы қалалар, олар көбін антикалық тамыры бар
бар қалалар деп те атауға болады, негізінен әкімшілік орталықтар немесе
бекініс пунктері, архиепископтар мен эпископтардың резиденциялыр, яғни,
діни орталықтар болған. Батыс Еуропа жеріндегі қалалар біркелкі
орналаспаған. Қалалардың көпшілігі Италияда, содан кейін вестготтық немесе
арабтық Испанияда, Византияда, оңтүстік Даллияда шоғырланған. Қала
тұрғындарының саны айтарлықтай көп болған. Тұрғындар әдетте қолөнердің
белгілі бір түрімен ғана айналысқан. Қалаларда қала ішіндегі және қала
сыртындағы сауда дамыған [1, 12 б.]. Италия мен Византияның ежелгі
қалалары Шығыспен сауда-саттықтың ірі орталықтары болып қала берді. Алайда,
тіршілігі мен қызметі антика дәуіріндегіден алысқа ұзамаған бұл қалалар
жаңа феодалдану үдерісінің катализаторына айнала алмады және феодализм
генезисіне айтарлықтай әсер ете алмады. Бұл міндетті орындау үшін қаланың
мүлде басқа типі пайда болуы қажет еді немесе антикалық қалалар мүлдем
басқа негізде қайта жаңалануы орын алуы керек еді. Антикалық ықпалға
түспеген Батыс Еуропа да қала типтес қоныстар болған, бірақ олар басқа
тұрпатқа және негізге ие болды. Батыс Еуропаның мұндай қалаларында дамыған
феодализмнің бастапқы кезінде тұрғындар саны тіпті аз болып, олар
феодалдану тұсындағы Еуропаның өмірінде ешқандай экономикалық маңызға ие
болмады. Классикалық феодализмнің ары қарайғы эволюциясында қалалық
институттардың жағдайы мен маңызы ақырындап өзгере бастайды. Осы кездегі
еңбік өнімділігінің өсуі қоғамдық өндірістің терең дифференциациясфна алып
келеді. Ал бұл өз кезегінде, қолөнердің тәуелсіз өндіріс ретіндегі
тұрақтануы яғни, оның одан ары жоғары деңгейде дамуы деген сөз [9, 54 б.].
Қолөнер өндірісінде ең жоғары деңгей мен өзіндік дамуға ең алдымен
шеберхана өндірісі, мата өндірісі және құрылыс қол жеткізеді. Қолөнер
өндірісіні деңгейінің көтерілуімен қатар ұсақ мамандықтар да дамиды:
металл, тұз өндіру, балық дайындау, отын шабу, т.б. Дамыған феодализмнің
эволюциясы тұсында қолөнер қаланың жетекші саласына айналады. Алайда бұл
бірден орын алмаған үдеріс. Қолөнер, қолөнер өндірісі эволюциясының өз
кезеңдері болды. Қолөнердің бастапқы түрі тапсырысқа жұмыс істеген қолөнер
өндірісі. Осындай түрдегі тауар өндірісі дамудың бірінші сатысы еді,
өйткені тапсырысқа жасалған өнімдер нарыққа шығарылмады. Сондықтан
қарапайым тауар өндірісі баяу қалыптасты. Қолөнер өндірісінің екінші кезеңі
– оның базармен (нарық) байлнысуы. Базармен байланыс орнатқан қолөнерші
тауар өндірушіге айналады. Осыдан бастап, қолөнер өндірісінің және
жекелеген қолөнершінің тағдыры қаламен және базармен тығыз байланыста
болды. Х-ХІІІ ғасырларда (Италияда ІХ ғасырдың өзінде) Батыс Еуропада
қалалар қаптай бастайды, және де бұл қалалар жаңа типтегі – феодалды
типтегі қалалар. Ортағасырлық қала феноменін ең алдымен қолөнердің
тұрақтануы мен тәуелсіз өндіріске айналуының салдыры деп қарастыру керек.
Ортағасырлық қаланың пайда болуы феодализм тарихында анықтауыш кезеңге,
дәуірдің маңызды түрткісіне айналды. Осы себепті, ортағасырлық қалалар
тарихы ХҮІІІ өзінде ақ тарихшылардың назарын өщіне аударған. Тарих
ғылымының дамуы барысында осы мәселеге деген қызығушылық бәсендеген емес.
Неге қала пайда болды? Неліктен ол барлық феодалдану үдерістерінде маңызды
рөл атқарды? Қалаларға деген осындай қызығушылық көптеген теориялардың
қалыптасуына негіз болды, олар ортағасырлық қаланың пайда болуын
түсіндіруге тырысып бақты[18, 112 б.]. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бірінші
жартысында қала теориясын құрастырумен айналысқан тарихшылардың көпшілігі
негізінен мәселенің институционалды-құқықтың шешіміне көбірек назар
аударды, яғни, қала құқығын, әртүрлі қалалық институттарды зерттеумен
айналысты. Бұл теориялар институционалды-құқықтық деп аталды.
Осы мәселемен айналысқан келесі теория – романистік. Бұл теорияны
құрастырушылар француз ғалымдары Гизо мен Тьери. Осы ғалымдардың ойынша,
ортағасырлық қала феодалды үдерістердің салдары немесе феномені емес, яғни,
феодализмге қатысы жоқ. Олар қалаларды антикалық қалалардың, Рим
империясының мұрасы деп қарастырды. Сондықтан бұл теория романдық деп
аталады. Неміс және ағылшын ғалымдары Солтүстік және Орталық Еуропа
материалдары негізінде ортағасырлық қала генезисін феодалдық қоғамда оырн
алған үдерістерден іздеді, соның ішінде институционды және құқықтық салада
[23, 46 б.]. Сондықтан да олар орта ғасырлық қаланың пайда болуының түбірлі
себептерін дәлелдеп бере алмайды. Буржуазиялық теория негізінен орта
ғасырлық қаланың қандай қоныстардан туып, өрбуі және бұрынғы форма
мекемелерінің орта ғасырлық қалалар мекемелеріне қалайша ұласуы мәсе-
лелерімен ғана айналысатын. Романистік теория (Савиньи, Тьерри, Гизо,
Ринуар) орта ғасырлық қаланың римдік қаланың соңғы кезеңімен
байланыстырған және Римдік империяның соңғы кезеңінің, муниципиальдық
мекемелер мен орта ғасырлық қалалар мекемелерінін, арасында байланыс бар
деп дәлелдеуге тырысқан.
Ортағасырлық қаланың пайда болуын түсіндіруге ұмтылған келесі теория
вотчиналық деп аталды. Вотчиндік теорияға (Эйхгорн, Нич) сенер болсақ,
қалалар феодалдық вотчиналардан өрбіген және ортағасырлық қалалардың
мекемелері тек қана вотчиндік басқарудың және вотчиндік құқықтың заңды
жалғасы болған. Осы теорияны қалыптастырушылардың ішіндегі беделдісі
Эйхгорн. Теорияны жақтаушылар қаланың пайда болуын вотчинамен
байланыстырды. Маркалық теорияны да неміс ғалымдары Маурер мен фон Беловт
және т.б. құрастырған. Қала генезисін олар неміс феодализміне тән еркін
селолық қауымнан – маркадан іздеді. Келесі теориялардың бірі – бургтік
(burg - қамал) теория. Теория авторлары феодалды қаланың пайда болуын
бургтық құқықпен тығыз байланыстырды [28, 92 б.]. Шредер, Зом сияқты
ғалымдар қаланың пайда болып дамуын қалалардағы сауда орындарымен
байланыстырды. Маркалық теория (Маурер, Белов) калалардың селолық
қауымдық – маркалық құрылыстан өрбігенін уағыздауға тырысқан. Бургтік
теорияның өкілдері (Кейтген, Метланд) каланың шығу төркіні бекіністерден
(бургтерден) пайда болған және бекініс пункттерінің айрықша жағдайда
болуы қалалық құқықтың пайда болуына әсер етті деп есептеген. Рыноктық
теория (Р. Зом, Шредер, Шульте, біршама Ритшель де) қалалық құқықты сауда-
саттық ұйымдастырылған жерлердегі, айрықша құқықтырдан, айрықша күзеттен
туындатпақ болған. Кейбір буржуазиялық теориялар бірнеше түрлі көзқарасты
біріктірмек болған [30, 48 б.]. Мәселен, неміс тарихшысы З. Ритшельмен
бельгиялық тарихшы А. Пиренн ортағасырлық қалалардың негізі болған
қолөнершілікті, яғни өндірісті жоққа шығарып, қаладағы көпестердін, бекініс
пункттерін (бургтерді) мекендейтінін сылтау етіп бургтік теория мен
рыноктық теорияны біріктірмек болған. Пиренн мен Ритшель идеялары осы
заманғы тарихи ілімде де аз орын алып отырған жоқ. Буржуазиялық ғылым
қалалардың туу тарихына байланысты көптеген нақты материалдар жинағанына
қарамастан, өзінің идеалистік методологияға сүйенетіндігіне байланысты,
қалалардың өндіргіш күштердің өсуінен және сол өсу тудырған қолөнершіліктің
ауыл шаруашылығынан ажырасуынан қоғамдық еңбек бөлісі дамуының жаңа
сатысының пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырым дәрежесіне көтеріле алмады.
Жоғарыда атап өткен тұжырымдар мен теориялардың авторлары қала
тарихына қатысты бір аспектіні немесе оқиғаны қарастырып, сол арқылы
күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы ортағасырлық қала сияқты феноменды
түсіндіруге тырысты. Аталған теориялардың бәрі, сөзсіз, біржақты болды. Бұл
кемшілікті зерттеущелірдің өздері де сезген. Сондықтан да ХІХ ғасырда,
әсіресе, ХХ ғасырдың бірінші жартысында батыстың ортағасырлық қалалар
тарихымен айналысқан ғалымдар қаланың пайда болуына қатысты түрлі
тұжырымдарды біріктіріп қарастырды. Мысалы, бургтық және нарықтық теорияны
біріктіруге деген талпыныстар болды. Алайда осы тұжырымдар мен теорияларды
біріктіру үдерісі кезінде де ортағасырлық қала генезисін түсіндіруде
сыңаржақтылықтан құтылу мүмкін болмады. Бельгиялық тарихшы Пиренн қаланың
пайда болу тұжырымына экономикалық факторды – аймақаралық және құрлық
аралық сауда факторын енгізуге тырысты. Сонымен қатар, Пирен ортағасырлық
көпестікке айтарлықтай маңызды орын береді. Пиреннің теориясы сауда
тұжырымы немесе сауда теориясы деген атқа ие болды. Бірақ, бұл теорияны
Ортағасырлармен және қала тарихымен айналысатын тарихшылардың көпшілігі
мойындамады [30, 51 – 52 бб.]. Қазіргі қала теорияларында ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасырдың бірінші жартысындағы теориялардағы кемшілік орын алуда. Осы
теориялардың біреуі де қала генезисін жан-жақты түсіндіре алмайды.
Осындай теориялардың бірі археологиялық теория. Осы теорияны
қалыптастырған зерттеушілер ортағасырлық қалалардың археологиясымен
айналысады. Археология қала шаруашылығы жайлы, оның сипаты мен қолөнердің
даму деңгейі, ішкі және сыртқы саудасы жайлы түсінік қалысптастыруға
көмектеседі. Алайда зерттеудің осы тәсілі де біржақты болып табылады [29,
50 б.]. Қаланы зерттеудегі алға басушылық қазіргі батыс тарихнамасында
орын алуды. Кейбір қала зерттеушілері қалалардың пайда болуын еңбектің
қауымдық бөлінісімен, тауар қатынасының дамуымен, яғни, феодализацияның
экономикалық үдерістерімен байланыстырады. Ол дегеніміз, ортағасырлық қала
генезисін анықтауда батыс тарихнамасының қазіргі ізденістері экономикалық
механизмдерге басымдық беруде. Кеңес тарихнамасы да айтарлықтай нәтиже
берді. Кеңес тарихнамасы феодализм генезисін экономикалық факторлармен
түсіндірді. Қалалардың пайда болуына қатысты теориялар өте көп, бірақ
олардың ешқайсысы дара өзі ғана бұл феноменді жан-жақты ашып көрсете
алмайды. Қала генезисі теорияларының көптігігі сияқты, олардың пайда
болуының тарихи жолдары да күрделі болды.
Деревнялардан шыққан қолөнершілер қолөнермен айналысуға ыңғайлы
жерлерде қоныстанды. Италия мен Оңтүстік Францияда олар сол кезде
әкімшілік, шіркеулік және әскери орталықтар болған, тамыры антика дәуіріне
кететін қалаларда тұрақтанды. Осы қалаларға қолөнершілер келгеннен кейін
қалалар қайта жанданды. Тығыз қоныстанған және саудасы дамыған қалаларда
қолөнершілер өз өнімдерін өткізе алды. Романдық ықпалға түспеген Еуропа
бөліктерінде, Солтүстік-Батыс және орталық аудандарда, қолөнершілер ірі
феодалдық иеліктер – вотчина, қамалдар мен монастырлер жанынан өз өнімдерін
феодалдар арасынан тұтынушы табу мақсатында арнайы жерлер таңдады. Олар
сондай-ақ өз өнімдеріне сұраныс пен сатып алушылар табылатын сауда, әскери
жолдардың түйіскен жерлерінде, кемелер тұрақтаған жерлерде қоныстанған.
Уақыт өте осы шағын сауда орындарында тұрғындар саны өсе бастайды.
Ақырындап, алдымен қолөнершілер қоныстанған осы жерлер бірті бірте
ортағасырлық қалаларға айнала бастайды. Қалалар өсу темпы Еуропаның әр
бөлігінде әртүрлі болды. Қалалардың саны Италияда интенсивті түрде өсті.
Бұл жерде тек антикалық қалалар сақталып қойған жоқ, сонымен қатар
ортағасырлық қалалар пайда болды. Италиядағы антикалық қалалар қайта
жанданып, ортағасырлық қала-мемлекеттерге айналды. Х ғасырдан бастап
Францияда ортағасырлық қалалардың өсуі ұлғайады, алдымен Оңтүстік Галлияда
(Марсель, Тулуза), содан кейін Францияның орталығы мен солтүстігінде.
Антикалық қалалар сақталған жерлерде қалалардың өсуі жоғары болды. Өйткені
оларда қалалық өмірдің, қалалыұ өндірістің, Византиямен, Шығыс елдерімен
сауда қатынастарының тәжрибесі болды [9, 26 б.]. Романдық ықпалға аз
ұшыраған Еуропаның кей бөлігінде қалалар төмен қарқынмен дамыды.
Солтүстікке жылжыған сайын қалалар саны азайып отырды. Х-ХІ ғасырларда
ортағасырлық қалалар Нидерландтарда, Англияда, Германияда пайда бола
бастайды. Скандинавия елдерінде, Ирландияда, Дунай княздіктерінде,
Еуропаның шеткері аймақтарында қалалар тек ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғана пайда
болады [9, 30 б.]. ортағасырлық қаланың пайда болуы мен дамуы бүкіл
феодалдық қоғам эволюцичсының сапалық қадам жасауына алып келді.
Ортағасырлық қалаларда қарапайым тауар қатынасы маңызды орынға шықты. Қала
тұрғындары о бастап алуан түрлі болды. Қалада негізінен қолөнершілер мен
көпестер тұрды, олар бірінші болыр болашақ қалалардың орнына қоныстанған.
Қала тұрғындарының ішінде маңыздылық категориясын бойынша бірінші орында
қолөнершілер мен көпестер тұрды. Бірте бірте жаңа топтар қалыптаса
бастайды. Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар категориясы пайда
болады. Ірі қалаларда діни және зайырлы феодалдар, король әкімшілігінің
өкілдері тұрды. Енді енді пайда бола бастаған, шартты түрде интеллигенция
деп атауға болатын тағы бір тұрғындар категориясын ерекше бөлік қарастыруға
болады. Олар дегеніміз, дәрігерлер, мұғалімдер, мектептер мен
университеттер оқытушылары, сондай-ақ заңгерлер, құқықтанушылар,
нотариустер[1, 18 б.].
Қала пайда бола бастағаннан-ақ тұрғындардың әлеуметтік және мүліктік
теңсіздігі байқалады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бастап-ақ қалаларда екі полюс
пайда болады: байлар және кедейлер. Ауқыттылар мен байларға қарағанда
кедейлердің саны қалада көбірек болды. Көлемі жағынан ортағасырлық қалалар
әртүрлі болды: шағын, орташа, ірі. Шағын қалалардың тұрғындар саны көр
емес, шамамен 1 мың адамдай боды. Орташа қалаларда 2 мыңнан 5 мыңға дейін
жетті. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қалалық өндірістің дамуымен және сауданың
тұрақтануымен қатар қала тұрғындарынығ саны да өсті. Қала сондай-ақ
деревнялар есебі үшін де өсті. Қала деревнядан өзіне көптеп шаруаларды
тартты. ХІҮ-ХҮ ғасырларда 25-30 мың тұрғыны бар қала дамыған және кейінгі
феодализм кезеңінің қалыпты қаласы болды. Тек аздаған қалаларда ғана
(Париж, Венеция, Милан, Флоренция, Кордова, Севилья сияқты қалаларда)
тұрғындар саны 80 мыңнан 100 мың адамға жетті. Бұлар ортағасырлық мегаполис
ретінде болды, олардың жартысы қала-мемлекет (Италияда) болып қалыптасты
[8]. Қала міндетті түрде дуалмен қоршалды. Дуалда кіретін және шығатын
қақпалар болды. Бұл қақпаларда қарауыл орнатылып, олар белгілі бір уақытта
жабылып тұрды. Көп жағдайда қалалар тек дуалдармен ғана емес, сонымен қатар
су толтырылған немес бос орлармен қоршалды. Жалпы алғанда ортағасырлық қала
феодалды замокты еске салып, оның архитектуралық прототипі болды. Қала ол
қатып алған құбылыс емес, тірі организм. Қала өмір сүреді, өседі және
тіршілік жасайды. ХІ ғасырда қаланы қоршап тұрған дуалдарХІІ-ХІІІ
ғасырларда, әсіресе ХІҮ ғасырда оған таршылық етеді. бұл бірте бірте қала
дуалының маңында қоныстардың пайда болуына алып келеді. Алғашқы қала
маңындағы қоныстар сипаты жағынан қолөнершідердікі болды. Оларда қолөнердің
белгілі бір түрімен айналысты. Осы қала маңындағы қоныстарды айналдырып
қала және оның өндірісін, онда жинақталвп жатқан байлықты қорғау мақсатында
бірте-бірте екінші дуал тұрғызыла бастайды [9, 118 б.].
Батыс Еуропада ортағасырлық қаланың орталығы базар алаңы болды,
базардың жанында собор орналасты. Ал өзін өзі басқару құқығына ие
қалалардың орталығы ратуша орналасқан алаң болды. ХІҮ ғасырдағы
ортағасырлық қала тұрғындарының көбі шыққан деревнямен тығыз байланысын
сақтап қалды. Қала қабырғасының сыртында, кейіннен қала маңындағы қоныс
қабырғаларының сыртында қалалықтардың иелігі болған және бір жағынан
олардың тіршілік ету көзіне айналған алқаптар, жайылымдар, бақшалар созылып
жатты.
Қаланың эволюциясы барысында, өндірістің өсуімен байланысты қабырға
қала тіршілігіне кедергі жасай бастады. Олар қаланың архитектоникасын
айқындап тұрды. Ортағасырлық қалалар көшелерінің тар болғандығы соншалық,
көше бойымен тек бір ғана ат арба жүріп өте алды. Екі ат арба жүруіне көше
мүмкіндік жасамады. Феодализм дамуының бірінші кезеңінде (ІХ-ХІ ғғ.) көше
кеңдігі жайлы қызық шарт болды. Көшенің енін найза ұзындынан үлкен етуге
тыйым салынды. Батыс Еуропадағы ортағасырлық қалаларға ортақ белгі –
территорияның шектеулілігі. Яғни ортағасырлық батысеуропалық қалаларда
құрылыс нысандары бір біріне өте жақын орналасты. Көше енінің кеңдігінен
салынайын деген үйдің архитектурасы тәуелді болды. Үйлер әдетте екі (үш
қабатты үйлер өте сирек кездесті) қабатты болып салынды және екінші қабатты
тұрғызу барысында қосымша қабат бірінші қабаттан шығыңқырап, көшені одан
ары тарылтты. Қалалардың ені емес биіктігі өсе бастады, сондықтан да екі
қабатты үйлердің кесірінен ортағасырлық қалалардың көшелері тым жіңішке
ғана болып қоймай сонымен қатар өте қараңғы да болды. Қалалардың көшелеріне
сирек және әлсіз шамдар кеш бата жағылғанымен, кеш батып қараңғы түскеннен
кейін бұл көшелермен серуендеу қауіпті еді [9, 76 – 77 бб.].
Бастапқыда ортағасырлық қаладардағы үйлер ағаштан тұрғызылды. Сол
себепті қалаларда үйлердің өртенуі жиі болып тұрды. Дамыған феодализм
кезеңінің соңына таман үйлерді тастан тұрғызуға көшеді. Қалалардың көшелері
тар болғанымен қатар, бірті-бірте көшелер үйдің терезелерінен бірден далаға
төгілген қоқыстарға тола бастайды. Қалалардың санитарлық жағдайы
көшелердегі қозғалысты тежегенімен қоса өте қауіпті салдарға да алып келді.
Қоқыс, тамақтың қалдықтарымен толған көшелерде егеуқұйрықтар қаптады, олар
өз кезегінде жұқпалы аурулардың тарау көзі. Сол себепті ортағасырлық
қалаларда обалар жиі жиі орын алып тұрды. Оба тараған тұста шағын қалардың
тұрғындары толығымен қырылып қалуы мүмкін еді. Тарихта мұндай мысалдардың
болғаны белгілі. Обалар кесірінен ортағасырлық Еуропа қалаларының саны
бірнеше рет азайған.
Ортағасырлық қалалардың не феодалдардың не корольдің жеріне пайда
болады. Сол себепті өмірінің бірінші күнінен бастап қалалар корольге немесе
ақсүйектер немесе шіркеу сеньорлары тәуелділікке түсті. Дамыған феодаоизм
кезеңінің бастапқы кезінде (ІХ-ХІ ғасырлар) қалалардағы билік сеньордың
немесе король әкімшілігі өкілдерінің қолында болды. Әрине, король де,
феодалдар да қаланың гүлденуіне мүдделі болды, өйткені бай қала олардың
табыс көздерінің айтарлықтай маңызды көздерінің бір болды. Осындай жағдайда
қала тұрғындарының тәуелділіктен құтылуға ұмтылулары түсінікті жағдай еді,
алайда король де, феодал да қалалардың тәуелсіз болуын мүлдем қаламады.
Өйткені, қалалар тәуелсіздік алып, өзін-өзі басқаруға қол жеткізсе, олар
корольге де, феодалға ешқандай салық төлемей, ешқандай міндеттеме
атқармайды. Сондықтан король билігі қалаларды өз уысынан шығармауға тырысты
[8].
Қалалардың пайда болған бірінші күндерінен бастап қала тұрғындары мен
сеньорлардың (бұл жерде король немесе феодалдар) мүдделері арасында қарама-
қайшылық туып отырды. Қалалықтар тәуелсіздікке ұмтылса, сеньорлар қалай да
көбірек пайда табуды көздеді. Бүкіл Батыс Еуропада Х-ХІІІ ғасырларда саяси
күрес – қаланың сеньорымен күресі басталады. Бұл күрес тарих ғылымында
коммуналық қозғалыс деген атқа ие болады [30, 42 б.].
Батыс Еуропаның әр аймағында коммуналық қозғалыс түрлі сипатқа ие
болды. Солтүстік және Орталық Италияда және Оңтүстік Францияда қалалар Х-
ХІІ ңасырлардың өзінде тәуелсіздікке қол жеткізеді. Италияда солтүстіктегі
ірі қалалар мен орташа қалалар қала-мемлекет деген статусқа ие болады. Қала
өзін-өзі басқару жүйесін көшеді. Неміс жеріндегі көптеген қалалар да
тәуелсіздік алады. Осы қалалардың кейбіреуі қала-республика статусын
иемденеді. Оларды басында бургоминистр отырған қалалық кеңес басқарды. Бұл
қалалар Магдебкрг қаласы арналып арнайы жасалған Магдебург құқығы бойынша
өмір сүрді. Қалаға өзін-өзі басқарудың ең кең және жоғары формасын беретін
Магдебург құқығы қалалық тәуелсіздіктің классикалық құқығы. Коммуналық
қозғалыс нәтижесінде неміс жерінде тәуелсіздік алып қала-республика атағына
қалалар: Гамбург, Бремен, Майнадағы Франкфурт, т.б.
Романдық ықпалға мүлдем ұшырамаған Солтүстік Францияның Суассон, Амьен
сияқты қалалары, сондай-ақ Фландрияның Брюгге, Гент , т.б. қалалары
коммуналық қозғалыс нәтижесінде сеньорға деген тәуелділіктен құтылған өзін-
өзі басқаратын еркін қала-коммуналарға айналды.
Король иелігінде орналасқан қалалардың тарихы қиындау және мүлдем
басқа жолмен өрбіді. Корольдер (ақсүйек және шіркеу феодалдары сияқты)
қалаларға өзін-өзі басқаратын коммуналар статусын бергілері келмеді.
Қаладан айрылу байлығының бір бөлігінен айрылу деген сөз. Бұған король де,
ақсүйек және шіркеу феодалдары жол бермеуге барынша тырысып бақты. Король
қалаға өзінің жеке қазынасы ретінде қалады. Мұндай жағдайда, корольдің қала
үшін күресі түсінікті еді. Корольдің қалаларды уысынан шығармауға
тырысуының арқасында корольдің иелігінде орналасқан бірде бірде қала
толығымен өзін-өзі басқару құқығына ие бола алмады. Король мен қалалардың
күресін фрацуздардың Лан қаласы мысалында ашып көрсетуге болады. Ландағы,
Амьен мен Суассонда орын алған коммуналық қозғалыстар жайлы бірінші
ортағасырлық тарихшы Гвиберт Ножанскийдің қалдырыған мәліметтері өте
қызықты [25, 45-46 бб.]. Әсіресе тарихшы Ландағы коммуналық күрестің
қайғылы оқиғаларын жан-жақты сипаттайды. Лан қаласы Солтүстік-шығыс
Францияның ірі әлі бай сауда орталығы ретінде, біріншілердің қатарында
болып ХІІ ғасырдың басында коммуналық еркіндік алу мақсатында күреске
енеді. Осы күрестің шырқау шыңы 1112 жылғы көтеріліс. Гвиберт Ножанский
коммуналық қозғалыстарды дұрыс деп есептемеді. Гвиберт Ножанский
ортағасырлық коммунаға анықтама бергені белгі. Коммуна сөзі жаңа және
жағымсыз сөз, оның мәні бағынышты ретінде билеушілерг салық төлеуге
міндеттілер тек жылына бір рет ғана салық төлейді, қандай да бір заң
бұзушылық жасағандар не бәрі айыппұл төлейді. Сервтерге тиесілі салықтардың
барлығы толығымен алынып тасталады [30, 45 б.].
1112 жылғы көтеріліс нәтижесінде король жерінде орналасқан Лан
коммуналық еркіндіктерді, тәуелсіздікті және өзін өзі басқару құқығын
алады, бірақ бұл тәуелсіздік ұзаққа созылмайды. Корль эдикт арқылы
коммуналық еркіндіктерді жойып, Лан қаласы қайтадан король әкімшілігіне
бағынады. Король мен қала арасындағы осындай күрес жылдар мен ғасырларға
созылады. Коммуналық еркіндіктер немесе оның бір бөлігі қалаға беріліп,
уақыт өте қайта қайтарылып алынып отырды. Ақырында тек ХІҮ ғасырда ға
король Людовик ХІІ Лан қаласынын толығымен коммуналық еркіндіктерден
айырып, қала король иелігіне толығымен өтеді.
Алайда тәуелсіздікке ие болған немесе бір кездері коммуналық
еркіндіктерге ие болған Париж, Лондон, Оксфорд, Кембридж сияқты қалалар
орталық билік шенеуніктерінің бақылауынан шықпаған. Тәуелсіз болып
есептелген қалалардың үстінен орталық билік өкілдерінің үздіксіз бақылап
отыруы Батыс Еуропаның солтүстік аймақтарына (Скандинаваия елдері,
Ирландия, неміс жерлеріндегі көптеген қалалар, Венгрия) тән.
Қалалардың көпшілігі, әсіресе, шағын қалалар, коммуналық
қозғалыстардың нәтижесінде сеньорларға тәуелді болып қалады. Батыс Еуропа
қалаларындағы коммуналық қозғалыстардың әртүрлі сипатта және нәтижелерінің
түрлі болуына қарамастан осы қаладағы қозғалыстарды бір ортақтыққа ие
болды, ол – Батыс Еуропа қалаларының тұрғындары крепостнойлық
басыбайлылықтан айрылып, еркін тұрғындарға айналды [30, 48 б.]. Осы
коммуналық қозғалыстардан кейін қалыптасқан дәстүрге сай қалада бір жыл
және бір күн өмір сүрген адам еркін деп есептелінді. Қаладағы ауа адамды
еркін қылады деген қанатты сөз коммуналық қозғалыстардың нәтижесін
сипаттайтын ұғымға айналды.

1.2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар

Қала өндірісінің негізін құраған қолөнер өндірісі дамыған феодализм
бірінші кезеңдерінде ұйымдастырудың ерекше түрі – цехтар немесе қолөнер
гильдияларына ие болды. Византиядағы қолөнер бірлестіктері – корпорациялар
мен киондар батысеуропалық бірлестіктерден әжептәуір ерекшеленді.
Киония тұрақсыз, құпамындағы мүшелері көп емес қолөнер ұйымы болды.
Цех немес немес гильдия бастапқыда шағын қолөнершілердің ұйымы болды,
алайда гильдия көбінесе көпестердің ұйымы еді. Цех өндірісінінің үстінен
қатаң бақылау орнатылды, сонымен қатар қолөнер өнімдерерінің сатылуы да
бақылауға алынды. Цехты мастер басқарды. Көбінесе қолөнерші-мастер өзінің
шеберханасында жұмыс жасады. Оған 2-3 қосалқы шеберханалар немесе бірнеше
шәкірттері көмектесті. Цехтардың пайда болған алғашқы жылдарында шебердің
шәкірті бірте бірте белгілі бір уақыт ішінде мамандығын игеріп шебер
болуға мүмкіндігі болды [8].
Қолөнердің осындай жолмен ұйымдасуы Батыс Еуропа елдерінің барлығы тән
болды. Ғылымда цехтық мәжбүрлеу деген ұғым бар. Бұл дегеніміз қатаң
цехтық шекетеу. Барлық нәрсе алдын ала анықталып белгіленді: шеберханада
пайдалынатын материалдың сорты, оның ені, ұзындығы, белгілі бір матаны
тігетін жіптері, шәкірттерінің саны, шебер және оның шәкірті жұмыс істеген
құрал-саймандар, станоктардың саны, жұмыс күнінің ұзақтағы. Осы мәселелерге
қатысты шебер өз еркімен шешім қабылдай алмады. Егер шебер белгіленген
шектеулерге бағынбай өз бетімен қолданатын маткриалдарға немесе оның
мөлшеріне қатысты шешем қабылданса, оның шеберханасы жабылатын немесе оған
үлкен айппұл салынатын еді. Сондықтан ол қатаң шектерулерге бағынуға
мәжбүр болды [28, 26 б.].
Бастапқыда цехтық шектеудің жағымдары жақтары жеткілікі болды. Өйткені
қолөнершінің барлық өнімі сатылып отырды. Цехтық шектеу барлық
шеберханалардағы өндірілетін өнімнің толығымен өтіп отыруы үшін оның
шығарылатын мөлшерін қадағалап отырды. ХІҮ ғасырға дейін өзі-өзі ақтап
отырған қатаң цехтық шекетеу ары қарай өндірістің даму жолындағы ірі
кедергілердің біріне айналады. Өнім көлемінің шектеліп отыруы
шеберханаларда артық өнім жасалуына тыйым салды. Бірнеше ғасыр бойыр
қолөнершілер шектеулі ғана өнім шығарып отыруға міндетті еді. Цех қала
тұрғындарының өмірлерінде маңызды рөл атқарды. Және де ол маңыз цехтердің
өндірістің бір құрылымы болуында ғана емес. Белгілі бір цехке қарайтын
қолөнершілер өмірлерінің барлық қырларында цех шешуші орынға ие болды.
Әрбір цехтың өз мерекелері, өзіндік ерекшеліктері, киімдері, бас
киімдерінің фасондары, т.б. болды. Цехтердің қорғаушы әулиесі болды, ол
әулиенің күні міндетті түрде аталып өтілді. Цехтар шіркеулер мен сыйынатын
жерлер тұрғызды. Цех, сонымен қатар, корольды немесе сеньорды сарбаз-
қолөнершілермен қамтамыз етіп әскери құрылым да болды. Осылайша, цех
өндірістік, өмірлік маңызы бар, діни, мәдени, әскери, т.б. маңызға ие
күрделі жүйе еді.
Қалалық тәуелсіздікке алып келген коммуналық қозғалыс тағы бір
құбылыстың орын алуына септігін тигізді. Ол – ортағасырлық қалалардың даму
сатысының алғашқы кезеңінде болмаған қалалық патрициаттың қалыптасуы. Сот,
қаржы, қалалық әкімшілік бірте бірте патрициат қолында жинақтала бастайды.
Нәтижесінде ХІІІ-ХҮ ғасырларда Батыс Еуропаның барлық дерлік
елдерінде күрес қалалардың ішінде өрбиді – қалалықтар мен патрициаттар
арасында. Батыс Еурораның әр қалаларындағы кейбір ерекшеліктерге қарамастан
бұл күрес бай қолөнершілер мен қаланың саудамен айналысатын топтарының
жеңісімен аяқталады. Осы бай қолөнершілер мен саудамен айналысатын топтар
қалалық принциапатпен қосылып кеткен қалалық олигархиялық билікті
қалыптастырады. Олигархиялық билік бай қалалықтардың мүддесі үшін жұмыс
жасайды [28, 33-34 бб.].
ХІҮ-ХҮ ғасырларда бай немесе үлкен, кедей немесе кіші цехтердің пайда
болуына алып келген цехтердің трансформациясы немесе цехтық
трансформация үдерісі байқалады. Бай цехтармен бәсекеге түскен кіші цехтер
бәсекелестікке төтеп бере алмай бірті бірте кедейленеді де, кіші цехтердің
мүшелері екі ғасырдан кейін қалыптасатын болашақ пролетариаттың прототипі
болған жалданбалы жұмысшыларға айналады. Осы тарихи кезеңде цехтағы жағдай
өзгере бастайды. Бұрын шәкірт уақыт өте келе шебер бола алатынына мүмкінді
бар болған. Ал ХІҮ-ХҮ ғасырларда шәкірттер мұндай мүмкіндіктен айрылады.
Осы уақытта шебер деген атаққа шебердің туысқандары немесе бар күшін
жұмсаған (шеберге сыйлық беру, т.б.) шәкірт, соның өзі өте сирек, қол
жеткізе алды. Жылдар өту барысында шәкірттер көптеп жұмысқа пайдаланылады.
12 жыл бойы оқыған шәкірт (яғни іс жүзінде шебер бола тұра) кәсиби және
әлеуметтік саты бойынша жоғары жылжуға деген мүмкіндіктен қағылып,
бұрынғысынша шәкірт болып қала берді. Іс жүзінде шебер қарапайым шәкірттің
емес, толық қанды кәсіби шебердің еңбегін пайдаланған болып шығады. ХІҮ
ғасырдағы шеберханалардағы жұмыс күнінің ұзақтығы 14 сағаттан 18 сағатқа
дейін жалғасты.
Осы уақыттан бастап тарих ғылымында цехтердің тұйықталуы деп аталған
үдеріс басталады. Олай аталу себебі шеберлердің шәкірттері және
шеберхананың басқа да жұмысшылары кәсіби және әлеуметтік статусын көтеру
мүмкіндігінен толығымен айрылып, уақыт өте көптеп жалдамалы жұмысшыларға
айналады [25, 44 б.]. Болашақ шеберханаларының айрылуына шәкірттер
өздерінің ортақ бауырластықтарын құрумен жпуап береді. Олар осылайша
өздерінің шеберлеріне қарсы күресуді ұйғарады. Көп ұзамай қала тұрғындары
ереуілдер мен бойкоттардан қала олигархтарына қарсы көтерілістерге көшеді.
Қалада кеңінен құлаш жайған әлеуметтік күрес үш кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең – коммуналық қозғалыс, екінші кезең – патрициаттарға қарсы
күрес және үшінші кезең – қаланың қолөнерші-плебейлерінің патрициаттармен
бірігіп кеткен бай шеберлер мен көпестерге, қала олигархтарына қарсы күрес.

ХІ-ХҮ ғасырлар бойында Батыс Еуропа қалаларында жаңа сословие
қалыптасады: қала тұрғындарының ортағасырлық сословиесі. Бұл сословие сауда
және қолөнер өндірісімен, жекеменшікпен тыңыз байланысты. Аталған сословие
саяси-құқықтық тұрғыдан толыққанды қала тұрғыны статусына сай келетін
сөзсіз артықшылықтар мен еркіндіктерге ие болды. Одан кейінгі екі ғасырда
қала тұрғындары бюргерлер деп атала бастады. Сауда өндірісі саласында
табысқа қол жеткізген қала тұрғындарының бір бөлігі кейіннен осы сөзден
шыққан буржуазия атуымен аталады [9, 67 б.].
Қалалардың өсуімен қатар қолөнер өндірісі кеңейеді, сауда дамиды. Қала
және қала маңында пайда болған базар ортақ ішкі нарықтың қалыптасуына негіз
жасайды. ХІІІ-ХҮ ғасырларда халықаралық сауданың екі ірі орталығы
қалыптасады. Бірінші орталығы – Еуропаның романдық ықпалға түскен
аймақтарымен байланысты болған Жерорта теңізі маңы. Бұл Византияға, ары
қарай Шығысқа шығуға мүмкіндік берді. Халықаралық және батысеуропалық
сауданың екінші орталығы солтүстікте – Балтық және Солтүстік көлдері
аймақтарында қалыптасты. Осы сауда аймағына сонымен қатар Русь та
(Новгород, Псков, Полоцк, т.б.) енді. Солтүстік сауда Балтық көліндегі
янтарьдан атауы шыққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының пайда болуы
Пәндер