ЕҚЫҰ және Қазақстан арасындағы қарым-қатынас



Кіріспе

1. ЕҚЫҰ . ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК ЖОЛЫ
1.1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары
1.2. ЕҚЫҰ.дың Астана Саммиттіне дейінгі жоғарғы денгейдегі бас қосулары

2. ЕҚЫҰ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС
2.1. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың орнау мен кезеңдері
2.2. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстың негізгі бағыттары

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ.ҒЫ ТӨРАҒАЛЫҒЫ: БАРЫСЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Төрағалық кезінде атқарылған іс.әрекеттер
3.2 Астана Саммитті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

1. ЕҚЫҰ – ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК жолы
1.1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары
1.2. ЕҚЫҰ-дың Астана Саммиттіне дейінгі жоғарғы денгейдегі бас қосулары

2. ЕҚЫҰ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
2.1. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың орнау мен кезеңдері
2.2. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстың негізгі бағыттары

3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ғы төрағалығы: барысы мен нәтижелері
3.1 Төрағалық кезінде атқарылған іс-әрекеттер
3.2 Астана Саммитті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше
белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада
халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты
дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе
түсуін айту керек. Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік Орталық
Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары
халықаралық қатынастар жүйесінің субъектілері ретінде әлем мемлекеттерімен,
халықаралық және аймақтық ұйымдармен, тығыз байланыстарды орнату болды.
Қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе
жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Орталық Азия аймағы
геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында
Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы арта түсті.
Соның негізінде, аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне
айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынға иеленуде. Оның
негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, орталықазиялық аймақ ең алдымен табиғи бай ресурстарға,
энергетикалық және минералды-шикізат көздеріне ие болуына байланысты
тартымды;
Екіншіден, орталықазиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа
нарығы және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың
маңызы орталықазиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында
тіптен арта түспек.
Үшіншіден, орталықазиялық аймақ қазіргі кезде энергетикалық фактордың
есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие,
демек әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының нәтижесінде
өз ұстанымдарын бекітуде.
Төртіншіден, Орталық Азия аймағы түрлі тараптармен қатынастарын бекіту
барысында транзиттік қуатқа ие.
Бүгінгі таңда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
(ЕҚЫҰ) әлемдік жүйеде алатын орны бірегей. Жауапкершіліктің кең ауқымы мен
Ұйымның жан-жақты қызметі, өзекті мәселелерді шешуге, ашық үнқатысу дәстүрі
мен консенсусты қалыптастыруға кешенді көзқарасы ЕҚЫҰ-ны еуроатлантикалық
және еуроазиялық кеңістікте көпжақты өзара ықпалдасудың басты
элементтерінің бірі ретінде анықтайды. Нақ сондықтан 1992 жылы-ақ
Қазақстанның осы беделді құрылымға мүшелігі туралы шешім қабылданған
болатын. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті
және елдің беделді бейнесін нығайту ісіндегі көптеген бастамалары ЕҚЫҰ-ға
төрағалық етуге өтінім жасауына мүмкіндік берді және 2007 жылдың 29-30
қарашасында Мадридте ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер
министрлері ХV Кеңесінің 2010 жылғы Қазақстанның төрағалығы туралы оңды
шешімі жас республиканың үлкен жетістігі болды.
Қазақстандықтар жиырма жылға жетер-жетпес уақытта жаһандық дағдарыс
сынағынан табысты өткен, саяси жүйесі тұрақты және тиімді нарықтық
экономикаға көшкен мемлекет орнатты. Біздің ұлтаралық және дінаралық
келісім моделіміз – ЕҚЫҰ қызметінің гуманитарлық өлшемін қамтамасыз етуге
Қазақстанның қосқан нақты үлесі. Сабақтастық қағидаттарына негізделген
қазақстандық төрағалық тұжырымдамасы біздің ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруға,
оның Жер шарының үш құрлығындағы 56 мемлекетті біріктіріп отырған бірегей
үнқатысу алаңы ретіндегі әлеуетін дамытуға үлес қосуға деген нық
ұйғарымымыз болды. Сондықтан да еліміздің әлемдік деңгейдегі саяси қарым-
қатынастарға 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағысы ретінде араласып, Елордада жоғары
деңгейдегі саммит өткізуі ерекше тарихи оқиға болды. Бұл жерде ЕҚЫҰ-ның Бас
хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның біздің елге ұйымға төрағалық белгіленген
тұстағы мына сөздері көп нәрсенің басын ашады: ЕҚЫҰ Саммитін өткізудің өзі
өте маңызды шаруа. Біз оның жұмысынан маңызды құжаттар қабылданған жақсы
нәтижелер күтеміз. Саммиттің Астанада өтуінің де зор маңызы бар. Өйткені,
бұл жерден әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік Вена, Париж немесе
Вашингтондағыдан бөлекше көрінеді. Тіпті мәдени, экономикалық және саяси
жағынан да ол ерекше әсер береді. Сондықтан да Астана Саммитінде жақсы
нәтижелерге қол жеткізілер деген үмітім бар[1]. Көріп отырғанымыздай
саясаткердің алдын-ала берген бағасы, біздің елге деген зор сенім мен
ықыластың жарқын көрінісі. Міне сондықтан да қарастырылып отырған тақырыпты
зерттеу, соның негізінде қорытындылар мен тұжырымдар жасау тарих саласының
да басты қағидасы болып табылады. Сол себепті бітіру жұмысының өзектілігі
жоғары айтылғандардан келіп туындайды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: XX ғасырдың 70-шы жылдары
құрылған ЕҚЫҰ тарихына тоқталып, бұл ұйымдағы Қазақстанның орны мен
төрағалық ету кезіндегі атқарған қызметтерінің анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- ЕҚЫҰ-ның заңнамалық және сыртқы саяси құжаттарын сараптаудың
негізінде оның сыртқы саяси ерекшеліктерін және басымды бағыттарын
айқындау;
- ЕҚЫҰ шеңберінде өткен бас қосулар тарихына шолу жасап, негізгі
қорытындыларына тоқталу;
- Қазақстанның ұйымға мүше болып қабылданғаннан бергі кезеңге
сараптама жасай отырып, басты оқиғалар тізбегін нақтылау;
- ЕҚЫҰ ресми және стратегиялық құжаттарына жан-жақты сараптамаларды
жүргізудің негізінде Қазақстанның 2010 жылы ұйымға төраға ретінде
бекітілуіне тоқталып, төрағалық кезінде атқарылған негізгі оқилардың
мазмұнын анықтау;
- Қазақстанның ЕҚЫҰ-ғы төрағалығының қорытынды актісі ретінде
өткізілген Астана саммитінің барысы мен нәтижелерін сараптау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған тақырып негізінен
алғанда еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылған уақыттан бастап зерттеу
нысанына іліккен болатын. Бұл бағыттағы зерттеулердің көпшілігін
конференция, семинар, дөңгелек үстел басында талқыланған мәселелердің
материадар жинағы құрайды. Әсіресе бұл істе ҚР Президентінің жанындағы
Қазақстан Стратегиялық Зерттеулер Институты ерекше талпыныс танытты. Ендігі
жерде сол материалдардың және тағыда басқа еңбектердің тақырыпты
зерттеудегі қысқаша анықтамаларын берсек. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы:
құжаттар мен материалдар жинағы деп аталатын еңбек қарастырылып отырған
мәселе бойынша басты зерттеу болып табылады [2]. Бұл деректік зерттеу
жинағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қауіпсіздік, экология мен экономика және де
қайырымдылық саласындағы ынтымақтастығына арналаған. Жинаққа Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚР мемлекеттік
қайраткерлерінің сөйлеген сөздері және де Қазақстанның өз дамуында заманауи
әлем қауымдастығының жоғарғы стандарттарына сай ішкі тұрақтылыққа қол
жеткізу жолындағы жасалынған қыруар жұмысты көрсететін маңызды құжаттар
енген.
Келесі маңызды зерттеудің қатарына А. Утегенованың ОБСЕ в начале ХХІ
века: перспективы развития атты зерттеу еңбегін қосамыз [3]. Ал белгілі
саясаттанушы Б.К. Сұлтановтың редакторлығымен жарық көрген Казахстан –
председатель ОБСЕ в 2010 году деген зерттеу еңбегі тақырыптың зерттелу
деңгейін толықтыра түседі [4]. Бұлардан бөлек көптеген зерттеушілердің
еңбектерін біріктерген біршама жинақтар жарық көрген. Соларға тоқтала
кетсек. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы және жаһандық
қатерлер атты жинаққа ҚСЗИ қызметкерлерінің 2010 жылғы Қазақстанның
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығына,
Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің қортындыларына, және де халықаралық ұйымның
аумақтық қақтығыстарды реттестірудегі рөліне арналған мақалалары кірген
[5]. 2010 жылдың соңында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институты, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті бірігіп Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының
қорытындылары атты халықаралық конференция өткізді. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-
ға төрағалығы кезеңінде Ұйымның негізгі принциптері мен құндылықтарын
ұстанатындығын танытып, өзінің бар күш-жігерін жұмсай отырып ЕҚЫҰ-ның
жауапкершілігі аумағында оның басты бағыттары – әскери-саяси, экономика-
экология және гуманитарлық салаларда тиімді үдерістердің орын алуына қол
жеткізгендігін білеміз. Жинаққа Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының
қорытындыларына, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіне және де халықаралық
қауіпсіздік пен аймақтық ынтымақтастық мәселелеріне арналған қазақстандық
және шетелдік сарапшылардың баяндамалары кірді [6]. Астанадағы ЕҚЫҰ
саммиті: гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейтілуі атты дөңгелек үстелдің
материалдар жинағына Еуразия құрлығындағы гуманитарлық ынтымақтастық,
дінаралық байланыс, саяси жаңарту мен гендерлік дамудың түрлі аспектілері
мәселесіне арналған дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары енген
[7]. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және аймақтық қауіп-
қатерлер атты дөңгелек үстелді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігімен бірігіп өткізіп, бұл
жинаққа Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының алғашқы қорытындылары мен ЕҚЫҰ-
ның Астана саммитінің өзекті мәселелері және де Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Қырғызстандағы жағдайды реттестірудегі рөлі
қарастырылған баяндамалар кірді [8]. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға
төрағалығы: алғашқы қорытындылар мен келешегі атты тақырыппен ҚР
Президентінің жанындағы ҚСЗИ, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен VIII жыл сайынғы
Алматы конференциясы өткізілді. Конференция материалдарының жинағына
қазақстандық және шетелдік сарапшылардың Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы
кезеңінің өзекті мәселеріне, оның ішінде төрағалықтың алғашқы
қорытындыларына және де осы мандат мерзімінде жүзеге асырылуы жоспарланған
нақты мәселерді шешу жолдарына арналған баяндамалары кірген [9]. ЕҚЫҰ және
аймақтық қауіпсіздік қатерлері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдарында ЕҚЫҰ-ның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз
ету мен экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі рөлі
қарастырылады. Авторлар негізінен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия елдерімен
ынтымақтастығына және жаһандану үрдісінің қауіп-қатерлеріне қарсы тұруда
қолданылатын тәжірибе жинақтау мәселесіне назар аударған [10]. ЕҚЫҰ және
аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері атты
тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар
жинағына конференцияға қатысушылардың Орталық Азиядағы аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, демократиялық дамумен және де адами өлшемдер
саласындағы аймақ елдерінің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы жөніндегі мәселелердің
кең ауқымын қамтитын баяндамалары кірген [11].
Ресей мамандарының топтап шығарған От Хельсинки до Будапешта: история
СБСЕОБСЕ в документах (1973–1994) атты материалдар жинағы біздің
тақырыбымыздың зерттелуіндегі құнды еңбектердің бірі болып табылады.
Зерттеушілер көрсетілген жылдар аралығында қабылданған құжатты дерек
ретінде көрсете отырып, олардың әрқайсысына өзіндік қорытындыларын жасайды.
Бірақ көбіне өз елдеріне қатысты мәселелерді анығырақ шешуге тырысқандығы
байқалады [12].
А.В. Кортуновтың Ресей мен Батыс елдері арасындағы байланыстың
моделдерін ашуға бағытталған еңбегінде ЕҚЫҰ-ның тарихына қатысты көптеген
мәселелер қарастырылған. Автор негізінен ұйымның Еуропадағы ынтымақтастықты
сақтауға бағытталған іс-шараларын талдайды [13].
М.А. Сарсембаевтың Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы байланыстарға
арналған көлемді мақаласы қарастырылып отырған мәселелер бойынша көптеген
түйткілді сұрақтарға жауап береді. Әсіресе еліміздің ұйымды басқару
нәтижесінде қол жеткізетін мүмкіндіктері жан-жақты талданып көрсетілген
[14].
Сонымен осы айтылғандардың негізінде қорытынды шығаратын болсақ.
Жоғарыда айтылып өткен зерттеу еңбектері мен ғылыми конференция
материалдары оларда жарияланған түрлі бағыттағы мақалалар диплом
тақырыбының зерттелу деңгейін көрсетеді. Әрине бұл дегеніміз аталған
еңбетерден басқа зерттеулер жоқ дегенді білдірмейді. Олай дейтініміз бұл
тақырыпқа қатысты жанама түрдегі зерттеулер бар, олардың ішінде ЕҚЫҰ
тарихына арналған зрттеулерді атап өтуімізге болады. Оларға төменде арнайы
бөлімдерді қарастыру барысында тоқталып өтетін боламыз.
Зерттеу жұмысының нысаны ЕҚЫҰ тарихы мен ұстанымдары, Қазақстанның
аталған ұйымдағы орны және еліміздің төрағалық етуінің сипаттамасы болады.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 70-шы жылдары мен
2010 жылдың аяғы аралығын қамтиды.
Теоретикалық-методологиялық зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмысының
әдістемесі зерттеу пәні мен объектісі, сондай-ақ қойылған мақсат пен одан
туындайтын міндеттердің сипатына байланысты таңдалынды. Осы зерттеу
жұмысында қазіргі кездегі саясаттану және тарих ғылымдарындағы халықаралық
қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеуге арналған әдістер жинағы
қолданылды. Халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық
мәселелерін қарастыру барысында тарихи және ғылыми объективтілік қағидасы
басшылыққа алынып, белгілі бір елдің екінші бір елге, не болмаса белгілі
бір аймаққа қатысты сыртқы саяси бағыты мен оның даму үрдісін зерттеуде
кешенді типлогиялық тәсілдер пайдаланылды.
Зерттеу деректері. Қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін
дипломдық зерттеуде дерек көздерінің кең шеңбері қолданылды. Оларды қайнар
көздеріне қарай бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз:
Дерек көздерінің бірінші тобын ЕҚЫҰ құрылуына байланысты қабылданған
әртүрлі заңнамалық құжаттар құрайды. Олардың қатарына бүгінге дейін ЕҚЫҰ
шеңберінде өткізілген басты алты бас қосудың және Астана саммитінің
құжаттары жатады. Көрсетілген деректер тобы ЕҚЫҰ мен Қазақстан қатысындағы
сыртқы саясатының құқықтық және концептуалдық негіздерін анықтауға
мүмкіндік береді.
Дерек көздерінің екінші тобын ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы екіжақты
қарым-қатынастар негізін қалайтын және оларды реттеуші құқықтық келісім-
шарттар енеді. Олардың қатарына экономикалық ынтымақтастық негізі туралы,
болашаққа арналған серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме, техникалық көмек
көрсету туралы, қаржылай көмек көрсету туралы, мәдени салада ынтымақтасу
туралы, әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттар және т.б.
Дерек көздерінің үшінші тобына Мемлекеттік қайраткерлері, белгілі бір
ресми жауапкершілігі бар жеке адамдардың еңбектері, сөйлеген сөздері мен
сұхбаттарын жатқызуымызға болады. Бұл деректер тобын ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың жолдаулары, жобалары, халықаралық форумдарда сөйлеген
сөздерінің жинағы, Астана саммиті барысында қатысу елдердің жоғары
деңгейдегі тұлғалары мен саясатшыларының сөйлеген сөздері мен берген
бағалары енеді.
Дерек көздерінің төртінші тобына электронды ресурстарда және БАҚ-та
жарияланған түрлі деңгейдегі мақалалар, материалдар, сұхбаттар және т.б.
жатады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы қойылған мақсат –
міндеттермен анықталған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ЕҚЫҰ – ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК жолы

1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары

ЕҚЫҰ-ның саяси маңызы Еуропадағы басқа халықаралық ұйымдармен
салыстырғанда оның бірегейлігінде жатқандығында. Шындап келгенде бұл ұйым
Еуропада, тіпті әлемде қауіпсіздік саласындағы жалғыз ұйым саналады. Ол
қақтығыстардың алдын алу және дағдарсты аудандарды қалпына келтіру үшін
үлкен іс-әрекеттер атқарады. Сонымен бірге Еуропадағы сайлауды бақылау және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аталмыш ұйымның бәсі жоғары. Осы
орайда ұйымның құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттарын қарастырсақ.
Негізінен алып қарағанда ЕҚЫҰ – құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін
жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес бұл ұйым Еуропадағы
дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы
қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің
басты құралы ретінде құрылған.
Өзіміз жо,арыда көрсеткендей ұйым мүшелігіне 56 тәуелсіз мемлекет
кіреді. Қазіргі таңдағы ЕКҚҰ мүшелері келесідей құрамда: Австрия, Албания,
АҚШ, Андорра, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және
Герцеговина, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Ирландия, Исландия,
Испания, Италия, Канада, Кипр, Қазақстан, Қасиетті Тақ, Құрама Корольдік,
Қырғызстан, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, бұрынғы Югославия
Республикасы, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланды, Норвегия,
Өзбекстан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сан-
Марино, Сербия, Словак Республикасы, Словения, Тәжікстан, Түркия,
Түрікменстан, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чех
Республикасы, Швейцария, Швеция, Эстония. Бұдан бөлек 12 елдің
ынтымақтастық жөніндегі әріптестер мәртебесі бар: Жерортатеңіздік
әріптестер - Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис [15].
Сонымен қатар мұнда төмендегідей Азиялық әріптестерді - Австралия,
Ауғанстан, Жапония, Моңголия, Корея Республикасы және Таиланд қосамыз [4,
157 б.]. 2010 жылға қабылданған ЕҚЫҰ-ның Жиынтық бюджеті 150,765,000 еуроны
құрайды [13, 232 б.]. Салыстырмалы түрде айта кететін болсақ 2003 жылғы
бюджет 185,7 млн. Евроға тең келген болатын [1]. Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-да
3300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, олардың көпшілігі – 2800-ге жуық адам
– тыстағы миссиялар мен орналасқан жерлердегі іс-шараларға тартылған.
Хатшылықта және мамандандырылған институттарда жалпы алғанда 500-ге таяу
қызметкер жұмыс істейді.
Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім
шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды,
сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы 
мәселелердің кең ауқымымен айналысады.
ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-
саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді [13, 232-
233 бб.].
Егер де тарихқа көз салар болсақ, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары
Хельсинкиде қаланған басты қағидалары бар жалпыеуропалық қауіпсіздік
құрылымдарының бейбіт дамуының күрделі жолдан өткендігін көреміз.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды
актісіне қол қою соғыстан кейінгі кезеңдегі әлемнің екі антагонистік жүйеге
бөлініп, негізінде идеологиялық агрессия, қару-жарақты көбейту мен бірін
бірі ядролық қарумен жойып жіберу қорқынышы жатқан қырғи-қабақ соғыстың
барынша белсенді кезеңіндегі ұзақ мерзімге созылған келіссөздер
үдерістерінің нәтижесі болып табылды. 1961 жылы жанталаса қарулану үдерісі
өзінің шарықтау шегіне жетіп, әлем жаһандық апаттың сәл алдында ғана тұрды.
Осы жылы КСРО Жаңа жер әскери полигонында алғаш рет сутегі бомбасын
сынақтан өткізді, оның жарылу толқыны Жер шарын бірнеше рет айналып өтті.
Семей ядролық полигонында 1949-1963 жылдар аралығында сынақтан өткен
ядролық зарядтың жалпы қуат мөлшері Хиросимаға тасталған атом бомбасынан
2500 есе артық болды. Осы кезеңде климаттың біршама өзгеріске түсіп,
суытқандығы байқалған. Саясат саласында да мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастың салқындағаны байқалды. Қырғи-қабақ соғыстың майдан шебі
Орталық және Шығыс Еуропа елдері арқылы өткен болатын. Еуропа құрлығының
қауіпсіздігі Екінші дүниежүзілік соғыстың алапат салдарларынан кейін жаңа
ірі көлемдегі қақтығыстың қатеріне ұшырады. Тек Еуропа елдері ғана емес,
сонымен қатар, АҚШ, Кеңес Одағы, Түркия және басқа да мемлекеттер ядролық
шабуыл өтінде тұрды. Қалыптасқан қиын жағдайдың одан ары ушығуына Берлин
мен Кариб дағдарыстары, Чехословакиядағы барқыт төңкерісті басу және де
басқа аймақтық қақтығыстар себеп болды. Бұған ядролық қаруға қатысты
оқиғалар да қосылып отырды. Мысалы, 1966 жылы Испанияда АҚШ ӘТК екі ұшағы
соқтығысып, соның салдарынан 4 сутегі бомбасы жоғалып кетті және де мұндай
жағдайлар сирек емес еді. Әлем қайтадан қауіп-қатерлерді бастан өткерді,
әрине, бұл жағдай еуропалық және әлемдік қоғамдастықты алаңдатпай қоймады.
Бұл жағдайларда геосаяси және идеологиялық мақсаттардан әлемдік тіршілікті
сақтау талпынысы жоғары тұратындығын көрсететін жаңа алаң қалыптаса бастады
[12, 148 б.]. Бұл ЕҚЫК – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі
кеңестің қалыптасуының негізгі факторы болды.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында көптеген елдер тұрғындарының
санасында үлкен өзгеріс орын алды. 1972 жылы екі ұлы державаның басшылары
Л. Брежнев пен Р. Никсонның ядролық қарусыздануға қатысты кездесуі өтті
және бұл кездесу Стратегиялық қаруларды шектеу (СҚШ-1) секілді аса маңызды
үдерістің бастамасы болды.
Дәл осы кезеңде, яғни 1972-73 жылдары Хельсинкиде Жалпыеуропалық кеңесті
дайындауға қатысты көпжақты кеңесулер өтіп жатқан болатын. Осы кезден
бастап жалпыеуропалық саяси үнқатысудың негізі қаланды, оның нәтижесі
ретінде Хельсинки Қорытынды актісі мен ЕҚЫК кеңес форумы танылады [12, 183
б.].
1973 жылы шілде айында сол тұста қалыптасқан Шығыс пен Батыс елдері
арасындағы шиеленіскен жағдайды қалыпқа түсіру үшін КСРО-ның
ұйымдастыруымен Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан еді. Міне,
сол кезде басталған келісім-шарттың соңғы қортындысына 1975 жылы 1 тамызда
Хельсинкиде қол қойылды. Ол тарихқа Хельсинки келісімі деген атпен енді.
Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы кеңесінің ресми құрылған кезі де
сол 1975 жыл болып саналады [21].
1973 жылы 3 шілдеде Хельсинкиде басталып, 1973 жылдың қыркүйегінен
1975 жылдың 21 шілдесіне дейін Женевада жалғасқан Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес Хельсинкиде 1975 жылдың 1 тамызында
Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы,
Греция, дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипра,
Лихтенштйн, Люксенбург, Мальта, Монако, Нидерланды, Горвегия, Польша,
Португалия, Румыния, Сан-Марино, Әулие Престол, Біріккен Корольдіктер,
Америка Құрама Штаттары, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, Түркия,
Финляндия, Чехославакия, Швейцария, Швеция және Югославия Жоғары
өкілдіктерімен аяқталды [12, 14 б.].
1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің
өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі
қағидаттарын бекітті. Бұл құжат сол кездегі Еуропа құрлығындағы қалыптасқан
халықаралық жағдайды түпкілікті бекітуге және Батыс пен Шығыстың арасындағы
қарым-қатынастардың шиеленістерін шешу бағытындағы іс-қимылдарды одан әрі
дамытуға жағдай жасауы тиіс болды. Онда кеңеске қатысушы елдердің өзара
қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарының нормаларын айқындайтын негізгі
принциптері көрініс тапты [15]. КСРО-ның құлауымен бірге Батыс пен Шығыс
арасындағы текетірес те жойылды. Бұрынғы қарама-қарсы бағыт ұстанған
социалистік және капиталистік лагерь елдері енді ұйымды Еуропа елдеріндегі
шиеленісті реттейтін жалпыеуропалық ұйымға айналдыруға күш сала бастады.
ЕҚЫҰ шеңберінде қол қойылған сол кездегі жаңа Еуропаны құруға негіз жасаған
Париж хартиясы, Еуропадағы ашық аспан сияқты маңызды құжаттардан осы
мақсат анық байқалды.
НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі халықаралық жағдайға айтарлықтай әсерін
тигізгендігі белгілі. Бірақ, бұл өзгерістер ЕҚЫҰ-ның халықаралық рөліне
ешқандай да кері әсерін тигізе алмады. Ол шын мәнінде НАТО және Еуроодақпен
тонның ішкі бауындай байланысқан ұйымға айналды. Сондай-ақ, оның шешімдері
де Солтүстік атлантикалық альянс пен Еуроодақтың мүддесінен туындайтын
мәселелермен ұштасып жататын. КСРО-ның құлауы Хельсинки келісіміне қосылушы
мемлекеттер санын көбейтіп қана қоймай, ЕҚЫҰ қарайтын мәселелер шеңберін
онан әрі кеңейте түсті. Осыған орай ұйымның жаңа міндеттерді шешетін жаңа
институттары құрылды. Дегенмен де, Еуропа құрлығындағы этникааралық
қақтығыстарды бейбітшілік жолмен шешу және ондай жағдайлардың алдын алу –
оның басты мақсаты болып қала берді [13, 76 б.].
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын
кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, мерзім-мерзім олардың
орындалуы туралы ақпарат тыңдалып отырды.
Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт  - 1990 жылғы  жоғары
деңгейде өткен Париж кездесуі болды деп айтуға толық негіз бар. Жаңа Еуропа
үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес
қосу және қырғи-қабақ соғыс біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға
жауап беру міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен
институттар құрылды, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып,
Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді.
1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде 
қарулануға бақылау саласындағы маңызды келісім – Еуропадағы әдеттегі қарулы
күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді [13, 94 б.].
1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы
шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір
мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды. 
1996 жылғы  жоғары деңгейдегі Лиссабондағы  кездесуінде XXI ғасырдың
Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері туралы
декларация қабылданды,  Қару-жараққа бақылаудың негіздері және
Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін
дамыту бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты
барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі
дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Стамбұлда Ұйымның
жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын
қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл
декларациясын қабылдады және  Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы
бейімделген шартқа қол қойды [20].
Ендігі жерде ұйымның негізгі құрылымдарына және басты кездесулердің
түрлеріне тоқталып өтсек. Ұйым шеңберінде шақырылатын кеңестер келесідей:
Жоғары деңгейдегі кездесулер – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің
Мемлекет және үкімет Басшылары ЕҚЫҰ өңіріндегі жағдайға бағалау жүргізеді
және қызметтің жаңа негізгі бағыттарын әзірлейді. Соңғы кездесу 1999 жылы
Стамбұлда өтті. Бұған толығырақ төменгі бөлімшелерде толығырақ тоқталатын
боламыз;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) –  аса маңызды мәселелерді
қарайтын және тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық және
басшылық етуші орган болып табылады. СІМК кездесулері жылына кемінде бір
рет әрбір Төрағаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына таяу өткізіледі;
Тұрақты Кеңес (ТК) – ЕҚЫҰ-ның күнделікті жедел қызметі үшін жауап
береді. Оның жұмысына Іс жүргізуші төрағаның өкілі басшылық етеді.ТК
мүшелері, қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері апта сайын (бейсенбі
күндері) Венадағы Хофбург сарайында жиналады. Тұрақты Кеңес ЕҚЫҰ-ға қатысты
барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді және  шешімдер
қабылдайды. Арнайы жағдайлар бойынша да шақырыла алады [20].
Бұлардан бөлек ұйымда төмендегідей құрылымдық органдар қызмет
атқарады:
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық  форумы (ҚЫФ) – ЕҚЫҰ-ға қатысушы
мемлекеттер делегацияларының тұрақты өкілдерінен құрылған және Венадағы
ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде апта сайын ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты
нығайтудың нақты шаралары бойынша келіссөздер мен консультацияларға
арналған отырыстар өткізеді. Сондай-ақ Форум міндетіне қару-жараққа бақылау
жасау, қарусыздану мен сенім шаралары, жанжалдың туындау қаупін азайту
жөніндегі келіссөздерді; қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты
консультацияларды; сенім және қауіпсіздік шараларын орындауды бағалау
жөніндегі жылсайынғы отырыстарды; әскери доктриналар бойынша семинарларды
ұйымдастыру кіреді. 
Парламенттік Ассамблея (ПА) – 1991 жылы құрылған. Хатшылық
Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы  шілдеде Астанада өткен
сессиясында Португалия өкілі Ж. Соареш  бір жыл мерзімге Президент болып
сайланды.
Іс жүргізуші төраға (ІТ) – жедел қызметке жалпы басшылықты жүзеге
асырады, ол ЕҚЫҰ-да төрағалық етуші мемлекеттің сыртқы істер миинистрі.
2009 жылы ЕҚЫҰ-ның Іс жүргізуші төрағасы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев
тағайындалғандығын жақсы білеміз. Төрағаның өкілеттік мерзімі бір жылды
құрайды [20].
Сонымен қатар ұйымның келесідей хатшылық қызметтері мен өкілдік
институттары бар:
Бас Хатшы – СІМК үш жыл мерзімге тағайындайды,  Іс жүргізуші төрағаның
өкілі және Ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді. БХ-ның
міндетіне  ЕҚЫҰ құрылымдарына және операцияларына басшылық жасау кіреді.
2005 жылдан бастап бұл лауазымда  Марк Перрен де Бришамбо (Франция) отыр.
Хатшылық – Бас Хатшының басшылығымен жұмыс істейді және мынадай
бөлімшелерден құралады:
• Бас Хатшының офисі;
• Жанжалдардың алдын алу орталығы;
• Стратегиялық полициялық мәселелер бөлімі;
• ЕҚЫҰ-ның антитеррорлық бөлімшесі;
• Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкіл мен үйлестірушінің
бюросы;
• ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызметін үйлестірушісінің
бюросы;
• Басқару және қаржы департаменті;
• Прагадағы бөлімше (ЕҚЫҰ-ның мұрағаттары мен оның құжаттамасын тарату)
[22].
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) –
адам құқықтарын қамтамасыз ету, демократияның дамуын және заң үстемдігін
орнықтыруды қамтамасыз ету мәселелеріне жәрдемдесу үшін жауап береді. Штаб-
пәтері Варшавада орналасқан. 2008 жылдан бастап ДИАҚБ-ның Басшысы Елші Янеш
Ленарчич (Словения) болып табылады.
БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі – қатысушы мемлекеттер
үкіметтеріне ЕҚЫҰ қағидаттарының негізінде еркін және тәуелсіз бұқаралық
ақпарат құралдарын дамытуға көмекті жүзеге асырады. 2010 жылғы 11 наурыздан
бастап бұл лауазымды Дунья Миятович (Босния және Герцеговина) иеленді.

Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы Комиссар – этникааралық  шиеленіс
жағдайларын анықтайды және олардың тез арада шешілуіне жәрдемдеседі. Штаб-
пәтері Гаагада орналасқан. 2007 жылғы 4 шілдеден бастап бұл лауазымда Кнут
Воллебек (Норвегия) атқарады.

ЕҚЫҰ-ның тыстағы миссиялары – жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды
реттеу, сондай-ақ нақты бағыттар бойынша дамуға көмек көрсету мақсаттарына
қызмет етеді. Олардың мандаты орналасқан жерлердегі мүдделі тараптармен
байланыстарды жолға қоюды және үнқатысуды дамытуды көздейді.
Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның тыста 18 миссиясы қызмет атқарады. Олар:
• Балқанда (Албания, Босния және Герцеговина, Черногория, Хорватия, 
Сербия, Косово, БЮР Македония);
• Шығыс Еуропа елдерінде (Беларусь, Молдова, Украина);
• Кавказда (Әзірбайжан, Армения, ЕҚЫҰ-ның  Минск конференциясының
тақырыбы болып табылған жанжал жөніндегі ІТ  Жеке өкілінің офисі);
• Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан,
Өзбекстан) [23].
Төраға болатын ел барлық мүшелердің қолдауымен сайланады. Егер бір
ғана ел қарсы болса, үміткер төрағалыққа өтпейді. Төраға қызметін сайланған
елдің Сыртқы істер министрі атқарады. Оны қысқаша “қазіргі төраға” деп
атайды. Оның Ұйымдағы тұрақты өкілі қызметіне елші мәртебесін алған
мәмілегер тағайындалады. ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің жұмысын сол басқарады. Ал
оның орынбасары Дайындық комитетіне жетекшілік етеді. Қазіргі төрағаның
негізгі қызметі Ұйымға жалпы басшылық жасау, соның ішінде оның түрлі
институттарының жұмыстарын үйлестіреді, мүше мемлекеттердің және
халықаралық құрылымдардың басшыларымен өзара іс-қимылдар жасайды [23]. Ұйым
аясында жыл бойы болатын саммиттер, сыртқы істер министрлерінің кеңестері
қазіргі төрағаның саяси басшылығымен өтеді. Сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның тұрақты
форматтарына жататын Экономика-экологиялық форумдар, Қауіпсіздікті бағалау
жөніндегі жыл сайынғы конференция, Ынтымақтастық жөніндегі Жерортатеңіздік
және Азиялық топтар әріптестігі, тағы басқа да үлкен жиындардың бәрі
қазіргі төрағаның бақылауында болады.

1.2. ЕҚЫҰ-дың Астана Саммиттіне дейінгі жоғарғы денгейдегі бас
қосулары

Астана саммитіне дейін ЕҚҰЫ аясында жоғары деңгейдігі алты кездесу
өткізіледі. Олардың әрқайсында ұйымның қызметін анықтайтын және әлемдегі
қатынастарды реттеуге бағытталған құжаттар талқыланады. Бұл Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары жиналып,
алдағы бірнеше жылдың көлемінде атқарылуы тиіс маңызды іс-шаралардың
жоспарларын бекітетін және ұйымның бағыт-бағдарын айқындайтын әлемдік
деңгейдегі жиын. Саммит бекітілген кесте бойынша өткізілмейді, тек қажет
жағдайларда ғана өзара келісім нәтижесінде өткізіледі.Ендігі жерде сол
кездесулердің тарихына жеке-жеке тоқталып талдау жасап көрелік.
Хелсинки кездесуі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
алғашында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі деп аталған.
Оның алғашқы саммиті 1975 жылы 30-шілде мен 1-тамыз күндері Финляндияның
астанасы Хальсинки қаласында өтті. Бұл саммитке 35 елдің басшылары қатысты.
Саммит нәтижесінде “Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
кеңесінің Қорытынды Актісі” қабылданды. Саяси маңызға ие болған акті
“Хельсинки Актісі” деген атпен де белгілі. Аталған құжат ЕҚЫК-нің бағыт-
бағдарын, атқаруы тиіс шаруаларын бекітті [17].
Хельсинки Қорытынды актісі мәтінінің ағылшын, испан, итальян, неміс,
орыс және француз тілдерінде жасалған түпнұсқасы Финляндия Республикасының
үкіметіне сақтауға берілді. Басқа қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы
Финляндия Республикасының үкіметінен осы Қорытынды актінің куәландырылған
көшірмелерін алды. Аталған құжатта “Осы Қорытынды актінің мәтіні әрбір
қатысушы мемлекетте жарияланады, ол соны таратады және онымен мүмкін
болатын неғұрлым кең танысуды қамтамасыз етеді” деп баяндалғанымен, Кеңес
Одағы мұны орындай қоймады. Қорытынды актінің қазақ тіліндегі толық мәтіні
мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша жарық көрген “Әлемдік
саясаттану антологиясының” 10-томында, 2007 жылы жарық көрді.
Ұйымның құрылуының ресми датасы ретінде 1975 жылдың 1 тамызы саналады,
осы күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі шақырылған
болатын (ЕҚЫК). Осы күні Хельсинкиде жиналған 33 еуропалық мемлекеттердің,
Америка Құрама Штаттарының және Канаданың басшылары ЕҚЫК Қорытынды актісіне
қол қояды, бұл құжат мүше мелекеттердің өз азаматтарына және бір-біріне
деген қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын бекітеді. Осы тұрғыдан алғанда
Хельсинки актісі жалпы еуропалық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуындағы
маңызды қадам болды.
Хельсинки Кеңесіне қатысушы мемлекеттер өздерінің бейбітшілікке,
қауіпсіздік пен әділетке және достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту
үдерісіне адалдығын қуаттай отырып, әрқайсысының барлық басқа қатысушы
мемлекеттермен қатынастарында, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік
жүйелеріне, сондай-ақ олардың көлеміне, географиялық жағдайына,
экономикалық даму деңгейіне қарамастан, барлығының да бірінші дәрежелі
маңызы бар және өзара қатынастарда басшылыққа алатын негізгі он қағиданы
құрметтеп, қолдайтындықтарын және орындайтындықтарын мәлімдеді.
Бұл қағидалар: 1) егеменді теңдік, егемендікке тән құқықтарды
құрметтеу; 2) күш немесе күш қатерін қолданбау, қоқан-лоқы жасамау; 3)
шекаралардың мызғымастығы; 4) мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; 5)
дауларды бейбіт жолмен реттеу; 6) ішкі істерге араласпау; 7) адам құқықтары
мен негізгі бостандықтарды, оның ішінде ақыл-ой, ар-ождан, дін және наным
бостандықтарын құрметтеу; 8) халықтардың тең құқықтылығы мен өз тағдырын
өзі билеу құқығы; 9) мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; 10) халықаралық
құқық жөніндегі міндеттемелерін адал орындау болып танылды [28].
Хельсинкиде өткен ЕҚЫК келіссөздерде Албаниядан бөлек Еуропаның
барлық 35 елінің, Америка Құрама Штаттарының және Канаданың сыртқы істер
министрлері Көк кітапты бекітіп, Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақсатытық мәселесінде өздерінің өкілдерінің позициясын анықтайды.
Сонымен Хельсинки қорытынды актісін бекіткен 10 маңызды ұстанымдардың
әрқайсына жеке-жеке тоқталып кетсек.
1. Егеменді теңдік, егемендікке тән құқықтарды қадірлеу.
Қатысушы мемлекеттер егеменді теңдікті және бір-бірінің өзіндік
ерекшеліктерін, сондай-ақ егемендікке тән өздері қамтыған барлық құқықтарды
қадірлейтін болады, олардың қатарына атап айтқанда, әр мемлекеттің
заңгерлік теңдікке, аумақтық тұтастыққа, бостандық пен саяси тәуелсіздікке
қатысты құқықтары енеді. Олар сондай-ақ, бір-бірінің саяси, әлеуметтік,
экономикалық және мәдени жүйелерін еркін таңдау және дамыту құқықтарын, дәл
сол сияқты өз заңдары мен әкімшілік ережелерін орнату құқықтарын да
сыйлайды.
Декларацияның рухында өз қараулары бойынша бір-бірінің анықтау және
жүзеге асыру құқықтарын қадірлейді. Олар халықаралық құқыққа сәйкес бейбіт
жолмен және уағдаластық негізінде өз шекараларында өзгеріс болуы мүмкін деп
есептейді. Олардың, сондай-ақ, халықаралық ұйымдарға қатысты болуға не
ұатысты болмауға, одақтас келісім шарттардың қатысушысы болуы я болмауымен
бірге, екіжақты я көпжақты келісім шарттарға қатысуға немес қатыспауға
құқықтары бар: олар, сондай-ақ бейтарап болуға құқылы [12].
2. Күш қолданбау немесе күшпен қоқан-лоққы көрсетпеу.
Қатысушы мемлекеттер өзара, сондай-ақ өздерінің жалпы халықаралық
қарым-қатынастарында кез келген мемлекеттің аумақтық тұтастығына, немесе
саяси тәуелсіздігіне қарсы, Біріккен Ұлттар мен осы Декларацияның
мақсаттарына үйлеспейтін қандай да бір басқа түрдегі күш көрсетпеуден,
күшпен қоқан-лоққы жасаудан бас тартады. Күш көрсетуге жүгінуді немес оны
осы принциптерді бұзуды қолдануды негіздеу үшін ешқандай жөн-жосық
пайдаланыла алмайды.
3. Шекараның мызғымастығы.
Қатысушы мемлекеттер бір-бірінің бүкіл шекараларын ғана емес, сондай-
ақ Еуропадағы барлық мемлекеттердің шекараларын да мызғымас деп қарайды,
сондықтан олар қәзір де, келешекте де бұл шекараларға қол сұғушылықтан
сақтанады.
Олар, соған сәйкес, кез келген қатысушы мемлекет аумағының жартысын
немесе оны тұтастай басып алуға және заңсыз басып алуға бағытталған кез
келген талаптардан я әрекеттерден тартынады.
4. Мемлекеттің аумақтық тұтастығы.
Қатысушы мемлекеттер қатысушы мемлекеттердің әрқайсысының аумақтық
тқтастығын қадірлейтін болады. Осыған сәйкес олар Біріккен Ұлттар Ұйымы
Жарғысының мақсаттары мен қағидаларына үйлеспейтін, аумақтық тұтастыққа,
саяси тәуелсіздіккен немесе кез келген қатысушы мемлекеттің бірлігіне қарсы
және де, жекелегенде, күш қолдану немес күшпен қоқан-лоқы жасау сипатындағы
кез келген әрекеттерден тартынады.
5. Таластың бейбіт түрде реттелуі.
Қатысушы мемлекеттер өз арасындағы таластарды халықаралық
бейбітшілікке, қауіпсіздікке және әділеттілікке қауіп төндірмейтіндей
бейбіт құралдармен шешеді. Осы мақсаттар олар, өздері тараптар болып
табылуы мүмкін таластар туындағанға дейін келісілген кез келген реттеу
тәртіптерімен бірге, келіссөз, тергеу, бітістірушілік, татуластыру,
арбитраж, сот арқылы қарау немесе олардың жеке қалауы бойынша басқа бейбіт
құралдарды пайдаланады [12].
6. Ішкі іске қол сұқпаушылық.
Қатысушы-мемлекеттер басқа қатысушы мемлекеттің ішкі құзырына енетін
ішкі немесе сыртқы істеріне тікелей немесе жанама, жекелей немесе ұжымдық
түрдегі қол сұғушылықтан өзара қарым-қатынастарына қарамастан бой тартады.
Басқа қатысушы мемлекеттердің тәртібін зорлықпен құлатуға бағытталған
террористік әрекеттерге немесе бүлікшіл я басқа әрекеттерге тікелей немесе
жанама түрде жәрдем көрсетуден сақтанады.
7. Ой-пікір, ар-ождан, дін және сенім бостандықтарын қоса алғанда, адам
құқықтары мен негізгі бостандықтарын қадірлеу.
Қатысушы мемлекеттер барлығына бірдей ой-пікір, ар-ождан, дін және
сенім бостандықтарымен қоса, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне байланысты
айырмашылықтарға қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды
қадірлейтін болады.
Қатысушы мемлекетер адам құқықтары мен негізгі бостандықтары саласында
БҰҰ Жарғысы мен адам құқықтарының Жалпы декларациясының мақсаттары мен
ұстанымдарына сәйкес әрекет етеді. Олар, сондай-ақ, егер өздерімен
байланысы болса, адам құқықтары туралы Халықаралық Пактілермен қоса, осы
саладағы халықаралық декларациялар мен келісімдер қабылдағанындай өз
міндеттерін орындайды [12].
8. Теңқұқылық және халықтардың өз тағдырына иелік ету құқығы.
Қатысушы мемлекеттер БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен ұстанымдары және
халықаралық құқықтың, мұнда мемлекеттің аймақтық тұтастығына қатыстыларын
да қоса, тиісті нормаларына сәйкес үнемі әрекет ете отырып, теңқұқылықты
және халықтардың өз тағдырына иелік құықығын қадірлейді. Қатысушы
мемлекеттер өз араларындағы, сондай-ақ барлық мемлекеттер арасындағы достық
қарым-қатынастарды дамытуды қадірлеу ұстанымдарының және теңқұқылық пен
халықтардың өз тағдырына иелік ету құқығын тиімді жүзеге асырудың жалпы
маңыздылығын растайды; олар, сондай-ақ осы қағиданы бұзудың кез-келген
түрін жою маңызды екенін еске салады.
9. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық.
Қатысушы мемлекеттер өз ынтымақтастығын бір-бірімен, сондай-ақ барлық
мемлекеттермен барлық салаларда БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен ұстанымдарына
сәйкес дамытады. Өз ынтымақтастығын дамыта отырып, қатысушы мемлекеттер
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес аясында
анықталғандай, салаларға ерекше мән береді, мұнда олардың әрқайсысы
толықтай теңдік жағдайында өз үлестерін қосады.
Олар тең құқықты тараптар ретінде өз ынтымақтастықтарын дамыта отырып,
өзара түсіністік пен сенімге, өзара достық пен тату көршілік қарым-
қатынастарға, халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділеттілікке әрекет
етуге талпыныс жасайды. Олар, дәл осылай, өз ынтымақтастығын дамыта отырып,
халықтың әл-ауқатын арттыруға және оның ішінде, өзара танысудың кеңеюінен
туындайтын пайданы және өздерінің экономикалық, ғылыми, техникалық,
әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салалардағы ілгерлеушілігі мен
жетістіктерін пайдалана отырып, олардың армандарын жүзеге асыруға ықпал
етуге тырысады [12].
10. Халықаралық құқық бойынша міндеттемелердің адал орындалуы.
Қатысушы мемлекеттер халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін,
сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпылай танылған ұстанымдары мен
нормаларынан келіп шығатын міндеттемелермен бірге, халықаралық құқыққа
сәйкес шарттардан немесе олардың өздері қатысушылар болып табылатын басқа
келісімдерден туындайтын міндеттемелерді де адал орындайды.
Хельсинкиде қырғи қабақ соғыс тұсында қабылданған 10 ұстаным
ерекше маңызға ие болды, өйткені БҰҰ Жарғысындағы негізгі ережелерді жай
ғана қайталап, оны ары қарай дамытып ғана қойған жоқ, мүше елдердің Еуропа
құрлығында бейбіт өмір сүруін жеткілікті дәрежеде көрсетті.
Сонымен қатар, Қорытынды актіде мемлекетаралық қарым-қатынастың барлық
сферасын қамтитын ЕҚЫК жұмыс аймағы бекітілді. Олар хельсинкилік өлшем
деп аталады. Әскери-саяси өлшемге саяси қаупсіздік пен қарулануды бақылау
мәселелері, қақтығыстардың алдын алу мен шешу жатады. Экономикалық-
экологиялық өлшем экономика, ғылым, техника және қоршаған орта саласындағы
ынтымақтастық мәселелерін қамтиды. Адами өлшемге гуманитарлы және басқа да
салалардағы ынтымақтастық (ақпарат, мәдениет, білім), сондай-ақ адам құқығы
жатады.
Хельсинки үдерісі арқасында мүше мемлекеттерде өзара қатынастың
тұрақты көзі, іс-әрекеттер нормасының кодексі (мемлекетаралық және мемлекет
ішіндегі) және ытымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасы пайда болды.
Осының арқасында Хельсинкиде өткен кездесу Еуропадағы тұрақтылықтың
тұрақтануы мен бейбіт өзгерістердің орын алуына әсерін тигізді [12].
Жоғарыда айтқандарымыздың барлығы ЕҚЫК-ның Еуропадағы қауіпсіздіктің
және ынтымақтастықтың нығаюына және өткен ғасырдың 70-80 жылдары белең
алған идеология тұрғысынан бөлінушілікті жеңуде катализатор рөлін
ойнағандығын айқындай түседі. Сексенінші жылдардың аяғына таман Кеңес
Батыс пен Шығысқа ортақ жалпы құндылықтарды қалыптастыру негізіндегі
жалпыеуропалық ынтымақтастықтың универсалды механизміне айналады.
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер қаралатын
кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс атқарды, осы міндеттемелердің
орындалуы жайлы ақпараттар тыңдалып отырды.
Париж саммиті. Хельсинки Саммитінен кейін араға он бес жыл салып
барып, 1990 жылы 19-21-қараша күндері Францияның астанасы Париж қаласында
өтті. Париж Саммитіне 34 елдің басшылары қатысты. Бір мүше-мемлекеттің аз
болу себебі, Саммит қарсаңында ғана екі Германия біріккен болатын. Бұл бас
қосудағы айтулы оқиға “Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясы” атты құжаттың
қабылдануы болды. “Париж хартиясы” деген атпен де белгілі болған құжатта
КСРО мен АҚШ және олардың одақтастары арасындағы идеологиялық және саяси
текетіреске толы “ қырғи қабақ соғыс” аяқталғандығын білдірді. Одан басқа
мүше-елдердің Сыртқы Істер министрлерінің кеңесін құру, Әскери одақтар
төңірегінде маңызды шешімдер қабылданды [19]. Бір сөзбен айтқанда Париж
Хартиясы жаңа Еуропа үшін қырғи қабақ соғысқа нүкте қойып, ЕҚЫК-ның
келіссөздер мен диалогтар форумынан белсенді қызмет атқаратын құрылымға
айналуына бастама жасады. Жаңа Еуропаға арналған Хартияда Еуропадағы тарихи
өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу, қырғи қабақ соғысы аяқталғаннан
кейін туындайтын мәселелерді шешу міндеті қойылды. Осы мәселену шешу
мақсатында бірнеше мекемелер мен институттар құрылып, Кеңестің жұмысына
жүйелендірілді. Париж хартиясында Еуропаның бөлінуі мен келіспеушілігі
аяқталғандығы ерекше аталып өтіліп, сондықтан мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынас ынтымақтастық пен өзара сыйластыққа негізделеді [12].
Мемлекеттер басшылары 1975 жылы Хельсинки Қорытынды актісінде
бекітілген еуропалық қауіпсіздіктің 10 ұстанымын ұстанатындарын мақұлдап,
Еуропадағы қауіпсіздік жүесін құрудағы жаңа бағыттарды көрсетті. Мүше
мемлекеттер Еуропа Кеңесінің адам құқықтары мен демократия принциптеріне
және заңның ұстемділігіне, сондай-ақ мәдениет саласында ынтымақтастықтың
дамуына көмектесу ісіндегі маңызды үлесін мойындай отырып, саммит мүжелері
ЕҚЫК институциалау жайлы шешем қабылдайды. Бұл өзгерістер Хартияда көрініс
табады.
Соған байланысты саяси кеңестердің төмендегідей үш сатылы механизмі
құрылады.
1. кеңес отырыстары жүйелі түрде жылына кем дегенде бір рет
өткізілетін болады. Саммиттеррде басты аймақтық және глобалды мәселелер
қаратырылуы қажет, ЕҚЫК қызметінің басты бағыттары анықтауы қажет,
Кеңестің негізгі құжаттары қабылдануы қажет.
2. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі - ЕҚЫК шеңберіндегі саяси
консультацияларға арналған орталық форум. Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық жөніндегі кеңеске қатысты мәселелерді қарастыратын және
тиісті шешемдерді қабылдап, қатысушы мемлекеттердің мемлекет және үкімет
басшыларының кездесулерін дайындайтын және осы кездесулерде белгіленген
талаптар мен қабылданған шешімдерді орындайтын болады.
3. Аға лауазымды тұлғалар комитеті Кеңестің отырыстарын дайындайды,
оның шешімдерін орындайды, ағымдағы мәселелерге шолк өткізеді және ЕҚЫК-нің
алдағы жұмысы міселелерін, соның ішінде басқа да халықаралық форумдармен
қарым-қатынасын қарайды [19].
Сонымен қатар жанжалдар туындау қаупін азайту ісінде Кеңеске көмек
көрсететін Жанжалдардың алдын алу жөніндегі орталық (ЖАО), қатысушы
мемлекеттердегі сайлау туралы байланыстарға және ақпаратпен алмасуға
көмектесумен айналысатын Еркін сайлау бюросы құрылады.
Хартияда белгіленген Кеңестің құрылымы еуропалық қауіпсіздік
мәселесенді оперативті қимылдауға мүмкіндік туғызды, ал тұрақты жұмыс
істейтін органдар Еуропадағы болашақ қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға
негіз қалады.
Аталған құжатта ЕҚЫК қызметі үш сала өлшемде бейнеленген: қарулануды
бақылау, қауіпсіздік пен сенімді тұраұтандыру; экономика, ғылым және
техника, қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты дамыту; гуманитарлы
әжәне басқа салалардағы өзара көмек (қоғамдық байланыстар, ақпарат,
мәдениет, білім), адам құқығы және сайлауға бақылау жүргізу [12].
Сонымен бірге ЕҚЫК-ге қатысу елдердің мемлекет және үкімет басшылары
1990 жылы 19 қарашада жиырма екі елдің Еуропадағы қарапайым қарулы күштер
жөніндегі келісімді қолдады. Бұл құрылым Еуропадағы жаңа саяси-әскери күш
және қауіпсіздік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
ЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Қазақстанның ұлттық дипломатиясының қалыптасуы
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстанның сыртқы саясаты жайлы
Пәндер