Қола дәуірінің тарихнамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ
1.1 Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және Орталық Қазақстандағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.16
1.2 Беғазы.Дәндібай мәдениетінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.27
ІІ. СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ
2.1 Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі ... ... ... ... ... 28.32
2.2 Батыс Қазақстандағы қола дәуірі археологиялық зерттеулерде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.39
ІІІ. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ
3.1 Шығыс Қазақстандағы қола дәуірі туралы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40.47
3.2 Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48.51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52.53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.53.56

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘТНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

Орындаған __________________
Карикулова Б.Ч.
(қолы, айы-күні)

Ғылыми жетекшісі
т.ғ.д., профессор __________________
Төлебаев Т.Ә.
(қолы, айы-
күні)

Қорғауға жіберілді:
Археология және этнология
кафедрасының меңгерушісі
т.ғ.д., профессор __________________
Төлебаев Т.Ә.
(қолы, айы-
күні)

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

1.1 Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және Орталық
Қазақстандағы
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..8-16

1.2 Беғазы-Дәндібай мәдениетінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...16-27

ІІ. СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ
ТАРИХНАМАСЫ

2.1 Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі
... ... ... ... ... 28-32

2.2 Батыс Қазақстандағы қола дәуірі археологиялық
зерттеулерде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 32-39

ІІІ. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

3.1 Шығыс Қазақстандағы қола дәуірі туралы

зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 40-47

3.2 Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірінің зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..48-51

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..52-53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.53-56

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Ғасырлар бойы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп,
өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті
елдерінің қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан
тарихи оқиға болып отыр. Республикамыз тәуелсіздік алып, дүниежүзілік
қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке айналды. Қазақ халқының, Қазақстан
Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.
Республикада бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер тарих
ғылымының алдына көптеген күрделі мәселелерді қойды. Қазақ халқының төл
тарихының қайта жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты
мәселелердің бірі болып табылды.
XX ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді. Бірақ
тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен мойындала
қойған жоқ. Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу үшін және
өткенге сыни көзбен қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи ақпараттарды
берді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа
материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен
салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды
нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихи ұзақ - ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда
кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас,
қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір
ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа
қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта
ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың
еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген
немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз
замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды
айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-
ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан
жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне
айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде
ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал-саймандары
жайлы хабарлар ғана.
Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі - Кеңес үкіметінің кезінде ғалыми
жағынан жүйелі жолға қойылды. Арнайы ұйымдастырылған экспедициялар қола
дәуіріне тән ескерткіштерді ашып, Қазақстан аумағында тарихқа андронов және
беғазы - дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендегенін
дәлелдеп берді. Қол дәуіріндегі Қазақстан тарихын зерттеуде бұл
ескерткіштердің маңызы зор. Қола дәуірінің ескерткіштері I Қазақстанның
төрт бұрышынан да табылған. Мәселен Орталық Қазақстанды зерттеу үшін
үйымдастырылған Нұра экспедициясының көрнекті мүшелері П.С. Рыков, М.И.
Артамонов, М.П. Грязнов, К.Арзютов, И.В.Сыницин сияқты ғалымдар андронов
және беғазы-дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын тауып, зерттеп,
қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін қосты.
Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген
О.А.Кривцова-Гракова, Солтүстік Қазақстанды А.М. 0разбаев, Шығыс
Қазақстанды С.С.Черников, кейіннен оған А.Г. Максимова қосылған,
Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды В.С. Сорокин,
Жетісуды А.Н. Бернштам, К.А. Акишев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды
мәліметтер тапқан.
Осы жоғарыда көрсетілген зерттеушілердің еңбектерінде андронов мәдениеті
жөнінде көптеген ақпараттар беріледі. Бірақ бұл еңбектерде әр түрлі
көзқарастар айтылады. Бүгінгі таңда, Қазақстандағы қола дәуірін зерттеуге
байланысты жоғарғыдағы ғалымдардың еңбектерімен танысып, тарихнамалық
талдау жасап, ғылыми еңбектердің ұқымды тұстары мен кемшіліктерін
көрсетудің, мәселенің зерттелмеген тұстарын анықтаудың маңызы артып отыр.
Бұл ғалымдардың еңбектерімен көпшілік ғалым жақсы таныс. Қола
дәуіріндегі Қазақстан тарихын оқытуда бұл еңбектерді оқытушылар мен
студенттер кеңінен қолданады. Бірақ зертеушілердің еңбектеріне тарихнамалық
талдау жасалмаған. Міне, осы күрделі де өзекті мәселенің кейбір тұстарын
диплом жұмысымызға арқау етіп алып отырмыз.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеушілер қола дәуіріндегі Қазақстанның
тарихына қатысты ғылыми дәрежесі жоғары көптеген еңбектер жазып қалдырған.
Әсіресе Кеңес дәуірінде жазылып, жарық көрген еңбектер қола дәуірінің
тарихнамасын құрайды. Бірақ қазақстандық тарих ғылымында қола дәуірінің
тарихнамасы арнайы зерттеліп, жан-жақты талданбады.Сондықтан да бұл
мәселенің төңірегінде іргелі тарихнамалық еңбектер жарияланбады. Тек кейбір
ғалымдар ғана мәселенің белгілі бір тұстарына қысқаша шолулар жасап өтеді.
Мәселен, М.К.Қадырбаев пен Ж. Құрманқүлов өздерінің Культура
древних скотоводов и металлургов Сары Арки атты еңбектерінің кіріспе
бөлімінде зерттеушілер арасында әр түрлі пікір-сайыс тудырып отырған
андронов мәдениетін кезеңдеу мен хронологиясына байланысты көзқарастарға
тоқталып өтеді. Ал, 1969 жылы жарық көрген Қазақстан археологы К. Ақышевтың
басшылығымен жарық көрген Культура древних скотоводов и земледельцев
Казахстана атты жинақта біз қарастырып отырған мәселе бойынша отандық
зерттеушілердің тың тұжырамдары берілген. М.К.Қадырбаев пен Ж.
Құрманқүлов, М.П. Грязновтың, К.В.Сальниковтың, М.Н. Комарованың, Е.А.
Агееваның, А.Г. Максимованың, С.С.Черниковтың, Н.А. Аванесованың,
В.С.Стоколостың кезеңдеу мен хронологиясын жеке-жеке бөліп көрсетеді 1.
Сонымен қатар, А.Х.Марғүлан, К.А.Акишев, М.К.Қадырбаев,
А.М. Оразбаевтардың Древняя культура Центрального Казахстана атты ғылыми
жұмыстарының кіріспе бөлімінде де андронов мәдениетін кезеңдеу мен
хронологиялау мәселесіне және Орталық Қазақстан бойынша А.Н.Седельниковтың,
А.Ф.Сорокиннің, О.А.Кривцова-Гракованың, В.В.Радловтың пікірлеріне талдау
жасалынады 2.
Ә.Х.Марғүланның Бегазыдан-дандыбаевская культура Центрального
Казахстана атты монографиялық еңбегінің кіріспе бөлімінде, П.И.Рычковтың
3, Страленбергтің, И.П.Фальктың, Г.Ф.Миллердің, С.Б.Броневскийдің,
П.С. Рыковтың, М.П.Грязновтың Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан
жөнінде берген мәліметтеріне тоқталып өтеді 4.
Жұмыстың деректік негізі. Қола дәуіріне байланысты деректер негізінен I
Петрдің тұсынан бастап бүгінге күнге дейін жинақталып келеді. Олар қазба
жұмыстары барысында алынған жәдігерлер, археолог-зерттеушілердің жыл сайын
беретін есептері, мақалалары, ғылыми еңбектері ретінде жинақталды. Осыған
орай деректерді мынандай үш топқа бөліп сараптауға болады:
1) I Петрдің тұсынан Қазан теңкерісіне дейінгі еңбектер. Бұл уақыт
аралығында I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен
жинауға әмір берген жарлықтары, сондайақ оның бастамасы бойынша Сібірді
және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен
қолданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде құнды
деректер жинақталды. Осы уақытта географтар, геологтар, Іаяхатшылар көненің
көздеріне назар аударып, оларды сипаттап, жазып отырған, сөйтіп қола
дәуірінің ескерткіштері туралы деректердің қорын молайта берген. Бүл
уақыттағы деректердің тобын көбіне заттай деректер құраған. Қола дәуірінің
қорғандары қазына іздеушілердің үмтылыс жасағандығынан тоналып, құнды
жәдігерлердің көбі жоғалып кеткен. Бүл уақытта табылған заттар тек
С.Б.Броневский, А.И.Бахирева, Дарто арқылы ғана белгілі болған. Дегенмен
араға уақыт салып заттай деректердің қатары толығып отырған. Қола дәуірі
мәдениетінің заттай деректерін А.И.Шренк жинаған. А.И.Шренктың
коллекцияларының көбі қола бұйымдары мен заттары. Материалдар КСРО ҒА-ның
антропология және этнология мұражайында сақтаулы 4, 18б. Қола дәуірінің
ескерткіштері жөнінде офицер саяхатшылар Волошанин, Н.Рычков, И.Андреев,
Безносиков қолжазбаларында жазылған. Заттай деректердің қатарын өлкетанушы-
ғалымдар да толтырған. Олардың қатарында Н.М.Ядринцев, Г.Н.Потанин,
СН.Гуляев, В.В.Радлов, Н.Я.Коншин болды.Бірақ олардың ішінде В.В.Радловтан
басқалары толыққанды археологиялық қазба жұмыстарын жасамаған 2.17б. Қола
дәуірін алғашқылардың бірі болып зерттеген В.И.Каменский Өскеменнің
солтүстік-батысының Қызылсу өзеніндегі Қойшыбай қыстауы маңынан Кіші Қойтас
обасына және Көкпектінің солтүстігінен 30 шақырым жердегі Қараөзек және
Қаражал шатқалдарындағы андроновтық қоршауларға зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, нәтижесінде, қызыл сазды нағыз керамика сынықтарын беретін бай
қабірлер, геометриялық фигуралар түріндегі бірнеше ыдыстар табылған.
Сонымен қатар қола сырғалар, жүзіктер, қола қанжарлар, алқаларды қолға
түсірген. В.И.Каменскийдің қазба жұмыстары нәтижесінде алынған
материалдарды С.А.Теплоухов, М.П.Грязнов, С.С.Черников жариялаған 4.42б.
Ю.В.Аргентов Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің
дөңгелек қоршауларын зерттеген. Қазба жұмыстары өте айқын заттай
деректерді берген.
2) 1917 жылдан 1991 жылға дейін жазылған ғылыми еңбектер. 1917 жылғы
революциядан кейін археологиялық зерттеулер мемлекеттік негізде жүргізілді.
1919 жылы Материалдық мәдениет тарихы академиясы, ал 1920 жылы Мұражайлар
және өнер, табиғат, көне ескерткіштерді қорғау істері жөніндегі Түркістан
комитеті құрылды. Аталған мекемелер ұйымдастырған экспедициялар қола
дәурінің ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде құнды
деректер жинақталды. Қазақстан бойынша ұйымдастырылған экспедициялардың
есептері жыл сайын ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысында жарияланып,
ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан. Қола дәуіріне қатысты
деректердің көпшілігі тарихи шындықты оъективті түрде көрсете алатындығы
дау тудыра қоймас. Себебі оларды археологиялық зерттеу жұмыстары барысында
ғалымдар өз көздерімен көріп, жүйелеп, ғылыми айналымға енгізген.
1933 жылы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін үйымдастырылған Нұра
экспедициясының көрнекті мүшелері П.С.Рыков5, М.П. Грязновтың 6
еңбектерінде Орталық Қазақстанның қарасуық кезеңінің және энеолиттен бастап
кейінгі орта ғасырға дейінгі кезеңінің ескерткіштері, сонымен қатар
Қарағандының оңтүстік-батысынан 60 шақырым жердегі Шерубай-Нұра өзенінің
аңғарынан табылған дәндібай ескерткіштері жөінде құнды мәліметтер бер. А.М.
Оразбаевтың еңбегінде Орталық Қазақстанның қола дәуірінің екі ірі обалары -
Елшібек пен Беласар туралы деректер кездеседі. Сондай - ақ Ә.Марғүлан,
К.А.Акишев, М.К. Қадырбаев, АМ.Оразбаев еңбектерінде Орталық Қазақстанға
жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсетілген. Бүл еңбек
екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім- қола дәуірінің ескерткіштеріне
арналған. Бөлімде андронов мәдениеті мен беғазы мәдениетінің обалары мен
қоныстарына сипаттамалары беріліп, кезеңдеу жасалынады. Сонымен қатар
жергілікті тайпалардың шаруашылығы, тұрмысы, діни наным-сенімдері
баяндалады. Қазақстанның қола дәуіріне қатысты мәліметтерді М.К.Қадырбаев
пен Ж. Құрманқүловтың 1 еңбектерінен кездестіреміз. Олар археологиялық
қазба жұмыстары барысыңда алынған материалдар бойынша тұрғын жайлардың
классификациясына, шаруашылық құрылыстарына баса көңіл аударған. Орталық
Қазақстандағы қола дәуіріне байланысты құнды дерек - Ә.Х.Марғүланның 3
монографиялық еңбегі.
Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның Шығыс бөлігінен де орын алған.
Шығыс Қазақстанның қола дәуірі А.Г.Максимованың 7,
С.С. Черниковтың 191 еңбектерінде көрініс тапқан 8. Олар қазба
жұмыстарында қолға түсірілген материалдар негізінде қола дәуірінің
ескерткіштерін кезедестіреді.
Ал Қазақстанның Солтүстігі мен Батыс бөлігіндегі қола дәуір жөніндегі
құнды мәліметтерді М.А. Оразбаевтың 9, Б.Г.Здановичтың 10,
В.С.Сорокиннің \11\, Г.А.Максимованың 12 еңбектерінен аламыз.
3) деректердің бұл тобын 1991 жылдан бері жинақталған зерттеулер
қамтиды. Ж.Құрманқүлов, А.Ермолаева, А.З.Бейсенов, В.В.Евдокимов,
О.Жауымбаев секілді археолог-зерттеушілердің жүмыстарының нәтижесінде құнды
деректердің үлкен шоғыры жинақталды. Олардың еңбектерін жаңа тарихи
жағдайда пайда болғандықтан плюралистік катеорияларға негізделген
зерттеулер деп қарастыруға болады. Бұл кезде Кеңестік идеологиядан бас
тартып, ұлттық түрғыда жазылған еңбектер орын алып келеді. Отандық
археология тарихнамасы тың мағұлматтармен толығуда.
Жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында
жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын,
тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола
дәуірінің ттарихнамалық зерттелу деңгейін анықтау. Осы мақсаттан туындайтын
міндеттер төмендегідей:
- Орталық Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық экспедициялар мен
ондағы зерттеу жұмыстарына баға беру;
- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелу деңгейіне тоқталу:
- Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуін қарастыру;
- Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық тұрғыдан зерттелу
деңгейі қарастыру;
- Шығыс және Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірінің зерттелуін
айқындау болып отыр.
Жұмыстың методологиялық негізі. Бітіру жұмысын жазу барысында ғылыми
еңбектерді тарихилық, аймақтық, ғылыми принциптер негізінде оқып-үйрену,
талдау басшылыққа алынды. Бұл кезең Кеңес Одағында тар таптық партиялық
принцип тұрғысынан баяндалып келгендігін айта кеткен жөн. Міне, осы
тұрғыдан алып қарағанда зерттеу методологиясы жүйелі, объективтілік, тарихи-
салыстырмалық тәрізді ғылыми таным қағидаларына негізделген. Сондай-ақ,
кейінгі уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер
мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер
басшылыққа алынды.
Тақырыпты жазу барысында, осы мәселе төңірегінде жазылған ғалымдардың
еңбектеріндегі ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға, көзқарастарға сүйендік.
Жұмысты жазу барысында - баяндау, жүйелеу, бағалау, қорытындылау,
салыстырмалы тарихи, хронологиялық әдістері қолданылды.
Жұмыстың мерзімдік шегі. Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері Жұмыстың
XIX ғасырдан бастап осы кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын үш тараудан
(әр тарау екі тараушадан), қорытынды бөлімнен, пайдаланған деректер мен
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

1. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және Орталық
Қазақстандағы зерттеулер
Қола дәуіріне қатысты ұытаулық ескерткіштердің ішінен анағұрлым
қызықтысы Айбас-Дарасы кешені. Бүл ескерткішті 1946 жылы Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы ашқан. Айбас-Дарасыдан үйіндісіз үш қошау және
бір қорған қоршауымен зерттелген. Автордың сөзіне қарағанда олардың барлығы
тоналып, көбісі қираған. Зерттеуші үш қоршауға және бірнеше ыдыстарға
сипаттама жасаған. Айбас-Дарасы тобына жүргізілген қазба жұмысы бірінші
топтағы керамика мен алтын заттарын берген. Ә.Х.Марғүлан өз уақытында Айбас-
Дарасыны Беғазы ескерткішінің батыс шекарасы деп көрсеткен 13.-216б.
Автордың баяндауынша зергерлік өнердің
қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар-білезік
(Айбас дарасы қонысы), сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы). Алтын
кен қоладан жасалынған құралдардың, әшекей бүйымдардың көп табылуы
Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын
өндірудің қарқынды түрде дамығандығын көрсетеді дейді.
Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған.
Сонымен қатар Орталық Қазақстанның қола дәуірінің
жарқын ескерткіштерінің бірі керамика. Ә.Х.Марғүланның айтуынша жазба
деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін
бірден-бір дерек көзі болып саналған. Сәулет құрылыстары сияқты қола
дәуірі әр кезеңнің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу
тәсілімен ерекшеленген. Ғылыми еңбекте сөз болып отырғандай беғазы-дәндібай
кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен
өрнектері негізінен бірдей болған. Құмыралар тік мойынды,шар тәрізді сәл
қайрылған ернеулі,т орша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келген. Бұл
белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және
соңғы кезең керамикаларында басым кездескен. Олар өзіндік
қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналған 13.-389б.
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде зерттеушілер қола дәуіріндегі
Қазақстан тарихына қатысты ғылыми дәрежесі жоғары көптеген еқбектер жазып
қалдырғанмен, оларға тарихнамалық талдаулардың жасалмағандығы мәселенің
методологиясын ашуда қиындықтар туғызып отыр. Дегенмен зерттеушілер қола
дәуірін кезеңдеуге байланысты методологиялық принциптерді қалыптастыруда
біршама еңбектенген.
Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштеріне К.В.Сальниковтың үлгісі
бойынша кезеңдеу жасалып, федоров, алакөл және дәндібай кезеңі деп бөлінді.
Соңғысы қарастырылып отырған территорияға байланысты өзгеше болып келеді.
Алдымен, Ә.Марғұлан, К.Ақышев, М.Қадырбаев, А.Оразбаевтардың бірлесе
отырып жазған Древняя культура Центрального Казахстана атты монографиялық
еңбектеріне тоқталсақ. Бұл еңбек 1966 жылы жарық көрген. Монография 8
тараудан түрады. Материалдардың сипатына байланысты екі бөлімге бөлінген.
Бірінші бөлімі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның малшы тайпалары
тарихыпың теориялық жобасына арналған. Бүл жерде жабайы жануарлардың қолға
үйретілуі, мал шаруашылығының пайда болуы, мал шаруашылығының яйлажды типі
және оның біртіндеп көшпенділікке өту мәселелері қарастырылған. Екінші
бөлімде ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның көшпенді тайпаларының
даму тарихы баяндалады. қарастырылып отырған еңбектің екінші бөлімінің
тақырыпқа қатысы оқ болғандықтан, бірінші бөліміне ғана тоқталамыз.
Еңбектің бірінші бөлімін, нақтырақ айтқанда алғы сөзін, кіріспесін
және II, III тарауларын - Ә.Х Марғүлан, IV тарауды - Ә.Х. Марғүлан мен
А.М Оразбаев, I, II,Ү тарауларды - К.А Ақышев, II тарауды -
А.М Оразбаев, М.К Қадырбаев жазған.
Ғылыми еңбектің кіріспе бөлімі Орталық Қазақстанның археологиялық
зерттеу тарихына арналған. Автор алдымен аймақтың географиялық жағдайына
тоқтала отырып, ежелгі адамдардың осы аймаққа қоныстануының себептерін
былай көрсетеді: Благоприятные природные условия Сары-Арки-обширные
пастбища, прохладный климат горных долин, наличие хорошей воды и руд-
явились основными причинами поселения здесь древнего человека 2.-9б.
Сондай-ақ Орталық Қазақстанды маңызды металлургия орталығы ретінде ерекше
атап өтеді.
Ә.Х.Марғүлан Орталық Қазақстанның бай әрі алуан
түрлі ескерткіштері жөнінде мәліметтер Х-ХҮІ ғасырлардағы араб, иран және
ортаазия ғалымдарының (Ибн-Фадлан, әл-Бируни, әл-Идриси, Мұхаммед-
Хайдар).еңбектерінде орын алғандығын айта келе, белгілі ортаазия ғалымы әл-
Бирунидің мынандай сөздерін дәлел ретінде алады: что в стране кимаков есть
чудесный источник пресной воды; там-следы ноги, рук с пальцами и колен
человека; следы ребенка и копыт осла 2.9. Қазақстанның тарихи
топографиясын зерттеуде әл-Идрисидің, Махмуд Қашқаридің, сондай-ақ
итальян карталарына, олардың қатарында 1367 жылы құрастырылған
Франциско мен Доминико Пициганидің Үлкен карталары, 1375 жылғы
әлемнің Каталон картасы және 1459 жылғы Фра-Мауро карталарына
тоқталады 2.-10б.
Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінің ішінен Жаңғыру
I тобы да үлкен қызығушылық тудырады. Бұл ескерткіш 1955 жылы ашылған.
Кешен Атасу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан.Саңғыру I ескерткішіне
Ә.Х.Марғұланның біз басшылыққа алып отырған еңбегінде көңіл бөлінген. Оның
айтуынша Саңғыру I қабірі тоналған деп бір ғана қоршауға адам қолы тимеген
екен. Соған қарамастан қабірлердегі құнды материалдар аман қалған.
Ә.Х.Марғүлан еңбегінің II тарауында кейінгі қоладан ерте темірге өту
кезеңінің Былқылдақ І, Кент ескерткіштеріне де сипаттама берілген 13.153-
156бб. Монографияның III тарауы Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің
қоныстары деп аталады. Бұл тарауда Атасу I, Бұғылы 1,11, Ақкезен, Шортанды-
Бүлақ, Байбала, Тағыбай-Бүлақ, Қарқаралы тобы, Жезқазған тобы қамтылған.
IV тарауға шаруашылық пен ирригация жөнінде мәлімет енген. Тараудан
байқауымызша қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалар отырықшы болған.
Жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық,
теселі егіншілік, металлургия және ұсақ үй кәсіпшілігі басым, сансалалы
кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп көшпелі
малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.
Қола дәуірі қоныстары Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Жарлы
т.б.өзендері мен олардың салаларының бойына жиі салынған. Кейде өзендерден
алыс, суы аз Солтүстік Балқашта, Бетпақдаланың солтүстігінде, Жезқазған
өңірінде де кездеседі. Бұл жерлерде суды құдықтардан, қолдан жасаған су
қоймаларынан алған.
Тұрғын үй құрылысы, рулық ұйым принципі мен ұжымдық шаруашылық негізіне
сәйкес салынған. Патриархалдық бірнеше отбасы ошағы ортақ бір үйде тұрған.
Шаруашылыққа арналған құрылыстар да тұрғын жаймен бірге түрғызылды. Үй
жанынан салынған тамбурларда немесе үй ішінде металл балқытып, оны өңдейтін
және керамика жасау шеберханалары да болған 13.-387б.
Мал өсіру, кен өндіру мен металл балқыту сияқты шаруашылықтың каңа
түрлері қоғамдық өмірде ерлерді жетекші орынға шығарған.
Материалдық байлық өндірісі мен қоғамдық саладағы ерлер беделінің басым
болуы, патриархалдық-үлкендерге құрмет көрсету, тайпа көсемдерін пір тұту
дәсүрін туғызды. Осының негізінде атабабаға табыну салты қалыптасқан. Ру-
тайпа көсемдеріне арнап ғажайып бейіт қүрылыстары салынып, биік обалар
тұрғызылған.
Орталық Қазақстан тайпаларының діни наным-сенімдері туралы монографияның
V тарауында баяндалады. Тараудан көрініс тауып отырғандай діни нанымның
алғашқы түрі күн мен айға, жүлдыздарға табыну болған. Орталық Қазақстандағы
қола дәуірінің зираттарында отқа сиыну белгілері сақталған. Күн мен ай,
жүлдыз бейнелері Желтау, Батпақсу қоныстарынан, құрбандық шалған жердегі от
орындары, мәйітті қояр Іалдындағы көр ішін отпен аластау белгілері Беғазы
I, Бүғылы III, Саңғыру I, Айбас дарасы қоныстарынан табылған. Зерттеушінің
көрсетуінше ертедегі мегалиттік ескерткіштердің біріне менгирлер жатқан.
Ерте заманда менгирлердің жанында діни салт-жоралғылар өткізілген, ас
беріліп, құрбандық шалынған және тәңірге табыну орны белгіленген. Менгирлер
басында ертедегі малшылар көктемгі мал төлдетуге, күйек алуға т.б. арналған
салттарын, егіншілер егін егу, астық жинау сияқты салт-жоралғыларын жасаған
13.-389б.
Монографияның VI тарауында қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан
тайпаларының өнері туралы әңгімеленеді. Ғылыми еңбектен байқауымызша
Орталық Қазақстан тайпаларының басты кәсібінің бірі металл
өңдеу болғанын мүнан табылған қола заттар айқын аңғартады. Олар: құрал-
сайман, қару-жарақ, әшекей бұйымдары. Қола қайла, сүймен, шот, балта сияқты
құрал-саймандар, көне металлургтер қоныстарын (Атасу, Шортандыбұлақ,
Қарқаралы І,ІІ,Степняк, Бестөбе т.б.) қазғанда табылды. Қоладан жасалған
жебе үштары мен сүңгі де үшырасып отырады. Бұл заттар тұрмыстық
қажеттілігімен қатар өнер туындысы ретінде де құнды. Оларды жасаушы ұсталар
заттың әсем болуына да назар аударған.
Әшекей бүйымдарын жасауда металл еңдеу өнері жоғары дәрежеге жетті.
Әшекей бұйымдар сыртқы пішінінің әдемілігі мен өңдеуінің тиянақтылығы,
мүсіндік бейнелілігімен ерекшеленеді. Әдеттегі пуансон, бұдырлау,
гофрировка т.б.тәсілдерімен көптеген әшекей бүйымдар түрлері дайындалған.
Көне зергерлер қола моншақтар мен екі басын құрама бүршақпен әшекейлеген
білезіктерді асқан шеберлікпен жасаған.
Орталық Қазақстандағы алуан түрлі ескерткіштер қола дәуірін кезеңдеуді
нақтылауға мүмкіндік берген. Ә.Х.Марғүланның ойынша Ортау 1, Ақсу-Аюлы 2,
Бесоба, Қарашоқы, Беласар 2 және т.б,керамикалық сипаты жағынан, қола
бүйымдары, әсіресе қабір қүрылысының типі, дөңгелек қошаулы қорғандардың
алакөл уақытына қатысы жоқ. Олар - кейінгі андроновтан беғазы-дәндібай
уақытына өту кезеңінің өнімі 13.-114б. С.С.Черников оларды сарыкөл
қорғанының олжалары дәлелі ретінде алакөл кезеңіне жатқызды 8.-98-99бб.
Монографияны талдау барысында, Орталық Қазақстанның ескерткіштерін кең
ауқымды, әрі жоспарлы түрде зерттеу ¥лы Қазан төңкерісінен кейін ғана
мүмкін бола бастағандығына тағы да бір рет көз жеткізе отырып, маркстік-
лениндік идеялардың жоғары бағаланғандығын байқаймыз. Мәселен, еңбектің
кіріспе бөлімінде: кеңестік уақытта ғылым маркстік-лениндік философиялық
идеялармен байытыла отырып,қарқынды дамыды. Археология Отанымыздың ежелгі
тарихын тануға көмегін тигізе бастады. Әсіресе, қолжазбасыз кезеңді
зерттеуде, адамзат қоғамының даму тарихында үлкен теориялық мағынаға ие
болды деп көрсетілген.
Ғылыми еңбектің кіріспе бөліміне тоқтала отырып мынандай мәселелерге
көз жеткіздік:
- Қазақстандағы археологиялық жұмыстардың Сібір археологиялық
жұмыстарымен қатар жүрген.
- П-ші мың жылдықтың алғашқы жартысында қоныс қалдықтары,қабір
ескерткіштері түрінде сақталған мәдениет пайда болып,дамыған.
- Орталық Қазақстанда ежелгі мәдениеттің кең етек жаюы өлкенің
табиғи байлықтарына байланысты болған.
Монографияның І-ші тарауын Ә.Х.Марғулан мен К.Ақышев бірлесе отырып
жазған. Бұл тарау қола дәуірі мәдениетін кезеңдеуге арналған. Зерттеушілер
бөлімді қола дәуіріндегі алғашқы ескерткішті ашқан А.Тугариновтен бастайды.
Қос автор өз уақыттарына дейінгі жарты ғасыр ішінде қола дәуіріндегі
тайпалар мәдениетінің жиі-жиі зерттеліп отырғандығын айтады. Тарауды
қарастыра отырып, археолог-зерттеушілердің жоспарлы әрі жүйелі түрде жұмыс
жүргізуі нәтижесінде қола дәуірінің ғылымға белгісіз ескерткіштерінің
ашылғандығын байқаймыз. Олардың қатарында қоныстар, обалар, руда өңдеу
орындары бар.
Қола дәуіріндегі тайпалардың материалдық мәдениетінің тарихы үлкен
галыми мәнге ие болғандықтан бүл аймақты зерттеумен айналысатын
археологтардың саны әр уақытта артып отырған 45.535-536.
Сол уақытта археологиялық картаға бүл кезеңнің жүздеген обалары, бірнеше
ондаған қоныстары, металл балқыту мен кен өндіру орындары енгізілген. Автор
жүргізілген зерттеу жүмыстары нәтижесінде алынған мәліметтердің ғылыми
мақалаларда,археологиялық есептерде, еңбектерде жарияланғандығын айта
отырып, С.С.Черниковтың еңбегіне сілтеме жасайды. Зерттеу жүмыстарының
нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектер мен мақалаларда мәдениеттің тарихы
ғана қарастырылып қоймайды, сондай-ақ зерттелген ескерткіштерді топтау,
мерзімдеу мәселелері де қамтылған.
Біз басшылыққа алып отырған еңбекте де осы мәселелер қарастырылған.
Монография авторларының бүл мәселеге жеке тарау арнауы кездейсоқтық емес.
Өйткені археологиялық материал даму кезеңдері бойынша нақты хронологиялық
жағынан топтастырылғанда ғана тарихи дерек болып табылады. Осыдан кейін
ғана археологиялық мәдениет-мәдениетті жасаушы тайпалардың тарихи дамуы
кезеңі ретінде айқындалады.
Автор: қола дәуірі мәдениетін зерттеудің бірінші жетістігі - оның
андрон және қарасуық болып бөлінуі болды дейді.
Қола дәуірінің ескерткіштерін топтастыруда С.А.Теплоухов бірінші болып
бастаған болатын. Сондықтан Ә.Х.Марғүлан мен К.Ақышев қола дәуірінің
мәдениетін кезеңдеу мәселесін С.А.Теплоуховтың топтауынан бастайды.
С.А.Теплоухов 1923 жылы Минусинск шұңқырынан ерекше мәдениетті бөліп,
андрон мәдениеті деген терминді енгізген. Ә.Х.Марғүлан мен К.Ақышев
С.А.Теплоуховтың бұл мәдениетіне сипаттама бере отырып, афанасьев және
қарасуық мәдениеті арасындағы орынды анықтағандығын баяндайды 2.-59б.
Зерттеушілер екі онжылдық бойы қола дәуірін андрон және қарасуық
мәдениетіне бөліп келген. Кейіннен жаңа материалдар негізінде жаңа
кезеңдеулер ұсыныла бастады.
Қос автор С.А.Теплоуховтың кезеңдеуінен кейін К.В. Сальниковтың,
ОА. Кривцова-Граковтың, А.М. Оразбаевтың, М.П. Грязновтың, М.Н.
Комарованың, В.С. Сорокиннің, С.С.Черниковтың, А.Г. Максимованың
кезеңдеулерін көрсеткен. Қола дәуірінің ескерткіштерін топтау мен кезеңдеу
зерттеушілер арасында үлкен дау тудырып отырғандықтан бұл мәселеге
кейінірек кеңірек тоқталамыз.
К.Ақышев Орталық Қазақстанның андрон мәдениетін нұра және атасу
кезеңі, ал кейінгі қола мәдениетін Беғазы-Дәндібай деп бөледі. Сондай-ақ,
қосымша мәліметтердің жиналуы негізінде андрон мәдениетінің атасудан
кейінгі қолаға өту кезеңі болуы әбден мүмкін екендігін де көрсетеді.
Орталық Қазақстанның андрон мәдениетінің нүра және атасу кезеңі жалпы
белгілері көне мәдениеті жағынан Оралдың арғы жағындағы федоров және алакөл
кезеңіне сәйкес келген. Осы арада, автор нұра уақытын федоров уақытынан
керлеу рәсімдерінің ерекшеліктері арқылы ажыратқандығын айта өткендігіміз
абзал. Оны мына бір жерден байқаймыз: ...что в погребениях іуринского
времени, в отличие от федоровских,преобладает неполное групосожжение.
Наряду с мелкими обломками калцинированных костей в шх встречаются
фрагменты или целые кости, не тронутые огнем. Врядли әто іарные
захоронения,когда обычно один из трупов сжигали, а другой югребали без
сожжения 2.-63б.
К.Ақышев экспедиция зерттеген ескерткіштердің басым бөлігін атасулық
болып табылатын андрон мәдениетінің дамыған кезеңіне топтастырады. Сондай-
ақ, осы кезеңге толық сипаттама бере отырып былай дейді: Орталық
Қазақстанның атасу кезеңіндегі тайпалардың мәдениеті генетикалық жағынан
нұра мәдениетімен байланысты және оның тарихи жалғасы болып табылады. Ол
адам өміріне әлеуметтік өзгерістер әкелген қоғамдағы өндіргіш күштердің
дамуына,діни түсініктер мен тұрмысқа өзгерістер енгізген кезең болды 14.
-91-159бб.
Біз басшылыққа алып отырған монографиялық еңбектің І-ші тарауына тоқтала
келе мынандай байламдар жасаймыз: қола дәуіріндегі ескерткіштерді
кезеңдеуге байланысты Ә.Х.Марғүлан мен К.Ақышевтің жоғарыда тоқталып өткен
зерттеушілері ескерткіштерді топтастыруда еш өзгеріс жасай алмаған. Олар
тек қана жаңа материалдарды енгізіп, оларды нақтылай түсумен ғана
шектелген. Алайда авторлар 1953 жылдан бастап өзгерістер бола бастағандығын
баяндай отырап, өздерінің жасаған кезеңдеулерін алдыға тартады.
Археологиялық қазба жүмыстары барысында жинақталған жаңа материалдар қоғам
дамуының әлеуметтік-әкономикалық және тарихи-мәдени мәселелерін анықтауға
ғана емес, сондай-ақ ескерткіштердің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіңдік
берген. Ескерткіштердің өзгешеліктерін ескере отырып автор зерттеліп
отырған аймақтың андрон мәдениетін екі кезеңге иеді. Оны мына арадан
байқаймыз: Мы считаем необходимым с учетом пецифики памятников разделитъ
андроновскую культуру изучаемого егиона на два этапа: нуринский и
атасуский ... 2.-61б.
Қарастырып отырған еңбектің I бөлімінің II тарауы
Орталық Қазақстанның андрон ескерткіштері деп аталады. Бұл тарауды
К.Ақышев Ә.Х.Марғұлан бірлесе отырып жазған. Тарауда андрон мәдениетінің
ескерткіштері төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай екі
кезеңге топтастыры лған:
1. Нұра кезеңі. Ақшатау, Бұғылы I, Байбала I, Қосағыл, Қанаттас,
Ботақара.
2.Атасу кезеңі: Айшырақ, Саңғыру II, Былқылдақ I, II, Шерубай-Нұра,
Қарасай, Темір-Астау, Қарабие, Ақсу-Аюлы І, Беғазы, Елшібек, Беласар, Егіз
Қойтас,Жанайдар, Алтынсу.
Қос автор аталған кешендер мен ескерткіштер тобының ашылған жылына,
қүрылысына, орналасқан орнына тоқталып, жалпылама сипаттама береді 15.-164-
199бб.
Сондай-ақ Орталық Қазақстанның қола дәуірінің алуан
түрлі ескерткіштерінің ішінен андрон тайпаларының діни
дәстүрлерімен байланысты қабір қүрылыстарына Ә.Х.Марғүлан ерекше тоқталып
өткен. Автор бірнеше қабір қоршауларына сипаттама берген. Мәселен, Боқсай,
'Талды, Қарасу, Қалмақ Қырған, Жарлы секілді қабір қоршаулары. Бұл арадан
біз қабір қоршауларының Нұра, Қарасу, Жарлы, Боқсай сияқты өзендердің
аңғарларынан табылғандығына көз жеткіземіз.
¥зақ жылдар бойы Орталық Қазақстан территориясында қола дәуірінің
қоныстары жоқ деп есептелген болатын. Алайда 1955-56 жылдары
Ә.Х.Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстан археологиялық
әкспедициясының мүқият жүргізген зерттеулері бұл мәселе бойынша
қалыптасқан пікірді өзгертті. Орталық Қазақстанның әр түрлі аудандарынан
30 шақты қоныс тіркелген 16.-6б. Тараудың авторлары Атасу мен Нұра
өзендерінің аңғарларында және тау шатқалдарында орналасқан анағұрлым кең
әрі қызықты баспаналарды атап көрсетеді. Бұл тарауда қоныстарға
жүргізілген зерттеу жүмыстарына баса назар аударылған. 30-шы жылдары
Қазақстанда алғаш рет қазылған Алексеев жұмысын ерекше көрсетілген. Бұл
қонысты О.А.Кривцова-Гракова қазған болатын. О.А.Кривцова-Гракованың
зерттеу жұмысының қорытындылары монографиялық еңбегінде жарияланған
17. Бұл кездейсоқ ашылу келушілерді қола дәуірінің
ескерткіштері тараған аудандарда қоныстарда деген байламға келтірді. Мұның
дәлелі ретінде 1948 жылы О.А.Кривцова-Гракова ашқан Садчиков қонысын
көрсетеді 2.-203б. Бұл екі қоныс Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа
қарай Тобылдың жоғарғы аңғарында орналасқан. Сонымен қатар, 1947-1956
жылдары С.С.Черников пен А.Г.Максимованың Шығыс Қазақстандағы қоныстар
тобына, 1959-1961 жылдары В.С.Сорокиннің Тасты-Бұтақ қонысына, 1961 жылы
А.М.Оразбаевтың Көкшетау облысындағы Шағалалы қонысына, ИБ.Синицынның
Батыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстарына жүргізген зерттеу жұмыстары
жөнінде сөз болады. Тараудан көріп отырғанымыздай 1955-56 жылдары
Ә.Х.Марғүлан Атасу, Бұғылы I және II қоныстарына зерттеу жұмыстарын
жүргізген. Ал 1961-62 жылдары А.М.Оразбаев Ә.Х.Марғүланмен бірлесе отырып
¥лытау,Суық-Бұлақ және Қарқаралы II қоныстарын зерттеген болатын. 1963
жылы А.М.Оразбаев Бұғылы II қонысын зерттеуді әрі қарай жалғастырды 2.-
204б.
Осы арадан қола дәуіріндегі қоныстардың Қазақстан территориясының барлық
бөлігінен ашылып, зерттелгендігін байқаймыз. Біз қарастырып отырған
тараудың авторлары осы фактіге сүйене отырып мынандай тұжырымдар жасайды:
Этот факт говорит о том,что андроновская культура в своей основе-культура
северных степей;она зародилась именно в этом районе и развилась на основе
пастушеского скотоводства и разработки медный руды. На этой обширной
территории жили, вероятно, родственные племена, связанны единством обычаев,
хозяйственных и культурных привычек, быта и религиозного обряда. Авторлар
жасаған тұжырыммен келісуге болады. Себебі, О.А.Кривцова-Гракованың,
И.В.Синицынның зерттеген қабір орындары Орталық Қазақстанда да кездескен
2.-205б.
Бұл тарауда баспана қүрылысы мен қоныстардың сипатына жеке тақырыпша
арналған. Тақырыпшада жертөлелер мен жартылай жертөлелердің құрылысына
тоқталып, Атасу, Бұғылы II, Ұлытау, Суық-Бұлақ қоныстарына сипаттама
береді. Автор Орталық Қазақстандағы андрон Тайпаларының жоғарғы қүрылыс
мәдениетімен ерекшелеп көрсетеді. Жоғарыда аталған қоныстарға
берген сипаттамаларынан андрон тайпаларының өз арттарына
тас архитектурасының орасан күрделі ескерткіштерін қалдырғандығын
көреміз. Сондай-ақ, шаруашылық, қоғамдық құрылыс, отбасы-неке қарым-
қатынасының дамуы, наным-сенімдер қарастырылады. Жекелеген
параграфтар балқыту және құйма әдістері арқылы руда өндіру, тас және сүйек
құралдары, қару-жарақ және әшекей бұйымдарға арналған. Әсіресе саз
балшықтан жасалған ыдыстардың пішіндерінің өзгеруіне, ою-өрнектердің
эволюциясына, керамикалық бұйымдарды күйдіру мен даярлау техникасына баса
назар аударылған.
Тарау авторларының көрсетуінше, қола дәуірінің ерте кезеңінде
малшылардың шаруашылығы екі бағытта дамыған, үй маңайындағы мал шаруашылығы
және кетпенді түріндегі жабайы егін шаруашылығы. Кейінгі кезеңнің 1-ші
жартысы (б.э.д Х-УІІІ ғғ.) отырықшылықты сақтай отырып аралас мал
шаруашылығына, ал соңы-көшпенді мал шаруашылығына өтумен сипатталады.
Бұл кезеңде қоғамда патриархальды-рулық қарым-қатынас үстемдік етіп
отырған болатын, бірақ үлкен патриархальды отбасы бөлініп, кейіннен-ішкі
дербес отбасылар, руға қарсы отбасы қауымы пайда бола бастады. Отбасы-неке
қарым-қатынасында қос неке басым, сонымен қатар бір уақытта дербес
меншіктің пайда болуына, кейіннен жеке меншікпен мұрагерлік институттардың
тууы мен дамуына әкеп тіреген бір некелік тез дамыған.
Қоныстар мен обаларды зерттеу андрон (б.э.д 2 мын.ж) және беғазы-
дәндібай (б.э.д І мын.ж) мәдениеті деген екі тарихи-мәдени
кезеңдердің хронологиялық шеңберінен шықпайды. Ескерткіштерге жүргізілген
ғылыми талдаулар олардың мәдениеті және уақыты жағынан Обь
маңындағы, Оңтүстік Сібірдегі және Оралдың арғы жағындағы андрон
мәдениетінің федоров және алакөл кезеңдеріне жақьш екендігін көрсетіп отыр.
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің мәдениеттеріндегі ұқсас белгілер,
көрші территориялардағы мәдениеттерден өзіндік ерекшелігімен сипатталады.
Ескерткіштердің сыртқы түрі, ыдыстардың пішіндері мен өрнектері, жерлеу
ғұрпы оларды дербес мәдениеттерге бөледі.
Жалпы алғанда Орталық Қазақстан андрон тайпаларының қалыптасуы мен
дамуының бірден-бір негізгі ауданы болып табылады. Осы уақыттағы көптеген
әр түрлі ескерткіштердің тобы, жергілікті территориялармен салыстырмалы
түрде олардың сыртқы пішіні, қүрылыс техникасы, материалдық мәдениеттің
өндіріс заттарының деңгейіне қарап, андрон классикалық мәдениеті деп атауға
болатын жоғарғы мәдениет жөнінде айтылғандығын байқаймыз.
Орталық Қазақстан тайпаларының жоғары дамыған мәдениеті жақын маңайдағы
аудандардағы мәдениеттердің дамуына өз әсерін тигізді.
Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кен кәсібі мен
металлургия дамыған ірі аймаққа, андронов мәдениетінің негізгі
орталықтырының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және брармен
бірге бақша егіншілігі арқасында орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі
адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды.
Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңыраи
ауданындағы Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабас қорымдары, Шерубай -
Нұра алқабындағы Басбалдақ, Ақсу - Аюлы - I қорымдары, Бетпақдалаңың
солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және басқалар.
1933 жылы Орталық Қазақстанға ірі археологиялық зерттеу жұмысын
Материалдық мәдениет тарихы академиясының Нұра экспедициясы жүргізді.
Экспедицияның құрамында белгілі археологтар, А.И.Артамонов, МП.Грязнов,
Н.Арзютов, И.В.Синицын, М.Н.Комарова, А.Н.Рогачев және экспедицияның
жетекшісі П.С.Рыков болды.
Қазақстандағы қола дәуірін зерттеуге өлкетанушы Л.Ф.Семенов өз үлесін
қосты. Ол 1927 жылдан бастап Орталық Қазақстандағы археологиялық
ескерткіштерді тіркеуден өткізумен айналысты. Соғысқа дейін ол осы
аудандардағы белгілі ескерткіштердің барлығын тіркеуден өткізіп, кейіннен
ертедегі қола дәуірін зерттеумен айналысты. 30-жылдары бірқатар ірі
экспедициялардың зерттеулері республиканың көптеген аудандарын қамтыды.
Археологияны тарих ғылымының дербес бөліміне біржола айналдыру ісі
жүргізілді.

1.2 Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі
Әлемге Беғазы-Дәндібай мәдениеті деген атпен танылған қола дәуірі
бүгінгі Қазақ елінің Іб.з.д.1-3 мыңжылдықтағы тарихын қамтиды. Қола
дәуірінің соңғы да ең жоғары даму сатысына жататын Беғазы кешені Ақтоғай
ауданындағы Беғазы тауының етегінде 10 гектарға жуық жерді алып жатыр.
Көне заманның жойқын белгілері Беғазы тауының бір тармағында
сақталғандықтан Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталған. Бұл мәдениетке тән
бір қасиет, ол, бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші
жағынан, онда жаңа әлементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік
өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда
болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан
жатқызып қою да кездеседі. Бұл мәдениетті ашып, кең тұрғыдан
насихаттауға ең алдымен Әлкей Марғұлан зор еңбек сіңірді.
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне қатысты Ә.Х.Марғұланның Бегазы-
дандыбаевская культура Центального Казахстана атты еңбегінің алатын орны
ерекше. Бұл еңбек 1979 жылы жарық көрген. Ғылыми еңбек алғысөзден, кіріспе
бөлімнен, 6 тараудан тұрады. Кіріспе бөлімде Орталық Қазақстанның
археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстары туралы
баяндалады. Ғылыми еңбектің I тарауы орта кезеңнен кейінгі қола дәуіріне
өту кезеңіне арналған. Бүл тарауда автор Орталық Қазақстандағы қола
мәдениетінің кейінгі кезеңін зерттеуге қатысты маңызды
мәселелерді көтереді. Қазба жұмысының нәтижесінде жинақталған жаңа
материалдар Орталық Қазақстан территориясында орта қола мәдениетінің
жоғарғы дамуатысында өтпелі типтегі жаңа ескерткіштер белгілі бола
бастағандығын көрсетеді. Олар андронов мәдениетінің дәстүрлі
ескерткіштерінен пішіні және көлемі жағынан ерекшеленеді. Сондай-ақ
оларда ертеандроновтық үігілерде жақсы сақталған. Олар қорған-
қоршаулар түріндегі қабір зылыстары мен гранит плиталардан тұрғызылған
қабырғалар (Қызыл-Арай, тасар, Қазанғап). Беласар сияқты ірі плита
қоршаулары кейінгі беғазы құрлысының прототипі болып табылған. Олар
андронов қоршауларынан үш еселенген, екі еселенген размерлерімен
өзгешеленеді. Автордың көрсетуінше осы кезеңге түбі терең шар тәріздес
ыдыстар тән 3. -25б.
Қола дәуірінің өтпелі кезең мәдениетіне Орталық Қазақстанның әр жерінен
ескерткіштер тобы енген. Олардың ең ірілері әрі бай дегендері Ақсу-Аюлы II,
Балақұлболды II, III, IV, Беласар II, Байбала II, 0ртау III, IV, Егізек I,
II және т.б 18.-18-32бб. Өтпелі кезеңнің қорған-қоршаулары Орталық
Қазақстан территориясының барлығына тараған. Тарауда Ә.Х.Марғұлан аталған
ескерткіштерге қысқаша сипаттама берген. Автор сипаттама берген
ескерткіштердің ішінен Беғазы кешеніне кеңірек тоқталамыз. Беғазы кешеніне
қола дәуірінің барлық кезеңдерінің (Атасу, беғазы-дәндібай) сскерткіштері
кірген. Ә.Х. Марғұланның Беғазы ескерткішіне берген сипаттамасынан өтпелі
кезеңге тән екі нәрсені байқауымызға болады. Біріншіден, ескерткіш
құрылысында андрондық дәстүрдің сақталуы, екіншіден, беғазы-дәндібай
керамикасында жетекші рел атқарған лентамен өрнектелген оюлары бар шар
тәріздес ыдыстардың пайда болуы.
Қола мәдениеті дамуының жоғарғы сатысында пайда болған қорған-
қоршаулардың әлеуметтік мағынасы жөнінде С.В.Киселев мынандай пікірде
болған: Они несомненно ,по своему значению аналогичны погребениям
представителей племенной знати конца срубной культуры, вроде раскопанного
П.С.Рыковым десятиметрового кургана в урочище Три брата близ г.Степного.
Они предвосхищают пышные погребения племенной знати I скифской архаики.
19. С102.
Қарастырып отырған тараудан Ә.Х.Марғүланның С.В.Киселевтің осы пікірімен
келіскендігіне көз жеткіземіз. Ол қола мәдениеті дамуының
жоғарғы сатысында пайда болған қорған-қоршаулардың
әлеуметтік мағынасы жөнінде С.В.Киселев дәл айтқан деп көрсеткен болатын .
С.В.Киселев салыстырмалы талдау нәтижесінде қорған-қоршауларда андронов
мәдениетінің белгісі байқалмағандығын айтқан. Оның көрсетуінше бұл Орталық
Қазақстанға ғана тән кейінгі андроннан беғазы-дәндібай уақытына өтетін
ескерткіштердің ерекше типі. Олардың алакөл кезеңіне қатысы жоқ. Сондай-
ақ зерттеуші алакөл кезеңінің уақыт межесі көп күмән тудыратындығын да
ескертеді. К.В.Сальников алакөл кезеңін б.э.д ХІ-ІХ ғғ, ал С.С.Черников
б.э.д XII-VIII ғасырлар деп көрсетеді. Ал мұндай жағдайда қарасуық пен
беғазы-дәндібай мәдениетіне уақыт шкаласынан орын қалмайды. Сондықтан автор
мұндай кезеңдеудің Орталық Қазақстанның қола дәуірі мәдениетінің уақыт
топтамасына сәйкес келмейді деп есептеген 3. С 57.
Орталық Қазақстанда әр тарихи кезең артында сан алуан ескерткіштер
қашанда терең із қалдырған. Ә.Х.Марғүлан олардың бір-бірінен айырмашылығы
бар, шатастырып алу мүмкін емес дей отырып өз тарапынан шандай кезеңдеу
ұсынады:
1. энеолит (б.э.д ІУ -ІІІ мыңжылдық);
2. ерте қола (б.э.д III мыңжылдықтың аяғы-ІІ мыңжылдықтың басы)
3. орта қола (б.э.д ХҮШ-ХІУ ғғ)
4. орта қоладан кейінгі қолаға өту кезеңі (б.э.д ХІІІ-ХІ ғғ)
5. кейінгі қола, беғазы-дәндібай кезеңі (б.э.д Х-УІІІ ғғ)
Біз қарастырып отырған Беғазы - Дәндібай мәдениеті мәселесі басшылыққа
алып отырған еңбектің II тарауында көрініс тапқан. Бұл тарауда Орталық
Қазақстанның әр уақыттағы ескерткіштерінің ішінен қола мәдениеті дамуының
шарықтау кезеңіне тән ескерткіштер кешені ерекше айқындалады. Автор өз
уақытында ұзақ жылдар бойы бұл ескерткіштер белгісіз болғандығын, оларды
тек соңғы 30 жылда ғана Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы ашып,
зерттегендігін айтқан. Ғылымға бұл Беғазы - Дәндібай мәдениеті деген атпен
енген болатын.
Автордың көрсетуінше Орталық Қазақстандағы қола мәдениетініңсоңғы
кезеңіндегі ескерткіштердің бұл тобы Оңтүстік Сібірдің қарасуық мәдениетіне
және жергілікті ертесақ мәдениетіне сәйкес келген. Зерттеуші Беғазы -
Дәндібай мәдениетін Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің аңды және
дамыған түрі екендігін ескерткен 3.61.
Алайда мәдениеттің шығу тегі жөнінде біржақты пікір болмаған. Бұл
мәселе деректік қордың аздығымен, Қазақстанның қола мәдениеті жөнінде
фундаментальды материалдардың жоқтығымен түсіндірілген. Мысалы, қола
мәдениетінің аяққы кезеңі болып табылған қарасуық типі Қазақстанда
болмаған, ал аймақтағы басты андронов мәдениеті ерте сақ кезеңіне өткен
деп есептелген. Дәндібай ескерткіші сол уақытта Орталық Қазақстанға тән
бірегей ескерткіш болған. Ол ескерткіштен тек қана қарасуық мәдениетінің
батыс шекарасын және батыстық нұсқасын қарастырады .
Қазақстан территориясында андронов мәдениеті мен ерте сақ мәдениетінің
арасындағы өтпелі кезең болмаған деген пікірді қолдаған С.С.Черников
болған. Тараудан байқап отырғанымыздай автор андронмен ешқандай сәйкестігі
жоқ кейінгі қола дәуірінің дәндібайлық классикалық ескерткішін ол андрон
мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызған деп көрсетеді. С.С.Черниковтың пікірі
мынандай болған: Андроновская культура, когда-то самобытная и сильная,
изживает себя, переходя в культуру раннйх скотоводчевников 20. -69б.
С.С.Черниковтың бұл пікірімен Ә.Х.Марғүлан келіспей өз тарапынан
археологиялық ескерткіштерге дифференциалданбаған тұрғыдан қарау даму
заңдылықтарын дұрыс түсінуге және б.э.д ІІ-І мыңжылдықтардағы Қазақстанның
ежелгі қоныстанушыларының мәдениетіндегі өзгешеліктерге кедергі жасайды
деген тұжырым жасаған.
Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі бай материалдарды зерттеу, жаңа
ұрпақтың өздерінің ата-бабаларының салт-дәстүрін сақтай отырып, жаңа
мәдениет түрін жасағандығын керсетеді. Бұны әсіресе құрылыстық мәдениет
ескерткіштерінен керамика және бір-біріне ұқсамайтын, әр кезеңде ерекше
типологиялық топты қүрайтын қола бұйымдарынан көреміз. Дегенмен Ә.Х.
Марғүлан тарихи дамудағы әр түрлі сатылардың ерекшеліктерін біртұтасқа
біріктіру дұрыс емес деп тапқан. Сонымен қатар С.С.Черниковтың кейінгі қола
дәуірін кезеңдеуі мен аймаққа бөлудегі жасаған байламын әділетті деп
санамаған. Автор бүл зерттеуші жапсырмалы білікті керамиканы ерте андрон
уақытына апарып көнелендірмек болған дейді 3. 62б.
Жапсырмалы білікті керамиканың кейінгі қола кезеңіне тән екендігін М.П.
Грязнов дәлелдеген. Ә.Х. Марғүлан М.П. Грязновтың көзқарасының әділдігін
Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстарындағы (Суық-Бұлақ, Шортанды-
Бұлақ) материалдардың кептігі, жапсырмалы білікті керамиканың алдыңғы
қатарларда тұруы дәлелдейді деп көрсеткен. Сондай-ақ керамиканың бүл типі
нұра кезеңінің кешендерінен кездеспеген.
Ә.Х. Марғүлан біз басшылыққа алып отырған ғылыми еңбегінде беғазы
-дәндібай уақытындағы бір топ ескерткіштердің ашылуы олардың туыс
мәдениеттермен, әсіресе Оңтүстік Сібірдегі қарасуық мәдениетінің арасындағы
қарым-қатынас женінде мәселені алға қоятындығын баяндай келе қарасуық
мәдениетінің шығуы туралы бір қатар шетелдік зерттеушілердің пікірлеріне
тоқталған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы туралы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Сасанидтер дәуірінің кодификациясы
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Пәндер