Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері



Кіріспе

І.бөлім. Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері

ІІ.бөлім. ҚР.ның халық санының динамикасын талдау
Кіріспе

Әр елдің басты байлығы біреу – оның халқы. Кез-келген елдің халқының саны мен жағдайы оның экономикалық деңгейіне, мемлекеттік қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздік тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Қазақстандағы күшті демографиялық саясат қазіргі күні алға тартарлық ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарын беріп отыр.
Қазақстанда халық саны соңғы 10 жылда белгілі саяси және әлеуметтік-экономикалық себептермен үлкен өзгерістерге ұшырады.
1999 жылдан бастап елден сыртқа көшу тоқтай бастады, 2004 жылы алғаш рет соңғы онжылдықта көші-қонның оң сальдосына қол жеткіздік.
Алайда демографиялық саясат теориясы мен тәжірибесінде, әсіресе аймақтық бөлігінде, шешілмеген проблемалар әліде көп.
Демографиялық саясатының тиімді шараларын дайындау мен жүзеге асыруда дамографиялық процестерді басқаруды зерттеудің іргесін кеңейту қажет.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасындағы халық саны мен орналасу динамикасын статистикалық талдау болғандықтан, халқымыздың сонау тарихи кезеңнен бастап санының, соныңішіне қазақ халқының санындағы өзгерістердің осы күнге дейінгі жағдайы, Алтайдан Атырауға созылған кең даласында орналасуы қарастырылады.
Қазіргі кезде еліміз нарықтық экономикаға өту жағдайында, халық әл-ауқатының, өмір сүру деңгейінің соңғы 6 жылда (1999-2004) жақсара бастады, шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты туу мен көші-қон процестерінің жиілеуі халқымыздың санындағы айырмашылықтарға өз үлесін тигізуде.
Осы дипломды жұмыста Қазақстан Республикасындағы халық санына және республика территориясы бойынша орналасуына тоқталамыз. Яғни халық санағының соңғы 1995 жылғы мәліметтерін және 2005 жылдардағы халықтың

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

І-бөлім. Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері

ІІ-бөлім. ҚР-ның халық санының динамикасын талдау

Кіріспе

Әр елдің басты байлығы біреу – оның халқы. Кез-келген елдің халқының
саны мен жағдайы оның экономикалық деңгейіне, мемлекеттік қорғаныс
қабілеттілігі мен қауіпсіздік тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Қазақстандағы күшті демографиялық саясат қазіргі күні алға тартарлық
ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарын беріп отыр.
Қазақстанда халық саны соңғы 10 жылда белгілі саяси және әлеуметтік-
экономикалық себептермен үлкен өзгерістерге ұшырады.
1999 жылдан бастап елден сыртқа көшу тоқтай бастады, 2004 жылы алғаш
рет соңғы онжылдықта көші-қонның оң сальдосына қол жеткіздік.
Алайда демографиялық саясат теориясы мен тәжірибесінде, әсіресе
аймақтық бөлігінде, шешілмеген проблемалар әліде көп.
Демографиялық саясатының тиімді шараларын дайындау мен жүзеге асыруда
дамографиялық процестерді басқаруды зерттеудің іргесін кеңейту қажет.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасындағы халық саны
мен орналасу динамикасын статистикалық талдау болғандықтан, халқымыздың
сонау тарихи кезеңнен бастап санының, соныңішіне қазақ халқының санындағы
өзгерістердің осы күнге дейінгі жағдайы, Алтайдан Атырауға созылған кең
даласында орналасуы қарастырылады.
Қазіргі кезде еліміз нарықтық экономикаға өту жағдайында, халық әл-
ауқатының, өмір сүру деңгейінің соңғы 6 жылда (1999-2004) жақсара бастады,
шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты жаңа жұмыс орындарының
ашылуына байланысты туу мен көші-қон процестерінің жиілеуі халқымыздың
санындағы айырмашылықтарға өз үлесін тигізуде.
Осы дипломды жұмыста Қазақстан Республикасындағы халық санына және
республика территориясы бойынша орналасуына тоқталамыз. Яғни халық
санағының соңғы 1995 жылғы мәліметтерін және 2005 жылдардағы халықтың саны
туралы деректерді пайдалана отырып, халық санының динамикасын талдаймыз.
І-бөлімде Қазақстан Республикасының ел болып құрылғанынан бастап халық
саны мен территориясындаға өзгерістерге толығымен тоқталамыз, яғни
еліміздегі халықтың ұлттық құрамы, жынысы бойынша құрамы және де жасы
бойынша құрамына толығымен тоқталады.
Яғни дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан
Республикасындағы халық саны болып табылады. Ал дипломдық жұмыстың
мақсатын еліміздегі халық санының өсу немесе кему тенденциясын анықтау,
халықтың құрамындағы өзгешеліктерді айқындау, белгілі бір заңдылықты
анықтау.

І-бөлім. Халықтың санының орналасу және динамикалық көрсеткіштері

1.1. Халықтың саны мен құрамы жалпы түсінік және оны талдау үшін
көрсеткіштің жүйесі

Жер әлеміндегі халықтың саны 6196 257 388 адаға жетті, БҰҰ-ның
демографтарының болжамы бойынша 2050 жылы 9322 млн адамға жетпек.
Қазір Қазақстанда 15074,8 мың адам бар. Еліміз территориясы бойынша
дүние жүзінде 9-ыншы орында тұр.

Демографиялық көрсеткіштерге қысқаша әдіснамалық түсініктемелер
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы мәліметтер Қазақстанның атқарушы
органдарынан түскен ресми материалдарға негізделген.
Аумақ мөлшері – мемлекеттің тұтастай және оның өңірлерінің аумақ
көлемін сипататйтын статистикалық көрсеткіш, шаршы километрмен өлшенеді.
Аумақ мөлшері Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігінің деректері бойынша келтірген. Халықтың тығыздық көрсеткіші
халық санының аумақ көлеміне қатынасымен есептелген.
Халық саны – санақ кезінде анықталады. Санақ аралығындағы кезеңде
санақ деректеріне және халық қозғалысының ағымдағы есебіне сүйене отырып,
халықтың саны мен жас-жыныс құрамы туралы деректерді есептеу арқылы алады.
Жыл басына ағымдағы бағалау – халық санағының соңғы қорытындысы
негізінде есептеліп, оған сол аумақта туғандары мен келгендерінің саны жыл
сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендері мен кеткендерінің саны
шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағасы кезекті санақ
қорытындысы негізінде нақтыланады.
Халық жалпы санының есебі тұтастай Қазақстан және оның жекелеген
әкімшілік-аумақтық бірлігі (қалалық мекендер, қалалық аудандар, әкімшілік
аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеуде олардың жекелеген аумақтарындағы
шекаралардың өзгеруі нәтижесінде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру
нәтижесінде қалалық және ауылдық мекендердегі халық санының өзгеруі
нәтижесінде халық санының көбеюі немесе кемуі ескеріледі.
Халық бұл демографияда адамдар жиынтығы және де ол ұрпақ ауысуы арқылы
қайтадан жаңарып қозғалыс үстінде болады.
Экономикалық демографиялық көрсеткіштерді есептеу үшін халықтың орташа
жылдық саны жайында мәлімет қажет. Ал халықты есепке алу мезетімен
байланысты. Халықтың орташа жылдық саны қолда бар мәліметтерге байланысты
төмендегідей есептелінеді.
Егерде халық саны мерзімінің басы мен аяғына берілсе, жай
арифметикалық орташа шамамен есептелінеді:
Ŝ
Егер де халық саны жайындағы мәліметтер мезетке берілсе, ол уақыт
аралықтары бір-біріне тең болса, мезеттік хронологиялық орташа мен
есептелінеді, және оның формуласы төмендегідей:

Ŝ
Егерде халық саны жайлы мәліметтер мезетке берілсе, ал уақыт аралығы
бір-біріне тең болмаса, орташа шаманың арифметикалық салмақталған түрі
қолданылады:
Ŝ
деңгейлердегі халықтың орташа саны,
t-деңгейлер арасындағы уақыт аралықтары халықтың орналасу
көрсеткіштерінің бірі, ол халықтың тығыздық көрсеткіші. Халықтың саны
ойкумена территориясына бөлініп есептеледі. Халықтың тығыздығы қазіргі
уақытта 6 адамға жуық.
Сонымен бірге халықтың орналасуы дүниежүзі бойынша, ел территориясы
бойынша (республика), аймақтар (облыстар) бойынша, және қала мен ауыл болып
бөлінеді.
Қазақ халқына – қалалық мекендерде тұратын адамдар жатады. Қалалық
мекендерге заң актілерімен қала (республикалық, облыстық және аудандық
маңызы бар) және кент ретінде бекітілген елді мекендер жатады.
Ауыл халқына – ауылдық мекендерде тұратын адамдар жатады. Қалалық
болып сыныпталмаған елді мекендер ауылдық болып саналады.
Халықтың табиғи өсімі – белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен өлгендер
санының арасындағы айырмашылығына тең. Табиғи өсім оң шамада болуы мүмкін,
егер туғандар саны өлгендер санынан асып түссе, немесе кері жағдайда –
теріс (табиғи азаю).
Халықтың көші-көн өсімі – белгілі бір кезеңде осы аймаққа келгендер
саны мен сыртқа кеткендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Көші-қон
оң шамада (егер келгендер саны кеткендер санынан көп болса), немесе теріс
болуы мүмкін (егер келгендер саны кеткендер санынан аз болса). Соңғы
жағдайда көші-қон жылыстауы орын алады.
Халықтың жалпы өсімі табиғи өсім мен көші-қон өсімінің алгебралық
жиынтығы болып саналады.
Қала және ауыл халқының жалпы өсімі табиғи өсімінің, көші-қон өсімінің
және елді мекендер санаттарының өзгеруі нәтижесінде (заң актілерімен
ауылдық елді мекендердің қалалық немесе қалалықтың ауылдық боп қайта
құрылуынан) халық санының қалаға (ауылға) ауысының алгебралық жиынтығына
тең. Жалпы табиғи және көші-қон өсімдері теріс болуы мүмкін.
Халықтың жылдық орташа саны тиісті жылдың басындағы және соңындағы
сандардың арифметикалық ортасы ретінде есептеледі.
Халықтың құрамы жасы, жыныс, ұлты және отбасының жағдайы бойынша
бөлінеді.
Халықтың жыныс – жас құрамын есептеу әрбір күнтізбелік жыл басталғанда
жалпы халық санын есептеу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Жасы мен жынысы бойынша халық құрылымының көрсеткіштері халықтық
маңызды сипаттамасы болып саналады. Көрнектірек болу үшін олар жас-жыныс
пирамидасы түрінде ұсынылады. Жас-жыныс пирамидасының тік осі бойынша
графикалық кескіндеу кезінде жалпы халық санындағы олардың үлесін, жасын
немесе туғанжылын, көлденеңнен - әрбір жастағы адамдар санын:осьтің сол
жағына – еркектерді, оң жағына - әйелдерді қалдырады.
Халықтың жынысы бойынша құрамына келесідей факторлар әсер етеді:
біріншіден демографиялық факторлар, екіншіден, әлеуметтік –экономикалық
факторлар.
Демографиялық факторлар дегеніміз, ол балалардың туылуындағы
заңдылық, яғни әр жаңадан туылған 105 қызға 106 ұл баладан келеді. Бірақта
бір жасқа дейінгі уақыта ұл балалардың өлімі жиірек болады. Себебі
кездейсоқ жағдайларға көп ұшыраудан. Ал жоғары жастағы әйелдердің өсім
деңгейіне қарағанда ерлердікі жоғары болады, сондықтан халықтың санындағы
жыныстық үлесі өзгеріс үстінде болады.
Біздің Қазақстанда әйелдердің үлесі 1926 жылы 26% болса, 1959 жылы 53%
болды, 2000 жылы 52%, ол 2004 жылы 51,9%-ды құрап отыр.
Халықтың жасы бойынша құрамына келер болсақ, статистикада халықтың
жасы бойынша құрамына келер болсақ, статистикада халықтың жасы бойынша
құрамы келесі бағыттарда зерттеледі:
0-4
5-9
10-14
0-14
15-19
20-24
25-29
.
.
65+
Яғни жастардың топ аралығы 5-ке тең.
Демографияда келесідей топтар кездеседі: репродуктивті жас -әйелдердің
бала көтеруге мүмкіндігі бар жас (15-49 жас аралықтары) және де бұл шартты
шегі болып табылады.
Халықтың жастық тобын зерттегенде Швед демографы Зундберттің (ХХғ)
шкаласы өте маңызды болып есепетелінеді. Зундбеттің ойынша 15-49 жас
аралығындағылар, ол ата-аналар, 14-ке дейінгілер – балалар, 50-ден асқандар
ата-әжелер және де ата-аналардың үлесі әрдайым 50%, ал балалар мен ата-
әжелердің үлестерінің өзгеруіне байланысты халықтың жасы бойынша әртүрлі
типтері орын алады.
Қазіргі кездегі заманның бір көрінісі ол, жалпы халықтың қартаюы,
регрессивті тип қартаюға кірген.
Қытайлықтар мына шкала бойынша халықтың жасын ажыратады:
20-жасқа дейінгі жас-жастық шақ.
30-дейінгі жас-некелесу жасы;
40-жасқа дейінгі жас – қоғамдық міндеттерді атқару жасы.
50-жасқа дейінгі жас- өз қажеттіліктерін түсіну жасы;
60-қа дейінгі жас-өмірдегі оңға творчествалық кезең;
70-ке дейінгі жас-қалаулы жас;
70-тен жоғары жас кәрілік.
Халықтың жасын қарастырғанда жастың аккумуляция ұғымы жиі кездеседі.
Адамдардан толған жасы жайында сұрақ қойғанда кейбір жаста бұрмалаушылықтар
орын алады. Ол және 5-ке біткен жастарда жиі кездеседі.
Жастық аккумуляция дегеніміз, 0мен 5-ке бітетін жастардың үлесі
жанындағы жастарға қарағанда жоғарылау болды. Жастық аккумуляцияның әсерін
жою үшін график әдістері, жылжымалы орташа, аналитикалық тегістеу әдістері
қолданылады және көптеген индекстер қолданылады. Сонымен жастық-жыныстық
құрамы қалыптасады.
Халықтың жынысы мен жасын біруақытта талдау үшін демографиялық
статистикада жастық-жыныстық пирамида қолданады. Жастық –жыныстық пирамида
дегеніміз, ерекше графикалық құрылым. Оны құру үшін график алаң екіге
бөлінеді: біржағына ерлер, екінші жағы әйелдер үлесі құрылады. Қазақстан
үшін жастық жыныстық пиармида ІІІ бөлімде келтіріледі.
Туылғаннан бастап жүзге дейін орналасуына байланысты жоғарылаған сайын
адамдардың саны жойылады. Сондықтан бұл құрылым пирамида деп аталады.
Пирамидадағы әр төртбұрыш осы жас тобындағы адамдардың санына сәйкес
болады.
Жастық –жыныстық пирамидаға әсер етіп 3 фактор кездеседі.
1) бастапқы туу деңгейі;
2) өлім деңгейі;
3) миграция;
Демографиялық статистикада халықтың жоғарыдағы және төменнен қартаюы
деген түсінік бар. Ол пирамиданың келесі түрлеріне байланысты. Егерде
пирамиданың табаны жіңішке болса, ол төменнен қартаю болып табылады,
пирамиданың жоғары жағы жалпақ болса, онда жоғарыдан болып табылады.
Қартаю деңгейін анықтау үшін келесідей коэфициенттер қолданылады.

Кқ=
Мұнда Кқ – қартаю коэфициенті,
S65+ - 65 жастан асқан халық саны
S – барлық халық саны.
Қартаю коэфициентін БҰҰ қолданады. Біздің елімізде бұл коэфициент келесідей
есепетелінеді.

Кқ=
Себебі бізде өмір ұзақтығы өте төмен. БҰҰ 3 сатылы шкала да жалпы
қартаю деңгейін анықтау үшін қолданады. Ол шкала бойынша егерде 65 жастан
асқандардың үлесі 4%-дан төмен болса, ол жас халық деп аталады. Ал егерде
65-жастан асқандар саны 4-7%-дан төмен болса, ол қартаю табалдырығындағы
халық болып саналады, 7%-дан жоғары болса, қартайған халық деп
есептелінеді.
Халықтың отбасылық жағдайы бойынша құрамына келер болсақ, статистикада
отбасы деп бір үйде тұратын туысқандық қатынасы бар және ортақ бюджеті
болатын тұлғаларды айтады. Демографияда отбасылары көлемі, некелік жағдайы
және құрылымы бойынша топталады.
Отбасының орташа көлемі бірге тұратын отбасы санын адамдардың санына
бөлу арқылы есептелінеді.
Некелік жағдайы бойынша отбасылар толық және емес болып бөлінеді.
Толық отбасында кем дегенде бір некелік жұп болуы керек, ол толық емес
отбасында бірде-бір жұптық неке болмайды (анасы немесе әкесі баларымен тағы
басқа) отбасылар бойынша қарапайым және күрделі. Қарапайым отбасы бір ғана
некелік жұп балаларымен немесе балаларынсыз болады. Ал күрделі отбасында
біркелкі некелі жұптар болады.
Отбасының көлемі мен құрылымына әсер етуші факторлар:
1. Өлу деңгейінің тенденциясы, әсіресе балалардың
2. Некелесу мен туу деңгейінің тенденциясы
3. Отбасы өмірінің дәстүрінің өзгеруі (қарапайым және күрделі
отбасыларымен)
4. Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі
Халықтың санына әсер ететін келесі көрсеткіштер табиғи және
механикалық халықтың қозғалыстар болып табылады. Ол көрсеткіштер келесідей:

Туудың жалпы коэффициенті – бала туу қарқындылығының барлық халыққа
қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Жыл бойына тірі туғандардың жалпы
санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1 000
халыққа шаққанда есептеледі.
Ктуу=
Өлімнің жалпы коэффициенті – халықтың өлімінің көбеюін анықтайтын
көрсеткіш. Жыл бойына өлгендердің жалпы санының халықтың жылдық орташа
санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Көлу=
Табиғи өсім коэффициенті туу мен өлімнің жалпы коэффициенттерінің
айырмашылығы ретінде алынады.
табиғ = N + M
туу өлу
Халықтың туғандағы өмірінің күтілетін ұзақтығы – туған ұрпақтың бір
адамының осы ұрпақтың бүкіл ғұмырында әрбір жастағы өлім деңгейі осы
көрсеткіш есептелген жылдардағыдай сақталғанда өмір сүретін орташа жас
саны. өмірдің күтілетін ұзақтығы барлық жастағы өлімнің қазіргі деңгейіне
неғұрлым баламалы жалпы қорытынды сипаттама болып саналады. ҚР-да ерлерге
59 жас, әйелдер үшін 71 жас.
Некелер мен ажырасулар (некенің бұзылуы) туралы мәліметтер АХАЖ
органдары жасаған азаматтық хал актілерінің екінші данасындағы жыл сайынға
статистикалық деректерге негізделген. Кестедегі деректер АХАЖ органдарында
тіркелген неке мен ажырасу жағдайларын ғана қамтиды.
Некеге тұрғандардың жасы некеге тіркелу уақыты мен туған уақыты
аралығындағы уақытпен есептеліп шығарылады.
Қазақстанда заңмен белгіленгшен некелесу жасы еркектер мен әйелдер
үшін 18 жас. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары некеге тұратын
адамдардың өтініші бойынша 16 жасқа толғандарға некеге тұруға рұқсат бере
алады.
АХАЖ органдарында тіркелген уақыты олардың некелескен уақыты болып
саналады. Олардың ажырасуының тіркелген уақыты аэырасқан уақыты болып
саналады. Ажырасқандардың жасы ажырасқан күні мен туған күні арасындағы
айырмашылықпен есептеледі. Бұзылған некенің ұзақтығы некені бұзған күні мен
тұрған күннің арасындағы уақыт аралығымен есептеледі.
Кнекел= (1000)
Неке мен ажырасудың жалпы коэффициенттері халықтың жылдық орташа
санында күнтізбелік жыл ішінде тиісінше некелескендер және ажырасқандар
санының қатынасымен есептеледі.
Кажыр=

Туу туралы мәлімет АХАЖ органдары құрастырған туу туралы азаматтық хал
актілерінің екінші даналарындағы жыл сайынғы статистикалық деректерді
әзірлеу негізінде алынады. Туғандар санына тек ірі туғандар енгізілген.
Тірі туу – жүктілікке 28 апта болғанда ананың ағзасынан баланы толық
алу немесе нәрестені шығарып алу (нәрестенің бойы 35 сантиметр және одан
көп салмағы, салмағы 1000 грамм және одан көп), туғаннан кейін, анасынан
бөлінгеннен кейін демалатын немесе жүректің соғуы, кіндік тамырының соғуы,
немесе дене құрылысының қимылдауы, немесе жүктіліктің 28 аптасына дейін
туған нәресте (яғни бойы 35 сантиметрге дейін және салмағы 1000 граммға
дейін), 7 тәулік (168 сағат) өмір сүрген тіршіліктің өзге де белгілерін
білдіретін тіршілік иесі.
Тууды тіркеу баланың туған жері немесе ата-анасының (немесе біреуінің)
тұрған жері бойынша, баланың тууы туралы фактіні және туған уақытын
анықтайтын перзентханадан немесе ауруханадан берілген медициналық куәлік
негізінде жүргізіледі.
Бала өлі туғанда, туған ретінде тіркеледі, барлық дәрігерлік куәлік
негізінде перинаталдық өлім туралы белгі қойылады. Егер бала туғаннан кейін
шетінесе, онда екі жазба жүргізіледі: туғаны туралы және өлгені туралы.
Некеде тұрған әке мен ана, олардың кез келгенінің өтініші бойынша
баланың ата-анасы болып жазылады. Егер ата-анасы тұрмаса, онда баланың
анасы туралы жазба оның өтініші бойынша, ал әкесі туралы жазба ата-анасының
бірлескен өтініші немесе сот шешімі бойынша жазылады.
Некеде тұрмаған әйел босанған жағдайда, баланы тіркеген кезде оның
әкесі мен анасының бірлескен немесе тек анасының өтініші негізінде баланың
туу туралы акті жазбасында әкесі туралы мәліметтер беріледі немесе сот
шешімімен әкелігі белгіленеді де, баланың тууы туралы акт жазбасында тиісті
белгі қойылады.
Репродуктивтік кезең (жас) - әйелдің бала тууға қабілетті жасы.
Статистикалық мақсаттарда көпшілік елдерде шартты түрде 15-49 жас аралығы
алынады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысбастылықты басқару
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Шардара суқоймасындағы көксерке (Sander lucioperca) және ақмарқа (Aspius aspius) балықтардың қоректенуі
Әлеуметтік-демографиялық процестер
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Қазақстан экономикасының әлеуметтік - экономикалық дамудың алғы шарты болжау мен бағдарламалау
Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
Пәндер