Жануарларды серуендету



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1.Жазғы жайылымға қойылатын ветеринариялық.гигиеналық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2.Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.3.Мүйізді ірі қараларды лагерьде ұстау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4.Шошқаларды лагерьде ұстау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.5.Әр түліктің түріне байланысты күтіп.бағу гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.6. Мал жайылымдарын пайдалану жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Жұқпалы емес аурулар және морфология кафедрасы

Ветеринариялық гигиена және санитария пәнінен

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жануарларды серуендету

Орындаған: ВС-31 топ
студенті
Кеншінбаева Ф.Ө.

Тексерген: в.ғ.к., аға оқытушы

Мурзабаев К.Е.

Орал, 2013

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
II.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .7
2.1.Жазғы жайылымға қойылатын ветеринариялық-гигиеналық

шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2.2.Жазғы өріске жіберілер алдындағы
тексеріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3.Мүйізді ірі қараларды лагерьде
ұстау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .12
2.4.Шошқаларды лагерьде
ұстау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8
2.5.Әр түліктің түріне байланысты күтіп-бағу
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... 20
2.6. Мал жайылымдарын пайдалану
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
IV.Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Республикада мал түліктерінің басын үздіксіз өсіру, олардан алынатын
өнімдерді молайтып, сапасын жақсарту – бүгінгі таңда мал шаруашылығында
істейтін жалпы еңбеккерлер мен мамандардың өзекті міндеттерінің бірі.
Халқымыздың тұрмыс-жағдайын жақсарту, оларды азық-түлік түрлерімен
қамтамасыз ету мәселесін ойдағыдай шешу осы міндеттің мінсіз орындалуына да
тікелей байланысты.
Малды күтіп-бағу жүйлері мен әдістері деп мал шаруашылықтары
орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай материалдық
және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша
мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық
және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады.
Қазақстан үшін жазғы жайылымдардың маңызы өте жоғары екені белгілі.
Себебі республика жағдайында мал азық қорының шамамен 50% осы жайылымда.
Алайда, жайылымдардың негізгі бөлігі (70%) шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге
орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз. Шамамен барлық жайылымдардың
32% жазғы жайылымдарға тиесілі.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты: жазғы жайылымдарды
санитарлық-гигиеналық тұрғыдан дұрыс пайдалану.
Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде
арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім (мысалы, сүт өнімдерін) алуға болатын
қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын,
толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.
Жазғы кезде шөбі жай құрғайтын және ылғалы тамырында ұзақ сақталатын
жайылымдар қолданылады.
Менің курстық жұмысымда жаздық жайылымдарға қойылатын санитариялық-
гигиеналық талаптар, оларды пайдалану мерзімі мен тәртібі және әр түліктік
жайылымға деген сұранысы мен ерекшелігі атап көрсетілген.

І. Әдебиетке шолу

Ж.Мырзабеков пен П.Ибрагимовтың деректеріне сүйенсек малды жайылымда
ұстаудың гигиеналық маңызы жоғары. Жайылымда осы шөптен дайындалған
пішенмен салыстырғында қоректік заттар 1,5 есе артық. Шөпті кептіру
барысында ондағы азықтық заттардың бір бөлігі жоғалып қана қоймайды,
сонымен қатар мал организміне сіңімділігі нашарлайды.
Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінін (сүт, ет, жүн) көлемі артады және
өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық
бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1,5 – 3 есе төмен.
Дегенмен де малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның
рациональды пайдалануына және ветеринарлық санитарлық тәртіпке байланысты
(зиянкес жәндіктермен және кенелермен күресу).
Жаздық күтімнің профилактикалық жоғары маңыздылығы, әсіресе тұқымдық
сиыр тобы үшін ерекше. Жазда түлікті өрісте бағудың шынықтырушы, сақайтып –
сауықтыратын маңыздылығының мәні мал организміне сыртқы ортаның қолайлы да,
оңтайлы да құрамдағы факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады[1].
Ж.К.Каримовтың дерегіне сүйенсек шаруашылықтар үшін ең дұрысы – табиғи
жайылымдарды дұрыс пайдалан, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен
шыққан жайылымдарға жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең
тиімді жолы. Шаруашылықтарда жайылымдарда бағу келесі жүйелерін қолданады :
айдамалық (тұрақты) және лагерьлік (алыс – жайылымды).
Жайылым мал фермасына жақын болған жағдайда (1,5 – 2 км) айдамалы жүйе
қолданыладыБұл кезде малды саууға және түнетуге тұрақты мал қораларына
айдап алып келеді. Айдамалы жүйе аз қолданылады, себебіалыстағы
жайылымдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Лагерьлік жүйеде малды барлық жайылымда уақыт бойына қыстық қора –
жайлардан жайылымға ауыстырады, онда уақытша және тұрақты орындар
ұйымдастырылады. Лагерьде ұстау тек малдың денсаулығын ғана жақсартып
қоймайды, сонымен қатар ол мал фермаларында жөндеу жұмыстарын және
санитралық – гигиеналық шаралар жүргізуге де мүмкіндік береді [2].
Г.Богдановтың мағлұматы бойынша жылқы тұқымын жақсарту, асылдандыру
жұмыстары жылқы өсіретін барлық шаруашылықтарда жүргізілуі тиіс. Ал жылқы
әрі жүйррік, әрі жұмысқа шыдамды болуы үшін оны сапалы азықтандырып,
күтумен қатар, сынау, асылдандыру жұмысын дұрыс бағытта жүргізе білудің
мәні зор. Жер жағдайы бірдей жылқыны азықтандыру мен күтімінде айырмашылығы
жоқ, бір тұқымды өсіріп отырғын екі шаруашылықтың жылқы өсірудегі нәтижесі,
экономиалық көрсеткіші мал тұқымын асылдандыру жұмысының дәрежесіне
байланысты әр түрлі болып келетіні жиі кездеседі. Қазақстанда жылқы саны,
өнімінің үлесі, бағатын аймағының көлемі жағынан тебінде өсірілетін
жергілікті қазақ жылқысын өсіру шаруашылығы бірінші орын алады.
Үйірлі жылқы шаруашылығында малды бағып – күтудің мынадай бірнеше
түрлері пайдаланылады: жыл бойы тебінде жайып – бағу, сарайда – базада
ұстау және екпе жайылымдарда мәдени бббағу.
Жыл бойы жайылымда бағу жылқыны бағып күтудің ең экстенсивтік түрі
болып табылады. Мұндай жағдайда жылқы қысы жазы маусымдық жайылымдарда
бағылады. Олардың тек қардың астынан шөпті тауып жей алмайтын, көк
шайғақмерзімдерде және борандарда ғана қолдан азықтандырады. Жылқыны
тебінде жайып – баққанда ауру, арық жылқылар мен тұқымдық айғырларға ғана
болмаса, негізінен қора – жайдың көп қажеті болмайды [3].
А.Р.Рүстеновтың айтуы бойынша қойларды етке өткізу үшін оларды
өрісте жайып семірту ең бір қолайлы әдіс болып саналады. Жайып семіртудің
қой етін молайтуда және оның сапасын арттыруда маңызы ерекше.
Қой шаруашылықтардың іс – тәжірибесінде жағдайларға байланысты
қойларды жайып семіртудің екі типі қолданыылады.
Интенсивті семірту- 60 күн бойы жаып семіртіпжүрген қойларға қосымша
концентраттар немесе шабылған шөп береді. Істі былайша ұйымдастырғанда
тоқтылардың орташа тәуліктік салмақ қосуы 200 – 250 г. жетеді.
Баяу жайып семірту 90 – 100 күнге, жазғы жайлым маусымында есептелген.
Бұл жайылым жеткілікті аймақтарда қоныстанған шаруашылықтарда кеңінен
қолданылады. Қойларды жайып семірту үшін түрлі табиғи жайылымдықтар,
шабындықтардың орны, егіні орылып алынған танаптар және т.б. пайдаланылады.
Жайып семіртілетін қойлар отысыу мол жайыдымда ұзақ уақыт бағылады және
минералдық қосымша азықтар беріледі. Ірі қара малдары үшін жасанды
жайылымы бар шаруашылықтарда қозыларды жаю табысты өтеді, сиырдан кейін
оларды клеткада 3 – 4 күн бойы, бір сиырға үш қой есебінен жайып бағады.
Қойларды жайып бағуда жайылым айналымын пайдалану жүйесі жасалған. Әрбір
шаруашылықтарда жайылымдардың құрылымы мен аумағы жердің сапасы мен шөптің
түсімділігіне байланысты белгіленеді[4].
Н.О.Омархожановтың айтуы бойынша жануарлардың қандай да бір тұқымын
жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда
болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және
тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс
нұсқайды[5].
Б.Б.Исқақбаевтың оқулығында мал шаруашылығының жетілуі, өсіп - өнуі
туралы баяндалады. Жануарлардың денесі жасушалар мен жасушасыз
құрылымдардан (синцитий, симпласт) және жасушааралық заттардан қалыптасқан
ұлпа дегеніміз – ағзаның тарихи қалыптасқан жеке жүйелері, жасушалар мен
олардың туындыларынан тұратын және өздеріне тән морфофизиологиялың,
биохимиялық қасиеттері бар құрылым екені баяндалады.
Ветеринариялық гигиена оқулығында Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық
гигиена немесе зоогигиена {грек, zoon — мал, hygieinos — дені cay) — малды
дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана
отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей
деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым екені айтылады.
Ветеринариялық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек
екені туралы баяндап студент жастарға баяндайды.
Жеке мал гигиенасы, осы мәселелерді әр түлікке қатысты оның жасына
және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын малы, бордақыдағы мал,
жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай қолданады жиынтық әсерін айтып
береді[6].
А.А.Егеубаевтың айтуынша, мал фермаларының санитариялық-гигиеналық
ережелерге сай келмейтін жағдайларына төмендегілер жатады: олардың
бактериялармен ластануы, шаңдануы, оң иондардың пайда болуы, температура
мен біршама ылғалдылық, аммиактың, күкіртсутегінің, көмірқышқыл газының
жинақталуы, індол, скатол және басқадай зиянды иісті газдардың пайда болуы.
Объектінің жоғары санитарлық мәдениеті, жақсы санитариялық және
техникалық жағдайлары, ауаны кезінде дұрыс тазартып отыру-осының бәрі мал
қораларында қалыпты температуралық-ылғалдылық режімін және ауаның тұрақты
құрамын сақтап отыруға, қора ішіндегі ауадан микроорганизмдер мен шаңды
аластатуға, өкпеде теріс иондардың жинақталуына жәрдемдеседі [7].
В.Н.Бакановтың айтуы бойынша жайылым шөбінің тәулігіне орта есеппен
пайдаланылуы және ондағы қоректік заттардың мөлшері туралы деректері қозыны
азықтандыру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырудың
көрсеткеніндей көктемде қыста төлдеген саулықтарды жайылымда бағып және
саулықтарды күніне 200-300 гр арпа жармасымен үстеп азықтандырғанда 0,3-0,7
азық өлшемін, 20-60 гр тез қорытылатын протеинді, 1,14 гр дейінгі фосфорды,
10,8-15,8 мг каротинді, 0,253 мг йод, 0,457 мг кобальтті, 4042 мг мыс,
10,19 мг қалайыны және 1,52 мг дейінгі молибденді кем алады[8].

II.Негізгі бөлім
2.1 Жазғы жайылымдарға қойылатын ветеринарлық гигиеналық шаралар

Малдың денсаулығы, одан алынатын өнімдердің саны мен сапасы, өзіндік
құны республика жағдайында көбінесе жайылымда қалыптасады. Осыған орай,
жайылымдарда іске асырылатын зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық
шаралардың мәні арта түсетіні айтпасада түсінікті.
Жазғы жайылымда төмендегі ветеринарлық-гигиеналық шаралар жүзеге
асырылады:
1. Мал жаюға жарайтын жерлер есепке алынып, олардың аумағы, сапасы
анықталады.
2. Жайылымдық жерлер малдың түлігіне, жасына т.б. ерекшеліктеріне
қарай бөлек-бөлек учаскелерге бөлінеді.
3. Шөптің түріне, биіктігіне, қалыңдығына қарай әрбір жайылым учаскесі
8-10 күн сайын ауыстырылып отырады.
4. Жайылым сапасын төмендетпеу мақсатымен қай өрісте қанша шөп оталмай
қалғаны есепке алынып, қалған шөпті шауып алу мерзімі белгіленеді.
5. Жыл сайын малды жайылымға шығарардың алдында өрістік жерлер мұқият
тексеріледі. Олар өлексе сүйектерінен, тастан т.б. мал жаюға кедергі
келтіретін заттардан алдын-ала тазартылады. Жолдар тәртіпке келтіріледі,
көпірлер мен құдықтар, суаттар мен астаулар жөнделеді. Тоғандардың жағалауы
нығайтылады.
Жайылымдарды пайдалану жүйелері. Шаруашылықтар үшін ең дұрысы-табиғи
жайылымдарды дұрыс пайдалану, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен
шыққан жайылымдарға жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең
тиімді жолы.
Жайылымды белгілі бір тәртіппен дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Бұл
жағдайда жайылымның топырақ қыртысы жақсы сақталады, оттылығы артады.
Жайылымды дұрыс пайдалану, оның шөбін үнемдеп жұмсауға мүмкіндік береді.
Жайылымды дұрыс үнемдеп пайдалану үшін жайылымдық жерлерді есепке алу,
олардың жалпы азықтық қорын белгілеу, жазғы маусымның әр айында шөп
шығымдылығының қандай болатынын білу, әр түрлі учаскелердің пайдалану
кезегін тағайындау, бір гектар жерде қанша мал бағуға болатындығын айыру
қажет. Егер мал саны аз болса, жайылым нашар пайдаланып, желінбеген шөп
малдың аяғымен тапталады да, соңынан буыны қатайып, көктеуіне кедергі
келтіреді. Ал мал саны шамадан тыс көп болса, жайылым тез тозады.
Жайылымды дұрыс пайдаланудың маңызды бір шарты-мал бағу әдіс. Малды
еркімен жайып бағу жайылымды тез тоздырады. Сондықтан жайылымды өріске
бөлу, ауыстырып пайдалану істері жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы тиіс.
Әдетте далалық жайылымды 6-8 өріске бөліп, әр өріске қойды 5-6 күн бағады,
онан кейін келесі өріске ауыстырады. Алты жүз қойы бар отар үшін әрбір
өрістің көлемі далалық жерде 15-25, шөлейт жерде 25-35 гектар шамасы.
Ауыспалы жайылым жоспарында әрбір өрісті пайдалану тәртібі көрсетіледі,
шөбі жақсы жетілуі үшін өрісті 4-5 жылда бір тынықтырған жөн.
Шығымдылығы жақсы екпе шөпті жайылымды сыммен қоршап, қойды соның
ішінде жаю тиімді. Бұл жайылым маусымында шопандар санын азайтуға мүмкіндік
береді.
Шаруашылықтарда жайылымды пайдаланудың келесі жүйелерін қолданады:
айдамалық (тұрақты) және лагерьлік (алыс-жайылымды).
Жайылым мал фермасына жақын болған жағдайда (1,5-2км) айдамалы жүйе
қолданылады. Бұл кезде малды саууға және түнетуге тұрақты мал қораларына
айдап алып келеді. Айдамалы жүйе аз қолданылады, себебі алыстағы
жайылымдарды қолдануға мүмкіндік бермейді.
Лагерьлік жуйеде малды барлық жайылымды уақыт бойына қыстық қора-
жайлардан жайылымға ауыстырады, онда уақытша және тұрақты орындар
ұйымдастырады. Лагерьде ұстау тек малдың денсаулығын жақсартып қана
қоймайды, сонымен қатар ол мал фермаларында жөндеу жұмыстарын және
санитарлық-гигиеналық шаралар жүргізуге де мүмкіндік береді.
Шөлді, жартылай шөлді және кейбір далалы аймақтарда малды уақытша алыс
жайылымдарда бағып-ұстау кеңінен қолданылады: көктемгі, жазғы, күзгі және
қысқы.
Малды лагерьлік жағдайда ұстауды ұйымдастыру барысында жайылым
қондырғыларына және дайындыққа үлкен көңіл бөледі. Лагерьдің жанына азықтық
шөп, тамыр-түйнекті жемістер, сүрлемдік екпелі өсімдіктер егеді.
Малды лагерьлік ұстау өз кезегінде жайылымды-лагерьлі және тұрақты-
лагерьлі болып бөлінеді. Жайылымды-лагерьлік ұстау кезінде мал организмінің
қажеттілігі толығымен дерлік жайылымдық азық есебінен (құрама жем және
минералды азықты есептегенде) қанағаттандырылады.
Тұрақты-лагерьлік ұстаудың мәні мынада: мал жайылумен қатар көк шөп
және қорадағы азықпен (сүрлем, пішендеме және т.б.) қамтамасыз етіледі. Ол
үшін лагерьлерді бастырмалармен, астаушалармен, суарғыштармен және т.б.
жабдықтайды. Азықты арнайы тасығыш-таратқыш машиналармен тасымалдайды, олар
азықты бірден астауларға салып шығады.
Тұрақты-лагерьлік ұстаудың белгілі зоогигиеналық артықшылықтарымен
(таза ауа, серуен, күн сәулесімен сәулелену және т.б.) қатар кей жағдайда
көк конвейерде бір ғана өсімдік болуының салдарынан малдың толық құнды
азықтанбау қауіпі туады.
Тұрақты-лагерьлік ұстауда мал азықтандыру практикасында қыстық
бидайды, дәнді және бұршақты шөптерді, жүгері және тамыртүйнекті жемістерді
кезектестіріп қолданады. Жеке алғанда, бірде-бір азық, малдың әр түрлі
тағамдық заттарға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.
Малды алыс жайылымдықтарда ұстаудың ерекшілігі-үлкен табиғи
жайылымдарды пайдалануда, оларда малды тек көктемде немесе жазда, күзде
немесе қыста және жыл бойына жаяды. Құрғақ аудандарда (шөл, жартылай шөл
және құрғақ дала) табиғи шөптің өсімділігі тек көктемде, яғни ылғал мол
кезде ғана артады, сондықтан бұл жерлерде көктемгі өсімдік-эфемердің
көбеюіне байланысты көктемгі жайылым пайдаланылады. Жазғы кезде шөбі жай
құрғайтын және ылғалы тамырында ұзақ сақталатын жайылымдар қолданылады.
Шөлді және жартылай шөлді жайылымдарда күзгі жаңбыр және суықтан кейін мал
жусанды жақсы жейді, себебі бұл кезде оның ащылығы мен иісі кетеді.
Жаз мезгілінде ауылдық жерлерде мал шаруашылығының барлық түрлерінің
күтімі мен өнімділігін арттыруға жағдай мол. Себебі олар күн сәулесі
астында, таза ауада, белоктар мен витаминдерге бай және де тез қорытылатын
қоректік шөптермен қоректенеді. Жайылым кезінде жануарлардың бұлшық еттері
мен сүйектері қатаяды, шынығады.Бұл әсіресе жас малдар мен бұқаларға аса
қажет. Жайылым буаз малдарға, жатырда өсіп келе жатқан төлдерге, сауын
сиырлардың өнімділігіне және өсіп келе жатқан төлдерге жақсы әсерін
тигізеді.

2.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс

Жайылымға шығарыларда барлық мал ветеринарлық-гигиеналық бақылаудан
өтуге тиіс. Ауру және әлсіз мал жеке топтастырылып, жақын жердегі жақсы
өріске шығарылады. Малды қалай болса солай, бет-бетімен жаюға болмайды.
Өйткені олар өрістегі шөптің құнарлығын отайтады да, қалғандарын таптап өте
шығады. Мұның салдарынан жайылымды арам шөп басып кетеді. Малды бетімен жаю
көптеген жұқпалы және инвазиялық аурулардың етек алуына әкеп соқтырады.
Сондықтан да кейінгі жылдары жайылымды учаскелерге бөлу ісіне ерекше назар
аударылуда. Әрбір қой отарының өзіне бекітіп берілген жері, загондары
болады. Бір учаскенің шөбі оталып бітсе, малды екінші учаскеге көшіреді,
сөйтіп жайылым шөбінің әрдайым бітік болуына назар аударылады. Осылай
ұйымдастырылған жайылымда мал тез қоңданады, оның өнімділігі артады. Мал
арасында құрт аурулары азаяды. Жайылым учаскелері уақытында ауыстырылып,
өрісте мал бағу жұмысы реттелсе, мәселен, қой, бұзау диктиокаулезінен, ірі
қара гемонхозынан, жылқы параскаридозынан т.б. аурулардан арылуға болады.
Мұндағы негізгі шара-жайылымдағы малға биологиялық жолмен дегельминтизация
жасау (К.И.Скрябин), яғни оның ішіндегі құртты табиғи жолмен айдап шығып,
құрту. Бұл әдіс мынаған негізделген: Малдың нәжісіне ілесіп шыққан құрт
жұмыртқалары мен личинкалары 8-9 күнде өсіп жетіледі де, сау малдың
денесіне еніп (шөппен бірге), оны ауруға шалдықтырады. Ал жайылым 5-6 күнде
ауыстырылса, құрт ауру тудыратын сатыға дейін өсіп жетіле алмайды, демек,
ондай құрт мал үшін қауіпті емес. Құрт личинкалары оңтүстіктегі аудандарда
3-6 ай бойы өлмей, жайылымда тіршілік ете береді, ал солтүстікте тіпті жыл
бойы сақталады. Сондықтан осы мерзім ішінде ондай жайылымда мал жаюға
болмайды. Жайылым ауыстыру сондай-ақ ірі қара мен жылқыға ауру тарататын
Ixodes ricinus, Dermocenter reticulatum, Boofilus кенелеріне қарсы
бағытталған пәрменді шара. Кене мал денесінде 21-24 күн қан сорады да,
жерге түсіп, мұнда 7 ай бойы аш жатқанмен өлмейді. Егер мал 8 ай өтісімен
өріске шықса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені бұл мерзімге қарсы кенелер
қырылып қалады. Малды бір учаскеден екінші таза учаскеге айдарда тоғытып
алады, сөйтіп оның денесіне жабысқан кенелерді өлтіреді.
Малды көктемде жайылымға шығарарда жеке-жеке қарап шығып, олардың
арасында арық-тұрақтары болса оқшаулап емдейді. Белгілі жоспарға байланысты
малды вакцинамен, сары сумен егеді. Жайылымда кездескен шөпшек, қауларды
өртеп жібереді. Мұның нәтижесінде иксод кенелері жалынға шарпылып,
қырылады. Мал арасына жұқпалы ауру таратып алмау үшін оны қорымнан аулақ
бағу керек. Қорымның айналасын мал кіре алмайтындай етіп, қоршап тастаған
жөн.
Жазғы өріске жіберілер қарсаңында барлық мал сібір жарасы, тілме т.б.
ауруларға қарсы егіледі. Құлақ сырғалары түсіп қалғандары қалпына
келтіріледі, өсіп кеткен тұяқтары жоңылады, сүзеген малдың мүйізінің ұшы
кесіледі.
Ішек-қарын ауруларынан сақтану үшін жаңбыр мен шықтан кейін малды
жоңышқа мен бедеге жаюға тиым салынады. Сол сияқты малды батпақты
жайылымдарға жаюға болмайды.
Мал қораларының таза, құрғақ болуы, онда өкпек желдің соқпауы, улы
газдардың болмауы қадағаланады. Қоралардағы ауаның температурасы мен
ылғалдылығы мынадай: сиыр қораларында температура 10градус, ылғалдылығы
85%; жылу берілмейтін бұзау қорасында температура 5градус, ылғалдылығы 75%;
бұзаулайтын бөлімше мен профилакторияларда тиісінше 12 және 70,
бордақылаудағы шошқа қорасында 16 және 75 болады.
Қораның температурасы мен оның ылғалдылық дәрежесі желдеткіштің
системасына, төсеніштің түрі мен қалыңдылығына, қабырға мен төбені жапқан
материалдың сапасы мен түріне байланысты. Егер қора өте ылғалды болған
жағдайда онда еденге сөндірілмеген әк пен ағаш ұнтағын араластырып (1:3)
төгу керек. Қораның микроклиматын жақсарту үшін төсенішке суперфосфат (бір
шаршы метріне 200г) себуі пайдалы. Бұл аммиактарды байланыстырып, көңдегі
азотты молайтады.
Малдың қажетті төсеніші болуы шарт.
Төсеніш болмаған қораларда төлдейтін малдардың іш тастап, суық
тигеннен болатын әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Төсеніш мынадай
мөлшерде төселуі тиіс: сабан (күніне әрбір басқа): сауын сиырға 2,5 кг, ірі
қараның төлі мен шошқаға 1,5-2 кг, жылқыға 2-2,5 кг.
Қорадағы температураның бірқалыпты болуы желдеткіштің түзіктігіне
байланысты, яғни бұл қора құрғақ болады деген сөз. Мұның өзі малдың
өнімділігін арттырады. Желдеткіші жақсы қораларда көгілдір ультра сәулелер
жалпы желдеткіші жоқ қоралармен салыстырғанда екі есеге жуық көп болады.
Терезе әйнегі неғұрлым таза болса, одан көгілдір ультра сәулелері мол
түсетіндігі анықталады.

2.3 Мүйізді ірі қара малын лагерьде ұстау

Ірі қара малын жайып бағу біздің жердің табиғи ерекшелігіне байланысты
мамыр айының екінші жартысында басталады. Бұл жағдайда малды жазғы лагерьге
орналастырады немесе түнгі мезгілде, сауын кезінде аулаға айдап келіп,
далаға жайып бағады. Жайып бағу тәсілін мал аулалары жақын болған жағдайда
қолданған дұрыс. Өкінішке орай бұл тәсілді мал аулалары қашық болған
жағдайда қолдана береді. Ал қашық жерден айдалып келген мал шаршап, оның
өнім беруі де төмендейді.
Тәжірибе бойынша жайып баққан малдан лагерьде тұрған малдың өнімділігі
жоғары екенін білеміз.
Малды дұрыс жайып бағу үшін шаруашылық ұйымдастыру, зоотехникалық
және ветеринарлық-санитарлық шаралар дұрыс жолға қойылу қажет. Әр көктем
сайын қар суы кеткен соң жайылымға бөлінген жерлерді қарап шығу қажет.
Жақсы қоректік және мол өнім алу үшін барлық жайылымдар тазартылып, мәдени
жағдайға келтірілуі қажет.
Жайылым жерлерді жақсартуды оның бұталардан, түбірлерден, тастардан
және балшық жерлерді кептіруден бастау қажет.
Сібір жарасы, эмфизиматозды карбункул, сіреспе және тағы басқа
аурулар шығып, мал шығыны болған жайылымдар мал жаюға жарамсыз болып
табылады.
Терең шұңқырлар мен құдықтар қоршалу қажет. Мал жайылатын жердегі
жолдар, көпірлер дұрысталып, барлық жерлер құрғатылу керек.
Жайып бағу мезгілінде аурулардың алдын алу мен мал өнімділігін
арттыру суару жағдайын ұйымдастыруға байланысты. Мал жайылымға шықпастан
бұрын су көздері мен суаратын жерлерді ұйымдастыру қажет. Ірі қара мен
төлдер үшін суаратын жердің қашықтығы 1,5-2 км аспауы шарт. Жайылымда
табиғи су көздері жоқ болса, жаңа құдықтар қазылуға тиіс. Суаруды
автоцистернаның көмегіменде жүзеге асыруға болады.
Табиғи су көздерінің келетін жерлеріне жақсы жағдай жасап, балшықты
жерлеріне құм төгіп, тас немесе тақтай төсеу қажет. Мал суға түсіп ластамау
үшін өзен, көлдердің жағасын мал суға түспей ішетін етіп қоршау қажет.
Табиғи су көздерінің маңынан су ішетін алаңқайлар әзірлеу тиімді болып
табылады. Астауға шланганың көмегімен механикалық тәсілмен суару немесе
инфильтрациялық құдықтар жасау тиімді болып есептелінеді. Осылайша малды
таза әрі жақсы сумен қамтамасыз етуге болады.
Жайылым жерлерді әзірлеумен қатар мал басын ветеринарлық-санитарлық
тексеруден өткізіп, малдың әлсіз, ауру, көтеремдерін бөлек топқа шығарады.
Жұқпалы аурулар байқалған жерлерде малға егу жұмыстарын жүргізу керек.
Малдың тұяқтарын тазалап кеседі және сүзетін сиырлардың мүйіздерінің ұшын
кеседі. Жайылымға шықпас бұрын малдың таңбасы мен нөмерлері тексеріліп,
тірі салмағы өлшеніп, гурталарға бөлініп, бақташыларға тапсырылады.
Ауладағы малды жайылымға 7-10 күн ішінде жайлап көк шөп пен құрғақ
шөпті қатар жегізіп үйрету қажет. Жайылымға әлсіз, көтерем және бұзаулар
мен жаңа бұзауланған сиырларды аса сақтықпен көшіру қажет.
Жайылымға жер кеуіп, шөп қатайып, ұзындығы 10-12см болғанда шығарады.
Ерте шығарса жайылым жерлерге көп зиян келеді.
Лагерьді тегіс, сәл биіктеу, оңтүстік жағы ылдилау, суға езілмейтін,
қаттылау, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары жоқ жерге орналастырылу қажет.
Лагерьде жабық қора, тек төбесі жабылған қора, мал төлдейтін қора,
төбесі жабылған мал тұратын қора, күбір сақтайтын орын және жақсы қоршалған
мұзы бар сүт қоятын ұра, аптечкасы бар жұмысшылар дем алатын орын болуы
керек.
Төбесі ағашпен жабылған ашық лагерьлер жасаған дұрыс. Мұнда астау мен
бас жібі мен (ені 1,1-1,2м, ұзындығы 1,9-2м) орындар әзірленеді. Едені
тақтай немесе тазалап тұрса саз балшықты болғаны жөн. Еденнің бір жағын
ылди қылып, оған канализациялық жыралар жасалу керек.
Аспа қоралар мол өнім беретін сауылатын сиырлар және айы алға дейінгі
бұзауларға пана болады.
Мал бұл аспа қора астында тек сауын кезінде, концентрат қосылған көк
шөппен тамақтану кезінде, ауа-райы бұзылған жағдайда немесе күн өте ыстық
болған кезде тұрады. Басқа уақытта жайылымда болады.
Лагерьдегі мал иірілетін түнеме тұрақ жасау үшін алаң таңдалып
алынады. Топырағы нығыз, қатты су сіңіргіш, тегіс немесе оңтүстікке қарай
еңістеу жер өте қолайлы. Әлбетте батпақты жерден қашық, жолдан алыс, бірақ
пішендік, шабындыққа және суару көздеріне жақын орналасуы жөн, сонымен
қатар мал айдап өтуге, жем-шөп тасымалдауға қолайлы болғаны дұрыс. Сиырға
арналған кешенді лагерьде төмендегі ғимараттар (құрылыстар) болуын ескеру
қажет:
-жеңіл типтегі қаша, қоршаулар;
-жемдейтін ақыр, науа, суаратын жүйе және жылжымалы сауын
қондырғыларымен жабдықталған (ірі шаруашылықтар үшін), жемдеу мен саууға
арналған қаша, қалқалар, лапастар;
-сиырды жасанды ұрықтандыру орны (пункті);
-сүт салқындататын қондырғылар;
-ыдыстар мен қондырғыларды жууға, дезинфекциялауға арналған бөлме.
Жеңіл типтегі қоршаулы қашарлар жасы мен өнімділігіне қарай түрлі
секцияларға бөлінеді.
Жауын-шашын жиі жауатын салқын өлкелерде тууға таяған буаз немесе
бұзаулаған сиырлар үшін қоршаулы қалқанды үш жағынан тарту керек. Ал лагерь
тұрақты пайдаланылатын болса еден, дәліз, көліксуат құбырландырылған
жүйенің элементтерімен жабдықталады. Профилактория секцияларында бұзауларға
арналған жеке және топтық клеткалар орнатылады.
Егер сиыр тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Қабандарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық – санитариялық және гигеналық талаптар, малдарды күтіп- бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Некробактериоз
Қойлардың ценурозының таралуын, балауын, сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау
Мал қорасына қойылатын зоогигиеналық талаптар
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау
Пәндер