Отырар



Мазмұны
Кіріспе
1 Отырар апаты
2 Отырардын сипаты
3 Отырар ауданы
4 Отырар.Қаратау мәдениеті
4.1 Тарихы
5 Отырар медресесі
6 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі
7 Пайдаланған әдебиет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 Отырар апаты
2 Отырардын сипаты
3 Отырар ауданы
4 Отырар-Қаратау мәдениеті
4.1 Тарихы
5 Отырар медресесі
6 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі
7 Пайдаланған әдебиет

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны.
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан
солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан
Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған
құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы
Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб
тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп
атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ.
жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб
Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған.
Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер
тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ
та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен
сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға
қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің
пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-
медреселер болған.

Отырар апаты

1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның
әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның
Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл
қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері
Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала
тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта
жанданды.

1255 ж. армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында
атайды. Отырар дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.

Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр Шығысқа
дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.

14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер
салдырды.

14 ғ-дың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір
мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405)
осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ
хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.

16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп,
шамамен 18 ғ-дың басына дейін болған.

Отырарда археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. Қазақстан ҒА-ның
К.Ақышев басқарған Отырар археол. экспед. ұйымдастырылғаннан кейін
басталды.

Отырардың сипаты

Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы
– 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және
шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аум. 200 га.
Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары
жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың
үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археол. қазба
жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта
болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді.
Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
• 1-қабаттан (б.з. 1 – 6 ғ-лары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары)
аз табылды;
• 2-қабаттың (7 – 8 ғ-лар) қалыңд. 3 м-ге жуық;
• 3-қабаттан (қалыңды. 1 м-дей, 9 – 10 ғ-лар) қабырғалары шикі кірпіштен
қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың
жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;
• 4-қабатқа (қалыңд. 1,5 м, 11 – 13 ғ-дың басы) қайта жоспарланып
салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы,
қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған
алқалар, т.б. заттар алынды;
• 5-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 13 – 14 ғ-лар) қабырғасы күйдірілген
кірпішпен қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың,
шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ,
ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар
табылды) қалдықтары ашылды;
• 6-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 15 – 16 ғ-лар) қырлы темір пышақ,
зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп
алынды; 7-қабатының қалыңд. 0,7 – 0,8 м (17 – 18 ғ-лар). Бұл қабат
қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.

1971 – 74 ж. аралығында Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4 га ш.)
аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды.
Көшелердің ені 2 – 3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар
немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын
салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі.
Жалғыз немесе орт. бөлменің көл. 20 – 35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен
жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде
кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән
тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңт-ндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір
де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биікт. 20 – 30 см үй жылытатын тандыр
салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және
түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты
шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның
сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр
түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық
сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар
кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр
бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс
кешендері 16 – 18 ғ-ларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын
нумизмат. материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде
өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған.
Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін
салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де
кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес
келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр. [1]

Отырар ауданы

Отырар ауданы – Оңт. Қазақстан обл-ның батысында орналасқан әкімш.-
аумақтық бөлік. 1935 ж. құрылған. Жер аум. 18,1 мың км 2 (облыстың 15,4%-ын
қамтиды).
Тұрғыны 55,2 мың адам (2004).
Аудандағы 43 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. –
Шәуілдір а. Аудан жері негізінен жазық. Оның басым бөлігін Қызылқұм құмды
алқабы және Сыр өз-н бойлай жатқан Шардара даласы алып жатыр. Ауданның биік
жері Қарақтау жотасында (Қарамола тауы, 388 м). Ол оңт-тен солт-ке қарай
доғаша иіліп 50 км-ге созылып жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар
(Қасымбет, Дүйсебай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар
Отырар қаласы
Отырар тарихы
Көне қала отырар
Отырар-Фараб иелігі аумагының шекарасы
Отырар қаласының пайда болуы
Мен білетін тарихи қалалар құпиясы
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Отырардың заттық мәдениеті
Пәндер