Сақтандыру курсына кіріспе



1. Сақтандыру курсының маңызы.
2. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
3. Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру курсына кіріспе.
1. Сақтандыру курсының маңызы.
2. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
3. Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.
1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақатндыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты Акт деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді.
1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған.
18 ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың шығуына әкелді. Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы құрылған. Достық қоғам болды.
Ресейде 18 ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылады. Сөйтіп көп қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді.
1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы бекітілді. Сақтандыру экспедициясы өрттен құрылыстарды сақтандыру, оның құнының 75% көлемінде жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру соммасының 1,5% құрады.
1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары пайда болды. 1846 жылы Саламандра акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды, ол елдің жекелеген аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру құқына ие болды.
1835 жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып Өмір жеке акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды.
1875 жылы алғашқы үстемдік етуші бірлестік сақтандыру синдикаты ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға дейін қызмет жасады.
1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру қоғамдары пайда болды. 1885 жылы Ресейде шетелдік сақтандыру қоғамдарына қызмет жасауға тыйым салынып тасталды. Шетел капиталының сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24% жетті. Шетелдік сақтандыру қоғамдары ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауға алынды.
1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. Сомның мүлкі сақтандырылды, мұндағы акционерлік сақтандыру қоғамының үлесі-65%; жергілікті қоғамдардыкі-15%; өзара қалалық қоғамдардыкі-8% болды. Орыс акционерлік сақтандыру қоғамдары 1913 жылы 129 млн. Сақтық төлемдерді жинаса, шетелдіктер-12 млн.сом, өзара қоғамдар-14 млн.сом жинады. Сақтандыру қоғамдарының қаржылық ресурстарына ірі инвестициялардың көзіне айналды. Олар мемлекеттік қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Қаржы-несие қатынастары жүйесіндегі сақтандыру.
2. Нарықтық экономика жағдайындағы сақтандырудың рөлі мен мәні.

Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы.
1. Сақтандыру ісінің бастаулары.
2. Тәуекелді сақтандырудың алғы шарты.
3. Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, қағидалары, сақтандырудың экономикалық табиғаты.
Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар:
1. Міндетті сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру.
Міндетті сақтандыру - заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.
Ерікті сақтандыру - міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды.
Ерікті сақтандырудың инициаторы болып, шаруашылық субъектілері мен жеке және заңды тұлғалар табылады.
Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды.
Ерікті сқтандыру алдын-ала келісілген сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын төлеген соң ғана күшіне енеді.
Міндетті сақтандыру:
oo автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
oo жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;
Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:
1. Мүлікті сақтандыру.
2. Жеке басты сақтандыру.
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.
Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.
Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді.
Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын ұйымдық жіктелуі болып табылады.
Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру мемелекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.
Мемлекеттік сақтандыру - сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады.
Акционерлік сақтандыру - сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру компанияларның жұмысын тиімді қылуға қамтамасыз етеді.
Өзара сақтандыру - қабылданған шарттарға сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды анықталған үлестері көлемінде жабу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар топтары арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сақтандырудың ұйымдық түріне жатады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың объективті қажеттілігі.
2. Сақтандырудың қаржы және несиемен өзара байланысы.
3. Сақтандыруда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.

Сақтандырудың жіктемесі.
1. Сақтандыру жіктемесінің қажеттілігі.
2. Сақтандыру жіктемесінің негізі.
3. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша жіктеме: салалары, қосалқы салалары және түрлері.
Кооперативтік сақтандыру- мемлекеттік емес ұйымдастыру түрі. Ресейде кооперативтік сақтандыру 1918 жылы қызметін бастады. Осы жылы Бүкілресейлік Кооперативтік Сақтандыру Одағы құрылды. Кооперативтік сақтандырудың қайта өрлеуі 1988 жылы Кооперация туралы Заңның қабылдануына байланысты болды.
Дәрігерлік сақтандыру - сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық түрі. Негізінен бұл денсаулықты қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғау түрі ретінде қолданылады. Дәрігерлік сақтандырудың субъектілері ретінде азаматтар, сақтандырушы, сақтандырушы дәрігерлік ұйым, дәрігерлік мекеме қызмет жасайды. Сақтандыру объектідері сақтандырудың экономикалық мүдделерімен барлық белгілерінің материалдық иесі болып табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасы сатысында объектілерінің сипаттамасына қарап сақтандырудың негізгі 4 саласын ажыратады:
oo мүліктік сақтандыру.
oo жеке сақтандыру.
oo жауапкершілікті сақтандыру
oo Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру.
Мұндай жіктеу сақтандыруға жататын объектісіне адамның өмірі, десаулығы, еңбекке қабілетті адам жататын сала. Жеке сақтандыру өмірді сақтандыру, бақытсыз жағдайлардан сақтандыру болып бөлінеді және қауіп-қатер, сақтандыру полисі арқылы қарыз беру туралы жағдайларын қамтиды.
Мүлікті сақтандыру - құқықтық қатынас объектісі ретінде әртүрлі мүлік болатын сақтандыру саласына жатады. Оның экономикалық міндеті - сақтандырылған жағдай туғанда болған шығынның орнын толтыру. Сақтандырушының меншігіне жататын мүлікпен қоса, оның иесіне мен оның сақтандырылуына жауап беретін басқа да жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Жауапкершілікті сақтандыруды объекті орыныда сақтандырушының белгілі бір іс-әрекеті салдарынан зиян шегуі мүмкін үшінші (жеке және заңды) тұлғалар алдындағы жауапкершілік тұрады. Сақтандыру қызметін бағалауының жалпы міндеттерін шешкенімен, сақтандыруды жүнргізуге мүмкіндік беретін азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың нақты сақтық мүдделерін ажырата алмайды. Осы нақты мүдделерді ажырату үшін сақтандыру түрлері мен сала бөлімдері айқындалды. Мүлікті сақтандыру сақтандырушылардың әлеуметтік топтары мен меншік түрлеріне қарай сала бөлімдеріне бөлінеді. Осы белгісі бойынша шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің мүлкін ажыратады:
oo мемлекеттік;
oo жеке;
oo жалға берілетін;
oo жеке меншік құқығындағы жеке азаматтардың мүліктері;
Жауапкершілікті сақтандыруда мынадай сала бөлімдері ажыратылады:
oo қарызды сақтандыру;
oo азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру 2 салаға бөлінеді: тура және қосымша зияндардан төленетін қатерді сақтандыру. Тура зияндарға пайданы толық ала алмау, қондырғының тұрып қалуынан болған шығындарға байқамай жіберілген пайда, кәсіпорының банкроттыққа ұшырауы және т.б. жатады.
Мүлікті сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі өзара иерархиялық байланысы жоқ қауіптерді ажырату болып табылады:
oo өрттен мүлікті сақтандыру;
oo ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан сақтандыру;
oo жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;
oo көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру;
Меншік мемлекет иелігінен алынуы мемлекетті халықшаруашылығына әкімшілік басшылық ету мүмкіндігінен айырады. Осындай жағдайда сақтандыру зиянның орнын толтырудың жалғыз тиімді және мүмкін тәсілі болып отыр.
Инвестицияны, сыртқы сауданы және т.б. объектілерді мемлекетаралық қатынастарда қорғау тек сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге асырылады. Сақтандыру қызметтері тәуекелдік, ескертушілік, жинақтаушылық және бақылау функциясы болып бөлінеді.
Ескертушілік қызметі - сақтандыру резервтерінің қаражат арқылы сақтандыру тәуекелділігін азайтуға бағытталған, өрт пен кездейсоқ оқиғалармен күресу шараларын алдын-ала ескерілуін жоспарлау және қаржыландырумен байланысты.
Сақтандырудың жинақтаушылық функциясы - ең алдымен өмірді, ұзақ мерзімге сақтандыру арқылы іске асырылады. Өмірді сақтандыруда сақтандыру категориясы шын мәнінде қаражат жинақтауына қарай несие қатынастарына жатады.
Бақылау функциясы - сақтандыру резервінің арнайы қалыптасыуын сақтандырушының сақтандыру тәртібін орындайтын және жалпы алғанда сақтандыру опрцияларының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру жіктемесі: салалары, сыныптары, түрлері.
2. Сақтандыру жүргізудің нысандары және әдістері.
Тәуекел ұғымы және оның экономикалдық зардаптары.
1. Тәуекел: түсінігі, функциясы, қайнар көздері, жіктемесі.
2. Тәуекелді бағалау.
3. Тәуекелді басқару негізі.Тәуекел менеджмент.
4. Тәуекелді шектеу нысандары- диверсификация, эккаутинг, шектеу, сақтандыру, хеджирлеу, валюталық келісім.
Сақтандыру қызметі - экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік - экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалаптасады. Сақтандыру қызметінің дамуының объективті негізі күтпеген келеңсіз жағдайлардан зиян шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы ұдайы өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сақтандыру нарығын ақша қатыастарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастыруға болады және де бұл қатынас қоғамның сақтандыру қоршағанын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.
Сақтандыру саласының дамуының міндетті шарты сақтандыру қызметіне қажеттіліктің болуы және осы қажеттелікті қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі толық құқықлы субъектілерге айналады.
Қызмет жасаушы сақтандыру нарығы әртүрлі құрылымдық буындарын тұратын күрделі, біріктірілген жүйені бейнелейді. Оны №1 қосымшадан көруге болады:
Сақтандыру қызметінің бастаушы буыны - сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы буында сақтандыру қорының қалаптасуы және пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастардың бір түрі қалыптасса, екінші біреулері пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер өзара ұштасып жатады.
Сақтандыру компаниясы - сақтандыру қорының қызмет жасауының тарихи анықталған қоғамдық тұрапты. Бұл компания сақтандыру шарттарын жасайтын және қызметін көрсететін дараланған құрылым. Сақтандыру компаниясының даралығы, оның ресурстарының толықтай өзінікі болуын және өзіндік толық ресурстар айналасының болуымен айқындалады. Экономикалық дараланған сақтандыру компаниялары өздерінің басқа сақтандырушылармен қарым-қатынастын қайта сақтандыру және бірлесе сақтандыру негізінде құрады. Кез-келген адам өз табысын өз еркімен жұмсай алады және оның қандай бөлігін тұтынуға, қандай бөлігін жинақтауға бөлінетін өдігінше шешеді. Осының барлығын сақтандыру нарығы кеңейтілген сақтандыру қызметінің түрлерінің жиынтығын ұсынғанда ескертіп отыр.
Сақтандыру қызметі экономикалық бәсеке кезіндегі реттеуші қызметті атқарады. Бәсекенің өзі сақтандыру нарығындағы жетістікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл жетістіктерге жету үшін сақтандырушы сақтық қоғамының қызметкерлерін әрдайым жаңа мүмкіншілігі мен клиенттерді іздестіруге, қызмет көрсетудің түрлері мен әдістерін жетілдіруді бағалап отырады.
Кең мағынада алғанда сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып алу бойынша экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын көрсетеді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырушының арасындағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Сақтандыру нарығының қызмет етуінің ең маңызды экономикалық заңдарды: құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы.
Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығының пайда болу кезінде қалыптасты және оның ажырамас маңызды элементі болып табылады. Екеуінің де пайда болу шарты-еңбектің қоғамдық бөлінісінің және әртүрлі меншік иелерінің дараланған тауар өндірушілерінің болуы. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар субъектілерінің өз бетінше қызмет етуін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу мәселесіндегі тең құқылы бірлесе қызмет жасауын, көлденең және тіке байланыстардың дамыған жүйесінің болуын ескертеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде үстемдік етудің ең қауіпсіз жағдайы саладғы 10 және одан да көп бәсекелестердің қызмет жасауы, олардың ішіндегі ең ірісінің үлесі жалпы сақтандыру қызметін сатудың жалпы көлемінің 31-нан, екеуінің 44-дан, үшеуінікі 54-дан, төртеуінікі 64-дан аспауы қажет. Егер осы арақатынас бұзылса, мемлекет экономикалық санкциялар қоладынп сақтандырушылардың қатысуын шектейді.
Сақтандыру нарығының құрылымы институционалдық және айсақтық аспектілермен сипатталады.
Институционалдық аспект - ол акционерлік, коперативтік, өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары түрінде көрсетіледі. Аймақтық аспектіде- жергілікті сақтандыру нарығын, ұлттық және әлемдік сақтандыру нарығын бөлуге болады. Нарықтық қатынастардың дамуы қоғамдық - экономикалық прогресс жолындағы аймақтық кедергілерді жойып, интеграциялық процестерді күшейту арқылы ұлттық сақтандыру нарығын әлемдік нарыққа қосуға жеткізеді. Осындай интеграцияның нәтижесінде ЕҚ-мүше елдердің жалпы еуропалық сақтандыру нарығы саласы құрылды.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Залалды өтеу үшін қорлар мен резервтердің құрылымының экономикалық қажеттілігі.
2. Сақтандыру қорын ұйымдастыру нысандары.
3. Сақтандыру қорларының мемлекеттік резервтік қорларынан айырықша ерекшеліктері.

Сақтандыру рыногы.
1. Сақтандыру рыногының құрылымы.
2. Сақтандыру делдалдары. Сақтандыру рыногы тұрпатының мінездемелері.
3. Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде.
Сақтандыру қызметіне сұраныс пен ұсыныстың көлемдеріне қарай ішкі, сыртқыжәне халықаралық сақтандыру нарықтарын бөлуге болады.
Ішкі сақтандыру нарығы - нақты сақтандырушыларды қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметіне тікелей сұранысы бар жергілікті нарық.
Сыртқы сақтандыру нарығы - ішкі нарық шеңберінде орналасқан және осы аймақтан тыс жерлердегі аралас сақтандыру компанияларына да бейімделген нарықты айтады.
Әлемдік сақтандыру нарығы деп - дүние жүзілік шаруашылық аумағындағы сақтандыру қызметіне сұраныс пен ұсыныстың мәнін түсіну керек.
Сақтандыру нарығында ұсынылатын тауар-сақтандыру қызметі. Ол қызмет шарт негізі мен заң негізінде жеке және заңды тұлғаға ұсынылады. Сақтандыру қызметін сату - сатып алу актісі сақтандыру келісім - шартымен бекітіледі және де сақтандыру полисін сақтандырушыға тапсырады. Сақтандыру түрлерінің тізімі сақтандыру нарығының ассортименті деп аталады.
Қазіргі уақытта сақтандырудың әлемдік тәжірбиесінде екі бағыт күшейген:
1) Сақтандырушылардың қызметін мамандандыру;
2) Сақтандырушылар қызметінің әмбебап сипатта болуы;
Біріншісі, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты, яғни бұл процесс сақтандыру ісінде объективтік қажеттілікке айналады.
Сақтандыру нарығы күрделі көп факторлы динамикалық жүйеге жатады, яғни әрдайым өзара әсер етуші және өзара тәуекелді жеке құрамдас бөліктердің біртұтас топқа бірігуі. Сақтандыру өнімдері, тарфтер жүйесі, сақтандырушылардың клиенттерімен өзара жұмыс жасау инфрақұрлымы және т.б. сақтандыру қызметтері саласында өзара әсер етуші құрамдас бөліктерге жатады. Бұл жүйе сыртқы байланыстар арқылы өзін қоршаған ортамен тығыз, өзара жұмыс жасайды. Осылай жүйе мен ортаны ажыратып қарау, таза шартты әдістемелік тәсілге жатады. Сонымен, сақтандыру нарығы- ішкі жүйе мен сыртқы ортаның диалектикалық бірлігі болып табылады.
Ішкі жүйені толығымен сақтандырушы басқарады. Сыртқы жүйе немесе сыртқы орта жеке элементтерден тұрады және осы элементтерге сақтандырушы басқарушылық әсерін тигізеді. Сыртқы орта ішкі жүйені қоршап, оны шектеп отырады.
Ішкі жүйеге басқарылатын айналымдар сақтандыру компанияларының нарықтық жүйесінің ядросын құрайтындықтан енеді. Ең негізгі айналымдар мыналар: сақтандыру өнімдері, сақтандыру полистерін сатуды ұйымдастыру және сұранысты қалыптастыру жүйесі, тарифтердің оңтайлы жүйесі және сақтандырушының жеке инфрақұрылымы. Тиімді коммерциялық жұмыс жүргізе алатын мамандардың болуы, сақтандыру нарығы саласы үшін маңызы өте зор. Осы факторлардың барлығының жиынтығы нарықтағы сақтандыру компанияларының саясатын, оның бет-бейнесін айқындайды. Осы көрсетілген факторлардың ішінен сақтандыру компаниясының бас менеджері тиімді жолды таңдап алуға міндетті. Ең негізгі басқарылатын факторға сақтандыру өнімдері жатады.
Тарифтердің икемді жүйесі сақтандырушы басқаратын ішкі нарықтық жүйенің негізгі құраушысы болып табылады. Сақтандырушы компанияларының басшыларының мақсаты-бағытталған тариф саясатын жасап, оны нарықтың шарттарына сәйкес қолдануы тиіс, яғни олар нарықтағы бағаны, жеіңлдіктерді анықтап береді.
Нарықтың сыртқы қоршаған ортасы-ішкі нарық жүесін қоршап тұрған және оған әсерін тигізетін өзара әрекет жасаушы өзінің нарықтық коммерциялық жұмысын қоршаған сыртқы орта жағдайларында жоспарлап жүргізеді.
Нарық - тұйықталған жүйе, сондықтан да оны қоршаған әлемдік жүйеде сақтандыру нарығы шексіз. Сақтандыру қызметтеріне нарықтық сұраныс сыртқы ортаның басты элементтерінің бірі, оған сақтандырушының нарықтық коммерциялық қызметінің негізгі күш-қуаты бағытталған.
Сақтандырушының шешім қабылдауы келесі экономикалық және психологиялық алғы шапрттарға негізделеді:
oo адам әрқашанда аз қаржы жұмсап, өзінің сақтық мүдделерін жоғары деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады және жұмсаса бұрын, ол ең алдымен шарттағы осындай іс-әрекеттерді қамтитын қағидаларды оқып танысады.
oo Сақтандырушы әрқашанда тиімді жағын қарастырады, өте жақсы вариантты таба алмағаннан кейін, адам өз тілегі мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасындағы тиімді тепе-теңдікті тауып, келісімге келеді.
Сақтандыру компаниясының техникалық деңгей факторындағы нарықтың сыртқы ортасына - компьютерлік техникамен жабдықталуы, телефакстың болуын және электрондық байланыс каналдарының болуы жатады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Сақтандыру қызметінің бағасы.
2. Сақтандыру қызметіне әсер етуші факторлар.
3. Қазақстанның сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы.
4. Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногын дамыту мәселелері.

Сақтандыру мәселелерінің заңдылық регламентациясы.
1. Құқық жүйесіндегі сақтандыру.
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру заңдарының даму кезеңдері.
3. Сақтандыру келісімі: түсінігі, негізгі элементтері, негізгі шарттары және ерекшеліктері.
4. Сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу.
Сондықтан да, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтің сақтандырусыз алға баса алмайтын белгілі. Кәсіпкерлік қызметте ынталылық, табандылық танытқан, дәстүрлі де, қарапайым да, емес жаңама шешімдер іздеген жан ғана көптеген табыстарға жете алады. Ондайда көп нәрсе белгісіз болғанмен істің сәті түсуіне есептен тәуекел етеді. Кәсіпкерлікті сақтандыру нарықтың зерттелген кеңістігінде кезігетін жайсыздықтардан қорғайтын кепілдікті күтпеген қолайсыздыққа қарсы қою арқылы ақырғы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық, биржалық, валюталық, техникалық, құқықтық, саяси тәуекелдіктер айырықша көкейтестілікке ие болады. Бұл арада сақтандыру қорғап қана қоймай, нарықтық қатынастарға қатысушылардың арасындағы қаржылық және заңдық өзара байланыстардың факторларын де реттейді.
Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің көздейтін түпкі мақсаты пайда табу, іске жұмсалатын капиталды көбейту. Сондықтан ақырға нәтижедегі сақтандырудың маңызы мынаған саяды: күтілген кіріске немесе белгіленген пайданы түгел алмауға орай мүмкін болатын ысырапқа жол бермеу.
Пайданың ысырабына (түгел алынбауы) апаарып соқтыратын себептерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) дүлей апат, авария және өзге де соларға ұқсас оқиғалар кезінде өндіріс үдерісінің бұзылуы;
2) нарықтық жағдайлардың өзгеруі, серіктестіктер тарапынан және технологиялық тәуекелдіктерді игеру;
3) Жаңа техникалар мен технологияларды, өзге техникалық және технологиялық тәуекелдіктерді игеру;
Факторлардың осы топтары сақтандырудың саясына енгізілуге тиіс.
Көптеген елдерде сақтандыру нарығында қаржы ресурстарының тасқыны әлденеше есе көбейтетін кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру, сақтандыру қызметінде үлкен үлес салмақты иеленеді.
Нарықты экономика жағдайында сақтандыру коммерциялық қызмет саласына көбірек айналады. Сондықтан белгіленген тәуекелдіктерді сақтандырған кезде сақтандырушы ондай мәміледен не алатынын алдымен ойлайды. Демек, ірі тәуекелдктің қауіптілігін білген сақтандырушы сақтандыру шартын жасамайды.
Сақтандыру қызметтің аясын кеңейту іздестіргенде кәсіпкерлік қызметпен байланысты жаңа объектілер тартылады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында, яғни осы сәттен бастап заңды тұлғалардың Қор салымына кепілдік беру басқа елдердегідей сияқты басталды. Осы уақыттың ішінде ол қаржы нарығында бірден-бір бөлшегіне айналды, яғни коммерциялық банктер сияқты халықта оған мүдделі.
Деректерге сүйенсек, банктік салымдарды қорғау жүйесін тиімді екені белгілі, мысалы Ресей оны Қазақстанға ұқсас өзгерткісі келді. Қазіргі уақытта 22 банк оның Қазақстандағы қатысушысы болып табылады, сонымен қатар заңды тұлғаның барлық жеделдетілген салымдарының 98,38% оған таратылды. Ақтөбе облысы бойынша, ондағы барлық филиалдар соның территориясына орналасқан және де банктердің филиалдары Қорға қатысушылар болып табылады.
Қазіргі уақытта Қордың қызметі жетілген. Кепілдік беру тәртібі депозитті сақтандыру жүйесімен басшылықтың тиімділігіне сәйкес келтіріледі және де қаржы тұрақтылығының форумымен қабылданады.
Қор қызметінің мақсаты - заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын кері қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады және де екінші деңгейдегі банктердің депозиттік салымдарын тарату. Яғни белгілі бір мерзімге Қорға қатысушы банкке салынған халықтың ақшасы сақтандырлған болып есептеледі. Бұл дегеніміз қатысушы банк пен осы банкте сақталған халықтың немесе кәсіпорынның есебін аударылады. Аударғанда сомалар жеткілікті жоғары деңгейдегі салымдардан (негізгі борышы және есептелінген сыйақылар) 200 мың теңгеге дейін толық аударылады. Жалпы салымдар көлемінің өсуі, аударылған сомалардың үлесінен пропорциональды төмендейді.
Сонымен олар мыналар:
oo салымдарды (негізгі борыш және есптелінген сыйақылар) 200 мың теңге қосылған 80 көлеміндегі сомадан 200 мың теңгеге дейін арттыру;
oo салымдарды (негізгі борыш және есептелінген сыйақылар) 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін және 360 мың теңге қосылған 60-дық сомадан 400 мың теңгеге дейін арттыру;
oo салымдарды (негізгі борыш және есептелінген сыйақылар) 600мың теңгеден 800мың теңгеге дейін және 480мң теңге қосылған 40дық сомадан 800ң теңгеге дейін арттыру;
oo салымдарды (негізгі борыш және есептелінген сыйақылар) 800 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін және 560 мың теңге қосылған 20-дық сомадан 800мың теңгеге дейін арттыру;
oo салымдарды (негізгі борыш және есептелінген сыйақылар) 1 млннан жоғары және 600 мың теңге қосылған 10-қ сомадан 1 млн теңгеге дейін арттыру;
Осы көрсеткішке байланысты бір ғана салымшының өлшемін бір салым ретінде қосады және қарайды. Яғни, егерде бір ғана салымшының бір банкіде бірнеше салымдары болса, онда соманы бір салым ретінде жинайды және қарайды.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. 18.12.00ж. Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы заңының негізгі мәселелері.
2. Сақтандыру компанияларының қызметін мемлекеттік қадағалау.

Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру.
1. Сақтандыру ұйымдарының түрлері.
2. Сақтандыру компаниясын басқарудың негізгі қағидалары.
3. Сақтандыру компанияларының инвестициясын басқару.
Сонымен қатар, қайтарымдар сол валютада төленеді, яғни салым болып енгізілгеннен бастап шетелдік валютамен салынған қайтарымның көлемі теңгемен салынған қайтарымның көлемімен сәйкес келеді, сонымен қатар соттың шешімі бойынша Ұлттық Банк құрылған күннен бастап, шетел валютасының теңгеге шаққандағы ресми курсы анықталды және де қатысушы банктер өз күшін жойды да депозиттік салымдарды таратты.
Дипозиттік салымдар бойынша қайтарымды (аударымды) төлеу банк агенттері арқылы Қорда өндіріледі.
Қорда салымдардың барлық түрі емес сақтандырылатындар қарастырылады, бірақ оған қарамастан банк - Қорға қатысушы болып табылады. Қорда орналасқан кепілденген салымдар, салымдар түрлері мен сыйақы мөлшерін, шекті көлем мөлшерінен арттыра түсуі, яғни Қорда сақтандырулған және егерде банк жойылған жағдайда, онда төлем Қорға аударылмай, керісінше жойылған банктің жою есебінен аударылады. Мысалы, егер Қорда үлкен мөлшерде салымның ставкасы 14 болса, онда банк 16 көлемінде салымдарды қабылдайды. Бірақ Қорда салым туралы деректер сақталмайды.
Жалпы, салымшылар жинақтарын, салымдарын салмастан бұрын біріншіден жазуға көңіл бөлуі керек, яғни Қорда салым түрлері туралы мәліметтер сақталған ба соған және Қорда көрсетілген мөлшерлемені сыйақы мөлшері асырмайды.
Қайтарымды міндеттемелер, депозиттер бойынша сыйақы мөлшерінің шекті деңгейін, жеке және заңды тұлғалардың салымдарын (сақтандыру)
Қазақстандық кепілдендіру қоры ЖАҚ және Қазақшетсақтандыру шетелдік сақтандыру компаниясы ЖАҚ-на жүктерді де келесілер арқылы көрсетіледі;
1) 2000 жылдың 1-ші қаңтарынан - 2000 жылдың 23-ші қарашасына дейін сыйақы мөлшері бойынша жедел салымдарға шектеуқоймау;
2) 2000 жылдың қарашаның 23-нен 2001 жылдың 1-ші шілдесіне дейін теңгемен есептеленген жедел салымдар, сыйақы мөлшері, яғни ҚР-ның Ұлттық Банкі арқылы екі немесе одан да көп ресми белгіленген мөлшерді қайта қаржыландыру арттырмау, сонымен қатар осы жедел салымдардың долларға және евроға шаққандағы көлемі, екі немесе одан да көп LIBOR3-айлықставкасын арттыру;
3) 2001 жылдың қазанның 1-нен 2002 жылдың 1-ші ақпанына дейін жедел салымдар, сыйақы мөлшері АҚШ долларына шаққанда жылдың көрсеткіші 14%-дан аспайды, ал евромен есептегенде жылдық көрсеткіш 8%-дан артпайды;
4) 2002 жылдың ақпанның 1-нен, қазіргі уақытта заңды және жеке тұлғалардың (депозиттік) салымдары мен сыақы көлеміне келесі шектеулер қойылған:
депозиттік жедел салымдарды теңгемен есептегенде:
oo 6 айға дейін алғанда жылына- 10%;
oo 12 айға дейін қосқанда жылына-13%;
oo 36 айға дейін қосқанда жылына-15%;
oo 36 айдан жоғары болса, онда-16%;
АҚШ долларына есептегенде депозиттік жедел салымдарды:
oo 6 айға дейін қосқанда жылына-6,0%;
oo 12 айға дейін қосқанда жылына-7,0%;
oo 36 айға дейін қосқанда жылына-9,0%;
oo 36 айдан жоғары болса, онда-10%; жедел салымдарды (депозиттік) евромен есептегенде:
oo 6 айға дейін қосқанда жылына-50%;
oo 12 айға дейін қосқанда жылына-6,0%;
oo 36 айға дейін қосқанда жылына-8,0%;
oo 36 айдан жоғары болса, онда-9%-ға тең болады.
Осыған байланысты, халықтың және кәсіпорынның салымдарын қорғауды қамтамасыз ету жүйесі сақтандыруды керек етеді. Сонымен қатар салымшылар банк жүйесіне жедел депозит түрлерін салғанда және ақшаларының қайтарымдылығы мен табыстылығында да сақтандыруды қаже,т етеді.
Жалпы сақтандыру қызметінің кәсіпкерлікті сақтандыруда немесе жеке тұлғалардың өмірі мен салымдарын сақтауда маңызы зор.
Негізгі жеке тұлғаның жедел салымын сақтандыру - бұл біздің болашағымыздың кепіл!
Нарық және сақтандыру бір-бірімен тығыз байланысты болғндықтан, нарық экономикасы сақтандырудың дамуындағы белсенді ортасы. Нарық бар жерде тәуелдік кәсіпкерліктің сан алуан түрлері болады.
Тәуекел деген түсініктің қарапайым жағдайындағы нәтижесі алдын-ала белгісіз шешімдерді белгілеуді сипаттайды. Кәсіпкердер бір іске қаражатын сала отырып, болашақта кездесетін оның тағдырына араласатын барлық жағдайларды қамтиды.
Болашақтағы азды-көпті болатын оқиғаны анықтау, сонымен қатар одан келешектегі зияндарды немесе адамдардың денсаулығына әсер ететін жағдайларды сақтандыру тәуекелдігі деп атайды.
Тәуекелдік - бұл адамзат қимылының барлық салаларында кездесетін объективті қүбылыс. Өзінің мән жағдайында ол зиян шектіретін және шығынға әкелетін жарамсыз тасымалдау тәуекелдері автокөліктер, өзен, теңіз жіне әуе көліктеріне байланысты келеді.
Саяси тәуекелдіктер мемлекеттік басқару органдарының құқықтарына қарсы өз азаматтарына істеген істеріне байланысты және сақтандырушының жауапкершілік шеңберіне жатуы мүмкін.
Сақтандырудың тәуекелдік кездейсоқтық жағдайда пайда болғанда ол адам ықпалынан тыс болғанда ғана мәні болады. Алдағы ұзақ мерзімді болашақта адамзат өзінің дамуында тәуекелдікті бақылап отыратын, ал оның жарамсыз нәтижелерін жоққа шығаруын көрсетеді. Тәуекелдікті бағалау үшін дәл ақпарат болуы керек, өйткені олардың болмағаны тәуекелдіктің қателігіне әкеліп соғады. Сондықтан банк қызметінде, азаматтардың салымдарын, қаржыландырып сақтандырудың экономикалық маңызы оарсан зор екендігі белгілі. Республика азаматтарының кәсіпкерлікпен толыққанды айналысуы, сондай-ақ еркін бәсекелестіктің кепілі банк қызметінде сақтандырудың толыққанды қызмет істеуіне байланысты. Бұл проблемелардың түбегейлі де, толық шешілуі республика экономикасының алға басуының кепілі екендігі баршамызға белгілі.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Сақтандыру өнімінің қалыптасуы.
2. Сақтандыру компаниясының жұмысын ұйымдастыру.
3. Сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелін басқаруда әдістерді қолдану.
Актуарлық есеп айырысулар
1. Сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәні.
2. Тарфтік ствканың құрамы мен құрылымы.
3. Сақтандыру статистикасының көрсеткіштері.
4. Сақтандыру компаниясының қызметін қаржыландыру көзі ретінде сақтандыру сыйақысы.
Қандай да бір өндірістік жұмыстың немесе қызметтің ақша және басқа да ресурстарын инвестициялауды және белгілі мерзімнен кейін сол жұмсалымынан кіріс алуды көздейтін коммерциялық қызмет сақтандырудың объектісі болып саналады. Нарықты экономиканың қазіргі жағдайында аталған сақтандырудың маңызы зор. Қызметін бастаған кәсіпкерлер болуы мүмкін шығындардан қорғану үшін сақтандырушымен мәмлеге келуге ұмтылды. Әулетті сақтандырушылардың саны жыл сайын емес, тіпті ай сайын көбейе түседі. Сақтандыру қоғамының тиісті оперцияларды өрістетулеріне мүмкіндік кеңейеді.
Сонымен қатар аталған сақтандыру шарты жасалған уақытта да, оның әрекет ететін бүкіл кезеңіде өте күрделі болып есептеледі.
Коммерциялық тәуекелдікті сақтандырған ұйым жауапкершілікті міндетіне алып, нарық жағдайының қолайсыздығынан, алдын ала білуге болмайтын өзгерістердің салдарынан жоспарын жүзеге асыруға қажетті өзге жағдайдың нашарлауынан туындайтын шығындарды өтейді.
Шарт бойынша жауапкершіліктің шегі есебіндегі сақтандыру сомасы сақтандыру ұйымының келісіміне орай сақтандырушының арызы бойынша анықталады. Сақтандыру сомасын белгілеудің екі нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші нұсқа бойынша сақтанадыру сомасы сақтандырушының сақтнадырылатын операцияға салған күрделі жұмсалымының шегінде белгіленеді.
Екінші нұсқа бойынша сақтандыру сомасына күрделі шығындар ғана емес, шығындардан күтілетін белгіленген (нормативті) пайда кіреді.
Егер белгіленген кезеңде сақтандырылған операциялар қаралған өтімділікті бермесе, сақтандырушыға шарт бойынша шығынның мөлшері өтеледі. Сақтандыру өтемі сақтандыру сомасы мен сақтандырлған коммерциялық қызметтің нақты қаржы нәтижесінің арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
Сақтандыру сомасын белгілеу тәсілдемесіне байланысты сақтандырудың мазмұны да өзгереді. Бірінші нұсқада сақтандырушының шығындары өтеледі; оны инвестицияны сақтандыру деп атауға болады. Екінші нұсқада шығындар мен нормативтік пайда өтеледі, сол себепті оны кірісті (пайданы) сақтандыру деп атауға болады.
Сақтандырудың мақсаты мүмкін болатын ысыраптан қорғау болып саналып, сақтандыру шартының мерзімі күрделі шығынның өтемділік уақытымен түрлеріне қарай елеулі біріккен кәсіпорындар үшін түрліше болады. Атап айтқанда ол кәсіпорынның көлеміне (демек, оның құрылу уақытында), қызметінің ұйымдастырылуына, орналасқан жеріне және өзге де факторға тәуелді болады. Сондықтан олардың кейбір стандартталуы мақсатқа сай болса да, өзара шарттың мерзімдерін дараландырудың сөзсіз болатынынан көрінеді(ең болмағанда аталған сақтандырудың алғашқы кезінде).
Мүлікті сақтандырудың басқа түрлеріне қарағанда шарттың қолдану мерзімін анықтаған кезде сақтандырушы мен сақтандырушының мүдделерінің басқаша көрінетін атап көрсеткен жоқ.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Сақтандыру жарнасының мәні.
2. Істі жүргізу шығындары тарифтік ставка элементі ретінде.
3. Сақтандыру сыйақысын есептеудің ерекшелігі және жалпы қағидасы.

Сақтандырудағы маркетинг
1. Сақтандыру маркетингі: мәні, қажеттілігі, қалыптасуы.
2. Сақтандыру рыногын сегменттеу.
3. Потенциалды сақтандырушыны зерттеу.
Қарастырылып отырған сақтандырудың ерекшелігі сол, сақтандырылған коммерциялық оперциялардың түпкі нәтижелері көрінетін сақтандыру мерзімі аяқталған шақта өтем төленеді.
Сақтандырудың басқа түрлерінде шығын үшін өтем төлеудің қажеттілігі сақтандыру шартының қолданылуының кез келген сәтінде туындауы мүмкін. Коммерциялық тәуекелдікті сақтандыру кезінде төлем мерзімінің анықталғаны түскен жарнаны жоспарлы түрде пайдалануға мүмкіндік беріп, сол мерзімге қор құруға жағдай жасайды.
Сондықтан сақтандыру шартының қолдану мерзімі келіскен кезде ғылыми негізделген кепілдемелергше, өндірістік және өндірістік емес қызметтердің салаларындағы инвестициялардың өтімділігі жөніндегі отандық және шетелдік тәжірбиелердің талдауларына сүйену қажет.
Принцип бойынша сақтандыру өтемі шарт мерзімі аяқталмай тұрып төленуі мүмкні. Егер ғылымдық ауқымдағы қандай да бір оқиғаның нәтижесінде жұмсалған қаржыны қайтару, пайда табу мүмкін болмаған жағдайда өтем мерзімнен бұрын төленуі мүмкні. Ондай оқиғалар туралы сақтандырушыға жедел хабарлау керек. Нарық жағдайымен байланысты көпшілік оқиғалардың ықпалы белгіленген түзетуге көнеді. Қолайсыз өзгерістер де уақытша болуы ықтимал. Сондықтан коммерциялық қызметтер нәтижесі және өтімнің көлемі туралы сақтандыру мерзімінің аяғында жауап табуға болады.
Сақтандыру сипаты шарт жасауға бір қатар міндетті талаптар қоюға себепші болады.Сақтандырушының сол қызметке рұқсаты, лицензиясы және патенті, өзге де қажетті құжаттары болуға тиіс. Тәуекелдіктің дәрежесін талқылауға мүмкіндік беретін алдағы коммерциялық қызмет, одан күтілетін қызмет, одан күтілетін кіріс, соған байланысты шығыс жасалған өзара шарттар, барлық жағдайлар туралы, ол сақтандыру туралы жазбаша арызында толық ақпаратберуге тиіс. Әрине, сақтандыру ұйымдарының өздері де ұқсас кәсіпорындардың қызметтерінің нәтижелері туралы деректерді жинауға және талдауға міндетті. Банктерге және өзге де несиелерге мерзімі өткен қарыздары бар кәсіпорындармен шарт жасауға болмайды.
Сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру тәуекелдігінің дәрежесіндегі барлық өзгерістерді хабарлау және мол тәуекелдікті ұлғайтатын әрекеттерге жол бермеу жөнінде сақтандырушының міңндеттерін алдын ала қарастыру қажет.
Сақтандырушының өзге түрлеріндегі сияқты сақтандыруға және сақтандыру жауапкершілігіне қабылданған кезде кейбір шектеулер қою қажет. Делдалдық қызметтің, сақтандыру бизнесіне бәс тігіуге және басқаларды сақтандырудан шығарып тастау мақсатына сай болады. Ереже бойынша соғыстан және әскери қимылдардың, мемлекеттік органдардың шешімдері мен саяси төңкерістің, валюта курсының өзгерісінің, негізгі алынған кәсіпорынға (цехқа) несие беруден банктің бас тартуының салдарынан орын алатын шығындары сақтандыру жауапкершілігінен шығарылады.
Сақтандырушының, оның сеіктестерінің немесе олжа табушылардың әрекеттері салдарынан туындаған шығындардың орны толтырылмайды.
Алайда, әрбір сақтандыру ұйымы өз міндетіне алған тәуекелдікті шектеуге немесе кеңейтуге құқылы.
Сақтандыруды жүргізгенде ең аз франчизді (мысалы, 5%) белгілеп, оның мөлшерін көбейтуге сақтанушыға құқық берген жөн. Өтемнің ең жоғары сомасын шектеу қою да мақсатқа сәйкес болады (мысалы, шығынның 80%). Коммерциялық тәуекелдікті сақтандырудың жарналарының (тарифтерінің) мөлшерлемені көптеген факторларға байланысты: қызмет түрі, сақтандыру мерзімі, нарық қатынастарының тұрақтылығының дәрежесі және басқалар. Әрбір кәсіпорын үшін тәуекелдік дара болып саналады. Демек, мүкіндігіне қарай төлем мөлшерлерін де дараландыру керек.
Аталған сақтандырудың тарифтері несиелерді сақтандырудың мөлшерлерімен айтарлықтай өзара байланысты. Ондай жағдайларда нарық жетігі күшті әсер етеді.
Жаңа техника мен технология енгізу жолымен өндірісті қарқындандырудың қосымша резервтерді іздестірмей жекешелендірілген кәсіпорын қызметінің тиімді болуын мүмкін емес. Бірақ ескі құрал-жабдықты немесе технологиялық үрдісті алмастыру өндіріс деңгейінің уақытша құлдыраумен байланысты болғандықтан, түсетін кірістер де төмендейді. Ондай техникалық және технологиялық тәуекелдер кәсіпорындардың ғылыми-техникалық үрдіске деген мүдделілігін айтарлықтай төмендетеді. Жаңа техника мен технологияны енгізу тәуекелділігін сақтандыру ондай мүдделілікті ынталандыра алады.
Жаңа техника мен технологияны енгізуден кәсіпорындардың шеккен зиянын сақтандырушы толық өтейді.
Келешекте арналған сақтандырудың бұл түрінің объектісі жаңа техника мен технологияны енгізуден туындаған уақытша залалдар болып табылады. Сонымен залалдар жаңа техниканы енгізу кезіндегі орташа айлық кірістің (пайданың) арасындағы айырмашылық есебінде анықталады. Сақтандырудың қамтамасыз етілуі кәсіпорындардың шеккен зиянының барлық сомасын қамтуға тиісті, яғни жүз пайызға тең болады. Сонымен мсақтандыру төлемдерін есептеген кезде жеңілдіктер мен шегерімдер жүйесін белсенді түрде қолданады.
Аталған сақтандыру түрінің сақтандыру оқиғасы өзара байланысты екі факторлы өзіне біріктіруге тиіс: біріншіден, өндіріске жаңа техниканы немесе технологиялық үрдісті енгізудің бар болу фактісін; екіншіден, соған байланысты енгізімнің алдындағы кезеңмен салыстырғандағы кәсіпорын кірісінің (пайдасының) азаюын;
Аталған сақтандыру түрі бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшерін ең күрделі және жауапты міндет болып саналады.
Жаңа техника енгізуді сақтандырған кезде сақтандыру сомасы болмайды. Зардап шеккендерге өтем нақты зиянның толық мөлшерінде төленеді. Сондықтан тарифтік мөлшерлемені тұрғызған кезде және сақтандыруды жүргізгенде мүлікті сақтандыруға сияқты сақтандыру сомасының залалдық көрсеткішін пайдалану мүмкін емес.
Сақтандыру ұйымдарының кәсіпорындармен қаржылық өзара қатынасын құруды материалдық өндіріс саласындағы жыл сайынғы енгізімінің саны, сондай-ақ жаңа техникамен технологияны енгізуге байланысты кәсіпорындардың шеккен орташа залалдарының мөлшері туралы мәліметтер негіз есебінде қызмет етеді.
Бір оқиға бойынша төлем сомасын есептеу еңбекті аса қажет ететіндіктен ол тариф мөлшерлемесін анықтауға негіз болады. Ол үшін әрбір жеке факті бойынша залалдық мөлшерін есептеу қажет. Оны әр алуан салалардың жекелеген кәсіпорындары бойынша іріктемелі түрде жүзеге асыруға болады.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Сақтандыру өнімін зерттеу.
2. Сақтандырудағы жарнама.
3. Сақтандыру компаниясындағы бәсекелестік және бәсекелесу қабілеттілігі.

Жеке сақтандыру
1. Жеке сақтандырудың пайда болу тарихы.(Ежелгі Рим, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты
Үштік жүйкенің салдануы, этиологиясы, диагностикасы, емі
Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер
Қазақстанда валюталық операцияларды жүргізу ерекшіліктері
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Қазақстан Халықаралық Валюта Қорының, Халықаралық Даму және Қайта құру
Ипотекалық несиенің теориялық негіздері және экономикалық маңызы
Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу
Кәсіпкерлік тәуекелдерді талдау және бағалау
Пәндер