Ақша қаражаттарының есебі,талдауы



Кіріспе
Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде сондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті.жоспарлауды, бақылау, бағалауды.жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ.тілектеріне толығымен жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік.әміршілдік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершіліксіздікті іскерлік, басшүылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру . нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай.күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қоданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік , әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде сондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті-жоспарлауды, бақылау, бағалауды-жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығымен жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілдік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершіліксіздікті іскерлік, басшүылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қоданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік , әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

1.2 Бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және аудиттің құрылу негізі.
Бухгалтерлік есеп - белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын таңдау қызметіне басқару шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Америкалық ант беруші бухгалтерлер институтының мәлімдеуінше, бухгалтерлік есептің міндетті қызметі (функциясы) - басқару шешімдерін қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық сипаттағы сандық ақпараттарды дайындау. Демек қазіргі заманғы бухгалтер тек шоттарды жүргізумен ғана айналысып қоймайды сонымен бірге жоспарлау мен шешім қабылдаудан, бақылау жасау мен басшылардың көңілін аударудан, бағалау мен субеъкт қызметіне шолу жасаудан және аудит
Өткізуден тұратын кең көлемінді қызметті жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп - басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппараттарында да, сыртқы пайдаланушылар кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді.,
Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері :
1. Субъектіні, сонымен қатар басқа да мүдделі тұлғаларды оның шаруашылық қызметі туралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету;
2. Субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасаудың мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншікке иелері жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қыржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй не, оны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздері мен сипатталады деп жазған.
Жалпы алғанда сенімділік кәсіпорынның жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның білгілі бір кезеңдегі қаржылық үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уықытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуелсіздіктің мүмкін болатын деңгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің басты мақсаты келесілер болып табылады:
+ Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер;
+ Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, олардың таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
+ Айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
+ Қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
+ Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
+ Ағымдағы активтердің айналымдағы есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
+ Баластық өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
+ Кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
+ Кәсіпорынның табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
+ Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
+ Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ эәне қысқа мерзімде болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

II қаржылық есеп,талдау және аудит

2.1 Ақша қаражаттарының есебі,талдауы.
Бухгалтерлік есептің 1 қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде; кәсіпорында көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе қысқы мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің басынан бастап 12 айдың ішінде сатып-өткізілетіндігі болжанған кезде; ақша қаражаттары немесе пайдаланылуына шек қойылмайтын оның эквиваленттері түріндегі активтер ретінде танылған кезде ғана ағымдағы активтер ретінде есепке алынуға тиісті.
Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықатрды енгізу және шаруашылық процесін ары қарай дамыту үшін кәсіпорындардың ақша қаражаттары болуға тиісті.
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің 7 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақша және талап етілгенге дейінгі салымдар жатады.
Ақша қаражаттарының эквиваленті деп - ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімділігі жоғары салымдарды айтады.
Ақша легі деп - ақша қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуын айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты ақша қаражаттары,әдетте кассадағы бар нақты ақшаларының, есеп айырысу, валюталық шоттарындағы және банкте ашылған арнайы шоттардағы нақты ақшаларынан тұрады.
2009жылыдың маусым айының екісінде кассадан(1010) 6700 теңге жүргізушіге берілді ,оқушыларды тасмалдау үшін, бұл (1250) жұмыскерлелдің қысқа мерзімді дебиторлық борыштарына жатқызылды
2009жылыдың маусым айының 26 кассаға (1010) 10164 теңге келип түсті, автовагзалдың бір күнгі табысы .
Ағымдағы есеп шотқа(1030)оқушыларды тасымалдау үшін аудандық әкімшіліктен 430000 теңге келіп түсті ( тіркеме )

2.2 Дебиторлық борыштардың есебі.
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері үшін, алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
Дебиторлық борыштардың құрамында кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:
* Алынуға тиісті борыштар;
* Алынған вексельдер;
* Кәсіпорынның активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдері;
* Ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер;
* Негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері және оның еншілес серіктестіктері арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;
* Басқадай дебиторлық борыштар.
Алынуға тиісті шоттар- кәсіпорынның сатып өткізілген өнімдері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қайтарылып алынуға тиісті борыштар.
Бухгалтерлік баланста көрсетілген Алынуға тиісті борыштар бабы шот - фактуралармен, ал Алынған вексельдер бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады.
Сауда дебиторлық борышы - бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатып алынған тауарлар, қабылданған қызметтер және жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш болып табылады.
Әдетте, төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген болып саналады.
Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе артық төлем жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиісті. Бұл кредиттік сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді.
Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға (дебиторлық борыштың айналымы) шешім қабылдау үшін қарыздардың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та таңылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтитжесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып-өткізу мен төлем жасау мерзімнің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.
Сатып алушылардың келісім-шартта белгіленген мерзімде төленбеген шоттары күмәнді борыштар деп аталады.
Күмәнді борыштар бойынша резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 табыс деп аталатын қазақстандық стандарттармен және оған әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.
Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімімен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.
Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:
Қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын - ала қарастыратын резервтеу әдісі;
Нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын тікелей есептен шығару әдісі.
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді есеп, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде ол шығынға апарылуы тиіс деп есептелінеді.
Алайда Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер салық есептеулерінде тек тікелей есептен шығару әдісін пайдалануға тиісті.
Күмәнді борыштар есебін жүргізгенде бухгалтерлік есепті сәйкестік принципі басшылыққа алынуға қажет.
Күмәнді борыштар бойыша резервтеу әдісі - бойынша кәсіпорын болашақта алуға тиісті сомаға дейін шоттардың көлемін азайтуды және ағымдағы мерзімде күмәнді борыштар бойыша резервтің сомасын анықтау үшін екі әдісті пайдалануға болады:
Өнімді сатып - өткізу көлемінен есептелінетін проценттік әдіс;
Төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі.

2009 жылдын маусым айында жұмыскерлердің қысқы мерзімді дебиторлқ борышы( 1251) 491452 .Нақты ақша қаражаты кассадан(1010) берілді .Талдау көрсетіп тұрғандай жауап беруге тиісті тұлғалар ай сайын сатылынып алынған тауарлар боынша аванстық қортынды беріп тұрады,онда операциялар бойынша растайтын фискалды чектер, счет - фактуралар болады.(тіркеме )

2.3 Тауарлы материалдық босалқылардың есебі, талдауы.
Тауарлы-материалдық қорлар - серіктестік мүлкінің бір бөлігі, ол өз бойынан келесі қасиеттерге ие:
1.Сатуға арналған тауар өндірісі, жұмыс атқару мен қызмет көрсету кезінде тұтынылады;
2.Сатуға арналады;
3.Кәсіпорынның басқарушылық қажеттіліктерінде тұтынылады.
Тауарлы-материалдық қорлар құрамына: шикізаттар мен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім мен тауарлар кіреді.
Тауарлы-материалдық қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтері, әрі негізгі табыс көзі, себебі олардың есебі мен бағалануы негізінен баланс пен қаржы-шаруашылық есеп көрсеткіштеріне әсер етедә. Тауарлы-материалдық қорлар бұл операциялық цикл мерзімі ішінде сатуға арналған активтер немесе өндіріс тұтынуы үшін өнімді өндіру мен сату мақсатталған.
БЕХС (1А8) 2 Қорлар (КЕХС көшуде жүзеге асыру барысындағы кәсіпорындар үшін) және ҚЕҰС №2 мен қорлар есебінің реті анықталады.
Келесі критерилер сақталғанда қорлар есепте актив ретінде танылады:
Активтермен байланысты болашақта күтілетін экономикалық табыстар алу мүмкіндігінде;
Қорлардың өзіндік құнын бағалау активтер мен сатып өткізу үшін сатып алынған активтерді сатудан болашақта табыс алу көзделеді.
Қорларды анықтауға жауап беретін активтерді 3 топшаға бөлуге болады:
1. Компанияның спецификалық қызметінен туындайтын шикізаттар мен материалдардың түрлеліне синтетикалық шоттардың ашылуынан бастап 1310 шоттарында есептеледі;
2. 1340 шоттарында аяқталмаған өндіріс есептеледі;
3. 1320-1330 шоттарында дайын өнім мен тауарлар есептелінеді.

ҚЕҰС №2 сәкес тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны шығындардан тұрады:
-Тауарлы-материалдық қорлар сатып алғанда сатып алғандағы өзіндік құнымен қоса (шот-фактура сомасы, жеңілдіктерді қоспағанда), кедендік баждар ,басқа да салықтар (толықтыруларды ескермегенде), фрахт құны(тауарларды жүктеу, орналастыру жұмыстары мен оларды жолда сақтандыру), басқа да шығыстар, сатып алумен тікелей байланысты;
-Қайта өндіру шығындары, дайын өнімді өндірумен байланысты, сонымен қатар:
А) станоктар, шикізаттар мен материалдарды дайын өнімге айналдыратын қайта өндіру станоктары мен құралдарында жұмыс атқаратын жұмысшыларға төлем фондынан төлемдер мен еңбек ақы шығындары;
Б ) шикізаттар мен материалдарды қайта өңдеу кезінде шеккен тұрақты және айнымалы өндірістік үстеме шығындарды жүйелі түрде бөлу.
-Тауарлы-материалдық қорлар орналасқан жерге транспорттау кезінде шеккен қазіргі кездегі немесе оларды керекті қалыпқа келтіру процесінде (дайын өнімді қоймаға транспорттау, тауарларды жеке тапсырыс бойынша құрастыру шығындары).
Кәсіпорынның қызмет сферасының тауарлы-материалдық қорларының өзіндік құны құралады:
* Қызмет көрсетумен айналысатын және ортаңғы басқару персонал жұмыстарына төлем фондынан төлемдер мен еңбек ақы шығындары;
* Қосымша материалдық шығындар;
* Қызмет көрсету барысында шеккен үстеме шығындар.
-Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына кірмейтін шығындар:
Нормативтен асатын материалдарға жұмсалған шығындар (кәсіпорында бекітілген шығындардың оптималды нормасы бойынша), жұмыс күші мен басқа да жоспарланбаған шығындар;
Өндірістік циклдердің арасында тауарлы-материалдық қорларды сақтау шығындары, егер техникалық процеспен қарастырылмаған болса;
-жалпы және административтік шығындар;
-Өткізумен байланысты шығындар.
Тауарлы-материалдық қорларды таза құны бойынша бағалау
Өткізудің таза құны сатып өткізуден күтілетін құны, тауарларды қайта сату, дайындау және сату шығындаоын қоспағанда.
Осындай құн өзіндік құнның келесі себептеріне байланысты қайта құрыла алмаған жағдайында қолданылады:
* Тауарлы-материалдық қорлар зақымдалуы;
* Олар толығымен немесе толығымен емес ескіреді;
* Нарықтық құнының төмендеуі.
Таза сатып өткізу құнын анықтау әдістері. Ең төменгі өзіндік құн мен тауарлы-материалдық қорлардың таза сатып өткізу құнын анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:
1) Тұрақты тауарлы-материалдық қорларды әр атаулысын сатып өткізуде ең төменгі баланстық және таза құны таңдалады.
2) Негізгі тауарлық топтар тауарлы-материалдық қорлардың әр тобының сатып-өткізудің баланстық және таза құны таңдалады.
3) Қорлардың жалпы деңгейі барлық тауарлы-материалдық қорларды сатып-өткізудің ең төменгі баланмтық және таза құны таңдалады.
Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік және нарықтық құнының ең төменгісі. Инфляция деңгейі мен циклдік тербеулердің бағаға әсері аз болатын тұрақты экономикалық ортада тауарлы-материалдық қорларды оларды сатып алу құны бойынша есепке алу дұрысырақ. Бірақ циклдік құлдырау жағдайында жылдық инфляция деңгейі 2 таңбалы бағамға жақындауын, бағалардың төмендеуі немесе нарықтық тұрақты жағдайындағы бағаның екі жаққа сезілетіндей тербелуі, тауарлы-материалдық қорларды сатып алу құны бойынша көрсету олардың нақты құнына потенциалды табыс көзі ретіндегі объективті баға беруді қояды.

2.4 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі,талдауы
Бухгалтерлік есептің 16 негізгі құралдар деп аталатын халықаралық стандартына сәкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Ненгізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, уйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары,аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар,шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
A. Егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
B. Егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйеден топтастырудың экономиканың барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға : өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар,двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Экономиканың салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек және тағы да басқа сала бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономиканың салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндетіне, қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жерлер)
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар
3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер
4. Көлік құралдары
5. Басқадай ненгізгі құралдар

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті және жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәкес негізгі құралдарды бағалаудың мынадай түрлері бар:
Өзіндік құн - төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары эквиваленттерінің не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Амортизацияланушы құн - жойылу құнын тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнның орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.
Жойылу құны - негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейін алынады деп күтілетін таза сома.
Әділетті құн (сатып-өткізу) құн - бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.
Құнды төмендетуден шеккен зиян - активтің баланстық құнының оның төлеген құнынан артық сомасы.
Баланстық құн - жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив баланста есепке алынатын сома.
Бухгалтерлік есептің 16 негізгі құралдар деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануға тиісті.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімнен ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде
Ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

Материалдық емес активтер

Материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруге, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтады.
Материалдық емес активтерді 4 топқа бөлуге болады:
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер(ноу-хау, бағдарламалық жабдықтау,ұйымдастыру шығындары,табиғат ресурстарын пайдалану құқығы)
2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер(тауар белгілері,сауда маркілері
3. Пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер (патент,лицензиялық келісімдер, франчайзинг, өндірістік үлгілер)
4. Басқа материалдық емес активтер (гудвилл, интеллектуалдық меншік).
Материалдық емес активтердің есебі №38 материалдық емес активтер деп аталатын Халықаралық қаржылық есеп стандартында қаралған.
Материалдық емес активтерді бағалау түрлері: бастапқы құн, амортизацияланған құн, баланстық құн, сатып-өткізу құны.
Материалдық емес активтер есебі бойынша қолданылатын құжаттар:
* материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі (№МЕА-1)
* Материалдық емес активтердің инвентарлық карточкасы (№МЕА-2)
* Материалдық емес активтер есебінің ведомосы
Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда 10 жылдан аспайтын мерзім алынады.
Материалдық емес активтердің есебі төмендегі активті шоттарда жүргізіледі: 2710-2730 шоттар.
Материалдық емес активтердің амортизация есебі 2740 пассивті шотта жүргізіледі.
Материалдық емес активтерге амортизация есептеудің мынадай әдістері бар

* Бір қалыпты есептен шығару әдісі
* Өндірістік әдіс
* Азайып отыратын қалдық әдіс

Негізгі құралдар бойынша ( 2410) шотында есеп жүргізіледі.2009 жылды есебі бойынша негізгі құралдардың сомасы 26998080 теңгені құрайды.Талдау бойынша біз байкадық жарты жылдың ішінде істен шығарылған негізгі құрлдар жоқ.
2.5 Инвестициялардың есебі

Қазақстан Республикасында инвестицияны пайдалану ҚР инвестициялар заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заң 2003 жылы қаңтарда қабылданған. Инвестиция дегеніміз - инвестициялар заңды тұлғаның жарғылық қорына және активтерді ұлғайту кәсіпкерлік қызмет атқару мақсатында салатын барлық мүліктік құны немесе негізгі және айналым капиталын өндіріс барысында сатып алуға ұзақ мерзімді салым.
Жалпы инвестицияның екі түрі бар:
1. Қаржылық инвестициялар - құнды қағаздарды сатып алуға және өндіріске мақсатты бағытта ақша салуға жұмсалатын бөлігі.
2. Нақты инвестициялар - капитал айналымын ұлғайту немесе негізгі капиталды қайта өндіру мақсатында салынуын айтамыз.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және өзгермелі компоненттерінің бірі. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге шығын қысқарады. Бұл қысқарулардың көп бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқарады. Ол өзіне тән заңдылықтар мен дами отырып, өзіндік логикаға ие объективті үдеріс. Себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болышықта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Инвестициялық үдеріс кәсіпорынның жоспарын анықтаудан басталады. Бұған төмендегі факторлар әсер етеді:
Кәсіпорынның өмір сүру цикілінің сатылары
Жалпы даму стратегиялары
Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы.
Құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы керек және сәйкес инвестициялық жобалармен бағдарламаларды іріктеу арқылы ағымдағы шаруашылық қызметті жургізуі тиіс
Біз қарастырып отырған кәсіпорын бойынша инвестиция жоқ

2.6 Міндеттемелердің есебі

Міндеттемелер дегеніміз - белгілі бір тұлғаның басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы, ал борышкерден оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің құқығы бар.
Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әртүрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.
Қазіргі міндеттемелер мен келешекте болатын міндеттемелердің арасында шектеу қойылу керек. келешекте активті сатып алу жөнінде кәсіпорын басшысының қабылдаған шешімі міндеттеменің туындауына себеп болмайды. Әдетте, міндеттеме актив тек кәсіпорынға қабылданған немесе кәсіпорын активті сатып алу жөнінде келісім жасаған кезде ғана туындайды, яғни міндеттеме өткен келісімдердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Мысалы, тауарлы-материалдық босалқылардың сатып алу және қызметтерді пайдалану төленуге тиісті шоттардың пайда болуын туындатады (егер олар үшін алдын-ала немесе жабдықтау кезінде төлем жасалынбаған болса), ал несиелердің алынуы оларды төлеу міндеттемесін туындатады.
Егер міндеттеме қабылданса, онда ол тез арада есепке алынуға тиісті.
Міндеттемелердің бағалануы. Міндеттемелер, әдетте, қарызды төлеу үшін қажетті ақша сомасымен немесе нарық жағдайында берілуге тиісті тауарлардың, көрсетілуге тиісті қызметтердің құнымен бағаланады.
Міндеттемелердің өтелуі әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:
Ақша қаражаттарын төлеу арқылы;
Басқадай активтерді беру арқылы;
Қызмет көрсету арқылы;
Бір міндеттемені екіншісімен ауыстыру арқылы;
Міндеттемені капиталға ауыстыру арқылы;
Сондай-ақ, кредитор өзінің құқықтарынан бас тартқан немесе ол құқықтардан айырылған жағдайда міндеттемені жойылды деп есептеуге болады.
Міндеттемелер орындалу мерзіміне байланысты екі категорияға жіктеледі:
1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
2. Ағымдағы міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер - есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді банк несиесі, банктан тыс мекемелердің несиелері, басқадай несиелер, еншілес серіктестіктердің ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелер, кейінге қалдырылған табыс салығы жатады.
Бірақ міндеттеме бойынша процент төлеуге жұмсалатын қаржылардың үлесі өсетіндіктен, міндеттемелердің көбеюі кәсіпорын үшін қауіпті.
Есепті кезең ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін борыштар ағымдағы міндеттемелер болып табылады.
Ағымдағы міндеттемелер кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің әсерін тигізеді, себебі олар ағымдағы ресурстарға талап қояды.
Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері төмендегілерден тұрады:
1. Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
2. Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
3. Кредиторлық борыштар;
4. Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
5. Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар;
6. Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.
Ағымдағы міндеттемелерді үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Нақты міндеттемелер
2. Бағаланушы міндеттемелер
3. Шартты міндеттемелер.

2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі

Жұмыстың күрделілігіне, мөлшеріне және сапасына сәйкес жұмысшылардың арасында бөлінетін ақшалай және натуралды түрдегі қаражаттың жалпы сомасы еңбек ақы қоры деп аталады. Еңбек ақы қорына қабылданған еңбек ақы жүйесі мен нысанына, қаржыландыру көзіне тәуелсіз, кәсіпорында есептелген барлық еңбек ақы, ынталандыру және жәрдем ақы сомалары, сонымен қатар натуралды еңбек ақы түрінде берілетін өнімнің құны кіреді.
Еңбек ақының жалпы сомасына төмендегілер кіреді:
* Еңбек ақы сомасы
* Ынталандыру сипатындағы төлемдер
* Еңбек тәртібіне және еңбек жағдайларына байланысты төленетін орнын толтыру сипатындағы төлемдер
* Еңбек туралы заңға және ұжымдық келісім-шарттарға сәйкес кідіріс уақытына есептелген еңбек ақы сомасы
Еңбек ақы еңбек еткен уақытқа пропорционалды түрде тарифтік төлем, еңбек ақы мөлшері, кесімді баға және аккорды нарядтар бойынша есептелінеді. Ынталандыру төлемдеріне сай ақылар, тарифтік төлемдерге және кәсіби шеберлігі, еңбекте жоғары жетістіктері үшін еңбек ақы мөлшеріне қосылған үстемелер т.с.с., сонымен қатар көп жылғы сіңірген еңбегі, еңбек стажы, жыл бойғы істелінген жұмыстың нәтижесі үшін сый ақылар және сол сияқты басқа да төлемдер мен сыйлықтар жатады.
Бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбек ақыны негізгі және қосымша еңбек ақы деп бөледі.
Негізгі еңбек ақы деп нақты жұмыс істеген уақыты, мерзімі және кесімді төлем кезінде орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін төлемдерді,қосымшаларды, сый ақылар және сый ақылы үстемелерді және т.б.атайды.
Жалақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл - ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады. Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.

Еңбекақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валют Транзит Банк шоты
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
«Metrocom Service» ЖШС
JPK Corporation ЖШС
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Коммерциялық банк өтімділігін тиімділік және төлем қабілеттілігі позициясы бойынша бағалауы мен талдауы
Бухгалтерлік есептің жүру жолы
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Ай Ер Нур Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бойынша өндірістік іс-тәжірибе есебі
Пәндер