Квалиметрия



Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім
1.Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері ... ... ..
2.Өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі терминдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Квалиметриялық шкалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы ... ... ... ... .
5.Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6.Өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7.Салмақтылық коэффициентін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.Сапа деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9.Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Квалиметрия ( лат./quails/сапасы қандай + гр. /metron / өлшеу)- әр түрлі обьектілердің сапасын сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала.
Квалиметрия обьектілері «сапа» деген түсінікті қолдануға болатын кез келген обьекті болып табылады. Обьектілер туралы түсінікте мына жағдайды есте ұстау керек. Өнеркәсіптік өнімдердің обьектілерінде қолданылатын көптеген ережелері мен әдістері ауылшаруашылық өнімдерінің обьектілерінде де пайдаланылады.
Өнім сапасы деңгейінің бағасы деп бағалау қорытындысы түсіндіріледі, бағаланған өнім сапасының көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстыру. Бұл баға сандық және сапалық формада әкелінген болуы мүмкін.
Сандық формадағы баға бір санмен көрсетіледі, өзімен бірге сапа мағынасын көрсететін өнім құрамының белгілі салыстырмалылығын көрсететін.
Өнім құрамы деп обьективті ерекшелік танылады, мүмкін өңдеу кезінде пайда болатын өнімді дайындау және эксплуатациялау.
Өнім сапасының көрсеткіштері оның құрамының тек біреуіне қатысты өнім сапасы көрсеткіші бірлікті деп аталады, оның құрамына бірден бірнешесі қатысты болса, онда комплексті көрсеткіш болады.
Өнім сапасының комплексті көрсеткіші қосынды пайдалы тиімділігінің қатыстылығына байланысты оны дайындауға және эксплуатациялауға немесе қажеттілігінде қосындылау интегралды көрсеткіш деп аталады.
Өнім сапасы көрсеткіштері оның осындай құрамына немесе құрамының осындай салыстырмалылығы, өнім сапасы жайында шешім қабылдау анықтаушы көрсеткіш деп аталады.
Өнім сапасы көрсеткіштерінен өнім параметрлерін айыруға болады. Өнім сапасы көрсеткіштері өнім жарамдылығының деңгейін белгілі бір қажеттілікте қанағаттандырып, сандық сипаттайды, сол секілді өнімнің сол құрамын, оның сапа құрамына кіретіндер.
Өнім сапасы көрсеткіштері оның бір немесе бірнеше параметрлеріне байланысты болуы мүмкін. Өнім параметрлері өнімнің құрамы сияқты оның сапалық құрамына кіретін өнімнің құрамы және басқалар сияқты сандық сипатталады. Мысалы: металлкескіш станоктың ұзақмерзімділігін және өнімділік көрсеткіші кесу геометриялық және формалық өлшемдерінің өзара байланыстылығына қатысты табылады, оның конструктивті параметрі болып табылушылар. Техникалық құрылғылардың бастартпаушылық көрсеткіштері
Автоеньков
Квалиметрия

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Стандарттау және сертификаттау кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару.

Орындаған: Жұматаева Н.
Тобы: ХТ-09-6к
Жетекшісі: Қалдыбаева Б

ШЫМКЕНТ - 2011 жыл

Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
1.Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері ... ... ..
2.Өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Квалиметриялық шкалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.Сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы ... ... ... ... .
5.Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
6.Өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.Салмақтылық коэффициентін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.Сапа деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9.Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Аннотация

Нормативтік сілтемелер
Бұл курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттардағы сілтемелер
пайдаланған:
ГОСТ 1341-84 Пергамент. Техникалық шарттар;
ГОСТ 1760-86 Подпергамент. Техникалық шарттар;
ГОСТ 13830-91 Тағамдық ас тұзы. Жалпы техникалық шарттар;
ГОСТ 17626-81 Техникалық казейін. Техникалық шарттар;
ГОСТ 26809-86 Сүт жəне сүт өнімдері. Қабылдау ережелері. Сынаманы
талдауға дайындау əдістері;
ТШ 10.02.02 789-65-91 Құрғақ жəне сұйық бактериялық ашытқылар;

Кіріспе
Квалиметрия ( лат.quailsсапасы қандай + гр. metron өлшеу)- әр түрлі обьектілердің сапасын сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала.
Квалиметрия обьектілері сапа деген түсінікті қолдануға болатын кез келген обьекті болып табылады. Обьектілер туралы түсінікте мына жағдайды есте ұстау керек. Өнеркәсіптік өнімдердің обьектілерінде қолданылатын көптеген ережелері мен әдістері ауылшаруашылық өнімдерінің обьектілерінде де пайдаланылады.
Өнім сапасы деңгейінің бағасы деп бағалау қорытындысы түсіндіріледі, бағаланған өнім сапасының көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстыру. Бұл баға сандық және сапалық формада әкелінген болуы мүмкін.
Сандық формадағы баға бір санмен көрсетіледі, өзімен бірге сапа мағынасын көрсететін өнім құрамының белгілі салыстырмалылығын көрсететін.
Өнім құрамы деп обьективті ерекшелік танылады, мүмкін өңдеу кезінде пайда болатын өнімді дайындау және эксплуатациялау.
Өнім сапасының көрсеткіштері оның құрамының тек біреуіне қатысты өнім сапасы көрсеткіші бірлікті деп аталады, оның құрамына бірден бірнешесі қатысты болса, онда комплексті көрсеткіш болады.
Өнім сапасының комплексті көрсеткіші қосынды пайдалы тиімділігінің қатыстылығына байланысты оны дайындауға және эксплуатациялауға немесе қажеттілігінде қосындылау интегралды көрсеткіш деп аталады.
Өнім сапасы көрсеткіштері оның осындай құрамына немесе құрамының осындай салыстырмалылығы, өнім сапасы жайында шешім қабылдау анықтаушы көрсеткіш деп аталады.
Өнім сапасы көрсеткіштерінен өнім параметрлерін айыруға болады. Өнім сапасы көрсеткіштері өнім жарамдылығының деңгейін белгілі бір қажеттілікте қанағаттандырып, сандық сипаттайды, сол секілді өнімнің сол құрамын, оның сапа құрамына кіретіндер.
Өнім сапасы көрсеткіштері оның бір немесе бірнеше параметрлеріне байланысты болуы мүмкін. Өнім параметрлері өнімнің құрамы сияқты оның сапалық құрамына кіретін өнімнің құрамы және басқалар сияқты сандық сипатталады. Мысалы: металлкескіш станоктың ұзақмерзімділігін және өнімділік көрсеткіші кесу геометриялық және формалық өлшемдерінің өзара байланыстылығына қатысты табылады, оның конструктивті параметрі болып табылушылар. Техникалық құрылғылардың бастартпаушылық көрсеткіштері болып жиынтық өнімді қалдықсыз кесуде өзімен бірге конструктивті параметрді көрсететін функционалдық қатысы табылады.
Өнім сапасы көрсеткіштері әр түрлі бірлікте немесе өлшемсіз түрінде көрсетілуі мүмкін. Олар өзінің өнім түрінің оның әр түрлілігіне байланысты түрліше сипатталады.
Өнім сапасын жақсарту - өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б.
Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол тұтынушы құны, құн, тиімділік, баға, пайда, материалдық қызығушылық түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау - конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:
* өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
* тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
* өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
* жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
* өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
* жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
* өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту ─ басқарылатын процес.
Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді.
Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.
Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан өндіру мүмкін.
Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
* өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
* өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
* зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
* теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
* ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.
Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлем қабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде қарайды.
Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі.
Өнімнің сапасы түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.
Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өнім сапасы және өндіріс тиімділігінің анализін талап етеді.
Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 -- 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
Қ ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
М а л т а . Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт -- ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
А қ м а л т а . Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
К ұ р т - м а й . Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады.
Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері (витаминдері) бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл дәрумендер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт белогы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт белогының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әр түрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

Негізгі бөлім
1. Өнім сапасын бағалаудың алғашқы мәлім болған жағдайлары б.э.д ХV ғасыр. Ол кезде Крит аралының көзешілері өздерінің өнімнің дайындаушы және жоғары сапасы туралы куәландыратын арнайы белгімен бұйымдарын таңбалаған. Бұл атаулар шкаласы немесе адрестік шкала деп аталатын шкала бойынша сапаны бағалау болған. Қазіргі кезде фирмалық белгілер, сонымен қатар басқа сапа белгілері өнім сапасының бағдары, бағалау көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Кейінірек өнім сапасын бағалаудың эксперттік әдісінің түрі ретінде ұжымдық даналық әдісі - тұтынушылардың жалпы тәжірибесіне негізделген әдіс қолданылды. Сапаны эксперттік бағалаудың көне мысалы шарап дегустациясы болып табылады. Тұтынушы мұқтаждықтарының еңбек өнімдерінің сәйкестігін анықтаудың өспелі қажеттілігі арнайы ғылыми пән - тауартанудың пайда болуына алып келді. Бұл сату нарығында тауарлардың классификациясын, сонымен қатар олардың сапасын және құнын бағалауды талап ететін, әртүрлі тауарлардың үлкен мөлшерде пайда болуымен негізделді. Тауартанудың алғашқы кафедрасы Италияда Падуан университетінде 1549 ж. ұйымдастырылды.
Халықаралық сауданың дамуы сапа категориялары бойынша өнімді жіктеуді талап етті, бұл үшін өнімнің жеке қасиеттерін ғана өлшеу емес, барлық негізгі тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы бойынша өнім сапасын сандық бағалау қажет болды. Осымен байланысты Еуропа және АҚШ-та ХІХ ғ. соңында ХХ ғ. басында баллдық өнім сапасын бағалау әдістері кеңінен қолданыла бастады.
Алғашқы рет Ресейде өнім сапасын бағалаудың аналитикалық әдісін атақты кеме жасаушы, академик А.М.Крылов негіздеді және қолданды. Ол кеменің әрбір қасиетінің айқындылық дәрежесін және олардың біркелкі еместігін ескеретін сәйкес коэффициенттер көмегімен ұсынылатын кеме құрылысы жобасының сапасын бағалаған. Осы коэффициенттерді бір жүйеге келтіру қаралатын жобалардың сапасын сандық бағалауға мүмкіндік берді.
Квалиметрия кез келген объектілердің сапасын бағалау туралы жеке ғылым ретінде ХХ ғ. соңында қалыптасты. Оның пайда болуы өндірілетін өнімнің сапасын басқарудың тиімді және ғылыми негіздеудің аса қажеттілігімен негізделді.
Бұл ғылым үшін тарихи шешім Будапешт мәскеу мейрамханасында энтузиасттар тобының ресми емес кездесуінде 1967 ж. қаңтарда қабылданды. Стандарты и качество журналының 1968 ж. қаңтардағы санында квалиметрия - сапаны өлшеу мәселелері зерттелетін және кез келген табиғат объектілерінің: материалды және материалды емес, жанды және жансыз, заттар және процестер, еңбек және табиғат өнімдері және т.б. сапасын сандық бағалау әдістері және әдістемелері әзірленетін ғылым ретінде ұсынылған топтың ұжымдық позициясынан жазылған мақала жарияланды. Мақалада сапаның әртүрлі қасиеттері мен белгілердің көптігінен қарамастан, объект сапасын бір сандық көрсеткішпен сипаттау мүмкіндігі дәлелденген.
1971 ж. біздің елімізде алғашқы Өндірістік өнімнің сапа деңгейін бағалау әдісі шығарылды. Осы жылы 15 Сапаны бақылау бойынша еуропа ұйымының (ЕОКК) халықаралық конференциясында бес секциянын біреуі квалиметрия мәселелеріне арналды. 1972 ж. Таллинде квалиметрия бойынша алғашқы жалпыкеңестік ғылыми конференция өткізілді.
1979 ж. - КСРО Госстандарты РД 50-149-79 Өндірістік өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар атты жетекші құжат шығарды.
1979 ж. бастап квалиметрия термині ГОСТ 1546-79 Өнім сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар стандартталған болып табылады. ЕОКК 1971 жылдан халықаралық конференцияларда квалиметрия мәселелерін тұрақты талқылайды.
Біздің елімізде пайда болған және белсенді дамып жатқан квалиметрия енді шетел мамандарымен танылып және меңгеріліп жатыр. Мысалы, 1997 ж. қыркүйек АҚШ-да квалиметрия тәсілдері мен әдістемесін қолдануды менеджерлерге оқыту бойынша халықаралық семинар өткізілді.
Сапа - объектілер және олардың қасиеттері мәнінің сипаттамасы ретінде әрқашан адамдар үшін үлкен практикалық мәнге ие. Сондықтан, адамның барлық ісінде сапаны бағалау мәселелері маңызды болған және бола береді.
2. Қазіргі квалиметрияның тұжырымдық ережелері мен міндеттері
Қазіргі талаптардан қазіргі квалиметрияның мынадай бастапқы тұжырымдық ережелерін қалыптастыруға болады:
1. Квалиметрия орнату үшін жарамды сандық және сапалық түрде өнімнің тіршілік циклының кез келген кезеңінде бағаланатын объектінің сапасы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
2. Квалиметрия объект сапасын бағалауды динамикалық категория ретінде қарастырады, өйткені нарық конъюктурасының өзгеруі кезінде объект сапасының өзгеру мүмкіндігін, эксплуатациялау тәжірибесін ескеріп жоба сапасын қолдануды, техникалық процестер мен өндіріс құралдарын жетілдіруді ескереді.
3. Квалиметрияның негізгі әдістемелік принциптері:
+ жеке алынған қасиеттер деңгейінде, сонымен қатар барлық деңгейде объект сапасын бағалау және қасиетін өлшеу принципі;
+ объект сапасын және жеке алынған эталондық үлгі сапасын салыстыру немесе олардың жиынтық принципі;
+ бір түрдегі объектілердің әртүрлі орындаудағы бәсекелес нұсқаларының сапасын салыстыру принципі;
+ объективті өлшеулер жолымен іске асырылатын өлшеу және бағалау нәтижелерінің сенімділігі кезінде. Бағаланатын үлгі және таңдалынған эталондық үлгілер сапасын салғастыру және салыстыру.
4. Квалиметрия екі өзара байланысты салаларда қалыптасады және дамиды, теориялық квалиметрия саласында әртүрлі табиғатты бағалау үшін бірегей болып табылатын сапаны бағалаудың жалпы принциптері, әдістері мен құралдары қалыптасады; қолданбалы квалиметрия саласында теориялық квалиметрияның ережелерін ескере белгілі бір объектілерді бағалау үшін жұмысшы құралдар қалыптасады, сонымен бірге сапаны бағалау әдістері мен құралдары осы объектілердің табиғатын және олардың сапасының нақты көріну жағдайларын ескереді.
5. Әрбір қарапайым және күрделі қасиет сапа көрсеткіші мен тұтқырлық коэффициентінің абсолютті және (немесе) салыстырмалы мәнмен бағалауы мүмкін.
Сапа көрсеткішінің абсолютті мәндерін орнату физикалық тәжірибелер (метрология әдістерімен) негізінде, психологиялық тәжірибелер (тәжірибелік психология әдістерімен) негізінде, объектілердің қызмет ету аналитикалық модельдерін құру негізінде эстетикалық және эргономикалық қасиеттерін сараптамалық өлшеу (техникалық және экономикалық ғылымдарда жасалынған тиімділікті анықтау әдістері). Сапа көрсеткішінің салыстырмалы мәні қоғамдық қателік деңгейі уақытында өзгеретінді сипаттайтын көрсеткіш мәндерін салғастырумен анықталады. Сапа деңгейінің мәні Кj сапа көрсеткішінің және салмақтылық коэффициентінің Мj салыстырмалы мәнінің К=f(Кj, Мj) функциясы ретінде ұсынылуы мүмкін.
f функциясы әртүрлі тәуелділікті (орташа есептелген шамалар және т.б.) сипаттауы мүмкін. К скалярлы емес, n - кеңістікте өлшемді вектор түрінде берілуі мүмкін.
6. Квалиметриядағы бағалау объектілері: белгілі бір сапалы, санды және құнды өнімге сұранысты анықтайтын тұтынушы талабына нақты орындалған немесе белгілі бір дайын өнім түрінің сапасы, берілген түр немесе нақты орындалған өнімге қолданыстағы әзірленген немесе жаңғыртылған стандарт талаптары, берілген өнімді дайындаушы кәсіпорында қызмет ететін сапа жүйесі.
7. Квалиметрия позициясынан өнім сапасын бағалау жағдайына қолдануға болатын өнім сапасының классификациясының белгілері болып табылатын негізгі факторларға осы өнімді дайындау және іске асыру саласы, тағайындалуы бойынша өнімді қолдану әдістері мен формалары жатады. Бұл факторлар әрбір өнім түріне сәйкес оның қасиеттерінің құрамын, бағалау көрсеткіштерін, сапаны бағалау міндеттері мен әдістерін таңдауды анықтайды.
Соңғы он жылдықта өндірістің әртүрлі салаларына қолданылатын ғылыми-техникалық қатынаста дамыған елдерже әртүрлі өнімдердің сапасын сандық өлшеу және бағалау көптеген тәсілдері мен әдістері ұсынылып жатыр. Автомобиль және тауар қорабы, тұрғын үйлер және ракеталық қарулар, тамақ өнімдері және электромоторлар, аяқ киімдер және қалалық тұрғын кешендері және көптеген өнімнің басқа түрлерінің сапасын бағалайды.
Алғышқы көзқараста барлық осы әдістер өзара байланысты емес болып көрінуі мүмкін. Іс жүзінде, мысалы автомобиль және ер аяқ киімінің сапасын бағалау арасында қандай байланыс?
Бұл жағдайда мынадай жалпы бағалау принциптері мен әдістерін қарастыру қажет. Егер автомобиль және ер аяқ киімінің арасында тікелей байланысты ешнәрсе болмаса, онда автомобиль сапасын бағалау принциптері мен аяқ киім сапасын бағалау принциптері арасында көптеген ортақтық бар және бір классты құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін, екі мәселенің принципиалды ұқсастығы туралы сұрақ қоюға болады.
Математикадан белгілі приципиалды белгілі бір зат немесе процесс қасиеттерінен абстракцияланады және олардың тек қана идеалды математикалық модельдері және осы модельдер арасындағы байланыс қарастырылады. Сондықтан, сапаның математикалық моделі әртүрлі күрделілік дәрежесі бар қасиеттердің жеке абстрактілі жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сапаның бұл моделі өзінің абстрактілі сипатында приципиалды қатынаста әртүрлі өнім түрлері үшін бірдеу болады.
Сонымен бірге, осы модельге белгілі бір өнім түрінің нақты сапа қасиетінің көрсеткіштерінің мәнін қою жалпы сапаның абстрактілі моделінен нақты бар өнім түрінің белгілі бір сапа моделіне өтуге мүмкіндік береді.
Сонымен, қазіргі уақытта әртүрлі еңбек өнімдеріне іс жүзінде кең қолданылатын зерттеу қызметінің саласы қалыптасуда. Бұл саланың математикалық, физиологиялық және әлеуметтік сипатты өзінің спецификалық зерттеу объектісі (сапаны бағалаудың жалпы принциптері мен әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәні (адам еңбегі өнімдерінің қасиеттерінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппараты, өзінің спецификалық мәселелері бар.
Бұл жүйенің басқа ғылыми пәндерден айырмашылығы оның атауын білдіретін терминнің жоқытығы болған.
Қойылған мәселені шешу үшін жаңа ғылыми терминдердің пайда болу оңайлығы және жеңілдігі тұрғысынан ежелгі грек және латын тілдері жарамды болды. Сонымен бірге, термин салааралық ғылымды білдіруі тиістігін ескере көптеген мамандарға түсінікті болғаны дұрыс. Бұл оны құру кезінде ғылым және техника саласында әдетте қолданылатын ежелгі грек және латын тілдерінің тамырын алу керектігін білдіреді.
Аталған талаптарды ескере, ғылымның бұл саласын квалиметрия деп атау ұсынылды, латын тілінің квали (qualitas - сапа, қасиет, сипаттама және qualis - қандай сапада) және ежелгі грек тілінің метрео - өлшеу сөздерінен алынды.
Метрео түбірі халықаралық ғылыми лексиконда жаппай қолданылатын болды. Квали түбіріне қатысты орыс тілінде туынды сөздер (квалификация, квалифицировать және т.б.) жасалды және көптеген әлем елдерінде сапа мағынасын білдіреді. Мысалы, ағылшынша - quаlity (кволити), испанша - cualidad (квадидад:), французша - quаlitе (калите), итальянша - quаlitа (квалита), голландша - kwaliteit (квалитайт), немісше - quаlitаt (квалитет).
Сонымен, квалиметрия термині өте ыңғайлы: локальді және сапаны өлшеу түсінігің мазмұнын толық сипаттайды; әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар үшін құрамдас бөліктері түсінікті; термин сипаттамасы кез келген туынды сөздерді жасауға мүмкіндік береді: мысалы, квалиметриямен айналысатын ғалым, зерттеуші - квалиметролог, сапаны өлшеу тұрғысынан бір пәнді зерттеуге тәсіл - квалиметриялық тәсіл және т.б. Термин логикалық байланысты түсініктер мен терминдер жүйесінің құрамдас бөлігі - мысалы, сапа туралы ғылым - квалиномия; сапаны өлшеу және бағалаумен айналысатын байланысты пән - квалиметрия. (бұл жерде басқа ғылымдармен ұқсастық бар: экономика - эконометрия; биология - биометрия; психология - психометрия).
3.Квалиметрияның негізгі ережелері
Квалитология және квалиметрия
Квалитология - сапа туралы ғылым. Квалитология құрылымында мынадай бір-бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттесетін құрылымдық бөлімдерді атауға болады:
+ сапа теориясы, сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән;
+ сапаны басқару теориясы - бұл сапаны қамтамасыз ету және басқару ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеумен айналысатын ғылым саласы;
+ квалиметрия - сапаны сандық бағалау әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы;
+ метрология - сапаны өлшеу әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы.
Квалиметрия ғылым ретінде өлшеу және бағалау құралдары мен әдістерінің ортақтық дәрежесімен ерекшеленетін өзара байланысты теория жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай теорияларға мыналар жатады:
+ жалпы квалиметрия;
+ арнайы квалиметрия;
+ пәндік квалиметрия;
жалпы квалиметрия - жалпы теориялық мәселелерді қарастырады: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар және ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (сонымен қатар ранжирлеу, салмақтылық).
Арнайы квалиметрияда - бағалау модельдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі қарастырылады: эксперттік квалиметрия, ықтималдық-статистикалық квалиметрия, индекстік квалиметрия, квалиметриялық таксономия, әдетте иерархиялық құрылымды болатын күрделі-бағдарланған объектілерді жіктеу және жүйелеу теориясы.
Пәндік квалиметрия - бағалау пәні бойынша. Өнім және техника квалиметриясы, еңбек және қызмет квалиметриясы, шешімдер және жобалар квалиметриясы, процестер квалиметриясы, субъективті квалиметрия, сұраныс квалиметриясы, ақпарат квалиметриясы және басқалар.
Квалиметрияны жетілдіру оның пәні және мазмұны туралы әртүрлі көзқарастардың нәтижесінен болды, олардың басты ерекшеліктеріне мыналар жатады:
+ бағалаудың сандық әдістері теориясы туралы ғана квалиметрия туралы көзқарас;
+ квалиметрия пәнін объект сапасын өлшеу және бағалау саласына дейін тарылту, еңбек өнімдері болып табылады немесе кешенді сапа көрсеткіштерін мәселесіне дейін тарылту;
+ квалиметрия пәнін кеңейту, оны сандық - өлшенбейтін объектілерге тарату;
+ экономикадан тыс бағалау әдістеріне квалиметрия пәнінде акцент.
Бұл кезде квалиметрия пәніне көзқарастар эволюциясы орын алады. Әлеуметтік, педагогикалық, географиялық және басқада бағыттар пайда болды.
Квалиметрияның құрылымдығы, динамикалылығы, анықтылығы және біртұтастығы өзара әрекеттесі механизмімен қамтамасыз етіледі: жалпы квалиметрия арнайы квалиметрияны қолданылатын бағалау әдістері мен модельдерінің ерекшелігін ескеріп ауыстырады, ал соңғысы пәндік квалиметрияда көрініс береді. Сонымен бірге, жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия және пәндік квалиметрия өзара байланысы жалпы ерекше және бірегей динамикасын сипаттайды.
Ғылым ретінде квалиметрияның мыныдай статустарын атауға болады:
+ экономикалық;
+ технико-экономикалық;
+ жалпы ғылымдық;
+ жүйелік.
Экономикалық статус тұтынушылық құны және құнының сапа категориясының өзара әрекеттесу политэкономикалық мазмұнымен негізделген. Экономикалық статус позициясынан квалиметрия объектілер және процестер құратын экономикалық қасиеттерді теориялық өлшеу, эконометрия әдістерін қамтиды. Квалиметрияның технико-экономикалық статусы нәтижелік-шығындық тиімділік өлшемдерінде, технико-экономикалық көрсеткіштерде, технико-экономикалық деңгейлерде және т.б. сипатталатын объектілем мен процестердің экономикалық және техникалық қасиеттерін кешенді бағалауға бағытталғандығын сипаттайды.
Жалпы ғылымдық статус сапа категориясының философия-әдістемелік және жалпы ғылымлық функцияларымен анықталады және пәндік квалиметрияның (өнім, техника, еңбек және т.б.) көпшілігін қалыптастырумен расталады.
Квалиметрияның жүйелік статусы оны жүйелі теория ретінде анықтайды. Бұл сапа категориясы құрылымдылық, динамикалық, анықтылық, тәртіптілік - жүйенің барлық негізгі белгілеріне иелігімен байланысты. Сонымен, мұнда бағалауға да, талдауға да, басқаруға да жүйелік тәсілдеме болуы мүмкін.
Сапаны сандық бағалау маркетингтік зерттеуден өндірістен алу туралы шешім қабылдауға дейін өнімнің тіршілік циклының барлық кезеңдерінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажет. Сапа квалиметриясы бәсекегеқабілеттілікті анықтауға, сапа және баға байланысын орнатуға, өндіріс процестерінің сапасына талдау жүргізуге, өнімді жетілдіру және шығындарды азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, процестер, жобалар және шешімдер сапасына квалиметриялық әдістер мен тәсілдерді тарату сапаны басқарудың барлық салаларында көп критериялы шешімдердің жақсы нұсқаларын таңдаудың қызмет ететін аппаратын жасайды.
Квалиметрияның қолдану саласы
Басында квалиметрия өнім сапасын өлшеу және бағалау туралы ғылым ретінде анықталды. Бұл түсінікті жағдай, себебі, халықшарушылық өнімдері сапасының мәселесі - маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта квалиметрия қайда қолданылады? Оның қолдану саласы кеңейді ме?
ХХ ғ. екінші жартысында техникалық ғылымдарға ғана емес, гуманитарлық ғылымдарға да қатысты негізгі ғылыми категориялар алғашында қалыптасса, кейін сандық сипат (квантификация) алып жатыр.
Қазіргі уақытта сапаны кешенді сандық бағалау адам әрекетінің әртүрлі салаларына көптеп ендіріліп жатыр. Отандық және шетелдік ғылыми-техникалық, ғылыми-атақты және де қоғамдық-саяси әдебиеттерде еңбек өнімдері болып табылмайтын әртүрлі түрдегі объектілердің сапасын кешенді бағалау және әртүрлі процестердің жүру сапасын бағалау мәселелері қарастырылуда.
Қазіргі кезде бар сапаны бағалау әдістері (олардағы бағалау объектілерінің әртүрлілігіне қарамастан) ішкі бірегейлігімен сипатталады. Бұл осы әдістердің квалиметрияның негізгі принциптеріне негізделетіндігімен түсінідіріледі. Сондықтан, теориялық квалиметрия тұрғысынан, осы әдістер біртекті және олар бір алгоритммен сипатталуы мүмкін.
Сонымен, былай айтуға болады:
+ сапаны кешенді сандық бағалау әдістері тек еңбек өнімдерінің бастапқы қолдану саласынан артта қалатын барлық жаңа салаларды қамтиды;
+ олардың негізделетін әдістер мен прициптердің алгоритмі теориялық квалиметрияда қабылданғандардан айырмашылығы жоқ;
+ осы әдістердің көпшілігінің қолдану саласы, мысалы мамандардың сапасын бағалау өте маңызды.
Сондықтан, халықшарушылығының әртүрлі салаларында сапаны бағалау мәселесімен айналысатын зерттеушілер жұмысында бір бағыт туралы мәселені қоюға болады, бұл мұндай зерттеулердің ғылыми деңгейінің жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар, квалиметрия саласының кеңеюі ғылыми базаны еңбек өнімдері болып табылмайтын әртүрлі процестер мен заттардың сапасын бағалау бойынша мәселелерді шешу әдістерінің кешеніне алып келуі мүмкін, бұл үлкен халықшаруашылық мәнге ие.
Қазіргі уақытта квалиметрияәртүрлі өнім түрлерінің сапасын бағалау әдістерін ғана емес және өнім болып табылмайтын заттардың, сонымен қатар әртүрлі процестердің сапасын бағалау әдістерін біріктіре бастады деп айтуға негіз бар.
Квалиметрияда екі термин қолданылады - өлшеу және бағалау. Егер метрологияда өлшеу бағалаудың жеке түрі ретінде қарастырылса, квалиметрияда олар екі тәуелсіз түсінікті сипаттайды. Квалиметрияда сандық бағалау деп қарастырылатын өнім сапа көрсеткішін эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткішіне қатысты (көбінше пайызбен сипатталады) функция ретінде қарастырылады.
Қандай бағалауларды квалиметрия қолданады? Кешенді бағалаулар үлкен роль атқарады, яғни өнім қасиетінің жиынтығына қатысты өнім сапа көрсеткіштерін бағалау. Кешенді бағалаудың маңыздылығы және зерттеушілердің оған назар аударуы, квалиметрия бір тәсілмен есептеу нәтижесінде алынған кешенді өлшемсіз бағалауларды ғана қолданады деген көзқарастың тарауына алып келді. Бұл квалиметрияның саласын тарылтады, себебі квалиметрия саласынан сапаны бағалаудың дифференциалдық әдісін (яғни сапа қасиетінің жеке, бірлік көрсеткіштері) алып тастайды. Квалиметрия атауының өзі оның аппараты әртүрлі тәсілмен алынған кез келген өлшемдегі барлық бағалау түрі болып табылатындығын көрсетеді.
Дифференциалдық бағалау квалиметрияның құралы ғана болып табылмайды, онсыз кешенді бағалау мүмкін емес. Іс жүзінде, кешенді әдістер негізделетін жеке көрсеткіштерді бағалау дифференциалды бағалау болып табылады.
Квалиметрияның міндеті - сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және жетілдіру. Сапаны кешенді бағалау барлық жағдайда қажет емес. Кейбір жағдайларда сапа қасиетінің бірін дифференциалды бағалау (мысалы, екі үлгінің жақсысын таңдау мақсатымен оларды салыстыру кезінде бір үлгінің басқа барлық қасиеттері келесі өнімнің сәйкес қасиеттеріне тең болады) жеткілікті болады.
Квалиметрияның принциптері
Квалиметрияның принциптері өмірде бар объектілердің сапасын маңызы бойынша анықтау,олардың маңызды қасеттерін тану. Квалиметрияда тану теориясы гносеологияға жататын әр түрлі комплексті әдістермен бірге методологиясы болып табылады. Квалиметрия зертеудің барлық мүмкін объекттердің қолданбалы сапаны тану теориясы болып табылады.
Квалиметрияда кез-келген ғылыми дисциплина сияқты төмендегідей құралды құрайтын өзінің методологиялық прнинциптері бар:
1. Өнім сапасын бағалу үшін анықталатын көрсеткіштерді таңдау тұтынушылар жағында болады. Сапаның сандық бағасы ереже бойынша өнім қасиетін сипаттайтын мүмкін көрсеткіштер бойынша іске асады. Өнімдер тұтыну сферасы үшін құрылады,сондықтан квалиметрияда тұтыну қасетінің көрсеткіштерін жоғары бағалумен ерекшеленеді.
2. Квалиметрияға адамдардың шаруашылық қызметіндегі тәжірибеде әртүрлі объектерді зерттеудің квалификационды және сандық сапа бағаларын,қоғамдық пайдалы әдістер беруге тиіс. Өнімнің сапа бағалары қатынасындағы мәселелері өнімді тұтынушылар мен өндірушілердің әр түрлі қызығушылықтың болуынан тұрады. Өндіруші сапалы өнімдерді жиі шығара алмайды,ал оны аса жоғары бағаға сатуға тырысады. Тұтынушы сапалы өнімнің арзан бағада болғанына қызығады.Сондықтан өнім сапасындағы сәйкес әдістер әр түрлі болуы мүмкін. Квалиметрия тапсырмасы осындай әдістерді тұтынушылар мен өндірушілер қызығушылығын жалпы қызығушылықты өнімдерді сапасын бағалау әдістерін және қабылдауларды өңдеу.
3. Бұл принципті келесідегідей пішіндеуге болады: өнімнің сапасының квалиметриялық бағасын толық сапа қасиетін анықтайтын көрсеткіштер мәнін базалық емес салыстыру үшін эталонның болмауынан алу мүмкін емес.
Сапаның жеке көрсеткіштерінің абсолютті мәні сапаны сипаттамайды,бағалық болып табылмайды. Сапаны сандық бағалау үшін басқалардың сапасын басқа ұқсас үлгілердің ұқсас көрсеткіштерінің мәнін білу қажет. Бағалау яғни өнімнің зерттелетін үлгісіндегі сапаны сандық бағалау эталон үшін базалық көрсеткіштерінің оның сапасындағы қорытылған көрсеткіш мәнінің қатысты көлемі болып табылады.
4. Кез келген деңгей көрсеткіші ең төменгі деңгейден басқа өткен иерархиялық деңгейкөрсеткішіне сәйкес алдын-ала анықталып қорытындылады. Ең төмен иерархиялық деңгей көрсеткішін сапада түзілетін қарапайым қасиеттердің дара көрсеткіштері ретінде түсінуге болады. Аса жоғары иерархиялық деңгей қорытылған сапа көрсеткіштерін құрайды. Жоғары иерархиялық деңгейдің сапа көрсеткіші интегралды көрсеткіш болып табылады.
5. Сапаны комплексті бағалау әдісін қолдану кезінде өнімнің барлық әр түрлі қасиеттері жаңадан құрылуы керек.
6. Барлық сапа көрсеткіштерінің коэффициенттерінің сандық мәнінің шамасы кез-келген иерархиялық деңгейдегі бағалармен бірдей мәнде болады.
7. Сапаның комплексті көрсеткішін анықтау кезінде әрбір жеке қасиеттің көрсеткіш мәні коэффициентпен түзетілуі тиіс.
8. Объекттің толық сапасы (өнім немесе процесс) оның құрама бөліктеріне негізделген.
9. Тағайындалуымен байланысты тек пайдалы функцияларды орындауға қабілетті өнімдердің сапасы бағаланады.
10. Сапаны сандық бағалу кезінде,әсіресе комплексті көрсеткіш бойынша бірдей және сол қасиеттердің қайталанған көрсеткіштерін өзара негізделгендерді қолдануға рұқсат етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген квалиметрияның методологиялық принциптері ғылымның осы аумағындағы барлық концептуальды жағдайларды жетілдірмейді. Бірақ олар техникалық өнімдердің реалды объекттердің сапасын бағалау әдістерімен байланысты жеке және жалпы сұрақтарды шешу кезінде алынатын болып табылады.
Ас - адамның арқауы деп тауып айтқан қазақ халқы дастарқан байлығына ерекше мән беріп қараған. Тағам түрлерін ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет) және көк (жеміс) деп үшке бөлген. Осылардың ішінде денсаулыққа пайдалы әрі құнарлысы сүт тағамдары болып келеді.
Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, ай - ран, уыз, май, сүзбе тағы бас - қаларын күнделікті пайдала - нып жүрміз. Бұлардың барлы - ғы - ның да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Десек те, сүт тағам - дарының ішінен айран - ның емдік қасиеттерін ерекше атауға болады.
Айран - қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Қатыққа қарағанда сұйық болады. Айран- шөл басуға таптыр - май - тын сусын.
Айран мен қатықты қазақ халқы сүт, су қосып, сұйылтып та ішеді. Сүт қосылғанын қойырт - пақ, су қосылғанын шалап деп атайды. Ұйытылған айран - әрі тамақ, әрі сусын, әрі адам денсаулығына пайдалы да.
Адам ағзасына сүт тағамда - ры - ның қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бер - мейміз. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асық - пай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысы - мы төмендеп, өзін жақсы сезі - не - тін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар ал - дында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі.
Сонымен бірге айранды ер - те - ректе халқымыз шаш жуу үшін де пайдаланған. Айранмен жуған шаш әрлене түседі әрі шашқа қайрат береді. Шаштың тез өсуіне көмектеседі. Кезінде, тіпті, айранды тері илеуге де пай - далан - ған. Қалмақтар айранды ашытып, көкір (арақ) жасаған.
Мысалға, Түркияда дайын, фирмалық сүт тағамдарын жиі пайдалануды жөн көрмейді. Себебі, аптасына үш реттен көп фирмалық сүт тағамдарын пай - даланған адамның, әсіресе бала - ның ми ісіктерінде 3 есе өсім байқалатын көрінеді.
Сүт тағамдарының бірі құрт - тың да адам денсау - лығына ти - гі - зер пайдасы мол. Құртты кеп - ті - ріп жейді. Қазақ ырымы бойын - ша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Сондықтан оны ұзақ сапарларға пайда - ланған.
Құрттың сарысуын сүт қо - сып қайнатып, ірімшік жасай - ды, ауырған малға да береді, әйелдер әсем болуы үшін шаш - тарын да жуады. Айта берсең пайдасы көп. Тері илеу үшін мал - ма жасайтын қасиеті де бар. Ал ең маңыздысы, ыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Квалиметрия пәні
Квалиметрия дайын өнім сапасын сандық бағалау әдісі ретінде
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Сапа деңгейін бағалау
Ақауларды жөндеуге шығындар
«Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Квалиметрия» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері
Сыра өндірісі және квалиметрия
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Пәндер