Банктік маркетингтің теориялық аспектілері. Қазақстандағы банк маркетингісі



Жоспар
Кіріспе
1. Банктік маркетингтің теориялық аспектілері.
1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары
1.2. Банктік маркетингінің ерекшеліктері мен міндеттері
1.3. Қазақстандағы банк маркетингісі.
Қорытынды
Пайдаланылған және қосымша әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Кіріспе
Нарық жағдайында жұмыс жасайтын кез келген кәсіпорының іс-әрекетіндегі ең маңызды кезең, ол тауарлар мен қызметті өткізу. Банкі жұмысы да, кәсіпкерлік қызметке жататын болған соң ерекшеленбейді. Банкі басқармасы саясаты мен оның барлық бөлімдері жұмысының мақсаты: клиенттерді тарту, өздері көрсететін қызмет шеңберін кеңейту,нарықты барынша қамту және соңында түсетін табыс көлемін ұлғайту. Берілген мақсатқа жету тәсім ол банкі маркетингісі құралы болып табылады. Бастапқыда маркетингі тек сұраныс пен клиенттерді тарту және ынталандыруды зерттеу амалы болып қарастырылса, кейінен хх ғасыр 80ж ғана маркетинг концепциясы қалыптасып, коммерциялы банкілерді басқару жүйесіне негіз болып алынды. Банкілер меншікті маркетинг қызметін құрып, маркетинг жоспарын жасап оны қадағалай және ақпарат жинаумен өңдеумен айналысты. Сонғы жылдары қаржының нарықтағы бәсекелестік күрт өсуі мен банк пен клиентердің арасындағы қарым-қатынастың құбылмалығы салдарынан маркетингі қызметінің де мақсаты мен мәні айтарлықтай өзгерді. Маркетингтік стратегия, бірінші кезекте банкі бағдары бойынша банкінің өзі пайдалы деп қарастырмай, клиентураның нақтылы қажеттіліктерін алға қояды. Сондықтан, маркетинг нарықты мұқият түрде зерттеуді, банкі қызметін тұтынушылардың икемі, ықпалы мен құбылмалы талғамының сараптамасын жасауды болжамдайды. Банкі қызметкері қаржы өнімін сатушы болады, бұл осыдан 20-30 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғандағы ерекше жылжу болып табылады. Қызмет көрсету сферасында банкілер авиакомпаниялардан кеиін екінші болып маркетингіге келді және алдымен оның жеке элементтерін белсенді түрде енгізіп, кейінен маркетинг концепцияысы мен стратегиялық жоспарлауды қолданды. Бұл келесі факторлардың әсерінен болды: -Банкілердің шетел нарығына енуі және олардың жергілікті банкілермен бәсекелестігі;банкілік бәсекелестіктің глобалдық сипат алуы; -Барлық елдерде банкілерге бәсекелес тудырған банкіге қатысы жоқ мекемелердің көптеп пайда болуы мен дамуы; -Банкілер көрсететін қызмет түрлерінің кеңейюі; -Жаңа заман техникасы базасында ақпараттың технологиялары мен байланыс құралдарының дамуы, осының салдарынан финансы кредит иниституттары қимыл-әрекетінің ұлттық және регионалдық сферада ұлғаюы; -Ішкі банкілік жүиемен қатар банкаралық , банкіге қатысы жоқ институттар арасындағы бәсекелестің дамуы, қаржылы тарту жағынан ғана емес, кредиттік қызмет көрсету обылысынан да байқалады; -Нарық банк қызметі бағасының бәсекелестігін мемлекет реттеп шектеуіне байланысты, және пайыз мөлшерінің шектелуі. Ол осынау төмен болған жағдайда банкке пайданың түспеуі, алдыңғы қатарға банк беретін өнім сапасы мәселерін жоспарлау мен өнімді нарыққа шығару қажеттігін тудырады;
Пайдаланылған және қосымша әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Астана қ., 2007 жыл 28 ақпан 1 бөлім).
2. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру төмендегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы жарлығы. 1998 28 қаңтар №38-34.
3. «Банктер және банктік қызмет туралы заң» 31 тамыз 1995 жыл.
4. «Қазақстан Рестубликасы Ұлттық Банкі туралы заң» 30 наурыз 1995 жыл.
5. Алибекова Ф.Р. О понятии «банк» и «банковская услуга» // Банки Казахстана. Алматы, 2000. №10. б.28-30
6. Джозлин Р.В. Банковски маркетинг. М: Финансы и статистика, 1998. б.10
7. Маркетинг в отраслях и сферех деятельности. Под редакцией Алексунина В.А. Масква, 2007. б.360-420
8. Банк ісі: оқу құралы. Искакова З.Д. Қарағанды, 2006. б.179-189
9. Виноградова Т.Н. Банковские операции: Учеб. для сред. проф. образования. Растов н/д: Феникс, 2001. б.378
10. Жуков Е.Ф. Менеджмент и маркетинг в банках. Москва.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997. б.191

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Нарық жағдайында жұмыс жасайтын кез келген кәсіпорының іс-әрекетіндегі ең маңызды кезең, ол тауарлар мен қызметті өткізу. Банкі жұмысы да, кәсіпкерлік қызметке жататын болған соң ерекшеленбейді. Банкі басқармасы саясаты мен оның барлық бөлімдері жұмысының мақсаты: клиенттерді тарту, өздері көрсететін қызмет шеңберін кеңейту,нарықты барынша қамту және соңында түсетін табыс көлемін ұлғайту. Берілген мақсатқа жету тәсім ол банкі маркетингісі құралы болып табылады. Бастапқыда маркетингі тек сұраныс пен клиенттерді тарту және ынталандыруды зерттеу амалы болып қарастырылса, кейінен хх ғасыр 80ж ғана маркетинг концепциясы қалыптасып, коммерциялы банкілерді басқару жүйесіне негіз болып алынды. Банкілер меншікті маркетинг қызметін құрып, маркетинг жоспарын жасап оны қадағалай және ақпарат жинаумен өңдеумен айналысты. Сонғы жылдары қаржының нарықтағы бәсекелестік күрт өсуі мен банк пен клиентердің арасындағы қарым-қатынастың құбылмалығы салдарынан маркетингі қызметінің де мақсаты мен мәні айтарлықтай өзгерді. Маркетингтік стратегия, бірінші кезекте банкі бағдары бойынша банкінің өзі пайдалы деп қарастырмай, клиентураның нақтылы қажеттіліктерін алға қояды. Сондықтан, маркетинг нарықты мұқият түрде зерттеуді, банкі қызметін тұтынушылардың икемі, ықпалы мен құбылмалы талғамының сараптамасын жасауды болжамдайды. Банкі қызметкері қаржы өнімін сатушы болады, бұл осыдан 20-30 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғандағы ерекше жылжу болып табылады. Қызмет көрсету сферасында банкілер авиакомпаниялардан кеиін екінші болып маркетингіге келді және алдымен оның жеке элементтерін белсенді түрде енгізіп, кейінен маркетинг концепцияысы мен стратегиялық жоспарлауды қолданды. Бұл келесі факторлардың әсерінен болды: -Банкілердің шетел нарығына енуі және олардың жергілікті банкілермен бәсекелестігі;банкілік бәсекелестіктің глобалдық сипат алуы; -Барлық елдерде банкілерге бәсекелес тудырған банкіге қатысы жоқ мекемелердің көптеп пайда болуы мен дамуы; -Банкілер көрсететін қызмет түрлерінің кеңейюі; -Жаңа заман техникасы базасында ақпараттың технологиялары мен байланыс құралдарының дамуы, осының салдарынан финансы кредит иниституттары қимыл-әрекетінің ұлттық және регионалдық сферада ұлғаюы; -Ішкі банкілік жүиемен қатар банкаралық , банкіге қатысы жоқ институттар арасындағы бәсекелестің дамуы, қаржылы тарту жағынан ғана емес, кредиттік қызмет көрсету обылысынан да байқалады; -Нарық банк қызметі бағасының бәсекелестігін мемлекет реттеп шектеуіне байланысты, және пайыз мөлшерінің шектелуі. Ол осынау төмен болған жағдайда банкке пайданың түспеуі, алдыңғы қатарға банк беретін өнім сапасы мәселерін жоспарлау мен өнімді нарыққа шығару қажеттігін тудырады;

1. Банктік маркетингтің теориялық аспектілері
1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары

Банк маркетингісі -- бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.
Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметгерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.
Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.
Банкілердің клиенттерге (жай және заңды тұлға) көрсететін кең қызмет шеңберінің құрылуымен дамуы, бірқатар негізгі шарттарға негізделеді:
Банк стратегиясын құру, тиімділікті анықтау, концепция, қызмет көрсету, нарықты зерттеу, мамандар саясаты және т.т. Банк сферасындағы маркетинг өзгешелігі, алдымен банк шығаратын өніммен ерекшкленеді. Біздің эконоикалық әдебиетімізде және іс-тәжірбиесінде банкілік өнім термині нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болды. Ол банкі жүргізетін қызметті көрсетеді.
Нарық жағдайында жұмыс істейтін кезкелген кәсіпорын қызметінің басты мақсаты - көрсетілген қызмет пен тауарды сату. Бұл банкі жұмысына да қатысты. Банк басқармасы мен оның қызмет көрсететін барлық бөлімшелері саясатының мақсаты, клиентура тарту, өз қызметі шеңберін кеңейте түсу нарықты жаулап алу, түсетін табыс мөлшшерін өсіру.
Соңғы кезде қаржылық нарығында күрт өскен бәсеклестік әсерінен және банк пен клиентер арақатынасындағы өзгерістер, банкі жұмысы маркетингісінің мәні мен мақсатын мүлде айқындап, оның маңыздылығын көрсетіп отыр.
Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде, Қазақстан экономикасын тұрақтандырудың негізгі бағыты алдымен банк жүйесін қайта құрумен қаржы жағдайын жақсартуға және қаржы нарығының қалыптасып дамуына негізделеді.
Банктік маркетинг - капитал нарығында жалпы және жеке секторында, яғни банктік сфера, несиелік жүйеде, құнды қағаздар нарығында болатын процестерді есепке алу және зерттеуді көрсететін банкті басқару жүйесі. Банктік маркетингтің негізгі міндеті капитал нарығында болып жатқан процестерді талдаудан тұрады, яғни тікелей несие қаржы институтының әрекеті сферасында, әсіресе банктік секторда, бастапқы екінші, биржадан тыс құнды қағаздар нарығында. Бұл банк басшысына ең алдымен банктік қызметті кеңейтуге және сәйкес кірісті көбейтуге бағытталған икемді шешімдерді қабылдау үшін қажет.
Банктік маркетингтің мақсаты-капитал нарығының талаптарына икемделуге қажетті жағдайлар жасау, нарықты зерттеу бойынша шаралар жүйесін өңдеу, бәсекелестік қабілет пен кірісті жоғарлату.
Банктік маркетинг - бұл сол аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі. Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттердің анықтауға бағытталған.
Банктер өзге кез келген өндіруші секілді жеке заңды тұлға болып табылады, арнайы өнім, қызметтер өндіріп, пайда көреді, өз әрекеттерін жүзеге асырады.9,б.378
Банктің маркетингтік әрекетерінің негізін нарықтағы несиелік капитал орнын анықтау мақсатымен маркетингтік зерттеулер жүргізуді талап ететін оның нарықтағы мүмкіндіктерін талдау құрайды.
Әдетте, банк басқармасы нарықты зерттеу мақсатын қояды, яғни нарық туралы мәліметті жинау мен талдау, бәсекелестер, банк өнімдері мен қызметтері туралы біліп, статистикалық тізімін білу және т.б. Маркетингтің жекелеген мәселелерін қарастыру маңыздылығы банк әрекетінің маштабы, оның дамуының жалпы стратегиясы мен маркетинг мәселелерімен айналысатын мамандардың кәсіби дәрежесіне тікелей қатысты болады. Жалпы алғанда маркетинг мәселелері жалпы капиталды ұлғайту, әрекет ету аясын кеңейту секілді шешімдерді қабылдағанда қарастырылуы керек.
Маркетингтің негізгі мақсаты - банк мекемесінен тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта банк қызметтерін мүлтіксіз орындау.
Маркетинг процесі тұтынушы мен оның қажеттіліктерін толық түрде қанағаттандырумен аяқталады. Банк өнімінің жаңа түрлерін ұсыну процесі банк жұмысшыларын, қызмет орындары мен қызмет көрсету тәсілдерін даярлаудан басталады. Мысалы: банкке кіре берісте тұтынушы өз әрекетін солдан оңға қарай бұрылумен бастайды. Егер жаңа өнім түрлері сол бөлікке орналастырсақ тұтынушы оны бірден аңғарады, сөйтіп тұтыну деңгейі жоғарлай түседі.
Банктік маркетинг банк өнімдерін көбейтуге бағытталған (банк операциялары, қызметтер) қызметтердың нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:
- Маркетинг зерттеулерді жүргізу, ақпаратарды жинау, талдау.
- Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сатушысы болуы.
- Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.
- Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.

Банк ісіндегі маркетинг XX ғ. 70ж. бастап қолданыла бастады. Мұның себебі бәсекелестік.
1. 70 ж. көптеген американдық банктер европа және азия нарықтарына енді және керісінше. Банк индустриясын орталықтандыру тенденциясы байқалды. АҚШ банктерін негізге алған аталған ел банктері өзге де елдер мен құрлықтарға еніп, жергілікті банктермен бәсекелес болды. Пайда болған банктер капитал жасап қана қоймай жаңа банктік қызметтерін клиенттер сұранысын қанағаттандырудың жаңа бағыттарын ойлап тапты.
2. Салымдардың дәстүрлі жүйесін көшіретін капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. 70 ж. банк депозиттерінің көп пайызы өзге банк құралдарынан құралды. Алғашқыда еуропалықтар Лондонда орналасты, кейіннен аталған капитал рыноктары әлемнің негізгі қаржы орталықтарына жинақталды.
3. АҚШ банктерінің енуіне жауап ретінде еуропалықтар ескі әлем банктері өзінше құрылып, АҚШ-тың ішкі рыногында бәсекелестікке қол жеткізді.
4. Банктік индустрия АҚШ заңнамасы тыйымына қарамастан, көптеген елдерде диверсификацияны бастап та кетті. Бұл аралық сақтандыру мен кепілдік операциялар, кепілдеме мен компьютер қызметтерін қозғамағаннан пайда болды. Осының нәтижесінде 70 жж. аяғында бәсекелестік қысымы әсерінен коммерциялық несие мен өзге де ақылы операциялар көлемі төмендегеніне қарамастан банктер өз қызметтерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Аталған қызметтер көп мәнге ие бола бастады.
5. Банк индустриясына технология көп әсер ете бастады. Әсіресе бұл қағаз ағымы мен операциялар құны көп жеке тұлғаларға қызмет көрсету саласына қатысты еді. Ол көлемді басқару үшін банктер пластикалық карточкалар, ЭЕМ кассалық автоматтарын одан соң автоматикалық касса машиналарын енгізуге тырысты. Сөйтіп көптеген мекемелер автоматтандырылды да, қызмет көрсетудің жаңа түрі пайда болды.
6. Жекелеген тұлғаларға қызмет көрсету саласында да бәсекелестік күшейе бастады. Жинақ және ссудалық банктер жүзеге асырған салымшылар ақшасын тиімді ету коммерциялық банктермен бәсекелестікке алып келді. Сөйтіп 70 ж. аяғына таман банктік индустрия бәсекелестікке анағұрлым қабілетті атанды. Қаржы институттары арасындағы дәстүрлі ерекшеліктер тез арада өшірілді. Бәсекелестердің көбі ұлттық шекарадан тыс кетіп, әлемдік масштабта әрекет ете бастады. Жаңа технологиялар мен альтернативті қызметтердің пайда болуы банктердің дәстүрлі әдістері үшін аса қауіпті болатын.
Банктік маркетинг функциялары. Банк маркетингі арнайы функцияларға ие. Ол - банк өнімдерін өткізу бағытындағы банктің маркетингтік әрекеті түрлерінің қосындысы.
Банктік маркетингтың негізгі функциялары:
- ақпарат жинау;
- маркетингтік зертеулер;
- банктік өнімді шығару мен айналысқа түсіруді жоспарлау;
- жарнама;
- банк өнімдерін айналымға енгізу;
Маркетингтік зерттеулер банк өнімдерінің жаңа идеялары мен түрлерін іздеуден бастап оны тұтынушыға жеткізетін аралықты түгел қамтиды.
Сондықтан маркетингтік зерттеуге банк маркетингінің барлық әрекеттері мен сфералары кіреді (банк өнімдері, салымшылары, қаржы нарықтары, жарнама және т.б.)
Маркетингтік зерттеулер әрекеттерінің кешенді түрін қамтиды:
- қаржы нарығындағы бәсекелес-банктер мен сатып алу әрекетін зерттеу;
- қаржы нарығы мен оның секторлары мүмкіндіктерін талдау;
- банк өнімдерін сапасы мен көнектілігіне қарай зерттеу;
- банк өнімдерін айналымға ендіру мәліметтерін талдау;
- бәсекелестерді зертеу;
- қаржы нарығының ең қолайлы сегментін таңдау;
Банктік маркетинг қаржы нарығын міндетті түрде сегментеуді талап етеді яғни банк өнімдерін әртүрлі белгілері бойынша нақты топтарға бөлып тастау;
Банк өнімдерінің болуы ол қаржы нарығындағы бәсекелестіктің тұрақтылығымен сипатталады. Банктің бар әрекеті жаңа банк өнімін шығаруға бағытталған. Бұдан банктің әрекет көлемі, рентабельділік денгейі, салынған капиталдағы пайда нормасы және өзге де көрсеткіштер көрінеді.

1.2. Банктік маркетингінің ерекшеліктері мен міндеттері

Банктік сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өнімі спецификасына шартталады. Біздің әдебиеттер мен тәжірибеде банк өнімі деген термин нарықтың экономикаға көшкеннен кейін пайда болды. Банк өнімі бұл банк іске асырған кез келген қызмет пен операция.
Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өніміне байланысты. Ол банк жасаған кез-келген қызмет не операция банк әкімшілігі мен оның барлық қызметтерінің саясатының мақсаты - клиенттерді тарту, өз қызметтерін тарату сферасын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын түсімді көбейту болып табылады. Осыдан келіп мәні мен мақсаты қаржы нарықтарында бәсекелестігі күшейіп бара жатқан банк маркетинг жұмысының тиімділігі келіп шығады. Маркетинг - үлкен дайындықты, терең және жан-жақты талдауды қажет ететін, банк бөлімшелерінің басшысынан төменгі бөліміне дейін белсенді жұмыс істеуді қажет ететін банк философиясы мен стратегиясы. Маркетингтік бағыт банктің өз өніміне емес, алдымен клиент сұранысына икемделуін талап етеді. Сондықтан нарықты жете зерттеп, өзгеретін талғамдарды талдау, банк қызметтерін тұтынушылар сұранысын білу аса қажет.
Банктік маркетингті клиенттер сұранысына сай банктің ең түсімді банк өнімдерін іздеуі және қолдануы ретінде көрсетуге болады. Бұл банктің мақсаттарын анықтап нақты жету жолдары мен тәсілдерін және арнайы шараларды ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Маркетингтік әрекет аясында жаңа өнімдерді қолданысқа енгізу барысында банк жоғалтатын шығын көлемін білу де маңызды. Банк бағалы ресурстарды қолданатындықтан, оларды нарықтың ең түсімді сегменттерінде қолданған жөн.
Банк әрекетінің коммерциялық мінездемесін маркетингті кеңінен қолдануды талап етеді. Банктегі маркетинг ерекшелігі ақша қорларын тиімді пайдаланып қоюды ғана емес, ақша айналымы ерекшелігінде де көрінеді. Сондықтан банктік маркетинг қолма-қол емес шаруашылық қаржысы есебіне ақша айналымы жеделдетуге бағытталуы керек. Маркетинг банк клиенттері сұраныстарын қанағаттандыруға, есептерді тез әрі дұрыс жүргізуге, шикізат және материал жеткізушілер, дайын өнімді сатып алушылар, жұмысшылар мен қызметкерлермен қарым- қатынас орнатуға бағытталған.
Банктік маркетинг банк клиенттерінің шаруашылық жағдайын максималды түрде есепке алатын, оларға одақтастар табу ерекшелігі бар есептеудің жаңа түрімен байланыстырылады.
Банкте салымшылар санын көбейтіп қоймай, оларға қызмет ету сапасын жақсартатын интеграцияланған маркетинг кең қолданысқа енуде. Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі - мұндағы коммерциялық банктер салымдарды тартуға ғана емес, әр түрлі ұйымдар, өндірістерді, несиелеу арқылы тартылған ақшаны дұрыс қолдануға да қызығушылық танытуда. Бұл коммерциялық банктердің клиенттерімен қатынас сферасы сол секілді несиелік салымдар сферасындағы маркетингтің кешенді дамытылуы керектігін көрсетеді.
Сөйтіп банктік маркетинг бір мақсатты орындауға, бағытталады: шаруашылықтағы уақытша босаған ақша құралдары мен кірісті дұрыс пайдалану.
Банктерде маркетинг аясында келесі принципті жүзеге асыруы керек:
1. Нақты нарықтың мақсатқа жету үшін барлық қызметкерлердің қосыла жұмыс істеу.
2. Маркетинг әрекетінің кешенділігі (жоспарлау, талдау, жүйелеу, бақылау).
3. Маркетингтің преспективті және ағымдағы жоспарлауының біртұтастығы.
4. Қабылданып жатқан маркетингтік шешімдерді бақылауға алу.
5. Банктегі әр қызметкер жұмысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк маркетингісі туралы ақпарат
Қазақстандық банктердің маркетингтік стратегияларының бәсекелестігі
Банк маркетингісі
Банк маркетингісі туралы
Банк менеджментінің негізгі бағыты
Банктік маркетингтің теориясы және оның маңыздылығы
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Банктік тәуекелді басқару
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Банк қызметінің жобалауын басқару
Пәндер