Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І.бөлім. Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті.
1.1. Темперамент туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Темперамент туралы психологиялық теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Темперамент түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4. Темпераменттің жеке адам өміріндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ІІ. Кіші мектеп жасындағы

2.1. Экспериментке байланысты диагностикалық әдістері, таңдауға даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2. Эксперимент өткізу және өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.3. Интерпретация жасау, нұсқау беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Кіріспе
Егеменді мемлекеттің жағдайында өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, олардың білімін барынша жоғары сатыға көтеруге ғылымда өзінің жемісті нәтижелерін берген теориялар мен қағидаларды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеулерді жаңаша бағдарда жүргізу керек екенін талап етеді. Осы бағытта тиісті мақсатты жүзеке асыру үшін, біз психология ғылымындағы темперамент туралы қарастырсақ.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығын, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Темперамент типтері және оның психологиялық сипаты.
Зерттеу міндеттері:
1. Темпераменттнің адам бойында қалыптасуының мәні мен міндеттерін анықтау.
2. Осы мәселеге қатысты әдебиеттерге шолу жасау.
3. Темпераментке байланысты әдістеме таңдау.

Зерттеу объектісі: 10-11 жастағы бастауыш сынып оқушысының балалары
Зерттеу пәні: Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажеттілігін анықтау, зерттеу.
Практикалық мәні: Бұл жұмыста 5-ші сынып оқушыларын зерттей отырып, олардың темпераментін анықтап көрсетіледі. Зерттеу оқушының қарым-қатынасынан туындайтын темперамент процесінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Ғылыми жаңалығы: Оқұшылардың темпераментін дамыту арқылы олардың мінезін, психологиялық қабілетін анықтап, ақыл-ойының дамуына әсер етіледі.
Методологиялық негізі: Гиппократтың, И.П. Павловтың темперамент туралы ілімі, Гейне, Э. Кречмер, У. Шелдонның темперамент туралы теориялары, Қ.Б.Жарықбаев, Намазбаева Ж., Алдамұратов, Т. Тәжібаевтің осы мәселеге арналған еңбектері негіз болды.
Зерттеу әдістері: Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Павловтың зерттеу әдісі.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласының №9 Некрасов атыңдағы мектеп-гимназиясы, 5 сынып оқушылары
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
3. Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.
6. «Психология танымы» С.Бабаев О.Жарылқасын . Түркістан 2000 ж
7. «Жантану негіздері» Қ.Жарықбаев . Алматы 2002 ж
8. «Жалпы психология» С.Бабаев . Алматы – Дарын 2003 ж
9. Қ. Жарықбаев, Ө. Озғанбаев Жантануға кіріспе. Алматы, 2000ж
10. Т. Тәжібаев Жалпы психология. Алматы « Қазақ университеті», 1993ж
11. Қ. Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы « Мектеп» 1980ж
12. Қ. Жарықбаев Жантануға кіріспе хрестоматия Алматы « Дарын» 2005ж
13. С. Бап- баба « Жантану негіздері» Алматы , Дәнекери 2001ж
14. С. Бап- баба. Жалпы психология Алматы ,Дарын 2005ж
15. Қожахметов «Адам құпия» Алматы 1997ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті

Тарих – педагогика факультеті
Жалпы психология кафедрасы

Тақырыбы: Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті.

Қабылдаған: Жарқынбаева Д.
Орындаған: Дарханова Р.
Тобы: ППП-112.

Түркістан – 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І-бөлім. Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті.
1.1. Темперамент туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Темперамент туралы психологиялық
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... 8
1.3. Темперамент
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
1.4. Темпераменттің жеке адам өміріндегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІ. Кіші мектеп жасындағы

2.1. Экспериментке байланысты диагностикалық әдістері, таңдауға
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2. Эксперимент өткізу және
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3. Интерпретация жасау, нұсқау
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...38
Кіріспе
Егеменді мемлекеттің жағдайында өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп,
олардың білімін барынша жоғары сатыға көтеруге ғылымда өзінің жемісті
нәтижелерін берген теориялар мен қағидаларды басшылыққа ала отырып,
психологиялық зерттеулерді жаңаша бағдарда жүргізу керек екенін талап
етеді. Осы бағытта тиісті мақсатты жүзеке асыру үшін, біз психология
ғылымындағы темперамент туралы қарастырсақ.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ,
кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара
көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды,
түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі
грек дәрігері Гиппократ болды.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады:
қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау,
дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым
болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас
қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы
жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс
істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда -
өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді
дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа
химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық
теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің
табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп
отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен
ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі,
әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған
абзал.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке
өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығын, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Темперамент типтері және оның
психологиялық сипаты.
Зерттеу міндеттері:
1. Темпераменттнің адам бойында қалыптасуының мәні мен міндеттерін
анықтау.
2. Осы мәселеге қатысты әдебиеттерге шолу жасау.
3. Темпераментке байланысты әдістеме таңдау.

Зерттеу объектісі: 10-11 жастағы бастауыш сынып оқушысының балалары
Зерттеу пәні: Темперамент және мінезді тану, адамдардың
қажеттілігін анықтау, зерттеу.
Практикалық мәні: Бұл жұмыста 5-ші сынып оқушыларын зерттей отырып,
олардың темпераментін анықтап көрсетіледі. Зерттеу оқушының қарым-
қатынасынан туындайтын темперамент процесінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Ғылыми жаңалығы: Оқұшылардың темпераментін дамыту арқылы олардың мінезін,
психологиялық қабілетін анықтап, ақыл-ойының дамуына әсер етіледі.
Методологиялық негізі: Гиппократтың, И.П. Павловтың темперамент туралы
ілімі, Гейне, Э. Кречмер, У. Шелдонның темперамент туралы теориялары,
Қ.Б.Жарықбаев, Намазбаева Ж., Алдамұратов, Т. Тәжібаевтің осы мәселеге
арналған еңбектері негіз болды.
Зерттеу әдістері: Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешелігі. Павловтың зерттеу әдісі.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласының №9 Некрасов атыңдағы мектеп-гимназиясы,
5 сынып оқушылары

І – бөлім. Темперамент психологиялық процесс ретінде.
1.1. Темперамент туралы жалпы түсінік.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығын, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе,
жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң
қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді),
психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екіншісі
сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де
(салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз), эмоция сезімдерінен де (сабырлы,
күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент – 5 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары
баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты
динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл
психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты
және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да
өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталған жөн. Адам ежелден ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент
типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі
өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты
тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Темперамент туралы алғашқы ойлар ғылымда өте ерте кезде айтыла
бастаған. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігері Гиппократтың (б.э.д 460-
336) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша
әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық
заттарға байланысты болмақ. Олар денені жылытып тұратын – қан,
салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған
дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының
пропорциясын грекше красис деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді
темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттардың бір-бірінен аз-
көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы
артық болса, ол сангвиникалық (латынша сангиус- қан), ал шырын басым
болса (грекше флегме - шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде
қара өт баысм болса меланхолик (грекше мелай- нехоле - қара өт),
организмде сары өт басым болса холерик (грекше холе - өт) темпераменті
деп атаған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы
кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді. Ол мидың рөлін
түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың
құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмның
түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің
құрылысына, зат алмасуға , ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген
пікірлер тарады, неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің Антропология
деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық
сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама
ретінде (былай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XΙX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады.
Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке
жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.
Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы
мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт
(1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне
байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін
ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі
темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш
негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан
құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі,
яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең
келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің
екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. И.П. Павлов ашқан жүйке
жүйесінің типтерін, олардың қасиеттері 3 - сызбанұсқада көрсетілген.
Сөйтіп, И.П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің
үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс
істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін
(қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті
типтердің екіншісі ширақ типтер деп аталынады. Күшті типтердің екіншісі –
ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір – біріне
тең келіп, тез аламасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу
бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу
мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің
әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып тұрады.
Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді
келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің
негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы
түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен
тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті,
қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен
тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалысы баяу адамдар десе;
меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі
типтердің кездесетінін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше
күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса
қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең
келетін варианттары байқалған. И.П.Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің
типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам
темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын
көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: Темперамент
жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық
әрекетіне белгілі өң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.

1.2.Темперамент туралы психологиялық теориялар
И.П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі
темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті,
бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйтқымалы, қимыл –
қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп – пісуге ылғи да дайын
тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын
бір сілтеп сылқ ете түсетін кездері кездері де болады. Бұлар – холерик
темпераментінің өкілдері. И.П.Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш,
жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты,
тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін
тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен
тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша
айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр
күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның
эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайлар.
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді.
Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-
тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір
осал жері – қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға
селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы,
салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып
табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ
әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса
ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп
жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық – осы темпераменттің ең бір
осал жағы.
Сонымен, темперамент – бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын
айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша
түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс
береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара
байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент
типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана
емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімге, ниет пен
әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б. байқалады.
Алайда дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик,
флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне
төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылуда:
Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда
болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап
әрекеттің туындау шапшаңдығы.
Жауап - әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге
болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау
және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет – қылығының қарқындылығы
(табандылық, зейін қою, бағдар таңдау).
Жауап - әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің
өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ
сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл – күйден, кездейсоқ оқиғалардан),
болмаса ниет, мақсат, талғам т.б.
Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға
қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт,
тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер,
сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия , интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс қимылына
себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен
болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі
әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы. 19 ғасырдың аяғында темперамент
туралы теориялардың дамуы жаңа бағыт алды. Неміс анатомы Гейне темпе-
раменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс
антропологы Н.Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындаєы молекулярлық қозға-
лыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс
педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-І909) темпераменттерді қан сауыттарының
жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзе-лістерін
бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің
ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған.
Демек, жеке физикалық немесе психикалық қассиеттері бойынша өзара ұқсас көп
түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтірудің нәтижесінде темпе-
раменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты.
Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын
бақылау жағдайларында Э. Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын
психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден,
психастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе
төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңілкөтеруге немесе
қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің
тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе
психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе
тежелуі).
Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және
дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты
төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын,
кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке
ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа,
денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған
саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым,
бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ,
бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады
[2].
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық
ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі
лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен
ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен
конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э.
Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың
бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құры-
лымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша
түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар.
Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі
ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін
ажыратады:
1) Шизотимик – дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы
бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын
өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик – дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді –
депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен
қарым-қатынасы тез түседі.
3) Иксотимик – дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға
бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары
емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда
және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.
Э. Кречмер конституциялық типо-логия теориясы Батыс Европада кең қолдауын
тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында
АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000
жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-
поскопиялық әдісті қолданды.
У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында
корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:
1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста
ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз.
Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз кеде агрессивті мінез-құлық
байқалады.
3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын,
жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің
қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.
У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында
негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын
көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында
қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға
алды.
Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу адамның дене құрлымы ерекшеліктерінің
темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік
жағдайларға және қызметіне бей-імделуіндегі темпераменттің қаншалықты
маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше,
индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен
темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген [4].
Ресей елінде 50 жылдардың басында адамның психофизиологиялық ерек-
шеліктерін диагностикалық зерттеу бағыты аса қарқындылықпен дами бастады.
Темпе-раменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми түрғыдан түсіндірген
академик И.П. Павлов болды. И.П. Павлов негіздеген типология темперамент
психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама
берді.
И.П. Павловтың идеяларын оның шәкірттері В.М. Теплов, В.Д. Небылицын одан
ары өрбітіп,адамның жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеудің көптеген әдіс-
тәсілдерін ұсынды.
Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент тиологиясын жаңа
мәліметтермен толықтыруда. В.С. Мерлин мектебінде темпераменттің негізгі 9
параметрлерін бөліп көрсетті: 1) эмоционалдық қозғыштық; 2) зейіннің
қозғыштығы; 3) эмоцияның күші; 4) мазасыздық; 5) еріксіз қозғалыстардың
реактивтілігі; 6) мақсатты бағытталған әрекеттің белсенділігі; 7)
пластикалық- ригидтілік; 8) қарсылық; 9) субъективация. Алайда барлық
ұсынылған сипаттамаларды темпераментке жатқыза алмаймыз, мысалы, зейіннің
қозғыштығы таным үрдістерін сипаттайды, ал еріктің бел-сенділігі және
субъективация мінездің қасиеттеріне жатқызамыз (4).
В.М. Русаловтың ойынша темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына, яғни,
адамның дауыс ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қате-лердің
болуына, жауаптардың жыл-дамдығына, пікірлердің ұзақтылығына, адамдармен
әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы алғанда,
әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қайөқай темпераментте
таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның бойында бір
темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа темпе-раменттің
нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. Темперамент арқылы адамның
көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін анықтау мүмкін емес. Темперамент
тек адамның жеке басының динамикасын ғана сипаттайды

1.3. Темперамент түрлері

Қазіргі заман психологиясына темпераменттің барша ғылыми қауым қабылданған
төрт типінің сипаттамасы төмендегіше.
Сангвиник – жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл
әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең.
Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары
мәнерлі, шап-шаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі
қалып, мұңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған
қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері
болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі
белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске
қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады.
Зейінін таңдаған обьектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса,
өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әдетте,
бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив
пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив
бағамдауға бейім, экстраверт.
Холерик - сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және
белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан
ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі
кемірек. Осыдан – ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін
ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық
экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем
көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден
жығылып жатқанда, ол міз бақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен
байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған
жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да
болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге
берілмейді. әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге
төзімді. Бар білгені ішінде – интраверт.
Меланхолик - өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы
нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен
қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр.
әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің
жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша
психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы
мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама
кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері
темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті.
Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес,
сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі
белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган
дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне
жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке
үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына
байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан
ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам
темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің
динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар
синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп темперамент - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін,
мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы
болып табылады.
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-
құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір
беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-
үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы
жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп,
мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе,
еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі
ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен
болады.

Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: "Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез
келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады,
кейіннен зауқы аумай қояды..."
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды,
іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана
осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл
бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты
жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен
кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса,
яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет
ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл - оның көңіл күйінің
қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ
жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан
жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-
ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны
тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі
атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте
қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да
байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке
үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да
болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары
болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір
сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып
алмайтындай жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). "Мінез-
құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен
демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі
түсінікті нәрсе".
Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі
аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір
сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға,
жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің
оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез
үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің
тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік
береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге
төзімді болады.
Меланхолик темпераменті - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан
жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып
шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан
қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі,
кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда
шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де
мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де
қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті
сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында
меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін
нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде
өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік
сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға
бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.
Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал
қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы - әлі ғылыми
шешімін таппаған.
Табиғи жағдайда темпераменттердің таза түрін ажырата алу, көбінесе
қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі
ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер төменгі сынып
оқушылары арасынан темпераменттердің таза түрлерін тауып алуға мүмкіндік
берді.

Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып,
сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың
темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл
жерде профессор Н.И.Красногорскийдің баланың жоғары жүйке қызметі оның
сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда, дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу
қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады.
Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы
ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға
байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше
тұжырымдауға болады:

Темпераменттер Жақсы жақтары Жаман жақтары
Холерик Шапшаң, белсенді Ұстамсыз, күйгелек
Сангвиник Пысық, оңтайлы Тұрақсыз, баяу
Флегматик Ұстамды, сабырлы Сылбыр
Меланхолик Сезімтал Тұйық

ТемпераменттердіЖүйке жүйке процестерінің (қозу; тежелу) қасиеттері
ң түрлері жүйесінің
(Гиппократ типтері
терминологиясы (Павлов
бойынша) терминологияс
ы бойынша)
Күші тепе-теңдігі Қозғалғыштығы
Холерик Ұстамсыз Күшті Тең емес (қозуы Ерекше қозғалғыш
тежелуінен басым)
Сангвиник Ширақ тип Күшті Тепе-тең Қозғалғыш
Флегматик Баяу тип Күшті Тепе-тең Баяу қозғалады
Меланхолик Әлсіз Әлсіз - -

1.Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері:
ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист,
өмірсүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала
жылдам және тез қозғыш, көңіл-күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге
қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез
суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ойы әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта
мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі
жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді
мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы
басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың
мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді
көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге
оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ,
ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта
тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар
емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса
салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт
әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді,
аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым – ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.
Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу
дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып
тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеріп тұратын,
қарым-қатынаста аумалы – төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық,
бірақ бейқам ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте
оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден
беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі
байқалады. Ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да
жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен
қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да
осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз
эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, күйіп-пісуге
дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың
сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та
кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик
темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез
беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір
көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге
ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай
басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең
және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың
бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны
тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер
етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға
алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер
мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса (бұлай ету әрине
дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын
жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады.
Меланхолик темпераментіндегі оқушы, көбінесе, өз жолдастарының арасында
көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, мен деп ешқашан
ұмытылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ
жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы-құрдастары
қорқақ, сылбыр, үндемес, маубас т.б. деп келеке ететін кездері де
болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың әсемдікке
тигізетін әсерімен салыстыруға болады, өйткені темперамент – адамның табиғи
жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де, темперамент адам
психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында
біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен
қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес. Бұл жөнінде
Н.Г. Чернышевский өте тамаша айтқан: Егер қабағынан қар жауған, сөзге
сараң Валленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін болса, әзілқой,
сөзшең Суворов та соғыста одан аспаса, кем түспейтін.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із
қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген
қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың
өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың
мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан
темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып
отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік - жігері күшті, мінезді,
ұжымның бағалы мүшесі тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

1.4. Темпераменттің жеке адам өміріндегі рөлі.
Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында,
қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет
бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктернің оқу мен еңбек барысына ықпал
етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты
қасиет – олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу
көріністерінде.
Егер іс-әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен
темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды. Бұл ғылыми
дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты жағдайдағы әрекет нәтижесі оның
шапшаң не енжар екендігіне қарамай, бірдей өлшемде болады, себебі соңғы
өнім нәтижесі басқа факторларға, әсіресе сеп-түрткілер мен қабілет
деңгейіне байланысты келеді. Темперамент ерекшеліктері сол әрекетті орындау
тәсілдерін өзгертуге ықпал жасауы мүмкін.
Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету
жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері
тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық
процестерді көрініс береді. Жағдайға орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлга психологиясы
Топтағы адамдарды психологиялық зерттеу әдістерімен таныстыру
Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Әлеуметтік психология саласындағы жетекшіліктің мәселесі
Жеке тұлға мінезі мен темпераменті
Адам темпераменті
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
Дифференциалды психология
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Пәндер