Психология жане онын міндеттері



Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды [1, 5 б].
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты

СӨЖ №1
Тақырыбы: Психология пәні және оның міндеттері

Психология пәні
Тексерген: Кошкимбаева Р.Х.
Өткізген:Малгаждаров М.М.

Семей қаласы
2011-2012ж
Психология пәні және оның міндеттері

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат
өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында
психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа
адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның
зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары,
үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның
ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін
қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың
амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады.
Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық
факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің
ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері"
еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың
арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі
мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар,
ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың
алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының
болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен
қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да
зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей
қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл
сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің
күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай
психологиялық трактат алмастыра алмайды [1, 5 б].
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар
ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау
қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен
түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше
нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген.
Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған:
сезілетін тәннен жэне сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде
болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны
басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер,
ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-
бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.
Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі
қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған психологиялық
қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру
кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға
қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді
құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар
беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген
жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес,
сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар
арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық
психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не
кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру
үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы
ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу
қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да,
келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-
жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері,
философиялық ой ретінде кездеседі [1, 6 б].
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз
психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп
психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде,
философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік
әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің
кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ
психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан,
логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар
бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты
болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек
философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз
байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және
жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар
дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды
зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі
болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде
анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады.
Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді.
Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы
әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне -материя мен сананың,
рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі
философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік.
Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын,
бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы
материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани
бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық,
тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар
мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір
"абсолютті рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар
ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым
күштердің - адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен
рухтың әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста
болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын
жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп түсіндірілді. Дін пайда
болған кезде, жан тәннің өзіндік көшірмесі, адамды тастап
кеткеннен соң мәңгі өмір сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста
болатын, денесіз және өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла
бастады. Осының негізінде идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің
қайнар бұлағы, ал табиғат, материя - екінші, идеядан, санадан, рухтан
туындайды деп тұжырымдайтын философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда
болды [1, 7 б].
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық
табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия,
адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға
ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан
өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды.
Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа
кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар
ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет
етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі
тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана
және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы
қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар
екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм"
(латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің
көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес,
мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл
бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.
Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда
психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар
қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік
теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт,
Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.
Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер
пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады.
Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана
психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден
оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын
қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың
ісі деп санай отырып, саналы өмір жайында әр түрлі тұжырымдарды айтты.
Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір -өзін-өзі бақылау
арқылы ғана танылатын және себебін түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың
шамасы келмейтін субъективті ерекше жаратылыстың көрінісі" деген ортақ
пікір біріктірді. Мұндай түсінік кең таралды, ал көзқарас сананың
интроспективтік ұғымы арқылы белгілі болды. Осы дәстүр бойынша психика
санаға теңестіріледі. Осы ұғымның салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл
психиканы объективтік тұрмыстан жэне субъектінің өзінен түбегейлі
алшақтауын білдірді.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын
дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің
әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз
күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX
ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интероспективтік психологиясының
төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы
қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын,
адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының салалары, әдістері
Артпедагогика
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны
Арнайы психология туралы
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Психология ғылымының мақсаты
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Пәндер